Студенті диплом жұмысының жобасын оқып отыр. Басы ақбурыл тартқан



жүктеу 80.8 Kb.

Дата13.09.2017
өлшемі80.8 Kb.

                              ХАНҒАЛИ СҮЙІНШӘЛИЕВ 

 

Қазақ әдебиеті кафедрасы. Стол басында бірі сөйлеп, бірі тыңдап, екі адам 

отыр.  Бірі  –  сырттай  оқитын  филология  факультетінің  алтыншы  курс 

студенті – диплом жұмысының жобасын оқып отыр. Басы ақбурыл  тартқан, 

қимыл-қозғалысы  баяу  профессор  алдындағы  шәкіртіне  шаршаулы  жүзін 

ауық-ауық бір аударып қояды. Кейде алдында қағазына үңіледі. 

Шәкірт  басын  көтерді.  Сірә,  жазып  келгенін  оқып  бітірген  болу  керек, 

сұраулы көзін профессорға батылсыздау қадап, жауап  күтіп отыр. Әлденеге 

қабағы  түсіп,  жүзі  жабыға  қалған  профессор  әңгімесін  едәуір  үнсіздіктен 

кейін  бастады.  Жайшылықта  байсалды,  жүзінен  де,  көзінен  де  мейір-нұры 

шашырап тұратын ұзтаздың үні баяу, ренішті:  

“Шырағым-ау,  Асанқайғының  өлеңдерінің  негізгі  арқауы  ел  қонысы,  жер, 

су  жайы  болды,  ал  Қазтуған  мен  Доспамбет  жорық  жолдарын,  майданды 

жырлады”  дегенде  тұрған  қандай  жаңа  мән,  қандай  тың  мағына  бар  еді. 

Бұрын  да  осылай  айтылып  келген  жоқ  па...  Мына  тарауыңыз  бастан-аяқ 

осындай  тіркестерге  сықасып  тұр.  Шал  ақын  туралы  не  жазғаныңызға 

қараңызшы, – профессор назарын алдындағы қағазына аударды. “Шал ақын 

шығармаларында  табиғи  таланттан  пайда  болған  әдемі  өрнек  бар.  Қорам 

мылтықтың  оғындай  қадалған  жерін  қиып  түседі.  Ол  халықтық  поэзияның 

мектебінен, оқып, үйреніп шыққан“... Бұл арқылы қандай ой айтқыңыз келді? 

Тарауыңыздың басында: «Шал – философ, дидактик, эстет» дейсіз, соңында 

«ол  дидактик  емес,  көрген-білгенін,  көңіліне  түйгенін  алдыға  жаяды»  деп 

өзіңізге  өзіңіз  қарсы  келесіз.  Ал  мына  жерінде:  «Шал  бабамыз  қайсыбір 

мінездерінің  қырсыздығымен,  шаруаға  икемінің  жоқтығымен  Шығыстағы 

әріптестерін  еске  салып  тұрады»  деп,  «мақтап»  аласыз  да,  «олардан  бір 

ерекшелігі  –  шарап  жайына  көп  бара  алмады»  деп  өкініш  білдіргендей 

боласыз.  Одан  әрі:  «Оның  есебіне  Шалда  қымыз  туралы  жолдар  бар. 

Шығыстың  жеті  жұлдызы  аталған  шайырларды  қарасаңыз,  Шал  бабамен 

иықтасатын  жерлерін  тауып  алу  қиынға  соқпайды»  деп  жазу  сіздің  диплом 

жұмысыңыз  үшін  лайықты  ғой  деп  ойлайсыз  ба?  «Абайдан  әрі  түк  болған 

жоқ  деп,  аузымызды  құр  шөппен  сүрте  берудің  сәні  келмес»  дегеніңіздің 

жөні  қалай?  Аузын  қу  шөппен  сүртіп  отырғаныңыз  кім...  өзіңіз  бе?  Жоқ, 

басқа ма?» 

Бір  бұрышта  студенттердің  бақылау  жұмыстарын  тексеріп  отырған  мен 

еріксіз езу тарттым. 

Студентті  аздап  білуші  едім.  Әдебиет  туралы  әңгіме  қозғап,  тіпті  пікір 

таласқа барғысы кеп, қызынып жүретін. Бірақ сол әңгімелерінің өзінде әдеби 

мәселені  көңілден  толғап  танудан  гөрі  кеудемен  кимелеп,  оңды-солды 

аударып-төңкеріп,  өзі  білмейтін  жайттар  туралы  да  білгірше  сөйлеп 

жіберетіні бар еді. Мына жерде де сонысына баққан секілді. 

Профессор  студентінің  жұмысының  ой-қырына,  мән-мағынасына  талдау 

жасап, кеңес беріп ұзақ отырды… 

Сыртқа шыққанымызда, кешкі аспан сол таңертеңгісіндей бұлт бүркенген 

тұнжыр қалпында екен. Профессормен күнде бірге жүргенмен, студенттердің 



ғылыми  жұмыстарына  қалай  жетекшілік  етеді  –  оның  бар  қыр-сырын  жете 

білмейтінмін.  Оның  үстіне  ғалымның  өз  зерттеулері,  ұстаздық  қызметі 

жайында  арнайы  әңгіменің  реті  де  келе  бермейтін.  Бұл  жолы  ғалымның 

ғылыми-педагогтік  қызметінің  өзіме  белгісіз  кейбір  жайларына  ойда-жоқта 

куә болғандай едім. 

Әлгі  студент  пен  оның  жұмысынан  алған  әсерінен  ұстаз  біразға  дейін 

арыла  алмады.  Ұстаз  бен  шәкірт  арасындағы  манадан  бергі  әңгімені  үнсіз 

тыңдап,  әрі  ұстаздың  көңіл  ауанын  да  бағып,  бақылап  отырғанмын.  Ендігі 

ойым – профессордың шаршаған көңіліне басы артық бөтен сызат түсірмей, 

көлікке  отыратын  жеріне  дейін  шығарып  салу.  Оқу  үйінен  ұзай  бере, 

профессор әлгі шәкіртіне деген өкпесін тағы бір білдірді де, өзі көп жылдар 

бойы зерттеген, зерттеп келе жатқан ежелгі әдебиет туралы сөз бастады... 

–  Біздің  кафедраның  әдебиетіміздің  ертедегі  дәуірін  зерттеу  ісімен 

шұғылданып келе жатқанына ширек ғасырға жуық уақыт өтті, – деп бастады 

профессор  әңгімесін.  –  Бейсекең,  марқұм  Бейсембай  Кенжебаев  ағаңды 

айтып  отырмын,  мен,  кейінірек  жас  ғалымдар  М.Мағауин,  М.Жолдасбеков, 

Қ.Сыздықов  болып  ерте  дәуір  әдебиетін  алғаш  арнайы  зерттедік.  Кейін  бұл 

қатарға А.Қыраубаева, Ш.Ибраев, Ж.Бектұров секілді жастарды тарттық. Бұл 

істе, әрине, академик Әлкей Марғұланның жетекшілік, басшылық қызметінің 

жөні  бөлек.  Аталған  авторлардың  қай-қайсысы  да  қазақ  әдебиеттану 

ғылымында  көне  әдебиет  ескерткіштерінің  бұрын  ешкім  зерттемеген  жаңа 

үлгілерін  ашты.  Сол  ескерткіштер  негізінде  бірнеше  докторлық,  алты-жеті 

кандидаттық  диссертациялар  қорғалды.  Үш  төрт  монография,  жинақтар, 

хрестоматиялар  жарық  көрді.  Осы  жуықта  ғана  А.Қыраубаева  “Мұхаббат-

наманы” аударып, кітап етіп бастырып шығарды. 

Ұстаз  салмағын  аса  таяғына  баса  салып  келе  жатқан  секілді.  Жүрісі  де 

баяулай бастағандай. 

–  Мына  аяқтың  шымшылап  келе  жатқанын  қарашы.  Бұрын  бұлайша 

мазалай  бермеуші  еді,  биыл  көбірек  сыздап,  осындай  бұлтты  күндері  тіпті 

сырқырап, шаншитынды шығарып жүр. 

Ұстаз үні қажып шықты. 

Күн бұлттанып,  жауар  алдында  профессордың  оқ  тескен аяғының  сыздап 

ауыратынын  бұрын  да  білетінмін.  Қапелімде  ұстазға  көңіл  аулар  жылы  сөз 

тауып  айту  да  қиын  болды.  Тек  іштей  “Ағайдың  аяғының  сырқырағанына 

қарағанда,  күн  жауатын  шығар”  деп  ойлаймын.  Ұстаздың  жаралы  аяғының 

сыздағаны  менің  де  қабырғама  батып  келе  жатқанмен,  желтоқсанның 

қарайып қарсыз жата бергені профессорға да, маған да қолайсыз сияқты. 

–  Осы  секілді  әр  сала  еңбектердің  нәтижесінде  қазақ  әдебиетінің  тарихы 

мүлде  жаңаша  дәуірленіп,  бірнеше  кезеңге  бөлінді,  –  деп  ғалым  сөзін  әрі 

қарай  жалғады.  –  Олар:  1)  Көне  дәуір  әдебиеті  (VІІІ-XІV  ғғ.).  Бұл  кезең 

әдебиеті  түркі  халықтарына  ортақ  деп  танылды.  2)  Қазақтың  ерте  дәуір 

әдебиеті  (XV-XVІІІ  ғғ.).  Осының  бәрі  біздің  кафедраның,  жоғарыда  аты 

аталған  зерттеушілердің  көп  жылдарға  созылған  зерттеу  жұмыстарының 

үлкен  нәтижесі,  жалпы  қазақ  әдебиеттану  ғылымының  айтарлықтай  табысы 

еді. 


Құлағым сөзде, ал ойымда – профессордың өзі жүргізген ғылыми зерттеу 

жұмыстарының жемістері…  

Иә,  Ежелгі  әдебиет  мәселелерін  зерттеуде  профессордың,  әсіресе,  өз 

еңбегінің орны, ролі мен мазмұн-мәні өте жоғары. “XVІІІ-XІX ғасырлардағы 

қазақ әдебиеті” (1961), “Қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері” (1967), 

“XV-XVІІ  ғасырлардағы  қазақ  әдебиеті”  (1973),  “Орта  ғасыр  әдеби 

ескерткіштері”  (1975),  “ІХ-ХІІ  ғасырлардағы  әдебиет  ескерткіштері”  (1973), 

“XVІІІ-XІX  ғасырлардағы  қазақ  әдебиеті”  (1981),  “XVІІІ  ғасырдағы  қазақ 

ақындарының  поэзиясы”  (1982),  “ХІХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиеті”  (1986), 

“Ғасырлар поэзиясы: Зерттеулер” (1987) және тағы басқа монографиялар мен 

оқулықтар,  оқу  құралдарына  қоса  екі  жүзден  астам  ғылыми-зерттеу 

мақалалары  мен  шағын  кітапшаларын  тұтас  алып  қарағанда,  профессордың 

бұл  саладағы  еңбектерінің  өнімділігі,  берекелілігі  тайға  таңба  басқандай 

айқындала түседі. 

1961  жылы  жарық  көрген  жоғарыдағы  зерттеу  еңбегінде  ғалым  түркі 

халықтарына  ортақ  бірнеше  жазба  ескерткіштер  барын  көрсеткен  болатын. 

“Орхон-Енисей жазбалары” (VІІ-VІІІғғ.), “Құтадғу білік”, “Диван-и-Хикмет”, 

“Диану лұғат ат Түрк” (Х-ХІІ ғғ.) және басқа ескерткіштерді атай келіп, бұл 

үлгілердің қазақ халқына да ортақ екендігін баса көрсетіп берген-ді. Кейінгі 

еңбектерінде  осы  идеяны  нақты  талдаулармен,  жинақтаулармен  тереңдей 

дәлелдеп, ғылыми ақиқатқа айналдырды. Бұл қазақ әдебиеттануындағы жаңа 

бағыт еді. 

Ғалымның XV-XVІІ ғасырлар әдебиеті бойынша жүргізген жұмыстары да 

қыруар.  Сыпыра  жырау  (ХV-ХVІ  ғғ.),  Доспамбет  жырау  (ХV-ХVІ  ғғ.), 

Жиембет  жырау  (ХVІІ  ғ.)  секілді  өнерпаздардың  өмірі  мен  творчествосын 

зерттеу ісінде ғалымның еңбектерінің маңызы айрықша. ХVІІІ ғасырда өмір 

сүрген  Ақтанберді,  Бұқар,  Көтеш,  Тәтіқара,  Үмбетей,  Шал,  Қабылан,  Абыл 

секілді  жырау,  ақындар  творчествосының  мәселелері  туралы  әр  кездегі 

ойларын  жаңа  материалдар  негізінде  дамытып,  толықтырып,  жеке 

монография көлемінде қайта қорытып, жаңа ғылыми нәтижелерге жетті. 

ХІХ  ғасыр  әдебиетінің  өкілдерінің  ішінен  ғалым,  әсіресе,  Шернияз, 

Сүйінбай, Дулат, Мәделі, Құлыншақ мұраларын ерекше ықыласпен терең әрі 

кең  зерттеді.  Бұлардың  көпшілігі,  нақты  айтқанда,  Сүйінбай,  Дулат  және 

Мәделі  мен  Құлыншақ,  Қашаған  творчествосының  ерекшеліктері  ғалым 

зерттеулерінде  жалпы  және  нақты  бағасын  алды.  Шәкәрім  творчествосы 

туралы да жаңа талап тұрғысынан ой толғады. Сөйтіп, ежелгі дәуір әдебиеті 

мен  ХVІІІ-ХІХ  ғасырларға  дейінгі  қазақ  әдебиеті  үлгілерін  тұтастыра, 

ұластыра  зерттеу  арқылы  ғылым  үшін  маңызы  жоғарғы,  тың  және  жаңа 

нәтижелерге  қол  жетті.  Халық  арасынан,  архивтің  шаң  басқан  сарғыш 

беттерінен іздеп тапқан жаңа жыр үлгілері арқылы бұрын халыққа, ғылымға 

аты-жөні  белгісіз  болып  келген  көптеген  ақын-жыраулардың  болғандығы 

дәлелденді. 

Ғалымның  қазақ  әдебиеті  тарихын  зерттеуге,  жүйелеуге,  дәуірлеуге 

сіңірген еңбектерін осылай ойша таразылап келе жатып, әлгіндегі студенттің 

жұмысындағы соңғы пікірдің мағыналық жүйесіздігіне таң бола бастап едім. 


Арнайы өтінішпен айтқыза алмаспын деп келе жатқан кейбір жайларды өз 

еркімен  әңгімелей  бастаған  соң,  сөз  ыңғайына  орай  ұстаз  ойын  одан  әрі 

қозғай түскім келді. 

–  Хан  аға,  әдебиет  тарихын  біз  өзіңізден  осы  жүйе  бойынша  оқыдық. 

Бізден кейінгілер де осылай оқиды. Сонда ана бала “Абайдан әрі түк болған 

жоқ деп, ауызымызды қу шөппен сүрте берудің сәні келмес” дегенді қайдан 

шығарған?.. 

Сұрағымды осылай алаңсыз, сөз арасында қойдым. 

–  Е-е..  Қайдан  шығарған  дерің  бар  ма…  Сендерді  де,  сендерден 

бұрынғылар  мен  кейінгілерді  де  оқыттық,  оқытып  келеміз.  Ежелгі  әдебиет 

үлгілері  1960  жылдан  бері  университеттің  оқу  жоспарына  енгізіліп, 

филология,  журналистика  факультеттерінде  дербес  курс  ретінде  оқытылып 

жүр.  Бірнеше  шәкірттерім  осы  ежелгі  әдебиет  мәселелері  бойынша 

кандидаттық диссертация қорғап шықты. Жалпы бүгінгі таңда ежелгі әдебиет 

дәуірінен  кандидаттық  диссертация  қорғаған  зерттеушілердің  барлығы  да 

біздің  кафедраның  түлектері.  Ал  мына  бала  туралы  не  деуге  болады… 

Япырай, мына аяқты-ай… Сыздауын, сырқырауын қарашы… 

Оқ тескен аяқ та мазасын алып, жанын ауырта берді ме, бұл бағытта бұдан 

әрі  қарайғы  әңгімеге  ұстаздың  ықыласы  болмады.  Сөзіміз  университет 

қалашығы  құрылысының  әлі  аяқталмағандығы,  ауа-райының  ылғалдығы 

секілді оны-мұныға ауысты. 

Профессордың  көңілін  жоқ  жерде  қабаржытып  алдым  ба,  әлгі  бір  сұрағы 

түскірді бекер-ақ қойған екенмін деп келемін. Көңілімде “расында да сол бар 

болғыр бала туралы не деп болатын еді” деген секілді кейіс бардай. 

Аялдамада  қош  айтыстық.  Профессор  тоғызыншы  троллейбусқа  отырып, 

үйіне кетті. Көп ұзамай қар қылаулай бастады. Профессордың аяғы сыздап-

сырқырауын қоятын шығар деп ойладым автобус есігінен ішке аттай беріп. 

Бұл кісі – қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі, Қазақ 

ұлттық  университетінің  профессоры,  филология  ғылымының  докторы,  Ұлы 

Отан соғысы ардагері Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиев еді. 

Әлгі  әңгімеге  дейін  де  профессордан  сан  рет  кеңес  алып,  пікір 

алмасқанбыз. Бір ғажабы – соның бәрінде де ғалым ежелгі әдебиет үлгілерін 

зерттеудің  ең  бір  өзекті  мәселелеріне  оралып  соға  беріп,  өзінің  зерттеп 

жүрген, оқытып жүрген пәніне үлкен азаматтық сүйіспеншілікпен, айрықша 

бір  құштарлық  зердемен  қарайтынын  танытып  еді.  Кейін  білдік,  оның  да 

өзіндік  себебі  бар  екен:  Профессор  үшін  ХV-ХVІІ  ғасырлардағы  қазақ 

халқының  өмір  тіршілігін  оның  осы  дәуірдегі  ақындық  өнерінен  тыс  көзге 

елестетіп, көңілге ұялату мүмкін емес. Ал ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ сөз 

өнері  VІІ-ХІV  ғасырлардағы  түркі  халықтарына  ортақ  әдеби-мәдени 

ескерткіштермен  тығыз  байланысты.  Қоғамдық  құбылыстардың  қандайына 

да  олардың  тарихи  сабақтастығы,  жалғастығы  принципі  тұрғысынан  қарау 

ғана нағыз ғылыми ақиқаттарға алып келеді. 

Бұл  жерде  сөз  бен  істің  арасында  алшақтық  жоқ.  Профессордың  көп 

жылдық  творчестволық  еңбегінің  нәтижелері  оның  осы  ұстанған 

қағидасының іс жүзіндегі нақты көрінісіне айналды. 


Ғалымның 

кандидаттық 

диссертациясы 

да 


(1952), 

докторлық 

диссертациясы да (1969) туған әдебиетіміздің түп бастаулары мен қалыптасу, 

даму мәселелеріне арналған. “Абай және классикалық орыс әдебиеті” (1954), 

“Абай  –  реалист  және  ағартушы”  (1955),  “Абайдың  қарасөздері”  (1956), 

“Абай  –  қазақтың  реалистік  жаңа  әдебиетінің  негізін  салушы”  (1960) 

кітаптары  “Абайтану”  ғылымына  қосылған  маңызды  толықтырулар,  жаңа 

ғылыми жетістіктер болды. 

Сөйтіп,  профессор  Ханғали  Жұмашұлының  ғылыми  творчестволық 

қызметі  ежелгі  дәуірден  бастап,  ХХ  ғасырдағы  қазақ  әдебиетіне  дейінгі 

аралықты  тұтас  қамтиды.  Бұл  кезеңдер  әдебиеті  мәселелеріне  арналған 

еңбектерін  ғалым  іштей  “Қазақ  әдебиетінің  көне  дәуірінен  ХІХ  ғасырға 

дейін” және “ХІХ ғасыр әдебиеті” деп топтастыруды жөн көреді. Ал енді осы 

қатарға  ғалымның  ХХ  ғасыр  әдебиетінің  зәру  мәселелеріне  арналған 

зерттеулері  мен  сын  мақалалары  жинақтарын  қосқанда,  ғалым-зерттеуші 

бейнесі  бұрынғыдан  да  тұлғалана,  биіктей  түседі.  “Ізденіс  іздері”  (1975), 

“Саңлақтар  сарабы”  (1978)  ХХ  ғасырдағы  қазақ    әдебиетінің  мәселелеріне 

арналған. Бұл аталған кітаптар және осы саладағы басқа да ондаған жинақтар 

– ғалым творчествосының көкжиегін одан әрі кеңейткен бағалы еңбектер. 

Ханғали  Жұмашұлы  ұзақ  уақыт  бойы  жоғары  оқу  орындарында 

студенттерге  әдебиет  тарихы  бойынша  білім  беріп  келе  жатыр.  Ғалымның 

жоғарыда  көрсетілген  зерттеулері  түгелге  жуық  студенттерге  арналған 

оқулықтар мен оқу құралдары ретінде пайдаланылады. Профессордың халық 

әдеби  ескерткіштеріне  деген  ыстық  ықыласының  қайнар  көзі  оның  халыққа 

деген  перзенттік  ақ,  адал  пейілі  мен  терең  сүйіспеншілігінде  болса,  сол 

ықылас  пен  сүйіспеншілік  шуағы  мөлдіреген  тұнық  күйінде  ұстаз  сөзі 

арқылы шәкірт көкірегіне құйылып жатады. 

Кафедрадағы  бірлі-жарым  жас  оқытушылар,  қолымыз  қалт  еткенде,  аға 

ұстаздардың лекциясын тыңдауды дұрыс көретінбіз. Ондағы ойымыз – жаңа 

ғылыми хабарлар алу, ал ең бастысы – аға ұстаздың лекция оқу шеберлігіне 

үйрену.  Осы  мақсатта  кафедраның  бірнеше  жас  оқытушылары  Хан-ағаның 

лекциясына  бірнеше  дүркін  қатысқанымыз  бар.  Оңаша  сұхбаттасулар 

барысында  оқытушылық,  лекторлық  тәжірибесі  жайында  да  көп  нәрсе 

тыңдағанбыз. 

–  Лекция  оқу  барысында  елеусіз,  ұсақ  дерлік  ештеме  болмауға  тиіс.  Бұл 

жерде  бәрі  де  маңызды.  Аудиторияға  ену  әдебіңіз,  студенттермен  арадағы 

алғашқы  тіл  қатысуыңыздың  сипаты,  сөйлеу  өнеріңіз,  үніңіздің,  дауыс 

ырғағыңыздың  ерекшелігі,  өзіңізді  ұстау  мәдениетіңіз,  т.т.  –  аудитория 

алдында осының қай-қайсысының да маңызы өте жоғары, – дейді ұстаз. 

Хан-ағаның жуықта өткізген кезекті лекциясы құрылысы жағынан көркем 

шығарма  жүйесіне  ұқсайтыны  аңғарылған-ды.  Лекцияда  белгілі  бір 

проблеманың  мазмұны  көркем  шығармадағыдай,  оқиғаның  басталуы, 

оқиғаның  дамуы,  оқиғаның  шешімі  секілді  структуралық  сатылар  бойынша 

берілген-ді. Сабақ соңында осы байқауларымды аңғартқанда, ғалым: 

–  Әрине,  онсыз  бола  ма?  Тіпті  кей  жағдайда  әлгі  атағандарыңа  қоса, 

лекцияның мазмұндық құрылымында баяндаудың шарықтау шегі де болады. 



Ол негізінен, проблемалық лекцияға тән, – деген еді бет орамалымен маңдай 

терін сүртіп тұрып. 

Басқа  оқытушылардың  қандай  ойда  қалғанын  кім  білсін,  ал  өзім 

Ханекеңнің  мына  сөзіне  аздап  таң  болғандай  күйде  едім.  Сол  таңданыстың 

әсері болды ма, көз алдыма бұрын болған бір көріністің елесі келді. Екінші 

курстамыз.  Оқу  жылы  жаңадан  басталған.  Біз  отырған  аудиторияға  елулер 

шамасындағы  жайдары,  ашық  жүзді  бір  кісі  келіп  кірді.  Қолында  аса  таяғы 

бар, бір аяғын сүйрей басады. Әлдебір студенттер “профессор”, “профессор” 

десіп  сыбырласып  қалды.  Ал,  профессор  амандық-саулық  сұрасқаннан  соң, 

әдебиет  тарихы  жайында  біздің  құлағымыз  естіп-білмеген  небір  тосын 

деректер  мен  жаңа  материалдарды  әр  тұрғыдан  талдап,  түрлі  қағидаларды 

жарыстыра,  салыстыра  дәлелдей  берді…  Мектеп  қабырғасында  Бұхар 

жыраудан әрі асып ешкімді оқып-білмеген біз үшін ұстаздың сабағы дананың 

сөзіндей өте әсерлі, айрықша мазмұнды болып еді… Одан бері де он жылдан 

астам уақыт сырғып өте шығыпты. Ал профессор әлі дәл сол кездегідей, сол 

жігерлі  жастай  жаны  сергек,  дана  қарттай  бойы  байсал,  ойы  кемел,  терең 

қалпында.  Сөзі  де  сол  мазмұнды,  отты  күйінен  жазбаған.  Тек  аздап 

терлейтінді  шығарыпты.  Шын  ықыласымен  өткізген  әрбір  сабақтан  жас 

оқытушының өзі де бусанып шығады. Ұстаздың жүзінен шабыт оты әлі қайта 

қоймай, тері де басылмай тұрған сол сәтінде: 

–  Аға  осы ұстаздық  жұмыс  шаршатпай  ма?  – дегенім бар.  Әрине,  мұным 

жетпіске аяқ басқан ұстаз үшін орынды, жайлы болып шықпағанын соңынан 

білдім.  Айтарымды  айтып  алдым  да,  екіұдай  күйге  түсіп,  іштей  әбігерленіп 

қалдым. 


– Жан-тәніңді салып жасаған жұмыс шаршатпаушы ма еді. Бірақ, өзім 

үшін ұстаздықтан бағалы, одан қасиетті ешнәрсе жоқ.                                                                                                                                                                   

Профессордың  жайма  шуақ  ашық  үні  көңілімді  қайта  жайландырғандай 

болды. Әйтсе де ұстаз қабағында әлдеқандай бір кірбің бардай көрінген. 

Иә,  ауылдан  көзін  жұмып  келіп,  көкірек-көзін  ашып,  қаншама  шәкірт 

түлеп  ұшпады  дейсіз  ұстаз  алдынан…  Олар  бүгінде  –  мемлекет,  қоғам 

қызметкерлері, 

белгілі 


ақын-жазушылар, 

журналистер, 

ғалымдар, 

оқытушылар… 

Ақ  пейіл  аға,  білімдар  ұстаз  әрқашан  шәкірттерімен  бірге.  Аспиранттар 

мен өздігінен ізденушілердің ғылыми жұмыстарына басшылық жасап, ақыл-

кеңесін  беруден  бір  талған  емес.  Ұстаздық  жұмысынан  кейде  үйіне  қажып, 

шаршап  қайтқанда,  сонысынан  да  жаны  тоят  тауып,  келер  күннің  кезекті 

бейнетіне құлшына түседі. 

Ұлы  Отан  соғысының  ардагері.  “Қызыл  Жұлдыз”  ордені,  “Ерлігі  үшін”, 

“Москваны қорғағаны үшін” медальдарының кавалері. Ғалым. Ұстаз…  

Профессордың  бар  болмыс-бітімі,  қызмет-ісі  “Ұстаздық  еткен  жалықпас 

үйретуден балаға” деп тұрғандай… 

Диірменнің тасындай шыр айналған дүние… Ханағаңның өзін алғаш көріп

лекциясын алғаш тыңдағаннан бері отыз жылдан астам уақыт ескен желдей, 

аққан  судай  зымырап  өте  шығыпты.  Ұстаз  бүгінде  құрметті  демалыста. 

Сөйте  тұра  ұлттық  университеттегі  ұстаздық  қызметінен  де  қол  үзген  жоқ. 


Ғылыми зерттеу саласында да жаңа табыстары, ірі жетістіктері бар. Осыдан 

аз  уақыт  бұрын  ғылымдағы  ірі  табыстары  үшін  Ұлттық  ғылым 

академиясының Ш.Уалиханов  атындағы сыйлығының лауреаты болды. 

Қарт  профессордың  алда  тұрған  шығармашылық  мұрат-міндеттері  көп. 

Құдай қуат берсін... 

Ханағаң  туралы  осы  сөзім  1983  жылы  жазылып,  жарияланған  еді.  2003 

жылы  аздаған  толықтырулармен  қайта  басылды.  Биылғы  жыл  –  2013  жыл. 

Ханағамның  еңбектерін  қайта  қарап  шықтым.  Ықыласым  ұстаздың  «Қазақ 

әдебиетінің  тарихы»  оқулығының  соңғы  басылымына  ауды.  Кітапта 

Ханекеңнің  өз  қолымен  жазған  қолтаңбасы  болатын.  Көзім  сол  қолтаңбаға 

түсті:  

«Қарағым  Жанғара,  өмірімнің  соңында,  бақиласу-қоштасу  деген  болады, 

осы соңы еңбегімді өзіңе жолдап, ағалық алғысымды айтып отырмын. 

Достықпен өткен өмірімде саған да ризамын. 

Қош. Бақи... 

Хан. Сүйіншәлі 

29. ІҮ. 2006 ж.» 

Қолтаңбаны  алғаш  оқығанда,  қатты  толқып  едім.  Қазір  де  көңілім 

алабұртып, Ханағамның хан көңілінің шуағын іздегендей күй кештім. 

Алла рақым еткей Ханғали Жұмашұлының рухына.  



 

1983-2003-2013  



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал