Stud kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады



жүктеу 23.62 Kb.
бет1/4
Дата09.02.2022
өлшемі23.62 Kb.
#17083
  1   2   3   4
stud.kz 951

Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады




Информатика кабинетінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Мектептегі информатика кабинетіне қойылатын негізгі талаптар. Кабинетті жабдықтау және оған қызмет ету. Оқушы мен мұғалімнің жұмыс орны. Техника кауіпсіздігіне қойылатын талаптар.

Мақсаты:                 Мектептегі информатика кабинетінің жабдықталуына

қойылатын талаптармен, информатика курсын оқыту    

құралдарының жүйесімен таныстыру

Информатика кабинеті жалпы орта білім беретін және кәсіптік-техникалық білім мекемелері оқу-есептеу техникасының жиынтығымен, оқу-көрнекілік құралдары мен оқу құрылғыларының және жиһаздармен, информатика курсы бойынша базалық және мамандандырылған курстардың теориялық және практикалық, сыныптық және сыныптан тыс жүмыстар жүргізу мүмкіншілігі бар және оргтехникалармен жабдықталған болуы тиіс.

  Информатика кабинеті жан-жақты білім беруге сапалы түрде көмектесетін, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау талаптарын толық қамтамассыз еткен жағдайда информатика және ғылым негізі бойынша білім, білік дағдыларын және оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, ақыл-ойын дамытатын, барлық психологиялық, гигиеналық және эргономикалық талаптарға сай құрылған орта.

  Оқыту есептеу техникасы кабинеті келесі принциптерге сүйене отырып жүргізілуі тиіс:

·         Бейімделушілік (адаптивность) - өзгермелі жағдайлармен оларға қойылатын талаптарға бейімделушілік және үздіксіз өзгеру мүмкіндігі;

·         Интегралдылық (интегрированность) - шешілетін тапсырманың толықтылығын қамту және оның ішкі құрылғыларымен оны құраушы бөліктер арасындағы байланысты алу;

·         Унифицирлілік  (унифицированность) - ішкі және сыртқы интерфейстердің бірлігіне, сонымен қоса өңдеу үрдісінің мазмұнына және оған барлық қатысушылар арасындағы ақпарат алмасуға көзқарастардың бірлігін қамтамассыз ету;

·         Таратушылық (распределенность) - орындалатын қызметтердің уақыттық және кеңістіктік бөлінулерімен есептеу техникасының компоненттері арасында тарату. Бұл таратулар өзара байланысқан есептеу ресурстарында орналасуы тиіс;

·         Дербестік (персонализация) - нақты қолданушының сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігі;

Информатика кабинетінде өткізілетін сабақтар мына мүмкіндіктерге ие:

·         оқушыларға соңғы үлгідегі компьютерлік техниканың құрылғылары жөніндегі білімдерін, ДК көмегімен есептерді шешу әдіс-тәсілдерін, программалық қамсыздандыруды және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеуді қалыптастырады;

·         оқушыларға ғылыми мекемелерде, жобалау-конструкторлық өндірістерде, оқу үрдісі мен басқармасында  компьютерлік техниканың қолданылу барысын таныстырады;

·         мектептегі оқу әдістері мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жетілдіріледі. Информатика кабинетінде келесі жұмыстар өткізілетін болады:

-          информатика мен басқа да оқу пәндерінің жеке тақырыптары бойынша жаңа ақпараттық технологиялық құрылғыларды және оқу-көрнекілік құралдарын пайдалану;

-          мектеп сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мектеп әкімшілігі мен мұғалім тапсырмалары бойынша оқушылардың қолданбалы программаларды құрастыруы;

-          жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып өткізілетін сыныптан тыс сабақтар;

Информатика курсы мен басқа да жалпы білім беретін жекелеген пәндерді оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану барысында информатика кабинетінің құрамына келесі құралдар енеді:

·         психологиялық-педагогикалық, эргономикалық және техникалық талаптарды қанағаттандыратын оқу-есептеу техникасының жиынтығы;

·         арнайы жиһаз бен оргтехника;

·         информатика кабинетінде жұмыс істеу барысында техника қауіпсіздігін қамтамассыз ететін құрылғылармен құрал жабдықтар;

·         «Информатика» курсы бойынша базалық және мамандыққа баулу бағыттарына негізделген программалық құралдар;

·         компьютерде оқушылардың өздік жұмысы мен тапсырмаларды орындау жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған тапсырмаларды құрастыру;

·         ғылыми-танымдық, анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер жиынтығы;

·         жаңа ақпараттық технологиялық жабдықтарды қолдануға бағытталған және жалпы оқу пәндерінің құрылымдық жүйеде жүргізуге арналған, игерілетін материалдың мақсаты мен міндеттеріне оқу, демонстрациялау құралдарының жекелеген түрлерін жинақтауға болатын оқу-әдістемелік жинағы;

·         техника қауіпсіздігі бойынша оқушыларға нұсқаулар жүргізу мен оны мерзімді түрде тексеріп отыру журналы;

·         оқушылардың жұмысын көрсететін кестелер мен қабырға материалдары;

·         Мектеп директоры бекіткен информатика кабинетінің жабдықталу жоспары, кабинеттегі құрал-жабдықтардың есебі жазылған кітапша;

·         Алғашқы медициналық қызмет көрсетуге қажетті дәрі-дәрмектер қобдишасы;

·         өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтар;

·         техника қауіпсіздігі мен оның сақталуын қамтамассыз етуге арналған құрал-жабдықтар.

I.              Жаңа ақпараттық технологиялық жабдықтарды қолданатын зерттеу-    тәжірибе жұмыстарын өткізуге арналған зертхана (лаборатория).

II.           Болашақта әлемдік деңгейде және аймақтық телекоммуникациялық желілерді жүйелеуді қамтамассыз ететін құрылғылар мен құрал-жабдықтар (компьютерлік желілер мен телефондық, теледидарлық, спутниктік байланыс құралдарының синтезі).

III.      Информатикадан дидактикалық материалдар жүйесі:

1.              Программалаудан (сыныптар бойынша) бақылау жұмысының материалдары.

2.              Әрбір тақырып бойынша деңгейлік тапсырмалардан құрастырылған таратпа материалдар.

3.              Сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық).

4.              Информатикадан олимпиада материалдары (мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық).

5.              Сыныптар бойынша жұмыс дәптерлері.

6.              Информатикадан бақылау және жаттығу программалары.

IV.        Нормативтік-ұйымдастырушылық құжаттары:

1.      ҚР «Білім туралы» Заңы.




жүктеу 23.62 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет