Ұстаз ұлы тұлға Тақырыбы: Ұстаз ұлы тұлға



жүктеу 21.5 Kb.
Дата01.11.2022
өлшемі21.5 Kb.
#23130
түріСабақ
Тәрбие сағаты Ұстаз - ұлы тұлға. 4 сынып

Ұстаз - ұлы тұлға
Тақырыбы: ҰСТАЗ – ұлы тұлға

Сабақтың мақсаты:Ұстаздарды мерекелерімен құттықтау, үлкенді, ұстазды 


сыйлау, адамгершілікке тәрбиелеу, ата-ана, ұстаз оқушы 
арасындағы байланысты нығайту,оқушыға рухани 
тәрбие беру. 
Сабақтың түрі: әдеби- музыкалық бағдарлама 
Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу, тақырыпқа байланысты әндер айту 
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер, өлеңдер. 
Мұғалім сөзі: 
Күрең күздің жанға жайлы жайма шуақ сәттерінің бірінде қазан айының қоңыр күндерімен ілесіп, төл мерекелеріміз - Ұстаздар күні де келіп жетті. Бүгін сол дәстүрлі мерекеге орай 4 «Ә» сыныбының оқушылары барлықтарыңызды шын жүректен құттықтау тілегімен, бәріңізге жақсы мерекелік көңіл- күй сыйламақ ниетпен өз өнерлерін көрсетпек. 
Ұстаз сөзінің ұғымы өте кең. Оның негізгі мағынасы:жақсылыққа, өмірде өзі де бақытты болып,өзгені де бақытты етуге тәрбиелеу.Яғни ұстаз - адамдардың өмірге көзқарасын қалыптастыратын, айналасына білім-тәрбие ұрығын шашып, адамгершілік нұрын төгетін ойшыл тұлға. 
Тәрбие сағатын «Жарқын жүзді ұстазым» әнімен бастаймыз. 

1-жүргізші: 


Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгін біз мұғалімдер мерекесіне жиналып отырмыз. 
2-жүргізуші: 
Осынау ерекше есте қалатын жаңа оқу жылында қадірлі ұстаздар сіздерге зор денсаулық,баянды бақыт,отбасыларыңызға береке,шығармашылық табыстар тілейміз. 
1-жүргізуші: 
Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! 
1-2-жүргізуші бірге: 
Құрметіне ұстаздардың тік тұрайық 
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық 
Аяулы ұстаздардың мерекесін 
Барлығымыз қуанып қарсы алайық! 

2-жүргізуші: 


Халқымыздың батыр ұлы Б.Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет,себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді» деп бекер айтпаған./1/ 
1-ж: 
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі –мұғалім. 
Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, 
Ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде мұғалімнің 
Еңбегі орасан екенін баршамыз мойындаймыз. 
1-о 
Ұстаздарым, биік тұлға байсалды, 
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды. 
Қуанышты жарқын тілек білдіріп 
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршанды. 
2-о: 
Үйретіп өмір ұстамын, 
Үлгілі іске нұсқадың 
Ақ көңіл іскер қашанда 
Ақылшым менің –ұстазым 
3-о: 
Көзімдегі шырағым 
Ол – өзіңсің мұғалім 
Сенен жиған білім-нәр 
Нәрсені мол ұғамын. 
Зәулім де асқақ шынарым 
Жүрек жылы жыр-әнім. 
Ән: «Ұстазым» (Д.Қырықбаеваның орындауындағы ән)/2/ 
4-о: 
Тек биіктер шығарым 
Ақылшы бек мұғалім 
Жаныма серік еткенмін 
Білімнің қайнар бұлағын. 
Кеңейтіп сана түлеткен, 
Өшер ме есімің жүректен? 
5-о: 
Құйылады жыр ағын 
Көптен дара пырағым 
Құтты болсын мерекең 
Заңғар тұлға мұғалім! 
1-ж:Мұғалім – барша мамандықтың көш бастаушысы,мәртебелі мамандық. Мұғалім сөзіне талдау жасап көрелік! 
М - мейірімді 
Ұ- ұлағатты 
Ғ- ғазиз 
А- ақылды 
Л- лайықты 
І- іскер 
М- маман 
1-о: 
Білімнің кәусәр бұлағын, 
Жүресің құйып санама
Біз үшін сенсің-мұғалім, 
Ұстаз да,ғалым дана да. 

Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың 


Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын 
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, 
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын. 

2-о: 
Шәкірттерін азамат қып саналы 


Ұстаз-ана , дана бола алады 
Ең бастысы ұстаз мына өмірде 
Ұлағат боп, ұлылық боп қалады 

Ұлы өмірге жетелеп, 


Ашқан білім есігін. 
Құрметтеік мәпелеп, 
Ұстаздардың есімін. 

3-о: 
Мұғалім,ғазиз мұғалім, 


Сарқылмас мәңгі бұлағым 
Ұланың бүгін тойыңда, 
Арнайды саған бұл әнін. 
1-ж: 
Көріністі тамашалаңыздар! 
Мұғалім: 
Ертеде бір ханның жалғыз қызы қатты ауырып қалыпты. Қызын емдеп жазған адамға ат басындай алтын беремін деген хан бұйрығын естігендер жер-жерден келіп қызды емдемекші болады. Бірақ ешбірінің емі қыздың дертіне дауа болмайды. 
- Биші де келеді 
- Күйші де келеді 
- Әнші де келеді 
- Дәрігер де келеді 
- Бұл хабар ұстаздар еліне де жетеді. Әліппесін құшақтап ұлағатты ұстаз келеді. Ол қызға іші ілім-білімге толы әліппе оқулығын ұстатып, 42 әріппенен таныстырып, «оқу» атты жарық дүниенің есігін ашады. Міне сол уақыттан бері мұғалім адамзат баласына саналы да сапалы білім беріп, жан-жақты дамытып,жақсы қасиеттерге тәрбиелеуде. 
Екеуі қосылып «Үйретеді мектепте» /3/ әнін орындайды. 
2-ж: 
Құлақтан кіріп бойды алар, 
Тәтті ән мен жақсы күй. 
Көңілге түрлі ой салар 
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай,әсем әндер адамның көңілін көтеріп, бойға қуат береді. «Ұстазым менің ұстазым» әні орындалады./2/ 
1-о: 
Әр адамға құрметпенен қараған 
Өз бойынан мол ізгілік тараған. 
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп, 
Осы өмірге мұғалім боп жаралған. 
1-ж: 
Ұстазым екінші анам аялаған, 
Біздерден бар білімін аямаған, 
Оқысын,білім алсын,үйренсін деп, 
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан. /4/ Ендеше ұстаз апайларға,яғни екінші аналарымызға келесі әнімізді арнаймыз. «Ана туралы жыр» сөзі: Ғ.Қайырбеков, әні:Ш.Қалдаяқов./5/ 

1-о: 
Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған, 


Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған. 
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар, 
Өздеріңнен бастау алар бар арман./6/ 
2-о: 
Жанымды менің жайнатып, 
Баураған өзің- мұғалім. 
Өзіңмен бірге таң атып
Өзіңмен бірге шығар күн 

3-о: 
Сабақтан еш қалмаймыз, 


Сонда гүлдей жайнаймыз. 
Ұстаздардан үйреніп, 
Биіктерге самғаймыз. 

4-о: 
Білімін құйған санама, 


Ұқсайтын асыл анама. 
Мектептегі бар ұстаз, 
Лайық ең зор бағаға. 

5-о: 
Ұстаз деген бір тұлға, 


Ең қадірлі мамандық. 
Мұғалімге, ұстазға 
Біз тілейміз амандық. 

6-о: 
Ұстаздар - ұлттың тірегі, 


Ұстаздар - мектеп жүрегі 
Ұрпаққа жетер ұстазбен, 
Халықтың ұлы тілегі./7/ 

Оқушылар хормен: «Мұғалім ғазиз,мұғалім» әнін орындайды. 


Екеуі хормен: 
Қара сөздің дауылы, 
Құрмет еткен ауылы 
Сыйымызға риза бол
Мұғалімдер қауымы! 

Мұғалім: 


Қорытынды: 
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, 
Ұстаз болу – мінездің күн щуағы, 
Азбайтұғын адамның алтындығы. 
Мұғалім деген – ерекше тұлға дара шың 
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын 
Мұғалім деген – аяулы адам,асыл жан, 
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын./8/ 
Халықтың нұрлы ертеңі үшін, ел игілігі жолында атқарып отырған еңбектеріңіз жемісті болсын! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтар болып өссін! 
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты мерекелік сабағымыз аяқталды. 
жүктеу 21.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет