Статистика академиясы алматинская академия экономики и



жүктеу 1.07 Mb.

бет7/11
Дата23.04.2017
өлшемі1.07 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ӛзін-ӛзі бақылау сұрақтары: 

1.

 

Кәсіпорындардың  дағдарысқа  ұшырауна  әсер  еуші  ішкі  және  сыртқы  факторларды 



анықтаңыз 

2.

 



Кәсіпорынды қаржылық сауықтыруға бизнес-жоспардың атқараатын рӛлі 

3.

 



Жоспарлаудың практикалық процедуралары және маңыздылығы 

4.

 



Ӛндіріспен байланысты шығындарды және түсімдерді талдау. 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:  

1.

 



Мемлекеттің дағдарысқа қарсы әзірлеген бағдарламасы 

2.

 



Ю.В.  Черникова,  Б.Г.Юн  и  др.  Финансовое  оздоровление  предприятий,  теория  и 

практика, учебное пособие – М. Дело, 2005 

3.

 

А.И.Гончаров, С.В. Барулин и др. Финансовое оздоровление предприятий, теория и 



практика, М. Ось – 89, 2007 

4.

 



А.З.Бобылева  Финансовое  оздоровление  фирмы:  Теория  и  практика.  Учебное 

пособие, 2-е издание испр. – М.Дело, 2004  

 

 

 

 

 

 


49 

 

7-ТАҚЫРЫП:Дәрменсіз кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру  



 

Лекция мақсаты:Кәсіпорындардың қаржылық жағдайының нашарлауының себептерін 

анықтау 


 

Лекция сұрақтары: 

1.

 



Кәсіпорындардың қаржылық жағдайының нашарлауының себептері. 

2.

 



Кәсіпорындардың тӛлем қабілетсіздігінің себептерінің классификаторлары. 

3.

 



Кәсіпорындардың қаржылық жағдайларын мүмкінді тұрақтандыру шаралары және 

кезеңдері. 

4.

 

Кәсіпорын жұмыстарын қаржылық сауықтыру мақсатында басқарудың ықпал ету 



нұсқалары 

Лекция мазмұны: 

1.

 



Компаниялардың қаржылық жағдайының нашарлау себептері. 

Компаниялардың  қаржылық  жағдайын  жан-жақты  талдау  нәтижесі  арқылы  оның 

қаржылық  –  экономикалық  жағдайының  нашарлау  себептерін  нақтылау,  емдеу  әдістерін 

таңдау,  қарастырып  отырған  компаниялардың  дағдарыс  процестерін  қандай  басқару 

органдары және басқадай ұйымдардың реттеуі мүмкін екендігін анықтау. 

Борышқор  –  компагиялармен  оӛзара  іс-қимылы  болатын  дебиторлар  және 

кредиторлар ұйымдастыру жүйесін басқару органдары келесі суретте кӛрсетілген. 

Компанияларды    қаржылық  сауықтыру  алдыменен  қаржылық  жағдайының 

нашарлануына  әсер  етуші  себептерден  құтылу  арқылы  оның  тӛлем  қабілеттігін  қалпына 

келтіруді  білдіреді.  Ол  үшін  факторларды  қарастыру  арқылы,  олардың  ықпалын  есепке 

ала  отырып,  шаруашылық  жұмыстарының  нәтижесіне  олардың  жағымсыз  ықпалын 

азайтуға мүмкіндік тудыратын шараларды әзірлеуге мүмкіндік тудырады. 

2.

 

Компаниялардың тӛлем қабілетсіздігі себептерінің сыныпталуы (жіктеуіші) 



Компаниялардың  қаржылық  сауықтыру  шаралары  және  кезеңдерін  анықтау 

мақсатында  компаниялардың  тӛлем  қабілеттігіне  жағымсыз  әсер  етуші  мүмкінді 

себептердің толық тізімі қарастырылған.  

А. Сытрқы себептер: 

1.   Жалпы экономикалық: 

- инфляцияның қарқындауы (3-4%);  

-  халықтың  тӛлем  қабілеттігінің  нашарлауы,  халықтың  нақтылы  табыстарының 

деңгейінің тӛмендеуі;  

- валюталық рыноктың тұрақсыздығы; 

- жұмыссыздықтардың ӛсуі; 

- компанияларда тӛлем айналымының бәсеңсуі; 

- дағдарыс құбылысы байқалған компаниялардың санының ӛсуі. 

2.

 

Мемлекеттік: 



муниципиалды органдардың міндеттемелері бойынша тӛлем қабілетсіздігі; 

салық жүйесінің (салықтар, акциздер ставкасының) тұрақсыздығы; 



транспорт, энергоресурстар бағасының ӛсуі; 

саяси тұрақсыздық және әрекеттерінің басылсыздығы



ббрократиялық әрекет; 

арбитражды  соттардың  шешімдерінің  орындалуының  тиімді  механизмінің 



болмауы. 

3.

 



Рыноктық:  

ӛнімдер және қызмет кӛрсету рыногы үшін бәсекелестікті күшейту; 



отандық тауарлар ӛндірушілер және қызмет кӛрсетушілерге мемлекет тарапынан кӛмектің 

болмауы; 


50 

 



жақын  және  қашық  шетелдерден  арзан  және  сапалы  тауарлар  мен  рыноктың  толуы 

нәтижесінде отандық тауар ӛндірушілердің тауарларына сұраныстың тӛмендеуі; 

орта қалдықтар санының кӛп болуы; 



кредит беруші ұйымдардың банкрот болуы және қаржылық дағдарыстар; 

кредиттік ресурстардың құқығы жоғары болуы; 



қор рыногының тұрақсыздығы және қардындылығының тӛмендеуі; 

салық  инспекциясы және басқадай реттеуші органдар жағынан тексерулердің кӛп болуы 



және т.б. 

4.

 



Басқалары: 

жағымсыз демографиялық тенденциялар; 



техногендік апаттар, дүлей апаттар; 

криминогендік жағдайлар; 



компанияларды тонау (ақшалай, ақпараттық), ӛлтіру, бастықтарын ұрлау және т.б. 

Компаниялардың қаржылық дағдарыс жағдайынан шығудың нақтылы жолы оның 

ішкіфирмалық  дәрменсіздігі  себебіне  байланысты  болады.  Оларды  толығырақ 

қарастыралық. 

Б.   Ішкіфирмалық себептер: 

1. Операциялық (ӛндірістік): 

-  негізгі қорларды пайдалану деңгейінің тӛмен болуы, жабдықтардың бос тұруы

-  негізгі қорлардың табиғи және моралдық тозу деңгейінің жоғары болуы; 

- ӛнімдерді ӛндіру технологясының ескеруі; 

- тұтынушылардың сұанысына ӛнімдердің, қызметтердің сәйкес келмеуі; 

- ӛнімдер ассортиментінің жеткіліксіӛ әртараптандырылуы; 

- ӛнімдердің сапасының тӛмен болуы; 

- сапасыз материалдарды пайдалану

- түсім кӛлемінің азаюы; 

- ӛндірістік және қосалқы танатарды (площадь) пайдалану деңгейінің тӛмен болуы; 

- материалдық ресурстар қорының жеткіліксіз кӛлемі. 

2. Қаржылық:  

- тиімсіз активтер құрылымы; 

- қарыз капиталының  үлесінің жоғары болуы; 

-  қарыз  капиталының  қысқа  мерзімді  кӛздерінің  үлесінің  жоғары  болуы  және 

оларды тиімсіз пайдалану

- ӛндірістің рентабельдігінің тӛмен болуы; 

- кредиттік ресурстарды тиімсіз пайдалану; 

- кредиттік ресурстарды пайдалану тӛлемінің жоғары болуы; 

- тиімсіз ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді саясат; 

- жалпы дебиторлық берешектердің ӛсуі; 

- мерзімі ӛткен дебиторлық берешектердің үлесінің жоғары болуы; 

- кредиторлық берешектерді ӛсуі және үлесінің жоғары болуы; 

- компанияда ӛнімсіз баға саясаты; 

- траспорт, жабдықтар, қоймалар жалдаудың қымбаттылығы; 

- ӛнімдерді тұтынушылар және жабдықтаушылармен ұтымсыз келісім шарты; 

- сыртқы факторлардың ӛзгерісін және оларды дұрыс болжамдамау 

 

Компаниялардың жұмысын талдау кезінде біздің ойымызшы, дұрыс қабылданбаған 



ұзақ мерзімді инвестициялық шешімдердің  ықпалын қарастырған жӛн: 

тиімсіз қор портфелі; 



аяқталмаған құырыл объектілері; 

құрылыс объектілерінің аяқталу мерзімінің созылуы; 



инвестициялық ресурстардың артық жұмсалымы



51 

 



ойланбаған күрделі қаржы салымдары; 

жаңа жобаға жасалған бизнес жоспар; 



ӛнімдердің сапалығын кезекті бәсекелестікке сәйкес келмеуі

ӛндірісті жаңғыртуғы капиталдың жеітспеуі. 



3.

 

Басқалар: 



қызметкерлердің қажетті біліктілігінің болмауы немесе жеткіліксіз болуы; 

жалған экономикалық ақпараттарды пайдалану



компания туралы құпиялақ ақпараттардың тарап кетуі; 

маркетинг жүргізуге статистикалық ақпараттың болмауы



 

Қаржылық  талдау  жасау  нәтижесі  бойыншадағдарысқа  ұшырайтын  компания 

бойыншы  келтірілген  себептерден,  компанияға  олардың  ықпалын  азайтатын  оның  ішкі 

мүмкіндіктерін ескере отырып, олардв мүмкіндігінше ретке келтіру керек. 

 

1.

 



Компанияның  қаржылық  жағыдайын  тұрақтандырудың  мүмкінді  шаралары 

және кезеңдері. 

Кӛптеген  компаниялар  оларды  тиімді  басқара  алмағандықтан  дағдарысқа 

ұшырайды.  Бұндай  жағдайды  компаниялардың  қаржысын  сауықтыру  шараларының  бірі 

айыменен ішкі шаруашылық резервтерді пайдалану мүмкіндіктері мен жолдарын іздестіру 

мақсатында басқару процедурасын қайта құруда қарастыру. 

Сауықтырудың  әр  түрлі  кезеңідерінде  натылы  шараларды  әзірлеу  үшін  басқару 

әрекеттерінің әртүрлі нұсқаларын қолдануға болады. 

Компаниялардың  қаржылық  сауықтыру  жүйесінде  ең  алдыменен  қаржылық 

тұрақтандырудың  ішкі  резервтерін  кеңірек  пайдалану  қажет.  Ол  келесіге  байланысты, 

оларды  ұтымды  қолдану  банкроттықтың  қаржылық  қаупінен  құтқарумен  қатар, 

компанияларды  қарыз  капиталын  пайдалану  байланыстығынан  құтқарады,  аз  шығынмен 

оны қалпына келтіруді тездетеді. 

Дағдарыс  жағдайында  қаржылық  жағдайды  қалпына  келтіру  кезең-кезеңмен  іске 

асырылады. 

I кезең. Тӛлем қабілетсіздікті жою. 

Компанияның  дағдарыстық  жағдайы,  банкроттық  кӛлемін  диагностикалау, 

нәтижесінің  деңгейі  қалай  бағаланғанымен  де,  қаржыны  тұрақтандыру  жүйесінде 

атқарылатын  шұғыл  міндеттердің  бірі  ӛз  қаржылық  міндеттемелерін  тӛлеу  қабілеттігін 

қалпына  келтіру  арқылы  банкроттық  пайда  болуын  ескерту,  ӛндірісті  қалпына  келтіруге 

қажетті материалдық-техникалық ресурстарды жеткізу жағын қарастыру. 

II.  Қаржылық  тұрақтылықты  қалпына  келтіру.  Компаниялардың  тӛлем 

қабілетсіздігін    қысқа  мерзімді  кезеңде  қалпына  келтіру  үшін  бірқатар  қаржылық 

операцияларды  орындау  арқылы  орындалады.  Сондықтан,  бір  мезгілде  жағымсыз 

себептерден  құтылу  немесе  бірден  олардың  компанияның  қаржылық  тұрақтылығына 

ықпалын  шектеу  арқылы  жағымсыз  себептерден  құтылуға  болады.  Бұл  әрекеттер 

банкроттық  қауіпті  жоғалтып  қоймай,  сонымен  қатар  ұзақ  мерзімге  банкроттықты 

болдырмауға ықпал етед. 

III кезең. Ұзақ мерзімді кезеңде қаржылық тепе теңдікті қамтамасыз ету. 

Толық қаржылық тұратылыққы сол уақытта жетуге болады, егерде компания ұзақ 

мерзімге  қаржылық  тепе-теңдікке  қол  жеткізсе,  ӛзін-ӛзі  қаржыландыруға,  ӛндірісті 

дамытуға жағдай жасатып, компанияның қаржылық нәтижелерін жақсартса. 

Енді  әрбір  кезеңде  компанияның  қаржысын  тұрақтандыруға  жету  үшін  қаралған 

кезеңдердің мағынасын кеңірек ашайық. 

1.

 

Компанияның тӛлем қабілетсіздігін жою екі жолмен қамтамаыз етіледі: 



қысқа  мерзімді  кезеңде  компания  ағымдағы  сыртқы  және  ішкі  қаржылық  міндеттемелер 

мӛлшерлемелерін қысқартады. Жаңадан таратқан міндеттемелердың кӛлемін қысқартады; 


52 

 



мерзімі ӛткен міндеттемелерді жабуға әрекет жасау. 

 

Бұл  жерде  артықты  кесу  приципті  қолданылады,  яғни  ағымдағы  материалдық-



техникалық, еңбек ресурстарына және т.б. қажеттіліктің мӛлшерін қасқартуды талап етеді 

және  ӛтімділікті  активтердің  жекелеген  түрлерін  ақшы  қаражатына  ауыстырудың 

қажеттілігі  туындайда,  ол  әрекет  ӛндіріс  процесінде  айтарлықтай  кері  әсерін  тигізбеуі 

керек. 


Қысқа  мерзімді  қаржылық  міндеттемелердің  кӛлемін  қысқарту  арқылы,  қысқа 

мерзімдікезеңінде жағымсыз ақша ағымдарын азайту келесі  негізгі  шаралардың есебінен 

орындалады: 

қысқа мерзімді қаржылық кредиттердің мерзімін ұзарту арқылы; 



қысқа  мерзімді  қаржылық  кредиттердің  портфелін  қайта  құрылымдау  арқылы  оның 

жекелеген бӛліктерін ұзақмерзімге ауыстыру; 

жабдықтаушылармен берілген тауарлық (коммерциялық) кредиттердің кезегін ұлғайту; 



компаниялардың  ішкі  кредиторлық  берешектерінің  жекелеген  түрлеріне  есеп  айырысу 

мерзімін кейінге қалдыру; 

материалдар, құралдар және жабдықтарды сатып алу шығындарын қысқарту



жарнамаға, іс сапарға шығындарды азайту; 

кредиторлық берешектерді  қайта құрылымдау



қоймадағы дайын ӛнімдерді азайту. 

 

Бұл жағдайда банкроттық қаупі маңызды емес, ӛнімдердің сапасын арттыруға және 



оның  ӛзіндік  құнын  тӛмендетуге  мүмкіндік  тудыратын,  дұрыс  ӛндіріс  процесіне  жағдай 

тудырудың маңызы зор. 

Бұл  кезеңдегі  қаржылық  тұрақтандырудың  мақсаты  орындалды  деп  сол  уақытта 

айтуға  болады,  егерде  компанияның  ағымдағы  тӛлем  қабілетсіздігі  жойылса,  қысқа 

мерзімді  кезеңдегң  қаржылық  міндеттемелердің  кӛлемінен  артық  болса.  Бұл  дегеніміз, 

компанияға банкроттық қауіп ағымдағы кезеңде қауіп тӛндірмейді деген сӛз. 



 

            Ӛзін-ӛзі бақылау сұрақтары: 

1.

 



Компаниялардың  қаржылық  жағдайының  нашарлауына  әсер  етуші  негізгі  себептерді 

ашыңыз. 


2.

 

Дәменсіз  компнаиялардың  дағдарыс  жағдайларын  реттеуге  қатысушылардың  ӛзара 



қатынасы. 

3.

 



Компанияның рентабельдігінің тӛмендеуіне әсер етуші факторлар. 

4.

 



Сату кӛлемінің азаюына әсер етуші себептер. 

5.

 



Басқару деңгейінің тӛмендеуінің себептер. 

6.

 



Тӛлем қабілетіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторлар. 

7.

 



Компаниялардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру шаралар. 

Ұсынылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



Т.Мухамбетов, 

А.Нукушев. 

Банкротство 

и 

антикризисное 



управление 

предприятием // Алматы: 2005г.  

2.

 

Ю.В.  Черникова,  Б.Г.Юн  и  др.  Финансовое  оздоровление  предприятий,  теория  и 



практика, учебное пособие – М. Дело, 2005 

3.

 



А.И.Гончаров, С.В. Барулин и др. Финансовое оздоровление предприятий, теория и 

практика, М. Ось – 89, 2007 

4.

 

А.З.Бобылева  Финансовое  оздоровление  фирмы:  Теория  и  практика.  Учебное 



пособие, 2-е издание испр. – М.Дело, 2004  

 

 

 

53 

 

8-ТАҚЫРЫП:Кәсіпорынның қаржысын сауықтыру кезеңінде айналым капиталын 



басқару  

Лекция мақсаты: Дағдарыс кезеңінде және дағдарысты болдырмау үшін айналым 

капиталын басқарудың стратегиясын және тактикасын анықтау 



Лекция сұрақтары: 

1.

 



Дағдарыс кезеңінде және дағдарыстан құтылу үшін айналым капиталын басқарудың 

стратегиясы мен тактикасы. 

2.

 

Проблемалары бар кәсіпорындардың айналым капиталына қажеттігін анықтаудың 



әдістемелік тәсілдері. 

3.

 



Ақша қаражаттарының дефициттігі жағдайында айналым капиталын қаржыландыру 

әдістері. 

4.

 

Айналым қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру   



Лекция мазмұны: 

1.Кәсіпорындарды  қаржылық  сауықтыру,  дағдарыстан  құтылу  және  ескерту 

стратегиясы  мен  тактикасы  міндетті  түрде  айналым  капиталын  басқару  принціптерін 

әзірлеуді  қарастырады,  ӛйткені  ол  ішкі  жағдайлардың  ӛзгеріске  және  сыртқы  ортаның 

белгілеріне тез байқайтын мүліктің бір бӛлігі ретінде қарастырылады.  

Айналым  қаражаттарының  жетіспеуі  немесе  жоқ  болуы  дағдарыстың  бастапқы 

кезеңніңбасталуы  оның  себебі  кез  келген  жайда  айналым  қаражатының  дағдарысы 

кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауына ықпал етеді және оны асқындырады. 

 

Айналым  капиталын  басқару  әдісі  ғылыми  тұрғыдан  немесе  әдістемелік 



әдебиеттерде  бүгінгі  күнге  дейін  толық  шешілмеген,  нәтижесі  практикада  кері  әсерін 

тигізуде. 

 Айналым  капиталын  басқару  ӛзіне  фирманың  қаржысын  сауықтырудың 

стратегиялық  желісі  шеңберінде  айналым  қаражаттары  және  қысқа  мерзімді 

міндеттемелерді басқаруды қосады. 

 

Айналым  капиталын  басқару  саясатын  жасау  үшін,  фирманың  басшылары 



келесілерді қалыптастырады: 

а) – ақша қаражатынын дифициттік жағдайында айналым қаражаттарын түрлері бойынша 

айналым капиталының оңтайлы кӛлемін қалыптастырады; 

б) - ӛте тӛменгі кредит алу қабілеттігі жағдайында ағымдағы қажеттілікті қаржыландыру 

әдісін қалыптастырады; 

в)  –  айналым  қаражаттарын  пайдаланудың  тиімділігін  қамтамасыз  ету  әдістерін 

қалыптастырады. 

 

Айналым капиталын басқару саясаты және жұмыс түрлеріне байланысты біршама 



айырмашылықта болады, әртүрлі формаларда болуында мүмкін.  

 

Айналым  капиталын  басқару  саясатын  әзірлеу  –  белгілі  бір  деңгейдегі 



творчествалық  процесс  және  әрбір  кәсіпорын  дүниежүзіндегі  және  отандық  тактиканың 

теориялық  сұрақтарына  сүйене  отырып,  ӛз  ӛндірістің  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып 

одан жеке дара ӛтуі тиіс. 

 

Ӛнеркәсіптік  ӛндірісте  жалпы  айналым  капитал,  барлық  ақша  қаражаттарына 



қажеттіліктің  үлкен  бӛлігін  құрайды.  Мысалы,  АҚШ  ӛңдейтін  ӛндірістің  берілгендері 

бойынша қор барлық активтердің 22% құрайды, дебиторлық қарыз – 16%, есеп шоты және 

кассада  -7%  .  Барлығы  45%,  яғни  осындай  кӛлемде  тіркелген  және  басқадай  активтер. 

Дамып  келе  жатқан  елдерде  оның  ішінде  Ресей  және  Қазақстанда  айналым  капиталына 

қажеттілік  алайда  жоғары  болуы  мүмкін,  ӛйткені  деркезінде  тӛленбеген  дебиторлық 

қарыздар ӛте кӛп, шикізаттардың дефицит болуына  байланысты олардың қорлары да кӛп 

дайындалып, қоймада сақталады. 

 

Айналым  капиталын  басқарудың  мақсаты  –  барынша  қарқынды  іскерлікті 

қамтамасыз  етумен  қорда  айналымдағы  ақша  санын  азайту.  Негізгі  жол  –  ақша 

қаражатынын айналым кезеңін қысқарту. 

 

 

 



 

54 

 

 



2.Проблемасы  бар  кәсіпорындардың  айналым  капиталына  қажеттілікті 

анықтаудың әдістемелері. 

 

Айналым  қаражаттарына  қажеттілік  ұдайы  ӛндіріс  процесіндегі  олардың  орны, 



роліне  сәйкес  айналым  қаражаттарынын  түрлері  бойынша  есептелінеді.  Дағдарыс  және 

дағдарыс алдындағы енбір «басқарылатын » айналым қаражаттарынын бӛлігіне негізінен : 

а) барлық запастардың (қорлардың) түрлері   

б)  дебиторлық  берешектер  жатады.Аяқталмаған  ӛндіріс  шығындары  белгілі  деңгейде 

технология  арқылы  анықталады.:  болашақ  кезеңдердің  шығындары  және  тӛлем 

қаражатының желіс – жүйемен байланысты басқадай айналым капиталына қатыстылар. 

 

Айналым  капиталымын  оңтайлы  кӛлемі  бір  жағынан  кәсіпорынның  жұмысын 



тоқтатпай істеуін қамтамасыз етуі  керек, екінші  жағынан, ӛндіріске  қатыспайтын артық 

ақша қаражатын мүмкіндігінше азайтқан жӛн. 

 

Дағдарыстың дамуына ықпал етуші факторға қатыстылады: а ) ӛндірістің ырғақсыз 



(ритімсіз) жұмыс істеуі,  

б ) шикізаттардың жетіспеуімен  байланысты  

в ) сондай – ақ олардың артық мӛлшерінің болуы. 

 

Айналым қаражаттарының әрбір топтарына олардың қажеттігін шектейтін арнайы 



әдістемелер және әдістер қолданылады. Запастың қажеттілігін анықтайтын ең кӛп тараған 

әдістердің негізгілерін қарастырайық: 

1)

 

АВС әдісі; 



2)

 

тапсырыстың (заказдың) оңтайлы партиясы (табыс) анықтау; 



3)

 

нормалау (нормирования) 



4)

 

қажеттілікті мӛлшермен бағалау. 



 

АВС әдісі бұл ӛндірісте кӛп шикізаттар және материалдар пайдаланатын ірі кәсіпорындар 

қолдануға  ыңғайлы.  Бұл  әдістің  мәні  келесідей,  қорларды  (запастарды)  маңыздылық 

деңгейіне қарай 3-категорияға бӛлеміз. Шикізаттар және материалдарды бұндай реттеудің 

келесі түрлерін байқауға болады: 



А- тұрақты түрде есептейтін және бақылайтын ең бағалы ресурстардың түрлері; 

В- кәсіпорын үшін маңыздылығы тӛмендеу тауарлар – материалдар қорлары; 

С  -  әлбетте  кӛп  мӛлшерде  сатылып  алынатын  құнсыз  тауар  материалдық  қорлардың 

ассортименттері. 

 

Бұл  әдісті  практикада  қолдануда  ,  оларды  топтарға  бӛлуде  қиыншылықтар 



туғызады. Әлбетте оларды реттеп бӛлу, интуктивті мӛлшерменен бӛліп, реттейді. Бірақта 

ранжировка  жасауды  Италияндық  ғалым  В.Паретоның  ашқан  заңына  сүйенуге  болады: 

80%    шығындар  =  20%  материалдардың  түрлеріне  қатысты  болады.  Сондықтан  20% 

материалдар түрлеріне негізгі кӛңіл бӛлу қажет (А тобы). 



В тобына – орташа қажетті шикізаттар және материалдар жатады, оларға 15% шығындар 

қатысты.  



С  тобына  –  5%  шығындар  қатысты,  олар  жалпы  шығындар  сомасына  шамалы  ықпал 

етеді. 


 

Тапсырыстың  оңтайлы  партиясын  анықтау  А  тобына  қатысты  АВС  әдісімен 

шикізаттар  және  материалдар  қорларын  басқарудың  маңызды  кезеңі  –  оңтайлы  заказдар 

партиясын  анықтау  болып  табылады.  Батыстың  теорияларын  және  практикасында    бұл 

мақсат үшін EOQ (Economic Ordering Quantity) моделі қолданылады. Оның авторы Уилсон  

 

Оңтайлы  заказдар  партияларын  анықтаудың  мақсаты  минималды  жиынтықты 



сақтаудың  шығындары  арқылы  ӛндірістік  процесстерді  жүргізуге  қажетті  запастармен 

(қорлармен) қамтамасыз ету. 

 

EOQ әдістің басты идеясы – қорларды сақтауға кететін шығындарды және заказды 



орындауға кететін шығындарды ажырату (бӛлу). 

 

                         Моделдің түрі келесідей:  



 

EOQ = √2F/Cp 



55 

 

Бұндағы S – жылдық сату кӛлемі; 



 

    Р- шикізаттар немесе материалдардың бірлігінің бағасы; 

 

   С-  қорлардың  орташа  құнына  процентпен  сақтауға  кеткен  шығындардың 



қатынасы; 

 

  F – заказды орындауға тұрақты шығындар. 



 

Қордың  орташа  мӛлшері  EOQ  –  дың  жартысына  тең,  немесе  құндылықпен 

кӛрсетсек:  0,5x  EOQ  x  p.  Бұл  сол  ақша  қаражатының  шамасы  ӛндірісті  қордың  осы 

түрімен  қамтамасыз  етуге  жоспарлануға  тиісті.  Бірақта  инфляция  жағдайымен 

байланысты  әрбір  жаңа  сатып  алу  қымбаттайды:  сондықтан  әрбір  жаңа  партия  сол 

кезеңдегі  инфляция  индекске  кӛбейтіледі.  Бұл  жағдай  ескерілмесе,  дағдарыстың 

тереңдеуіне жол соқтырады.  

 

Есептеу  формуласынан  басқа,  қаралған  модель  ӛзге  маңызды  қортынды 



құрастыруға  мүмкіндік  тудырады:  заказдың  оңтайлы  мӛлшері  және  запастың  орташа 

мӛлшері  сату  кӛлемінің  ӛсуіне  пропорционалды  ұлғаймайды,  сату  кӛлемінің  ӛсу 

қарқынының квадратталған  түбіріне  тең  шамаға.  Сату  кӛлемі  артқан  сайын  қордың  сату 

кӛлеміне қатынасы азаятын (тӛмендейтін) болады. 

 

Сату  кӛлемінің  азаюына  пропорционалды  сатып  алуды  кеміту  қате  болады. 



Сатумен  байланысты  дағдарыс  бірден  шикізат  және  материалдардың  жетіспеуіне 

байланысты  бірден  ӛндіріс  дағдарысын  тудырады.  Бұл  ӛте  маңызды  практикалық 

қортынды. 

 

 




1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал