Статья посвящена вопросу использования новых технологий в процессе формирования у студентов знания о Манаше Козыбаеве



жүктеу 86.75 Kb.

Дата06.03.2017
өлшемі86.75 Kb.
түріСтатья

К.Ахметованың махаббат лирикасы 

114 


Студенттердің  оқу-танымдық  әрекетін  қалыптастыруда  оқытудың  жаңа 

технологияларын  оқу  үрдісінде  пайдаланудың  маңызы  ерекше.  Солардың  бірі 

модуль негізінде оқыту өз тиімділігін, нәтижесін көрсетуде.  Модульдің әр блокқа 

жіктелуі  теориялық  материалды  терең  игеруге,  түсініп,  талдауға  бағыт-бағдар 

береді. 

 

 



 

Әдебиет: 

1.

 



Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңы. 

2.

 



Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі.- Алматы,1968. 

 

 



Статья  посвящена    вопросу  использования  новых  технологий  в  процессе  формирования  у 

студентов знания о Манаше Козыбаеве. 

 

 

 



ӘОЖ 81’ 

 

К.АХМЕТОВАНЫҢ МАХАББАТ ЛИРИКАСЫ 

 

Құлыбекова Ж.С., Қадырменова А.С. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

 

Поэзияның  өнер  мүлкі  ретінде  қыр-сыры  мол  жанр.  Сезімнен  тыс  поэзия 

болмайды.  Оның  ішінде  лирика тікелей  сезімдік  туынды  екені  мәлім.  Алайда  әр 

ақынның  сол  сезімді  поэзияға  өзек  етуіне  эстетикалық  арсеналдары  түрліше. 

Күләш  өлең  сүйер  оқырманын  да,  асыл  сөзді  бағалар  әдебиетші  қауымды  да 

әрқашан мойындатқан ақын. 

Сүйеді деп ойлауға жасқанар да ем. 

Таныстар да ол жайлы ойламаған. 

Бірақ сүйем дей тұғын басқалармен 

Бақытты бола қою қайда маған?[1, 92] 

деп  ағынан  ақтарылған  ақын  өлең  жасамайды,  оны  жүрегінен  толғантып 

әкеледі. Сондықтан, Күләш тақырып таңдап жазатындар қатарынан емес. 

Жалпыға ортақ өмірлік мәселелермен адами сезімдердің ақын қаламынан тыс 

қалмасы анық. Күләш өлеңдерінің тақырыбы әр алуан. Ақын бірде азамат болып 

сыр  ашып,  бойжеткен  болып  мұңаяды.  Соның  ішінде  біз  сөз  еткелі  отырған 

ақынның махаббат лирикасы. 

Аңқау, тұйық, алаңы аз қыз едім

Сені көріп бал-бұл жанды жүз, өңім 

Сені көріп бұрымымды реттеп 

Сені көріп жүрісімді түзедім.[1, 92] 

«Сені  көрдім»  өлеңінде  махаббаттың  тылсым  күші  қыз  жанының  албырт 

арпалысы отты сезім мен өр көңілдің шендесіп, шарпылуы арқылы бейнеленеді. 

«Табылды-ау саған да» мұң, маған да мұң, 


Құлыбекова Ж.С., Қадырменова А.С. 

115 


Сен мұнайсаң қиналып алаңдадым. 

Қалың жұрттың ішінен қанша қарап, 

Саған ұқсас бір адам таба алмадым. 

деп әрі қарай 

Есіме алсам, 

Өртейді ішімді өлең. 

Ешкім мені өзіңдей түсінбеген. 

Мүмкін сені сүйетін шығармын-ау 

Ешкімге ұқсамайтының үшін де мен [1, 92] 

«Айналдырып  уақытты»  деп аталатын бұл  лирикада бойжеткеннің ішкі  жан-

дүниесі әдемі көрінеді. 

Жанарымда: 

Үмітім, қуанышым. 

Түсінбесең, 

Түзіліп мұздар ішім. 

Сүйетінін дәлелдеп айтып жату 

Міндетті емес-ау қыздар үшін... [1, 93] 

Бұл  айтылған  лирикалық  кейіпкердің  жан-толқындары  ақынның  өз  басынан 

кешірген  сезім  сәттері.  Күләш  өлеңдері  адам  жанының  әр  сәттік  жай-күйін  дөп 

басудың үлгісін көрсетеді. 

Неге бүгін тау жаққа жүр демедің, 

Тәкаппарлық біздерге не береді. 

Жазды ұзарт деп тілеп ем мен тәңірден, 

Жаз қызығын бірақ сен молайтпадың. 

Тамылжыған тамыздай сентябрьде 

«Қыдырайық, жаным!» - деп неге айтпадың?! [1, 81] 

Өлең  сұраудан  басталып,  сұрақпен  аяқталып  тұр.  Сұраушы,  сұрақ  қоюшы  – 

лирикалық  кейіпкер,  сұрауға,  сұраққа  жауап  беруге  тиісті  жан  –  ол.  Өлеңде 

сұраққа,  жауап  күткен жүрек  тілегіне,  оның  сұраулы  лүпіліне  дауа  болып,  шипа 

дарыта  алатын  да  сол.  Бірақ  лирикалық  кейіпкердің  көңілінің  асыл  жұмбағы 

шешілмеген қапы қала береді. 

Сүйген  көңілдің  сүйіктісіне  қояр  талабы  да  көп,  тілегі  де  зор.  Кеше  балаша 

қуанса, енді бірде қайта мұңаяды. 

Өмірден таңдап тапқан дара бағым-ау, 

Қатулы қабағыма қарап мынау. 

Сен шақырып, 

Мен ылғи «бармаймын деп», 

Гүлден нәзік көңіліңді жараладым-ау. 

Сендей адам мен үшін анық көп дейсің бе

Кештерімді қызық та, жарық та етпейсің бе? 

«Бармаймын» дегеніме көне бересің бе, 

Көздерімді тұндырып алып кетпейсің бе?! 

Тағы  да  сұрау,  тілекке  толы  көңіл.  Лирикалық  кейіпкер  орамалы  мағына 

сырғып түсіп, әлі де сүйіктісін күтіп отыр. Мұның нәзік қарсылығына қарамай, ол 

мұны бақыт бағына ала жөнелетіндей. 

«...  Кейбіреулер  махаббат,  көңіл-күй  тақырыбындағы  өлеңдер  турасында 

жалаң  сезімге  құрылған»  деген  тіркес  қолданып,  сынайтын  болып  жүр.  Ал 

сезімнің  жалаңы  болады  дегенге  мен  түсінбеймін.  «Сезімге  әсер  етпейді  – 



К.Ахметованың махаббат лирикасы 

116 


сезімсіз»  десек,  бір  жөн.  Жалпы  бізде  поэзияның  иісін  тұмауратып  жүргендей 

сезінетінімізді  әшкерелейтін  әдет  бар.  Көңіл-күй,  махаббат,  достық  лирикасын 

«отбасы,  ошақ  қасының  өлеңі»  деп  менсінбей  қараймыз.  Дүние  жүзінде 

халықаралық  Нобель  сыйлығының  лауреатын  тұңғыш  алған  ақын  әйел.  Чили 

қызы  Гавриэль  Мистраль  ыстық  қанды  сезімге  толы  махаббат  лирикасымен 

әлемге  аты  шыққан.  Сезімнің  сүйініші  де,  күйініші  де  адамды,  не  заманды 

тыңдамайды емес пе? Қуанбайтын, қайғырмайтын, сүймейтін жек көрмейтін адам 

бола  ма?»  -  деп  Фариза  ақын  айтқандай  [2,  211]  Күләштің  бұл  тұрғыда  айтпағы 

мүлде  бөлек.  Ол  әлі  көп  ешкім  батылы  барып  жырлай  бермейтін,  адам 

сезімдерінің небір қалтарыстарына үңіледі. 

Ақын «Жұбатпадың» өлеңінде: 

Сен деп едім жылытар шуақ таңым

Арманымның көгертер мұраттарын. 

Өксігімді баса алмай жылағанда 

Сүйіп тұрып сен неге жұбатпадың? [3, 64].  

Өз еңбегінде Н.С.Қамарова: «Күшті сезім мен эмоцияны жүйелейтін мұң атты 

психикалық форма алдымен лирикаға тән, яғни ішкі монологты құрайтын негізгі 

күш» [4, 84] – дейді. 

Жұмыр жердей жүгі көп бұл жүректі 

Күтуге өткен күндерім шын жүдетті. 

Көзім талып, шаштарым ағарады, 

Көрмегелі тағы да жүз жыл өтті! [1, 129]. 

Ақын жүрек сырын жырлайды. Жүрекке түскен ауыртпалықтың, сағыныштың 

салмағын «жұмыр жерге» теңеу арқылы өлеңмен өрнектеп, салмақтап беріп отыр. 

Қазақ  өлеңін  теориялық  тұрғыдан  зерттеген  ғалым  З.Ахметов  теңеу  жөнінде: 

«Көпшілікке  белгісіз,  түсініксіз  нәрсені  түсінікті,  белгілі  нәрсемен  салыстырып 

айту бір басқа да, ал бейнелілік сипаты бар көркем теңеу жасау – бір басқа. Теңеу 

туралы айтылғанда, салыстыру үшін қандай нәрсе алынып отырса, соған көбірек 

мен  беріледі.  Асылында,  мәселен  тек  онда  ғана  емес.  Сол  салыстыру  арқылы 

сипатталып  отырған  құбылыс,  нәрсе  қандай.  Оның  нендей  ерекшелігі  көрсетіліп 

отыр және екі нәрсені теңдестірудің өзінен қандай мағына туып, ой аңғарылады – 

міне,  алдымен  осылар  толық  ескерілуге  тиіс»,  -  деген  болатын.  Ақынның 

жоғарыда  келтірілген  өлең  шумағындағы  теңеу,  ең  алдымен,  ақындық  шеберлік, 

ұтқырлықты танытса, екіншіден, таза қазақы ойлау арқылы өлеңге ұлттық  сипат 

дарытқан. 

Ақын  көңіл-күй,  сезім  қалтарысынан  көрсеткенде  көбіне  «жапырақ»  сөзін 

мотив етіп алады. 

Ала бұлттай ала тұман төңірек, 

Таң ертеңгі жапырақтай мұғайдым?! [1, 119]. 

Соғады самал есіле

Жапырақ – жүрек дүрсілдеп... [1, 66]. 

Айтылмады әңгімем желге менің. 

Жапырағым жетпейді жерге менің [1, 86]. 

Өлеңдегі  жапырақ  сөзі  ақынның  нәзік  те  сыршылдығын  аңғартады.  Бұл 

өлеңдер ақынның «Жапырақ – жаздың жүрегі» кітабына топтастырылған. 

Лирикалық  туындыдағы  басты  іс-әрекет  жеке  адам  харакетіне  құрылатыны 

белгілі.  Оны  әдебиеттануда  лирикалық  кейіпкер  дейміз.  Автор  мен  лирикалық 

кейіпкер ара-қатынасының ара-жігін айыру мәселесін қарастыру аса күрделі. Бұл 



Құлыбекова Ж.С., Қадырменова А.С. 

117 


мәселеде  көптеген  қателіктер  мен  түрлі  пікірлердің  де  кездесетіні  заңды.  Бұл 

туралы  З.Ахметовтың:  «Лириканы  түсіну  пайымдаудағы  үлкен  және  жиі 

кездесетін қателік – ақын өз атынан айтқанытқаның бәрін тек өзі туралы, өз басы 

жайында  айтып  отыр  деп  қарау,  ол  болғанды  ғана  емес,  болатындығы  да  өзіне 

ғана емес, өзгеге де тән көңіл-күйін сезіне, айта алатынын ескерушілік» [5, 272], - 

деген пікірін еске аламыз. Мысалы, ақынның – 

Намыс менің серігім-ді жас күннен, 

Арпалысып кеудемдегі тасқынмен, 

Қаншама рет жаным жылап, өзіңді 

Көрген жерде көрмеген боп қаштым мен, -  

деген өлең жолдарынан ақын болмысының, табиғатының әр түрлілігінен оның 

поэзиясындағы  үні  дараланады.  Лирикалық  кейіпкер  тек  өз  басының  күйін  ғана 

күйттемейді, бұл ақын атаулыға тән қасиет болса керек. Поэзия әлемінде жасқа – 

кәріге немесе ерлерге – әйелдерге деп арнайы қойған тақырып жоқ. Бұл фөнінде 

Фариза  ақын  «Адамзатқа  тән  сезім,  түйсік,  тағы  басқа  қадір-қасиеттердің  әйел 

затына  да  тән  екенінің  ақиқатығын  айту  қажет  еместігі  секілді,  әйел  сезімінен 

туған  поэзия  жалпы  поэзиядан  басқа,  бейтаныс  бір  әлем  құбылыстарының 

тындысы деп түсінуді теріс дәлелдеу де артық тәрізді. Өзіндік үні жоқ, жақсы деп 

жақсылығын  айту  немесе  жаман  деп  нашар  дүние  екендігін  дәлелдеуі  қиын 

туындылары  бар  адам  –  әйел  ме,  ер  ме,  кім  болсын,  -  әйтеуір  ақын  емес. 

А.Ахматованың  «Мужество»  деген  өлеңін  оқи  отырып,  нәзік  те  тамаша 

жыныстың өкілі бола тұра, әйел басымен еркектің аузынан шығар сөзді айтты деп 

айыптай  аламыз  ба?  Демек,  бұдан  поэзиямызда  ақынның  жынысы  басты  рөл 

атқармайды: ақын дүниені қалай көтереді, сол көріністі өз сезіміне сіңіріп, сосын 

қалай өзінше суреттей алады әңгіме түйіні осында», - деген еді. 

Десек те, қазақтың ақын қыздарының шығрамашылығына тән жеке тоқталып, 

біршама 

зерттеген 

С.Айбергенова 

өзінің 


«Қазақ 

ақын 


әйелдер 

шығармашылығындағы  дәстүр  жалғастығы»  атты  диссертациясында  осы  бір 

«өзгеше  әлемнің»  өзіне  тән  мынадай  бірнеше  ерекшеліктерін  атап  көрсеткен 

болатын:  «...  Біріншіден,  қазақ  әйелдер  поэзиясына  тән  ең  басты  ерекшелік, 

дүниеге,  қоршаған  ортаға,  кешеге,  бүгінге  және  ертеңге  Ана  көзімен  қарап, 

Аналық сезіммен жырлау. Мұның өзі әуелі ұят – иман, әдеп-иба деп өскен ұлттық 

тәрбиелеуіміздің дұрыстығына тағы да көзімізді жеткізе түсетін фактор». 

Екіншіден, ерекше бөліп айтар қасиеті – ақын әйелдердің көркемдік әлемінің 

палитрасына  жинақталған  бояулардың  әрі  қанық,  әрі  алуан  түрлілігі.  Әйел 

ақындар аққу үнімен, нәзік сарынымен, қарлығаш қамқорлығымен ізгі ниеттерге 

үндейді екен. 

Үшіншіден,  қазақ  ақын  әйелдерінің  поэзиясынан  бөлек  бір  тектілік 

аңғарылады.  Бұл  тектіліктің  екінші  атын  дәстүр  жалғастығы  деуге  болады:  қара 

тасқа гүл өспейді, гүл құнарлы топырақта көктейді [6, 78]. 

Көз салмасам, ерінімді тоспасам, 

Келерсің сен, сенерсің де шыдарсың. 

Дәл осылай ешкімді де ешқашан 

Таза, сұлу сүймеген-ақ шығарсың [7, 47]. 

Міне,  бұл  Күләш  Ахметоваға  дейін  де  талай  жырланған  тақырып,  талай 

жастың  жан  сыры.  Алайда,  ақын  осы  дәстүрді  әрі  қарай  жалғастыра  отырып, 

өзіндік тың сүрлеу қалыптастырады, осы тақырыпқа Күләш ақынша келуді мұрат 

тұтады.  Ақын  лирикасындағы  негізгі  бағыт  –  адам  өмірі,  заман  сыры,  уақыт 



К.Ахметованың махаббат лирикасы 

118 


деңгейі,  табиғат,  достық,  махаббат  туралы  ойлар.  Тақырыптық  жағынан  табиғат 

лирикасы  поэзияның  ғасырдан-ғасырға,  ұрпақтан-ұрпаққа  жетіп  үздіксіз 

жырланып келе жатқан мәңгілік тақырыптарының бірі. Әлемдік табиғат тарихына 

көз  жіберсек,  әр  қоғамның,  әр  ұлттың  ақындары  өз  туған  өлкесін  өресі 

жеткенінше  жырға  қосып  келгені  аян.  Табиғат  құшағында  туып-өскен  суреткер 

одан  көркемдік  ләззат  алмай  отыра  алмайды.  Ақын  табиғатты  әлемдік  заңымен 

бейнелеп  тануға  құштар.  Ақын  әрқашан  жаратылыспен  сырлас,  тілдес  екендігін 

айтпай-ақ түсінуге болады. 

Поэзия  мен  махаббат  –  бір-бірінен  айырылмайтын  егіз  ұғым.  Сондықтан,  әр 

елдің  әдебиетін,  әсіресе  поэзиясынада  көп  ұштасатын,  мәңгілік  тақырып  – 

махаббат.  Бірақ,  әр  халықтың  жан-дүниесінің  құрылымына,  әрбір  жанның 

ақынның ой-түйсігіне қарай махаббатты әркім өзінше жарлайды: 

Үндемейсің... 

Дүниенің бұзылды ырғақтары, 

Күндегідей сыңғырлап су ақпады. 

Дір-дір етті үрейден гүл бақтағы, 

Шегірткелер шырылын тыңдатпады. 

Көбелектер ұшуға бір батпады 

Қуаныш пен үміттің күл боп бәрі, 

Айналаны ақ түтек түн қаптады. 

Қиын екен тал түсте күн батқаны 

Көк теңізге отырмын шым батқалы [1, 120], -  

деп  табиғаттың  дүлей  күшін  суреттей  отырып,  адам  қайғысын,  зарын  тілге 

тиек  етеді.  Яғни,  жүректі  қан  жылатқан  қайғы-мұңды  табиғаттың  дүлейімен 

жеткізеді.  Басқа  жырларында  да  табиғат  пен  адамның  жан  дүниесі  бірге  өріліп, 

бірге қанаттасып жатады. Кей сәттерде адам құбылысы санамен, көңілмен үндесіп 

сұрау  сырлы  суреттерді  көз  алдыңа  әкеледі.  Сөз  ойдың  білінер-білінбес  сыртқы 

қауызы сияқты ғана көрінеді де ақынның құдіретті шабытымен кестеленген түпкі 

мағына сурет болып санаңа еніп, сезіміңді қалай билеп қалғанын білмей қаласың. 

Сонымен,  ақынның  лирикаларында  кейіпкердің  бүкіл  жан-дүниесіндегі 

шарасыздық  пен  мазасыздыққа  табиғат  та  ортақтасып,  үн  қосады.  Ақын 

табиғатты лирикалық кейіпкер сезімін ашудағы кілт ретінде орынды пайланаған. 

Сондай-ақ,  жоғарыда  келтірілген  өлең  шумақтарындағы  теңеулер  ең  алдымен, 

ақындық  шеберлік,  ұтқырлықты  таныста,  екіншіден,  таза  қазақы  ойлау  арқылы 

өзенге  ұлттық  сипат  дарытқан.  Лирикада  мінез  болады.  Ол  –  ақындық  мінезі. 

Өлеңім  өзімен  тарт  дегендей,  әр  өлең  тек  иесіне  ғана  тартады»,  -  деген  сөзінің 

салмағы осы арадан байқалады. 

К.Ахметова шығармашылығын сөз еткенде тағы бір айта кететін жайт – оның 

өлең  өрнегіндегі  ерекшелігі,  жаңашылдығы.  Жалпы  Ахметова  дәстүрлі 

поэзиямыздың негізін сақтай отырып, оны одан әрі жалғастырып, дамутышы. Ол 

дәстүрді жаңа мазмұн мен тың образ, терең философиямен, тосын теңеу, жаа сөз 

орамдарымен  байытушы.  Ақын  өлеңдерінде  нәзік  сезімді  ғана  сөз  етіп  қоймай, 

оны айналасындағы құбылыстармен, табиғатпен салыстра суреттейді. 

Құстар қайтып келеді шулап, талып. 

Жүрек соқты кеудені тулап барып. 

Көктем лебі, әнекей, ауада жүр. 

Көп-көгілдір Жібектей шумақталып 

Кеудесінен дүние ән ағылтып, 

Өрік, алма жарғанда жаңа бүртік. 


Құлыбекова Ж.С., Қадырменова А.С. 

119 


Жан-жағыңа қарайсың ғашық көзбен 

Көңіл-көктем тыншымай алабұртып. 

«Лирикалық  шығарманың  күші,  қуаттылығы  алдымен  адамдың  көңіл-күйін, 

өмірдегі  жағдай-құбылыстан  алған  әсерін  бейнелеп,  жеткізу  шеберлігімен  ұштасып 

жатады.  Адамның  жан  сезімін,  көңіл-күйін  тікелей,  лирикаға  тән  ерекше 

сыршылдықпен  айтып  жеткізудің  ұтымдылығы  өмір  құбылыстарын,  табиғатты 

айрықша  сергектік  сезімталдықпен  қабылдаудан,  сезім-әсер  байлығынан  туады. 

Лирикада  ой  мен  сезім  бірлесіп,  терең  қабысады.  Оған  тартымды  қуат-күш 

дарытатын терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім» [8, 113]. 

Махаббат  тақырыбы  –  поэзияның  құнарлы  арналарының  бірі.  Ол  махаббатты 

адамның ең асыл сезімдерінің бірі ретінде суреттей келе, оның жан мен тәнге бірдей 

қасиетін  айшықтауға  ұмтылады.  Махаббат  сезімі  –  «тәтті  у».  Яғни  қайшылығы  көп 

сезім. Бірақ сүймеген жүрек – өлі жүрек. Өмірдің шын рахатын сезбеген жүрек. 

Қазіргі қазақ өлеңінің жапырағын жайқалта түскені 60-жылдардан бергі уақытты 

қамтиды.  Қазақ  лирикалық  поэзиясының  философиялық  тереңдігі  артып, 

мазмұнының  баюы,  түр  жаңалықтарына  еркін  баруы,  уақытпен  үндестігі  – 

публицистикалық  сипатының  молаюы,  ақындарымыздың  даралыққа  ұмтылуы,  ең 

басты ұлттық дәстүрге бірыңғай бет бұруы – 1960 жылдардан басталып, күні бүгінге 

дейін  жалғасып  келе  жатқан  қазақ  өлеңінің  сапалы  қасиеттері  Қ.Мырзалиевтің: 

«Кейінгі  жылдары  қазақ  поэзиясының  қадір-қасиеті  қаттырақ  өсті  деп  мақтанар 

болсақ,  ол  ең  алдымен,  лирикамыздың  құлдырап  барып  қайта  қалықтап  шыққан 

қыран  мінезді  лирикамыздың  арқасы.  Қазірде  лирикалық  кейіпкер  дегеніміз  еңселі, 

иықты интеллект дәрежесіне көтеріліп, оның арқалар жүгі бұрынғыдан гөрі ауырлап, 

әлдеқайда көбейіп барады. Ал енді біз бұрын түсініп келгендей, ғашық жігіт, ғашық 

қыз немесе жаратылыстың жарқын суретіне қызықтай қараған құмар жан, ия болмаса 

жора-жолдасы  мен  жырақта  қалған  жап-жасыл  жастық  шағын  есіне  алып  ойға 

шолып,  кейде  тіпті,  бейкүнә  көз  жасына  ие  бола  алмай  жылап  та  алатын  көңілшек 

кейіпкер ғана емес, есейген отбасы-ошақ қасынан біраз қашықтап, бір түтіннің ғана 

қамын  ойлауды  әлдеқашан  ұмытып,  дүйім  ел,  барша  жұрт  қамын,  керек  десеңіз 

мынау  жатқан  байтақ  планетамыздың  тағдырын  ойлайтын  қайраткер  дәрежесіне 

шейін  көтерілген  кейіпкер»  [9,  34],  -  дегені  де  60-жылдардан  бергі  уақыт  аралығын 

қамтитын өлең өнеріміздің шындығынан алынып айтылған. К.Ахметованың махаббат 

лирикасы  алғаш  жүректі  дір  еткізген  бала  махаббаттан  бастау  алып,  елге,  жерге, 

отбасына  деген  махаббатымен  ұштасады.  Ақын  қыз  есімінің  тұңғиық,  терең 

қалтарыстарына  үңіледі.  ондағы  шынайылық  пен  төгіліп  жатқан  керемет  сезім 

толқынды сезімдерді діл басып көрсетеді. Сондай-ақ махаббатқа адалдықты үндейді. 

К.Ахметова  өлеңдері  адам  жанының  әр  сәттік  жай-күйін  дөп  басудың  үлгісін 

көрсетеді. 

Күләш  Ахметованың  мұраты  айқын,  шабыты  шалқар,  сезімі  нұрлы  да  шуақты 

ақындық әлемі көркем. 



 

 

 

Әдебиет: 

1.

 



Ахметова А. Жапырақ – жаздың жүрегі. – Алматы: Жазушы, 1979. 

2.

 



Сейітов С. Өлең өлкесінде. – Алматы: Жазушы, 1986. 

3.

 



Ахметова К. Ақ гүлім менің.  - Алматы: Жазушы, 1975. 

4.

 



Қамарова Н. Қазіргі қазақ өлеңіндегі психологизм. Канд. дисс. – Алматы, 2001. 

5.

 



Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы, Ана тілі, 1995. 

6.

 



Дәдебаев Ж. Өлеңдегі сөз. Уақыт және қаламгер. 11-кітап. Алматы, 1985. 

7.

 



Ахметова К. Күн шыққанда күліп оян. – Алматы. Ана тілі, 1996. 

Т.Әлімқұлов шығармаларындағы фразеологизмдер 

120 


8.

 

Нұрғалиев Р. Айдын. – Алматы, Жазушы, 1987. 



9.

 

Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. – Алматы, Жазушы, 1982. 



 

 

 



ӘОЖ 81’ 

 

Т.ӘЛІМҚҰЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР 

 

Хамзина Г.С., Балғабаева Қ. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 



 

Әдеби көркем шығарма тілін бейнелеп, жандандырып, нәр беруші тәсілдердің 

бірі  -  фразеологизмдер.  Фразеология  мәселесін  ғылыми  түрде,  теориялық-

әдістанымдық 

тұрғысынан 

Н.М.Шанский, 

В.В.Виноградов, 

І.Кеңесбаев, 

Ә.Болғанбаев,  Р.Сыздық,  Ә.Қайдар,  Ә.Хасенов,  Х.Қожахметова,  Г.Смағұлова, 

Р.Авакова,  Қ.Сарекенова      т.б.  ғалымдардың  еңбектерінде  жан-жақты    ғылыми 

түрде сараланып, зерттелді. 

Қазақ  фразеологиясының  сөздігі  құрастырған  академик  І.Кеңесбаевтің 

анықтауынша:  «Фразеологизмдер  –  тіліміздің  бір  бөлінбес  бөлшегі.  Өзінің 

көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да 

оларға тән ерекшеліктер бар. 

Тілімізде  көкейге  қонымды,  көркем,  орамды  алуан  түрлі  тұрақты  сөз 

тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық 

орынды пайдаланды» [1, 4-б.]. 

Фразеологизмдер  ұзақ  тілдік  қолданыстан  кейін  ғана  тұрақтылыққа  ие 

болады.  Қай  халықтың  болмасын  рухани-мәдени  өмірінде  фразеологизмдердің 

атқаратын  қызметі  зор.  Олар  –  ғасырлар  бойы  қалыптасып  жинақталған 

тәжірибенің  бейнесі.  Фразеологизмдерді  танып-білудің  үш  белгісі  негізге 

алынады.  Фразеологизмдердің  өз  алдына  дербес  лингвистика  саласы  екендігін 

танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар. Олар: 1) даяр қалпында жұмсалу 

белгісі; 2) мағына тұтастығы; 3) тіркес тиянақтылығы. 

Көркем  әдебиетте  фразеологизмдер  үнемі  тек  дайын  қалпында  алынбай,  әр 

түрлі жолмен жұмсалып, пайдаланылатыны белгілі. Соның бірі – жалпыхалықтық 

форманы өңдеп, өзгертіп қолдануы. Фразеологизмдерді  бұлай қолдануда арнайы 

мақсат  болатыны  өзінен-өзі  түсінікті.  Осындай  жолдармен  әр  ақын,  жазушы 

тұрақты  сөз  тіркестерінің  жаңа  үлгісін  жасап,  фразеологиялық  қорды  байытуға 

өздерінің үлесін қосады.  

Фразеологиялық    тіркестер  барлық  стильдерде  де  қолданылғанымен, 

бейнелілік  пен  экспрессивтілік,  негізінен,  көркем  әдебиетке  тән  және  көркемдік 

құрал  автордың  жан  дүниесі,  шығармашылық  идеясымен  астасып,  көркемдік 

құралы ретінде қызмет етеді.  

Зерттеушілер 

фразеологизмдердің 

көркем 


әдебиеттегі 

жұмсалуын 

қарастырғанда  осы  орайда,  ең  алдымен  экспрессиялы-бейнелі  реңктері  бар, 

поэтикалық  сипаттағы  түрлеріне  назар  аударады:  «В  целях  изучения  творчества 

писателей, сказителей индивидуальных особенностей стиля, исследователь может 

ограничиться образной фразеологией» [2, 15-б.]. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал