Сұрақтар: Абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының үлкен бір саласы


Тұрпайы социологиялық танымдағы ағым



жүктеу 114.31 Kb.
бет6/7
Дата08.02.2022
өлшемі114.31 Kb.
#17080
1   2   3   4   5   6   7
Абайтану 1
Тұрпайы социологиялық танымдағы ағым

Орталықтағы пролеткультшылар ұстанған тұрпай социологиялық таным әдебиет саласында да өз жалғасын тауып жатты. Өткен заманның әдебиет өкілдеріне және олардың шығармаларына мұра ретінде қатынас жасағанда олардың шыққан табы мен әлеуметтік тегі негізге алынды. Олардың туындыларына баға бергенде де осы тұрғыдан қаралды. Бұл тұстағы Абай мұрасын танып бағалауға ат салысқан әдебиетшілер ақын мұрасын негізінен, тұрпайы социологиялық танымдағы өлшемді ұстанды. Абай шығармаларының идеялық-әлеуметтік сарындарына назар аудармай, оны танып бағалауда ақын шыққан әлеуметтік тегіне тікелей байланыстыра қарастырғандықтан үш түрлі арнаға түсті.

а) Абайды феодал табының ақыны, соның сойылын соғушы идеологы ретінде танытып жатты. Абайды байшыл феодал табының ақыны ретінде танып бағалаушылар: С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Ә.Шарафи, Қ.Қуанышұлы, М.Ақынжанов, М. Қайыпназаров, Р.Жаманқұлұлы т.б. Мысалы проф. Ә.Шарафи Абайды тарих сахнасынан шығып бара жатқан феодал табының тағдырымен байланысты қарағандықтан, Абайды ескілікті жақтаушы, жаңаны жатырқаушы, кертартпа ақын ретінде танып бағалауы себепті: «Абай ғылымды, мәдениетті, прогресті жаңа көзбен көре алмады. Абайдың «ғылымы» ескілікпен, дінмен, құдаймен шумақтасып, матасып жатыр. Абай неге ескілікпен қоштасып, бетті жаңалыққа бұрып тік тартпайды. Себебі Абай феодал өкілі. Сырдың бәрі сонда жатыр» дейді. Бұл көзқарасты жақтаушылар тобының қорытынды ойы: Абай – бұқарашыл емес, феодалшыл ақын. Оның шығармалары өз табының тарих сахнасынан кетуіне байланысты пессимизмге толы, жаңашылдыққа қарсы, ескілікті көксеген кертартпа мұра деп қарады.

ә) Абай – феодал табының буржуазиялана бастаған табының ақыны деп таныта бастады. Олардың танымында Абайды бүтіндей бір таптың белгілі бір тобының (слойының) ақыны ретінде жіңішкелеп танытуға тырысты. Бұл көзқарасты жақтағандар: С.Мұқанов, І.Жансүгіров, М.С.Сильченко т.б.болды. Бұлар Абайды «буржуазияланған дворян» тобының өкілі ретінде танытқанда, сүйенер дәлелі Абайдың орыс классиктерін аударуымен байланыстыра қарауында жатты. Абай өзіне әлеуметтік шығу тегі жағынан туыстас болғандықтан, орыстың Пушкин, Лермонтов, Крылов тәрізді ақындарының шығармаларын аудару сыры Абайдың буржуазиялана бастаған либералдық топтың ішінде болуында жатыр деп көрсетті.

б) Жаңа туып келе жатқан ұлт буржуазиясының өкілі болуы себепті де Абай буржуазияшыл әдебиеттің ақыны, қазақ қоғамындағы буржуазияшыл ойдың атасы деген көзқарасты І.Қабылов, Ы.Мұстанбаев, Ғ.Тоғжанов, Ә.Лекеров, С.Асфандияров, Ә.Мәметова т.б. ұстанда. Мысалы, Ғ.Тоғжанов: Абай шығармаларын «… әбден капиталдасқан қазақ байының тілегінен туған жыр» деп танытты. Абай қазақ даласындағы жаңадан туып қалыптасып келе жатқан буржуазиялық топтың идеологы деген көзқарасты 30-шы жылдардағы қазақ әдебиетінің сын жанрында кең көлемде насихаттап таратуда Ғ.Тоғжановтың әрекеті басым жатты. Абайтану тарихында тұңғыш монографиялық «Абай» кітабын жазған Ғ. Тоғжановтың зерттеулік еңбегі айта қаларлықтай құбылыс болса да, ол тұрпайы социологиялық танымның шеңберінен шыға алмады.

Абай мұрасын түршілік (формалистік) тұрғыдан танып бағалау әрекеті орталықтағы профессор Томашевский мектебінен тебіндеп жатқан сол кезеңнің бір көрінісі ретінде көркем туындылар мен кейбір сын мақала, зерттеу еңбектерде әдеби мұраны формалистік таным тұрғысынан танып бағалау қанат жая түсті. Абай мұрасын танып бағалауды осы ағым тұрғысынан қарастырған әдебиетшілер де болды. Мысалы, жас әдебиетшілер З.Шашкин мен Е.Ысмайылов «Абайдың поэтикасы» (Әдебиет майданы, 1934,11,12 санында) деген мақаласында Абай мұрасының кейбір тұстарын осы түршілдік бағыт тұрғысынан қарап пікір толғайтыны бар

Абай мұрасын тануда компаратавистік танымның белгілі дәрежеде орын алған кезеңі болды. Бұл танымды ұстанған зерттеушілер ақын Абай мен ойшыл Абайды бөле қарады. Осы себепті олар Абайды ірі ақын ретінде таныса да, әлсіз ойшыл деп қарап, оның рухани ұлттық болмыстан туындаған тума ой танымдарын келімсек ой танымның көрінісі ретінде танытты. Абай мұрасын компаратавистік таным тұрғысынан танып пікір білдірген топтың қатарында І.Қабылов, Ы. Мұстамбаев, І.Жансүгіров т..б. болды. Абайдың әдеби мұрасын халықтық тұрғыдан танытуда революционер – демократтардың пікіріне сүйене отырып, 1930-шы жылдардың ортасында тұңғыш рет Абайды халықтық ақын ретінде танытуда бастама пікір көтерген әдебиет сыншысы Мұқаметжан Қаратаев еді. Өзінің А.С. Пушкинге арналған мақаласында: «Пушкин поэзиясында Белинский тапқан халықтық, сатира, көркемдік деген үш элемент Абайдың поэзиясында да табылады… Екеуінің шығармасында да, халықтың, еңбекші адамның тілегі көрініп тұрады», – деп Абайды халықтық мүдденің жыршысы ретінде таныстырады. Осы мақаланың артынша – ақ Абайдың әдеби мұрасын танып бағалауда елеулі кедергіге айналған кейбір Абай мұрасын зерттеушілердің (С. Мұқанов, І. Жансүгіров, Ғ. Тоғжанов, І. Қабылов т.б.) тұрпайы социологиялық көзқарастары алғаш рет сынға алынып: « Абай маңындағы сынның әлі күнге дейін жетіліп кетпеуіне негізгі себеп – осы вульгарлық әдіс» – әдебиет саласында сірескен пікір сеңінің бұзыла бастаған қалпын көрсетті.

С. Мұқанов 1937 жылдан бастап , Абайды халық ақыны ретінде таныта бастады. 1936 жылдың өзінде-ақ С. Мұқанов Абайды қазақ әдебиетінің классигі, ұлы реалист деп бағалап, оны мұра ретінде тануға ойысты. Абай поэзиясының құндылығы – оның өмір шындығын реалистік тұрғыдан суреттеп, қазақ қауымындағы әлеуметтік қайшылық болмысын объективті тұрғыдан көрсетуінде жатыр деп біліп, Абай мұрасына көзқарасын өзгерте бастаған бұрылысты аңғартты. Осы жылдан бастап С. Мұқановтың Абайды көп жағынан дұрыс бағалап тұрпайы социологиялық танымнан біртіндеп шегіне бастаған қалпын көреміз.


Абайдың әдеби мұрасын зерттеуде, оны халықтық мұра ретінде жұртшылыққа танытуда С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ. Жұбанов, Қажым Жұмалиев, Әлкей Марғұлан сияқты ғалымдардың еңбегі Абай мұрасын танып-білудің жаңа қырларын байқатып, ол мұраны бағалау жолындағы түбірлі өзгерістерді аңғартты. 1939-1940 жылдары М. Әуезов тарапынан екінші рет толықтырылып қайта басылған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының бастырылуы да жоғарғы талаптарға іспен жауап беруің нақтылы қадамдарының бірі болып табылды.

    Абайтанудағы М.Әуезов кезеңі (1933-1961) 

Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30- жылдары айрықша көзге түскен жазушы, ғалым, Мұхтар Әуезовтың зерттеулері абайтану тарихында ерекше орында тұрды. Абайдың қайтыс болуына отыз жыл толуына орай басылым көрген Абайдың тұнғыш толық шығармалар жинағы мен Абайдың ғылыми өмірбаянының қоса жариялануы М.Әуезовтың абайтану саласының негізін қалаған тарихи еңбегі ретінде қабылданды. Абай мұрасы жайында М.Әуезовтың «Абай» журналы мен «Шолпан» журналында жарияланған зерттеулік мақалалары мен «Әдебиет тарихы» кітабында ендігі жерде Абай мұрасын зерттеумен айналысу қажеттігі жайындағы ескерме пікірмен-ақ сол кезеңде Абай мұрасының бірегей білгірі деген пікір қоғамдық ойда қалыптасып қалған еді. Әсіресе, М.Әуезовтың ғылыми теориялық деңгейі биік жатқан бірегей мақаласы «Абай ақындығының айналасы» деп аталатын зерттеу мақаласы 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналында жариялануы абайтану саласының келешек бағыт бағдарын айқындаған, көптеген күрделі проблемалардың өзекті желісін тартқан еңбек болып шықты.


М. Әуезовтің 30 шы жылдардағы ізденістері Абайды танудың ғылыми дәрежесін көтеруде абайтануға қосылған елеулі үлес ретінде де ерекшеленетін орны бар туындылар деп бағаланды.

Жалпы М. Әуезовтың ұзақ жылдар бойы Абайдың әдеби мұрасы туралы үздіксіз ізденудегі әрекетін бір-бірімен іштей байланысты 4 салаға бөле қарауға келеді:

а) Абай шығармаларын жинауы, текстологиялық жағынан сұрыптауы, жариялауы туралы еңбектері.
ә) Абай өмірбаянын қайта жазып, қандық қызметі мен дәуірі заманы жайында деректер жинап, естеліктер жаздырып, жоғалуға айналған өлең жолдарын қалпына келтірумен айналысуы.
б) Абай өмірі мен шығармалары туралы арнайы зерттеу жұмысын жүргізуі.
в) Жоғарғы үш саланың негізінде Абай мұрасын ақын туралы көркем шығармалар жазу арқылы танытуы.

М. Әуезовтың ұзақ жылдар бойы сарыла еңбек етуінің нәтижесінде жарық көрген, 1933 жылғы толық жинақ пен Абай өмірбаянының жазылып дайындалған тұңғыш толық жинағы болатын-ды. Ал осы тұңғыш толық жинақтың негізінде 1939, 1940 жылдары екі том болып қайта бастырылған Абай шығармаларының толық жинағына жаңа көзқарастық тұрғысынан С. Мұқановтың «Абай- халық ақыны» деген алғы сөзі мен М. Әуезовтың «Абайдың ғылыми өмірбаяны екінші рет зор толықтырулармен қайта жазылды. Бұл екі томдық толық жинақта 1931, 1940 жылғы бұрынғымен 1933 ж. салыстырғанда, көптеген өзгешеліктер мен жаңалықтардың орын алуына, толыға сұрыптала түсуіне М. Әуезовтың осы жылдардағы үздіксіз ізденістері мен зерттеулері абайтану саласында шешуші орынға шықты. 1933 жылғы толық жинақта тек қана 35 өлеңге түсінік беруге мүмкіндігі болса, соңғыда екі томдық жинақта 88 өлеңге түсінік жазуы зерттеушінің Абай шығармаларының сырына қаншалықты молыға түскенін байқатты.


Абайдың әдеби мұрасын зерттеудегі М. Әуезов жүргізген жұмыстың бір саласы – осы мұраны танытуда, зерттеуде үлкен мәні бар саланың бірі – Абай замандастарының ақын туралы естеліктерін жиып жариялаумен қатар оны тереңірек зерттеуге келіп тірелетін еді.
Абайдың әдеби мұрасын танып-бағалау, таныту жолында М. Әуезовтің айрықша еңбек еткен саласы ұлы ақын туындыларын ғылыми тұрғыдан тереңдете зерттеуінде жатыр.

М. Әуезов Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан танып білу жолына саналы түрде алдына ұлы мақсат қоя отырып кірісуі, негізінен Абай туралы роман жазуды қолға алған жылдарынан басталады. Осы жылдарда-ақ алдына ғылыми-творчестволық зор мақсаттар қойған тұста-ақ сегіз түрлі проблеманың аумағында жүргізілер іс-әрекеттерінің бағыт-бағдарын нақтылы түрде айқындап алған болатынды.
Абайтану саласында жүргзілген ғылыми творчестволық ізденістерінің бәрі де осы сегіз түрлі проблема шеңберінде жүргізілгені бүгінде толығымен айқындалып отыр. Алдымен қолға алған зерттеу нысанының өзекті мәселесі Абайдың ғылыми өмірбаянын табиғи қалпына келтіру арқылы ұлы туындысы «Абай жолы» эпопеясында өмірбаяндық деректер негізін арқау етіп өру жолын ұстанды. Абай мұрасын танып бағалау жолында ақын мұрасының саяси әлеуметтік болмысын ашу үшін де өмірбаяндық деректресіз қадам басу қиын болатынды. Абай өмірбаянын жазумен ұзақ жылдар бойы айналысумен бірге Абай мұрасының текстологиялық жағына да айрықша назар аударып, ақын шығармаларының текстологиясы жөніндегі ізденістерінің мол көрініс берген кезеңі, әсіресе, 1933 жылғы Абайдың тұнғыш толық жинағында анық байқалды. Бұрынды сонды Абай басылымдарында ұшыраспайтын көптеген өлендер мен өлең жолдары тыңнан қосылып отырылды.
Абай басылымдарының 1933, 1940, 1945, 1957 жылдардағы толық жинақтарын баспаға даярлауға тікелей атсалысқан М.Әуезов Абай өлеңдерінің өрнек үлгісін толығымен табиғи қалпына келтіре алды. Әрине, бұл үшін өлең табиғатын терең танып білумен бірге, өлең құрылысы туралы теориялық білім де қажет болды. Осы ерекшелік М.Әуезовте толығымен табылды. Абай өлең құрылысындағы өлең өрнектерін қалпына келтіруде алғашқы толық жинақта М.Әуезовтің өзі де кемшіліктерге жол беріп алды. Бірақ толассыз ізденіп Абай өлең құрылысының ерекшеліктеріне қаныққан сайын ол кемшіліктерін жетілдіріп отырды. Мысалы, алғашқы толық жинақта өлең өрнегі жағынан өте күрделі Абайдың «Қатыны мен Масақбай», «Сен мені не етесің?» өлеңдерінің бастапқы табиғи қалпын сақтай алмаса, соңғы баслымдарда оны толық табиғи қалпына түсіріп, қалыптастырғанын көреміз. Отызыншы жылдар басында-ақ М.Әуезов Абайдың әдеби ортасы деген күрделі мәселеге ерекше назар аудара бастады әрі осы тақырып абайтану тарихында мейлінше айтыс тартыс тудырған ең күрделі мәселеге айналып кетті. Өйткені бұл проблема тек Абайдың әдеби ортасын ғана қамтып қоймай, Абайдың әдеби мектебі, Абайдың ақын шәкірттері, Абайдың ақындық дәстүрі немесе Абай тұсындағы ақындар деп аталатын түйіні бір, бірақ тармақтары сан тарау мәселелерді қамтыды.
Абайтанудың негізін қалаған М.Әуезовтің ұлы ақын мұрасы жолындағы орасан зор ғылымдық творчестволық ізденістерімен қатар басқа ғалымдар да айтарлықтай бұл салада елеулі үлестерін қосып жатты. Әдебиеттен алғаш рет проф. Қажым Жұмалиев «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деп аталатын докторлық диссертациясын қорғауы абайтану саласында елеулі еңбек болды. Абайтанудың М.Әуезов дәуірінде С.Мұқанов, М.С. Сильченко, К.Бейсембиев, К.Мұхаметханов, Ә.Жиреншин, З.Ахметов, Полибина, М.Фетисов т.б. абайтанудың әр түрлі саласынан ғылыми монографияларын жариялап үлгерді. Абайтанудың ғылыми зерттеу жұмыстарының бәрі де сол тұстағы кеңестік жүйенің таптық идеологиясы қойған тегеуірінді талабының шеңберінен шыға алмады. Осы себепті зерттеу жұмыстарының дені Абай мен орыс әдебиетінің қарыс-қатынасы туралы мәселеге арналған тақырыптарға қарай ойысуы уақыт пен заман талабы болатынды.

    Абайтанудың бастапқы кезеңі яғни 1889 жылдан 1933 жылдың аралығы мен М.Әуезов дәуірі яғни 1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы даму жолының тарихы осы жолдар авторының «Абайтану тарихы» (1994) мен «Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары» (1982) деп аталатын ғылыми монографиялық зерттеу еңбектерінде өз көрінісін тапты.
Абайдың әдеби мұрасы жөнінде кеңестік дәуірдің алғашқы кезінде-ақ ақын шығармаларының идеялық нәр алған қуатты арнасы – өркениетті Батыс пен орыс мәдениеті екені танымал пікірге айналған еді. Бұл салада істелген бірсыпыра зерттеу еңбектері орыс әдебиеті мен Абай мұрасының творчестволық байланысы жайындағы мәселені тереңірек ашуда ғылыми ойда елеулі ізденістің барлығын аңғартты.
1941-1951 жылдар аралығындағы зерттеудегі ерекшелік – монографиялық зерттеулердің пайда болуына байланысты бұл тақырыпты бұрынғыдай жалпылама сөз етпей нақтылы зерттеу нысанасына алу арқылы дұрыс тұжырымдар жасалып жатты.
М. Сильченконің 1945 жылғы жүз жылдық мерейтой қарсаңында « Абай» деген атпен басылым көрген еңбегін ерекше атап өтуге болады. Абай өмірбаяны мен әдеби мұрасы туралы орыс тілінде жазылған бұл еңбектің бағалы жағы – ақын мұрасын жүйелі түрде кең насихаттауында жатыр.
40- 50 жылдары Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Абайтану ғылымына Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Қ.Мұхамедханов, М.Сильченко, Ы. Дүйсенбаев, Б.Ерзакович, Х.Сүйіншәлиев, М. Мырзахметов, А. Ысқақов, Р.Сыздықова секілді ғалымдар салмақты үлес қосты. Әсіресе, 1957 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген, М. Әуезовтың басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет.
Абайдың әдеби мұрасының зерттелу жайы деген тақырыпта зерттеулер жүргізу қажеттілігі С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Смайылов, Ә. Жиреншиндер тарапынан да қолдау таба бастады. М. Әуезов пен Қ. Жұмалиевтің ұсынуымен осы тақырыпта 1965 жылы М. Мырзахметұлы тарапынан «Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы» деп аталатын кандидаттық диссертациясы қорғалды. Профессор Т. Кәкішев қазақ әдебиеті сынының тарихын зерттеуге кірісіп, онда абайтану тарихын жалғастыра зерттеудің нәтижесінде «Оңаша отау» (1982) монографиясы басылым көрді.
1965-1966 жылдардан бастап Абай мұрасы туралы зерттеу еңбектер өріс алып, диссертациялық қорғаулар да жиілене түсті. Осы кезден бүгінге дейін абайтанудан кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалып, қырыққа жуық монографиялық ғылыми еңбектердің жариялануы абайтанудың саны мен сапасы жағынан қатар өрбігенін көрсетеді. Бұл әрекет, әсіресе Абайдың туғанына 150 жылдық мерейтой қарсаңында абайтанудың бұрын соңды болмаған қарқынымен алға басты. Тоқсаныншы жылдар басында Абайдың шығысқа қатысы әсіресе исламиятқа қарым қатысы туралы мәселе қайта көтеріліп, Абайдың исламиятқа қатысы мол мораль философиясы, адамгершілік негіздері туралы мәселелер жаңаша бағыт–бағдар ала бастады. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап абайтану саласында жазылған зерттеу еңбектері ғылыми тұрғыдан ұлттық таным негізінде шешуші орынға шыға бастады.
А.Машановтың «Әл Фараби және Абай», Ғ.Есімовтың «Хакім Абай», М. Орынбековтың «Абайдың философиялық көзқарасы», М.Мырзахметовтың «Абайдың адамгершілік мұраттары» (1994) деп аталатын еңбектері Абайдың дүниетанымы туралы күрделі проблемаларды шығыстан ажыратпай қазақтың ұлттық философиясы негізінде қарастыруы арқылы абайтану саласында жаңа бағыт-бағдар ұсынып отыр.
Парижде, Стамбұлда, Мәскеуде, Ташкентте, Вильеюсте, Бішкекте, Қазанда ұлы ақынға арналған салтанатты мәжілістер мен ғылыми конференциялар өткізілді. Абай шығармамалары Түркияда, Пәкістанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге аударылды.

жүктеу 114.31 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет