Сұрасаң арғы атамды ер Қазыбек, Бекболат одан туған болыпты бек



жүктеу 33.51 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі33.51 Kb.

Сұрасаң арғы атамды ер  Қазыбек, 

Бекболат одан туған болыпты бек. 

Тіленші, одан кейін Абзал шері, 

Қ

арадан хан боп өткен бәрі асыл тек. 



Осынау шумақты анам ақ бесікті 

тербетіп отырып, телегей теңіз жылай-

тын. Жылайтын да «құлындарым,  ұйы-

ғып өскен үш тал гүлдей, есік алдын-

дағы  Ұшқара тауының етегінде Мәди 

бабаларың дүниеге келген. Сол тау-

дың ар жағында  қыстауы бар. Ол— 

ақын, ол—әнші, ол жанынан ән шы-

ғарған сегіз  қырлы, бір сырлы  ө н е р 

иесі болған», — дейтін де  қоңыр кеш-

тей  қоңыр әнді әндетіп отыратын. Біз 

сол әннен нәр алып өстік. Асқар тау-

дай әкемді сағынған кезде, интернат-

тан жырақта жатқан ауылды іздеген 

сәтте, ақ жаулықты анамды аңсаған 

шақта «Қаракесек» әнін іштей ыңыл-

дап бір түрлі айбаттанып жүретін едік. 

Біздің интернат Едірейде болатын. 

Едірейдің жаратылысы, бітімі әсте кө-

рікті. Көкмайсасы самалға тербелген 

тау-тасы, жұлдызы төмен салбыраған 

мақпал түні тым әсерлі. Таулар да бір-

біріне әлбетте  ұқсамайды. Биіктігі жа-

ғынан да, жаратылыс тұлғасы жағынан 

да Едірей тауы Баян мен  Қарқаралы-

дан өзгеше. Адам өзі туып өскен та-

биғаттың бір бөлшегі ғой. Ең аяғы мі-

незіне дейін өзін  қоршаған табиғатқа 

ұқсас болады . Жауған  қ арда н пәктікті, 

жаңбырдан молшылықты, дауылдан 

өрлікті, аяздан ерлікті күтеді. Аптап 

ыстық пен сақылдаған аязды  ж е р д е ер 

жеткен адам өмір жолындағы  қиын-

дыққа, мейірсіздікке төзімді келеді. 

Арқасын суыққа  қарытқан, бетін бо-

ранға домбықтырған адамның мінезі 

де  қайсар, шымыр болады. Көрікті 

көктемнен, жомарттықты күзден, жай-

саңдықты жаздан алады. Осындай бі-

тімі бөлек  ж е р д е өсқендігі Мәдидің 

творчествосынан да мен мұндалап, 

тайға таңба басқандай айқын аңғарыла-

ды. 

Мәдидің балалық шағы Үшқара мен 



Едірей тауларында өтеді. «Қара жол-

дың бойында Алшынбайдың көкжал 

бөрісі жортып жүреді дейтін. Сол сен 

екенсің ғой», — деген екен Жайпар 

батыр Мәдимен алғаш танысқанда. 

Мәди олеңдерінде Үшқара, Едірей 

таулары жиі айтылады. Мәселен: 

Басыңан Үшқараның мұнар шалған, 

Зу етіп оте шығар сұм-ау жалған. 

Тар есік, тар босаға  қиын екен, 

Ер едім  қайран елде сайран салған, 

немесе: 


Бзсынан Едірейдің түн  қатамын, 

Шылбырын көк шұбардың шұбатамын. 

Тұскенде сен есіме  қайран  Қазез, 

Көл  қылып көздің жасын  құлатамын, 

— деген өлең жолдарын біз де жаттап 

өстік. 


Қақабай ме н Мәдиді ң әкесі Бәпи 

Алшынбайдан туған, Әу баста  Қақабай 

мен Бәпи тату болған. Екеуінің  қырғи-

қабақ болғанына әртүрлі жағдайла р 

ә с е р еткен. Ал шындығында екеуі де 

үлкен азаматтығы  б а р кесек пікірдің 

а д а м д а р ы болған ғой. Ит дүние кім-

нен кімді алшақтатпаған, кімге-кімді 

қас  қылмаған. Мәди  Қақабайдың бала-

ларымен Үшқара тауының 

қойнауына 

барып кұш сынасады екен. Ойынның 

аяғы кейде  қызылшеке төбелеске  ұла-

сатын болыпты. Сондай  қолайсыз жағ-

даймен Мәди үйіне атпен жортып ке-

Э с с е 


ле жатса алдынан көлденеңдеп Ақбу-

ра шығады. Бұл жазғытұрымғы кез 

еді. Аузынан ақ көбігі аққан Ақбура 

Мәдиді  қуады. Мәди әбден сасады. 

Ақбура таяп ат үстіндегі Мәдиге ауыз 

сала  б е р г е н д е Мәди  қолындағы бұзау 

ө р м е  қамшымен маңдайдан салып  қа-

лады. Ақбура екі  м ә р т е жұмылған ала-

қандай бүктетіле аунап түседі. Мұны 

байқап тұрған балалар Мәдидің іс-әре-

кетін әкелері  Қақабайға айтып барады. 

Сонда 


Қақабай: «А қ бур а малымны ң 

басы еді, малымның  құты еді.  Қақа-

байдың бақ дәулеті Ақбурамен  ж е р г е 

көмілетін болды», —деп налыған екен. 

Міне, содан бастап Мәди  қуғынға тү-

седі. Бұл  к е з д е ол он төрт жаста екен. 

Бірде анам: «Ой, пәле-ай, Мәди дү-

ниеге екі келмейтін ер ғой. Көзсіз 

батыр, ел-жұртын ойлап кетті. Оған 

артына  қалдырған өшпес мұрасы-өлең-

дері дәлел. Ондай биік тұлғалар елдің 

сөзінде, 

ұрпақтың көзінд е 

қалады. 


Уақыт алға  б у ы н ы п - т ү й і н і п көшкен 

сайын Мәдидің әні де асқақтай  б е р е -

ді. Үш жүзге аты мәшһүр  қаз дауыс-

ты  Қазыбектің  ұрпағы, екеуі бес ата-

дан 

қосылады. Көнекөз 



қ арияларда н 

Мәди жайлы әңгіме ести  қалсаң, жа-

дыңа тоқи жүр», — деп Мәдидің өмір 

жолдарынан естігенін айтты. Әңгіме-

шіл кісі еді. Оның  қызықты әрі әсер-

лі айтқан әңгімелерімен  ұйқыға кете-

тінмін. Ана сөзінен кейін ылғи кең 

жазық аймақты алып жатқан еңселі 

Үшқара тауына жиі-жиі  қарайтынмын. 

Бар даланы бұрын Үшқара тербеп 

тұратын тәрізді болса, анам 

қайтыс 


болғаннан кеиін мені ғана алақанына 

салып, анамдай әлдилейтіндей еді. 

Ешбір жалғандығы жоқ, кейде Үшқара 

тауы айдын көлдің үстінде тербеліп 

тұрғандай болып түсіме енетін, түсіме 

өңім сенетін. 

Бала кезден жүрегімнің өмір деген 

алаңына Мәдидің  қасиетті мекенінің 

бейнесін салып келемін. Әлі толық 

салынып біткен жоқ. Әйтеуір, іргесі 

қаланып,  қабырғасы биіктеп кел е жа-

тыр. Алда өмір болса сол ғимаратты 

салып бітірсем деген арман жаныма 

әсте маза  б е р е р  е м е с . 

1985 жылы «Жазушы» баспасынан 

«Ұшқара оттары» атты  ө л е ң д е р жи-

нағым шықты. Жинақтың мұқабасында 

бесік тербеткен ақ жаулықты ананың 

суреті бар. Жинақ  қолыма тиген сәт-

тегі жан тебіренісімді айтып шығу өте 

қиын. Менің «Күдеріңді үзбе» , «Бал-

қан тау басында» атты  ж ы р кітапта-

рымдағы Мәдиге арналған  ө л е ң д е р 

циклі «Үшқара оттары» жинағына да 

енгізілген. Мен Мәдидің ата мекені 

болған Үшқара тауының есімімен кітап 

шығарғаныма  қуанамын. Мәди өз 

заманының болмысын өлең жолдары-

на мәңгілікке сыйғызып кеткен ғой. 

Жастық шақ көк алмастың жүзі  е м е с 

пе, 

Суырып 


қалың жауға сермегендей , 

—деп Мәди ғана жырлай алған. Өнер-

ге, өлеңге деген заман талабы биік-

теген сайын Мәдидің есімі де аспан-

дай, әуелей  б е р е д і . Мәди ақынның 

есімінде совхоздың аталуы  қайта 

құ-

ру, демократия заманының өнерге де-



ген шын сөзін көрсетсе керек. Осы-

нау шағын толғанысты «Ақынның соң-

ғы сөзі» деген өлеңіммен тәмамдасам 

деймін: 


Келемін күн мен түнді алмастырып, 

Сызулы тірлігімді жалғастырып. 

Бір күні соңғы жолға шығарарсың, 

Қ

арсы алған, ару күнім, алғаш күліп. 



Жалған деп жарық дүние өкінді өлең, 

Өмірде өкінбеуге бекінген ем. 

Күзетіп жер-аспанның амандығын. 

Арман жоқ жатсам желдің өтінде 

мен. 

Пенделер тас лақтырды тасадан кеп, 



Біріне артық мінез жасағам жоқ. 

Араңда біраз уақыт сайран салдым, 

Жұріңдер бар тілегім хош-аман боп. 

Кемтарға пана болдым, жалықпадым, 

Біледі өмірімнің халық бәрін. 

Біріңе менің енді бөгетім жоқ, 

Қ

ара жер,  қойныңды аш табыттамын. 



Тірлікте әрлі-берлі болады екен, 

Жазықсыз көздің жасы толады екен. 

Адамдар өмірбақи  құшағыңа 

Жеткенше өліп-өшіп  қалады екен. 



К ә р і м  С А У Ғ А Б А Е В . 

Орталық Қазақстан. - 1989 ж. - 1 қыркүйек (№201). 4 - б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал