Спортшы деуге неге болмасын?! Мысалы, ат спорты да Олимпиада ойындарына ен ген. Енді атты спорт түріне жатқызып тұрып, қырандарымызды, өзіміздің ұлттық өнерімізді



жүктеу 0.66 Mb.

бет1/6
Дата07.03.2017
өлшемі0.66 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№15 (467) 

29 қаңтар

сенбі


2011 жыл

ДАТ!

6-б

етте

6-б

етте

ҚА

З-ҚА



ЛПЫНДА

ИӘ

– Әрине, саятшылықты қысқы спорт түріне 

жатқызуға әбден болады. Бұл ретте әйгілі жа-

зушы Сәбит Мұқанов: «Саятшылық – ұлттық 

спортымыздың биік шыңы», – деп атап өткен 

болатын. Ақ қардың үстінде, күні бойы ат 

үстінде, қолында – Алатау мен Алтайдың ақ 

иық қыраны, соңында құмай тазысын ерт-

кен шымыр денелі, қыстың қатал мінезінен 

қаймықпаған дала перзенті — құсбегіні нағыз 

спортшы деуге неге болмасын?! Мысалы, 

ат спорты да Олимпиада ойындарына ен-

ген. Енді атты спорт түріне жатқызып тұрып, 

қырандарымызды, өзіміздің ұлттық өнерімізді 

оған неге енгізе алмасқа? Мәселен, атты бап-

тайды, бағып-күтеді, сосын жарысқа қосады. 

Құс та дәл осылай бапталады, үйретіледі, сосын 

барып аң-құсқа саласың. Егер талап бойынша 

жануарлар спорт түріне жатқызылмайды десе, 

онда әңгіме басқа. 



3-бетте

Амангелді МОМЫШЕВ, 

Мәжіліс депутаты:

Бағдат МҮПТЕКЕҚЫЗЫ, 

«Қыран» федерациясы» қоғамдық 

қорының атқарушы директоры:

Негізі, Халықаралық олимпиада 

комитетінің талабы бойынша қысқы 

спорт түрлері тек қана не қардың, 

не мұздың үстінде өтуі тиіс. Былай 

қарасаңыз, қазақтың саяткерлік 

өнері де қардың үстінде өтеді. 

Сондықтан «қазақтың саяткерлік 

өнерін қысқы спорт түрлеріне жатқызу 

керек» сияқты. Алайда мұнымен 

келіспейтіндер де бар екен. Бүгін осы 

ойды ой-көкпардың талқысына салып 

көрген едік. 

ОЙ-КӨКПАР 



ЖОҚ

— Мен бұған қосылмаймын. Өйткені 

құс бегілік жарыстарды өткізу үшін нақты бір 

бел гіленген мерзім жоқ. Яғни құсбегілікті 

қыста да, жазда да, күзде де өткізе беруге 

болады. Бүркіт қай кезде бапталып дайын 

тұрса, сол уақытта аңға шыға бересің. Ал 

енді оны алып келіп, қысқы спорт түріне 

жатқызып қойсақ, онда не болады? Мысалы, 

арабтарда қыс деген болмайды. Олардың 

шейхтары кез келген уақытта аңға шығып, 

құмарын басады. Бізде де егер бүркіт дайын 

болса, кез келген уақытта аңға салуға 

болады. «Қан сонарда бүркітші шығады 

аңға...» демекші, бұрынғы ата-бабаларымыз 

қыста шығушы еді. Қазір бұл өнер мезгіл 

таңдамайды. Сондықтан құсбегілік өнерді 

қысқы спорт түріне жатқызудың керегі жоқ. 

Өйткені бүркітті тек қыста ғана алып шығу 

керек дегенмен ешкім келіспейді. 



Қазақтың саяткерлік өнерін қысқы спорт түріне жатқызуға бола ма?

Владимир СМИРНОВ:

ТМД елдері арасында 

ірі доданы алғаш 

болып Қазақстан 

қабылдап отыр

Серік Ахметов пен Бақтықожа Ізмұханбетов, 

Бауыржан Байбек пен Асқар Жұмағалиев ұқсай ма? 

Әрине, 100 пайыз ұқсайды деп айта алмаймыз, 

бірақ кеше Елбасы Жолдауын тыңдау үшін Парламент 

ғимаратына қос әкім бірге кіріп келгенде, екеуі бір-

біріне ұқсай ма деп қалдық. Тек батыстық әкімнің 

шашы сәл бурыл тартқаны болмаса, Бақтықожа 

Ізмұханбетовтің де, Серік Ахметовтің де ақ жүздері мен 

шаш қойыстары ұқсайды екен. 

Тура осындай ұқсастықты Президент Әкімшілігі 

басшысының орынбасары Бауыржан Байбек мен бай-

ланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев тен де 

байқадық. Бұл екі мырза да шүйіркелесе әң гімелесіп 

келе жатқанда ағалы-інілідей көрініп кетеді екен. 

Елімізде жауапты хатшы лауазымы енгізілген-

де, оның басты артықшылығы «министр келеді-ке-

теді, ал жауапты хатшы министрліктің жұмысын 

үздіксіз қамтамасыз етеді» делінген еді. Сондағы 

мақсат басшының ауысуымен бірге мемлекеттік ор-

ган аппаратының да ауыс-түйіске ұшырау үрдісін бол-

дырмау болатын. Яғни министрден бұрын, жауапты 

хатшының салмағы ауырлау болатыны айтылған еді. 

Басқа ведомстволарды қайдам, дәл Қаржы министр-

лігіндегі жауапты хатшының салмағы, шынымен де, 

«ауырлау» секілді. Олай дейтініміз, біз ең соңғы болып 

қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков кірді ме деп 

тұрғанымызда, Жолдау басталуы тиіс сағат 11.00-ге 

2-минут қана уақыт қалғанда асықпай басып Қаржы 

министрлігінің жауапты хатшысы Наталья Коржова ха-

ным кіріп бара жатты. Ал Наталья ханымның бастығы, 

қаржы министрі Болат Жәмішев Парламентке сағат 

10.30-дың шамасында кіріп қойған еді.

Айбын БАҚЫТҰЛЫ

Жалғасы 2-3 беттерде

Қадірлі отандастар!

Құрметті депутаттар мен 

Үкімет мүшелері!

Ханымдар мен мырзалар!

Биылғы жыл — ерекше қастерлі жыл. Біз ел 

Тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан 

жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жол-

да біз биік белестерді бағындырдық. Естеріңізде 

болар, 1997 жылы халыққа алғашқы Жолда-

уымда мен былай деген едім: «2030 жылы біздің 

ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың 

қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін 

болады». Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер 

аз болған жоқ. Дегенмен діттеген бұл межеге 33 

жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік! Күні кеше 

Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық 

ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның 

айшықты айғағы. Жұлдызымызды жарқырата 

түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біршама 

биіктерді бағындырдық. Біз талайлы заманда та-

рыдай шашылып кеткен қандастарын Атамекенге 

жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жыл-

дары шетелдерден 800 мыңнан астам отандасы-

мыз келіп, халқымыздың саны 1 жарым миллион 

адамға артты. Біз Сарыарқаның сайын даласына 

сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. Есілдің 

жағасына серпінді дамуымыздың символы болған 

еңселі елорданы қондырдық. Халқы тату-тәтті, 

саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, 

болашағы баянды болады. 

Қазақстанның халықаралық резерві бүгін – 

60 миллиард долларға жуық. «Ырыс ынтымаққа 

жолығады, дәулет бірлікпен толығады» деген сөз 

бар. 

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

146,83

201,83

4,95

22,31

1,37

11989,83

1902,89

1805,14

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын күллі ел болып жыл бойы тойлаймыз

КЕҢЕС


Толағай табыстармен 

босағадан аттаған 2011 

жыл «Тәуелсіздіктің 

20 жылдығы» деп 

жария ланды. Оны іске 

асыру үшін қазақ стан-

дықтардың күш-жігерін 

біріктіруді тапсырамын. 

Біздің мерейтойдың 

ұраны – «Бейбітшілік пен 

жасампаздыққа — 

20 жыл» болады», — деп 

халыққа Жолдауында 

атап көрсеткен Елбасы 

кеше түстен кейін осынау 

ұлық мерекемізді 

жалпыұлттық деңгейде 

атқаруға байланысты 

іс-шаралар жоспарын 

талқылаған кеңес өткізді. 

Парламент палаталарының спикерлері, Президент 

Әкімшілігінің жетекшісі мен Үкімет Басшысы, сондай-ақ 

бір 


қатар министрлер қатысқан осы кеңесте Мемлекет 

басшы сы: «Жолдауда мен ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын 

атап өту мәселесін ерекше айттым. Тәуелсіздік – біздің басты 

жетістігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекеттің 

тарихындағы жаңа дәуір нақ осы Тәуелсіздікті алудан бас-

талады. Бұл — жасампаздықтың, сенімді әрі қарқынды 

дамудың дәуірі. Сондықтан да Тәуелсіздік мерейтойы ай-

рықша мәнге ие. Сол себепті біздің алдымызда осы жыл-

ды ең жоғары ұйымдастырушылық және идеологиялық 

дең гейде өткізу міндеті тұр» — дей келе Тәуелсіздік мерей-

тойының мән-маңызын ашып айтты. 

Кеңесте Тәуелсіздік мерейтойының жалпыұлттық іс-ша-

ралар жоспарын Мемлекеттік хатшы әрі сыртқы істер минис-

трі Қанат Саудабаев таныстырды. Қанат Бекмырзаұлының 

айтуынша, 20 жылдық мерейтой жыл шыға басталып 

кеткен. «Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын бүкіл халық бо-

лып атап өту шараларына дайындық жұмыстары басталып 

кетті. «Бұл концепцияның басты мақсаты – бір жыл бойы 

той тойлау емес, Тәуелсіздіктің Қазақстанға не бергенін 

атап көрсетіп, содан жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету. Соны-

мен қатар әрбір облыс өзінің 20 жылдықта не атқаратыны 

жөнінде жоспарын жасап отыр. Мерейтойымыз әлем наза-

рын өзіне аударған VII қысқы Азия ойындарымен басталды. 

Бұл ай спортшыларымыздың 20 жылда жеткен жетіс тігін 

паш ететін ай болмақ», – дейді Қ.Саудабаев. Ақпан айы 

еліміздің Тәуелсіздік алған күннен бергі жетістігі мен әлем 

алдында айшықталған, наурыз айында ұлт құндылықтарын 

дәріптейтін «Ел қазынасы», «Тәуелсіздік құрдастары» атты 

шаралар ұйымдастырылмақ. Тәуелсіз еліміздің ғылым-

білім, жаңа технология, инновация саласында жеткен 

жетістігін жырлаумен басталған сәуір айы, ұлт бірлігі және 

Ұлы Жеңістің 66 жылдығы тойланатын мамыражай ма-

мыр айымен жалғаспақ. Осылайша, ұлттық рухқа толы 

Қоян жылы еліміздің ең ұлық мерекесі, халқымыздың сан 

ғасырлық арманы көрініс тапқан – Тәуелсіздік мерекесімен 

түйінделмек. Ал Президент Әкімшілігі жетекшісінің орын-

басары Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жалпыұлттық іс-

шаралар жоспарын халыққа таныстыру үшін бұқаралық 

ақпарат құралдарымен тығыз жұмыс жасалып жатыр. 

«Көлемді медиа-жоспар жасалды. Бүгінгі таңда еліміздің 

жеткен жетістігін паш ететін деректі фильмдер, танымдық 

бағдарламалар түсіріліп жатыр. Аталмыш бағдарламалар 

жақын арада отандық арналардан көрсетіле бастауы» тиіс, 

— деп атап өтті М. Әшімбаев. 

Мәдениет министрі бұл шаралардың төрт деңгейде 

өтетінін айтты. «Біріншісі, Астанада басталады, облыс ор-

та лықтарында, әрбір аудан орталықтарында, сосын елді 

мекендерде өтеді. Мысалы, еліміздің Конституция күні 

елордадағы парадтан басталады да, оны облыс орта лық-

тары іліп алып кетеді. Осылайша, барлық мерекенің жылуы 

күллі елге тарайды», – дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед. 

Осынау мерейтойды жоғары деңгейде өткізіп, үй-

лестірудің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін 

Тәуелсіздіктің 20 жылдығын ұйымдастыратын мемлекет-

тік комиссия құрылды. Мемлекеттік хатшы-сыртқы іс-

тер министрі Қанат Саудабаев басқаратын бұл комис сия 

құрамына Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің өкілдері 

мен Парламент депутаттары, әкімдер, қоғамдық құрылым 

өкілдері кірді. 

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Жолдауға кім 

қалай келді?

Жасыратыны жоқ, Елбасы Жолдауын тыңдауға 

жұрт жиналып жатқанда, журналистердің жарты-

сы еліміздің жақсы мен жайсаңы – депутаттары 

мен жоғары лауазымды шенеуніктері, партия 

басшылары кіріп жатқан Парламент Мәжілісінің 

батыс жақ бүйіріндегі есікті күзетумен болды.

4-бет

5-бет

5-бет

Ақ Азиада тарихы

Қазақстан құрамасы 

алғашқы жеңіске жетті

Ұлттық қысқы 

ойындарымыз бар ма?



97,97

1318

7-бет

VII қысқы Азия 

ойындарына қатысатын 

қазақстандық 

спортшылар тізімі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Қазақстан халқына «Болашақты бірге құрайық» атты Жолдауы

С.БОНДАРЕНК

О, Б.О

ТАРБ


АЕВ (фо

то)


Менің ғұмырым ел тағдырымен еншілес

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№15 (467) 29.01.2011 жыл, сенбі



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

ЖОЛДАУ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Қазақстан халқына «Болашақты бірге құрайық» атты Жолдауы

Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА, 

еңбек және халықты 

әлеуметтік қорғау 

министрі: 

Ерлан 

НЫҒМАТУЛЛИН, 

Мәжіліс 

депутаты:

Ж О Л Д А У Ѕ А   Ћ О Л Д А У

Ж О Л Д А У Ѕ А   Ћ О Л Д А У

– Елбасының биылғы Жолдауында да әдеттегідей 

әлеуметтік салаға көп көңіл бөлінді. Соның ішінде жиі 

айтылып жүрген, бірақ әлі нақты бір шешімі табылмаған 

азаматтардың өзін-өзі еңбекпен қамту мәселесі ерекше 

назарға алынып, арнайы бағдарлама жасау тапсырыл-

ды. Бізде қазіргі таңда республиканың еңбекке жарам-

ды халқының 32 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз 

етіп отырса, соның 60 пайызға жуығы – ауылдық жер-

де тұратын азаматтар. Елбасы осы санаттағы адамдарға 

ерек ше көңіл бөліп, нақты тапсырма берді. Егер осындай 

өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтардың мәселелерін 

шешетін болсақ, олардың біраз бөлігі индустриялық-

инновациялық бағдарлама аясындағы әлеуетті жұмыс 

күші болмақ. Сондықтан бұл топтағы адамдарды белсен-

ділендіретін болсақ, әрі қарай әлеуметтік мәселелер де 

шешімін табады.

– Өзін-өзі еңбекпен қамтып отырған халықтың 

бөлігіне қатысты бағдарламаны жүзеге асыру 

– өте үлкен, маңызды міндет. Өйткені көптеген 

қазақстандықтың әл-ауқатының артуы осы 

бағдарлама шешімдерінің жедел іске асырылуына 

байланысты болады. 

Тағы бір атап айтарлығы – Президенттің осы 

Жолдауда қойған міндеттерінің Парламентке зор 

жауапкершілік жүгін жүктейтіні. Өйткені экономи-

ка ның өсімі, елдің дамуы мен әл-ауқатының артуы 

Парламенттің осы қойылған міндеттерді шешу үшін 

қажетті заңнамалық базаны қаншалықты жыл-

дам әрі сапалы жасай алатындығына байланысты 

болмақ. Мен бұл міндеттердің Президент белгіле-

ген мерзімдерде жүзеге асатынына сенімдімін, оған 

қажетті қаржы, адам ресурстары бар. 

Кенжеғали 

САҒАДИЕВ, 

Мәжіліс 

депутаты:

– Біз осы күнге өте үлкен, 

қомақты жетістіктермен келдік. Ал 

осы жолғы Жолдауда бізді алда 

күтіп тұрған бұдан да биік белес-

тер айтылды. Әлеуметтік жаңғырту, 

білім, ғылым саласына, техникалық 

мүмкіндіктерімізге екпін беру керек 

деді. Енді осыны жаппай ел болып 

жаңа деңгейге көтере білуіміз ке-

рек. Халықтың өмірін ұзарту, тұрмыс 

деңгейін жақсартуға аса мән берілгелі 

отыр. Келесі он жылға ерттеп мінген 

атымыз да ерекше болуы керек. Бұл 

Жолдаудан мен осыны аңғардым. 

Алдағы он жыл күллі халық үшін 

жаңғыру, жаңару жылы болмақ.

ҰЗЫН-ЫРҒАСЫ:

• Жолдаудың жалпы ұзақтығы 54 минут 9 секундқа созылды. Мемлекет 

басшысы Жолдау үстінде бір рет тоқтап, бір мәрте су ішті. Бір мәрте жөтелді 

және бір рет жөткірінді. Залдағылар үш мәрте орындарынан тұрып, қол 

шапалақтады. Жалпы шапалақ саны – 31. Шапалақтаудың ұзақтығы тұп-

тура 3 минутқа созылды. 

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ:

• Президент Жолдаудың алғашқы 4 минут 27 секундында қазақша сөйледі. 

Және де 27-минутта (5 сек), 28-минутта (35 секунд), 29-минутта (26 сек), 

35-минутта (3 сек) төрт мәрте қазақша сөйледі. Жолдау аяқталар 52 ми-

нут 8 секундтан 54 минут 9 секундқа дейін қазақша сөйледі. Қазақша 

баяндаманың жалпы жиыны 7 минутқа созылды (қол шапалақтаулар 

ұзақтығын алып тастағанда). 

• 4 минут 28 секунд кеткенде орысша басталған Жолдау 52 минут 8 секунд-

қа дейін жалғасты. 

ЖАЛҚЫЛАРЫ:

• Жолдауда «қазақ», «ЕҚЫҰ», 

«сам  мит», «ұлыс» сөздері бір-бір 

мәр те  айтылды. 

ЖАЛПЫЛАРЫ:

• Жолдауда:

«ұлттық» сөзі – 6 рет;

«тәуелсіздік» сөзі – 9 рет;

«референдум» сөзі – 3 рет;

«халық» сөзі – 20 рет;

«ислам конференциясы» сөзі – 

2 рет;

«отандастар» сөзі – 3 рет;

«жол картасы» сөзі – 2 рет;

«бизнес» сөзі 7 рет айтылды. 

МӘЙЕК:

• Елбасы Жолдаудың 3 минут 3 секундында «Ырыс ынтымаққа жолы-

ғады, дәулет бірлікпен толығады» деген және 55 минут 27 секундта 

«Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген 

мақал айтты. 

Тәуелсіздік жылдарында ел экономика-

сына 120 миллиард доллардан астам ше-

телдік инвестиция тартылды. Сонымен 

қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам 

өнім түрін шығаратын болдық. Бүгінде ұлт-

тық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын 

және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруа-

 шылығы саласы да дамып келе жат қа нын 

білесіздер. Жалпы ішкі өнім өсімі өткен жы-

лы – 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, 

өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөл 

 

шер 


ді 

құрады. Бұл аз жетістік емес. Орташа айлық 

жалақы 2007 жылы 53 мыңнан 2010 жылы 

80 мың теңгеге дейін артты. Ұлт тық әл-

ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекет-

терінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 

26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-

орынға көтерілді. Біздегі орташа айлық 

жалақы – бес жарым есеге, зейнетақының 

орташа көлемі төрт есеге көбейді. 

Біз дүниені дүрбелеңге салған дағда-

рыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл 

жолына батыл бет бұрдық. Алдымызға 

ұлан-ғайыр мақсаттар қойдық және оларға 

қысқа мерзімде қол жеткіздік. Тәуелсіздік 

жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық 

сақтау нысаны салынды. Медицина меке-

мелерінің материалдық-техникалық базасы 

айтарлықтай жақсарды. Еліміз білім беру 

ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бас-

таушылар қатарында келеді. Өткен 

онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 

есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мек-

теп салынды. Сонымен қатар 5300-ден 

артық мектепке дейінгі мекеме,1100-ден 

артық балабақша мен 4200 орталық ашыл-

ды. Астанада ғылым мен білім индустрия-

сының жаңа ғасырдағы орталығы болатын 

университет ашылды. Біз осылайша аз 

жылда алапаты артқан айбынды елге, 

қуатты ұлтқа айналдық. Осының бәрі жұр-

ты мызды жаһандық ауқымда ойлауға бау-

лу мақсатында жасалуда. 

1. ЖЕДЕЛ ЭКОНОМИКАЛЫҚ 

МОДЕРНИЗАЦИЯ – ҮДЕМЕЛІ 

ИННОВАЦИЯЛЫҚ-

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ 

БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ

«Құрметті осы жиынға қатысып отыр ған 

қазақстандықтар мен депутаттар! Біз Тәу-

елсіздіктің 20 жылдық белесіне жеттік. Ора-

сан үлкен мақсаттар қойдық және оған қол 

жеткіздік. Ел дамуының тек бір ғана ин-

теграцияланған көрсеткішін келтіремін. 

1994 жылы еліміздегі жан басына шақ-

қандағы жалпы ішкі өнім 700 доллардан 

сәл ғана асатын, ал 2011 жылдың 1 

қаңтарында 12 еседен астамға өсті және 9 

мың долларды құрады. Біз өз жоспары-

мызда мұндай деңгейге тек 2015 жылы 

жетуді көздеген болатынбыз. Әлемдік 

тәжірибе көрсеткендей, Тәуелсіздіктің 

алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге 

ешбір ел қол жеткізген емес. Мысалы, 

бүгінде әлемдегі дамыған мемлекеттердің 

бірі Оңтүстік Корея тәуелсіз дамуының 

алғашқы онжылдығында халқының жан 

басына шаққанда ЖІӨ-ні үш есе өсірсе, Ма-

лайзияда – екі есе, Сингапурда – төрт есе, 

Венгрияда — бес есе, Польшада — төрт есе, 

Қазақстанда 12 есе артқан», – деп Елбасы 

Н.Назарбаев атап өткендей, Қазақ елінің 

барыстай қарыштап дамып жатқаны ме-

рейімізді өсіреді. «2010 жылы қаңтарда 

халыққа арнаған Жолдауымда үдемелі 

индустриялық-инновациялық даму бағдар-

ламасын жариялаған едім. Бір жылдың 

ішінде оны жүзеге асырудың нақты нәти-

желері бар. Біз 152 кәсіпорынды іске қос-

тық, 24 мыңнан аса қазақстандықты тұрақ-

ты жұмыспен қамтамасыз еттік. Бүкіл ел 

бойынша әртүрлі 800 өндіріс құрылды. Біз 

химиялық және жеңіл өнеркәсіпті белсенді 

қалпына келтіру және дамыту үрдісін 

бастадық, ауыл шаруашылығы өнімдерін 

өңдеуде серпіліс жасадық. 2014 жылға 

дейін 8,1 трлн теңге көлемінде 294 жоба 

жүзеге асырылуы жоспарлануда. 161 мың 

тұрақты жұмыс орны, құрылыс кезінде 207 

мың жұмыс орны ашылады. Бірінші ин-

дустриялық бесжылдықтың алғашқы жыл-

дарының басты қорытындысы біздің эконо-

микамыздың нақты секторының арқасында 

экономикалық өсімде салмақты құры-

лымдық өзгерістердің басталуы болып са-

налады», – деді Елбасы.

«Сіздерге таяу онжылдықтағы стра-

тегиялық жоспардың мақсаты туралы тағы 

қайталап еске саламын», – деген Мемлекет 

басшысы Қазақстанның 2020 жылға дейін 

төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізуі 

қажеттігіне тоқталды. 

Атап айтқанда, жалпы ішкі өнім 30 

пайыздан кем болмайды, қайта өңдеуші 

салалар артады немесе өндіруші салалар 

деңгейіне жететін болады. Ал Ұлттық қор 

активтері елдің ЖІӨ-нің 30 пайызынан кем 

болмауы және экономиканың шикізаттық 

емес секторында отандық және шетелдік 

инвестициялар 30 пайыздан кем болмауы 

қажеттігі айтылды. Бұдан өзге шағын және 

орта бизнес ЖІӨ-нің 40 пайызын құрай-

тындай болуы, халықтың саны 18 миллион 

адамға жетуі көзделді. Өндірістегі білікті 

маман дардың үлесі 40 пайызды құрап, жұ-

мыс сыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмен-

детіліп, ауыл шаруа шылығындағы еңбек 

өнімділігі 2014 жылы – екі есеге, ал 2020 

жылға қарай төрт есеге ұлғаятын болады. 

«Аграрлық секторда ет беретін мал 

шаруашылығын дамытуда бұрын болмаған 

жоба iске асырылады. Біз сіздермен бірге 

ауыл шаруашылығы үшін көп нәрсе атқар-

дық және соның арқасында құрғақшы лық 

жылдарында да біздің астық алқапта рымыз 

өніммен қамтамасыз етеді», – деген Елбасы 

енді қазақ қазақ болғалы бері мал шаруа-

шылығына зор мән берілетінін және ауыл-

дағы жұмыссыздық жайына баса назар 

аударылатынын атап өтті. «Біздің жоспарда 

2016 жылдың өзінде 4 миллион тонна 

астық экспортына тең келетін 60 мың тонна 

ет экспорттау көзделуде. Болашақта бұл 

сандар 180 мың тоннаға дейін артатын бо-

лады. Мемлекет бұған кредит қорла рының 

130 миллиард теңгесін бөледі. Бұл ауыл-

дарда 20 мыңнан астам жұмыс орнын 

ашуға жағдай жасап, 100 мыңнан астам 

ауыл халқы үшін табыс көзін береді», – де-

ген Президент бұл шаралардың барлығы 

малдың барлық тұқымдарының басын 

көбейтуге себін тигізетінін атап өтті. Осының 

бәрі ауылшаруашылық машина жасау, 

химиялық, тамақ өнеркәсібінің, техника-

ларды жөндеу сияқты өндірістің аралас 

салаларының өсуіне мүмкіндік береді. 

«Міне, бұл ауыл шаруашылығын индус-

трияландыру болып табылады. Үкімет пен 

барлық өңірдің әкімдері осы ауыл шаруа-

шылығы саласын индустрияландыру мәсе-

лесімен айналысуы керек. Біздің эконо-

микамыздың бәсекеге қабілеттілігі энер-

гиялық шығындарды азайтуды қамтамасыз 

ететін технологияларға негізделуі тиіс. Тек 

ауыл шаруашылығын ғана емес, тұтас халық 

шаруашылығын қамтуы керек», – деген Ел-

басы осы орайда шикізаттық емес сектор-

ларды дамыту мақсатында Үкіметке энер-

гетикалық тиімділік бойынша кешенді жос-

пар әзірлеп, бекітуді тапсырды. Индустрия-

ландыру аймақтық саясаттың жаңа пара-

дигмаларын жасайды. Сонымен қатар 

Үкімет облыс әкімдерімен бірлесіп, аймақ-

тарды дамыту бағдарламасын әзірлеп, 

бекітуі керек. «Біздің даму жолымыз енді 

басталды. Егер біз өміріміздің жақсарғанын, 

байыға нымызды қаласақ, осы күрделі және 

маңызды жұмысты орындап шығуға мін-

деттіміз. Мен «мықты бизнес – мықты мем-

лекет» қағидасын қолдаймын. Бізде алғаш 

рет мемлекеттік бақылау мен қадағалау ту-

ралы заң қабылданды. Барлық мемлекеттік 

органдар үшін бақылау жүргізудің қағи-

далары мен тәртібі белгіленді. Еске салсақ, 

біз қауіптері бар, орташа қауіптері бар, 

үлкен қауіптері бар жерлерде жылына бір 

рет, үш жылда бір рет және бес жылда бір 

рет тексеру жүргізілуі тиіс деген болатын-

быз. Мұның бәрі бизнеске әкімшілік қы-

сымды барынша төмендету үшін жасалып 

отыр», – деп атап өткен Елбасы құқық қор-

ғау жүйесін реформалау аясында Парла-

мент қабылдаған 16 заңға қол қойғанын 

тілге тиек етті. Меншікті қорғаудың құқық-

тық механизмдері енгізіліп, қоғамға үлкен 

қауіп төндірмейтін қылмыстар бойынша 

қылмыстық заңнамаларды жеңілдету жұ-

мыстары жүргізілді. Бас бостандығынан 

айырмай жаза қолдану аясы кеңейтілді. 

Тұтқындаудың балама түрлері де енгізілді. 

Осының арқасында тек осы жылы ғана 

жеңіл және орташа қылмыс жасаған 2 

мыңға жуық адамға рақымшылық жаса-

лып, бостандыққа шығады. Құқық қорғау 

органдарының аппараттары 15 пайызға 

қысқартылды. Олардың құрылымдарының 

тиімділігі артты. Құқық қорғау органда-

рының кейбір қызметтері жекеменшік 

секторларға берілді. Сот жүйесінде де 

айтарлықтай өзгерістер орын алды. Жем-

қорлықпен ымырасыз күрес жүргі зілуде. 

Қазіргі уақытта халықаралық сарапшылар 

Қазақстанның жемқорлыққа қарсы заң-

намалары ең тиімді заңдардың бірі деген 

баға беріп отыр. Соңғы екі жылда 40-тан 

астам республикалық деңгейдегі басшы, 

250-ден астам облыстық және қалалық 

деңгейдегі лауазымды адам, оның ішінде 

39 әкім мен олардың орынбасарлары жа-

уапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 

қоршаған ортаны қорғау министрі мен 

денсаулық сақтау министрінің, Статистика 

агенттігінің төрайымы, төтенше жағдайлар 

мен қорғаныс вице-министрлері, «Қазақ-

стан теміржолы» компаниясының бас-

қарма төрағасы, «ҚазМұнайГаз» және 

«Қазатом өнеркәсіп»  компанияларының 

президент терінің үстінен қылмыстық іс 

қозғалып, жауапқа тартылды. Жыл сайын 

халықаралық Transparency International 

қоры жариялап отыратын әлемдік рей-

тинг бойынша, біздің еліміз үш жылдың 

ішінде әлемдік жемқор лыққа қарсы рей-

тингтегі жағдайын бірден 45 пункт бойын-

ша жақсартты. Осыған сәй кес бүкіл ТМД 

бойынша біздің индексіміз – жоғары 

деңгейде. Бұл бағыттағы жұмыс тар одан 

әрі жалғасын табатын болады. 

«Мен мынаны айта кеткім келеді. Осын-

дай ымырасыз жұмыстар жүргізіле баста-

ғанда лоббистер көбейіп кетеді. Өкінішке 

қарай, олар осы залда да отыр», – деген 

Елбасы одан әрі сөзін сабақтады. «Күрес 

туралы бәріміз айтамыз, ендеше, бәріміз 

бірігіп жұмыс істейік. Облыстардағы осын-

дай жағдайлар маған ұнамайды. Мен 

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жақсы 

жұмыс істеп жатыр деп есептеймін», — деп 

Қ.Қожамжаров басшылық ететін қаржы 

полициясының қызметіне жоғары баға бер-

ді. Дүниежүзілік банктің 2010 жылғы баян-

дамасы бойынша, Қазақстан бизнес мүд-

десі үшін реформа жасауда үздік шықты. 

Бизнеске қолайлы жағдай жасап отырған 

183 мемлекеттің ішінде Қазақстан 59-

сатыға орнықты. 

Өткен жылы Қазақстан, Ресей және 

Беларусьтің Кеден одағы қызмет ете 

бастағанын білесіздер. Өткен жылдың 10 

айының қорытындысы бойынша, Ресей 

және Беларусьпен сауда-саттықтың көлемі 

38 пайызға артты. Кеден одағы елдеріне 

қазақстандық өнімнің экспорты 52,4 

пайызға өсті. Кедендік баж салықтарының 

өсімі 25 пайызды құрады. Осының бәрі Ке-

ден одағының біздің елдеріміздің эконо-

микалық міндеттерін шешетін прагмати-

калық, нақты жоба екенін көрсетіп берді. 

Біз бірыңғай экономикалық кеңістікті 

құруда едәуір ілгеріледік. Ол қазақстандық 

тауар өндірушілер үшін үлкен өткізу 

нарығын қамтамасыз етеді. Басқа 

жағынан, бұл бәсекеге қабілетті тауарлар 

мен қызметтерді өндіруге мықты ынта-

ландыру болады. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал