Сөзжасамдық ұя. Сөзжасамдық жұп



Дата07.11.2022
өлшемі23 Kb.
#23417
түріМонография
10 апта сөзжасамдақ жұп

Сөзжасамдық ұя. Сөзжасамдық жұп

Синтетикалық сөзжасам қазақ тілінің сөздік қорын байытуда өте үлкен қызмет атқарады. Тіліміздің сөздік қорынан туынды түбір сөздердің кең орын алатынын сөзжасамдық ұялар анық дәлелдейді. Өйткені сөзжасамдық ұя бір негізгі түбір сөзден қанша туынды сөз жасалғанын анық көрсетеді.


Қазақ тіліндегі «сөзжасамдық ұя» мәселесін зерттеу 1989 жылғы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографиялық еңбектен басталады. Бұл еңбекте:
«Сөзжасамдық ұя деп бір негізгі түбірден тараған туынды түбірлердің жиынтығы аталады».
Орыс тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негізін салған А.Н.Тихонов болған. Ғалымның сөзжасамдық ұяға арналған сөздігі бар.
В.А.Белошапкованың редакторлығымен шыққан «Современный русский язык» атты еңбекте сөзжасам жүйесінің комплекстік бірліктеріне : сөзжасамдық жұп (словообр-я пара), сөзжасамдық тип (словооб-й тип), сөзжасамдық категория (словообр-я кат-я), сөзжасамдық тізбек (словооб-я цепь),сөзжасамдық парадигма ( словооб-я пара-ма),сөзжасамдық ұя (словооб-я гнездо)- деген ұғымдарды жатқызған.
«Словообразовательные цепи и парадигмы являются составными частями найболее сложной и многочленной единицы словообразования – словообразовательного гнезда.
В своей совокупности цепи и парадигмы и являются тем строительным материалом гнезда, который позволяет вскрыть его сложную иерархическую организацию. Словообразовательное гнездо - это иерархически организованная, упорядоченная совокупность всех производных базового слова».
Сөзжасамдық ұяның құрамына бір негізгі түбірден өрбіген барлық туынды сөздер жататын болғандықтан ,олардың синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туындылары түбірлес сөздер болып саналады. Сонда әр ұяның өзіндік түбірле сөздері бар.
Түбірлес сөздер дегеніміз бір негізгі түбірден өрбіген түбірлес сөздердің жиынтығы.Ал сөзжасамдық ұяның құрамын бір негізгі түбірден тараған түбірлес сөздер құрайтын болғандықтан , әр сөзжасамдық ұя әр түрлі түбірлес сөздерден тұрады яғни әр сөзжасамдық ұяның өзіне ғана тән түбірлес сөздері болады. Құрамы жағынан бір сөзжасамдық ұяда бір ғана негізгі түбір сөз болады, ұя мүшелерінің басқалары туынды түбір сөз болып келеді. Ұядағы бір негізгі түбір – ұяның түп қазығы, ол ұяның жасалуында түп негіз қызметін атқарады. Оны ұя жасаушы сөз деуге болады.
Сөзжасамдық ұя сөз табына бағынышты, байлаулы емес. Сондықтан сөзжасамдық ұяны белгілі бір сөз таптарының құрамына жататын құбылыс ретінде қарауға болмайды. Сөзжасамдық ұялар сөз таптарынан тыс тұратын құбылыс, бірақ ол түрлі сөз таптарының толығуына, баюына қызмет етеді.
Сөзжасамдықұяның ең кіші мүшесі – сөзжасамдық жұп, ал сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектен орын алады. Бұлар сөзжасамдық ұяның негізгі мүшелері. Сөзжасамдық тізбектің мүшелері сөзжасамдық саты арқылы өсіп, көбейіп отырады. Сондықтан сөзжасамдық сатысыз сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық ұя болмайды. Ал ұядағы сөзжасамдық тізбектің саны сөзжасамдық тарам арқылы көбейеді. Сөзжасамдық ұяның осы мүшелері оның құрылымын құрайды, сөзжасамдық ұяның жүйесін жасайды. Сондықтан да сөзжасамдық ұяның белгілі құрылымы бар,оны құрайтын тұрақты мүшелері бар, ол мүшелер сөзжасамдық ұяда белгілі бір тәртіппен орналасады, олар бір-бірімен байланысты, бұл оның жүйелі құбылыс екенін көрсетеді.
Сөзжасамдық жұп.
«Простейшая из комплексных единиц – словообразовательная пара: соотношение производной и производящей основ : белый-белить; сахар-сахарница; артист-артистка; чернила-чернилица»-делінген қазіргі орыс тілі атты еңбекте.
Сөзжасамдық ұя қанша сөзден құралса да, онда сөзжасамдық жұп болады. Мысалы : пай-пайшы ; пән-пәндес; пән-пәндік.
Осында пай- дегенде 1 сөзжасамдық жұп, пән- дегенде екі сөзжасамдық жұп бар.
Неіз сөзбен туынды түбір сөздің жиынтығы сөзжасамдық жұп деп аталады. Сөзжасамдық жұп негіз сөзбен одан жасалған туынды түбір сөзден ғана құралатындықтан олардың мағынасы байланысты болады. Яғни жұп тек мағынасы байланысты сөздерден құралады. Мәселен : ұш-ұшақ деген жұптарда ұшу қимылын жасайтын заттың ұшақ деген аты жасалған. Ал ұш-ұшқыш деген жұпта ұшу қимылын жасайтын маманның аты-ұшқыш сөзі жасалған.
Сөзжасамдық жұптың құрамындағы сөздердің әрқайсының өзіндік қызметі бар. Сөзжасамдық жұптың бірінші сыңары сөз тудырушы да, екінші сыңары одан туған туынды сөз. Ол туынды сөз бірінші сыңардан сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған. Сөзжасамдық жұптың бірінші сыңары болу үшін, ол сөздің лексикалық мағынасы болу- міндетті шарт. Тұлғасы жағынан ол негізгі түбір де, туынды түбір де бола береді.
Сөзжасамдық жұптың құрамы екі сөзден құралады. Ол сөз тудырушы негіз және одан жасалған туынды сөз. Сөзжасамдық жұптың құрамының үнемі екі сөзден құралуына байланысты ол сөзжасамдық жұп деп аталған.
Тіл-тіле; тіле-тілек; тілек-тілектес, тілектес-тілектестік.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет