Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің!



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/6
Дата14.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Сөзіммен халқым амал қылсын десең, Амал қыл өз сөзіңмен əуел өзің! 

 

Мəшһүр Жүсіп



Баянауыл аудандық қоғамдық-саяси газетi

redakciyabayantau@mail.ru

Газет 1931 жылғы           

4 қыркүйектен шыға 

бастады

№31 (10734) 29 шiлде 2016 жыл 



№31 (10734) 29 шiлде 2016 жыл 

Баянтау

Баянтау

Əлемдік  деңгейде  ұлтаралық  достық  пен 

бейбітшілікті насихаттап, салауатты өмір салтын ұс-

тануға  шақыратын  эстафетаның  қазақстандық  тар-

мағы 2-ші шілдеде Қытай елімен шекаралас аймақ 

Қорғастан бастау алды. Қазақ елінің бірқатар қала-

ларында  болған  команда  апта  басында  Павлодар – 

Ақсу – Майқайың арқылы Баянауылға келіп жетті.

«Əлемдік  үйлесімділік  жүгірісі»  алаулы  эстафе-

тасына  қатысушыларды  аудандық  мəдениет  жəне 

спорт саласының мамандары мен жастары қолпаш-

тап,  қонақжайлылық  ілтипат  танытты.  Ғаламдық 

шараның  Қазақстан  бойынша  биылғы  жылғы  үй-

лестірушісі  Дəурен  Оспанов  баянауылдықтар-

ға  ақжарма  лебізін  білдіріп,  жиналған  қауымға 

бейбітшілік алауын ұстатты.

Қазақстандық  «Бейбітшілік  жүгірісі»  командасы 

осыдан соң Екібастұз – Ерейментау – Астана – Көк-

шетау арқылы өтіп, 8-ші тамызда Омбы қаласында 

ресейлік  бес  тармаққа  қосылады.  Осылайша,  Қа-

зақстан аумағы арқылы өтетін алаулы эстафетаның 

жалпы ұзындығы 4014 шақырымды құрап отыр. 

Айта кеткеніміз жөн, жаһандық алаулы жеңіл атле-

тикалық эстафета 1987 жылы Нью-Йорк қаласынан 

басталған.  Күні  бүгіндері  осы  əлемдік  марафонға 

алты миллионнан астам адам қатысқан. Адамдарды 

өзара  татулыққа,  мемлекеттерді  бірлікке,  достыққа 

шақыратын,  үйлесімділікті,  салауатты  өмір  сал-

тын  ұстануға    үндейтін  халықаралық  шараға  əрбір 

адам дайындығы мен жасына қарамастан қатысуға 

мүмкіндігі бар. Ол үшін жанып тұрған алауды бірне-

Әлемдік үйлесімділік жүгірісі

Маусымның 25-iнде  «Əлемдiк  үйлесiмдiлiк  жүгiрiсi»  атты  алаулы 

эстафетасының мүшелерi Баянауыл жерiне ат басын тiредi. Қазақ 

елiнiң  Тəуелсiздiгiнiң 25 жылдығына  тұспа-тұс  келiп  отырған  бүкiл 

əлемдiк  шараға  қатысушыларды  баянауылдықтар  зор  құрметпен 

қарсы алды. 

Эстафета 

ше  метр  алып  жүрсеңіз 

немесе  оны  қолыңыз-

ға  алып  ізгі  ниетіңізді 

білдірсеңіз болғаны. 



Дəурен  ОСПАНОВ, 

Орталық  Азия  бойын-

ша  ұйымдастырушы-

сы: 

–  Əлемдік  эстафета 

«Бейбітшілік. 

Бірлік. 


Достық. 

Ынтымақ» 

идеялары 

негізінде 

туындаған. Сонымен қатар, спорттың бұқаралық си-

патқа ие болуына, жүгіру бағыты бойында орналас-

қан елді мекен тұрғындарымен достық байланыстар 

орнатуға септігін тигізеді. Достық алауын елдер бір-

бірінен ала отырып, əртүрлі ұлттар мен ұлыстар бір-

біріне жақындай түседі. 



Александр Арнст, Ресей Федерациясы бойынша 

үйлестіруші: 

–  Халықаралық  ынтымақтастықты,  спортпен  ай-

налысуға  себеп  боларлықтай  байрақты  эстафетаға 

қатысып  отырғаныма  қуаныштымын.  Ресей  Феде-

рациясының атынан қазақ еліне жалынды сəлемімді 

жолдаймын. Қазақ жері арқылы жүгіре отырып, күні 

бүгіндері Қазақстан дамыған елдермен терезесі тең, 

өркениеті  дамыған,  спорты  да  үлкен  белестерді  ба-

ғындырған  мемлекетке  айналып  үлгергенін  аңғар-

дым.  Əсіресе,  спортқа  ерекше  көңіл  бөлінеді  екен. 

Көптеген  стадиондар,  спорт  кешендерінің  бой  кө-

теруі,  спорттық  командалардың  санының  өсуі  бізді 

қуантады, – деп игі тілегін жеткізді.  

Сөз  соңында,  елдер  арасында  алауыздық  болмай, 

тек  қана  достық,  бейбітшілік  аспанында  күн  кешіп 

жүре берейік. 



Қанат ТИТАН.

  Аудан  əкімінің 2016 жыл-

ғы 27 шілдедегі  №2-23/25 

өкімімен  Ибраев  Самат 



Ыбырайұлы  2016  жылғы 

27  шілдеден  бастап  Құнды-

көл ауылдық округі əкімінің 

міндетін  атқарушы  болып 

тағайындалды.

Самат Ибраев 1970 жылы 

22  қаңтарда  Жезқазған  об-

лысы Жаңаарқа ауданы Ата-

су кентінде туған. 

Білімі – жоғары, 2007 

жылы  С.Торайғыров  атын-

дағы  Павлодар  мемлекеттік  университетін  бітірген, 

«Орман шаруашылығы ісі» біліктілігі берілген.

Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл 4 ай, мемлекеттік қыз-

мет өтілі жоқ.

Еңбек  жолын 1986 жылы  Баянауыл  мемлекеттік 

ұлттық табиғи паркі Жасыбай орманшылығында ор-

ман шебері ретінде бастаған.

1988-1990  жылдары  Германия  Демократиялық 

Республикасында  əскери  борышын  өтеді. 1991-

1995 жылдары Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи 

паркінің  Жасыбай,  Торайғыр  орманшылығында  ор-

ман  шебері,  орманшысы, 1995-2004 жылдары  «Ел-

назар»  шаруа  қожалығының  басшысы, 2004-2006 

жылдары Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 

Жасыбай орманшылығының орманшысы, 2006-2011 

жылдары Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 

директорының экологиялық ағарту бойынша ғылым 

жəне туризм жөніндегі орынбасары, 2011-2012 жыл-

дары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы 

министрлігінің  Орман  жəне  аңшылық  шаруашылы-

ғы  комитетінің  «Республика  аумағындағы  орманды 

сақтау жəне орманшылықты ұлғайту» жобасын бас-

қарушы.


2013 жылдан бастап «Елназар» шаруа қожалығы-

ның басшысы.

Үйленген, 3 баласы бар.

ТАҒАЙЫНДАУ



6

redakciyabayantau@mail.ru



6

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау

29 шiлде, 2016 жыл №31 (10734)



1978  жылы  қыркүйектің 30 күні 

Алматыдан  ұшақпен  Семейге  келіп, 

Жидебайдағы  Хакім  Абайдың  əде-

би-мемориалдық  музейіне  бармақ-

шы  болдым.  Ертеңінде  осындағы 

ауыл  шаруашылығы  саласы  қызмет-

керінің  ГАЗ – 69 маркалы  машина-

сымен жүргізуші екеуіміз жолға шы-

ғып,  түске  таман  Жидебайға  келдік. 

Көліктен түсіп, музейге келгенімізде 

оның  есігі  құлыптаулы  екен.  Сонда 

жүргізуші  жігіт  музейдің  сыртында-

ғы  үйге  жағдайды  білуге  кеткен-ді. 

Оған  үй  иесі: «Демалыс  күні  музей 

жұмыс  істемейді.  Ертең  келіңдер», 

–  дейді.  Осыған  болмашы  ашуға 

булыққан  мен    жүргізушіге: «Үйге 

қайта  барып,  үй  иесіне  сізді  бастық 

шақырады  деп  айт», – дедім.  Жігіт 

үйге  кетті.  Алайда  жігіттен  бұрын 

үйден  дамбалшаң,  көйлекшең,  бойы 

ұзын, мығым келген ақсақал шығып, 

көліктің жанында тұрған  маған жа-

қын  келгенде  мен: «Ассалаумаға-

лайкум!» – деп сəлем бердім де одан 

бұрын  сөйлеп: «Ақсақал,  мұныңыз 

қалай,  есігіңіздің  алдына  жол  соқты 

боп келген қонақпен  сыртқа шығып 

тілдеспей, ертең келіңдер дегеніңіз», 

– дедім. Сонда ол асып-сасқан кейіп-

пен: «Айтқаның  дұрыс,  балам.  Та-

мақтанып  отыр  едім.  Өзің  кім  бо-

ласың? – деді.  Мен  де  ақтала  түсіп: 

«Ақсақал,  менің  жабық  музейді 

көріп,  соншама  алыс  жерден  келіп, 

қысылғаннан айтқан сөзімді кек көр-

меңіз. Сəті түскенде Абай атамыздың 

музейін  көрмек  ойым  болды.  Осы 

оймен  келгенімде  жақсы  болғанда 

сіздей  ақсақалмен  кездескеніме  қуа-

ныштымын. Енді сізге қояр бір сұра-

ғым  бар,  алдымен  соған  жауап  бер-

сеңіз», – дегенімде ол: «Олай болса, 

сендер  сəл  тоса  тұрыңдар,  мен  үйге 

кіріп,  киініп,  музейдің  кілтін  алып 

шығайын», – деп ақсақал аяғын тез-

тез басып үйіне кетті. 

Ақсақал  үйден  шығысымен  ма-

ған  келіп: «Балам,  енді  сұрағыңды 

айт,  сосын  музейге  барайық», – 

деді. Сондағы менің оған айтқаным: 

«Ата,  Абай  атамыз  өз  заманында 

мүмкіндігі  бола  тұра  сонау  ғажап 

көрікті  Шыңғыстауда  тұрмай  мына 

сияқты  сайын  дала  желінің  өтіндегі 

жерді неліктен мекендеді. Соның се-

бебін айтсаңыз?».

Бұл  сұраққа  ол: «Балам,  көресің 

бе,  біз  тұрған  жердің  терістік  пен 

шығыс жақтары созылып жатқан кең 

жазық  екенін.  Мұнда  ұзын  сабақты 

шөп пен сары көде өседі. Қыста жер-

де  нығыздалған  қалың  қар  болмай-

ды.  Оның  себебі:  жауған  қар    қатты 

желдің  үрлеуінен  қаудырап  қалады. 

Кейін  жауған  көбік  қарды  да  жел  

сырғытып  əкетіп  отырады.  Осын-

дай  жұқалаң  келген  ала  қанат  қарда 

(қары бір жерде бар, бір жерде жоқ). 

Тамаққа  деп  қолда  ұстап  отыратын 

ешкі, қой, сиыр, жылқы сияқты мал-

дар  қыс  бойы  үйдің  жанында  тебін 

теуіп  жайылып  жүреді.  Сондықтан 

жазда қолда ұстайтын малдарға қыс-

қа керекті шөп дайындалмайды.  Ал  

Шыңғыстаудың қары қалың болады. 

Бұл  жердің  тағы  бір  қасиеті:  көк  те 

ерте  шығады»,  деп  жауап  қайтарды. 

Осы  əңгімеден  соң  мен  оған: «Ата, 

баяғыда Баянауыл сыртқы дуанының 

аға сұлтаны Мұса Шорманов та Бая-

наула  тауынан 90 шақырым  қашық-

тықтағы  «Ақкелін»  деп  аттталатын 

қыраттың  бауырындағы  жер  бедері 

мен шөптері де  дəл осындай жерде 

алты  бөлмелі  ағаш  үйде  тұрыпты», 

– дегенімде ол: «Япыр-ай, балам-ай, 

сен Баянауылдан екенсің  ғой», – деп 

менің шыққан жерімді біліп қойды. 

Айтпақшы, өткен ғасырдың 60-шы 

жылдары əкейдің нағашысы, суырып 

салма  қарт  ақын  Жолдинов  Жүніс-

бектен (1895-1983 жж.)  Мұса  Шор-

манов  көрікті  Сабындыкөлдің  жа-

нында  тұрмай,  ен  даладағы  Ақкелін 

қыраты  маңындағы  жазықты  мекен 

қылды деп сұрағанымда оның айтқа-

ны да Жидебайдағы ақсақалдың айт-

қанына сабақтас деуге болады. 

Біз  əңгіме  қылған  ақсақалдың 

аты-жөні:  Ниязбек  Əбдіғамұлы  Ал-

дажаров – сол  кездегі  Жидебайдағы 

Абай  музейінің  шырақшысы,  эт-

нограф,  шежіресі,  Абайдың  аталас 

туысы,  бірінші  топтағы  соғыс  мүге-

дегі.  Ниязбек  ақсақал  Шəкəрім  Құ-

дайбердіұлының  жиырмаға  жуық 

əнін  нақышына  келтіріп  орындаған. 

Ниязбек  ақсақалмен  бірге  музейді 

түгел  аралап  көріп,  кейбір  жəдігер-

лер бойынша түсінік алып болғаннан 

кейін  онымен  əр  тақырыпта  аз-маз 

əңгімелескен  едім.  Сондағы  əңгіме-

лердің  арасында  Ниязбек  ақсақалға: 

«Музейдің  бір  бөлмесінің  қабырға-

сында тұрған Абайдың үйінде болған 

белгілі адамдардың суреттері ішінде 

болуы  керектігі  бір  адамның  суреті 

неге  жоқ», – деп  сұрақ  қойғанымда 

ол: «Сол кісінің суретін қолыма түсі-

ре алмай жүрмін», – деді. Сонда мен 

оған: «Амандық  болса,  ол  адамның 

суретін  сізге  Екібастұзға  барғасын 

поштамен  салып  жіберемін», – де-

генімде ол: «Бəрекелді!», – деп бала-

ша  қуанып  қалды.  Ол  адам-екеуміз 

де  оның  атын  атамай-ақ  түсініскен 

Мəшһүр  Жүсіп  Көпеев  бола-тынды. 

Үйге келгесін, қазан айының соңын-

да 1960 жылы  Баянауыл  ауданында-

ғы «Жаңа жол» совхозында тұратын 

Мəшекеңнің  кенже  баласы  Пазыл-

дың қара шаңырағында отырған Нұ-

рилə апайдың маған берген Мəшһүр 

Жүсіп атамыздың көпшілікке белгілі 

үкілі  тақиямен  түскен  фотосуретін 

30х22  сантиметрге  үлкейтіп,  пошта 

арқылы  Жидебайға  салып  жібердім. 

Осы  фотосурет  күні  бүгінге  дейін 

Абайдың  Жидебайдағы  əдеби-мемо-

риалдық музейінің ішінде ілулі тұр.

Əңгімеміздің соңында Ниязбек ақ-

сақал (Алла Тағала оған разы болып, 

иман  берсін)  маған  Абайдың  бақи-

лық болар алдында шығарған төмен-

дегі өлең жолдарын айтқан еді:

«Күнəйім көп Илаһи,

Кешіре гөр мұнымды.

Барар басқа жерім жоқ,

Ұсындым Хаққа мойнымды.

Ата-Анам едің қара жер,

Аша гөр енді қойныңды».

Бұл өлең жолдары əзірге Абайдың 

шығармалар  жинағына  кірмегені 

белгілі.  Осы  өлеңді  аузы  уəлі,  сөзі 

дуалы  Ниязбек  ақсақал  секілді  ина-

батты  адамның  өтірігінен  шыққан 

дей алмаймын.



Серік ЖАҚСЫБАЕВ, 

Екібастұз қаласының

Құрметті азаматы. 

Сапар


Жидебайда болғанда

Әдебиет


 

әлемінде


 

Абай  мен  Мəшһүр  Жүсіп  екеуі  бір-біріне  сырт-

Абай  мен  Мəшһүр  Жүсіп  екеуі  бір-біріне  сырт-

тай  қанық  болса  да  əлі  жүз  көріспеген  бейтаныс 

тай  қанық  болса  да  əлі  жүз  көріспеген  бейтаныс 

кезі екен. 

кезі екен. 

Тобықты  еліне  əдейі  сапарлап  барып,  Мəшһүр 

Тобықты  еліне  əдейі  сапарлап  барып,  Мəшһүр 

Жүсіп  бірер  кісімен  үйге  кіріп  келгенде,  Абай 

Жүсіп  бірер  кісімен  үйге  кіріп  келгенде,  Абай 

əдетінше тосын сауал қойып:

əдетінше тосын сауал қойып:

– Ақымақ басқа адырайған көз бітеді, дуалы ауыз-

– Ақымақ басқа адырайған көз бітеді, дуалы ауыз-

ға  сылдыраған  сөз  бітеді.  Келбетсіз  емес  екенсің. 

ға  сылдыраған  сөз  бітеді.  Келбетсіз  емес  екенсің. 

Құдай қайда? Жұмақ пен тозақ қайда? депті. 

Құдай қайда? Жұмақ пен тозақ қайда? депті. 

Сонда Мəшһүр Жүсіп мүдірмей: 

Сонда Мəшһүр Жүсіп мүдірмей: 

–  Абайдың  құдайы  қайда  екенін  білмеймін. 

–  Абайдың  құдайы  қайда  екенін  білмеймін. 

Менің  құдайым  міне,  жүрегімде  тұр.  Жұмақ  пен 

Менің  құдайым  міне,  жүрегімде  тұр.  Жұмақ  пен 

тозақ əркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса – 

тозақ əркімнің өз үйінде, қатының ақылды болса – 

жұмақ, ақымақ болса – тозақ, дейді.

жұмақ, ақымақ болса – тозақ, дейді.

Абай  қуана:  «Мəшһүр»  десе-дегендей  екенсің», 

Абай  қуана: «Мəшһүр»  десе-дегендей  екенсің», 

деп төрге отырғызыпты.

деп төрге отырғызыпты.

АБАЙДЫҢ МӘШҺҮР 

АБАЙДЫҢ МӘШҺҮР 

ЖҮСІПТІ СЫНАУЫ

ЖҮСІПТІ СЫНАУЫ 

 

Кебеже



 

Бір  үлкен  қалада  Бауыржан  деген  азамат, 

жұбайы  Қарлығаш  екеуі  кəсіпкерлікпен  ай-

налысады,  астарында  шетелдің  автокөлігі 

бар,  ауқатты  тұратын  бір  сөзбен  айтқанда 

«жаңа қазақтар». 

Бауыржанның  əкесі 90-ға  келген  қария. 

Тəукен деген 8-інші сыныпқа баратын бала-

сы бар. Осы төртеуі үстелге асқа отырғанда, 

əлгі  қарт  кісі  қолы  дірілдеп,  алған  кесесін 

ауызына  апарғанша  шайын  төгіп,  кейде  ке-

сесін түсіріп алып қиратып, жан-жағын лас-

тайды екен. Оны сүртіп, жинауға Қарлығаш-

тың  уақыты  жоқ  жəне  жеркенеді.  Бір  күні 

Қарлығаш Бауыржанға тапсырыс береді, сен 

жылжымалы  шымылдық  жасап,  ағаш  тос-

таған сатып əкел. Əкеңді ана есіктің артына 

отырғызып,  шымылдықпен  бөліп,  алдына 

тамақ қойып кетіп отырамыз. 

Бауыржан  тапсырманы  орындап,  Қарлы-

ғаш  атасын  есіктің  артына  отырғызып,  ал-

дына ас қойып, сіздің орныңыз осы, дейді. 

1-2  күн  өткенде  атасының  жан-жағы  лас, 

үймелеген шыбын. Осы қорлықты көріп ата-

сын  аяған  немересі  Тəукен  əке-шешесінің 

қатыгездігіне шыдамай, не істеуім керек, деп 

ойға түседі.

Бір күні ол əке-шешесіне ас дайындап, оны 

əдейі шалдың үстеліне жасайды. Сосын əке-

шешесіне: атамның жанындағы үстелге оты-

райық, деп шақырыпты. Үшеуі шымылдық-

тың ішіне кірсе, əке былығып отыр, шыбын 

быж-быж.  Бауыржан  баласына:  ««Əй,  мына 

жерде қалай тамақ ішеміз»» дегенде, баласы: 

««Папа, мама үйреніңдер, сендер де қартайып 

шал-кемпір  болғанда  мен  де  сендерді  осы-

лай ұстаймын. Машинаның алдыңғы дөңге-

легі қалай жүрсе, соның ізімен артқы дөңге-

легі де жүреді»», депті. Сонда ғана Бауыржан 

мен  Қарлығаш  істеріне  ұялып,  райларынан 

қайтыпты. Бауыржан жылап жіберіп, əкесін 

көтеріп, шомылдырып, жаңа киім кигізіп, өз 

үстеліне əкеліп, Қарлығаш атасын өзі тамақ-

тандырып, мамық төсекке жатқызып, мəпе-

леп күтетін болған екен. Сөйтіп, кішкентай 

Тəукен ата-анасын осылай ақылға келтірген. 



P.S. Осы бір əпсананы оқыған қолында 

қариясы бар, əр отбасы өзінше бір түсінік 

жасайтын шығар. 

Бір мысал



Бір мысал

Атадан озып тұған Үкібайым,

Асыңда ақын болып жыр 

                                        толғаймын.

Он төртіңде бас болып 

                                           ел алдында,

Ағыздың билік айтып 

                                     сөздің майын.

Əділдікті жақтадың 

                                      əрқашанда,

Жөнсіздікке баспадың 

                                         қыстаса да.

Озбырдың аузын жауып 

                                      пəк сөйледің,

Жақыныңа, жатыңа 

                                         жақпасаң да.

Дауға түссе тайсалмас 

                                          биім едің,

Шешендіктен талайды 

                                      жеңіп едің.

Білетін сөз жүйесін тауып 

                                               айтып,

Алдыңа жан салмайтын 

                                            алғыр едің.

Өзіңді қадыр тұтқан 

                                   Шорман болыс,

Айтушы еді шешіміңе 

                                      көптен алғыс.

Тұғырлы тура сөзбен 

                                  билік айтып,

Жібермеуші ең 

             қарсыласқа ешбір намыс.

Атағың Ақбет таудай биік еді,

Шалдырмас шешен 

                            сөздің жүйрігі еді.

Мың жылда қайталанбас 

                                     қайран баба,

Өзіңдей сөз дүлдүлі туар ма еді.

Ел болып еске алып тұр 

                                              өткеніңді,

Бағалап елге сіңген еңбегіңді.

Өмірден өшпейтінің осы 

                                                 емес пе?!

Мəңгілік орнатыпты кесенеңді.

Тəу етіп басыңызға келіп 

                                             тұрмыз,

Ғасырдың үндестігін 

                                     көріп тұрмыз.

Əруағын əрқашанда 

                                 қадыр тұтқан,

Ата-ғұрпын сақтаған 

                                        қазақы елміз.

Қабыкен ƏЛЖАНОВ.

Үкібай би

Арнау


7

29 шiлде, 2016 жыл №31 (10734)

redakciyabayantau@mail.ru

7

29 шiлде, 2016 жыл №31 (10734)

redakciyabayantau@mail.ru

Баянтау


Білім

стаздардың

стазы

Иə,  дəл  осылай.  Талай  ұстазды  тəр-

биелеген аяулы жанның немере шəкірт-

терінің  өзі  зейнеткерлік  жасына  жа-

қындап  қалған.  Осындай  парасат  иесі, 

өмірінің  барлығын  ұстаздық  етуге  ар-

наған,  ұстаздардың  ұстазы,  тұлға  деген 

атқа шын лайық адамдардың бірі де бі-

регейі Күлшат Əбілқайырова дер едім. 

Дүниедегі  мамандық  атаулының 

төресі – ұстаздық. Əсілі, ұстаз бар-

лық  мамандық  иесін  тəрбиелейтін, 

оқытып  үйрететін  мейірімді  абзал 

жан. Ұстаз берген тəрбие əрбір жан-

ның өміріне жол сілтер шамшырақ. 

Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған 

батыр  да,  тілінен  бал  тамған  ақын 

да,  тегеуіріні  темір  балқытқан  жұ-

мысшы  да,  егін  салған  диқан  да, 

мал  бағып  терін  төккен  шопан  да, 

көк күмбезінен əрі өткен ғарышкер 

де  бəрі-бəрі  ұстаздан  білім,  тəлім 

алған.  Сондықтан  ұлағатты  ұстаз-

ға  барша  адам  баласы  құрметпен 

бас  иеді.  Ұстазға  құрмет  көрсету 

–  білімге  құрмет  көрсету.  Білімді 

құрметтемеген,  ұстазын  қадір  тұт-

паған  шəкірттің  ғылымда  нəтиже-

ге  қол  жеткізе  алмайтындығы,  қол 

жеткізсе  де,  тиісінше  кəдеге  асыра 

алмайтындығы қасиетті Құранда да 

жазылған.  Тарихта  ақыл-парасаты 

мол тұлғалардың көпшілігі ұстазы-

на  ерекше  құрметпен  қарап,  əрда-

йым бір ізетпен еске алғаны мəлім. 

Айталық,  Ескендір  Зұлқарнайын 

 Аристотельді, Абылай хан – Төле 



биді,  Шəкəрім  –  Абайды,  Бердақ - 

Күнқожаны,  Жамбыл  –  Сүйінбай-

ды  өзіне  ақылшы  əрі  ұстаз  тұтқан. 

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» 

дегендей,  олар  өздерінің  өмірде 

бағындырған зор асуларына ұстаз-

дарының сіңірген еңбегі көп екенін 

жақсы  түсінген.  Ал  баянауылдық 

азаматтардың  біразын  білім  нəрі-

мен  сусындатып,  қанаттандырған 

ұстаз  Күлшат  Əбілқайырова  бұр-

нағы  күні 93 жасқа  толды.  Құтты 

болсын, аяулы ұстаз!

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден  балаға, – деген  ұлы 

Абай сөзін өзінің өмірлік қағидасы 

еткен  Күлшат  Əбілқайырова  ұс-

таздық қасиетке барынша адалдық 

танытып, бар саналы ғұмырын осы 

салаға  арнаған.  Жүйрік  уақыттың 

ұшқыр қанаты ұстазды тоқсанның 

төсіне алып жетіпті. Ауыртпалығы 

мен жақсылығы қатар жүретін өмір 

өрісінде  абыроймен  қызмет  етіп, 

əр  оқушыны  қанаттыға  қақтыр-

май, тұмсықтыға шоқтырмай, қия-

ға самғатып, білімді де мəдениетті 

азаматтар етіп қатарға қосты. 

«Адамның  ең  қымбаттысы – 

өмірі.  Ол  адамға  бір-ақ  рет  бері-

леді.  Сондықтан  оны  «Қайран 

босқа  өткен  жылдарым-ай»  деп 

өкінбейтіндей, «барлық  күш-қуа-

тын  дүниедегі  ең  тамаша  іске, 

адам  баласын  азат  ету  жолында-

ғы  күреске  жұмсайтындай»  етіп 

өткізу  керек» – дейді  орыс  ға-

лымы  Н.А.Островский.  Күлшат 

Əбілқайырова 1923 жылдың 27 

шілдеде  Омбы  облысына  қарасты 

Озов  ауданында  дүниеге  келген. 

Омбы педагогикалық училищесін-

де 1940-41 жылдары  білім  алады. 

Жастық шағы сұрапыл сұм соғыс-

қа  дəл  келген  Күлшат  анамыз  бұл 

өмірге  бей-жай  қарамай,  бар  мен 

жоқтың  қадірін  біліп  еңбек  етті. 

Еңбек жолын училищені тəмамда-

ғаннан  соң  туған  жерінде  бастай-

ды. 1946 жылы  Талғат  Енсебаев 

деген азаматпен шаңырақ көтеріп, 

жолдасының туған жері Баянауыл-

ға көшіп келеді. Осылайша Күлшат 

ұстаздың  ұстаздық  жолы  Баянау-

ла  елінде  жалғасады.  Баянауыл 

орталығындағы  қазақ  мектебіне 

жұмысқа  алынып,  зейнеткерлікке 

дейін  бір  орында  тапжылмай  қыз-

мет етеді. Адамның жасы, өмірдегі 

орны оның атқарған еңбегімен өл-

шеніп,  бағаланады.  Күлшат  ұстаз-

дың  алдынан  түлеп  ұшқан  шəкірт-

тер берген сапалы білім мен саналы 

тəрбиелерінің  арқасында  еліміздің 

түкпір-түкпірінде,  сондай-ақ,  туған 

өңірде  мемлекетіміздің  өсіп-өркен-

деуі  жолында  аянбай  қызмет  етуде. 

Ол  кісі  кейін  Семей  қаласындағы 

педагогикалық институтқа қазақ тілі 

мен  əдебиеті  мамандығы  бойынша 

сырттай оқуға түседі. 60-шы жылда-

ры адал еңбегінің арқасында «КСРО 

ағарту ісінің үздігі» медалімен мара-

патталады.  Күлшат  Темірғалиқызы 

шəкірттеріне  өлместің  емес – өш-

пестің,  құлқынның  емес – құнды-

лықтың  күйін  күйттеуге  үйретті. 

Шəкірттеріне  аса  мейірімді,  сөзіне 

берік,  шыншыл  мінезді,  жүрегі  ба-

тыр,  өнегесі  асыл,  жаны  жомарт, 

пейілі дархан, ерен еңбекшіл, байла-

мы берік, ойы өткір ұстаз бола білді. 

Ұғымы ұшар биікпен пара-пар ұстаз 

тұлғалық  табиғатын  шəкірт  есінде 

мəңгілік қалдырды. Өзінің бойында-

ғы бар аналық, ұстаздық мейірімін, 

білімін,  тəжірибесін  алдындағы 

шəкірттеріне беріп, олардың рухани 

дүниесін байытты, өмірде неғұрлым 

адаспай,  дұрыс  жолмен  жүруге  да-

йындады. 

Президентіміз  Нұрсұлтан  Назар-

баев  дəстүрлі  Жолдауында: «Бəсе-

кеге  қабілетті  дамыған  мемлекет 

болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоға-

ры  елге  айналуымыз  керек.  Қазіргі 

əлемде  жай  ғана  жаппай  сауатты-

лық  жеткіліксіз  болып  қалғалы  қа-

шан.  Біздің  азаматтарымыз  үнемі 

ең  озық  жабдықтармен  жəне  ең  за-

манауи  өндірістерде  жұмыс  жасау 

машығын  меңгеруге  дайын  болуға 

тиіс.  Сондай-ақ  балаларымыздың, 

жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың 

функционалдық  сауаттылығына  да 

зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз 

қазіргі  заманға  бейімделген  болуы 

үшін бұл аса маңызды» деген бола-

тын.

Жасы 90-нан асса да алдына кел-



ген əр шəкіртіне өмір сүрудің мəнін 

ұғындырып,  оның  қыр-сырын  аша-

тын, адамдардың дүниелік түсінігін 

тереңдететін сүбелі əңгіме өрбіте бі-

летін Күлшат Əбілқайыроваға деген 

сый-құрмет ерекше.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал