Сөз өнерін меңгеру – болашақ журналистер үшін басты міндет



жүктеу 29.27 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі29.27 Kb.

Сөз өнерін меңгеру – болашақ журналистер үшін басты міндет 

 

        Бүгінгі БАҚ-ның тіл тазалығы қандай дәрежеде? Бұл сауал зиялы қауым мен зерттеуші 



ғалымдарымызды көптен бері толғандырып келе жатқан мәселе. 

        Кез-келген елдің сөйлеу (тіл) мәдениетінің ажарлы, айшықты, шұрайлы болуы сол халықтың жазу-

сызу өнерімен яғни әдебиеті, баспасөзімен тікелей байланысты. 

        Бұл мәселе өткен XX ғасырда да өзекті проблема ретінде ұлт тілінің жанашырларын үнемі 

толғандырып отырған. Белгілі ғалым Әсет Болғанбаев «Тіл және шеберлік» атты мақаласында Ана 

тіліне деген журналист жауапкершілігі туралы төмендегідей толғамды ойлар айтқан: 

         «Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді деген. Әрбір көз ашып дүниеге келген нәрестенің 

бойындағы барлық жақсы қасиеті анадан тараған. Ана мен тіл  бөлінбес бір дүние. Мұны бөліп-жарып

ажыратып қарауға еш болмайды. Ана тілі - өлмес мұра, жоғалмас асыл мүлік. Әр ұрпақ өз ана тілін 

байытып, жетілдіріп бірден-бірге мирас етіп қалдыру – бәрімізге ортақ парыз. Әр адамның ана тіліне 

деген қамқорлығы, жанашырлығы, қосқан үлесі, тигізер пайдасы күнделікті сөйлеген өз сөзіне, жазған 

төл туындысына соншалықты жауапты да ұқыпты қараудан басталады. Демек, әр адам жөргегінен 

үйренген тілге өле-өлгенше жауапты деген сөз. 

        Бұл тіл бүгінде сөз байлығы молайған, құрылым-құрылысы жүйеленген, жазу ережелері орныққан, 

стильдік тармақтары сараланып жетілген, ауызша да, жазбаша түрде де жалпыға бірдей қызмет ететін 

ұлттық жазба әдеби тіл деген сипат алып отыр. Демек, бұдан былай өз ана тілімізді қалай пайдаланып

қалай дамытамыз десек, бізде барлық мүмкіндіктер жасалған. Бұл ретте журналистер қауымына түсер 

ауыр салмақ, артылар аманат ерекше болмақ.». 

        Өткен ғасырдың  80- жылдары айтылған бұл пікірдің көкейкестілігі XXI- ғасырдың алғашқы он 

жылдығында да өз қуатын жоғалтпағандығын уақыт көрсетіп отыр. Журналистер қауымына түсер 

«ауыр салмақ» пен артылар «аманатқа» бүгінгі Б.А.Қ өкілдері лайықты қызмет атқрып жүр ме? 

        Міне, мәселенің негізгі мәнісін де осы сұрақ  төңірегінде өрбітіп, сараласақ шешімі күрделі біраз 

жайттарға қанығарымыз анық. 

        Біріншіден, ел тәуелсіздігімен бірге келген сөз бостандығы, ой еркіндігі республикамыздағы Б.А.Қ-

ы санының күрт өсуіне алып келді. 

Әрине, кешегі кеңестік дәуірдегі санаулы газет-журнал, теле-радионың саны өсіп, бұқара халықтың 

рухани қажеттілігін өтеп жатса, оны неге қолдамасқа? Бірақ бір өкініштісі Б.А.Қ-ы саны өскенімен 

сапасының тым құлдырап кетуі еді. Ұлттық журналистика мамандарын даярлайтын бірден-бір оқу орны 

ҚазМҰУ-дың түлектері бүкіл республика көлемін қамтып, жұмыс істеуіне сандық тұрғыдан да 

әлеуметтік-тұрмыстық  себептерден де дәл сол уақытта мүмкіншілігі болмады. Әр облыс, қала мен 

шағын кенттерде ашылған ақпарат көздерінде журналистикадан хабары жоқ басқа маман иелері 

жұмысқа қабылданып жатты. Бұл мамандардың көпшілігі ұлттық тілдің уызына жарымаған, әдебиет пен 

өнерден мақұрым нағыз «асфальтта» өскен азаматтар еді. Сол мамандардың журналистикаға бойлары 

үйренгені соншалық, қазір кейбіреулері жетекшілік яғни редакторлық, директорлық қызметтерге дейін 

өсіп көтеріліп алған. Міне, сапаның күрт төмендеуінің басты себептерінің бірі осы. 

Екіншіден кешегі кеңестік дәуірдегі ұлттық тілдің өгейлікке ұшырап келуі де, ана тіліміздің белгілі 

дәрежеде өркендеуіне тосқауыл болды. 

        Дей тұрсақта, сол дәуірдің студенттері яғни ауылдан келген жастар жоғары оқу орындарына мол 

қазынамен келетін. Ол қазыналары қазақ әдебиетін яғни көркем шығармалардан, ауыз әдебиеті 

үлгілерінен мол хабардар болатын. Ал, ол дегенініңіз тіл байлығының, мәдениетті сөйлеп, жүйелі 

ойлаудың негізгі қайнар көзі еді. Біз қазіргі кезде сол қазынадан да айырылып қалдық. 

Бұлай деп пікір айтуыма төмендегідей мәселелер себеп болып отыр. Өз басым жоғары оқу орнында 

болашақ журналист мамандарды оқытып келе жатқаныма он екі жылдың жүзі болды. Әсіресе, 

«Журналистің сөйлеу мәдениеті», «Б.А.Қ-тың тілі, стилі» сияқты пәндерден дәріс бере жүріп көзімнің 

анық жеткендігі қазіргі студенттердің тілінің өте жұтаңдығы. Тіл байлығының жұтаңдығы, сөздік 

қордың тұрмыстық  деңгейден аса алмауы, болашақ журналистер үшін аса үлкен қауіп. Тіл жөнінде 

жоғарыда айтқан санаға түсер салмақ пен арға артар аманатты осы деңгейдегі жастарымыз болашақта 

қалай алып жүрмек?! 

        Тағыда сол тіл жанашыры, көрнекті ғалым Ә. Болғанбаевтың пікіріне жүгініп көрелік: 

«Журналист еңбегінің қыр сыры өте көп, оларға қойылар талап пен талғам да жеткілікті. Біз солардың 

ішіндегі бір ғана мәселені – насихат құралының тілі мен стилін, жазу мәдениетін көтеруді сөз 

етпекшіміз. Ана тіліне деген журналистің жауапкершілігі – бүгінгі әдеби тілдің зор мүддесінен тумақ. 

Бүгінгі әдеби тіл – жетілген, есейген білімдар қауымның қатынас құралы екендігі даусыз. Сондықтан 

қазіргі оқырмандардың тіл мен стильге деген мұқтаждығы да анағұрлым арта түспек. Ол да заман 



талабына сай бүршік атып, көктеп гүлденуі керек, өркен жайып, мәуелеп өсуі қажет. Әрбір жазылған 

мақаладағы айтылмақ ойдың қалай баяндалуына, оның сұлу сөзбен бейнеленген мәдениетіне қатты 

көңіл бөлінбек.» 

        Әр халықтың тілі, сол халықпен бірге жасап, әлеуметтік-тұрмыстық, қоғамдық-саяси жағдайларға 

бейімделіп дамып, өсіп, жаңарып отыруы табиғи заңдылық. Тілдің тоқырауы, ұлттық сана, ой сезімнің 

күйреуіне алып келеді. Бүгінгі Б.А.Қ-да істейтін көптеген журналистердің «орысша ойлап, қазақша 

сөйлеуі» жақсы нышан емес. Бұл көрініс әсіресе өздерін тәуелсіз арна,комерциялық баспасөз санайтын 

ақпарат салаларында жиі байқалады. 

        Айтылған проблемалардың  алдын алудың негізгі шарты тағыда ақпарат көздерінде қызмет істейтін 

мамандардың сөйлеу, жазу тілдерінің мейлінше сапалы болуына келіп саяды. Журналист өзі үшін 

сөйлеп (жазып) немесе өзі үшін толғанбайды. Оның аузынан айтылған, қаламымен жазылған туынды 

бұқара халықтың рухани қажеттілігін өтейтіндігін естен шығармағанымыз абзал. 

         «Газет - әдеби тілдің бірінші баспалдағы. Барлық өнегелілік пен шеберліктің шыңдалып, таралатын 

жері де осы. Сондықтан осы баспалдақтың тазалығын сақтау үшін журналистер қауымы қажымай-

талмай тынымсыз еңбек ете білулері керек. Әрбір сөзге екі шоқып, бір қарауға машықтану қажет. 

Қасиетті ана тіліне немқұрайды қарап, бейберекет қылуға ешкімге право берілмеген.» 

Осылай деп ой толғаған тілші –ғалымдар пікіріне жүгіне отырып, қазіргі Б.А.Қ-дағы тіл (сөз) 

мәдениетін қалыптастыруда төменлегідей мәселелерді ескерген жөн. 

        Бірінші, журналистика мамандығын қалаушы жас талапкерлерді оқуға қабылдау барысында 

олардың жазу шеберлігі мен сөйлеу мәдениетіне барынша назар аудару қажет. (Бұл жерде шығарма 

жаздырып, газет бетіне жарияланған бірді-екілі мақаласына қарап, болашағынан «зор үміт» күтудің 

қажеті жоқ. Шығарманың мазмұны мен қатар тілдік- стильдік ерекшелігіне баса назар аудара отырып, 

талапкердің сөздік қор, тіл байлығына тереңірек мән берілуі керек.) 

        Екіншіден, кейінгі кездері журналистика мамандығын даярлау барысында мемлекеттік стандартта 

көрсетілмеген деген желеумен оқу бағдарламасынан алынып тасталған «Журналистің сөйлеу 

мәдениеті», «Шеберлікке баулу», «Мамандандыру» сияқты тағыда тілге, стильге, сөйлеу, жазу 

шеберліктеріне қатысты пәндерді толықтырып, қайта кіргізу қажет. (Себебі бұрындары «Радиохабарлар 

тіл стилі», «Телехабарлар тіл стилі», «Мерзімді баспасөз тіл стилі» жеке-жеке пән ретінде өткізілетін. 

Бұлай өткізу болашақ журналистке БАҚ-тың әр саласы бойынша, еркін дайындалып, аталмыш 

мамандықтың өзндік ерекшеліктеріне сай сөйлеу, жазу машықтарын меңгеруіне кең мүмкіндіктер 

беретін.) 

        Үшіншіден, арнаулы орта мектептерде 10-11 сынып оқушыларын журналистік мамандыққа 

баулитын факультативтер ашылса.(Бұл әрине біраз мектептерде бар болғанымен, тұтастай дәстүрге 

айналған жоқ. Өйткені журналистика әліппесімен мектеп қабырғасында жүріп танысқан талапкерлерлің 

мамандықты игеру барысында көп қинала қоймайтыны белгілі.) 

        Ұлттық журналистика мамандарын даярлау барысында біршама тәжірибиеларді байқай отырып көз 

жеткізген анық бір мәселе жас талапкердің сөйлеу (жазу) мәдениеті отбасы, балабақша, мектептен 

қалыптасып, дамып, жетілетіндігі. Бай ауыз әдебиетіміздің інжу-маржандары аңыз-әфсана, ертегі-

әңгіме, жыр-дастандарымен сусындап өскен жеткіншектің көкірегі күмбірлеп, сөз әлемінде қиналмай 

еркін қанат қағатындығы. Әйтпесе, қазіргі алмағайып заманда кекілі күнге күймей, табаны жерге тимей 

тас еденде ойнап өскен ұрпақтың сөзі де, ойы да жұтаң болатындығын уақыт көрсетіп отыр. 

 

Пайдаланылған дерек көздері: 



 

1.

 



«Өнер алды қызыл тіл» Алматы. «Жазушы» 1986. 

2.

 



Х. Нұрмұқанов «Сөз және шеберлік» Алматы 1987. 

3.

 



«Жазушы және сөз мәдениеті» Алматы 1983. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал