СӨз бедерлеудің ҚҰралдары (БАҚ негізінде)



жүктеу 61.4 Kb.

Дата23.02.2017
өлшемі61.4 Kb.

WWW.ENU.KZ

 

 



 

СӨЗ БЕДЕРЛЕУДІҢ ҚҰРАЛДАРЫ  

(БАҚ негізінде) 

                                           



Тоқмахан Ф.Ш.  

3-курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Ж.Қ. Өмірбекова 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы 

                                            

  Қазақ  ұлтының  тілі  -  тарихы  мен  бүгіні  және  болашағы  бар  ұлттық 

құнды  қазына.  Ұлтсыз  тіл  жоқ,  тілсіз  сол  тілде  сӛйлейтін,  сол  тілді 

дамытатын, динамикалық прогресске ӛсіретін  халық жоқ. Осы себепті қазақ 

халқының  тағдыры  да  қазақ  тілімен  тікелей  байланысты.  Осы  кезекте 

тӛртінші  билік  кӛзі  болып  табылатын  бүгінгі  таңда  ең  үлкен  сұранысқа  ие, 

ӛзекті  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  алатын  орны  ерекше.  Кез  келген 

ұлттың  тілі,  жағдайы,  әлеуметтегі  ӛзгерісі  сол  ұлттың  бұқаралық  ақпарат 

құралдары,  соның  ішінде  телехабарлардан,  газет-журналдар  тілінен  кӛрініс 

табады. Ал телехабарлар тілі  -  кӛпшілік кӛрермен қауымға бағытталған, ой-

санасына  негізделген  ауызша  әдеби  сӛйлеу  тілі.  Қоғамның  жан-жақты 

дамуымен  бірге  тілдің  сӛздік  қоры  мен  жиынтығы,  сонымен  бірге 

структуралық құрамы да арта түсуде. Академик Мұхтар Әуезовтің айтқанына 

назар аударар болсақ: "Халық арасында небір жаңа сӛз, жаңа терминдер туып 

жатады, бұл - табиғи процесс. Солардың шала туғандары ӛліп, мезгілін біліп 

туғандары қанаттанып, азаматтық сӛздер қатарына қосылады. Құдайға шүкір, 

сӛздік  қоры  жағынан  қазақ  тілі  ешкімнен  де  кедей  де  кем  де  емес, 

әдебиетіміздің қаулап ӛсуінің бір себебі осында жатқан сияқты", [1]. Ауызша 

сӛйлеу  тіліне  негізделген  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  тілдік  дамуға 

тигізер  әсері  мен  септігі  зор  екендігі  туралы  пайымдалып  тұрғаны  мәлім. 

Себебі, тіл  -  тарихи құбылыс, ол әрбір  кезеңдерде ӛзіндік сипатта қолданыс 

табады.  Бұқаралық  ақпаратта  тіл  мезгіл  сайын  ӛзгеріске,  жаңашылдыққа 

ұшырайды. Телехабарлар тілін, оның стильдік ерекшеліктерін зерттеу бүгінгі 

таңда ӛзекті мәселе болып отыр.                                                                 

Қазақ  тілі  білімінде  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  ішінде  баспасӛз, 

радио  тілі,  телехабарлар  тіліне  біршама  зерттеу  жұмыстары  жүргізілуде. 

Телехабарлар  тіліне,  олардың  стильдік  ерекшеліктеріне  қатысты  ойлар 

айтылғанымен,  бірізді  зерттеулердің  арасында  академик  М.Серғалиевтің 

1994  жылы  "Халық  кеңесі",  ""Егемен  Қазақстан",  "Ана  тілі"  сияқты 

басылымдарда  жарияланған  "Кӛгілдір  экраннан  айтылар  сӛз  немесе  осы 

тӛңіректегі  кейбір  ойлар",  "Ой  мен  сӛздің  жарасымы  немесе  телехабарлар 

тіліндегі кейбір кемшіліктер туралы", "Радио және телехабарлар тілі туралы" 

сияқты мақалаларынан бастау алады. Кейіннен 1999 жылы "Мемлекеттік тіл: 

терминология  іс  қағаздары  мен  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  тілі" 

жинағында  жарық  кӛрген  "Хабар  бағдарламасының  стилі  мен  тілі  туралы" 

атты  мақаласы  және  2004  жылы  ғалым  М.Балақаевпен  бірігіп  шығарған 


WWW.ENU.KZ

 

 



"Қазақ  тілінің  мәдениеті"  атты  оқулығы  толықтырылып  жарық  кӛрді.  Бұл 

ғылыми  еңбектерде  қазақ  тілінің  телехабарларды  яки  бұқаралық  ақпарат 

құралдарындағы 

жалпы 


тіл 

мәдениетіне, 

эстетикасына, 

этикалық 

қағидаттарына,  сӛз  бедерлеудің  құралдарына,  сӛздердің  қолданылу 

заңдылықтары мен ерекшеліктері туралы айтып, пікірлерін білдірген.  

  Бұқаралық  ақпарат  құралдарында  негізгі  хабар  беруші,  тілдік 

қатынасқа  түсуші  телехабар  жүргізушілері.  Ондағы  журналистердің  сӛйлеу 

мәнері,  сӛйлеу  дағдысы,  сӛз  қолдану  лексикасы  ең  әуелгі  басты  орында 

болады.  Журналист  белгілі  бір  контекстегі  мәтінді  оқу  барысында  сӛздің 

мәнін, мағынасын ашу үшін үтір, нүкте, қос нүкте, нүктелі үтір, сұрақ белгісі, 

леп  белгісі  арқылы  сӛздің  эмоционалды-экспрессивті  болуын  қамтамасыз 

етеді. Осы жазуда қолданылатын белгілерді ауызша жандандырады. Осыдан 

ақпарат  жеткізуші  журналисттің  сӛйлеудегі  логикалық  екпіні,  темп 

(қарқыны),  негізгі  тоны,  пауза  (кідіріс),  мелодика  (әуезділігі),  ритм  (ырғақ) 

сияқты  біршама  интонациялық  компоненттерінің  септігімен  орындалып 

отыратыны  мәлім.  Ақпарат  таратушы  журналист  ақпарат  қабылдаушыны 

ӛзінің  дауыс  ырғағымен,  саздылығымен,  әуезділігімен,  табиғи  мәнерімен 

баули  білуі  қажет.  Бұл  кӛпшілік  кӛрермен  қауымға  әсер  етуші  фактордың 

негізгі  аспектісі.  Ғалым  М.Балақаев:  "Тіл  мәдениеті  дегеніміз  -  сӛйлеудегі, 

жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар ойлылық, сӛзді дәл 

айту  шеберлігі,  сӛйлеу  ӛнеріне  шыныққандық,  сауаттылық"-,  [2]  деп  атап 

кӛрсетеді.  

  Академик  М.  Серғалиев  тележурналистердің  ауызша  сӛйлеудегі  дауыс 

мәнеріне  ерекше  назар  аударған.  Журналистер  ақпарат  беруде  тыңдарман 

қауымның  интенциясын  яки  тыңдауға,  қабылдауға  деген  құштарлық-

құлшынысын,  ниетін  арттыру  ең  маңызды  аспект  деп  таныған.  Себебі, 

адамның  танымында  акустика  мен  артикуляция  феномендері  тікелей  тілге 

сайып келетіні анық. Ғалым: "Орфография мен орфоэпияның заңдылықтарын 

сақтау  сауатты  жазу  және  дұрыс  сӛйлеу  мәдениеттілігінің  кӛрінісі  болып 

табылады",-дейді.  Кӛпшілік  алдында  ақпарат  беруде  нақты  қалыптасқан 

жүйенің,  нормативті  норманың  болуы  негізгі  принцип  ретінде  қарау. 

Тұрмыс-тіршіліктегі,  ауызекі  сӛйлеудегі,  қарым-қатынастағы  жалпы 

айтқанда  коммуникациядағы  сӛйлеу  не  дыбысталу  ерекшеліктерін  қалыпты 

межеден ауытқып кетпеуі, сауатты әрі әдеби сӛйлей білуі шарт деп есептеді. 

Ғалым  дұрыс  сӛйлеуге  бағыт-бағдар  беретін  бүгінгі  қоғамда  аса  актуальды 

қажеттілік туғызатын құралдың бірі орфоэпиялық сӛздік құрастыру мәселесі 

болып  отырғаны  туралы  сӛз  етеді.  Осы  ретте  Серғалиев:  "Радио  мен 

теледикторларға, коментаторларға, жалпы эфир арқылы ақпарат берушілерге 

арналған орфоэпиялық сӛздік жасаудың кезі келді. Ондай сӛздікті бір немесе 

екі  автордың  құрастыруы,  тіптен  жеткіліксіз,  ӛйткені  мұндай  сӛздік  қазақ 

сӛздерін  түгел  қамтымаса  да,  басым  кӛпшілігін  жинауға  тиіс;  оның  үстіне 

жаңадан  пайда  болып  жатқан  сӛздердің  енгізілуі  жӛн;  мыңдаған  жер-су 

атаулары,  ел,  мемлекет  аттары  сӛздіктен  сырт  қалмағаны  жӛн"  -  дейді.  [3]. 

Ғалым қазақ тілінің әдеби тіл нормасының дұрыс қолданылуын, жарасымын, 


WWW.ENU.KZ

 

 



тазалығын,  кӛркемділігін,  мәнерлілігін,  мәдениетін басты  кӛрсеткіш  ретінде 

бағалаған.  

  Ендігі  кезекте  біздер  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  ішіндегі 

маңызды  сӛз  бедерлеудің  құралы  мол  ұшырасатын  баспасӛз  тілінің 

мәдениетіне  кезек  береміз.  Ұлттық  баспасӛз  тілінің  даму  мерзімі  бірден 

туып,  сараланып,  екшеленіп  белгілі  бір  қалыпта  қалыптасып  кеткені  аян. 

Баспасӛз тілінің дамуы,  қоғамда орын алуы  халықтағы ұлттық тілдегі газет-

журналдардың  шыға  бастауымен  тікелей  байланыс  тапты.  Уақыт  ӛте  келе 

халық та, ондағы әдеби тілде нормативтік құндылықтарға ие бола бастады.  

  ХІХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  кітаби  тіл 

нормасына енбейтін, жалпы әдеби тіл нормасына жатпайтын, ауызекі сӛйлеу 

тілінің  негізінде  орын  алатын  элизиялық  феномендер  біршама  дәрежеде 

кӛрініс  тапты.  Осыған  байланысты  баспасӛз  тілінің  даму,  шарықтау 

кезеңінде  осы  процестерді  тану  барсында  тілдің  лексикалық  жиынтығы  мен 

структурасы,  сӛз  тудыру  мен  түрлендірудегі  грамматикалық  құрылысының 

дамуы сынды ақпарат кӛзі болып саналатын баспасӛз тілімен тікелей қатысы, 

байланысы бар мәселелерді сыртқары қалдыруға болмас. 

  Орыс ғалымы Р.А.Будагов: "Белгілі бір кезеңде белгілі бір тілдегі жеке 

сӛздердің, мейлі олар бір сӛз табына жатсын, даму бағыты сол тілдің жалпы 

алғанда түгел сӛздің құрамының даму бағытын айқындай алады", - [4] демек 

публицистикалық  шығарма  тілі  лексикасының  құрамы  бағзыдан  бері 

қолданыс тауып келе жатқан сӛздермен ғана шектеліп қана қоймай, уақыт не 

заман  талабына  сай  жаңа  сӛздермен  де  толықсып,  ӛз  қатарына  жаңартып 

отырады.  Жаңару  және  толығу  нәтижесінде  қазақ  тілінің  әдеби  тілі  дами 

түседі.  Тілдік  диалектикалық  даму  нәтижесін  ақпарат  құралының  алдыңғы 

шебінде  тұрған  баспасӛз  тілінен  анық  кӛре  аламыз.  Жеке  сӛздердің  дамуы 

арқылы жалпы тілдік сӛздік құрамының дамуын анықтай алуға мүмкіндіктің 

барын сӛз етеді. 

  Баспасӛз  тілінде  қолданыс  табатын  байырғы  сӛздердің  ӛзіндік 

ерекшеліктері  бар.  Олар  бұрыңғы  лексемалық  мағыналарының  үстіне  жаңа 

мағыналық  реңк  үстейді,  және  мұндай  қолданыс  шеңбері  бүгінгі  күнде 

кеңейе  түскен.  Олардың  негізгі,  субстантивті  бастапқы  мағынасы 

ӛзгермегенімен, баспасӛз тілінде қызметі артып, жаңа тіркес ретінде танылып 

жүр. Бұл әдеби тілдің дамуына ӛз үлесін қосады. Бүгінгі кӛгілдір экран мен 

тӛрт беттік рухани мәдениетін ӛтеуге бет бұрған заманда бұқаралық ақпарат 

құралдарының аясы кеңейді. Ӛмірдің, заманның қағидасы адамзатты осыған 

бейімдеуде.  Газет-журнал  әдеби  тіл  нормасындағы  әдеби  тілдің  негізгі 

кӛрсеткіші,  басты  ақпарат  алу  факторы  болып  саналады.    Тіл  мәдениетінің 

қарастыратын аспектісі тілдің нормативті қолданыс табуы.  

  Тіл  мен  баспасӛз  –  егіз  ұғым.  Қоғамдық-саяси  мәдени  дүниемізде 

болып  жатқан,  ӛзгеріс  тауып  жатқан  ақпараттар  тіл  арқылы  баспасӛз 

беттерінде кӛрініс табады. Кез келген ұлттың синхронды  тіл білімін зерттеу 

үшін  алдымен  оның  мерзімді  баспасӛзіне  назар  аударамыз.  Зерттеу 

барысында  баспасӛз  тілінің  ішкі  структуралық  құрылымы,  фонетикалық, 



WWW.ENU.KZ

 

 



морфологиялық,  сӛзжасамдық,  синтаксистік  ерекшеліктерінен  гӛрі,  оның 

ішкі  мағыналық  құрамына  яки  лексикалық  қорына,  сӛз  байлығына, 

кӛркемдігіне,  бейнелілігіне  ең  басты  назар  салады.  Себебі,  баспасӛз  тілінің 

бар мән жайы осында аңғарылады.  

  Ғалым  Р.Сыздықова  қазақ  тіл  біліміндегі  баспасӛз  материалдарында 

шыққан  жаңа  сӛз,  жаңа  қолданыстарды  тіркеп  сӛздік  етіп  шығару  1985 

жылдан  бастау  алғанын  атап  ӛтеді.  Қазақ  баспасӛзінде  глобализация-

жаһандасу,  жаһандану,  ғаламдасу-ғаламдану  сынды  жарыса  қолданылып 

жүрген  жаңа  сӛздер  және  сӛз  қолданыстар  сүзгіден  ӛтіп,  екшеленіп  бір 

қалыпты сарынға түсуі керек екендігін сӛз етеді.  

  Тіл  мәдениеті  мен  тіл  тазалығын  сақтауға  аса  кедергі  туғызатын  бір 

жайт  бар.  Ол  бүгінгі  күні  заман  мен  уақыттың  талабына  сай  терминдердің 

баламасын  тауып  жүрген  терминдердің  жайы  болмақ.  Терминологияны 

дұрыс әрі тиімді,  нақты етіп қолдану  ол әдеби тіл нормасының қалыпты әрі 

прогресінің  даму  үдерісін  кӛрсетеді.  Тілдегі  ең  негізгі  мақсаты  -  тілдің 

ұлттық құндылығы мен ӛз табиғатын сақтап қалу. Мүддеміз – сол мәдениетті 

дамыту үшін, шарықтау шегіне жеткізу үшін күресу. Ескерте кететіні негізгі 

жайт  тіл  мәдениетін,  эстетикасын  үйрететін  баспасӛз  тілі,  газет-журнал  тілі 

екенін естен шығармаған абзал.  

Ғалым  Р.Сыздықованың  кӛрсетуінше,  «...ғылыми  –  техникалық, 

шаруашылық,  экономикалық,  мәдениет  салалардың  терминологиясын  жасап 

қалыптастыруда,  кейбір  морфологиялық  дублет  тұлғалардың  бір  вариантын 

әдеби  деп  ұсынуда  және  тағы  басқа  тұстарда  баспасӛз  тілі  жетекшілік 

атқарған  болатын»-,  [5]  деп,  қазақ  баспасӛзі  газеттік  стиль,  стильдік 

тармақтардың  ішінде  демеуші  стиль  болып  келетіні  туралы  осылайша  ой 

ӛрбиді.  

Қазақ  баспасӛзінің  алдыңғы  шепте  тұрған  журналы  «Айқап»  журналы 

қазақ  халқының  әдеби  жазба  әдебиетін,  оның  негізгі  жақсы  дәстүрлерін  әрі 

қарай  дамытуы  оның  терминологиялық  лексикасын  жасауда  орасан  қызмет 

атқарады.  ХІХ  ғасырдағы  баспасӛз  тілінің  әсері  жалпы  публицистика 

саласына  кӛптеген  терминдердің  грамматикалық  бірліктер  тұрақтала 

бастады.  Елімізде  болып  жатқан  саяси-экономикалық,  қоғамдық,  әлеуметтік 

ӛзгерістерге  байланысты  біршама  жаңа  атаулар  енгізілді.  Мысалы:  газет-



журнал,  мектеп-медресе,  низам-бұйрық,  сынақ-тәжірибие,  заң-закон,  жол-

жоспар деген сынды қос сӛздер қолданысқа ие бола бастады.  

Мерзімді  баспасӛз  тілінде  күнделікті,  тұрақты  қоданысқа  ие  болып 

отырған  сӛздердің біршамасы  кірме  сӛздердің  ішіндегі,  ең  үлкен  орасан  зор 

орын алатын бір тармағы орыс тілінен енген немесе орыс тілі септігі арқылы 

ӛзге  тілдерден  енген  сӛздер  санаты  болып  табылады.  Мұндай  сӛздердің 

қатарының болуы қазақ халқының орыс ұлтымен қатынас жасау, сӛз алмасу, 

сӛз  ауысу  процесі  ежелден  бері  бастау  алғаны  мәлім.  Мысалы,  оқу-ағарту 

ақпарат  кӛздері,  ғылым  мен  техника,  саясат  пен  мәдениет  істеріне 

байланысты студент, школ, микроскоп, интернет, доктор, музыка, журнал, 

газет,  радио,  электр  тағы  басқа  сынды  сӛздерді  алуға  болады.  Ел  басқару, 


WWW.ENU.KZ

 

 



әкімшілік ісіне байланысты туған облыс, член, комиссия, министр, депутат, 

советник,  начальник  т.б.  ресми  мәні  сақталған,  қолдану  аясы  бар  деп 

танылған сӛздерді жатқызуға болады. 

Қорыта  келе,  адамзат  тіл  арқылы  қарым-қатынас  жасағанда,  әйтеуір 

хабарласуды  немесе  тек  қана  ақпарат  беруді  ӛзінің  негізгі  мақсаты  етпейді. 

Кӛп  ретте  қандай  әңгіме  қозғаса  да,  қандай  ақпарат  берсе  де  -  кӛлемді 

болсын,  шағын  болсын  эмоционалды-экспрессивтік  әсерлілікті,  мәнерлілікті 

қалайды.  Осындай  қасиеттер  арқылы  сӛздің  қыр-сырын,  құдіреті  мен 

қасиетін  ашуға  барынша  тырысады.  Сӛз  адамға  есту  мүшесі  арқылы 

қабылданып,  оның  жанына,  сезім  мүшелеріне,  ойлау  қабілетіне,  сана 

жүйесіне тікелей әсер етеді.  

  "Тілімізде  жаман  сӛз  жоқ,  кінә  сӛзді  орнына  қолдана  білмейтіндердің 

ӛзінде,  әр  сӛзге,  сӛйлемге  ӛзінің  таңдаулы,  талғаулы,  екшеулі  орындарын 

дұрыс  тауып  бере  білсе,  жай  сӛздің  ӛзі  де  поэтик  тілдің  рӛлін  атқарады". 

(Қажым Жұмалиев). Сол сияқты ғалым М.Серғалиев: "Тілдегі дұрыс сӛздерді 

теріс  жұмсай  берсе,  солар  да  дәстүрге  айналып  кетуі  мүмкін.  Міне,  біз 

осындайдан  сақтануымыз  қажет",  [6].  Тіл  мәдениеті  халық  мәдениетінің 

деңгейін  танытатындықтан,  ұлттық  жазу  мен  сӛйлеу  мәдениетінің  сапалық 

факторы жоғарылаған сайын әдеби тілдің де мәдениеті арта. ұлғая түсері хақ. 

Мерзімді  баспасӛз  тілі,  жалпы  айтқанда  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

тілі  таза,  бұрмасыз,  боямасыз,    халықтың  дүниетанымына,  ұлттық 

стереотипіне  сай  болуға  тиіс.  Сондықтан  да  ол  қалыптасу  процесі 

тоқталмайтын, тіл дамуынан нақты хабардар ететін аса қуатты құрал. 

 

Пайдаланылған әдебиет 

1. Оразалы Ш., Нұртазин М. "Тілге де тірек керек". Астана. 2003ж. 

2.  Балақаев  М.,  Серғалиев  М.  "Қазақ  тілінің  мәдениеті".  Оқулық.  Алматы, 

2004ж. 


3.  Серғалиев  М.  «Кӛгілдір  экраннан  айтылар  сӛз  немесе  осы  тӛңіректегі 

кейбір ойлар». Халық кеңесі, 1994ж, 5 наурыз.  

4. Р.А.Будагов «О предмете языкознания» 1972ж, Москва. 

5. Р. Сыздықова , «Сӛз сазы» Алматы, 1983ж. 

6.  Балақаев  М.,  Серғалиев  М.  "Қазақ  тілінің  мәдениеті".  Оқулық.  Алматы, 

2004ж. 


 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал