Сот жаршысы имандылық иірімдері балабақша тынысы



жүктеу 140.84 Kb.

Дата11.09.2017
өлшемі140.84 Kb.

????????

СОТ ЖАРШЫСЫ

ИМАНДЫЛЫҚ 

ИІРІМДЕРІ

 БАЛАБАҚША

ТЫНЫСЫ

2 б


ет

2 б


ет

4 б


ет

№56 (8750) бейсенбі, 16 шілде 2015 жыл

novaiya-zhizn.kz

ЕЛБАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 

«ЭКСПО-2017» 

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕСІН 

ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕҢЕСІНЕ 

ҚАТЫСТЫ

ТІЛСІЗ ЖАУҒА ҚАЛАЙ ТОСҚАУЫЛ ҚОЯМЫЗ?

Мемлекет  басшысы  кеңеске  қатысушыларға  арнаған  сөзінде 

«ЭКСПО-2017»  көрмесіне  сапалы  дайындықты  қамтамасыз  ету 

мен өткізудің бүкіл Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті.

–  Бұл  –  Қазақстанды,  еліміздің  мүмкіндіктерін  бүкіл  әлемге 

көрсететін басты жоба. Құрылыстан басқа барлық мәселелер жөнінен 

артта  қалушылық  байқалады.  Мәселен,  арнаулы  комиссардың  бар 

екендігіне  қарамастан,  әлі  күнге  дейін  көрмеге  қанша  мемлекеттің 

қатысатыны белгісіз. Көрмені бізден кейін өткізетін басқа елдер қазірдің 

өзінде қызу ақпараттық жұмыс жүргізіп жатыр, ал біз тым-тырыс отыр-

мыз.  Келушілерге  қандай  жағдай  жасалатыны,  көрмені  өткізуден 

қандай пайда күтуге болатыны, қанша демеуші тартылатыны, еліміздің 

өзінен  және  шет  елдерден  қанша  турист  болатыны,  қандай  мәдени-

көпшілік шаралар өтетіні туралы нақты мәлімет жоқ, – деді Қазақстан 

Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев елде және шет елдерде көрмені кең таныту 

арқылы келушілерді тарту саласында көп жұмыс істелуі тиістігін атап 

өтті. – Бүгінде айқын коммуникативтік-медиалық жоспар жоқ, имидждік 

жұмыс  мәселесі  жүйелі  түрде  нақтыланбаған,  барлық  күш-жігер  тек 

біржолғы іс-шаралар өткізуге бағытталған. Тек сауатты ойластырылған  

стратегия ғана көрменің табысты өтуінің тағы бір көрсеткішіне – елге 

туристер тартып, 5 миллион адамның келуіне қол жеткізуге мүмкіндік 

туғыза алады, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан  Назарбаев  келушілердің  күн  сайын  өте  көп  болуы 

қаланың барлық қызметтері үшін айтарлықтай қиындық әкелетінін айт-

ты.

–  Визалық  қолдауды,  кедендік  рәсімдеулерді,  қонақ  үйлер,  такси-



лер  және  ресторандар,  жұмысын  ұйымдастыруды  қамтитын  барлық 

сервистер  мұқият  пысықталып,  өзара  байланысты  түрде  әрі  ең 

жоғары  деңгейде  көрсетілуге  тиіс.  Әсіресе,  қызмет  көрсетушілердің 

тілдік  сауаттылығына  ерекше  назар  аудару  қажет,  –  деді  Қазақстан 

Президенті.

Мемлекет  басшысы  Премьер-министрдің  бірінші  орынбасары 

Б.Сағынтаевқа,  ұлттық  компанияларға  әкімдермен  бірге  ел  өңірлері 

халқының  «ЭКСПО»-ға  қатысуына  тиісті  жағдай  жасау,  квоталармен 

қамтамасыз ету мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Нұрсұлтан  Назарбаев  мазмұнды  мәдени  бағдарламалар  әзірлеу 

қажеттігін  айта  келіп,  келушілердің  бос  уақытын  тиімді  ұйымдастыру 

мәселесі арнайы көңіл бөлуді қажет ететініне назар аударды.

Нұрсұлтан  Назарбаев  еліміздің  халықаралық  имиджі  маңызды 

мәселе болып саналатынын атап өтті.

– Өте аз уақыт қалды. Барлық мемлекеттік органдар белсене, келісе 

отырып  жұмыс  істеуі  керек.  Үкіметке  және  кеңеске  қатысушылардың 

барлығына  алға  қойылған  міндеттердің  орындалуын  қамтамасыз 

етуді тапсырамын. Көрмені лайықты деңгейде өткізу керек. Бұл біздің 

қолымыздан келетінін білемін. Бүгінде жағдай жеңіл емес, біз Ұлттық 

қордан  қаражат  бөліп  отырмыз,  әр  теңгені  тиімді  жұмсау  қажет. 

Сондықтан  еліміздің  игілігі  үшін  бірлесе  жұмыс  жүргізген  жөн,  –  деді 

Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев компанияның салынып 

жатқан «Mega» атты  сауда-сауық кешенін «Жібек Жолы» (Silk Way) деп 

атауды ұсынды.

Сонымен  қатар,  кеңес  барысында  алдағы  көрмеге  дайындықтың 

әр  бағыты  бойынша  Астана  қаласының  әкімі,  «Астана  ЭКСПО-2017» 

ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ә.Жақсыбеков, ми-

нистрлер – Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов, Энергетика министрі 

В.Школьник,    Инвестициялар  және  даму  министрі  Ә.Исекешев, 

Мәдениет  және  спорт  министрі  А.Мұхамедиұлы,  Ішкі  істер  министрі 

Қ.Қасымов, Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов, сондай-ақ түрлі компа-

ниялар мен мердігер ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Akorda.kz

Аптап  ыстық  жаз  айларында  жиі  бой 

көрсететін  дала  өрті  билік  органдарын  ғана 

емес,  тұрғындарды  да  әбігерге  салады. 

«Өрт – тілсіз жау» деп үнемі айтқанымызбен, 

көпшілік 

оның 

зардабын, 

болдырмау 

маңыздылығын толық ұғына бермейді. Тілсіз 

жаудың  шабындық,  жайылым  жерлер  мен 

орман-тоғайды отқа орап, табиғат келбетіне де 

нұқсан келтіретіні анық. Оған қалай тосқауыл 

қоя  аламыз?  Шілде  айындағы  күннің  қатты 

ысуы  бүгінде  осы  бір  өзекті  мәселені  туын-

датып отыр. Айтып келмейтін апаттың алдын 

алуда ауданда не жасалуда, жүзеге асқан ша-

ралар қандай? Біз осы сауалдарға жауап іздеп 

көрдік.

Өткен  жылы  ауданда  21  дала  өрті  тіркелген 

екен.  Оның  ішінде  бірнеше  мәрте  қайталанған 

округтер  баршылық.  Аудан  аумағында  дала  өрті 

биылғы жылы сәуір айынан бастап тіркеле баста-

ды.  Ғарыштық  мониторинг  хабарламасы  бойын-

ша  осы  күнге  дейін  5  дала  өрті  орын  алған.  Па-

латцы,  Самар,  Биғаш,  Үлгілімалшы  округтерінің 

аумағында жалпы 115 гектар жер өрт құшағында 

қалды.


-  Маусым  айының  екінші  жартысынан  бастап 

ауданда ауа температурасы 40-42 градусқа дейін 

көтеріліп тұр. Шілде және тамыз айларында осын-

дай  ыстық  болып,  жауын  -  шашын  түспесе  дала 

өртінің  белең  алуына  әкеліп  соғады.  Сондықтан 

да, округ әкімдері мен телекоммуникация торабы 

барлық  елді  мекендерді  үзіліссіз  телефон  бай-

ланысымен  қамтамасыз  етіп,  демалыс  күндері 

жауапты  тұлғалардың  кезекшілігін  ұйымдастыру 

қажет.  Аудан  әкімінің  «Табиғи  өрттердің  алдын 

алу шаралары және дайындық жағдайы туралы» 

қаулысы құрылып, бекітілген болатын. Ол барлық 

округ  әкімдеріне  жеткізілген.  Қазіргі  уақытта 

Теректі округінен басқа бір де бір ауыл әкімі атал-

мыш  қаулыда  бекітілген  шаралар  мен  жоспарды 

орындамай  отыр.  Осыдан-ақ  дайындық  деңгейін 

анық аңғара беріңіз. Өрттің алдын алу және жою 

шаралары  кезінде  кейбір  мекеме  немесе  ұйым 

басшылары жауапсыздық танытып, ұйымдастыру 

ісіне  бейжайлықпен  қарайды. 

Бұл, 

әрине, 


қынжыларлық 

жағдай.  Тілсіз  жаумен  тізе  қосып 

күреспесек  болмайды.  Қоршаған 

орта  мен  табиғи  ресурстарға 

орасан  зор  шығын  алып  келетін 

табиғи  өрттерді  өшіру  келелі 

мәселе, - дейді аудандық төтенше 

жағдайлар 

және 

жұмылдыру 



дайындығы  бөлімінің  басшысы 

Қуаныш Әңкебаев.

Оның 

айтуынша, 



табиғи 

өрттердің  пайда  болуы-на  негізгі 

себептер  тұрғындардың  өзіне 

байланысты.  Тұрғындардың  отты 

абайсыз қолдануы, техникаларды, 

автокөліктерді  пайдалануда  өрт 

қауіпсіздігі  ережесін  сақтамауы, 

ауыл шаруашылық субъектілерінің  

шабындық  қалдықтарын  және 

құрғақ шөптерді қасақана өртеу жағдайынан орын 

алады.

Бүгінде «тілсіз жаумен» күресу үшін жергілікті 



жерде 4 мекеме – Көкпекті өрт сөндіру бөлімі-58, 

Самар  өрт  сөндіру  бөлімі-35,  Үлкенбөкен  орман 

шаруашылығы және Самар орман шаруашылығы 

қызмет  етуде.  Аталмыш  мекемелердің  24  өрт 

сөндіруге  арналған  автокөлігі,  269  өрт  сөндіру 

құралы  және  95  адамды  құрайтын  жеке  құрамы 

әзір тұр.

Жалыны  жанына  келгенді  шарпыған  өртпен 

күресу  оңай  емес.  Құтқарушы-сарбаздардың  өз 

қызметінде  нағыз  ерлік  көрсететінін  көбіміз,  шын 

мәнінде,  сезіне  бермейміз.  Арнайы  киіммен  тез 

қимылдай  жүріп,  өрттен  адамды  құтқару  және 

өртті  сөндіріп  үлгеру  асқан  ерлікті  талап  етеді. 

Тілсіз жаумен жан аямай күресуге қашан да дайын 

құрамның әрбір сарбазы бейбіт күннің батырлары.

Құрметті  аудан  тұрғындары!  Алдымызда 

жылдың ең ыстық айлары келе жатыр. Сол үшін 

бәріміз  ұқыпты  болайық.  Өйткені,  бізге  табиғат 

сыйға  тарқан  туған  өлкеміздің  әсем  де  керемет 

бұрыштарын  қаз-қалпында  сақтап  қана  қоймай 

және біздің балаларымызға, немерелерімізге ми-

рас етіп қалдырғымыз келеді. 

Егерде өрт шығу қаупі бола қалған жағдайда, 

міндетті түрде өрті сөндіруге асығу қажет. Жайы-

лып бара жатқан өртті құм немесе топырақ себу, 

сумен    сөндіру,  кенеп  бөлшектерімен  жабу  және 

де  өртті  сөндірудің  ең  қолайлы  әдісі  талдардың 

бума шыбықтарымен немесе киіммен ұру арқылы 

сөндіруге болады.

Егерде  өз  күшіңмен  өртті  сөндіре  алмасаң, 

міндетті  түрде  жақын  жерде  орналасқан  өртке 

қарсы  қызмет  бөлімшелеріне  немесе  орман 

шаруашылығы  қызметкерлеріне  және  билік  ор-

гандарына  тезірек  хабарлау  керек.  Әрине,  тілсіз 

жаумен  күресу  -  ортақ  міндет.  Сондықтан,  айтып 

келмейтін апаттың алдын алу мен сақтық шарала-

рын ширатудан ешкім де сырт қалмауы тиіс. Сон-

да ғана, тілсіз жауға тосқауыл қоя аламыз!



Дархан БЕРДІБЕК

№56 (8750) бейсенбі, 16 шілде 2015 жыл

2

Біздің сайт: novaiya-zhizn.kz

ЕСІЛ БОЗДАҚТАР ЕСІМІЗДЕ

Ұлы Жеңіске – 70 жыл

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – 

АДАМГЕРШІЛІК БЕЛГІСІ

Имандылық иірімдері

Ағымдағы  айдың  қасиеті  мен  жасалған  игі  істердің  сауа-

бы  мол  екені  баршаға  аян.  Осы  орайда,  Көкпекті  аудандық 

орталық мешітінің бас имамының міндетін атқарушы Кенжебек 

Ахметқалиев қайырымдылық шараларын жүргізуде.

Жасаған  ісіңнің  жемісін  көру  жаныңа  жылу  сыйлайды.  Ал,  оның 

нәтижесі  бала  жүзіндегі  шынайы  күлкімен  өлшенсе,  нұр  үстіне 

нұр.  Биылғы  жаз  маусымында  Қ.Раев  атындағы  балалар  үйінің  6 

тәрбиеленушісі тарих тамырын тереңге бүккен, әсем ғимараттарымен 

ерекшеленетін Италияға демалыс күндерін өткізу үшін сапар шекпек. 

Соларға  қаржылай  көмек  көрсету  арқылы  Кенжебек  Ахметқалиев 

балалардың қуанышын еселей түсуге үлес қосты.

Халықтың  рухани  мәдениетінің  негізгі  құраушысы  ретінде  діннің 

орны  қандай  жоғары  болса,  атадан  балаға  мирас  болған  ұлттық 

дәстүрдің де маңызы ерекше. 5 шілде күні орталық мешіт ауласына 12 

қанат киіз үй тігіліп, 40 адамға арналып ауызашар берілді. Жиналған 

қауымға  Рамазан  айының  сауабы  жайлы  түсіндіру  жұмыстары 

жүргізіліп, кеңінен уағыз айтылды. Бұл шара бүгінгі күнгі дін мен діл 

сабақтастығының айқын көрінісі.

Шынайы  пейілмен  жасалған  игілікті  іс-шаралар  назардан  тыс 

қалмақ  емес.  Қайырымдылық  пен  кішіпейілділік  әр  мұсылманның 

бойынан табылуы тиіс қасиеттер екені хақ.



Жансая СМАҒҰЛОВА

ОРАЗА АЙЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ

Өте  мейірімді  Алланың  атымен  бастаймын.  «Рабби  әсер 

өләто  ғасер.  Рабби  тамин  билкәйер».  Пайғамбарымыз  Мұхаммед 

алейһиссаламның  хадисінде  малдарыңызға  зекеттен  қорған 

қылыңыздар,  ауруларыңызға  садақаны  дәрі  қылыңыздар  деген. 

Егер сіздер садақа беріп, зекет берсеңіздер пәле-жаладан аман бо-

ласыздар.  Садақа  жаман  аурудан  сақтайды,  ғұмырыңды  ұзартады 

деген  құрметті  пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.ғ.с.).  Сол  себепті 

ауылымыздың  әкімшілігіне,  шаруа  қожалығының  басшылары  Қанат 

Сыдықовқа, Мұрат Бүлкеновке, бұрынғы ауыл имамы Арғын ақсақалға 

және ақ жаулықты аналарымызға, жасөспірімдерге мешітімізге көмек 

көрсеткені үшін алғыс айтамын. Осы Рамазан айының қадір-қасиетін 

берсін. Отбасылрыңызға амандық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін. 

Осы игі істеріңізді Алла қабыл қылсын!



С.Задахан,

Теректі ауылдық округінің имамы

РАМАЗАН - АЙЛАРДЫҢ ТӨРЕСІ

Аса мейірімді Алланың атымен бастаймын. Аллаға шүкір, қасиетті 

Рамазан айында аман-сау жеттік. Ұлық айға есендікпен жеткеннің өзі 

үлкен  нығмет.  Жаратқан  ие  баршамызға  осы  айды  лайықты  түрде 

атқаруға медет берсін, жәрдем етсін! Бұрынғы мұсылмандар осынау 

мүбәрәк айымен қимай қоштасып, ал келесі жылы құдды қырық жыл 

көрмеген қонағын күткендей құшақ жая қарсы алады екен. Өйткені, 

бұл ай әр бір жанға мейірімнің бір сынығын сыйлайтын, сауабы мол 

маусым. 

Ендеше, біз де Ұлы Рахманнан ұлық Рамазан айының берекесін 

тілейік. Мейірім маусымының иесі мұсылманға игілікті болуын тілеп 

Жаратқанға жалбарына дұға етейік.

Рамазан  айында  парасат-пайымы  биік  пенде  үшін  артындағы 

ғұмыр жолына бір қарап алып, без мендеп, болашағын бағдарлайтын 

қайталанбас  сәт  туады.  Шындығында,  өз  өзіне  есеп  беру  тақуа 

жандардың дағдысы, байыптылардың әдеті. Рамазан берекелі дас-

тархан болып жайылып, отыз күндік мпәһи мейрамға айналады. Ра-

мазан айы жай күні жасалған жақсылықтар мен салиқалы амалдар 

сауабының еселеніп жазылатын қуатты айы. Сондықтан бұл айда да, 

үнемі де игілік иелері жақсылық жасаудан жалықпайды.



Батай Әлімбек,

Үлгілімалшы ауылының имамы

Самар ауданының Жаңалы 

ауылдық  кеңесіне  қарасты 

Еспе,  Аққұдық,  Көкжота,  Бас-

таушы,  Қарғалы  ауылдары-

нан соғысқа 163 адам аттанған 

еді, соның елге оралғаны 60-

тан сәл ғана асады. Олардың 

ішінде  Көкжота  ауылынан  ат-

танып, аман оралғандар 30-ға 

жуықтайды. 

  Еліне  Жеңіспен  оралған 

жауынгерлер  соғыстан  тұралап 

қалған 


ауылшаруашылығын, 

өндірісті  көтеруге  білек  сыбана 

кірісті.  Зейнелғазы  Азанбаев, 

Бексолтан Қошқарұлы, Нұрсапа 

Нажинов, Зейнелғазы Сарбасов 

және  басқалары    еңбек  көрігін 

қыздыра отырып, зейнеткерлікке 

шыққанша  еңбек  етті.  Ұрыс  да-

ласында    көрсеткен  ерліктері 

үшін  алған  марапаттарының 

қасында  еңбектегі  ерліктері 

үшін  орден,  медальдар  тақты. 

Соңдарынан  қаншама  жасты 

ертіп,  оларға  тәрбие  берді.  От-

басын  құрып,  бала  өсіріп,  не-

мере сүйді. Олардың ұрпақтары  

әкелерін,  аталарын    бүгінде 

мақтан  тұтады.  Бір  өкініштісі 

қазіргі 

Бастаушы 

ауылдық 

округіне  қарайтын  Көкжота      

ауылында  атаулы  мерейтойға 

бір  де  ардагер  жете  алмады. 

Бүгінгі  күні  олар  туралы  тек 

естеліктер айтылады. Жауынгер 

ұрпағының  бірі  Бәделғазы  Сар-

басов  кешегі  өткен  ерлер  тура-

лы былай дейді:

-  Біздің  ауыл  кезінде  ар-

дагерлер  ауылы  болып  еді. 

Олардың  барлығы  да  соғыстан 

оралып,  еңбекке  араласқанда 

біз әлі бала болатынбыз. Арда-

герлер  ешкімге  міндетсінбей, 

кеуделерін  қақпайтын  қара-

пайым  еді.  Тіпті  кейбірінің 

соғысқа  қатысқаны  туралы  біз 

кейін  білдік  қой.  Қошқаров  Бек-

солтан ата кіші командир, Смо-

ленск,  Одерді  алуға  қатысып, 

Берлинге  дейін  жеткен.  Ал 

өмірде  қарапайым  еңбек  ада-

мы еді. Ол кісі ерен еңбегі үшін 

«Құрмет  белгісі»  орденімен, 

«Тың  және  тыңайған  жерлерді 

игергені үшін», «Еңбек ардагері» 

медальдарымен марапатталған, 

ферма  меңгерушісі,  бригадир 

болып  еді.  Нұрсапа  Нажинов 

Чита қаласында жауынгерлік жо-

лын  бастап,  Жапон  соғысында 

болған.  Соғыс  кезінде  алған 

орден,  медальдарымен  қатар 

еселі еңбегі үшін  бейбіт күндегі 

марапаттары  кеудесінде  жар-

қырап  тұратын.  Қарапайым  ме-

ханизатор  үлгілі  отағасы  болып 

еді. Бүгінгі күні ұрпақтары оның 

жолын жалғастыруда. 

  Осы  Көкжота  ауылының 

тумасы  өз  әкем    Зейнелғазы 

Сарбасов соғыста екі рет жара-

ланып, 1945 жылдың желтоқсан 

айында  елге  оралған  еді.  Ол 

47-ші  атқыштар  полкінде  мер-

гендер  отрядында  болған.  «За 

отвагу», «За победу над Герма-

нией» медальдарын кереметтей 

қастерлейтін. 

Зейнеткерлікке 

шыққанша  Жамбыл  атындағы 

кеңшарда  ферма  меңгерушісі 

болып еңбек етті.

  Кезінде  көне  көздерден 

естелік  жазып  алып  қал-

мағанымыз  өкінішті  дейді  Бә-

делғазы  ағай.  «Үндемес»  деген 

бәледен  қорқып  қалған,олар 

тіпті  соғыс  кезіндегі  уақыттан 

да  ештеңе  айтпаушы  еді. 

«Әкем  15-16  жасында  (ол  кісі 

1913  жылы  туған)  Жұбандық 

Болғанбаевты  көріпті.  «Астын-

да қара жорға аты бар, басында 

құндыз бөрік, бесатар мылтықты 

асынып  алған,  ал  қолында  на-

ганы болды», - дейтін. Ақмырза 

байдың  жайлауға  ере  алмай 

қалған  ақсақ-тоқсақ  қойларын 

аш  отырған  кедей-кепшікке 

таратып  бергенін  де  көріпті. 

Сонда  бай  оған  ештеңе  істей 

алмаған  екен.  «Біз  қазір  өзіміз 

де  жер  ортасынан  асып  кеттік. 

Кейінгі ұрпаққа аталарымыз бен 

әкелеріміздің  ерлік  істерін,  осы 

бейбіт күнді орнату үшін көрген 

қиыншылықтарын  айтып  отыру 

парызымыз.  Солардың    үлгілі 

ісімен  тәрбиелеуіміз  керек»,-

дейді Б.Сарбасов.

Бәделғазы  Зейнелғазыұлы-

ның өзі де запастағы байланыс 

бөлімінің  кіші  командирі,  аға 

лейтенант.  Жастарға  өнегелі 

сөз  айтып,  ісімен  үлгі  көрсете 

алатын  жаста.  Бүгінде  зей-

неткер  ағамыз  туған  ауылын-

да  тұрады.  «Біз  былтыр  ауыл 

болып  соғыста  шейіт  болған 

азаматтарымызға  арнап  ес-

керткіш аштық. Болашақта арда-

герлер ауылы болған Көкжотада 

ұрпақтарымыз  үлкен,  көркем 

ескерткіш  орнатып,  айналасын 

гүлге,  жасыл  желекке  орап, 

өздерініен  кейінгілерге  атала-

ры  туралы  естелік  айтып  отыр-

таны  болады  деп  сенемін»,-

дейді.  Ұрпағының  ертеңі  үшін 

жан беріп, тер төккен есіл ерлер 

есімізде  болуы  тиіс  дейді  ауыл 

ағасы.


Клара НҰРПЕЙІСОВА

ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ

Сот жаршысы

2015  жылдың  13  шіл-

десінде  Көкпекті  аудандық 

сотында  сот  жұмысының 

қорытындысы бойынша бри-

финг  жүргізілді.  Брифингке 

сот  төрағасының  міндетін 

атқарушы 

Ә.Бақытбекұлы 

қатысып,  Көкпекті  аудандық 

сотының  ағымдағы  жылдың 

бірінші  жартыжылдығы  бой-

ынша  жұмысының  қоры-

тындыларын хабарлады.

Жалпы  2015  жылдың  6        

айында  іс  жүргізумен  барлығы 

аяқталған  141  азаматтық  іс, 

оның  ішінде  24  сот  бұйрығы 

шығарған.  Ал,  қылмыстық  істер 

бойынша  14  қылмыстық  іс 

жүргізумен  аяқталған.  Сонымен 

бірге, 210 әкімшілік іс қаралумен 

аяқталған.

Аталған  жартыжылдықта  су-

дья  әдебінің  нормасы,  орындау 

және еңбек тәртібі сақталған.

Судьялардың  кәсіби  дең-

гейін  арттыру  мақсатында  40 

семинар,  10  дөңгелек  үсел 

өткізілген.  Атап  айтқанда  «Сы-

байлас 


жемқорлыққа 

қар-


сы  күрес»,  «Сот  кабинеті», 

«Шешім»,  «ҚР  АІЖК-нің  талап-

тарын сақтау», «Мемлекеттік тіл 

–  ұлт  болашағы»,  «Медиация», 

«Гендерлік  саясат»,  «Кезек-

тен  тыс  президенттік  сайлау» 

т.б  тақырыптарда  семинарлар 

мен  «Сот  актілерін  орындау», 

«Әкімшілік  істер  бойынша  сот 

отырысының  қатысушыларын 

электронды  түрде  хабардар 

ету»  сынды  дөңгелек  үстелдер 

өткен. 

Көкпекті  аудандық  сотының 



судьяларының  өздігінен  білім 

алуын  жетілдіруге  арналған  се-

минар сабақтарының 2015 жыл-

дың  бірінші  жартыжылдығына 

арналған  жоспары  бекітіліп, 

толығымен  орындалып,  судья-

лар Шығыс Қазақстан облыстық 

сотының  судьялары  өткізген 

семинарларға  үнемі  қатысып 

отырған. 

Сотта  арнайы  Көкпекті  ау-

дандық  сотының  ресми  сай-

ты  бар.  Оған  жауапты  кеңсе 

меңгерушісі  Ш.Қалдыбаева,  қа-

ралған  істер  мен  жаңалықтар 

бойынша ақпарат салып тұрады. 

«Сот  залынан»  тақырыптағы 

жаңалықтарға  қаралған  істер  

бойынша мәлімет енгізілді. 2015 

жылдың  6  айында  облыстық 

соттың сайтына 2 жаңалық және 

аудандық  соттың  сайтына  әр 

түрлі  тақырыпта  114  жаңалық 

енгізілген. 

2015 

жылдың 


басынан 

бастап,  бүгінгі    күнге  дейін 

баспасөз  беттерінде  сотты,  сот 

қызметкерлерін  сынап,  жала 

мақалалар жарияланбаған. 

Сонымен  қатар,  аудандық 

сотта заманауи ақпараттық тех-

нологиялар  жоғарғы  деңгейде 

пайдаланылады.  Жылдың  ба-

сынан бастап бүгінгі күнге дейін 

1254 сот  актілеріне электрондық 

сандық қолтаңба қойылған. Сот 

отырысы  өтетін  залға  дыбыс 

бейнежазба құралы орнатылған. 



Жанерке АБЫЛХАН

ИМАНДЫЛЫҚ - БАСТЫ БАЙЛЫҚ

Тассай  ауылдық  «Бөдес  баба»  мешітінде  маусым  мен  шілде 

аралығында  Өскемен  қаласынан  «Алтай»  қайырымдылық 

мекемесіндегі дәріс тобынан, жас ұстаз Абдолла Дүйсен ауыл балала-

рына имандылық тәрбие беру мақсатында «Ғылымхалдан» сауат ашу 

сабағын жүргізді. Бұл шараға 10-14 жас аралығындағы 17 бала қатысты. 

Ай  көлемінде  алынған  балалардың  білімін  қорытындылап,  сынақ 

өткізетін  күні  ауыл  мешітіне  ата-аналар,  ұстаздар  және  ақсақалдар 

алқасы,  әйелдер  кеңесі  сияқты  қоғамдық  ұйымдардан  қонақтар 

шақырылды. Сынақты Өскемен қаласының «Алтай» қайырымдылық 

мекемесінің  ұстазы  Кемел  Бекмұханұлы  Мұхамеджанов  жүргізді. 

Сынақ барысында Кемел ұстаздың «Ғылымхалдан» исламның шарт-

тары,  мұсылман  парызы  сияқты  сұрақтарына  шәкірттер  мүдірмей 

жауап  беріп,  жаттаған  сүрелерін  мақамына  келтіре  орындап,  араб 

әріптерін жаңылмай талдап оқып, ұстаздарын риза етті.

Жас  ұрпақты  имандылыққа  баулып,  діни  сауатын  ашқан  ұстазға 

және  сол  ұстазды  жіберген  ұжымға  ата-аналар  шексіз  алғысын 

білдіріп, осы игі іс келешекте де жалғасын тапса деген ұсыныс білдірді. 

М  Әуезов  орта  мектебінің  тәрбие  ісінің  меңгерушісі  М.Садықова 

шәкірттеріне ризашылығын білдіріп, бала үшін имандылық тәрбиенің 

маңыздылығына  тоқталды.  Сынақ  өз  мәресіне  жеткен  соң  Кемел 

ұстаз балаларға ынталандыру сыйлығын беріп, алғыс хаттармен ма-

рапаттады.

Балалардың  діни  білімін  шыңдау  бұнымен  шектеліп  қалған  жоқ. 

Бүгінгі  күні  ауыл  мешітінде  Болат  имам  ер  балаларға  күнделікті 

тарауық  намазында  азан  шақыртып,  «Қамат»  айтқызып  білімдерін 

шыңдауда.  Игі  бастамаға  бастаған  сол  күннің  жалғасы  мектеп  ас-

ханасында  ораза  тұтушы  жамағатқа  Тассай  ауылдық  «Бөдес  баба» 

мешітінің атынан ауызашар беру дәстүріне жалғасты.

Ауызашар  асын  беруге  демеу  көрсеткен  Тассай  ауылының 

тұрғыны Әділ Ахметов деген азамат. Ауызашарға Көкпекті ауданының 

бас имамының міндетін атқарушы Кенжебек Қалиақпарұлы қатысып, 

оразаға  байланысты  уағыздар  айтып,  оразаның  сүннеттерінің 

маңызын ашып, оны бұзатын амалдардан сақ болуға шақырды.



Ш.Ғалиева, Тассай ауылдық округінің 

әйелдер кеңесінің төрайымы

4

№56 (8750) бейсенбі, 16 шілде 2015 жыл

«Жұлдыз»

«Новая жизнь» аудандық газеті  

ЖШС Мемлекеттік басқаруды 

Көкпекті ауданының ішкі саясат 

бөлімі жүзеге асырады

Редактор Д.Б.Дюсембаев

Мекен – жайымыз: Көкпекті ауданы

Көкпекті ауылы, Қабанбай көшесі, 69, 

2- қабат. Телефондар: Көкпекті 2-19-16, 

2-21-18. Самар 2-13-62

e-mail: 2-19-16@mail.ru

ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінде 2012 жылы 23 – қарашада тіркелді куәлігі № 13187-Г

 Газет аптасына 2 рет шығады. Көлемі 1 баспа табаќ. Тираж 1885 Тапсырыс 848

Редакцияға келген хаттар мен қолжазбалар иесіне қайтарылмайды. 

Газеттегі пікірлер редакциянікімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Газет “Печатное издательство - Агенство” 

“Рекламный Дайджест” ЖШС баспаханасында басылады. Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 20 үй

ЖҰЛДЫЗ

Біздің сайт: novaiya-zhizn.kz

Балапан

«ӨРНЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТЫНЫСЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Береке»  шағын  несие  ұйымы  жұмыс  жүргізуге  лайықты 

ғимаратты  жалға  алады.  Несие  жұмысын  жүргізетін  мамандар 

қажет. Түйіндемені мына телефон және факс бойынша жіберуге 

болады:  8-72348  2-13-62,  8  705  448  24  24эл.bereke-bereke@

yandex.ru



ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

«Адамға ең бірінші білім емес, 

тәрбие  берілуі  керек,  тәрбиесіз 

берілген  білім  адамзаттың  қас 

жауы,  тәрбиесіз  берілген  білім 

адамзатқа апат әкеледі» 

Әбу Насыр Әл-Фараби

Бүгінгі  күні,  болашақтың  ірге 

тасы  болатын  балаларға  қуаныш 

сыйлап,  олардың  жағдайын  ой-

лайтын  атқа  міне  ер  азаматтар 

саны  көбейді.  Бала  жүрегіне  жол 

тауып, олардың жүзіне күлкі сый-

лау  әр  адамға  бір  мәртебелі  іс. 

Осындай азаматтардың бірі - Пре-

ображенка  ауылының  тұрғыны, 

кәсіпкер,  облыс  көлеміне  таны-

мал  азамат  Ержан  Қойгелдин. 

Оның 

қайырымдылық 



шара-

лары  аудан  тарихында  ойып 

тұрып  орын  алатын,  ел  аузында  жылы  сөзге 

іліккен  істері  жетерлік.  Сол  игі  істерінің  бірі, 

өз  туған  ауылындағы  бүлдіршіндерге  арнап 

ашқан  «Өрнек»  балабақшасының  тұсаукесері 

былтырғы  жылы  болған  еді..  Осы  бастаманың 

қолға алынып, халық игілігіне жарауы басқаларды 

қайырымдылық  істерге  тартып,  ауыл  халқын, 

әсіресе,  балабақшаға  мұқтаж  ата-аналарды  бір 

қуантты. Балабақшаның ғимараты, материалдық-

техникалық  базасы  барлық  талаптарға  сай 

келеді.  «Өрнек»  балабақшасына  кірген  кезде 

әдемілікті  сезіндік.  Өйткені  ауласы  жасыл  же-

лекке оранған. Ғимараттың іші таза. Ең бастысы 

балалардың  періштедей  жарқын  жүзін  көргенде 

болашағымыздың  тірегі  осылар  екен  деп,  іштей 

қуандық. 2014 жылы іргетасы қаланған балабақша 

бүгінде  талай  қиындықты  артта  қалдырып, 

аудандағы  алдыңғы  қатарлы  балабақшаның 

біріне  айналды.  15  қызметкері  бар  берекелі 

ұжым  балаларды  тәрбиелеуде.  Балабақшаның 

сыйымдылығы 40 орынды қамтиды, қазірде 40 ба-

ланы қабылдап отыр. Тағы бір айта кететін жай, ол 

осы 40 баланың екеуі жағдайы төмен отбасының 

балалары  болғандықтан  Ержан  Тұрсынханұлы 

өз  қаражаты  есебінде  оларды  тегін  қамтамасыз 

етіп отыр. 1 топ «Тәй-тәй», мұнда 1,5 және 3 жас 

аралығындағы  бүлдіршіндер,  2  топ  «Балапан» 

4-5 жас аралығындағы бүлдіршіндер бос уақытын 

тиімді өткізеді. «Тәрбиешілердің бәрі Д.Закирова, 

В.Павленко,  А.Сүлейменова,  А.Ескеалмасова 

жас  та  болса  өз  істерінің  шебері,  білімді  маман-

дар.  Баланың  жасына  сай  сабақтар,  сонымен 

қатар  қосымша,  тіл  дамыту,  айналамен  таныс-

тыру,  валеология,  сауат  ашу  секілді  пәндерді 

оқытамыз. Балаларымыздың тәртібі жақсы, алғыр 

да зерек. Биыл мамыр айында 12 түлекті мектеп 

қабырғасына шығарып салдық. Балабақшамызда 

толықтай жағдай жасалып отыр,- дейді балабақша 

меңгерушісі Гүлмира Ақылбекқызы. — Айтпақшы, 

Гүльмира  Ақылбекқызы  облыстық,  аудандық, 

байқауларға  қатысып,  жүлделі  орындарға  ие 

болған ұлағатты ұстаздардың бірі. Аз ғана уақыт 

ішінде  балабақшаның  әдіскері  Гүлсім  Баймадие-

ва екеуінің бірлесіп істеген еңбектерінің жемістері 

бірден  көзге  түседі.  Гүлсім  Мұхамадиқызы  37 

жыл  еңбек  жолындағы  тәжірибиесі  арқасында, 

балабақшада  келешек  ұрпақтың  өнегелі  болып 

өсуіне  қызмет  етуде.  «Өрнек»  балабақшасының 

ашылғанына  бір  жыл  толса  да,  аз  уақыттың 

ішінде  жетістікке  жетіп,  бірнеше  рет  ашық  сабақ 

өткізілуде.  Атап  айтсақ,  2015  жылдың  22  мамы-

рында  Көкпекті ауылында  өткен  «Жігіт  сұлтаны» 

байқауында  «Балапан»  тобының  тәрбиеленушісі 

Ислам Ерланұлы қатысып, 1 орынды жеңіп алды. 

Сонымен қатар, 4 наурызда аудандық білім беру 

басқармасының 

ұйымдастыруымен 

жоғары 


деңгейде скминар өткізген.  Жыл бойы өтетін ай-

тулы мерекелерге белсене қатысып тұрады.

Бұл балабақша да еліміздің ертеңін сеніп тапсы-

ратын отансүйгіш, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу үшін 

аянбай тер төгіп келеді. Балабақша тәрбиешілері 

де  мақтауға  тұрарлық,  себебі  ақпан  айының 

соңында Астана қаласында өткен Республикалық 

«Тіл татулық тірегі» атты байқауға 

тәрбиеші В.Павленко қатысқан. 

Мұндай  игілікті  іс  басқа  да 

ауылдарда  жалғасса,  бақытын 

баладан  тапқан  әр  адамға 

үлкен  сый  болар  еді.  Бүгінгі 

жас  сәбиді  заманауи  үлгідегі 

балабақшада  тәрбиелеп,  мек-

тепке  саналы,  тәртіпті,  ой-өрісі 

жетілген  оқушыны  аттандырсақ, 

болашағымыз  мықты,  жолымыз 

ашық,  білімді,  елін,жерін,  сақтай 

алар  ұрпақ  болар  еді.  Әрине, 

баланың  тәрбиесі  отбасынан 

бас-талады. Дегенмен, бұл ретте 

балабақшаның  да  алатын  орны 

ерекше екенін ұмытпайық.



Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Тұрғындар назарына

ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ - ЖҮЛДЕНІ ҰТЫП АЛ!

Көкпекті  ауданы  бойынша  Мемлекеттік 

кірістер  басқармасы  ағымдағы  жылдың  3 

шілде күні «Түбіртекті талап ет - жүлдені ұтып 

ал!»  акциясының  1  кезеңін  өткізгенін  хабар-

лайды. 

Акцияға  100  адам  қатысып,100  адамға  купон 

таратылды.  «Нұр  Отан»  партиясының  аудандық 

филиалының төрайымы Гүлбаран Майлыбайқызы 

Ақшабаева,  кірістер  басқармасының  салық 

төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Нұржан 

Оразайұлының қатысуымен жеңімпаз анықталды. 

Акцияға  жас  ерекшелігіне  қарамастан,  мек-

теп  оқушылары,  жас  ұстаздар,  зейнеткерлер, 

медицина  қызметкерлері,  ұйым  басшылары,  ме-

кеме  қызметкерлері,  ауыл  тұрғындары  және  т.б 

тұлғалар қатысты.

Аталған акцияның жеңімпазы Көкпекті ауданы, 

Шұғылбай  ауылдық  округінің  әкімі  аппаратының 

жас  мемлекеттік  қызметкері  Айнұр  Ыдырышова 

атанды.


Сонымен қатар, «Түбіртекті талап ет - жүлдені 

ұтып  ал!»  акциясына  белсене  қатысқаны  үшін 

басқарма  басшысы  Қ.Умаровтың  атынан  Миро-

любовка  ауылдық  округінің  тұрғыны  О.Фролова, 

Биғаш ауылдық округінің коменданты Т.Джамбаев 

және  Мелитополь  ауылының  Ілияс  Жансүгіров 

атындағы мектебінің мейірбикесі Б.Қанапьяноваға 

алғыс жарияланды. 

Аталған  акция  2015  жылдың  қараша  айы-

на  дейін  жалғасын  таппақ  және  Көкпекті  ауданы   

бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы  аудан 

тұрғындары  мен  қонақтарын  «Түбіртекті  талап 

ет  -  жүлдені  ұтып  ал!»  атты  акциясына  белсене 

қатысуға шақырамыз.



Көкпекті ауданының кірістер басқармасы

Биғаш  ауылының  тұрғыны,  ардақты  көкеміз, 

қомқоршы  тірегіміз  Рауия  Алпысбайқызы  Наурыз-

баеваны  зейнеткерлік  жасқа  толған  мерейтойымен 

құттықтаймыз!  Бауырларыңыздың  ортасында  шатта-

нып жүре беріңіз!

Құтты болсын зейнеткерлік жасыңыз,

Тілекші көп, бізде соның біріміз.

Жастан-жасқа жете берші көкешім,

Ортамызда аман-есен жүріңіз!

Ақ тілекпен: Анаңыз Үміткәрім, 

бауырыларыңыз Алматай, Альберт, 

келініңіз Жанна, балаларыңыз Атым-

тай, Жарбол, Аяжан, Досбол, Ертай.

Көкпекті  ауылының  тұрғыны  Қаламқас  Тоқсанқызы 

Абдилованы  зейнеткерлік  жасқа  толуымен  құт-

тықтаймыз!

Ұрпақтармен толысып, жан-жағыңыз,

Құтты болсын зейнетке толғаныңыз.

Ортамызда әрдайым бірге болып,

Орындалсын ең асыл арманыңыз!

Жадырасын, көңілің жарқырасын,

Бақытың бойындағы сарқылмасын.

100 ге жетіп немеренің ортасында,

Ешқашан қуанышың ортаймасын.

Көкпекті аудандық Қорғаныс бөлімінің ұжымы

Биғаш  ауылының  әкімі  Рауия  Алпысбайқызы  Нау-

рызбаеваны  15  шілдеде  зейнеткерлік 

жасқа толуымен құттықтаймыз!

Зейнеткерлік жасқа кеп шаттанасыз,

Әлі талай шыңдардан бақ табасыз.

Шын жүректен бәріміз құтттықтаймыз,

Көш керуенің ешқашан тоқталмасын.

Ақ ниетпен Биғаш ауылдық округі 

әкімшілік ұжымы

«АрСтройГарант»  ЖШС-не      В,  С,  Е  санатты  жүк  көлігінің 

жүргізушісі қажет.  Самар ауылы, тел.87773317733

Жиһаз құрастырушы, бөлшектерін жасаушы, азық-түлік дүкеніне 

сатушы қажет. Самар ауылы,тел.:8 777 315 69 39.

Жылқы сатамын (5 жасар).Бағасы 300 мың теңге.  Қараөткел ау-

ылы, тел.: 27-292, 8 771 203 78 16.

Сиыр (3 жасар), тайыншалар, бұзау,тай (1,5жасар) сатамын.Са-

мар ауылы, тел.25-277, 87052393986.

Шұғыл  түрде  2  бөлмелі  пәтер  сатамын,  бақшалық  орны  бар.

Бағасы  1  млн.  600  мың  теңге.  Самар  ауылы,  Пионер  көлденең 

көшесі, 16 «а», 17-пәтер, тел.:8 777 273 84 06, 25-481.

Арзан бағаға үй сатамын, шаруашылық құрылыстары бар.Самар 

ауылы, Красноармейский көшесі, 58, тел.:25-545,8 777 065 10 49

2000 жылы шыққан ВАЗ-2107 автокөлігін сатамын, ТЖЖ.Самар 

ауылы, Совет көшесі, 139,тел.:25-545,8 777 065 10 49






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал