Сорос-Қазақстан Қорының 20 жылдық қызметі АшыҚ ҚоғАмғА ҚАрАй



жүктеу 293.63 Kb.

бет3/4
Дата26.01.2017
өлшемі293.63 Kb.
1   2   3   4

Ювеналды әділет

2008 жылы СҚҚ қолдауымен маман-

дандырылған Ювеналды әділет жүй-

есінің құрылуы Қазақстанда құқықтық 

жүйені қалыптастырудың маңызды 

кезеңі болды. 2003 жылы Қор ювенал-

ды әділетті дамыту бойынша бастаманы 

жүзеге асыра бастады.  нәтижесінде 

кәмелетке толмаған жасөспірімдер-

ге арналған және олар қажетсінетін 

мамандандырылған заңгерлік көмекті 

алуға кепіл беретін әділ сот жүйесі 

қалыптасты. Қазақстанда Қор қаржы-

ландыруы арқылы жүргізілген зерттеу, 

кәмелетке толмаған азаматтардың 

қажеттіліктерін ескеретін жүйе аясын-

да жасөспірімдерді түрмеге қамаудан 

басқа баламалардың артқанын және 

жасөспірімдерге деген полиция және 

сот тарапынан қарым-қатынастың 

өзгергенін анықтады. 2006 жылы Со-

рос-Қазақстан Қорының қолдауы- 

мен іске қосылған пилоттық жоба 

аяқталғаннан кейін 2008 жылы үкімет 

ювеналды соттың ұлттық жүйесін қа-

лыптастыра бастады. Сорос-Қазақстан 

Қорының бастамалары Үкімет саясаты-

ның ювеналды әділетті орнатуға қарай 

өзгеруіне түрткі болып, Қазақстанның 

отандық тәжірибесін халықаралық 

міндеттерге сай өзгертуіне көмектесті. 

«Бұл жүйе Қазақстанның құқықтық 

жүйесіне айтарлықтай үлес қосқан Со-

рос-Қазақстан Қоры қызыметінің жемісі 

болып табылады», - деді Байгазина 

ханым.


2008 жылы СҚҚ 

қолдауымен 

мамандандырылған 

Ювеналды әділет жүйесінің 

құрылуы Қазақстанда 

құқықтық жүйені 

қалыптастырудың маңызды 

кезеңі болды.

22

телекоммуникациялық мұнара, Алматы. 

Фото: Павел Михеев. 

Ашық қоғАмғА қАрАй:



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

23

Конвергенттік журналистика 

1990 және 2000 жылдары Сорос-Қазақстан 

Қоры дәстүрлі хабар тарату форматынан 

онлайн форматына өту процесінің басын-

да тұрған басылымдарға, соның ішінде 

Navigator, Zonakz.net (орыс тілінде) және 

Qazaq.kz пен Arasha.kz (қазақ тілінде) 

сынды алғашқы тәуелсіз интернет БАҚ-қа 

қолдау көрсетті. Қор қолдауы аталмыш 

басылымдардың хабар таратуда онлайн 

форматқа көшуіне көмектесті. 

осы бағыттағы Қор жұмысының тағы 

бір әлеуетті жұмыстарының бірі  - жергілікті 

БАҚ-тың онлайнға көшуіне қолдау көрсету 

болып табылады. 2012 жылы Қор БАҚ-тар-

дың жергілікті жаңалықтарды тарату идея-

сына қолдау көрсетіп, сегіз қала бойынша 

10 жергілікті басылымға, атап айтқанда 

Қостанай қаласындағы «наша газетаға», 

Жезқазғандағы «Потробности», Ақтөбедегі 

рика тВ, Семейдегі «Спектрге», оралдағы 

«Уральская неделяға» және «Мой городқа» 

грант берді. Бұл аймақтық басылымдар 

жергілікті маңызы бар жаңалықтарды 

алғашқы болып хабарлайды, жергілікті 

билік өкілдеріне сұрақтар қойып, маңызды 

тақырыптарды ұлттық деңгейде көтереді. 

«Сорос-Қазақстан Қорының қолдауымен 

жасалған газетіміздің жаңа сайты оқырман-

дарымызға жедел, әрі кез келген уақытта 

аумақтың өмірі жайында ақпарат алуға 

мүмкіндік береді», - дейді «Подробности» 

газетінің бас редакторының орынбасары 

Юлия Высоцкая.

Қор аймақтық БАҚ-тың Android және 

IOS-ке арналған қосымшаларына көшуіне 

мүмкіндік беретін гранттар бөлді. 2012 

жылы Қордың қолдауымен «Мой город» 

басылымы аймақтық БАҚ-тардың алғашқы-

сы болып ұялы телефонға арналған сандық 

қосымшаны шығарды.  Қазіргі таңда бұл 

қосымшаға күніне 6000-нан аса адам кіреді. 

«Мой город» басылымының онлайн трафигі 

бұқаралық ақпарат құралдар нарығындағы 

бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан көп-

теген жергілікті жаңалықтар агенттіктерінің 

онлайн трафигінен әлдеқайда жоғары. 

«Бізге әлемді қара-ала түсте емес, шынайы 

қабылдаған маңызды. осы орайда, сайты-

мызға және сандық қосымшамызға кіретін 

адамдар қатарының күнен-күге артуы, 

ұстанымымыздың дұрыстығын дәлелдесе 

керек», - дейді Жанат нұғманова, басылым-

ның бас редакторы.



Тәжірибемен алмасу 

Қор пікір білдіру еркіндігін нығайту және 

кәсіби журналистік стандарттарды наси-

хаттау саласында жұмыс істейтін кәсіби 

ұйымдарды құруға көмек көрсетіп келді. 

Қор қолдауының арқасында сөз бостан-

дығын қорғаудың халықаралық «әділ Сөз» 

қоры, «Құқықтық бұқаралық ақпарат құрал-

дарының орталығы», «MediaNet халықара-

лық журналистика орталығы» ұйымдары 

қарқынды, табысты және тұрақты ұй-

ымдарға айналды. он жылдан астам уақыт 

бойы «әділ Сөз» ұйымы баспасөз бостан-

дығы құқықтарын бұзу фактілеріне монито-

ринг жасап, журналистерге жасалған ша-

буылдарға назар аударып, заңды кеңестер 

беріп, сотта журналистердің құқықтарын 

қорғап, құқықтары мен міндеттерін үйретіп, 

ұлттық деңгейде БАҚ-ты реттеу саласында 

реформаларды алға жылжытады. «әділ 

Сөз» қорының президенті тамара Калеева-

ның айтуынша, Сорос-Қазақстан Қорының 

20 жылдық жұмысын «білім беру, прогресс 

және қолдау» сөздерімен сипаттауға 

болады.  

БАқ


Қордың ерікті, жауапты және кәсіби БАҚ-ты дамытуы 

бойынша жұмысы дәстүрлі форматтан онлайн хабар таратуға 

көшу, техникалық сараптама мен кәсіпқойлықты арттыру 

және азаматтық қоғамның заңнама процестеріне әсер ету 

талпыныстарын қолдау қағидаларына негізделген. «Тәуелсіз 

БАҚ қоғамның дамуы мен өрлеуінің кепілі болып табылады», - 

деп санайды «Құқықтық медиа-орталығы» ҚҚ-ның директоры 

Диана Окремова.



Аймақтық басылымдар 

жергілікті маңызы бар 

жаңалықтарды алғашқы 

болып хабарлайды, 

жергілікті билік өкілдеріне 

сұрақтар қойып, маңызды 

тақырыптарды ұлттық 

деңгейде көтереді.

24

Қор, сонымен қатар, кәсіби және 

әлеуметтік-жауапты журналистиканы 

қалыптастыру жолында жұмыс істеп келе 

жатқан тәуелсіз Қазақстан Баспасөз клубы 

ұйымына қолдау көрсетіп келеді. Қор БАҚ 

үрдістері мен мәселелері талқыланатын 

пікірталас алаңдарын қолдайды. олардың 

қатарында Қазақстан Баспасөз клубымен 

ұйымдастырылатын Медиа Құрылтай, 

MediaNet ұйымымен өткізілетін орта-Азия 

Интернет форумы бар. Біз халықаралық 

тәжірибемен алмасу үшін аталмыш шара-

ларға шетелден келетін БАҚ саласындағы 

сарапшылардың шығындарын көтерсек, ха-

лықаралық конференцияларға қатысқысы 

келетін отандық журналистерге жол жүру 

гранттарын ұсынамыз.



Біліктілікті арттыру

Қор үшін журналистердің біліктілігін 

арттыру маңызды міндеттердің бірі болып 

саналады. осы мақсатта қор түрлі жо-

балар мен кәсіби жүйелерді қолдап, сол 

арқылы оларға көптеген журналистің қа-

тысуына мүмкіндік жасады. 2005 жылдан 

бастап СҚҚ-ның қолдауымен MediaNet 

журналистика мектебі кәсіби мамандар-

дың жаңа буынын тәрбиелеуге ықпал 

ету мақсатында 600-ден аса журналисті 

оқытып шығарды. «Қор гранттарының 

арқасында халықты шынайы ақпаратпен 

қамтамасыз ететін кәсіби және тәуелсіз 

журналистердің бірнеше буыны қалып-

тасты», - деді әділ Джалилов, MediaNet 

ұйымының негізін қалаушылардың бірі.

2010 жылы СҚҚ «Ашық Қоғам» 

жүйесінің өзге қорлары мен бағдар-

ламаларымен серіктестікте, аймақтық 

журналистік зерттеу мектебінің база-

сында журналистерге қаржы мәселесін 

жақсырақ жарықтандыруға көмектесу 

үшін мемлекеттік қаржы тақырыбында 

курс өткізді.  

2014 жылы «Ашық Қоғам» Қорының 

еуразия және медиа бағдарламаларының 

қолдауымен СҚҚ Қазақстан Баспасөз 

клубымен бірлестікте жаңа «iMedia 

мектебі» жобасын іске қосты. «Меніңше, 

Сорос-Қазақстан Қоры БАҚ нарығын да-

мытуда тек қана маңызды жүйелік жоба-

ларды жүзеге асырады», - деді Қазақстан 

баспасөз клубының президенті әсел 

Қарақұлова. «iMedia мектебі - Қазақстан-

дағы мультимедиялық журналис- 

тика сапасын жақсартып, тәуелсіз БАҚ 

жобаларының сапасының өсуіне атсалы-

сады».

2010-2012 жылдары Қордың қол-



дауымен азаматтық журналистиканың 

дамуы және қатысушылардың веб-сайт-

тар мен блогтарды іске қосуда қажет 

болатын машықтармен қамту үшін алты 

облыстық орталықта мультимедиялық 

форматта қазақ тілінде мақала жазатын 

200 журналистке арнап трениг өткізілді. 

«Сорос-Қазақстан Қорымен бірге, біз, 

сөз бостандығының дамуына елеулі 

үлес қостық», - дейді қазақ тіліндегі 

БАҚ-тың дамуымен айналысатын «Мін-

бер» қоғамдық бірлестігінің президенті 

есенгүл Кәп.

Сондай-ақ, Қор еркін медиа 

кеңістіктің құрылуына және оның сақта-

луына бағытталған  реформаларды 

ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін 

зерттеулерге қолдау көрсетеді. Мысал 

ретінде, БАҚ-қа мемлекеттік тапсырыс- 

тың әсерін зерттеумен айналысатын 

«Құқықтық медиа-орталық» Үеұ-ын 

айтса болады. орталықтың электрондық 

дерекқоры мемлекет қаржыландыратын 

ұлттық және жергілікті басылымдардағы 

материалдардың қамтылу ауқымын 

көрсетеді. нәтижесінде қоғамның ақпа-



БАҚ

Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан 

Мұхамеджановтың блогерлермен кездесуі, 

Жаңаөзен, 2011 ж. Фото: VoxPopuli

ратқа қолжетімділігі жақсарды, ал қоғам 

арасында БАҚ тиімділігі туралы пікірта-

лас қыза түсті. «Сорос-Қазақстан Қоры 

өзге донорлар қолдауға, қоғам көтеруге, 

талқылауға  жүрексінген тақырыптарды 

қолдайды. осының нәтижесінде азамат-

тық қоғамның белсенділігі артып, күрделі 

тақырыптарды талқылай бастайды, өз 

құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға 

ниеті пайда болады», - деп тұжырымда-

ды Құқықтық медиа-орталығының 

директоры Диана окремова.



Қор үшін журналистердің 

біліктілігін арттыру маңызды 

міндеттердің бірі болып 

саналады. Осы мақсатта 

қор түрлі жобалар мен 

кәсіби жүйелерді қолдап, 

сол арқылы оларға көптеген 

журналистің қатысуына 

мүмкіндік жасады.

СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

25

Бұқаралық ақпарат  

құралдарын реттеу

Қор азаматтық қоғамға заң шығару қызметі 

аясындағы пікірталастарға қатысуға көмек-

теседі. СҚҚ 2009 жылы азаматтық қоғам-

ның Интернетті реттеуге бағытталған заңды 

талқылау, ал 2013-2014 жылдары «әділ сөз» 

Қорының және «20-шы бап» коалициясының 

Қазақстанда баспасөз еркіндігін күшейту 

мақсатында Қылмыстық және Азамат-

тық кодекстерге өзгерту енгізу бойынша 

талпыныстарына қолдау көрсетті. осы 

бастамалардың маңызды нәтижелерінің бірі 

- журналистің заңды кәсіби қыз- 

метіне кедергі жасағаны үшін қылмыстық 

жауапкершілікті енгізу болды. Қор 2013 

жылы «Ашық Қоғам» Қорларының жаһанды 

бастамасының аясында «Қазақстанның 

Сандық Медиа Картасын» жасауға көмек-

тесіп, елде сандық жүйеге өту үрдісі қалай 

өтіп жатқандығын, оның БАҚ плюрализміне 

қалай әсер ететіндігін, БАҚ тұтастығын, 

журналистік әлеуетті талдау талпынысы 

жасалды. Бұл – қордың Қазақстанның 

сандық технологияларға көшу барысын-

дағы өрлеуі туралы пікірталасты орнатуға 

бағытталған 4 жылдық қызметінің өзіндік 

қорытындысы болды. Қор «теледидар және 

радио арқылы хабар тарату» заңнамасының 

өзгеруі жайындағы парламенттік пікірта-

ласқа азаматтық қоғам белсенділерінің 

қатысуын қолдады. нәтижесінде, аймақтық 

телеарналарға сандық хабар таратуға 

көшу барысында Үкімет тарапынан қолдау 

көрсетілетін болды. Сонымен қатар, ұлттық 

операторға тәуелді болмау үшін, жергілікті 

арналарға жеке мультиплекс ашуға рұқсат 

етіліп, бастама заңды түрде бекітілді.  

әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық Университетінің 

«Журналистика» факультеті магистрантының 

сұхбат алу кезеңі, Алматы, 2012 ж.  

Фото: Ден Кокс

Медиқұрылтай. Ақпараттық қауіпсіздік 

бойынша панельдік талқылау, Алматы, 2014 ж. 

Фото: Қазақстан баспасөз клубы



26

Аурухана қызметкерлері, Алматы.  

Фото: Владимир третьяков 

Ашық қоғАмғА қАрАй:



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

27

СҚҚ алғашқылардың бірі болып жазылмас 

дертке шалдыққан жандардың өмір сапасын 

жақсартатын Қазақстандағы денсаулық 

сақтаудың паллиативтік жүйесін және «есірт-

кінің зияндығын төмендету» бағдарламала-

рын іске қосты.

Қоғамдық денсаулық сақтау 

мектебі

Сорос-Қазақстан Қоры 1997 жылы қаланған 

күнінен бастап Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік даму министрлігінің қол астын-

дағы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары 

мектебіне ұйымдастырушылық қолдау 

көрсетіп келді. Қолдау, сондай-ақ, мектепті 

қазіргі заман жабдықтарымен қамтамасыз 

ету үшін бөлінген техникалық гранттар және 

қызметкерлеріне шетелдің жетекші меди-

циналық оқу орындарында қысқа және ұзақ 

мерзімді білім алуына мүмкіндік беретін білім 

беру гранттары түрінде көрсетілді. 

Сонымен қатар, қолдау Батыс елдерінің 

жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесе 

отырып, алдын алу медицинасы, медицина-

лық құқық, басқару және денсаулық сақтау 

экономикасы сынды бағыттар бойынша оқу 

бағдарламаларын жетілдіру арқылы жүзеге 

асты. «Білім беру бағдарламаларының 

жақсаруы және мектеп оқытушыларының 

кәсіпқойлығының артуы қор жобаларының 

нәтижесі болды», - дейді дәрігер, профессор, 

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мек-

тебінің құрылтайшысы Мақсұт Құлжанов.

Қор мектептің денсаулық сақтау сала-

сында қашықтықтан оқыту бойынша жасаған 

жұмысына қолдау көрсетіп, соның нәтиже-

сінде, мектептің оқыту бағдарламаларының 

әлдеқайда көп адамды қамтуына және 

денсаулық сақтау қызметкерлерінің барын-

ша көп санының біліктіліктерін арттыруына 

мүмкіндік тудырды. СҚҚ қашықтықтан оқыту 

жүйесінің инфрақұрылымын құруға гранттар 

бөліп, соның ішінде электрондық оқу мате-

риалдарын әзірлеу және мұғалімдер мен 

басшыларды дайындауды қаржыландырды.

Мектеп қызметкерлері алған білімдерін 

денсаулық сақтау аясында заңнамалар мен 

бағдарламаларды жасап шығару барысында 

негізгі лауазымды тұлғалар, жергілікті билік 

органдарымен ынтымақтастық орнатып, 

денсаулық сақтау бағдарламалары мен ден-

саулық басқаруды жүзеге асыруда ұлттық 

дәрежеде өз үлесін қосып келеді.

СҚҚ қолдауы Қазақстанның денсаулық 

сақтау жүйесін жетілдіруге ықпал етті. «Бұл 

бастамалар қазақстандықтардың өміріне ті-

келей болмаса да, жанама әсерін тигізді. Бұл 

саладағы бастамалар, денсаулық сақтаудың 

басқару жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтау 

ұйымдарында медициналық көмек көрсетуді 

ұйымдастыру, медициналық көмектің қол-

жетімділігін жақсарту, оның жаңа қағидала-

рын енгізу арқылы жүзеге асырылды», - дейді 

Құлжанов мырза.



Зальцбургтік семинарлар

Қордың гранттық бағдарламалары дәрі-

герлерге және басқа да денсаулық сақтау 

қызметкерлеріне Австрияның клиникала-

рында машықтанудан өтуге, дағдыларын 

жетілдіріп, халықаралық тәжірибе жинақтауға 

қоғАмДық ДЕНСАУЛық

Қордың денсаулық сақтау аясындағы жұмысы 

Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау мектебін қолдау 

және медицина қызметкерлеріне шетелде білім алуға 

гранттар беру арқылы оларды кәсіби дайындау саласының 

жақсаруына алып келді.



СҚҚ қолдауы Қазақстанда 

денсаулық сақтау жүйесін 

жақсартуға көмектесті.

28

мүмкіндік берді. Бұл бастама Қазақстанның 

денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге едәуір 

ықпал тигізді.

Қор 1998 жылдан 2003 жылға дейін 

педиатрия, кардиология, неонатология, 

гинекология, отоларингология, анестези-

ология, урология және жұқпалы аурулар 

саласындағы мамандарға 66 грант бөлді. 

Кейіннен бағдарлама қаржыландыру мен 

қолдауды қажет етпейтін халге дейін өсті. 

Бағдарлама аясында медицина қызметкер-

лерінің әлі күнге дейін австриялық клиника-

ларға баруына мүмкіндігі бар. Зальцбургтік 

семинарлар Қазақстан денсаулық сақтау 

жүйесінің дамуына тұрақты әсер етті. Дәрі-

герлер отанына жаңа білім, жаңа дағды-

лармен қаруланып келіп, емделушілеріне 

сапалы ем көрсете білді.

Залалды төмендету

Сорос-Қазақстан Қорымен қаржыланды-

рылған залалды төмендету бағдарламасы 

есірткіні пайдалануға байланысты туын-

даған теріс салдарды төмендетуге көмек-

теседі. Бұл ретте Қор аталмыш бастамалар 

денсаулыққа тигізетін қауіптерін әсте жой-

ып тастай алмағанымен, қолданушыларға 

және жалпы қоғамға тәуекелдерді азайту 

бойынша практикалық құралдар ұсынады 

деген қағиданы ұстанды.

Қазақстан республикасының Денсау-

лық сақтау және әлеуметтік даму министр-

лігі, ЖИтС республикалық орталығымен 

бірлесіп, АИВ / ЖИтС, С гепатиты сияқты 

аурулардың таратылуын тоқтату үшін Қор 

қаржыландыратын бағдарламалар инъ-

екциялық есірткі қабылдаушыларды (ИеҚ) 

қамтыды.

«Бұл салада Сорос-Қазақстан Қоры 

пионерлердің бірі», - дейді «АИВ / ЖИтС 

саласында және нашақорлармен жұмыс 

жасаушы Қазақстандық ұйымдар қауымдас- 

тығы» ЗтБ басшысы татьяна родина. Қор 

2003 жылы қоғамдық денсаулық сақтау 

ұйымының күн тәртібіне залалды төмендету 

сұрақтарын енгізуі мақсатында инелер-

мен алмасу бойынша пилоттық жобаны 

қаржыландырды. нәтижесінде бүгінде 

Қазақстанның барлық облыстарында ине 

мен шприцтерді айырбастау орны бар. Бұл 

жайт қоғамның денсаулығына төнуі мүмкін 

қауіптерді барынша азайтуға көмектесті. 

«Біз есірткі пайдаланудан туындайтын 

зияндардың, әсіресе, АИВ індеттерінің 

таралуын төмендетуге тырысудамыз», - деп 

жалғастырды родина ханым. ол басқарып 

отырған ұйым 2004 жылы СҚҚ қолдауымен 

құрылып, енді өзін-өзі қаржыландыруға 

көшіп отыр. «Қазіргі таңдағы басты мәселе 

қауіпті төмендету болып отыр. Бағдар-

ламаның арқасында көптеген адамдар 

Қазақстан ауруханасындағы балалы аналар. 

Фото: Ulrich Baumgarten/ Getty Images 



ҚоғАмДыҚ ДеНСАУЛыҚ

Зальцбургтік семинарлар 

Қазақстан денсаулық сақтау 

жүйесінің дамуына тұрақты 

әсер етті. Дәрігерлер 

отанына жаңа білім, жаңа 

дағдылармен қаруланып 

келіп, емделушілеріне 

сапалы ем көрсете білді.

СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

29

ауруларды жұқтырмады. Бұның әлеуметтік 

мәні өте жоғары».

паллиативтік көмек

Өміріне қауіп тудыратын ауруларға шалдыққан 

адамдар үшін жасалған паллиативтік көмек 

көрсетудің мамандандырылған жүйесін ендіру 

СҚҚ қоғамдық денсаулық сақтау саласын-

дағы жұмысының ұзақмерзімді мұрасы болып 

табылады. Паллиативтік көмек емделушілердің 

және олардың туыстарының өмір сапасын 

жақсартып, олардың құқықтарының, абы-

ройларының және теңдіктерінің сақталуына 

ерекше көңіл бөледі. Жүйе симптомдарды 

бақылауды және емделушілердің ауруларын 

жеңілдетуді қамтамасыз ете отыра, олардың 

туыстарына психологиялық қолдау көрсетеді. 

2008 жылы Қор Қазақстанның паллиативтік 

көмек көрсету саласына ахуалдық талдау 

жүргізуін қаржыландырып, нәтижесінде, 

адвокация, оқыту, біліктілікті арттыру арқылы 

заманауи стандарттарды енгізу қажеттілігін 

анықтады. 2009 жылы паллиативтік көмек 

түсінігі Қазақстан республикасының «Халықтың 

денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі 

туралы» Кодексіне енгізілді, ал 2010 жылы 

қағаз бетіне жазылған ұлттық стандарттарды 

жасап шығару мақсатында СҚҚ, Денсаулық 

сақтау министрлігі, Қазақстанның қоғамдық 

денсаулық сақтау жоғарғы мектебі және 

қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы 

сарапшылардан тұратын жұмыс тобы құрылды. 

Паллиативтік көмектің ұлттық стандарттары 

өз күшіне енген 2013 жыл денсаулық сақтау 

жүйесіндегі нәтижелі жылдардың бірі болды.

Мемлекет бойынша денсаулық сақтау 

тәжірибесіне паллиативтік көмек көрсету 

жүйесін толықтай ендіру үшін көп уақыттың 

қажеттілігіне қарамастан, жазылмайтын 

ауруға шалдыққан адамдарға, олардың 

қажеттіліктеріне сай - хоспистен бастап емха-

налық көмекке дейін әртүрлі қызметпен қамту 

бойынша үкімет міндеттемесі пайда болды.

Сонымен бірге, әлі күнге дейін СҚҚ 

қолдауын талап ететін науқастардың үйіне 

баратын, көпсалалы жедел бригадалар бар. 

«Паллиативтік көмек көрсету жүйесін және 

оңалтуды енгізу мыңдаған жазылмайтын 

науқастарға қажетті медициналық көмекке 

қол жеткізуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде 

олардың өмір сүру сапасы айтарлықтай жақ-

сара түсті», - деді Құлжанов мырза. 

«СҚҚ халыққа көмек көрсетудің ме-

дициналық және әлеуметтік салаларының 

дамуына айтарлықтай қарқын енгізді», - дейді 

Гүлнар Күнірова, 2013 жылы СҚҚ қолдау- 

ымен құрылған паллиативтік көмек көрсету 

қауымдастығының президенті. «Қордың 

өзінен бастау алған немесе оның көмегімен 

жүзеге асырылған жобаларының арқасында, 

паллиативтік көмек көрсетудің философиясы 

үкіметтік емес сектордан Үкімет пен Парла-

мент деңгейіне дейін ене бастады».

Паллиативтік көмек көрсетудің қағи-

дасы – емделушілер мүмкіндігінше ұзақ 

әрі жақсы өмір сүруі тиіс дегенді білдіреді. 

Бұл – емделушілердің және олардың 

отбасыларының өмір сүру сапасына 

жағымды әсер етеді. «топтың көрсеткен мей-

ірімділігіне, қамқорлығына үлкен алғысымды 

білдіргім келеді», - дейді аталмыш көмекті 

алған равия Күрепанова. «осы адамдардың 

арқасында мен өзімді әлдеқайда жақсы 

сезініп отырмын. енді мен жалғыз емеспін». 

 

Қарағанды қаласындағы хоспис.  



Фото: VoxPopuli 

Паллиативтік көмек 

көрсетудің қағидасы – 

емделушілер мүмкіндігінше 

ұзақ әрі жақсы өмір сүруі 

тиіс дегенді білдіреді. Бұл 

– емделушілердің және 

олардың отбасыларының 

өмір сүру сапасына 

жағымды әсер етеді. 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал