Сорос-Қазақстан Қорының 20 жылдық қызметі АшыҚ ҚоғАмғА ҚАрАй



жүктеу 293.63 Kb.

бет2/4
Дата26.01.2017
өлшемі293.63 Kb.
1   2   3   4

БіЛім БерУ

«ZhasCamp» жастар неконференциясының қатысушылары 2014 ж.  

Фото: Қазақстан жастарының ақпарттық қызметі ұйымы (МИСК)

Студент қыз. Алматы. Фото: СҚҚ



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

13

ахуалдық талдау жүргізу жұмыстарын 

қаржыландырды.

2011 және 2012 жылдары СҚҚ бүкіл 

республика бойынша аймақтық дәреже-

де білім беру саласында саясаттар мен 

қаулыларды енгізуге жауапты мемлекеттік 

қызметкерлерге арналған инклюзивтік 

білім берудің сәтті үлгілері жайлы оқы-

тып-үйрететін, «мектепті инклюзивтік ету 

үшін не істеу қажет және мұғалімдерді 

даярлау және қайта оқыту жүйесі қалай өз-

гертілуі тиіс» сынды практикалық сұрақтар-

ды шешуде кеңес беретін  семинарлар 

топтамасын ұйымдастырды. 

Қор 2012-2014 жылдар аралығын-

да Ақмола облысының бес мектебінде 

пилоттық негізде жүргізілген инклюзивтік 

жобаларды қолдады. Жоба аясында мек-

тептерін инклюзивтік мектепке айналдыру 

бойынша жоспарларды дайындау жұмысы 

мұғалімдердің өздеріне артылды. СҚҚ 

ауыл мектептерінде инклюзивтік білім беру 

бастамасын қолдау мақсатында грант-

тар бөлді. Сонымен қатар, мұғалімдерге 

инклюзивтік білім беру бойынша тре-

нингтердің өткізілуін қаржыландырды. 

Қор мүмкіндігі шектеулі балалардың 

сапалы білім алуға қолжетімділігін артты-

руға бағытталған бастамаларға қолдау 

көрсетеді. нақты айтсақ, СҚҚ аутизм 

бойынша орта-Азия Желісіне www.inclusion.

kz – мамандар мен ата-аналарға арналған 

инклюзивтік білім бойынша материалда-

рынан тұратын веб-сайтын жасауға грант 

бөлді. Қор ерекше қажеттіліктері бар ба-

лалардың инклюзивтік білім алу жолында 

біржақты көзқарасты төмендету міндетіне 

үлкен жауапкершілікпен қарайды.  осы 

ретте, осал топтардан шыққан балалар-

дың білім алуға басқалармен бірдей тең 

құықтары бар деген пікірді қалыптастыру 

мақсатында журналистерге арналған 

гранттық байқау ұйымдастырды. Барлық 

балалардың сапалы білім алу құқығына 

қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қа-

зақстан әлі де талай белестерді бағындыру 

керек. Дегенмен, біздің осы саладағы бел-

сенді жұмысымыз инклюзивтік білім беруді 

еліміздің күн тәртібінің жоғарғы сатылары-

на шығаруға мүмкіндік берді деп сенеміз.

Инвотакси. Қарағанды, 2014 ж. Фото: VoxPopuli



Барлық балалардың сапалы 

білім алуға тең құқығы бар 

деген қағиданы ұстанған 

СҚҚ инклюзивтік білім беру 

идеяларын жылжытуға 

көмектесті. 

14

оҚо-дағы ауыл бюджетін талқылау, 2014 ж. 

Фото: Шолпан Айтенова

Ашық қоғАмғА қАрАй:



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

15

«осы жылдар ішінде СҚҚ еліміздің демокра-

тия жолында дамуына өзінің елеулі үлесін 

қосып келді», - дейді Кирилл осин, энерге-

тикалық ресурстарға бай Қазақстанның ба-

тысында орналасқан «Эко Маңғыстау» Үеұ-

ның директоры. «Қор қолдауымен үкімет, 

бизнес және қоғамдық ұйымдар арасында 

диалог орнату механизмі қалыптасты. Бұл - 

белсенді қоғам және ашық, жауапты үкімет 

қалыптастыруға мүмкіндік берері сөзсіз».

Өндіруші салалардың 

ашықтық бастамасы  

СҚҚ Қазақстанда алғашқылардың бірі 

болып мұнай және газ салаларының 

ашықтығы мен есептілігінің маңыздылығы 

туралы айта бастады. 2004 жылы Қор 

«Kazakhstan Revenue Watch» бағдарламасын 

іске қосты. Бағдарлама «Мұнай кірістері 

қоғамның бақылауында болсын!», «Аза-

маттық Құрылтай» және «Айқындық» атты 

коалицияларды қолдау арқылы табыстар-

дың ашықтығын насихаттайтын қоғамдық 

бастамаларды құруға көмектесті. 2005 

жылы Қазақстан Қор және оның серіктес- 

терінің көмегімен есептіліктің халықаралық 

стандарты болып табылатын Өндіруші 

салалардың ашықтық бастамасына (ӨСАБ) 

қосылды.

ӨСАБ аясында өндіруші компаниялар 

өздерінің бюджетке төлеген салықтық 

және салықтан тыс төлемдерін ашық түрде 

жариялайды, ал үкімет өз тарапынан осы 

салалардан түскен түсімдер бойынша есеп 

береді. нәтижесінде үшінші жақ өндіріс са-

лалары мен үкіметтің мәліметтерін салысты-

ру мүмкіндігін алады.  2013 жылы Қазақстан 

тағы да бір маңызды асуды бағындырып, 

ӨСАБ-ның ізбасар-елі мәртебесін алды.

«Қордың Қазақстанда ӨСАБ жүзеге 

асырылуын қолдауы - осы бастаманың 

кең таралуына мүмкіндік туғызды», - дейді 

Павел Лобачев, «Эхо» Үеұ-ның директо-

ры. СҚҚ елімізде ӨСАБ-ның жүзеге асуын 

бақылайтын ұлттық кеңесінің жұмысына 

азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуын 

қаржыландырды. «Мемлекеттік деңгейде 

құрылған көптарапты органның құрамын-

да азаматтық қоғам өкілдері толыққанды 

дауысы бар шынайы және тең құқылы 

мүшесіне айналды. Бұл саладағы ақпарат 

әлдеқайда ашық болып келе жатыр», - 

дейді ол. 

осы саладағы процестер қоғамның 

назарын өндіруші компаниялардың, әсіресе, 

энергетикалық ресурстарға бай Батыс 

Қазақстанда орналасқан компаниялардың 

жұмысына аударып, жергілікті қауымдас- 

тықтармен әрекет жасауға бағыт алған 

бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жақ-

сартты.   

Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесіне 

қатысу арқылы азаматтық қоғам өкілдері 

энергетикалық компаниялардың қаржы-

ландырған әлеуметтік инфрақұрылым 

объектілеріне жасалатын мониторингке 

қатысу мүмкіндігін алды. Сондай-ақ жаңа 

жобаларға қатысты шешім қабылдау про-

цестеріне қатыса алды.  

Аталмыш Кеңестің компаниялардың 

кірістері туралы есептерді жүйелі түрде 

жариялауы өндіруші салалардан түсетін 

табысты меңгеруде едәуір ашықтыққа қол 

жеткізуді мүмкін етті. Ашықтықтың инвес- 

БАСқАрУ

Сорос-Қазақстан қоры ұзақ жылдар бойы бюджеттің 



ашықтығы  мен есептілігі және қоғамды бюджеттік 

процеске тарту бастамаларын қолдап келеді. Біздің 

есептілікті және осы саладағы үздік тәжірибелерді 

енгізу жолындағы жұмыстарымыз елімізге жағымды әрі 

ұзақмерзімді әсерін тигізді, болашақта да өз жемісін береді 

деп сенеміз.



ӨСАБ Қазақстандағы 

жағдайды айтарлықтай 

өзгертіп, өндіруші 

салалардан түсетін 

табыстарды басқару 

саласынды есептіліктің 

дамуына көмектесті.

16

торлар үшін маңызы зор болғандықтан, 

осындай бастамалар елімізде ұзақмерзімді 

және тұрақты инвестициялық ахуалдың 

орнауына мүмкіндік береді. Қазақстан үшін 

ӨСАБ жағдайдың өзгеруіне әсер еткен 

шара болды, және де ол энергетика сала-

сынан келіп түскен табысқа байланысты 

мемлекеттік есептілікті орнатуға белсенді ат 

салысты.


Азаматтық бюджет

Мемлекеттік қаржыға қоғамдық бақылауды 

жақсарту саласындағы СҚҚ жұмысының 

тағы бір маңызды мұрасы ретінде Азамат-

тық бюджет бастамаларының жүзеге асы-

рылуын айтуға болады. Бұл жоба респуб- 

ликалық және жергілікті бюджетті маман 

емес адамдардың түсіне алатын форма-

тында жасауды көздеді. Бастама ақпарат 

ашықтығын арттырумен қатар, қоғамның 

бюджеттік процестерге қатысуын қамтама-

сыз етеді. Азаматтық бюджетті енгізу үшін 

СҚҚ Қаржы министрлігімен, Халықаралық 

бюджеттік серіктестікпен, Қазақстанның 

ұлттық бюджет желісінің (ҚұБЖ) мүше-

лерімен және де Үеұ коалициясымен бірігіп 

жұмыс жасап келеді.

2011 жылы үкімет азаматтық бюджет-

терді іске асыруды мүмкін ететін заң қабыл-

дады. Бүгінде мемлекеттік органдардың 

барлығы дерлік - министрліктер мен жер-

гілікті атқарушы органдардан құқық қорғау 

органдарына дейін, өз веб-сайттарында 

қолданушыға түсінікті түрде Азаматтық 

бюджеттерін жариялайтын болды. осының 

арқасында мемлекеттік шығындарды аза-

маттық бақылауға алу мүмкін болып отыр.

Сонымен қатар бюджеттік процестің 

барлық дерлік кезеңдерінде үкімет қолда 

бар құжаттардың – бюджеттік  есептер-

ден дайын аудиторлық есептерге дейін 

ұсынылуын қамтамасыз етеді. Бұл жоба 

(СҚҚ «Мемлекеттік қаржының ашықтығы» 

бағдарламасы аясында жүзеге асырылып 

келді) азаматтардың мемлекеттік шығыс-

тарға мониторинг жасауына, сонымен 

қатар, бюджетті қоғам қажеттіліктерімен 

талқылау процесіне үлкен әсер етті.

 

жергілікті бюджеттердің 

ашықтық индексі

Жергілікті бюджеттердің ашықтық 

индексі (ЖБАИ) СҚҚ және Қазақстанның 

ұлттық бюджеттік желісімен әзірленіп, 

жалпы бюджеттік есептіліктің жақсаруын, 

сондай-ақ аймақтық және республикалық 

деңгейдегі бюджеттік процестерге қоғам-

ның қатысуын ынталандыруды мақсат 

тұтады. осы мақсатқа жету үшін елдің 14 

облысы мен екі бас қаласы - Астана мен 

Алматыда бюджетке байланысты зерттеу-

лер жүргізіліп, соңында олардың ашықтық 

тұрғысынан саралау жасалады. ЖБАИ-дің 

алғашқы рейтингі 2011 жылы жарияланды 

және қазіргі уақытта өзін аймақтарда жер-

гілікті бюджеттің шығыс бөлігін салыстыр-

малы бағалау және әр аймақтың ашықтық 

және есептілік деңгейін анықтау инстру-

менті ретінде бекітті. 

Индекс арқылы бүкіл ел бойынша 

бюджеттік процестердің ерекшеліктері 

анықталып, қай өңірлер өз азаматтарына 

оған қатысудың көбірек мүмкіндіктерін 

беретінін айқындауға көмектеседі. Айналып 

келгенде, индекс жергілікті құрылымдар-

дың ақпаратқа қолжетімділікті жақсартуға 

негізделген. «Бюджетті әзірлеу мен оларды 

орындау барлық адамдарға, әсіресе, 

осал топтардың өкілдеріне әсерін тигізеді. 

Экономикалық тұрғыдан алғанда бюджетті 

орындауға қоғамдық мониторинг  жүргізу 

қаражаттың мақсатты пайдалануына және 

мемлекеттік дамыту бағдарламаларының 

БАСҚАрУ

Бұл жоба мемлекет 

шығыстарына мониторинг 

жасау, сонымен қатар, 

бюджетті талқылау 

процесіне азаматтарды 

тартуға үлкен үлес қосты.

Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны.  

Фото: Джоанна Лиллис


СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

17

тиімділігінің артуына мүмкіндік береді», 

- дейді Жәнібек Хасан, «Зерттеу» ғылы-

ми-зерттеу институтының  директоры. 



жергілікті өзін-өзі басқару

Қор Қазақстанның жергілікті өзін-өзі басқа-

руды дамыту бағытындағы талпынысын 

1996 жылдан бастап қолдап келеді. Қор 

Үкімет өзінің орталықсыздандыру бастама-

ларын өрістеткен сайын қолдау көрасетуді 

жалғастыра беруде. 

Біздің бастамаларымыздың арасында 

жергілікті деңгейдегі бюджет процестеріне 

қауымдастықтарды тартуды насихаттау 

аса маңызды орынға ие. осы арқылы біз  

жергілікті қауымдастықтар бюджетке бай-

ланысты шешімдерді қабылдауға белсене 

қатысып, бюджеттік қаражатты пайдала-

нуда жергілікті билік өкілдерімен ортақ 

жауапкершілікті бөліскенін қалаймыз.  

СҚҚ Қаржылық орталықсыздандыру 

(децентрализация) бастамалары бойынша 

ұлттық экономика министрлігімен бірі-

гіп жұмыс жасайды. Жұмыс барысында 

қауымдастық өкілдері бюджетті бағалау 

әдістерін үйреніп, өз құқықтары мен міндет-

тері жайында ақпарат алады. 

Жергілікті өзін-өзі басқару бастама-

сы аясында жергілікті биліктің бюджетті 

қалыптастыру және оны үлестіру бойынша 

өкілеттіліктері көбейгендіктен, Қор осы 

қаржыны меңгеруге керекті механизмдерді 

құруда азаматтық қоғамның дауыс құқығы 

болғанын қалайды.



Электрондық үкімет

2002 және 2006 жж. Қор Шығыс-Қа-

зақстан облысындағы «Ашық  қала» 

жобасын қаржыландырды. осы арқылы 

үкіметтің Қазақстанда электрондық үкіметті 

алға жылжыту жұмысына қолдау көресетті. 

Жоба нәтижесінде Өскемен қаласы әкімдігі 

мен маслихатының ресми сайты әзірленіп, 

жарияланды.  «Жергілікті өзін-өзі басқа-

руды дамыту орталығы» қоғамдық қоры 

жүзеге асырған аталмыш аймақтық баста-

ма аясында жергілікті билікпен халық ара-

сындағы екіжақты байланысты қамтамасыз 

ететін тиімді, онлайн жүйесі  құрылып, 

басқа өңірлерге арналған электрондық 

үкімет моделі әзірленді. осы бастама 

еліміздің дамуына ұзақмерзімді ықпал 

жасады және қазір электрондық үкімет ел 

өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.

Біздің бастамаларымыздың 

арасында жергілікті 

деңгейдегі бюджет 

процестеріне 

қауымдастықтарды 

тартуды насихаттау аса 

маңызды орынға ие. Осы 

арқылы біз  жергілікті 

қауымдастықтар бюджет 

сұрақтарына байланысты 

шешімдерді қабылдауға 

белсене қатысып, бюджеттік 

қаражатты пайдалануда 

жергілікті билік өкілдерімен 

ортақ жауапкершілікті 

бөліскенін қалаймыз.  

Мұнайы бар цистерналар, БҚо.  

Фото: Дэвид триллинг


18

Адам құқықтары туралы брошюралар.  

Фото: әсел әбдрахманова

Ашық қоғАмғА қАрАй:



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

19

Адам құқықтары мен заңды сақтаудың Қа-

зақстан халықаралық бюросының басқар-

ма төрағасы евгений Жовтистің айтуынша: 

«адамзаттың дамуы туралы біздің (қормен) 

көзқарасымыз ортақ. Яғни, біз үшін адам 

құқықтары қоғамның негізін қалаушы 

қағидат, ал адам арын құрметтеу түбегейлі 

фактор болып саналады». Біздің осы сала-

дағы жетістіктерімізге Қазақстанда адам 

құқықтарын қорғауды жақсарту бойынша 

халықаралық эдвокаси талпыныстарын 

қолдау, эдвокаси кампанияларын жүр-

гізушілердің әлеуетін арттыру және адам 

құқықтары бойынша білім беру арқылы 

қоғамның ақпараттылығын арттыру жата-

ды. Біз жаңашыл әдістерді қолдану арқылы 

әділ сот жүйесінің жетілуіне өз үлесімізді 

қостық, соның нәтижесінде, жасөспірім-

дердің ерекше талаптарын ескеретін 

ювеналды әділет жүйесі құрылды.

Әлеуетті  арттыру  

Мемлекет ішінде де, халықаралық 

деңгейде де құқық қорғаудың қажетті 

дағдыларына ие құқық қорғаушылар мен 

белсенділердің жаңа толқынын тәрби-

елеуге бағытталған бастамаларға Қор 

жүйелі түрде қолдау көрсетеді. Біз жас 

құқыққорғаушылар мен белсенділерге 

арналған оқыту жобасын ұйымдасты-

руды жалғастырудамыз. Жоба аясында 

олар адам құқықтары саласында зерттеу 

жүргізуді, үкіметке өз ұсыныстарын ұсы-

нуды, сонымен қатар, адам құқықтарын 

қорғаудың халықаралық механизмдерін 

пайдалануды үйренеді. 2014 жылы 

аталмыш курс 10 белсенді үшін жүр-

гізілді. Курс барысында олар тәлімгер-

лердің басшылығымен адам құқықтары 

бойынша сапалы сараптамалық баян-

дамалар жасауды үйренді. Курстың бес 

қатысушысы халықаралық құқық қорғау 

механизімдеріне қатысты. оның ішінде 

2014 жылғы Бұұ-ның Қазақстан бойын-

ша адам құқықтары жөніндегі Кеңестің 

дүркіндік шолу отырысы да бар.

«Курстың пайдасы зор болды», - 

дейді тренинг қатысушысы роман реймер. 

«Біріншіден, ол білімімізді құрылымдауға 

мүмкіндік беріп, адам құқықтарын қорғау- 

дың ішкі және халықаралық меха-

низімдерін түсінуге көмектесті. Біз курс 

барысында халық алдында сөйлеу және 

байланыс орнату шеберлігімізді арттыр-

дық, сараптамалық құжаттар дайындауды, 

заманауи амалдарды қолдануды үйрен-

дік». реймер мырза мүмкіндігі шектеулі 

адамдардың әділ сотқа қолжетімділігі 

тақырыбын мұқият зерттеп шықты: «өз 

аймағымдағы жағдайдың өзгеруіне үлес 

қосуым үшін осы жобаны іс жүзінде жүзеге 

асыруым тиіс», - деп қорытындылады ол.

Халықаралық адвокация 

(эдвокаси)

Қор халықаралық дәрежеде адам құқықта-

рын қорғау бойынша жұмыс атқаратын 

белсенділердің талпыныстарын қолдайды. 

олар адам құқықтары аясында үкімет өзіне 

алған жауапкершілікті қаншалықты атқара-

тындығын бақылап, азаматтық қоғамның 

рөліне ерекше назар аударып, осы жауап-

кершіліктерді жүзеге асыруда кездесетін 

кемшіліктерді анықтап, жағдайды өзгерту 

бойынша ұсыныстар жасайды.

Қор, Үеұ-ның және жеке белсен-

ділердің Бұұ адам құқықтарын қорғау 

бойынша Кеңестің әмбебап шолуы; Бала 

құқықтарын қорғау бойынша Бұұ Комитеті; 

Бұұ әйелдерге қатысты кемсітушіліктің 

барлық нысандарын жою туралы конвен-

циясы; Бұұ Азаптауларға қарсы комитеті; 

Азаматтық және саяси құқықтар тура-

лы халықаралық пакт; Экономикалық, 

әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы 

АДАм қҰқықТАры

Ашық қоғам құндылықтарының негізінде адамның басты 

құықтары мен бостандықтары жатыр, сондықтан адам 

құқықтарын қорғау бойынша бастамаларды қолдау 

қызметіміздің негізгі бағыты болып табылады.



Мемлекет ішінде де, 

халықаралық деңгейде 

де құқық қорғаудың 

қажетті дағдыларына ие 

құқыққорғаушылар мен 

белсенділердің жаңа 

толқынын тәрбиелеуге 

бағытталған бастамаларға 

Қор жүйелі түрде қолдау 

көрсетеді.

20

халықаралық пакт сияқты құқық қорғау 

механизімдеріне қатысуын қолдайды. осы 

халықаралық механизмдерге қатысатын 

азаматтық қоғам өкілдері заң үстемдігі, 

азаматтық және саяси бостандық, әлеумет-

тік-саяси құқықтар саласында өзгерістер 

енгізу керектігін анықтап, айтып жатады. 

Қор отандық және халықаралық 

құқық қорғау және эдвокаси қызметтерін 

көрсету жолында әрдайым жетекші рөл 

атқарып келе жатқан Адам құқықтары мен 

заңды сақтаудың Қазақстан халықаралық 

бюросына институционалдық қолдау көр-

сетті. Қазақстанның Үеұ-дары коалициясы 

сияқты топтар арқылы Бюроның азамат-

тық қоғамды адвокациялық қызметке 

тарту талпыныстарына қолдау жасадық. 

Қазақстанның Үеұ коалициясы баянда-

малары әмбебап дүркін шолу отырыста-

рында, саяси бостандық (сөз, ар-намыс 

және ассоциациялар бостандығы) және 

осал топтардың құқықтық салаларындағы 

(сонымен қатар, мигранттардың және адам 

саудасы) маңызды кемшіліктеріне назар 

аударды. СҚҚ мәжбүрлеп және жастай-

ынан үйлендіру, әйелдерге көрсетілетін 

зомбылық сияқты сұрақтарға аса ден 

қоятын әйелдерге қатысты кемсітудің 

барлық нысандарын жою туралы Конвен-

ция (әҚКнЖК) бойынша есеп әзірлеуде 

азаматтық қоғамның қатысуын қолдады 

және де Қазақстан Үеұ-ның азаптауға 

қарсы Коалиция бастамаларын қолдап, 

осы саладағы эдвокаси қызметтері арқылы 

айтарлықтай жетістіктерге жетті. Мысалы, 

2013 жылы Үкімет Азаптауларға қарсы ұлт-

тық сақтандыру (превентивный) механизмін 

қабылдады.

Адам құқықтары саласында 

білім беру

1994 жылы СҚҚ мектептер базасында 

мақсаты жастар арасында адам құқытары 

бойынша білімді арттыру болып табылатын 

инновациялық оқыту жобасын құрды. Қор 

заң факультетінің студенттерін оқытып, 

кейінен олардың мектептерде адам 

құқықтары бойынша семинарларды өткізе 

алулары үшін дайындайтын Street Law-Ка-

зақстан қауымдастығының құрылуына 

қолдау көрсетті. оқыту барысында ой-

талқы, сахналық сот процестері сияқты 

жаңашыл әдістер қолданылды. Жоба 

студенттерді тартып, қызығушылықтарын 

оятып, олардың арасында ой талқысын 

АДАм ҚҰҚыҚТАры 

Құқыққорғаушылардың қатысуымен 

баспасөз конференциясы, Алматы, 2014 ж. 

Фото: Джоанна Лиллис

Сахналық сот отырысы.  

Фото: СҚҚ

тудырды. нәтижесінде жоба қатысушы-

лары негізгі құқықтардың қарапайым 

адамдардың өміріне қалай қатысты екені 

туралы өз тұжырымдарын жасады. «олар-

дың көптеген мәселелерге байланысты 

көздері ашылды. Өздерінің қажеттілігін 

түсінді. Жоба өз мақсатына жетті»,- дейді 

Айжан Мухтарова, Street Law-Казақстан 

қауымдастығының директоры. Яғни, жоба 

оған қатысқан мыңдаған студенттердің 

азаматтық сана-сезімін нығайтты. Студент-

терді оқытудан бөлек, Street Law-Казақстан 

мұғалімдерге арналған семинарлар өткізіп, 

адам құқықтары бойынша оқулықтар топ-

тамасын жариялады. Аталмыш оқулықтар 

үкімет рұқсатымен мектептерде пайдала-

нылды. Street Law-Казақстан тренингтері 

мен семинарлары кәмелетке толмаған 

жастарды бейімдеу орталықтарында және 

әлуметтік тұрғыдан қорғалмаған бала-

ларға арналған мекемелерде өткізілді. Бұл 

- қоғамның осал топтарын өз құқықтары 

мен міндеттері туралы ақпараттандыру үшін 

жасалды. «Жоба Қазақстанда азаматтық 

қоғамның құрулуына үлкен үлес қосты деп 

сенемін», - деді Василий Зенов Street Law 

жобасының тренері, заңгер.

1998 жылы Қор Алматы қаласының 

Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің 

жанында заң факультеті студенттерінің қа-

тысуымен «заң клиникалары» атты жобаға 

қолдау көрсетті. Жоба Қазақстанда тегін 

заңгерлік көмек көрсету тұжырымдама-

сын қалыптастыруға ықпал етті. Ал 2013 



СороС-ҚазаҚСтан Қорының 20 жылдыҚ Қызметі

21

Адам құқықтары күнін атап өту барысында 

жастармен кездесу, Алматы, 2013 ж.  

Фото: әсел әбдрахманова 

жылы мемлекет әр азаматқа қылмыстық, 

әкімшілік және азаматтық істер бойынша 

тегін заңгерлік көмек алуға құқық беретін 

кепілді заңгерлік көмек жайында Заң 

қабылдады. Алматы қаласының заңгерлер 

коллегиясының заңгері Гүлнар Байгазина-

ның айтуынша «адамдар бұндай көмекке 

зәру, бірақ кез келген адамның заңгер 

жалдауға мүмкіндігі жоқ».



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал