Соңы 5-бетте) (Соңы 6-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



жүктеу 0.6 Mb.

бет1/8
Дата06.02.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Баспасөз — 2017

Интернет-конференция



(Соңы 5-бетте)

(Соңы 6-бетте)

Ақпарат


Бүгінгінің бас тақырыбы

АҢДАТПА

8-бет

4-бет

№108 (2886) 30 қыркүйек 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу басталғанын 

естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:



Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы 

«Дауыс» жүйесі ар қы лы 

жазы лу ла ры ңызға болады.

ЕГЕМЕНДІК ЕСЕЙТКЕН 

ҚҰРЫЛЫМ


Сәті түскен сұхбат

  Жанділдә ЖАҚЫПОВ, 



Халықаралық құқық қорғау 

орталығының президенті, 

жаттықтырушы-медиатор:

«ДАУДЫ ШЕШУДІҢ 

БАЛАМА ЖОЛЫН 

ЕНГІЗУ – ҚҰҚЫҚТЫҚ, 

ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ 

МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН»

Қосымша қаражатты алушы құзырлы орындар­

дың көшін Инвестициялар және даму министрлігі 

бастап тұр. Оның еншісіне 146,6 млрд теңге тимек. 

Бұл ақшаның жартысы, яғни, 75 млрд теңгесі Үде­

ме лі индустриалды­инновациялық дамыту бағдар­

ламасының екінші кезеңін орындауға жұм салады 

екен. Одан кейінгі орынды Ұлттық экономика ми­

нистрлігі алып, 115,4 млрд теңгеге қол жеткізіпті. 

Бұл қаржы жиында мәлімделгендей, «Жезқазған­

Бейнеу» темір жолы құрылысы, вокзал, Астана 



Келер жылдың бюджеті бір жыл ішінде екі рет қаралып, осы аптада өткен 

Парламент Мәжілісінде талқыланды. Оны құқықтық тұрғыда негіздеген арнайы 

заң жобасына қатысты жиында үш құзырлы орын жетекшісі баяндама жасады. 

Олардан білгеніміз, 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің шығыстары 

нақтыланған бюджеттен 379,9 млрд теңгеге ұлғайып, 8646,7 млрд теңгеге 

жеткізілді. Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұл шешім биылғы 

шілде айында және 9 қыркүйекте болған кеңейтілген отырыста Мемлекет 

басшысының берген тапсырмаларын орындау үшін қабылданыпты. Аталмыш 

қаржы, негізінен, экономикалық өсімді ынталандыру және қауіпсіздікті 

қамтамасыз ету, дағдарысқа қарсы шараларды, жекелеген әлеуметтік 

жобаларды іске асыру үшін жұмсалмақ.

Жуырда  «Zakon  kz»  порталының  бастамасымен  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы 

Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің қатысуымен интернет-конферен ция өтті. Оған еліміздің 

түкпір-түкпірінен азаматтар өз сауалдарын жолдап, белсене қатысты. 

 Қайрат Әбдіразақұлының атына барлығы 1043 сұрақ келіп түсті. Олардың біразы нақты 

сот істеріне қатысты болды. Сондықтан Жоғарғы Сот Төрағасы алды мен бұл істердің бірқата-

ры ның әлі бірінші сатыдағы сотта қаралмағандығын немесе апелляцияда қаралып жат-

қандығын, болашақта кассациялық сатыда қаралуы мүмкіндігін ескерте келе, бұл сұрақтар 

бойынша алдын-ала пікір айта алмайтындығын атап өтті. Дей тұрғанмен, ол әрбір істі өз 

бақылауына алатындығын жеткізді. Жалпы алғанда, сұрақтардың басым көпшілігі еліміздің 

сот жүйесіне қатысты мәселелерді қамтыды. Олардың негізгілеріне берілген жауаптарды 

сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмыз.

станциясы темір жол торабын дамытумен қатар, 

ЭКСПО­ға дайындық үшін бөлінген. Аталмыш көр­

ме үшін қарастырылған қаржы көлемі де аз емес, 

бақандай 33,5 млрд теңге. Сондай­ақ бұл несібеден 

Ауыл шаруашылығы министрлігіне 97,3 млрд 

теңге, Қорғаныс министрлігіне 52,7 млрд теңге, 

Білім және ғылым министрлігіне 40,4 млрд теңге, 

Әлеуметтік  қорғау  және  денсаулық  сақтау 

министрлі гіне 4,9 млрд теңге бұйырды.

Алайда,  бюджеттің  тапшылығы  бұрынғы 

деңгей де қалып отыр. Жиында қосымша баяндама 

жасаған Мәжілістің Қаржы және бюджет комите­

тінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың айтуына 

қара ғанда, оның көлемі әзірге 902,7 млрд теңге бо­

лып, жалпы ішкі өнімнің 2 пайызына тең болды.



Қайрат Мәми:

– Иә, мен Интернет пен әлеуметтік желілерді 

оқимын. Бүгінгі сұрақтар тұрғындарда еліміз дің 

сот жүйесіне қатысты көптеген түйткілді мәсе   ле­

лердің қордаланып қалғанын көрсетті. Бүгін 

солардың тым болмағанда бір бөлігіне жауап 

беруге тырысып көрейін. Осы ретте сот жүйе­

сінің өз атына қатысты айтылған сыни пікірлерді 

назарға алатындығын және олар бойынша 

жұмыс істеп жатқандығын атап өткен жөн. 

 Мен күн сайын БАҚ материалдарының дай­

джесімен танысып, Интернетті шолып отыра­

мын. Егер сын нақты мәліметтерге негізделген 

болса, олар бойынша біздің тарапымыздан 

қажетті шаралар қабылданады. Өкінішке орай, 

бүгінде біржақты әсірешіл адамдардың ұйым­

дас тыруымен біржақты ашық сындар айтылуда. 

Оларды оқу барысында талдауға қажетті шы­

найы ақпаратты таба алмаймыз. Сын жалаң 

жа зыл ғандықтан, онда нақты фактілер, судья­

лар дың аты­жөні мен іс қаралған өңір көрсетіл­

мей ді. Жай ғана бүркеншік ат жамылған әлде­

біреу істің нөмірі мен соттың мекен­жайын ай­

тпастан, сот жүйесін қаралай жөнеледі. Мұндай 

сындар соттың ұстанымын әлсіретуге бағытта­

МЕМЛЕКЕТТІК 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ  

ӘДЕБІ БАҚЫЛАНАДЫ

Мемлекеттік қызметкерлердің этикаға қай­

шы әрекеттеріне байланысты азаматтардың 

арыздарын Қазақстан Республикасының Мем­

лекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор­

лыққа қарсы іс­қимыл агенттігі қатаң бақылауға 

алады. «Агенттік азаматтардың мемлекеттік 

қызметкерлердің этикаға қайшы әрекеттеріне 

қатысты арыздарын үнемі тіркеп отырады. Аза­

маттар мемлекеттік қызметкерлер арасындағы 

бейресми көңіл бөлу жайлы жиі айтады. Бұл ­ 

сыйлық жасау, түрлі форматтағы ойын­сауық 

шараларын ұйымдастыру, қызметтік суборди­

нацияны сақтамау», – деп хабарлады ведомс­

тво бұл жайлы. Агенттік жұмысының басым 

бағыттарының бірі – жемқорлыққа қарсы заң 

бұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік 

қызметкерлердің жемқорлыққа нөлдік төзім ді лі­

гін қамтамасыз ету болмақ. 

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 

25 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУ 

КЕҢЕСТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

П р е м ь е р ­ м и н и с т рд і ң   о р ы н ба с а р ы 

Иманғали Тасмағамбетов министрліктер мен 

ведомстволар басшыларының қатысуымен 

кеңес өткізді. Кеңесте біршама әлеуметтік мә­

се  лелермен қатар, Тәуелсіздіктің 25 жылды ғын 

мерекелеу жайы сөз болды. «Біздің еліміз үшін 

Тәуелсіздік айрықша маңызға ие. Бұл мерейтой 

ерек ше мереке ретінде Тұңғыш Прези ден    тіміз­

дің жаңа Қазақстанның қалыптасуына қосқан 

қомақты үлесін көрсетеді. Кез келген мерейтой­

лық кезең – бұл өткен жолымызды саралап, 

болашағымызды бағамдауға берілген үлкен 

мүмкіндік», – деп атап өтті И.Тасмағамбетов.



СЕНАТОРЛАР  

БІР КҮНДІК ЖАЛАҚЫСЫН 

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚҚА АУДАРАДЫ

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары бір 

күн дік жалақыларын «Қазақстан» телеарнасын­

да басталған «Шын жүректен» қайырым ды лық 

телемарафонына аударады. Мұндай ұсы нысты 

палата спикері Қасым­Жомарт Тоқаев тастады. 

«Бүгін Мемлекет басшысы бастама жасап, 

Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау көрсет­

кен «Шын жүректен» қайырымдылық телема­

рафоны өтеді. Бұл мұқтаж адамдарға көмек 

көр се туге арналған қайырымдылық шарасы. 

Сон дықтан, қарсы болмасаңыздар, Сенат де­

путаттарына бір күндік жалақыларын қорға ау­

даруды ұсынамын», – деді ол. Аталмыш теле­

марафон биыл сәуір айында алғаш ұйымдасты­

рылып,  одан  шамамен  41  миллион  теңге 

жиналған болатын. 

С.ОРЫНБАСАРҰЛЫ

ТӨРАҒА ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТА



(Соңы 2-3-беттерде)

АЗАМАТТЫҚ ЗАҢНАМАНЫҢ 

НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ ТӨМЕНДЕМЕЙ ТҰР

– Жанділдә Әжіғалиұлы, 

медиацияның мейлінше дамуына 

қолдау көрсету көңіл көншітерлік пе?

– Қолдау тиісті деңгейде жасалып ке­

леді. Әсіресе, соңғы бірер жылда Үкімет 

медиацияның өркендеуіне баса назар ау­

дара бастады. Әкімдіктер жанынан медиа­

тор кабинеттерінің ашылуы да жергілікті 

биліктің бұған оң көзқараста екенін 

аңғартса керек. Яғни, Елбасыдан бастап, 

Үкімет пен Жоғарғы Сотқа дейін қолдау 

танытып отыр. Тіпті, Ресей медиаторлары 

біздегі медиацияның дамуына 

қызығушылықпен қарайды. Оған Минскі­

де өтетін ТМД елдері медиаторларының 

жиынында өз басым талай куә болып та 

жүрмін. Жалпы, ТМД көлемінде бұл 

жағынан алда келеміз десем, асыра 

айтқандық емес.

Биыл Мәдениет және спорт 

министрлігінің тапсырмасымен  

«Азаматтық бастамаларды қолдау 

орталығы» коммерциялық емес акцио­

нерлік қоғамы гранттарға конкурс 

жария лады. 

zanreklama@maіl.ru

лады. Алайда бұған біз жол бере алмаймыз, сот қашанда 

бейтарап болуы керек. Мен басшы ретінде Интернетті 

оқып, белсенді түрде қолданамын. Судьяларға келер 

болсақ, әр түрлі болжамдар мен өсек­аяңдардың құрба­

нына айналмас үшін олардың Интернет пен әлеуметтік 

желілерге әуес болмағаны дұрыс деп ойлаймын. 



Сәуле, Алматы қаласы:

– Қайрат Әбдірақұлы: Өзіңізге және 

сот жүйесіне қатысты сындарға 

қалай қарайсыз? Ғаламтордағы 

әлеуметтік желілерді оқисыз ба?

?


2

№108 (2886)

30 қыркүйек 2016

zangazet@mail.ru



Марат, Астана:

– 2013 жылы Жоғарғы Сотты 

басқаруға қайтадан келгеніңізде Сіздің 

сот саласындағы шұғыл түрде шешуді 

талап ететін өзекті мәселелерді 

жолға қоятыныңыз жайлы пікір ай-

тылды. Олар қандай мәселелер еді, 

оларды қаншалықты деңгейде шешу 

мүмкін болды, таяу уақытта сот 

жүйесін не күтіп тұр?

Абзал, Теміртау қаласы: 

– Жуырда қылмыстық заңнамаға ен-

гізілген балама жаза жемқор 

шенеуніктердің жауапкершіліктен 

құтылуына ықпал етпей ме? Менің 

білуімше,баламалы жаза қарапайым 

адамдарға қолданылмайды. Жеткіншек 

бала ақымақтығынан ұялы телефон 

ұрласа, үш жылдан бес жылға дейін 

сотталады. Ал, вагондап, миллиардтап 

ұрлағандар түрмеден құтыла алады. 

Бұл әділдік пе?

Жарылқасын, Астана:

– Сіз «Бүгін сот тәжірибесі 

заңды қолданудың нәзік 

қырлары бар және көп 

жағдайда әділдік өлшемінен 

ауытқуға тура келеді, алайда 

оның нақты жағдайда заңға 

сай әділ шешім болып шыға­

ты нын көрсетіп отыр. Яғни, 

заң аясында мұндай шешім 

дұрыс, бірақ әділетсіз саналуы 

мүмкін. Осындай заңдылық­

тың қайшылығы салдарынан 

қоғамда жағымсыз пікірлер 

орын алып отыр» деген едіңіз. 

Сіз заңды шешім кей жағдай­

да әділетсіз шешім болатын 

жағдайды дұрыстау үшін не 

ұсынасыз?

?

?



?

?

?



?

?

ИНТЕРНЕТ-КОНФЕРЕНЦИЯ



(Соңы. Басы 1-бетте)

ТӨРАҒА ТІКЕЛЕЙ



Әділбек, Алматы:

– Сіздіңше, көптеген отандастарымыздың судьяларға сенбеуі неліктен? Соңғы уақытта көптеген 

сот шешімдеріне тұрғындардың сын айтқанынан хабардар боларсыз? Мәселен, «Чукотка» 

барындағы жанжал, полицияға зәр шашу, Үсенов оқиғалары бойынша істер қоғамда үлкен 

наразылық тудырды. Дәл осындай жағдайға түскен басқа адамдар лайықты жазасын алады. 

Неліктен осылай екенін түсіндіріп бере аласыз ба?

Сергей, Ақтөбе қаласы:

– Соттар – судьялар, ал судьялар – адам деп санаймын. Судьялар қатарына білікті кәсіби заңгер­

лер ді алып, кездейсоқ адамдардан тазарта аласыз ба? Егер бұл мүмкін болса, қалай жүзеге асады?

Александр, Орал қаласы:

– Көпшілік сот жүйесіндегі жағдай ойдағыдай емес деген пікірде. 

Кейбірі бізде құқықтық мемлекет жоқ деп санайды. Сіздіңше, біздің 

қоғамға жұмыс істейтін құқықтық мемлекетті қалыптастыруға не 

кедергі? Неге бізде полицияға, прокурорға, судьяға шағым азаймай отыр?

Светлана, Алматы қаласы:

– Менің ойымша, сот төрелігі бізде әлі күнге негізінен 

жазалаушылық сипатқа ие. Тек кей жағдайларда, 

әсіресе, шенеуніктің өзін немесе туысын соттар кезде 

ғана үкім жұмсақ болады. Қорғаушы мен айыптаушы 

тараптардың құзыреттері бұрыннан тең емес. Алайда 

жуырда БАҚ­та сіздің судьяларға ақтау үкімдерін 

шығарудан қорықпау туралы үндеуіңіз таратылды. Бұл 

жөнінде қандай түсінік бересіз? Айыптау және ақтау 

үкімдерінің саны қанша? Ақтау туралы Сіздің 

дабылыңызды судьялар қабылдады ма?

Қайрат Мәми:  

– Менің бұл қызметке тағайындалуым 

Мем лекет басшысының маған деген жоға­

ры сенімінің көрінісі. Сот жүйесі басқа 

салалар секілді үнемі даму үстінде және 

солай болуға тиіс. Бұл қызметке екінші 

рет тағайындалған кезде көптеген өзекті 

мәселелерге байланысты өзіндік жоспар­

ларым болғанын жасыра алмаймын. Олар 

Спикер және Бас прокурор қызметтерінен 

жинаған тәжірибе негізінде қалыптасқан 

еді. Бас прокурор болып жүргенде сот са­

ласын басқа қырынан көруге мүмкіндік 

туды. Өйткені, прокурор белгілі бір 

жағдайларда соттың оппоненті болып 

табылады. Сонымен қатар, менің Жоғары 

Сот төрағалығына тағайындалуым 

судьялардың алтыншы съезінің өтетін 

уақытына тап келді. Мен бұл қызметке 

2013 жылдың 15 қазанында келдім, ал сь­

езд 18 қарашада өтті. Онда сот сала­

сының алдына соттар жұмысын жетіл­

діруге қатысты көптеген мәселелерді 

шешу міндеті қойылды. Бүгінде арада 

өткен үш жылдан кейін алтыншы съезд 

қарарының барлық тармақтарының 

түгелдей орындалғанын қанағаттанған­

дық сезіммен айта аламын. Ал, алда 

тұрған реформаларға қатысты келер 

болсақ, таяу болашақта Жоғарғы Сот 

жаңа Әкімшілік процестік кодексті 

қабылдау бағытында жұмыс істейтін бо­

лады. Сонымен қатар, біз барлық тергеу­

жедел әрекеттерге сот қадағалауын да­

мытып, күшейтуге ниеттеніп отырмыз. 

Біз бірыңғай сот тәжірибесін қалыптас­

ты руға, электронды сот төрелігін дамы­

ту ға, сол арқылы судьялар жүктемесін 

азайтуға күш салатын боламыз. Бұл еш­

қан дай да құпия емес. Бұл жөнінде әр түр­

лі жиындарда үнемі айтып жүрміз. Осы 

мәселелер судьялардың жетінші съезінде 

де белсенді түрде талқыланатын болады.

Қайрат Мәми:  

– Мен басында сынның дәйексіз, көбіне 

шынайы мәліметсіз айтылатынын айт­

тым. Міне, мәселен, Абзал, ұялы телефон 

ұрлаған бала жайлы айтып отырып, оның 

аты­жөнін, қандай судьяның осындай 

жаза кескенін көрсетпейді. Мен бүгінгі 

таңда ұялы телефон ұрлағаны үшін бірде­

бір кәмелетке толмаған баланың түрмеде 

отырмағанын сізге 100 пайыз сенімділік­

пен айта аламын. Мұндай факт жоқ. Со­

нымен қатар, Қазақстандағы ізгілендіруге 

жасалған қадам, жазалау шараларының 

азаюы, баламалы жазалардың қолданы­

луын дұрыс бағыт деп есептеймін. Соңғы 

жылдары Қазақстандағы түрме халқының 

саны үш есеге азайды. Егер 1991 жылы 

Қазақстан түрмедегілер саны бойынша 

әлемде 3­ші орында болса, бүгін біз шама­

мен 70­орында тұрмыз. Мен бас бостан­

дығ ынан айыру орындарында тек ауыр 

қылмыс жасағандар мен қоғам үшін 

қауіпті қылмыскерлер отырғанын жақ­

тай мын. Мәселен, ақылға салсақ, шағын 

көлемдегі парамен ұсталғандардың көше­

де жүруі қоғам үшін қауіпті емес. Ол 

қоғамға тек лауазымды қызметте отыр­

ған болса ғана зиян келтіреді. Сондықтан 

мен оған материалдық айыппұлдар 

салынғанын немесе бостандығы шектел­

генін, мүліктері тәркіленгенін, бірақ, оған 

қоса мемлекеттік қызметпен айналысуы­

на тыйым салынғанын құптаймын. Еселі 

айыппұл салу біздің Қылмыстық кодексте 

2015 жылы пайда болды. Ол 2015 жылдың 

1 қаңтарынан бастап қолданы луда. Өткен 

жылы 6 811 адамға айыппұл салынды. 

Бұрын мұндай шара бізде жүзге жуық 

адамға қолданылатын. 2015 жылдың 

қорытындысы бойынша салынған 

айыппұлдардың көлемі 5 миллиард теңге 

болды. Осылайша мемлекетке сыбайлас 

жемқорлық салдарынан келген шығын екі 

есеге өтелу керек.Адам бостандықта от­

басында қалып, мемлекеттік қызметтен 

тыс жерде жұмыс істеп, түрмедегі орын­

ды алмайды.

Қайрат Мәми: 

– Заңдылық пен әділдікке байла­

нысты түйткілді мәселелер 

жоқ емес.Бұл мәселе жуырда 

ЕуроОдақтың қолдауымен 

Жоғарғы Сот пен Бас прокура­

тура өткізген «дөңгелек үстел­

де» талқыланды. «Дөңгелек 

үстелдің» қорытындысы бойын­

ша судьялардың, прокурор лар­

дың, үкіметтік емес ұйымдар­

дың, адвокатура мен бизнес 

құрылымдары өкілдерінің 

қатысуымен жұмыс тобы 

құрылды. Жұмыс тобы 

қолданыстағы заңдарды, құқық 

қолдану тәжірибесін, мәселені 

тек судьялардың ғана емес

барлық құқыққорғау 

органдарының ұстанымы 

тұрғысынан зерделейді. 

Заңдарға өзгерістер мен 

толықтыруларға бастама жа­

сау жоспарланып отыр. Жеке­

леп алғанда, біз қазірдің өзінде 

Жер кодексіндегі «мемлекеттік 

қажеттіліктер» ұғымын 

айқындауқажет деп есептейміз. 

Мұның сыртында келісім­

шарттар тазалығын алдын­ала 

тексеру тетігін енгізуді ойла­

стырып отырмыз. Тұтастай 

алғанда, бұл жоба сот төрелігін 

жүзеге асырудың сапасын 

жетілдіруге бағытталып отыр.

Қайрат Мәми:  

– Бұл ретте негізгі сөз жұмыс істейтін құқықтық мемлекетке тіреліп тұр. 

Мемлекеттің дамығандығының басты өлшемі тек мемлекеттік органдар 

мен институттардың болуымен ғана өлшенбейді. Жұмыс істейтін 

құқықтық мемлекеттің басты өлшемі – азаматтардың құқықтық 

санасының өсуі мен және заңға деген құрметінен көрінеді. Мен Қазақстанда 

құқықтық мемлекеттің құрылғанын, біздің құқықтық мемлекетте өмір 

сүріп жатқанымызды айтар едім. Неліктен екені белгісіз, қоғамда 

құқықтық мемлекет – соттар немесе мемлекеттік институттар деген 

пікір тараған. Құқықтық мемлекет дегеніміз ең әуелі азаматтардың өздері 

құратын азаматтық қоғам. Көпшілігі осы тұрғыда ойламайды. Адамдардың 

құқықтық санасы дамуы керек, олар заңға, соттардың күшіне енген шешім­

деріне құрметпен қарауы тиіс, сонда «бізде құқықтық мемлекет жоқ» деп 

дәлелсіз сынамайды. Құқықтық мемлекет мәселесіне кең ауқымда қарау ке­

рек. Ең алдымен, әрбір адам өзін заңға құрметпен қарауға, құқықтық 

мәдениетке тәрбиелеуі керек. Осыған жеткенде ғана біздің мемлекетте көп 

нәрсе өзгеретінін түсіну керек.

Қайрат Мәми: 

– Статистикаға қарағанда, судьялар менің үндеуіме назар 

аударған сияқты.Соңғы сегіз айдың қорытындысы бойын­

ша, ақтау үкімдерінің саны жиырма пайызға өсті. Судья­

лар 554 адамды ақтады. Олар қазір бас бостандығынан 

айырмайтын жазалау шараларын жиі қолданатын болды.

Мәселен, бас бостандығын шектеу немесе айыппұл салу

қосымша мүліктерін тәркілеу. Мүмкін бұл сандар аз 

шығар, бірақ ақтау үкімдері сот тәжірибесінде сирек 

емес. Осы ретте мен бұл жұмыстың жалғасатынын 

айтқым келеді.


  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал