Соңы 5-бетте Сайлаубек СҰлтанов, Алматы қаласы Әуезов аудандық мүгедектерді бейімдеу



жүктеу 0.72 Mb.

бет1/7
Дата08.09.2017
өлшемі0.72 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

(Соңы 4-бетте)

№53 (2978) 14 шілде 2017

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

(Соңы 5-бетте)

Сайлаубек СҰЛТАНОВ, 

Алматы қаласы Әуезов 

аудандық мүгедектерді бейімдеу 

және оңалту орталығының 

басшысы:

«Оңалту 


Орталығында  

барлық 


жағдай 

жасалған»



Баспасөз — 2017

құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая  газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек­

тері және Алматы қаласын дағы 

«Дауыс» жүйесі ар қы лы жазы лу­

ла ры ңызға болады.



(Соңы 3-бетте)

–   Ә ң г і м е н і ң   ә л қ и с с а с ы н 

мүмкіндігі  шектеулі  жандарды 

әлеуметтік  қорғау  мемлекеттік 

тұрғыда  қалай  реттелгендігінен 

бастасаңыз.

– Мүмкіндігі шектеулі жандар-

ды әлеуметтік қорғау ел Консти-

туциясымен  және  ҚР  «Мүгедек-

терді әлеуметтік қорғау туралы» 

заңымен,  сондай-ақ,  басқа  да 

нормативті  заңнамалармен  рет-

теледі.  Мәселен,  «Мүгедек-

терді әлеуметтік қорғау туралы» 

заң  мүгедектiктiң  алдын  алуға, 

мүмкіндігі  шектеулі  жандарды 

әлеу меттiк қорғауға, соның iшiн-

де,  оңалтуға,  олардың  қоғам-

мен  етене  араласуына  тікелей 

бағытталған. Яғни, осы заңнама 

мүмкіндігі  шектеулі  жандардың 

әлеуметтік  жағынан  қорғалуына 

толықтай  кепілдік  береді.  Олар 

білім алуға, кез келген қызметке 

қол  жеткізуге  басқа  азаматтар-

мен бірдей теңқұқылы. 

Баға саясаты 

Базар нарығын реттей ала ма?

ҰқК-25 жыл

бүгінгінің бас тақырыбы

АҢДАТПА

5-бет

2-бет

негізсіз шағымдардың 

жолы кесілді

Басты мақсат — әйелдерді 

зорлық-зомБылықтан 

қорғау


ақпарат

Осындай  тіске  сыздық  болып,  өзек  жал-

ғайтын,  яғни,  әлеуметік  маңызы  бар  тауарлар 

бағасы қымбаттағанда, басқасы жайлы не айтуға 

болады?! Көптеген отбасылардың жеміс-жидек, 

көкөніс  түрлерін  тек  базар  сөрелерінен  ғана 

көретіні шындық. 

с

ұхбат



«Ұлттық қауіпсіздік жоқ 

жерде, мемлекет жоқ»

Конференция ҚАзАн АйынДА өтеДі

еҚыҰ­ының БАҚ жөніндегі 19­ыншы орта­

азиялық конференциясы биылғы қазан айы­

ның 18­19­ы күндері «орталық Азиядағы ашық 

журналистика»  тақырыбымен  ташкентте 

өтеді. Конференцияға 80­ге жуық журналист, 

үкімет өкілдері, азаматтық қоғам ұйымдары, 

ғылыми орта және халықаралық сарапшылар 

қатысып, өңірдегі БАҚ бостандығына қатысты 

мәселелерді талқыламақ. Күн тәртібінде ақпа­

рат тарату беталысы, мобильді және цифрлық 

ортаның дамуына байланысты шақырулар, 

сондай­ақ,  БАҚ  бостандығын  қорғау  және 

бұқаралық ақпарат құралдарындағы тіл мәсе­

лелері қаралады. Бұның алдындағы 18­інші 

конференция Венада өтті. 



К.ӘКімБеКқыЗы

ӘКімШіліК КоДеКСтегі 

ЖАңА АйыппҰлДАр

Әкімшілік кодекске енгізілген түзетулер 

шілде айының ортасынан  күшіне енеді. Және 

онда қандай жаза түрі жеңілдеді десек, жол 

белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi 

таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақта­

мау  –  бес  айлық  есептiк  көрсеткiштен  үш 

АеК­ке төмендеді.  Бір жыл ішінде тәртіп бұзу 

тағы қайталанса айыпұл 10 АеК­ті құрайды. 

Айта кетерлігі, полицейлердің рұқсатынсыз 

автокөлік  салонынан  түсіп  кететін  жүр­

гізушілерге қатысты жаза алып тасталынды. 

енді олар заң бойынша көліктен шыға алады. 

Қатайтылған жазаға келсек, көлікке мас күй­

інде отырған мүгедек адамдар көлік жүргізу 

куәлігінен айырылады. Сондай­ақ, жол жүрiсi 

қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, 

жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге 

арналған жағына шығу – бір жыл мерзімге 

көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға 

әкеп соғады. Әрі тек қарсы бағытқа шыққан 

автокөліктер емес, тұтас сызық арқылы ай­

налым жасағандар да қарсы жолаққа шыққан 

деп  есептеледі.  медициналық  тексерістен 

өтуден бас тартқан және көлікті мас күйінде 

жүргізген жүргізушілер екі жылға емес, үш 

жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылады.

Т.СмАҒҰЛ

ЭлеКтр ЭнергияСы Шетелге 

ЭКСпорттАлАДы

Қазақстан өз электр энергиясын Қытай, 

пәкістан және Ауғанстанға экспорттау мүм­

кіндігін  зерттеуде.  Бұл  туралы  энергетика 

мәселелеріне арналған конференцияда Қр 

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім 

етіп:  «Қытайдың  нарығы  ауқымды  екенін 

білесіздер. Біз бірнеше жыл бойы электр энер­

гиясын жеткізу мүмкіндіктерін зерттедік. Әри­

не, бізде бүгінде тиісті байланыс болмай тұр, 

бірақ алдағы уақытта бұл мәселе шешіледі 

деген ойдамын. Қытайда электр қуатын тұты­

ну көлемі артып келе жатқанын байқаудамыз. 

Сондықтан, болашақта энергияны экспорттау 

мүмкіндігі бар», – деді. Қазіргі уақытта Қа­

зақстан электр қуатын ресейге экспорттауда.



С.қАЛдыБАй

Қ

азақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитеті  1992  жылдың 

шілде айында Президент Жарлығымен қайта құрылған. Оның алғашқы 

төрағасы қызметін генерал-лейтенант Болат Баекенов атқарса, 1993 жылы 

аталған аса жауапты комитеттің тізгінін генерал-полковник Сәт Тоқпақбаев 

ұстады. Осылайша, жиырма бес жылдық тарихында тоғыз төраға басқарған

 

комитет бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің тірегіне айналып 

үлгерді десек, қателеспеспіз.

Қымбатшылық  халықтың  онсыз  да  жұқарған  қалтасына  одан  сайын 

салмақ түсіруде. Ет жеп, тіс шұқымақ түгілі, өсіріп, өндіруі анау айтқан-

дай шығынды қажет етпейтін картоп пен қырыққабаттың дастарқаннан 

көрінуі  сиреп  барады.  Өйткені,  олардың  бағасы  бұрынғыдан  үш-төрт 

есеге шарықтап кеткен. Пиязбен астың дәмін келтіру де табысы аз отба-

сының бюджетіне едәуір салмақ. Жарма өнімдерінің құны да арзан емес.

ҚР ҰҚК-нің қазіргі төрағасы Кәрім Мәсімов: 

«1991  жылы  қызыл  империя  –  Кеңестер  Ода-

ғының  қирандысында  екі ұштылық,  қауіп  пен 

күмәнді жағдайда біздің егемен мем лекетіміздің 

тарихы дү ниеге келді. Нақ бүгінгі таңда, ширек 

ғасырдан соң, Тұңғыш Пре зидентіміздің Тәуелсіз 

Қа зақ стан  Республикасын  құ рудағы  алғашқы 

және одан кейінгі жылдарда қабылдаған шешім-

дерінің  дәлдігі 

мен тарихи ма-

ң ы з  д ы л ы ғ ы н 

с е  з і н у д е м і з . 

Ел басы  фено-

мені,  оның  ст-

р а т е г и я л ы қ 

көз қарасы, сын-

дар лы ішкі және 

сыртқы саяса ты 

қоғамды  сіл кі-

ністерден,  ал 

елі мізді күй реу-

ден  сақтады. 

Өтпелі кезеңнің 

б а р ш а   с ы н -

қатерлері  мен 

қиындықтарын 

еңсеруге  мүм-

кіндік  туғызды. 

Х а л ы қ а р а л ы қ 

қоғам дас тық-

тың  теңқұқылы 

мүшесіне,  дә-

йек ті  даму,  тұ-

рақтылық  пен  келі сімнің  өнегесіне  айналды. 

Пре зиденттің  «Ұлттық  қауіп сіз дік  жоқ  жерде, 

мемлекет жоқ» деген бірегей формуласы бүгінгі 

күннің ұстанымына сәйкес, өзінің әмбебаптығын 

да көрсетуде», – дейді «Егемен Қазақстан» га-

зетіне жариялаған мақаласында.  



2

№53 (2978) 

14 шілде 2017

zangazet@mail.ru



құқық

Рухани жаңғыру

Даму бағытымыз 

айқын


Жаңа жобаның заңнамалық 

тұрғыдан бекітілеріне сенім мол

Құрмет

Е

л Президенті Н.Назар-

баевтың  «Болашаққа 

бағдар: рухани жаңғыру» ат­

ты  мақаласында  халықты 

жаңа  тарихи  өзгеріс терге 

бастады. 

Дамыған  30  елдің  қатарына  қо-

сылуды  мақсат  ететін  жас  мемле-

кеттің  алдына  осы  арқылы  көптеген 

мақсат-міндеттер  жүктелді.  Ұлттық 

сананы  жаңғырту,  бәсекеге  қабілет-

тілікті  арттыру,  ұлттық  бірегейлікті 

сақтау,  білімге  құштарлықты  ояту, 

қазақты бәсекеге қабілетті ұлтқа ай-

налдыру, бейбіт жолмен даму секілді 

ұлы  мұраттарды  тоғыстыратын  бұл 

құжаттың көтеріп отырған жүгі ауыр. 

Тарихқа көз жүгіртсек, кез келген 

мемлекеттің рухани даму, рухани ке-

мелдену  жолында  аз  тер  төкпегенін 

көреміз. Елбасы Н.Назарбаев рухани 

жаңғырудың кілті ұлттық кодта жатқа-

нын баса айтты. Ұлттық код сақталмай 

жаңғыру дегеніміздің құр жаңғырыққа 

айналатынын  ескертті.  Мемлекеттің 

дамыған  елдер  көшбасшысына  ай-

налуы үшін тынымсыз ізденістер мен 

ұзақ  жылдарға  бағытталған  озық 

тәжірибе  керек  екені  белгілі.  Осы 

тұрғыда  Алматы  облысы,  Панфилов 

аудандық  сотында  үлкен  ізденістер 

мен  жаңа  бетбұрыстар  орын  алу-

да.  Елдің  кемел,  рухани  жаңғырған 

мемлекетке  айналуы  үшін  халқының 

жан-жақты  сауат ты,  білімді  болға-

ны  маңызды.  Панфилов  аудандық 

сотында  халықтың  заңдық  тұрғыда 

сауаттануына, қарапайым көпшілік өз 

құқығын  білу  мүмкіндігін  меңгеруіне 

жағдай жасалған. Сот ашықтығы мен 

қолжетімділігі  осы  жолда  жасалған 

ұтымды қадамдардың бірі. Қазір кез 

келген азамат өз құқығын Республика 

заңдары  шеңберінде  қорғай  алады. 

Заңдардың  сауатты,  түсінікті  тілде 

жазылуы да тиісті орындар тарапынан 

атқарылып отырған игілікті шаруаның 

бірі. 

Мемлекет  басшысы  өзінің  «Бола-



шаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 

мақаласында  бәсекеге  қабілеттілік 

мәселесіне  қатты  тоқталды.  Бүгінгі 

таңда  жеке  адам  ғана  емес,  тұтас 

халық тың өзі бәсекелік қабілетін арт-

тырса ғана та быс қа жетуге мүмкіндік 

алатынын  атап  көрсетті.  «Бәсекелік 

қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық 

немесе  жаһандық  нарықта  бағасы, 

я  болмаса  сапасы  жөнінен  өзге-

лерден  ұтымды  дүние  ұсы на  алуы. 

Бұл  материалдық  өнім  ғана  емес, 

соны мен  бірге,  білім,  қызмет,  зи-

яткерлік  өнім  немесе  сапалы  еңбек 

ресурстары болуы мүмкін.Болашақта 

ұлттың  табыс ты  болуы  оның  табиғи 

байлығымен емес, адамдарының бә-

секелік  қа бі летімен  айқындалады. 

Сондықтан, әрбір қазақ стандық, сол 

арқылы  тұтас  ұлт  ХХІ  ғасырға  лай-

ықты қасиеттерге ие болуы керек», –  

деді  Елбасы.  Расымен  де,  қазіргі 

таңда  бәсекеге  қабілеттілік  ұлттың 

табиғи байлығымен емес, адамдары-

ның білім-білігімен өлшенетін болды. 

Осы  тұрғыда,  Қазақстан  секілді  жас 

мемлекеттің  мақтанатын  тұстары 

көп.  Қай  саланы  алып  қарасаңызда, 

қазақстандықтар  халық аралық  аре-

Медиация


Ел тәуелсіздігімен қа-

тар,  оның  сот  жүйесі  де 

үздіксіз  дамып  келеді. 

Сот төрелігін қол жетімді, 

ашық  әрі  жариялы  ету 

мақсатында сот жүйесіне 

жаңа ақпараттық техноло-

гиялар енгізілуде. 

Соның бірі – 2007 жылы ен-

гізілген  Бірыңғай  автоматтан-

дырылған  ақпараттық  талдау 

жүйесі  (БААТЖ)  бағдарлама-

сы.  Ол  «Электронды  үкімет» 

идеясының  өміршеңдігін  көр-

сеткен  және  оны  сот  орган-

дарында  жүзеге  асырудың 

алғашқы  қадамы  саналатын 

жоба  десек  қателеспейміз. 

2014 жылдың тамызынан «Сот 

кабинеті» электронды ақпарат-

тық  сервисі  қызмет  көрсетуін 

бастады.  Атап  айтқанда,  ол 

талап арыз беруді, сот актілері 

бойынша  апелляциялық,  кас-

сациялық  шағымдар  келтіруді 

сотқа  келмей-ақ  жүзеге  асы-

руға және сот ісінің қозғалысын 

бақылауға  мүмкіндік  ашты. 

Қа зіргі  уақытта  БААТЖ  жетіл-

діріліп, 2016 жылдан «ТӨРЕЛІК» 

бағдарламасына ауыстырыл ды. 

Осы  бағдарлама  аясындағы 

бүгінгі «Сот кабинеті» сервисін 

сот  органдарына  электронды 

түрде  қолжетімді  біртұтас  те-

резе десек қателеспейміз. 

Сондай-ақ,  сот  процесте рі 

100  пайыз  үн-бейнежазу  құ-

ралдарымен  жабдықталған. 

Жыл басынан бері талап арыз-

дардың  барлығы  сотқа  «Сот 

кабинеті»  сервисі  арқылы  тү-

суі  электронды  сот  өндірісінің 

артқанын  аңғартады.  Бұл 

дегеніміз,  сотқа  жүгінушілер  

үйден  шықпай-ақ  өтініш  пен 

шағымдарын  аталған  сервис 

қызметін  пайдалану  арқылы 

бере  алатынын  немесе  сот 

отырысының  хаттамасы  мен 

танысуға толық мүмкіндігі бар-

лығының дәлелі.

Электронды  жүйенің  тағы 

бір тиімділігі, мұнда сырттай қа-

ралатын істердің саны азаяды. 

Соттардың ақпараттық жүйесін 

басқа  мемлекеттік  органдар-

мен  біріктірудің  нәтижесінде 

ағымдағы  жылдың  5  айында 

152  әкімшілік  іс  электронды 

жүйемен түсіп, құқықбұзушы-

ларға салынған 1 790 014 теңге 

айыппұлды  өндіру  үшін  сот 

актісі  сот  орындаушыларға 

аталған  жүйемен  жолданды. 

Осылайша,  бір  жағынан,  сот 

ісін  қарау  кезіндегі  судьяның 

объективтілігі  қамтамасыз 

етіл се,  екінші  жағынан,  сот 

мәжі лісіне  қатысушы  тарап-

тарға  да  талапты  арттырудың 

оңтайлы  тәсілі  пайда  болды. 

Себебі,  судьялардың  немесе 

сот  кеңсесі  мамандарының 

іс-қимылдарына  байланысты 

түсетін негізсіз шағымдар мен 

арыздардың жолы кесілді. Бұл 

да заң үстемдігін қамтамасыз 

етудегі электронды ақпараттық 

жүйенің тиімділігі десек, артық 

айтқандық емес.



Бақытгүл ТОҚТАСЫНОВА,

Тарбағатай ауданының 

№2 аудандық сотының 

кеңсе меңгерушісі

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Ақтөбе облыстық сотының ғимараты ал-

дында  қала  көшелерінің  біріне  Қазақ  КСР 

Жоғарғы  Сотының  бұрынғы  төрағасы,  Ұлы 

Отан соғысы ардагері Әбидолла Биекеновтің 

есімін  беруге  арналған  салтанатты  іс-шара 

өткізілді.

Облыстық  соттың  судьялары,  сот  жү-

йесінің  ардагерлері  мен  қала  әкімі  және 

Әбидолла  Биекеновтің  туыстары  қатысқан 

жиында  облыстық  соттың  азаматтық  істер 

жөніндегі  сот  алқасының  төрағасы  Е.Қана-

пиев  баршаны  өңір  судьяларының  атынан 

атаулы күнмен құттықтады. Сондай-ақ, Әби-

долла Биекенов соғыстан кейінгі қиын-қыстау 

жылдары небәрі 35 жасында Жоғарғы Сотты 

басқарып,  сот  жүйесінің  дамуына  зор  үлес 

қосқан мемлекет және қоғам қайраткері, көр-

некті, танымал тұлға екенін атап өтті.  

«Рухани  жаңғыру  Қазақстанның  әлемнің 

отыз  дамыған  елдерінің  толыққанды  мүше-

сіне  айналуының  маңызды  факторы  болып 

табылады. Біз  қысқа ғана еңбек өмірбаянын-

да еліміздің сот жүйесінің дамуына маңызды 

үлес  қосқан  қазақтың  біртуар  ұлдарының 

бірі – Әбидолла Биекеновтің жарқын жадын 

ерекше мақтанышпен құрметтейміз», – деді 

Ермек Қанапиев қазақстандық қоғамның ру-

хани жаңғыру қажеттілігі көрсетілген Елбасы-

мыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 

бағдарламалық мақаласын тілге тиек етіп. 

Іс-шара соңында ескерткішке салтанатты 

түрде  гүл  шоқтары  қойылып,  Ә.Биекенов-

тің  туыстары  ұйымдастырылған  шара  үшін 

Жоғарғы  Соттың  төрағасы  Қайрат  Әбдіра-

зақұлы Мәмиге үлкен алғыстарын жеткізді.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз 

қызметі

Жуалы  аудандық  сотында 

«Процессуалдық  заңнаманы 

түсіндіру, сот бұйрығы өндірі-

сінің басымдығы» тақырыбын-

да  дөңгелек  үстел  өткізілді. 

Атал ған іс-шараға сот төраға-

сы  Б.Мүлкібаев,  қорғаушы  

О.Шуақбаев, Жуалы аудандық 

кіріс тер басқармасының бөлім 

басшысы Ж.Рахымбердиев пен 

басқа  да  мекеме  басшылары 

мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Дөңгелек үстелде сот төр-

ағасы  Бақытжан  Ілиясұлы  ҚР 

АПК-нің 135-бабында көрсетіл-

ген,  сот  бұйрығы  шығарыла-

тын  талаптар  бойынша,  яғни, 

жеке тұлғалардан салық және 

бюджетке  төленетін  басқа  да 

міндетті  төлемдер  бойынша 

бересіні  және  өсімпұлдарды, 

сондай-ақ,  кеден  төлемдері, 

салықтар  мен  өсімпұлдар  бо-

йынша  берешекті  өндіріп  алу 

туралы, іс жүзінде тұтынылған 

қызметтер (электрмен, газбен, 

жылумен,  сумен  жабдықтау 

және  басқалары)  үшін  жария 

Шортанды  аудандық  со-

тының 2016 жылғы 30 қыркүй-

ектегі үкімімен Ш.Ш.Мұратов 

жеке  сот  орындаушысының 

уәкілеттігін теріс пайдаланға-

ны  үшін  сотталған.  Оған 

тағылған  айып,  жылжымалы 

мүлікті  борышкерден  өн-

діріп  алушыға  заңсыз  алып 

берген.

Алайда,  апелляциялық 



сот  жеке  сот  орындаушысы 

өзі не  берілген  құқық  пен 

міндеттің шеңберінде әрекет 

еткенін  анықтайды.  Соған 

байланысты прокурор іс ма-

териалдарының  негізінде 

ар-ождан және заңның берік-

тігі  түсініктерін  басшылыққа 

алып,  қылмыс  құрамының 

Республика  судьяларының  VII 

съезіндегі  дауларды  сотқа  дейін 

реттеу  тетіктерін  енгізу  жайлы 

Елбасы  тапсырмасының  негізінде 

Жоғарғы Сот төрағасымен биылғы 

қаңтарда  даулардың  жекелеген 

санаттары  бойынша  дауларды 

медиация тәртібімен сотқа дейінгі 

реттеуді енгізу бойынша пилоттық 

жобаның  ережесі  бекітілді.  Соған 

сәйкес,  медиацияны  қолдануды 

одан  әрі  кеңейтудің  кезекті  қада-

мы  ретінде  жеке  санаттағы  дау-

ларды  (жанжалдарды)  медиация 

тәртібімен сотқа дейін реттеу бой-

ынша пилоттық жоба іске қосылды.

Қазір  соттарда  істі  қарауда 

тараптарды  «Медиация  туралы» 

заң  шеңберінде  татуластыру  инс-

титутының өзектілігі артып келеді. 

Статистикаға сүйенсек, республика 

соттарында дауласушы тараптарды 

медиация  тәртібімен  татуластыру 

арқылы аяқталған істердің артқаны 

байқалады. Пилоттық жоба азамат-

тық  сот  ісін  жүргізуде  даулардың 

жекелеген  санаттарын  медиация 

тәртібінде  сотқа  дейінгі  реттеу, 

татуластыру  рәсімдерін  қолдану 

аясын кеңейту, азаматтардың сот 

шығындарын  барынша  азайту, 

дауларды  сотқа  дейінгі  реттеуде 

халықтың  қызығушылығын  артты-

ру және әлеуметтік тұрақтылықты 

сақтауға,  қоғамдық  келісімді  арт-

тыру  мақсатында  даулы  мәселе-

лерді, жанжалдарды бейбіт жолмен 

шешуге мүмкіндік беретін бітімгер-

шілік  келісімдері  мен  медиация 

институтын  дамыту  мен  насихат-

тауды және жобаны тиімді жүзеге 

асыруды мақсат етеді.

Істі сот талқылауына дайындау 

барысында  судья  пилоттық  жоба 

негізінде дауды (жанжалды) медиа-

ция тәртібімен реттеуге мүмкіндік 

бар  екенін  тараптарға  ескертеді. 

Медиация сот процесі барысында, 

сотқа дейін және тергеу, анықтау 

барысында,  сот  шешімін  орындау 

сатысында  соттан  тыс  жүргізілуі 

мүмкін. 

Татуластыру  рәсімдері,  соның 

ішінде, медиация облыс соттарын-

да  кең  көлемде  қолданылуда. 

Мәселен,  аудандық  сотта  2017 

жыл дың 1 тоқсанында аталған жо-

ба негізінде дауларды (жанжалдар-

ды)  медиация  тәртібімен  реттеу 

арқылы  6  азаматтық  іс  қаралған, 

оның 2-еуі некені бұзу туралы, 4-еуі 

шарттық  міндеттемелер  саласын-

дағы  (азаматтардың  бір-бірінен 

қарызға ақша алуы) дау ларға бай-

ланысты  істер  бойынша  қаралып, 

шешімін тапты.

Татуласу рәсімін қолдану сала-

сын  кеңейтуге,  азаматтардың  сот 

шығындарын  азайтуға,  халықтың 

дауды соттан тыс реттеуге мүдделі 

етуге,  қоғамдағы  шиеленістерді 

төмендетуге оң ықпал ететін жаңа 

жоба қолдауға ие болып, жаңашыл-

дықтың  кешікпей  заңнамалық 

тұрғыдан бекітілеріне сенім мол.



Аян АЛТЫНБАЕВ,

Жалағаш аудандық сотының 

кеңсе меңгерушісі

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Оң қадам

Негізсіз шағымдардың 

жолы кесілді

Сот ардагерінің есімі

 

көшеге берілді



Қадағалау

Айыптауды қолдаудан 

бас тартты

болмауына байланысты мем-

лекеттік  айыптауды  қолдау-

дан  бас  тартты.  Нәтижесін-

де,  Ақмола  облыстық  соты 

апелляциялық  алқасының 

2017  жылғы  5  мау сымдағы 

үкімімен Ш.Мұратов ақталды.

Бұдан мемлекеттік айып-

таушының рөлі адамның қан-

дай да бір әрекеттегі кінәсін 

дәлелдеу  ғана  емес,  сон-

дай-ақ сотты заңды әрі әділ 

шешім шығару үшін маңызды 

белгілерге  бағдарлау  екенін 

аңғарамыз.



Ақмола облысының 

прокуратурасы

Дөңгелек үстел

Берешекті өндіру мәселесі сөз болды

шарттардың,  төлеу  мерзімі 

жеткен, белгіленген тарифтер-

ге  сай  көрсетілген  қызметтер 

үшін  өзге  де  шарттардың  не-

гізінде  берешекті  өндіріп  алу 

туралы мәселелерді тілге тиек 

етті. 


Қатысушылар сот өндірісіне 

аталмыш  санаттағы  істер  бо-

йынша  жұмыс  көлемін  ұлғай-

туды  ұйғарып,  жиын  соңында 

процессуалдық  заңнаманы 

қолдану  кезіндегі  туындаған 

сұрақтар бойынша тиісті ұсы-

нымдар қабылданды.




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал