Соңы 5-бетте Баспасөз — 2017 Құрметті оқырман! «Заң газеті»



жүктеу 0.55 Mb.

бет1/6
Дата10.09.2017
өлшемі0.55 Mb.
  1   2   3   4   5   6

№18 (2943) 7 наурыз 2017

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

Сәті түскен сұхбат

(Соңы 5-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


(Соңы 3-бетте)

«ҰЛЫМЫЗ ҰЛЫҚТЫ, 

ҚЫЗЫМЫЗ 

ҚЫЛЫҚТЫ БОЛСЫН 

ДЕСЕК, 

Бүгінгінің бас тақырыбы



Бақытгүл ХАМЕНОВА, 

ҚР Парламенті Мәжілісінің 

депутаты:

А

рқада алты айға созылатын, оңтүстік өңірлерде «ғұмыры» одан қысқа болатын 

қыстан соң көктемнің келуі адамға ерекше бір әсер сыйлайтыны сөзсіз. 

Айнала табиғат қыстың «ақ көрпесін» сілкіп тастап, жаңарып, түлеп, көктемнің 

«көк көйлегін» киетін уақыт. Осы мезгілдің мән-маңызын арттыратын тағы екі дүние 

бар. Ол 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мен 22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күні 

мейрамдары. Нәзік жандылардың еншісіне тиесілі мерекенің көктемде тойлануы да 

өзінше бір заңдылық секілді. Өйткені, әдемілік, көркемдік, сұлулық атаулы екеуіне 

де тән.  

БАРЛЫҚ ҚҰРМЕТ АНАЛАРҒА!

–  Бақытгүл  Қайыржанқызы, 

өзіңізбен көктеммен бірге келетін 

Халықаралық  әйелдер  мейра-

мы  қарсаңында  сұхбаттасудың 

сәті  түскеніне  қуаныштымыз. 

Сондықтан,  сізді  алдымен  осы 

керемет  мерекемен  құттықтап, 

ұзақ та бақытты өмір, қызметіңіз-

ге  жеміс  тілегіміз  келеді.  Елге 

игілік,  өзіңізге  абырой  әкелер 

мерейлі істеріңіз көп болсын! 

– Үлкен рақмет, сіздерге! Жал-

пы,  наурыз  айы  алғашқы  күнінен 

алғыс айтудан басталатын, тәңірдің 

өзі  адамзатқа  жылуын  төккен  та-

биғаттың  керемет  сәті  ғой.  Бір 

қолымен  бесікті,  екінші  қолымен 

әлемді тербеткен аналар мерекесі 

де,  тұтас  әлемді  жаңғыртып,  күн 

мен  түнді  теңелтіп,  Самарқанның 

көк тасын жібітетін жыл басы – Нау­

рыз  мейрамы  да  осы  айда  тойла-

нады. 

Халықаралық  әйелдер  мей-



рамының  аталып  өтілуіне  орай 

қоғамда  әртүрлі  пікір  бар.  Көбісі 

бұл мерекені қазаққа тән емес деп 

жатады. Мерекелердің астарын сө-

гіп,  негізіне  үңіле  беретін  болсақ, 

олардың әрқайсысының өз тарихы 

бар.  Десек  те,  солардың  ішінде 

осы 8 наурызда аталып өтетін ана-

лар  мейрамы  ерекше,  өзге  мей-

рамдарға  ұқсамайтын  жылылыққа 

ие. 

Аруларға 

лайықты сый-

құрмет көрсетілуі– 

елдігіміздің белгісі

Қазақ әйел затын ертеден ерекше құрметтеген 

халық.  Иә,  жетпіс  жылдан  астам  уақыт  бойы 

даламызда  әмірін  жүргізген  кеңес  билігі  өзін 

бай  мен  кедейді  теңестіріп  қана  қоймай,  тап 

бір  қазақ  әйелдеріне  де  теңдік  әпергендей 

көрсеткені бар. Әрине, бұл оған дейін ұлтымыз 

төмен  етектілерді  қоғамда  төмен  ұстап  келді, 

олардың қоғамда өзіндік орны болмады, қазан­

ошақтың  басынан  арыға  аса  алмады  дегенді 

білдірмейді.  Керісінше,  алаш  баласының 

абыройын  асырып,  ерлермен  тізе  қосып  жауға 

қарсы  шапқан  батыр  қыздарымыз  да,  ұлтқа 

ақылшы  болған  тұлғаларды  туған  аналарымыз 

да  қаншама.  Тарихқа  үңілсек,  арысы  Тұмар 

ханымды тілге тиек етеміз. Кенесары Қасымұлы 

көтерілісінде  асқан  ерлігімен  есімін  қалдырған 

Кенесарының  қарындасы  Бопай  немесе  абыз 

аналарымыздың  бірі  Домалақ  ана  сынды  бұған 

көптеген  дәлелдерді  келтіруге  болады.  Бір 

анығы,  қазақ  әйелдеріне  тән  ұлағаттылықтың, 

батырлықтың  һәм  қайсарлықтың  алтын  арқауы 

үзілген емес. 

Әйел ең әуелгі кезекте – ана. Яғни, Алланың 

қалауымен  адамға  өмір  сыйлаушы.  Бәріміз 

сол  үшін  де  оларға  борыштармыз.  «Анаңды 

Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей 

алмайсың» деген халық даналығы мойнымыздағы 

жүктің қаншалықты ауыр екенін білдірсе керек. 

Ердің  етегінен  ұстаған  әрбір  әйел  шаңырақтың 

шамшырағы, отбасының ұйытқысы, «бір қолымен 

бесікті, екінші қолымен әлемді тербетуші» болуы 

тиіс.  Рас,  алғашқысы  кеңестік  идеология  бұл 

міндетке аздап «өзгерістер» алып келді. Қоғамның 

бар  саласына  атсалысуы  керек  деген  ұранмен 

нәзік жандыларды шаруашылыққа салып тракторға 

мінгізді, құрылысқа да қосты. Ауыр жұмыстарға 

жегу әйелді бастапқы табиғатынан, болмысынан 

айырмай  тұрмады.  Одан  кейінгісі  тоқсаныншы 

жылдардағы тоқырау. 



ЛЕБІЗ

Кеше  Жоғарғы  Сот  төрағасы  Қайрат  Мәми  жоғары  сот 

органының әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер 

күнімен  құттықтады.  Іс-шараға  Жоғарғы  Соттың  судьялары, 

Судьялар  одағы  орталық  кеңесінің  мүшелері,  Жоғарғы  Сот 

жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің 

басшылығы мен қызметкерлері қатысты. 

Жоғарғы Сот төрағасы мемлекет пен қоғамды дамытудағы, Ұлт 

жоспарын, Қазақстан Президентінің халыққа арнаған Жолдауы мен 

Конституциялық реформаны іске асырудағы әйелдердің белсенді 

қызметі мен рөлін айрықша атап өтті. 

Кездесу барысында Жоғарғы Соттың судьясы, Судьялар одағының 

Жоғарғы  Соттағы  филиалының  басшысы  Ғалымжан  Мырзаке  де 

құттықтау сөз сөйледі. «Тәуелсіз Қазақстан тарихында Мемлекет 

басшысы әйел дер мәселелеріне зор көңіл бөліп келеді. Ол әрдайым 

әйелдермен  кездесу  өткізіп,  олардың  ел  дамуына  қосқан  үлесі 

мен рөлін атап өтеді. Республикамызда Аналар күні мен «Мерейлі 

отбасы» ұлттық конкурсы бекітілді. Аналардың жағдайына мемлекет 

айрықша  қамқорлық  көрсетуде.  Гендерлік  саясат  мәселелерін 

Президент әкімшілігі жанындағы арнайы комиссия тұрақты түрде 

қарап келеді», – деді Ғ.Мырзаке.  

Сонымен  қатар,  әріптес  әйелдердің  ана  және  кәсіби  маман 

образдарын сәтті үйлестіре білетіндігі, сот төрелігін жүзеге асыру 

барысында  олардың  ең  күрделі  істерді  қарап,  еңбекқорлық  пен 

өмірлік  шыдамдылықтың  үлгісін  көрсетіп,  ұжымның  қоғамдық 

өміріне де белсене қатысатындығы аталып өтілді. 

Салтанатты іс­шараның соңында Жоғарғы Сот Төрағасы жиынға 

қатысушы әйелдерді құттықтай келе, оларға зор денсаулық, еңбекте 

табыс, құт­береке және бейбіт өмір тіледі. 

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі

Құрметті ханымдар!

Сіздерді 8 наурыз Халықаралық 

әйелдер  күнімен  шын  жүректен 

құттықтаймын!  

Бұл  мерекені  бүкіл  республика 

жұртшылығы, барлық ұжым мен әрбір 

отбасы атап өтеді. Осы мереке қазіргі 

әйелдердің  көпқырлы  болмысын 

дәйекті  сипаттауға  тамаша  мүмкіндік 

береді. Қазақстан қоғамында әйелдер, 

ең  алдымен,  аяулы  ана,  сүйікті  жар, 

кәсіби  маман  және  жауапты  лауазым 

иесі.  Сондықтан  да,  айтулы  мереке 

қарсаңында  абзал  аналар  мен  аяулы 

аруларға лайықты сый­құрмет көрсе­

тілуі – елдігіміздің белгісі.

Елімізде  гендерлік  саясатқа  әр­

дайым  айрықша  мән  беріліп  келеді. 

Мемлекет  бас шысы  ханымдармен 

тұрақты түрде кездесу өткізіп, олардың 

ел дамуына қосып жүрген зор үлесіне 

ерекше  мән  береді.  Сонымен  қатар, 

Аналар күні жыл сайын аталып өтіледі. 

Отбасы  құндылықтарын  насихаттауға 

бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлт тық 

конкурсын  өткізу  игі  дәстүрге  айнал­

ды. Гендерлік саясат мәселелері Пре­

зидент  әкімшілігі  жанындағы  арнайы 

комис сияда  тұрақты  түрде  қарас­

тырылып келеді.  

Республикамыздың сот жүйесінде 

де әйел дер айрықша орынға ие. Олар 

сот  орган дарында  қызмет  атқаратын 

барлық қызмет керлердің жартысынан 

астамын құрайды. Бұл, көбінесе, әйел­

дер табиғатының шиеленіс терді шешу­

ге  бейімділігімен,  айрықша  шыдам­

дылы ғымен, аса байыпты әрі салиқалы 

шешім  қабылдауымен  байла нысты 

болса керек.

Қымбатты  ханымдар!  Сіздерді 

көктемнің  осы  мерейлі  мерекесімен 

құттықтай  отырып,  баршаңызға  ден­

саулық,  отбасыларыңызға  амандық, 

баянды  бақыт  және  еңбекте  табыс 

тілеймін! Әрдайым жандарыңыздан сіз­

дерге жақын адамдар табылып, мере­

келік көңіл­күйге бөлене беріңіздер! 

Қайрат МӘМИ,

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының төрағасы 

ЕРКЕЛЕЙТІН КҮНДЕРІҢІЗ 

КӨП БОЛСЫН!

ТӘРБИЕМІЗДІ 

ТҮЗЕЙІК»


2

№18 (2943) 

7 наурыз 2017

zangazet@maiI.ru



ҚҰҚЫҚ

Хабарлама

Кездесу 

Судьялыққа кандидаттарды тағылымдамадан 

өткізу үшін бөлінген бос орындар

Сауал – сізден, жауап – бізден

Оқырман 

сауалдарына

заңгер

Серік 

Жолдыбай 

жауап береді

телефондар:

  8 (7132) 51 04 13;

8 702 226 07 35

8 771 187 47 31,

8 707 892 55 14

8 705 383 96 31

E-mail:sultan.ns@mail.ru

Қосымша ақы 

неге берілмейді?

 

Былтырғы  ақпан  айынан  бастап  Шалқар 



қаласына қарасты «Болашақ» шаруа қожа лы­

ғына  іс  жүргізуші  болып  жұмысқа  орналас­

қанмын. Негізі басқа жақтан келгенмін. Бірақ, 

алдыңғы жылы 17 ақпанда мекенжай бойынша 

тіркеуге (пропискаға) отырдым. Маған жұмыс 

орнымда апат аймағына байланысты қосымша 

ақы төлемей отыр. Осы дұрыс па?

Гауһар БОЗЖІГІТ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ 

ШАЛҚАР ҚАЛАСЫ

«Арал өңіріндегі экологиялық қасірет сал дары­

нан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау 

туралы» 1992 жылы 30 маусымда қабылданған 

N1468­XII  Заңның  2­бабында  көрсетілгеніндей, 

қалыптасқан  экологиялық  қолайсыз  жағдайдың 

ауыртпалық  дәрежесiн,  айналадағы  табиғи 

ортаның шөл далаға айналуы мен ластануының 

адам  денсаулығына  әсерiн  ескере  отырып, 

сондай­ақ Қазақстан Республикасы Ғылым акаде­

миясының тұжырымдамасы негiзiнде Арал өңiрiн­

дегi  экологиялық  қасiрет  аумағы:  экологиялық 

апат;  экологиялық  дағдарыс;  экологиялық 

дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтар болып 

бөлiнедi. Оның ішінде экологиялық апат аймағына 

Қызылорда  облысындағы  Арал  және  Қазалы 

аудандарының,  Ақтөбе  облысындағы  Шалқар 

ауданының аумақтары кiредi.

Заңның  6­бабында  аталған  аумақтарда 

эколо гиялық  апат  салдарынан  зардап  шеккен 

азаматтардың статусы белгіленген. Соған орай 

олардың  қатарына    осы    аумақта  1970  жылдан 

бастап осы кезге дейiн кемiнде 10 жыл тұрақты 

тұрып  жатқан  немесе  тұрған  (он  жасқа  дейiнгi 

балаларды қоса) тұрғындар және де экологиялық 

қасiретпен  себептi  байланысы  бар  ауруға 

шалдығуы салдарынан денсаулығын жоғалтқан, 

алайда осы аймақта кемiнде 3 жыл тұрған немесе 

тұрып жатқан азаматтар жатады. Заңда көзделген 

жеңілдіктің бәрі де осы сияқты экологиялық апат 

салдарынан зардап шеккендерге қарастырылады.

Пайдаланылмаған 

демалыс үшін 

ақша төленбей ме?

 

Еңбек шарты мерзімінің бітуіне байланысты 



мені және бір жұмысшыны ақысыз демалыс­

қа  жіберді.  Бірақ  бізге  еңбек  демалысының 

ақысы төленбеді. Он бір ай жұмыс атқарған 

екенбіз.  Осы  кезең  үшін  еңбек  демалысы 

тиіс пе? Ал, еңбек шарты бұзылған жағдайда 

пайда ланылмаған  еңбек  демалысы  ақысы 

беріліп, басқа да толық есептесулер жасалмай 

ма?

Сексенбай АЛДИЯРҰЛЫ

(сауал электронды поштамен келген)

Еңбек  кодексінің  30­бабына  сәйкес,  еңбек 

шарты  белгіленбеген  мерзімге  немесе  бір 

жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы 

мүмкін.  Шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  ғана 

жұмыскерлермен  еңбек  шарттарын  осы  соңғы 

көзделген шектеусіз белгілі бір мерзімге жасаса 

алады.  Осы  аталғандардан  өзге  жағдайларда 

еңбек  шарты  белгілі  бір  жұмыстың  орындалу, 

уақытша  болмаған  жұмыскерді  алмастыру, 

маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы 

мүмкін.  Сауалыңызда  өздеріңіздің  жұмыс 

берушімен  жасасқан  еңбек  шартының  мерзімі 

жоғарыда  көзделген  жағдайлардың  қайсысына 

орайласа аяқталғанын көрсетпегенсіз.

Алайда  қалай  болғанда  да  Кодекстің  97­ба­

бында  жазылғанындай,  жалақы  сақталмайтын 

демалыс  еңбек  шарты  тараптарының  келісімі 

бойынша  жұмыскердің  өтініші  негізінде  ғана 

берілуі  мүмкін.  Оның  ұзақтығы  жұмыскер  мен 

жұмыс  берушінің  арасындағы  келісім  бойынша 

айқындалады.  Ендеше  жұмыс  берушінің  сіз­

дерді  ақысыз  демалысқа  ықтиярларыңызбен 

санаспастан  жіберуі  заңды  өрескел  бұрма­

лаушылық болып табылады.

Кодекстің 92­бабы жұмыскерге жұмыс істеген 

бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы 

ақы  төленетін  еңбек  демалысын  тараптардың 

келісімі  бойынша  жұмыс  жылының  кез  келген 

уақытында (яғни, жұмыс істегендеріңізге он бір ай 

толғанда да) алуына мүмкіншілік жасайды. Тіпті 

демалыс берілмесе де, еңбек шарты тоқтатылған 

кезде  осы  кодекстің  96­бабында  айқындалған 

құқықтарыңызды  пайдалана  аласыздар.  Яғни, 

қайталап  айтсақ,  қандай  себеппен  болсын, 

еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыскерге жыл 

сайынғы  ақы  төленетін  еңбек  демалысының 

пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төленеді. 

Ондай  кезде  еңбек  заңының  113­бабына  орай 

жұмыс  беруші  жұмыскерге  тиесілі  сомаларды 

үш  жұмыс  күнінен  кешіктірілмей  төлеп  болуға 

тиісті. Мұндай міндеттеулерді ауырсынып, басын 

бұйдадан ала қашқан кәсіпкерді заңға жүгіндіру 

үшін (басқа құзырлы орындардың қауқары жетпей 

жатса) сотқа талап арыз түсіре аласыз. 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы 

Соты  судьялыққа  кандидат тардың  тағы­

лымдамадан  өтуі  үшін  бос  орындар ды 

бөлу туралы хабар лайды:

Астана қаласы бойынша – 9 орын; 

Алматы қаласы бойынша – 11 орын;

Ақмола облысы бойынша – 5 орын;

Ақтобе облысы бойынша – 5 орын;

Алматы облысы бойынша – 6 орын;

Атырау облысы бойынша – 4 орын;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 10 

орын;

Жамбыл облысы бойынша – 4 орын;



Батыс  Қазақстан  облысы  бойынша  –  5 

орын;


Қарағанды облысы бойынша – 9 орын;

Қостанай облысы бойынша – 7 орын;

Қызылорда облысы бойынша – 3 орын;

Маңгыстау облысы бойынша – 3 орын;

Павлодар облысы бойынша – 6 орын;

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 5 

орын;

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 8 



орын;

«Қазақстан  Республикасының  сот  жүйе­

сі  және  судьяларының  мәртебесі  тура­

лы»  Конституциялық  заңның  29­бабы 

1­4­тармағында  көрсетілген  талаптарға 

сәй кес  келетін  азаматтар  тағылымдамаға 

жіберіле ді.

Тағылымдамадан  өту  судья  лауазымына 

кандидаттың тұратын жері бойынша тіркел ген 

облыс, Астана және Алматы қала лары аума­

ғындағы  жергілікті  соттарда  жүзеге  асыры­

лады.  Тұрғылықты  жері  бойынша  тағылым­

дамадан  өту  үшін  бос  орын дар  болма ған 

жағдайда, кандидат бос орын болған кезде 

тағылымдамадан  өтуге  рұқсат  беру  туралы 

өтінішпен  басқа  облыстық  сотқа  жүгіну ге 

құқылы.

Тағылымдамадан  өтуге  ниет  білдірген 



адамдар хабарландыру жарияланған күннен 

бастап бір ай мерзімі ішінде облыстық соттың 

төрағасына  тағылымдамадан  өтуге  рұқсат 

беру туралы өтініш береді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса тір келуі 

тиіс:


1) кадрларды есепке алу бойынша жеке 

парақ;


2) өмірбаян;

3)  диплом  мен  оның  қосымшасының 

көшірмелері;

4)  біліктілік  емтиханын  тапсырғанын 

растайтын құжаттың көшірмесі;

5)  соңғы  жұмыс  орнынан  алынған  қыз­

меттік мінездеме;

6)  судьяның  кәсіби  міндеттерін  орын­

дауға  кедергі  болатын  аурулардың  жоқты­

ғын растайтын медициналық куәлан дырудан 

өткені туралы құжат.

Өтінішке  оның  кәсіби  білімінің  деңгейін 

сипаттайтын  құжаттарды  да  (ғылыми  дәре­

желер  мен  атақтардың  берілгені,  арнайы 

курстарды  аяқтағаны  туралы  тиісті  құжат­

тардың  көшірмелері)  қоса  тіркеуге  болады. 

Ұсынылған барлық құжаттарда қол қойылып, 

жасалған немесе бекітілген күні, қажет болған 

жағдайда – шығыс нөмірі мен күні болуы тиіс.

Кадрларды  есепке  алу  жөніндегі  жеке 

парақ,  өмірбаян,  қызметтік  мінездеме, 

денсаулық  жағдайы  туралы  медициналық 

анықтамалар  берілген  немесе  жасалған 

күнінен бастап бір жыл ішінде жарамды болады 

және кандидатқа қатысты өзекті мәліметтерді 

қамтуға  тиіс.  Қосымша  ақпарат  алу  үшін 

облыстық және оларға теңес тірілген соттарға 

жүгінулеріңізге бола ды.



Қазақстан Республикасының

Жоғарғы Соты

– Мен осы кезге дейін Қазығұрт ауда­

нын да  бірнеше  рет  іссапармен  болып, 

тұрғындармен  тілдескенмін,  ақсақал­

дармен ақылдасып, батасын да алғанмын. 

Былтыр, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына 

орай 25 судьямен бірге Тұңғыш Президент 

күні  Қазығұрт  шыңын  да  бағындырдық. 

Былтырғы жылы атқарылған жұмыстарды 

қорытындылап  болдық.  Енді  аудан  тұр­

ғындарымен  жиірек  кездесіп,  жаңа  заң­

дарға  түсіндірме  жұмыстарын  күшейтуді 

көздеп  отырмыз.  Осы  мақсатымызды 

жүзеге  асыруды  алғаш  болып  Сіздердің 

аудандарыңыздан  бастап  отырмын,  – 

деді төраға Нұрсерік Кәрімұлы жиындағы 

алғашқы сөзінде. 

Баяндамасының  кіріспесін  осылай 

бастаған  төраға  жалпы  сот  жүйесіндегі 

жаңалықтардан  хабардар  етті.  Арнайы 

дайындалған  бейнеролик  те  жиналған­

дарға бірталай мағлұмат ұсынды. Төраға­

ның  айтуынша,  соңғы  жылдары  сотқа 

электронды  түрде  түсетін  талап­арыз­

дардың қатары күрт көтерілген. Айталық, 

Аудан тұрғындарын не алаңдатады?

өткен  жылы  облыс  соттарына  80  985 

элек тронды  арыз  түскен  болса,  талап 

арыз дардың саны 75 мыңнан асып кетіпті. 

Элек тронды түрде түскен әкімшілік істердің 

саны 26 307­ге жеткен. 

Кезек сұрақ­жауапқа келгенде қойылған 

сауалдарға  қарап,  қазығұрттықтарды 

төрт түлікке қатысты мәселелер біршама 

мазалайтынын байқадық. Мәселен, ауданда 

мал  ұрлығы  тыйылмай  тұр  екен.  Бұл 

несі бесін  қорадағы  азын­аулақ  малынан 

айырып  отырған  ауыл  азаматтарының 

арқасына аяздай батады екен. Сол секілді, 

еккен егінін қараусыз мал таптап, еңбегін 

еш етіп жатқан жағдайлар да кездесетінге 

ұқсайды. Осы келеңсіздіктерге тоқтам салу 

үшін  не  істеу  керек?  Шынында  да  соңғы 

жылдары  ауылдықтардың  басауруына 

айналған  мал  ұрлығының  өршуіне  себеп 

болып  отырған  жайттардың  көп  екенін 

айтқан төраға ізгіленген заңның талаптарын 

түсіндірді. Егер мал ұрлығын жасаған адам 

бұл  қылмысқа  алғаш  рет  барып  отырған 

болса  және  жәбірленушінің  шығынын 

толық  өтеген  жағдайда  қылмыстық  іс 

қысқартылуға  жатады.  Бұл  сотқа  дейін 

де,  сот  процесі  барысында  да  іске  асуы 

мүмкін.  Ал,  осы  қылмысын  екінші  рет 

қайталаған  адам  қамалады.  Жалпы,  мал 

ұрлығын  ауыздықтауға  мал  иелерінің 

өздерінің де көмегі болуы қажет. Мәселен, 

бүгінде  жайылымда  қараусыз  жүретін 

малдар  көп  болса,  екіншіден,  олардың 

арасында сырғаланбағандары да аз емес. 

Ал, сырғаланбаған малдың иесін анықтау 

қиындық  тудырады.  Сол  себепті,  малды 

түгендеуге көп көңіл бөлу қажет. 

Жиын  барысында  тұрғындар  осындай 

маңызды кездесуді ұйымдастырып отырған 

облыстық соттың және Қазығұрт аудандық 

сотының  төрағасы  Қанат  Қоңырбаевқа 

да  айрықша  алғыс  айтты.  Аудандық  сот 

төрағасының ұйымдастыруымен көптеген 

игі істер атқарылыпты. Түрлі тақырыптарда 

өткізілген  семинарлардың  арқасында 

ауданда жалпы қылмыстың қатары азайған. 

Ақсақалдардың  көмегіне  жүгініп,  бүгінде 

көптеген  мәселелердің  сотқа  жетпей­ақ 

шешілуі үрдіске айналса, бітімгершілікпен 

аяқталған  істер  саны  жылдан­жылға  өсу­

мен келеді. Бұл қылмыс санының төмен­

деуіне себеп болумен қатар, ауыл азамат­

тарының  өзара  татулығын  арттыруға  да 

қызмет ететіні түсінікті. Сондай­ақ, Қанат 

Қоңырбаевтың ұйытқы болуымен аудандық 

сот  ғимараты  жанынан  «Әділет»  атты 

стадион  пайдалануға  беріліп,  саламатты 

өмір салтын насихаттауға, ұстануға деген 

ауыл  жастарының  қызығушылығы  арта 

түсті.  Ал,  аудандық  соттың  тарихымен 

таныс қысы  келгендер  үшін  арнайы 

ұйымдастырылған  мұражай  көпшіліктің 

көңілінен шықты әрі өзгелерге үлгі болуда. 

Жиынды ашып, жүргізіп отырған Қазы­

ғұрт  ауданының  әкімі  Төлеген  Телғараев 

облыстық соттың төрағасы Нұр серік Кәрім­

ұлына,  аудандық  сот  төрағасы  Қанат 

Қоңырбаевқа  алғысын  айтып,  аудан 

тұрғын дары үшін құқықтық сауат тылықты 

арттыратын  осындай  жиын дардың  жиі 

өткізіліп тұруының маңызы орасан екенін 

атап өтті. 

 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал