Соңы 4-бетте Баспасөз — 2017 Құрметті оқырман! «Заң газеті»



жүктеу 0.51 Mb.

бет1/6
Дата04.06.2017
өлшемі0.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Сәті түскен сұхбат

(Соңы 4-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая газета»«Заң», 

«Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып жатқанын естеріңізге 

салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан қол үзіп қалмаңыздар!



жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, «Қазпресс» ЖШС дүң­

гір шек тері және Алматы қаласын дағы «Дауыс» жүйесі 

ар қы лы жазы лу ла ры ңызға болады.



(Соңы 5-бетте)

Биыл Ұлы Жеңіске – 72, Қазақстанның Қарулы Күштерінің 

құрылғанына  25 жыл толды. Жеңіс – ақтық демі біткенше 

жерін қорғаған жауынгерлердің айбынымен, тылдағы жұмыс­

шылардың ерен еңбегімен келді.  Өткенге көз салсақ, біз 

жеңіске де, тәуелсіздікке де оңайлықпен жеткен жоқпыз. 

«ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ 

ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛУ 

Сағатбек МЕДЕУБЕКҰЛЫ, 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

журналистика факультетінің деканы:

– Қазіргі заманда журналист мамандығын 

дайындаудың қандай ерекшелігі бар?

– Бүгінгі жаһандану заманының өзіндік өрке-

ниеттік таным мен талғамына сай талаптары бар. 

Біз кеше өзіміз оқып жүрген кезде газет-журнал, 

радио, телеарналардан басқа ақпарат құралдарын 

білмей келдік. Олардың өзі саусақпен санарлық 

болатын. Және барлық үйде теледидар болған жоқ. 

Кейін ғана әр үй телеақпаратқа қолжеткізді. Сол 

кезде баспасөздің беделі де, мәртебесі де жоғары 

әрі салмақты еді. Газетке шыққан сын мақалаға 

дереу жауап берілетін. Яғни, журналистика сы-

нының пәрменділігі  коммунистік идеологияға 

барынша қызмет етті. Партиялық цензура болды. 

Осы қақпан партиялығы жоқ ақпаратты жібермей 

қауып қалып отырды. Дегенмен, екі шоқып бір 

қараған коммунистік идеология қарақшылары-

ның кірпігінің арасынан ұлттық рухты, азамат-

тық-патриоттық сезімді,  адамгершілікті, рухани 

құндылықтарды өткізе отырып, бұқараның адами 

болмысына қорған болған ұлттық журналистика-

ның ықпалын  ешкім жоққа шығара алмайды. Егер 

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кешегі коммунис-

тік идеялармен әкімшілдік-әміршілдік жүйенің 

іргесін тас-талқан етсе, ол ең әуелі ұлттық журна-

листиканың астарлы насихатының нәтижесі деп 

түсінем. Енді интернет келгелі журналистикаға 

деген көзқарас өзгерді. Шетелдік журналистика-

ның әдіс-тәсілдері, ұғым-түсініктері жаппай жау-

лап алуға барынша күш салып жатыр. Жаңалықты 

ұлттық журналистика мамандары жедел игеріп 

әлемдік ақпараттандыру көшіне қосылды. Енді 

журналист боламын деген талаптанушыларға осы 

заманауи технологиялардың тілін білу бірінші 

орында тұр. 

ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

№34 (2959) 5 мамыр 2017

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

БАТЫРЛАР БЕЙНЕСІ 

МӘҢГІ ЖАДЫМЫЗДА

Қымбатты ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және 

9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Жеңіс күні – бұл естелікке толы мереке және өскелең 

ұрпаққа  бейбіт  өмірдің  қадір-қасиеті  туралы  өсиет 

айтатын айрықша күн. Бұл мереке сұрапыл соғысқа 

қатысып,  фашизмді  тізе  бүктірген  аталарымыз  бен 

әкелеріміздің қаһармандық ерліктері мен жанқиярлық 

қайсарлығын еске түсіреді. Олардың бірқатары Жеңіс 

күніне  жете  алмады,  көбісі  өмірден  өтті.  Дегенмен, 

олардың ерліктері туралы естелік ұрпақ жадында мәңгі 

сақталмақ.

Жеңіс  күні  –  бұл  бойымызды  мақтаныш  сезімі 

кернеп, ерлікке толы оқиғаларға тәнті болатын мереке. 

Біздер Отан үшін жанын құрбан еткен аға ұрпақтың, 

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктері мен Жеңіс 

жолындағы шыдамдылығын әлі талай мақтана айтатын 

боламыз. 

Сіздер  өзге  халық  өкілдерімен  иық  теңестіре 

отырып, Отанымызды және бүкіл әлемді фашизмнен 

қорғай  алдыңыздар.  Брест  қамалын  қорғаудағы, 

Мәскеу, Ленинград, Сталинград түбіндегі, Берлинді алу 

кезіндегі жанкештілік пен борышқа деген адалдықтың 

жарқын  үлгілері  бізді  әлі  күнге  дейін  таңғалдырады. 

Бұл – патриотизм мен Отанға деген риясыз махаббаттың 

белгісі.


Тыл  еңбеккерлеріне  де  айрықша  алғыс  білдіргім 

келеді.  Сіздер  соғыс  жылдарындағы  қиындықтарға 

қарамастан, күнделікті ауыр еңбекті еңсеріп, Жеңісті 

барынша жақындаттыңыздар. Сіздер майданға кеткен 

азаматтардың  орнын  басып,  Қазақстанға  көшірілген 

жүздеген зауыттың өндірісін іске қостыңыздар. Сіздер 

майданға  танктер,  ұшақтар,  оқ  дәрілер  мен  азық-

түлік өнімдерін жөнелтіп, Жеңіске жетуге сүбелі үлес 

қостыңыздар.

Республикамызда  Жеңіс  күні  қарсаңында  Отан 

қорғаушылар күнін атап өтудің мәні зор. Бұл – ұрпақтар 

сабақтастығы  мен  әскери  дәстүрді  жалғастырудың 

айшықты  көрсеткіші.  Бүгінде  тәуелсіз  Қазақстанның 

Қарулы Күштері әскери дайындықтың жоғары деңгейін 

көрсетуде,  заманауи  техниканы  басқарып,  елімізді 

қорғау бойынша барлық міндеттерді орындауға дайын. 

Айтулы  мерекелер  қарсаңында  баршаңызға  зор 

денсаулық, құт-береке, толайым табыстар, ең бастысы, 

ашық аспан тілеймін!

Құрметпен Қайрат МӘМИ,

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының Төрағасы        

ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ –

           ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР

Заң жобасы



Б

үгінгі  ақпараттық  технология  жетістіктері  тұрмы­

сымыздың салтына айналуы ой­санасы жетілмеген, 

өмірге  көзқарасы  қалыптаспаған  жеткіншектердің 

тағдырын қыл үстіне қойып отыр. 

ТЕРІС АҚПАРАТ 

ТӘРБИЕНІ БҰЗАДЫ

Қоғамды алаңдатып отырған осы 

мәселе  Парламент  мінберінен  де 

аз айтылып жүрген жоқ. Мәжілістің 

өткен  шақырылымында  бір  топ 

депутаттың  бастамасымен  бұл  

келеңсіз  құбылысқа  тосқауыл  қою 

мақсатында  арнайы  заң  жобасын 

да  әзірлеген  болатын.  Алайда, 

мез гілінен  бұрын  тараған  депутат-

тық  корпус  бұл  шараны  ақырына 

жеткізе  алмай  кеткен  еді.  Бұрын-

ғы  әріптестерінің  осы  жұмысын 

Бекболат Тілеухан бастаған бір топ 

депутат қайтадан  қолға алып, заң 

жобасын  толықтырып,  қайтадан 

дайындапты. Осы аптада сол құжат 

Мәжілісте  депутаттар,  мәселеге 

қатысты  құзырлы  орындар,  мүд-

делі  үкіметтік  емес  ұйымдар  наза-

рына  ұсынылып,  тұсауы  кесілді. 

«Балалардың  денсау лығы  мен 

дамуына  зардабын  тигізетін  ақ-

параттан қорғау туралы» деп атала-

тын  бұл  заң  жобасын  Бекболат 

Қанайұлының өзі таныс тырды.

Халық  қалаулысы  аталмыш 

құжаттың  қажеттілігін,  мақсатын, 

маңыздылығын  барынша  бүгінгі 

күн нің  ащы  шындығымен  бай-

ла ныс тыра  жеткізуге  тырысты. 

«Замананың  дидары  өзгерді,  даму 

қарқыны  алапат  ақпараттың  тас-

қыны кезінде теріс ақпараттың зар-

дабынан  жас  ұрпақты  қорғаудың  

маңыздылығы  алға  шығып  отыр. 

Қазақстанды  жарқын  болашаққа 

жетелейтін  жастар  болғандықтан 

олар  ең  алдымен  білімді,  ұлттық 

құн дылықтарды, заманауи әдеттер-

ді  өз  бойына  біріктіріп,  ұштастыра 

білген  өз  елінің  нағыз  жанашыр 

азаматтары  болып  қалыптасуы 

қажет»  деп  сөз  саптаған  Бекболат 

Тілеухан мырза өз ертеңін ойлаған 

елдердің бірқатар озық тәжірибесін 

ортаға салған еді. Оның айтуынша, 

таяу  және  алыс  шетелдердің  бір-

қатарында  жеткіншектерді  теріс 

ақпараттың  ықпалынан  қор ғаудың 

заңнамалық  тетіктері  жасалып 

қойған.  Балалардың  ақпарат-

тық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету 

сала сында  Қазақстанның  заң-

намасы  әлемнің  жетекші  ел дері-

нен  қалыс  қалып  отыр.  Бұл  ел-

дердің  заңнамасында  балалар 

мен  жасөспірімдердің  денсаулығы 

мен  дамуына  зардабын  тигізетін 

ақпаратты  таратуға  шектеулер 

мен  тыйым  салынып,  ақпараттық 

өнімдерге тиісті сараптама жүргізу 

көзделген. Аталмыш өнімдердің жас 

сыныптамасы  жүзеге  асырылып, 

балаларға  арналған  хабарларды 

трансляциялаудың  уақыт  шеңбер-

лері белгіленген.

(Соңы 3-бетте)

ЖАҒЫ ӘЛСІЗ»

Лебіз

Сондай құрбандық, қиындықпен келген егемендігімізді одан 

әрі нығайтып, озық мемлекеттер қатарынан ойып орын алуда 

отаншылдық тәрбиенің орны зор. Елін, жерін сүйгендер ғана 

Отанының абыройын ойлайды. 

Бүгінгінің бас тақырыбы



2

№34 (2959) 

5 мамыр 2017

zangazet@maiI.ru



ҚҰҚЫҚ

Жиын


Дөңгелек үстел

Кездесу


Басқосу 

Шымкент  қаласындағы  Еңбекші 

аудандық  сотында  жиын  өтті.  Оған 

аталмыш  аудандық  соттың  төрағасы 

Низамиддин  Жамашов,  облыстық 

адвокаттар  алқасы  мен  прокуратура 

өкілдері  қатысты.  Басқосуда  сот 

төрағасы Низамиддин Қазыбайұлы:

–  Сот  саласында  Қазақстан  Рес­

публикасы  Президентінің  азамат­

тар дың  құқығын  қорғау  жөніндегі 

тап сырмасы  жүзеге  асып  жатыр. 

Енді  оны  одан  ары  пысықтап,  сот 

сала сындағы қызметтің сапасын арт­

тыру  мақсатында  интернеттегі  «Сот 

каби неті»  сервисінде  соттар  мен 

судьялардың қызметін сырттай бақы­

лау  жөнінде  пилоттық  жоба  қолға 

алынды.  Электрондық  түрде  жүзеге 

асатын жоба бойынша «Сот кабинеті» 

сервисінде 10 сұрақ жазылған. Сауал­

дардың арасында «Сотта судья басқа 

тараптармен  бірге  тең  құқық  берді 

ме?»,  «Судья  әдебі  талапқа  сәйкес 

пе?»,  «Соттың  процесі  уақтылы  бас­

тал ды  ма?»  деген  секілді  сұрақтар 

бар.  Бұл  сұрақтарға  сотқа  қатысқан 

азаматтар жауап бере алады. Ол үшін 

сауал намаға қатысушылардың элек тр­

он дық қолтаңбасы болуы керек, – деді. 

Бұл  сұрақтардың  жанында  «иә», 

«жоқ»  деген  секілді  басқа  да  бір­

неше  жауап  тетіктері  тұрады.  Сіз 

өз  жауабыңызға  қарай  оның  кез­

кел генін  баса  аласыз.  Егер  жауап 

беруші өзінің судьяға, прокурорға риза 

еместігін білдірсе, тиісті орындардан 

хабарласып, не үшін разы еместігінің 

себебі сұралады. Сөйтіп, мәселенің ақ­

қарасы анықталады. Респонденттерге 

екінші тарап жауап беруі тиіс. 

– Алдағы уақытта тағы бір пилот­

тық  жоба  қолға  алынбақ,  –  дейді 

Н.Қазыбайұлы.  –  Онда  8  санаттағы 

і с т е р   а л ғ а ш қ ы д а   м е д и а ц и я ғ а 

жіберілмек.  Олардың  ішінде  неке 

бұзуға,  ақша  өндіру,  еңбек  дауы 

секілді  істер  бар.  Медиация  екі 

тарапты  татуластыруға  шара  көреді. 

Егер  екі  жақ  татуласып  кетсе,  істі 

қысқартамыз.  Татуласпаса,  істі  ары 

қарай қайта қараймыз. 

Жиынға  қатысушылар  арасында 

қолға алынған пилоттық жоба бойынша 

сұрақтар  қойылып,  оған  жауаптар 

берілді. 



Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ,

«Заң газеті»

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ 

Дәріс тыңдаушылар 

көңілінен шықты

Елбасы  биылғы  Жолдауында:  «Біз 

елдегі  сыбайлас  жемқорлық  деңгейін 

төмендету бағытында елеулі қадамдар 

жасадық.  Алайда,  басты  назар  көбіне 

сыбайлас  жемқорлықтың  салдарымен 

күресуге  аударылып  отыр.  Сыбайлас 

жемқорлықтың  себептері  мен  алғы­

шарттарын  анықтап,  оларды  жою 

жұмы сын  күшейту  қажет»,  –  деп  атап 

көрсетті.  Сонымен  қатар,  сыбайлас 

жем қорлықпен  күресте  көп  нәрсе 

бүкіл  қоғамның  белсене  атсалысуына 

байланысты екенін және жемқорлыққа 

деген жалпы жұртшылықтың жек көру­

шілігін  қалыптастыру  күрестің  қуат ты 

құралына айналуы тиістігін жеткізді. Бұл 

арада  негізгі  басымдықты  анықталған 

заң  бұзушылықтар  бойынша  жазаға 

тартуға  ғана  емес,  алдын  ала  сол 

құқық  бұзушылықтың  себептері  мен 

алғышарттарын  анықтап,  оны  бол­

дырмау  мәселесіне  беру  керектігі 

секілді дүниелер қамтылған. Бұған тек 

құзырлы  органдар  емес,  бүкіл  қоғам 

атсалысуы қажеттігі нақты айқындалған.  

2015  жылы  11  қарашада  жаңадан 

ҚР  «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

күрес  туралы»  Заңы    қабылданды. 

Сондай­ақ,    ҚР  «Мемлекеттік  қызмет 

туралы» Заңы да жаңадан қабылданды. 

Бұл  жаңа  заңдар  бойынша  бірқатар 

ө з г е р і с т е р   е н г і з і л г е н .   М ә с е л е н , 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 

туралы»  ескі  Заңның  12­ші  бабы 

бойынша,  мемлекеттiк  мiндеттердi 

атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға 

немесе  соларға  теңестiрiлгендерге 

сыбайлас  жемқорлыққа  жағдай  туғы­

за тын  құқық  бұзушылықтар  және 

олар  үшін  жауапкершілік  мәсе ле­

лері  қарастырылған.  Ал  осы  бап­

тағы  көрсетілген  шектеулер  қазіргі 

жаңадан қабылданған ҚР «Мемлекеттік 

қ ы з м е т   т у р а л ы »   З а ң ы н ы ң   5 0 ­ ш і 

бабында,  мемлекеттік  қызметке  кір 

келтіретін  тәртіптік  теріс  қылықтар 

ретінде  қарастырылған.  Мемлекеттік 

қызметтерді  орындауда,  шешімдер 

әзірлеу  мен  қабылдау  кезінде  заңды 

және  жеке  тұлғаларға  заңсыз  артық­

шылықтар көрсету, заңда көзделмеген 

кез­келген көмек түрін көрсету,  беріл­

уі  заңда  көзделген  ақпаратты  беру­

ден  негізсіз  бас  тарту  немесе  толық 

емес  ақпарат  беру,  оны  кешіктіру 

(мерзімдердің  бұзылуы),  жеке  және 

заңды  тұлғалардан  табыс  етуі  заң­

да  көзделмеген  ақпаратты  талап 

ету  (артық  құжат  қабылдау)  сияқты 

фактілер  мемлекеттік  қызметке  кір 

келтіретін  тәртіптік  теріс  қылықтар 

сана тына  жатқызылған.  Яғни,  бұл 

арада  сол  жасалған  теріс  әрекеттер 

үшін  жауапкершіліктің  нақтыланғанын 

көріп  отырмыз.  Өйткені,  халықтың 

мемлекеттік  билікке  деген  сенімі 

ерекше  маңызға  ие.  Бүгінгі  таңда 

кез­келген  өркениетті  қоғам  үшін 

сыбай лас  жемқорлықпен  күрес  ең 

өзекті  мәселелердің  бірі  болып  отыр. 

Сондықтан,  сыбайлас  жемқорлықпен 

күресу барлық азаматтардың азаматтық 

борышы деп ұғынғанымыз абзал.

                 



Р.ӘБДІРШЕЕВ,

Қазалы аудандық Әділет 

басқармасының басшысы 

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

Хаттама толтыруда 

қателік көп

Қорғалжын аудандық сотының судьялары мен прокуратура өкілдері 

ел  Конституциясына  енгізілген  өзгерістер  мен  толықтыруларды, 

сонымен  қатар,  әкімшілік  құқықбұзушылық  туралы  хаттаманы 

рәсімдеу  мәселелерін  талқылау  мақсатында  дөңгелек  үстел 

өткізді. Аталған іс­шараға аудандық ішкі істер бөлімінің басшылары 

мен  қызметкерлері,  Әділет  басқармасы,  Мемлекеттік  кірістер 

басқармасы,  әкімдік,  Төтенше  жағдайлар  бөлімі,  Қорғалжын 

мемлекеттік  табиғи    қорығы  және  аудандық  денсаулық  сақтау 

басқарманың өкілдері қатысты. 

Қорғалжын ауданының прокуроры Айдын Әділов Конституцияға 

енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндама жасады. 

Ал,  аудандық  сот  төрайымы  Халима  Кембаева  құжат  толтыруда 

қателіктің көп кездесетінін айтып, әкімшілік құқықбұзушылық туралы 

хаттаманы дұрыс рәсімдеу талаптарын түсіндірді. 

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, заңнама нормаларын 

түсіндіру мақсатында азаматтармен кездесу ұйымдастыруды ұсынды. 



Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі 

Сот төрағасы 

студенттер арасында

Құқықтық  мемлекетте  азаматтардың  заңнан  хабары  болуына, 

сауатын  көтеруіне  айрықша  маңыз  беріледі.  Осындай  игілікті  істі 

еліміздің құқық қорғау органдары мен сот құрылымдары да тұрақты 

жүргізіп келеді. Мәселен, жақында құқықтық насихат айлығын қолға 

алған Алматы қалалық сотының ұжымы әл­Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетіне келіп, студенттермен кездесу өткізді. 

Заңгерлік мамандық бойынша білім алып жатқан студенттердің 

көпшілігі судья болып, әділ төрелік етуді арман етеді. Ал, Алматы 

қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай бастаған бір топ судьямен 

кездесу жастардың сол асқақ арманына қанат бітіргендей болды. 

Сот  саласында  қолға  алынған  реформалар,  судьялықтан  үміткер 

жандарға  қойылатын  талаптар  жөнінде  әңгімелеген  Ақжан  Ештай 

қай  кезде  де  білімнің  маңызды  екенін  айтып,  студенттерді  жақсы 

оқуға шақырды. Сонымен бірге, сот төрағасы судьялардың жұмыс 

тәжірибесімен,  сот  отырысының  өту  тәртібімен  таныссам,  сот 

жұмысында қолданылып жүрген заманауи технология жетістіктерінен 

хабардар болсам деп қызығушылық танытқан студенттерге барлық 

көмек көрсетілетінін қаперге салды.

Студенттер қауымы да судьялардың бұл қамқорлығына ризашылық 

білдіріп,  өздерін  қызықтырып  жүрген  көптеген  сұрақтарды  қоюға 

мүмкіндік алды.



Г.ҚУАНАЛИЕВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры

Қызылорда қалалық сотында кеңсе қызметкерлері және 

сот  мәжілісі  хатшыларының  қатысуымен  сот  отырысы 

барысын тіркеп жазуды қамтамасыз ететін үн және бейне 

жазу  құралдарын  техникалық  қолдану  қағидасын  оқып 

үйрену сабағы  өтті.

Әйелдердің  құқықтарын  сақтау, 

сонымен  қатар,  әйелдер  мен  ерлер­

дің  тең  мүмкіндіктерін  және  тең 

құқықтарына  қысым  көрсету  немесе 

шектеуге  бағытталған  актілерді  қа­

былдауға  жол  бермеу  туралы  мәсе­

лелерді  талқылау  мақсатында  Астана 

қ а л а с ы н ы ң   м а м а н д а н д ы р ы л ғ а н 

ауданаралық  экономикалық  сотында 

«Әйелдерге  қатысты  кемсітушілікті 

жою»  тақырыбында  дөңгелек  үстел 

өтті.  Аталған  іс­шараға  эконо микалық 

соттың  судьялары,  сонымен  бірге, 

Астана  қаласындағы  «Әйелдердің 

республикалық  кеңесі»  қоғамдық 

бірлестігі  филиалының  төрайымы 

Ханзада Балтаева қатысты.

Іс­шара  барысында  қатысушылар 

Қазақстан  Республикасымен  ратифи­

кацияланған  халықаралық  шарттар 

мен өзге де міндеттемелер жүйесінде 

ҚАЗЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН 

ХАЛЫҚ БАҒАЛАЙДЫ

Жегіқұрт

ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСЕТІН 

КЕСЕЛ

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек 

Әметов Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық 

университетінде болды. Кездесу барысында Б.Әметов жоғары 

оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамына 

және студенттерге «Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде сот 

жүйесін реформалау» тақырыбында дәріс оқыды.

Облыстық  сот  төрағасы:  «Өткен  жыл  Қазақстан  сот  жүйесінің 

дамуындағы жаңа кезеңінің бастауы болды. Ұлт жоспары іс жүзінде 

қамтамасыз етіліп, сот жүйесіне қатысты барлық жаңашылдықтар 

елімізде заңнамалық деңгейде қарқынды жүзеге аса бастады» деп 

атап өтті. Ол өз сөзінде елдің құқықтық алаңында болған түбегейлі 

өзгерістерге  сәйкес,  Президенттің  мемлекеттік  билік  тармақтары 

арасындағы  өкілеттіктерді  қайта  бөлу  туралы  тапсырмасына 

тоқталды. «Ұлт жоспарының 17­қадамына сәйкес, конституциялық 

заңға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілді,  соған  сай,  судья 

лауазымына  үміткерлердің  еңбек  өтілі  мен  жасына  қойылатын 

талаптар өзгертілгенін хабарлады. 

Батыс Қазақстан облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот 

алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев өз кезегінде, қылмыстық 

заңнамадағы  жаңа  енгізілімдер  туралы  әңгімеледі.  Ол  құзыретіне 

қарау,  тінту,  жеке  тінту  және  алуды  санкциялау  мәселелері  енген 

тергеу судьяларының институтын күшейту туралы айтты. 

Сонымен  қатар,  судьялар  корпусының  спикерлері  жаңа  Әдеп 

кодексімен таныстырып,   судьялыққа үміткерлерді іріктеудің жаңа 

жүйесі және жұмыс жасап жүрген судьяларға қойылатын талаптардың 

күшейтілгендігі туралы айтты. Шара соңында тыңдаушылар назарына 

«Сот жүйесі: кеше, бүгін, ертең» атты деректі фильм ұсынылды.



Айжан НҰРЖІГІТОВА,

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы

Семинар


ХАТШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН САБАҚ

маңызды  орын  алатын  1979  жылы 

18  желтоқсанда  қабылданған  Әйел­

дерге  қатысты  кемсітудің  барлық 

нысандарын жою туралы Конвенцияны 

талқылады.  Қазақстан  Республикасы 

аталған  Конвенцияға  1998  жылдың 

18  желтоқсанында  қосылды.  Ал 

2001  жылдың  4  шілдесінде  Конвен­

цияға  Факультативтік  хаттама  рати­

фикацияланды.

Астана  қаласының  маман дан­

дырылған ауданаралық эконо микалық 

сотының  судьясы  А.Каримова:  «Адам 

құқықтарының  жалпыға  бірдей  дек­

ларациясы  кемсітуді  болдырмау 

қағидатын  растай  отырып,  барлық 

адамдар  тумысынан  азат  және  қадір­

қасиеті  мен  құқықтары  тең  болып 

дүниеге  келетіндігін  жариялайды,  әр 

адам, нәсіліне, түр­түсіне, жынысына, 

тіліне,  дініне,  саяси  немесе  басқа  да 

наным­сенімдеріне,  ұлттық,  немесе 

әлеуметтік  тегіне,  мүліктік,  тектік­

топтық, немесе басқа да жағдаяттар­

ға  қарамастан  осы  Декларацияда 

жария ланған  барлық  құқықтар  мен 

бостандықтарға алаланбай, бірдей тең 

ие болуы тиіс» екендігін атап өтті.

Осылайша,  Конвенция  ережелерін 

жүзеге асыру және оның нормаларына 

ұлттық  заңнаманы  сәйкес  келтіру 

мақсатында  мемлекетпен  гендерлік 

теңдік  мәселелерін  дамытуға  негізгі 

б а ғ ы т т а р д ы   а й қ ы н д а й т ы н   а қ п а ­

раттық  құжаттар  қабылданған.  Қыз­

келіншектердің  құқығын  қорғап, 

қоғамдағы  маңызын  арттыру  бағы­

тындағы  жұмыстар  әлі  де  жалғаса 

беретін болады.



Астана қаласының 


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал