Соңы 3-бетте) №41 (2966) 2 маусым 2017



жүктеу 1.08 Mb.

бет1/12
Дата03.06.2017
өлшемі1.08 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
10624

АҢДАТПА

16-бет

8-бет

(Соңы 3-бетте)

№41 (2966) 2 маусым 2017

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@mail.ru

БІЛІКТІ ЗАҢГЕР 

ҚАЙДА БАР?

ИМАН АРТҚАН САЙЫН АРАҚҚА 

ТӘУЕЛДІЛІК АЗАЯДЫ

Алқа


(Соңы 5-бетте)

Баспасөз — 2017

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу жалғасып 

жатқанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@mail.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, «Қазпресс» 

ЖШС дүң гір шек тері және Алматы 

қаласын дағы «Дауыс» жүйесі ар қы лы 

жазы лу ла ры ңызға болады.

(Соңы 4-бетте)

Ата заңымызға енгізілген маңызды  өзгерістердің бірқатары 

құқық  қорғау  саласына  бағытталғаны  белгілі.  Соның  ішінде 

заңдылықты қадағалау органы ретінде прокуратураның құзыретіне 

қатысты бірқатар толықтырулар жасалған болатын. Нақтырақ 

айтқанда, Конституцияның 83-бабына жасалған түзетулер негізінде 

прокуратураның еншісіне үш міндет жүктелді. Олар – жоғары 

қадағалау, сотта мемлекеттің мүддесін білдіру және қылмыстық 

қудалау. Еліміздің жоғары заң қадағалаушы органы енді осы 

ҚАЗАҚТАЙ 

ҚАСІРЕТ ШЕККЕН 

Бүгінгінің бас тақырыбы

Рухани жаңғыру

Қ

азақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бола­

шақ қа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында    ХХІ  ғасырдағы 

ұлттық сананы жаңғыртудың басты бағыттары атап көрсетілді. Олар: 

Бәсекелестікке қабілет, Прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, Білімнің салтанат 

құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, Сананың ашықтығы. 

Әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарынан табылуға жетелейтін осы алты 

бағыттың қай­қайсысында да терең мазмұн жатыр.

БИЛЕР ДӘСТҮРІ ҚҰНЫН 

ЖОҒАЛТПАЙДЫ

Өткен  ғасырдың  30-жылда-

рында болған ашаршылық пен 

саяси  қуғын-сүргіннен  қазақ 

халқы  зор  зардап  шекті.  Мил-

лиондаған  жан  аштықтан  көз 

жұмып, мыңдаған адам жазық-

сыз-жазықты атылды және жер 

аударылды.  Кеңес  дәуірінде 

орын алған қазақ халқының та-

рихында  қара  әріптермен  жа-

зылып қалған осы нәубеттің се-

бебі неде, ол қаншалықты зардап 

тигізді және мұндай сұмдықты 

болдырмау үшін не істеу қажет 

деген  мәселелер  төңірегінде 

Ш.Уәлиханов атындағы Көкше-

тау мемлекеттік университетінің 

профессоры  Қадіржан  Әбуев, 

осы  оқу  орнының  профессо-

ры Жәмшит Темірбеков, облыс 

прокурорының  аға  көмекшісі 

Ибрагим Кленов, А.Мырзахметов 

атындағы Көкшетау универси-

тетінің  оқытушысы  Қуандық 

Бекішев және облыс тық мұрағат-

тың мұрағатшысы Талапкер Уә-

лиев өз ойларымен бөліскен еді. 

– 1930-жылдардағы ашаршылық 

пен  саяси  қуғын-сүргін  жылдары 

қазақ халқы үштен бір бөлігінен айы-

рылды деген дерек бар. Мұның себебі 

неде, саяси қателік пе, әлде қасақана 

қазақ халқына қарсы жасалған ком-

мунистік партия көсемдерінің  зұлым-

дығы ма?

Қадіржан ӘБУЕВ: 

–  Елбасы  Н.Назарбаевтың  «Бола-

шаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  деп 

аталатын мақаласы бүгінгі күннің қажет-

тілігін дөп басқан дүние. 

Ақпарат


«Біз  жаңғыру  жолында  бабалардан 

мирас  болып,  қанымызға  сіңген,  бүгінде 

тамырымызда  бүлкілдеп  жатқан  ізгі 

қасиеттерді  қайта  түлетуіміз  керек. 

Прагматизм  –  өзіңнің  ұлттық  және  жеке 

бай лығыңды  нақты  білу,  оны  үнемді  пай­

даланып, соған сәйкес болашағыңды жос­

парлай  алу,  ысырапшылдық  пен  астам­

шылыққа,  даңғойлық  пен  кердеңдікке 

жол  бермеу  деген  сөз.  Қазіргі  қоғамда 

шынайы  мәдениеттің  белгісі  –  орынсыз 

сән­салтанат емес, керісінше, ұстамдылық, 

қана ғатшылдық,  үнемшілдік  пен  орынды 

пай далану көрегенділікті көрсетеді. Нақты 

мақсатқа  жетуге,  білім  алуға,  саламатты 

өмір  салтын  ұстануға,  кәсіби  тұрғыдан 

жетілуге  басымдылық  бере  отырып,  осы 

жолда  әр  нәрсені  ұтымды  пайдалану  – 

мінез­құлықтың  прагматизмі  деген  осы», 

– дейді мақалада Елбасы. 

Бұл ұстанымдар қазақтың елдікті мұрат 

тұт қан арғы­бергі ойшылдарының даналық 

ғиб раттарының заңды жалғасы. Заманында 

Ұлы Абай: «Бес нәрседен қашық бол, бес 

нәрсеге асық бол...» деп өсиет айтпап па 

еді?!.  «Өтірік,  өсек,  мақтаншақ,  еріншек, 

ПРОКУРАТУРА ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС 

АЛДЫНДА ТҰР



Бос жерлер туралы 

мәліметтер 

ашық болуы тиіс

Бұл  туралы  кеше  «100  нақты  қадам» 

Ұлт жоспарының 94, 95 және 96 қадамдарын 

орындау  аясында  «Ақпаратқа  қол  жеткіз 

туралы» ҚР заңының іске асырылу барысына 

арналған  дөңгелек  үстел  отырысында  ҚР 

Бас  прокурорының  орынбасары  Андрей 

Кравченко мәлім етті. 

«Таяуда  бос  жерлер  туралы  мәліметтер 

халыққа  қаншалықты  қолжетімді  екендігін 

зерделеп көрдік. Үкіметтің азаматтарға арналған 

интернет-ресурсында аудандардың, қалалардың 

жер-кадастрлық сызбасы орналастырғандығы 

және оның апта сайын жаңартып отыратындығы 

анықталды. Бірақ, бос жерлер туралы мәліметтер 

көрсетілмейді», – деп атап өтті ол. Бас прокурор 

орынбасарының  сөзіне  қарағанда,  мұндай 

ақпарат үш күннің ішінде жазбаша сұрау салған 

кезде ғана беріледі.



С.ОРЫНБАСАР

Үлкен Алматы айналма 

жолының құрылысы 

жалғасады

Кеше  ҚР  Инвестициялар  және  даму 

министрі  Жеңіс  Қасымбек  Үлкен  Алматы 

айнал ма жолы құрылысына қатысты түсінік 

берді. 

«Бұл үлкен жоба және оны концессиялық 

жоба  ретінде  жүзеге  асыруды  жоспарладық. 

Оның  ұзақтығы  60  шақырымнан  астам.  Осы 

жолдың  проблемасын  шешудің  бастапқы 

кезеңінде жер телімдерінің құны өте жоғары 

болған, яғни, ол жағдай 2009-2010 жылдарда 

орын алған еді. Осының салдарынан жоба тоқтап 

қалды. Ал, жер телімінің құны арзандағаннан 

кейін меншік иелерімен келісімге келдік, әкімдік 

бастапқы бағаға қарағанда 8 есе арзанға сатып 

алды», – деп түсіндірді министр Сенаттың жалпы 

отырысында. 

А.ҚҰРМАНҒАЛИ

Жаңа әуе рейстері 

көкке көтерілуде

EXPO – 2017 халықаралық көрмесі қар­

саңында Қазақстан елордасынан қатынай тын 

халықаралық рейстерді ашу жалғасуда. 

Кеше «Қытайдың Air China әуе компаниясы 

Астана – Бейжің (Қытай) халықаралық жаңа әуе 

рейсі бойынша ұшуды бастады. Әуе рейстері 

Эйрбас – 320 типіндегі әуе кемесімен аптасына 

3 рет, яғни, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі 

күндері орындалады», – деп атап өтілген ҚР 

ИДМ  мәліметінде.  Аталмыш  рейсті  ашуда 

ҚР  ИДМ  Азаматтық  авиация  комитеті  мен 

Қытай Халық Республикасының авиация билігі 

бірлескен жұмыстар атқарды. 

К.ЫСҚАҚОВА

бағытта жұмыс істейтін болады. Әйтсе де, мұнымен мәселе толық 

шешім таппапты.  Өйткені, бүгінгі күнге дейін бізде прокуратураның 

міндеті не, бұл орган қалай жұмыс істеу керек, оның қызметі қандай 

салаларды қамтуы тиіс деген сұрақтарға жауап табу қиын. Осының 

салдарынан қадағалаушы органның кіріспейтін жері жоқ. Пысық 

келін секілді бәріне үлгеруге тырысады. Алайда, оның пайдасынан 

зияны басым болуда. 

бекер мал шашпақ бес дұшпаның білсеңіз, 

Талап,  еңбек,  терең  ой,  қанағат,  рахым 

ойлап қой, бес асыл іс көрсеңіз» дейді. 



ХАЛЫҚ ЖОҚ

2

№41 (2966) 

2 маусым 2017

zangazet@mail.ru



құқық

Шара


Қостанай  облыстық  со-

тында  судьялық  лауазымға 

үміткерлер  мен  сот  жүй-

есі  мамандарының  облыс 

судья ларымен кездесуі өтті. 

Тәлімгерлер жетекшісі Ғалия 

Ержанова  үміткерлерге  қо­

йылатын талаптардың айтар-

лықтай  артқанын  атап  өтті. 

Тәлімгердің айтуынша, судья 

болу үшін алдымен Жоғарғы 

Сот жанындағы Сот төрелігі 

академиясында  терең  білім 

алу, сондай­ақ, судьялық ла-

уазымға тапсыратын біліктілік 

емтиханынан мүдірмеу шарт. 

«Талабы  мықтының  тауды 

бағындыратынын»  айтқан 

судья  мақсатшыл  жастарды 

ешбір  сынның  мүдірте  ал-

майтынын жеткізді.

Шара  барысында  Қоста-

най  қалалық  №2  сотының 

судьясы  Арман  Қабенов, 

Қос танай  қалалық  сотының 

судьясы  Айнаш  Бозжігітова 

және  Қостанай  облысының 

қылмыстық  істер  жөніндегі 

мамандандырылған  аудан­

аралық  сотының  судьясы 

Жаннара Тлеубаева өз тәжі­

рибелері туралы әңгімеледі. 

Олар бұрынғы жылдарға қа-

рағанда магистратураға түсу 

айтарлықтай  жеңіл  екенін 

атап өтті. 

Кездесу  барысында  кан-

дидаттар үшін тиісті жағдай 

жасалғандығы,  тек  мақсат­

қа  берік  болып,  өз  білімін 

шыңдау керектігі үміткерлер 

назарына салынды. 



Қостанай облыстық 

сотының баспасөз қызметі 

Қызылорда об-

лыстық сотының 

судьялары үміткер-

лерге қойылатын 

талаптарды түсін-

діру мақсатын-

да сот жүйесінде 

қызмет атқаратын 

мамандармен кез-

десті. Кездесуді 

облыстық соттың 

судьялары Шол-

пан Маликова мен 

Клара Қаниева жүр-

гізді.

Осы мақсатта Алматы қаласы Жетісу ау-

дандық  №2  сотында  «Келісім  рәсімдерінің 

сұрақтары және дауларды соттан тыс шешу» 

деген тақырыппен дөңгелек үстел ұйымдас­

тырылды. Сот төрағасы Е.Ділдабаев мұрын-

дық  болған  шараға  осы  соттың  судьялары 

Н.Батырхан  мен  И.Ихласбайқызы,  Жетісу 

аудандық прокуратурасының бөлім прокуро-

ры С.Төреқұл, аудандық ІІБ анықтау бөлімінің 

басшысы М.Қапабаев, Жетісу ауданы №5 заң 

кеңесінің қорғаушысы Н.Жақсыбеков, Алматы 

қаласы бойынша Халықаралық құқық қорғау 

орталығының  директоры  Ж.Жақыпов  және 

кәсіби  медиаторлар  С.Қадыр,  К.Ербалина, 

Э.Маженова,  А.Шабанбаева,  А.Байсақова 

қатысып,  тақырыпқа  орай  өз  ұсыныс­пікір-

лерімен бөліскен еді.

Сот  төрағасы  Елмахан  Ділдабаев  «Ме-

диация  туралы»  заңның  басымдықтарына, 

Азаматтық процестік кодекстегі тараптарды 

татуластыруға  бағытталған  жаңа  тараудың 

жаңалықтарына тоқталып, келісіммен бітетін 

істердің  көбеюіне  теріс  ықпалын  тигізетін 

біраз тетіктерді ортаға салды. «Алғашқы кез-

дері  халық  медиация,  медиаторлар  туралы 

білмейтін.  Дегенмен,  үзбей  жүргізілген  на-

сихат жұмыстарының нәтижесінде азаматтар 

бұл  бастамадан  қазір  толық  хабардар.  Тек 

олардың дауды шешуге деген түсінігін өзгер-

ту  керек.  Себебі,  халық  өз  мәселесінің  заң 

жолымен  қаралғанын,  судьяның  шешімімен 

аяқталғанын  қалайды.  Бұл  көзқарасты  өз-

герту  үшін  медиаторлардың  белсенділігін 

арттырып,  олардың  көмегімен  оң  шешілген 

істерді  насихаттаған  дұрыс»  деген  төраға 

медиаторларды  қолдауға  қашан  да  дайын 

екендіктерін жеткізді. 

Жиында сөз алған Ж.Жақыпов медиатор-

ларды  дайындауда  атқарылып  жатқан  жұ-

мыстармен  бөліссе,  судья  И.Ихласбайқызы 

мен  Н.Батырхан  медиацияны  қолданудағы 

тәжірибелерін ортаға салды. Құзырлы орын 

өкілдері  мен  медиаторлар  қауымы  алдағы 

уақытта бірлесіп жұмыс істеп, ортақ мәселе-

лерді бірлесіп шешуге уағдаласты.



Гүлнар ТебериКова,

Жетісу аудандық №2 сотының кеңсе 

меңгерушісі

АлМАТы ҚАлАСы



алматы қаласы 

Әуезов аудандық 

сотының төрағасы 

Қ.Сырлыбаевтың 

қатысуымен «бір-

лесіп атқарған іс бере-

келі» деген тақырыпта 

жиын өтті. 

Құзырлы орындар арасын-

дағы  ынтымақтастықты  ны­

ғайтуға  бағытталған  шараға  

Әуезов  аудандық  сотының 

кеңсе меңгерушісі А.Бегманов, 

ау дандық тергеу бөлімінің бас­

тығы  Б.Кетпенбаев,  аудандық 

ІІБ  анықтау  бөлімінің  бастығы 

М.ысқақов,  аудан  прокуро-

ры  А.Әлібеков,  Әуезов  аудан-

дық  ІІД  жанындағы  полиция 

бөлімінің  бастығы  Д.Аханов 

қатысты.


Жиынды  ашқан  Қ.Сырлы-

баев  құзырлы  орындар  ара-

сындағы байланыстың әлсіздігі 

құжаттардың дұрыс толтырыл-

мауына,  дер  кезінде  діттеген 

жеріне  жетпеуіне,  белгіленген 

ырғыз аудандық сотында мемлекеттік меке-

мелердің, ҮЕҰ филиалдары өкілдерінің қатысуы­

мен  «Дауды  сотқа  дейінгі  реттеу  және  татула-

стыру рәсімдері» тақырыбын талқылаған келелі 

басқосу өтті. Шараға сот төрағасы А.Бисенғали, 

ырғыз аудандық прокуратурасының прокуроры 

С.Байдильдин, аудан әкімдігінің өкілі Д.Қосаяқов, 

кәсіби  емес  медиаторлар,  «Ақтөбе  облыстық 

мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ыр­

ғыз аудандық филиалының төрағасы Ә.Қарпық, 

аудандық  ардагерлер  ұйымының  басшысы  

Қ.Кенжебаев, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы-

ның өкілі Қ.Сапарбаева қатысты.

Сот төрағасы А.Бисенғали татуластыру рәсім-

деріне қатысты баяндама жасап, жиналғандарды 

Жоғарғы  Сот  төрағасының  өкімімен  бекітілген 

«Даулардың  жекелеген  санаттары  бойынша 

дауларды  (жанжалдарды)  медиация  тәртібімен 

сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық 

жобасының» ережелерімен таныстырды.  

Сонымен қатар, сот төрағасы дауды сотқа дей-

ін татуласу арқылы шешудің рөлі мен маңызын,  

тиімділігі мен ыңғайлылығын айтып, ол жөнінде 

тұрғындар  арасында  насихаттау,  түсіндіру  жұ-

мыстарын кеңінен жүзеге асыру, мемлекеттік ме-

кемелер және үкіметтік емес ұйымдардың өкіл-

дерінің, медиаторлардың қатысуымен дөңгелек 

үстелдер,  баспасөз  мәслихаттар,  брифингтер 

өткізу, аталған тақырып бойынша БАҚ­да мақа-

лалар жазып шығару, аудан аумағындағы барлық 

оқу, денсаулық сақтау орындарында медиация 

кабинеттерінің ашылуын жалғастыру қажеттігіне 

қатысушылардың көңілін аударды.

ақтөбе облысы 

Ырғыз аудандық соты

ТАлАБы МыҚТы ТАуДы 

БАҒыНДырАДы

Кездесу


ТАҒылыМДАМАДАН өТЕМ 

ДЕуШІлЕргЕ ЖОл АШыҚ

Клара  Қаниева  судьялыққа  үміткерлерге 

қойылатын талаптардың қатаңдатылғанын айт­

са,  Шолпан  Маликова  «100  нақты  қадам»  Ұлт 

жоспарының 17­қадамында судьялыққа үміткер-

лердің соттарда стипендия төленетін бір жылдық 

тағылымдамадан  өтуі  көзделгенін,  олардың 

лауазымдарын  сақтай  отырып,  тағылымдама-

дан өтуіне мүмкіндік барын жеткізді. Сондай­ақ, 

тағылымдамадан өтушіге бір жылдық өтілімі бар 

аудандық және оған теңестірілген сот судьяла-

рының лауазымдық жалақысының 70 пайыз мөл-

шерінде еңбекақы төленетіні баяндалды.

Шара  барысында  мемлекет  тарапынан  су-

дья  болам  деушілерге  бар  жағдай  жасалып 

отырғаны,  сот  жүйесінің  қызметкерлеріне  ар-

тықшылықтар  бар  екені  үміткерлер  қаперіне 

салынды. 

Қызылорда облыстық сотының баспасөз 

қызметі

Дөңгелек үстел

СОТ ҰЖыМы МЕДИАТОрлАрДы 

ҚОлДАуҒА ӘзІр

Басқосу

Алғыс


Жиын

ҰйыМДАСҚАН ҰТАДы

уақытта  қаралмауына  ықпал 

ететінін  айтып,  жұмыс  барыс­

ында  кездескен  кемшіліктерді 

болдырмас үшін осындай ша-

ралар ұйымдастырып тұру қа-

жеттігін  жеткізді.  Сондай­ақ, 

қатысушылар  қылмыстық  іс­

терді  сотқа  жөнелту  кезіндегі 

ресімдеу  сапасына  қатысты 

ойларымен бөлісті.



алматы қаласы 

Әуезов аудандық соты

Дауды келісіммен бітірген қос тарапқа да пайдалы. Алай-

да, азаматтар «даудың соңғы нүктесін тек сот қоюы керек» 

деген түсініктен әлі арылмай келеді. Сондықтан, медиацияның 

пайдасын,  медиаторлардың  қызметін  насихаттауға  бағыт-

талған жұмыстар ешқашан тоқтамауы керек.

ПИлОТТыҚ ЖОБА ТАНыСТырылДы

Түркістан қаласы әкімдігінің бастамасымен «Шапағат» мүгедектердің қайырым-

дылық қоры және Түркістан қаласының «Жомарт жандар» қауымдастығы ұйымдас­

тырған «100 жақсылық» акциясы қала көлемінде өтуде. Акцияның басты мақсаты –  

бүкіл  түркі  дүниесінің  рухани  астанасына  айналған  қаламызда  қайырымдылық 

істерді көбейтіп, өзгелерге үлгі көрсету және жақсылық істердің жаршысы болу.        

100 жақсы істің қатарына мүгедектердің үйіне барып көмектесу, оларға қаланың 

көрнекті жерлерін аралату, кәсіпкерлердің қолдауымен көпбалалы отбасыларымен 

тығыз  байланыста  болу,  азық­түлікпен,  киім­кешекпен  қамтамасыз  ету,  жетім 

балаларға әртүрлі көмектер көрсету, донор болу, мүгедектердің қайырымдылық 

қорына бір күндік айлығын аудару, мешіттің алдына тал отырғызып, тазалау кіреді.  

Түркістан қалалық сотының төрағасы О.Серікбаевтің бастамасымен ел тәуел-

сіздігінің 25 жылдығына орай 25 қызметкер «өзгеге өмір сыйла» атты акция аясын-

да Түркістан қалалық қан орталығына барып қан тапсырып, басқа мемлекеттік қыз­

меткерлерге үлгі­өнеге көрсетті. Мұны көріп басқа да органдар осы жақсылықты 

істеуге жарыса кірісіп кетті. Сонымен қатар, қалалық сот қызметкерлері «Шапағат» 

мүгедектер қорына ақша аударды. 

Осыған  орай,  сот  төрағасы  О.Серікбаев  мырзаға  шексіз  алғысымызды  біл-

діреміз. Ол кісінің «100 жақсылық» акциясына үлес қоссақ деген ізгі ниетіне, жақ-

сылық істеу жолындағы ынтасына қайырымдылық қор мүшелері тәнті болды. Басқа 

лауазым иелері сот төрағасынан үлгі алса, қанеки. 



  е.ШаЛТаН,

 «Шапағат» мүгедектердің 

қайырымдылық қорының президенті

ТҮрКІСТАН СОТы 

КөПКЕ ҮлгІ


3

zangazet@maiI.ru



№41 (2966) 

2 маусым 2017

Игі іс


ҚОҒАМ

ПРОКУРАТУРА ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС 

АЛДЫНДА ТҰР

Бүгінгінің бас тақырыбы



(Соңы. Басы 1-бетте)

Бір жылда – 

350 мың арыз

Осы сәрсенбіде Парламент Мәжілісіне 

келіп, «Прокуратура туралы» заң жобасын 

бірінші оқылымда қорғаған еліміздің Бас 

прокуроры Жақып Асанов бұл келеңсіздік-

тің барлық себебі мен салдарын ашып көр-

сетуге тырысты. Оның айтуынша, аталмыш 

заң жобасында бұған дейін ешбір заңда 

дәйектелмеген прокуратураның жоғары 

қадағалаушы орган ретіндегі міндеттері ай-

қындалыпты. «Біз енді жай орган емес, кон-

ституциялық мәртебеміз бар құрылымбыз. 

Мұндай ұйымда нақты стратегия, белгілі 

бір мақсат, миссия болмаса, одан не күтуге 

болады? Біз қызметкерлер алдына нақты 

мақсат қоймасақ, олар қай жаққа ұмтыла-

ды?» деп сұрақ қойған Жақып Қажыманұлы  

оның жауабын өзі айтты. Бас Прокурордың 

сөзінен түйгеніміз, бүгінде бұл орган заң-

дылықты қадағалау мақсатында барлық 

саланы тексеретін болған.  Бұл органның 

кімді, қай ұйымды тексереміз десе де өз 

еркі. Оның құрығынан өз саласында заң-

дылықты сақтауға міндетті министрліктер, 

өзге де құзырлы органдар құтылмайды. 

Прокуратура СЭС, білім департаменті, қам­

сыз дандыру орындары, қаржы полиция сы 

да болып кетеді. Басқа жұрт та бұған әб-

ден үйреніп алған, кез келген ірілі­ұсақты 

кемшілікке қатысты арызданушылардың 

бәрін прокуратураға сілтейді. Әр нәрсенің 

басын шалған істе береке бола ма? Осының 

кесірінен халықтың жанына батып жүрген 

шын мәніндегі заңсыздықтар шетке ысы-

рылып отыр. Әсіресе, қылмыстық істер 

мүлде назардан тыс қалған. Мұның себебін 

Асанов мырза прокурорлардың есеп беру-

ге міндеттілігімен байланыстырды. «Мен 

оларды түсінемін. Өйткені, өзім де қалалық 

прокуратурада жұмыс істедім. Егер уақы-

тында есеп тапсырып, ондағы тарауларды 

толтырмаса, облыстық прокуратура қатты 

сынап, тіпті жұмысыңнан алып тастауы 

мүмкін.  Сондықтан,  амал  жоқ,  тырнақ 

астынан кір іздеуге мәжбүр болады. Тексер-

гіміз келсе, тексереміз, тексергіміз келмесе, 

басқаларға ысырып саламыз. Былтырдың 

өзінде бізге 350 мың арыз түскен екен. 

Оны қарауда қандай сапа болады. Бұның 

барлығы жемқорлыққа апаратын тура жол. 

Сондықтан, тексеруден кейін де жағдай 

пәлендей жақсарып жатыр деп айту қиын. 

Жалпы, кез келген проблеманы шешетін, 

барлық арыздарды қарайтын бір кешенді 

орган болу мүмкін емес» деген еді ол бұл 

ретте. Оның айтуынша, өзге елдерде мұндай 

тәжірибе жоқ екен. Прокуратура – әлемнің 

барлық елдерінде  тек қана заңдылықты 

қадағалаушы орган. 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал