Соғыстан аман-есен оралған Алпан итжанов және Кәмали ДҮйсенбеков ағаларымыздың майдан даласында шынығып



жүктеу 30.45 Kb.

Дата10.06.2017
өлшемі30.45 Kb.

Соғыстан аман-есен оралған Алпан ИТЖАНОВ және Кәмали 

ДҮЙСЕНБЕКОВ ағаларымыздың майдан даласында шынығып, 

күні бүгінге дейін ұласқан достықтары үлгі-өнегенің қайнар 

көзіндей. Біздің Октябрь ауданы ардагерлер ұйымына мүше Ал-

пан ағамен таныс болсам да, жақсы білмейді екенмін. 

Майдан даласынан басталған ДОСТЫҚ 

Алпан ағам бірде әңгіме тиегін 

былай ағытты: «1943 жылғы Ста-

линград шайқасы біздің жеңісімізбен 

аяқталғаны белгілі. Бірақ, сол қанды 

қ

асапта екі жақтан да опат болған 



жауынгерлердің есебінде қисап жоқ. 

Қ

ай жағыңа қарасаң да, шашылып 



жатқан, танкінің табанында тапта-

лып қалған денелерді көріп, жүрегің 

айниды, қиналасың. Осыны көре 

тұрып, жауға деген өшпенділігің үдей 

түседі. Сталинградты қоршауға алған 

Паулюстің армиясын талқандауда 

біздің де қатарымыз сиреп қалған 

еді. Осындай күндердің бірінде біздің 

полкті толықтыруға жаңадан күш келе 

бастады. Кеш бата полк командирі 

маған «мына қағазды штабқа апарып 

бересің, таң атқанша қайтып оралуың 

керек» деп, баратын жерімді карта-

дан көрсетті. Және бұл қағазда бізге 

қ

анша адам келіп қосылды, оның 



құ

рамы қандай, қанша қару бар деген 

мәліметтер бар екенін айтып, оны бай-

ланыс жүйесімен беруге болмайты-

нын ескертті. «Сондықтан, атыңа мін 

де, зымыра. Бұйрықты орында!» деп 

аттандырып жіберді. Барлаушылық 

тәжірибем жеткілікті болатын. Штаб 

бізден 15 шақырымдай жерде. Жол-

ды білем, әдіс-айлам да бар. Аман-

есен хатты тапсырып, таң қылаң бере 

өзіміздің шепке жеттім. Қатарымыз 

толып қалған екен. Алға қарай жылжи 

бастадық. Тиісті бөлімшенің командирі 

болғандықтан, мен аттың үстіндемін. 

Жауынгерлер жаяу, шаршағандары 

көп, ұйқысы келіп қалжырағандары 

жүріп келе жатып құлап қалады. 

Еріксіз аз-аздан дем алып, жорық 

жолын жалғастыра береміз. Оң 

жағымдағы винтовкасы өзінен үлкен 

аласа бойлы жігіт екен. «Жаңадан 

келген жауынгерлердің біреуі шығар» 

деп, орысша жөн сұрай баста-

дым. Түріне қарасам, қазақ сияқты. 

«Әй, қазақпысың?» дедім орысша. 

«Қазақпын» деді. «Қайдан боласың?» 

деп сұрадым. «Қарағандыданмын» 

деді. Қуанышым қойныма сыймай, 

аттан секіріп түсіп, құшақтай алдым. 

Бүкіл ауылым, ондағы бауырым көшіп 

келгендей. Бұл - Кәмали еді. Таны-

са жүріп, жорық дастарқанын жайып 

жіберіп, жүрек жалғап алдық. Екеуміз 

құ

рдас екенбіз. Әрі қарай жолға 



шықтық. Атқа кезек мінеміз. Ақыры 

айнымас достыққа айналған менің 

Кәмекеңмен алғашқы таныстығым 

осылай басталған. Ол 1944 жылы 

жараланып, елге қайтқанға дейін ара-

мыз үзілген жоқ. 

...1978 жылдары Кенигсберг (Ка-

лининград) қаласында 1945 жылдың 

сәуір айында немістердің оқ бора-

тып тұрған танкісін жойып, өзі де 

қ

аза тапқан Кеңес Одағының батыры 



Төлен Қабыловқа арналған үлкен іс-

шараға шақырту алған едік. Соған 

майдандас достар - Нұрым Сансыз-

баев, Кәмали Дүйсенбеков, үшеуміз 

шақырылдық. Калининградтықтар 

жаңадан жасалған сыйымдылығы 

3320 тонна, ұзындығы 82 метр бо-

латын балық аулауға арналған трау-

лерге және қаладағы №14 мектеп-

ке Төлен Қабыловтың атын беруге 

шешім қабылдапты. Сол салтанатқа 

қ

атыстық. Калининградтықтар барлық 



сый-сияпатын жасады. Мектеп 

оқушылары концерт қойды. Төленнің 

зиратына барып тәу еттік. Бізбен 

бірге болған литвалықтар да ат 

көпір қонақ кәдесін жасап, бір тәулік 

бойы жібермеді. Мәскеуге тоқтап, 

Кремльдің алдында суретке түстік». 

Әңгімесін одан әрі сабақтаған 

Алпан аға: «соғыстың алдында 

Қ

арағанды мұғалімдер институтының 



1 курсын бітіргем, соғыстан келісімен 

емтихан тапсырып, тарихшы 

мамандығы бойынша диплом алып, 

біраз уақыт адвокат, одан кейін 

өзіміздің ауылда мектеп директоры 

болып істедім. Бірде Ворошилов ауда-

ны (Бұқар жырау ауданының бұрынғы 

атауы) «Үлгі» поселкелік Кеңесінің 

төрағасы болып жүрген кезім. 

Облыстық активке келгем. Ауданнан 

5-6 кісіміз, «Үлгі» ауылының басшысы 

Ахмедия Алдоңғаров бар. Ахмедия 

ескі қаладағы саудагер таныстары-

на «сере шығатын жылқы сойыңдар, 

кешке қонаққа келеміз» деп тапсырыс 

беріпті. «Бізге ешқайда бармаңдар» 

деп ескертіп қойған. Орын ала 

берейін деп «Қарағанды» қонақ үйіне 

ресторан жағынан кіріп бара жатсам, 

иығымнан түртіп «өзің кісі танымай-

тын болғансың ба?» деп, жымиып 

тұр Кәмекең! Салған беттен бүгін 

кешке менде қонақта боласың деп 

бөлмесінің нөмірін айтты. 2-3 күндей 

бола алмайтынымды, рахметімді 

айтқаныма қарамастан, «бәрібір 

келесің, қайтарыңда соқ, тосамын» 

деді. Қайтарда соқтым. Бөлмесінде 

бір кісі отыр екен. Таныстырды. 

Жаңаарқа ауданынан, Социалистік 

Еңбек Ері Ыдырыс Жұмабеков екен. 

«Менің қанды көйлек досым - Ал-

пан. Ойраны шығып жатқан ұрыс 

даласында алғаш кездескенде мені 

обкомның 1-ші хатшысы келгендей 

қ

арсы алып, құрметтеген. Неміспен 



арпалысып жатқанда мұндай 

құ

рметтің өзі ерлікпен пара-пар бо-



латын. Мені тебіренткен сол достық 

есімнен кетер емес. Бүгін сәті келді» 

деп айтып үлгергенше, әйелі Марпуға 

келді. Астың дайын екенін ескертіп, 

шығып кетті. Ыдырысты менімен та-

ныссын деп әдейі шақырып алған 

екен. Ресторанның жігіттері буын 

бұрқыратып, дәу табақты ортаға әкеп 

қ

ойды. Семіз қойдың еті. Осы кезде-



суге арнайы алдырған екен. Сұрапыл 

соғыста қаза болған қарулас дос-

тарымызды еске түсіріп, жандары 

жәннатта, тәндері рахатта болсын 

деп, дәмге бата жасап, тарқасқан 

едік. 


Міне, біздің майдан даласын-

да басталып, шыңдалған достық. 

Әлі күнге жалғасын тауып келеді. 

Бұған дейін де, бұдан кейін де талай 

кездестік қой. Бәрін айтып тауыса 

алмайсың» деп әңгімесін аяқтады. 

Екеуі де жұмысбасты. Социал-

истік жарыстың қызып тұрған тұсы. 

Сонда да, кездескенде бірін-бірі 

жаңа көргендей, осылай ұзақ оты-

рып қалатындары бар. Иә, ел 

батырларының, ардагерлердің ер-

ліктері, достықтары, тәлімді сұх-

баттары, әңгімелері - үлгі-өнегенің 

қ

айнар бұлағы емес пе?! Құрметке 



бөленген, кеудесі сарқылмас қазына 

ардагерлеріміздің арамызда жүрген 

қ

андай жақсы. Өнегелері ұрпақ бойы 



на сіңіп жатса ғой. 

О.СУХАНБЕРЛИН 

Қ

АРАҒАНДЫ қаласы. 



Орталық Қазақстан. - 2016. - 11 сәуір (№58-59). - 5 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал