Соғыс отына шарпылған балалық шақ



жүктеу 43.4 Kb.

Дата11.03.2017
өлшемі43.4 Kb.

Соғыс отына шарпылған 

балалық шақ 

Ұлы Отан соғысы Совет елі үшін 

сәтсіз басталғаны белгілі. Совин-

формбюроның сол кездегі радио 

хабарларында «Қызыл Армияның 

бөлімдері кескілескен шайқастар-

дан кейін бәленбай қала мен елді 

мекенді тастап кейін шегінуге мәж-

бүр болды» - деген хабарлар күнде 

айтылатын. Басым күші бар жау 

тегеуірініне қаншама қарсылық жа-

сап, ерлік көрсетуге қарамастан, 

1941 жылдың күзіне қарай Белору-

сияның, Украинаның, Прибалтика 

республикаларының жерлерін не-

міс-фашист армиясы оккупацияла-

ды, басып алды. Сол жылдың қара-

ша айының аяғында жау Совет Ода-

ғының астанасы Москва қаласынан 

небары 25-30 шақырым жерде 

тұрды. 

Неміс генералдары әскери би-



нокльмен астананың көшелерінде 

не болып жатқанын айыра алатын 

жағдайға жетті. «Дранк нах Остен» 

(Шығысқа жорық) компаниясы тез 

арада іске асуына шамалы ғана 

уақыт қалды, деп жариялады неміс 

генералитеті бүкіл әлемге. 

Дәл осындай жағдай ауыл тұр-

ғ ы н д а р ы н ы ң арасына қорқыныш 

ә к е л д і , үрейін ұшырды, әбігершілік 

туғызды. Бірақ та соғыстың алғаш-

қы екі айының ішінде жалпы моби-

лизациялауға байланысты ауылдың 

жігіттері лек-легімен әскер қатары-

на шақырылды. Күн сайын төрт-бес 

адам аудандық әскери комиссари-

атына шақырылатын. Біздер төлқұ-

жат алмаған, кәмелетке жетпеген 

жас балалар аға-әкелерімізді аудан 

орталығына баратын жарты жолға 

дейін шығарып салатынбыз. 

Біздің Жастілек ауылынан әс-

керге шақырылғандардан Шопаба-

ев Әбдірахман, ағалы-іні Сембек, 

Дүйсенбек Қоқымбаевтар, Мұқта-

ров Төлеп, Қамзин Изат майданнан 

оралған жоқ. Олардың аттары «Боз-

дақтар» кітабына жазылған. Соғыс 

аяқталғаннан кейін югослав парти-

зандары қатарында болған Қанапи-

янов Бошай, Қошанов Жүніс, Жана-

шев Төлеу, Бадырақұлы Елубай, 

ағайынды Имаш, Жапар, Тәрмизи 

Нұрахметовтер, Бекенов Күрішбай, 

Рүстемов Әбутәліп, Мұқтаров Аху-

ян, Тлешов Қазал, Асқаров Көшен, 

Әбілғазин Қайыржан, т.б. ауылдас 

туысқан ағайындарымыз аман-есен 

туған аулына оралды, қызу еңбекке 

кірісті. 

1941 ж. желтоқсан айында Қы-

зыл Армия бөлімдерінің Москва 

түбінде қарсы шабуылға шығып 

неміс-фашистерін батысқа қарай 

200-300 шақырымға дейін кейін 

қууы халықтың қамыққан көңілінің 

кетерілуіне себепкер болды. Жеңіс-

ке жететініміздің алғашқы көрінісін 

байқап аз да болса қуанышқа бө-

лендік. 


Тыл еңбеккерлері ата жаумен 

айқасып жатқан жауынгерлерге 

қолдан келген барлық көмегін аяған 

жоқ. Мал бағу, оның өнімдерін ұқса-

ту, қысқы мал азығын дайындау, 

егін егу және дақылдарды орып жи-

нау, астықты мемлекет қоймасына 

жеткізу - осының барлығы қарттар 

мен әйелдердің және жасөспірім 

бұғанасы қатпаған балалардың 

үлесіне тиді. 

Осы күнгі Бұқар жырау (бұрынғы 

Ворошилов) ауданына қарасты 

Жастілек ауылында 14-15 жас ара-

сындағы бір топ жас ұландар бол-

д ы қ . Олар Мұқатай Нұрахметов, 

Шайзат Қужақов, Нияз Қамзин, 

Қазали Әбдірахманов, Амантай Са-

таев, Қабылғани Дөкіров, Дүйсетай 

Шаймұқанов және осы жолдардың 

авторы еді. Бұлардың кейінгі үшеуі-

нен басқалары о дүниелік болып 

кетті. Кезіндө қоғамның мәдени-

шаруашылық өміріне өз үлестерін 

қосты. Ұрпақтары облыс пен рес-

публиканың түпкір-түпкірінде еңбек 

етіп жүр. 

Соғыс басталған айдан бастап 

осы өрімдей жастар шалдармен 

қосылып шөп шабатынбыз, оны 

әуелі шөмелеге жинап, кепкен соң 

дравиналы арбамен тасып баздың 

басындағы маяға үйетінбіз, жер 

жыртуға, егін егуге, оны оруға, ас-

тықты заготзерноға жеткізуге қаты-

сатынбыз, тіпті арамшөптерден егіс 

даласын тазартуға алып баратын 

бастауыш класс оқушыларымен 

қоса. 

Оқу процесі 5-7 кластарда Қазан 



революциясының мейрамынан кейін 

басталып, 1 май мерекесіне дейін 

өткізілетін. Қалған айлардың бар-

лығы ауыл шаруашылығының көп 

салалы жұмыстарына қатысуға ар-

налатын. Қарт әке-шешеміздің қыс 

айларындағы фермадағы жұмысына 

көмектесетінбіз. 

Ұлы Отан соғысының алғашқы 

жылының желтоқсан айында болған 

мына бір оқиға есімде қалыпты. Сол 

қыста біздің үй іші Ақуан ағатайым-

мен бірге колхоздың Шилі деген 

бөлімшесінде мал фермасында бол-

дық. 1939 жылы жаз айында Павло-

дар облысының «Кеңес» колхозынан 

ағасы мен жеңгесін (менің әке-

шешемді) бір биесін арбаға жегіп, 

сиырын байлап, Баянауылдатып 

«Жастілек» аулына көшіріп әкелген. 

Ағайдың айтуынша жалғыз тұру (ту-

ысқансыз) қиынға түскен. 

Сол желтоқсан айының бір 

күнінде екі өгізді шанаға жегіп, төрт-

бес шақырым жердегі даладағы мая-

дан шөп алып келуге кеттік. Біз жол-

ға шыққанда күн ашық еді. Шанаға 

шөпті тиеп жолға шығуымыз сол 

екен, алай-дүлей жел соқты, ақ бо-

ранның ортасында қалдық. Ешнәрсе 

көрінбейді, айналаны аңғару қиын. 

Өгіздеріміз боранға беттей алмай 

бір қырын жүріп, өзеннің қары қалың 

кең арнасына түсіп, одан әрі қозғалу 

мүмкін болмады. 

Ақуан ағатайым шананың ық жа-

ғынан қарды тазалап, шөп салып, 

мені жатқызды да үстіме шөп жапты, 

оны қармен көміп тастады. Анда-

санда менен тоңған жоқсың ба деп 

сүрап қояды. Мен тонған жоқпын. 

Ағатайым болса ит-құсқа айбат жа-

сап, түні бойы айқайлаумен болды. 

Таң атқанда боран да басылды. 

Өгіздерді жегіп ауылға баратын жол-

ға шықтық. Бірақ басымыз айналған 

болуы керек кері бағытқа жүріп бара 

жатқанымызда екі-үш салт атты қуып 

жетіп, Шилідегі ауылға аман-есен 

жеткізгені бар. 

Келесі жылдың (1942 ж.) жазын-

да сиыр фермасы колхоздың орта-

лығына көшті. Ақуан ағайымды әскер 

қатарына алды. Майданда ағай зе-

нитчик-наводчик болды. 

Соғыстың екінші жылында да бу-

ыны қатпаған біздер сияқты жас 

өрімдерге, қарттар мен әйелдерге 

талай ауыртпалықтар түсті. Қажы-

дық, шаршадық, қиналдық деп кол-

хоз жұмысынан тыс қалған, бас тар-

тқан уақытымыз болған емес. Жаз 

бен күз күндерінде кешке жұмыстан 

келіп қаннен қаперсіз ұйықтап жатқ-

анда, күн шығар шықпастан брига-

дирдің бишігінің сартылдаған дауы-

сы ұйқыны шайдай ашатын. Содан 

жұмысқа жегілетінбіз. 

Сондай жауапты тапсырмалар-

дың бірін 1942 жылдың күзінде қыр-

күйек айында орындауға тура келді. 

Күзгі егін орағының кезі. Қырманда 

тазаланып жиналған бидай, арпа, 

сұлыны қаптарға салып, Нұра стан 

сасындағы астық қабылдау пунктіне 

(заготзерноға) апарып тапсыратын 

быз. Бір күні колхоз бастығы Жарыл-

ғасын ағай шақырып алып, алты ар-

бадан тұратын астық тиелген кіші 

гірім керуенді сен бастап барасын 

деп тапсырма берді. Көмекшіге 

Әлібек қарт пен оның қызы Әлия та-

ғайындалды. 

Жолда Сенокосный селосының 

жанында дем алып өгіздерімізде 

шалдырып, түске қарай астық қа-

былдау пунктіне жеттік. Алты арба-

да 60-тан астам қап бар, әрқайсы-

ның салмағы 65-70 килодан. Астық-

ты тапсыру үшін әр қапты арқаңа 

салып солқылдаған баспалдақ 

үстімен он метрдей көтеріліп, загот-

зерноның қоймасына құясың. Ең 

ауыры мен үшін осы болды. Менің 

көмекшімнің мұны жасауға шамасы 

келмейді, маған көмектесе алмады 

Кешке қарай астық тапсыруды то-

лық аяқтадық. 

Әбден шаршап-шалдығып, мін-

детімізді орындағаннан кейін ауыл 

қайдасың деп жолға шықтық. Сено-

косный селосына жетер жетпестен-

алдымызда келе жатқан машинаның 

жарығы көрінді. Машина оңға-солға 

бұрылып түзу жүре алмайтындығы 

байқалады. Көзге түрткісіз қараң-

ғыда Әлібек ақсақал бастап келе 

жатқан арбаның екі өгізіне машина 

соғылсын кеп. Ақсақалдың ух-ахы-

лап жатқан даусын естіп, арттағы екі 

арбаға ие болып келе жатқан мен 

жүгіріп келсем, Әлекең құлап жатыр 

қызы оның жанында жылап отыр, бір 

арба толық сынған, өгіздердің екеу 

де мүйізсіз қапған. Әйтеуір мал да 

жан да тірі. 

Сұрастыра келсек, жүк таситын 

машина Семізбүғы руднигінен ко-

рунд тастарын тиеп алып, Нұра 

стансасына жеткізбек екен. Шофер 

қазақ жігіті екен, әбден шаршап, 

қалғып кетіп, біздің алдыңғы арба-

ны соққан. «Ешкімге айта көрмең-

дер, арыз түсірмеңдер» деп жалын-

ды жаңағы. Біз болсақ аман-сау қал-

ғандықтан кеңіліміз жайбарақатта-

нып шофер жігіттің сұрауын орын-

дауға келістік. 

Сынған арбаның доңғалақтары 

мен бөліктерін басқа арбаға салып, 

туқыл болған өгіздерімізді мойнына 

жіп байлап, арбаның артына тіркеп, 

келесі күні түске қарай, колхоздын 

негізгі егістік бөлімшесі Түйетасқа 

келдік. Қырман басындағылар бізге, 

сынған арбаға, тұқыл болып қалған 

өгіздерге қараумен болды. Бәрі аң-

таң. 


Сөйтіп менің алғашқы астық тап-

сыруға қатысқан «эпопеям» осылай 

аяқталды. Міндетімізді барынша 

адал орындадық. Екінші жағынан 

болған қолайсыздықты үлкендер 

мен құрбы-құрдастар көш жүре келе 

түзеледіге жорыды. Айта берсем 

мұндай әңгіме көп, соғыс кезінде 

бастан кешкен осы екі оқиғаны жас-

тардың жадында жүрсін деп еске 



түсірдім. 

Зияда ЖАҒДАҰЛЫ, 

еңбек ардагері, тарих 

ғылымдарының кандидаты. 

ҚАРАҒАНДЫ қаласы. 

Орталық Қазақстан.-2005.-26 наурыз.-13 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал