Соңғы кездері кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесі, эконо



жүктеу 0.64 Mb.

бет2/6
Дата08.06.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

– Мемлекеттік тілдерді дамыту қоры 

бұрынғы басшының кезіндегі жұмыстармен 

ғана шектеліп қалған жоқ па? Қандай тың 

бастамаларды қолға алып жатырсыздар?

– Мемлекеттік тілді дамыту қорының 

басшысы ауысса да, жұмысымыздың басты 

бағыт-бағдары ауысқан жоқ. Кез келген еңбектің 

нәтижесі, ол – ұжымдық жұмыстың қорытын-

дысы. Өзіңіз білесіз, қордың басты мақсаты 

мемлекеттік тіл саласындағы қоғамдық 

бастамаларға қолдау көрсетіп, осы бағыттағы 

насихаттық жұмысты өрістету болып табылады. 

Осы аталған жұмыс дәйектілікпен одан әрі 

жалғасуда. Бірақ бұл дегеніміз, бұрынғыдан 

ештеңе өзгермеді деген сөз емес. Өз басым қор 

жұмысында тілдің өткен-кеткеніне барлау 

жасап, пікір-сайыстар ұйымдастырғаннан гөрі 

тілдің болашағы жастармен жұмысқа көбірек 

көңіл бөлген жөн деп есептеймін. Сондықтан 

«Жас Отанмен» бірлесе отырып, жақында тауар 

жарнамаларын сауатты жазуға байланысты кең 

ауқымды шараны қолға алдық. Халық тұтынушы 

ретінде өзіне қажетті дүниелерді сатып алғанда 

оның қазақша атауларын және нұсқаулықтарын 

сауатты оқып бергенінің маңызы ерекше. Қазір 

қолымызда 100-ге жуық қате жарнамалар бар. 

Осы жарамсыз сауда этикеткаларының тізімін 

жасап, тиісті шара қабылдау үшін өкілетті 

органдарға жібергелі жатырмыз. 



 – Қай елдің тілді дамыту тәжірибесін 

бізге үлгі етіп айта аласыз?

– Тегінде үйренген, көрген жақсы. Бірақ 

«пәлен елде жақсы екен» деп өзімізге пайдалана 

қою асығыс болар еді. Оның үстіне 20 жылда 

біздің өз елімізде де мемлекеттік тілді үйретуге 

байланысты біршама тәжірибе қалыптасты. 

Бірақ оның нәтижесі жеткіліксіз болса, бұл   –  

алдымен өзіміздің, әсіресе, қазақтардың тіл 

үйренуге құлқы жетпей жатыр деген сөз. 

Дегенмен озық тәжірибеге келсек, Израиль, 

Украина және т.б. елдерді айтуға болады. 

– Қазір қазақ тілін үйретудің түрлі әдіс-

тәсілдері бар. Осы методикаларды 

бірыңғайландыру қиын жұмыс па?

– Қазақ тілін үйрету әдіс-тәсілдерін 

бірыңғайландырудың екі жағы бар. Біріншіден, 

әдіс-тәсілдің мейлінше көп болғаны тиімді, әр 

адам өзінің тілді үйрену ерекшелігіне сай 

қажеттісін таңдап алады дегендей. Ал мектепте, 

жоғары оқу орын 

дарында қолданылатын 

бағдарламаларға келетін болсақ, бұл жерде 

елеп-екшеу, таңдаулысын іріктеу міндетті шарт. 

Сондай-ақ әдіс-тәсілдердің үйренушілердің 

білім деңгейіне, жас ерекшелігіне, тілді қолдану 

қажеттігіне сай бөлектенетінін де ескерген 

жөн. 


– Сіздің ойыңызша, мемлекеттік 

мекемелердегі ісқағаздардың қазақ тіліне 

толықтай көшірілмей жатқанына не 

кедергі?

– Тағы да қайталауға тура келеді, мемлекеттік 

қызметкерлердің өз міндетін жете түсінбей 

отырғаны кедергі келтіреді. Әсіресе, ана тілін 

білмейтін қызметкерлер етектен тартып отыр. 

Шынын айту керек, оларда тіпті іс-қағаздары 

толық қазақшаға көшірілсе, жеп отырған 

нанынан айырылып қалам деген көзқарас та 

жоқ емес. Сон дықтан жаңа бағдарламада, ең 

алдымен, мемлекеттік қызметкерлерге талапты 

күшейту жөнінде тұжырым керек сияқты. 

Сұқбаттасқан Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

БЛИЦ-СҰРАҚТАР:

– Енді 20 жылдан кейін қазақстандықтардың 95 пайызы қазақша сайрап 

кете ала ма? 

– Менің оған күмәнім жоқ. Бағдарламаны бәріміз бірігіп, неғұрлым сапалы 

дайындап қабылданған соң орындалуына бір кісідей атсалысуымыз керек. 

– Қазақ тілі үйренуге қиын дегенге келісесіз бе?

– Мүлде келіспеймін. 



– Оңай болса, оны қалай дәлелдейсіз? 

– Себебі орыс тіліндегі сөйлемдерді қазақшалағанда, мәселен, олардың үш 

жолдық сөйлемін екі-ақ жолға сыйдыруға болады. Мәселе дұрыс аудара білуде. 

– Қазақ тілін білмейтіндерге ана тілімізді үйреткен кезіңіз болды ма? 

– Студент кезімде «Алматытелекомның» қызметкерлеріне екі жыл бойы қазақша 

сабақ бердім. 

– Орыстілді туыстарыңыз немесе дос, таныстарыңыз болса, олармен қай 

тілде сөйлесесіз?

– Орыстілді біраз достарым бар, оларға бірнеше жылдан бері қазақ тілін үйретіп 

келемін. Олар қазір әжептәуір үйреніп қалды. 

– Өзіңіздің тіл үйретудің ең оңай рецептін ұсынып көрсеңіз...

– Ең бастысы – тіл үйренуге деген ынта-ықыластың болуы, былайша айтқанда, 

жүрегіңді ашу. Сосын сөздік қорың аз болса да, ішкі психологиялық кедергіні жойып, 

еркін сөйлесуге қадам жасау. Ықылас бар болса, сөйлейтін орта да табылады. Тым 

болмаса, қазақша ән жаттап, әннің сөздеріне мән беріп, үйренуге де болады. 

– Әңгімеңізге рақмет.

ЕҚЫҰ-ның саяси қырын 

саралаған кезде оның 

парламенттік өлшемін 

ескермеу мүмкін емес. 

Ұйымның аса маңызды 

органдарының ЕҚЫҰ 

Парламенттік ассамблеясы 

соңғы кездері белсенді бола 

түскені заңдылық. Саммит 

қарсаңында ұйымның 

маңызды органының 

қызметіне қысқаша шолу 

жасап өткен артық болмас. 

ЕҚЫҰ-ның «парламенттік өлшемі»

Кеше ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 

жарлығымен ҰҚК төрағасының орынбасары 

тағайындалды. Бұл қызметке Ғұсман Әмрин 

бекітілді. 

49 жастағы Ғұсман Әмрин тағайындауға дейін «Самұрық-

Қазына» мүлік қорының Басқарма төрағасы қызметін атқарып 

келді. 


ҰҚК төрағасының орынбасары 

тағайындалды

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Серб басшысы Борис Тадичтің сапар барысында Елбасы 

Нұрсұлтан Назар баевпен, Премьер-министр Кәрім Мә сімов пен, 

және Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджановпен 

кездесулері жоспарланған. Ведомствоның ақпаратына қарағанда, 

мәртебелі мейманның екі күндік сапары барысында екіжақты 

қарым-қатынастардың жан дануын көздейтін бірқатар құжаттарға 

қол қойылып, екі елдің іскер топтарының қатысуымен дөңгелек 

үстел ұйым дастырылмақ.



Әкімбай ТЕКШЕ

Сербия президенті екі күндік 

сапармен келеді

Ертең елімізге Сербия Президенті Борис Тадич 

мемлекеттік сапармен келеді. Сыртқы істер 

министрлігінің мәліметінше, Қазақстан – Сербия 

қатынастары тарихындағы жоғары деңгейдегі 

бұл сапар Астана мен Белград арасындағы 

саяси диалогты, экономикалық және мәдени-

гуманитарлық қатынастарды жандандыруға жаңа 

серпін бермек.

АССАМБЛЕЯДАҒЫ МАНДАТТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ: 

Парламенттік ассамблеядағы орындар бекітілген көрсеткіш бойынша бөлінеді. 

Мысалы, АҚШ-та – 17 орын, Ресейде – 15 орын, Ұлыбритания, Германия, Италия, 

Францияда – 13 орыннан, одан кейінгілер екі орынға азая береді (Сан-Марино және 

Лихтеншейн). Ал Қазақстанның алты орны бар. 

комитет, Бюро және және үш жалпы комитет 

жұмыс істейді. Мәселен, Тұрақты комитет 

ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 ел парламентінің ұлттық 

делегациялары бас 

шылары мен бюро 

мүшелерінен құралады. Тұрақты комитет 

бюджетті бекітеді, Бас хатшыны сайлайды және 

Ассамблея жұмысын ұйымдастырады. 

Бюро құрамына жылына бір рет сайланатын 

Ассамблея Төрағасы, оның тоғыз орынбасары, 

Қазынашы, және үш жалпы комитеттің 

лауазымды адамдары енеді. Құрметті Төраға 

өзінің ережесі бойынша Бюроның дауыс 

бермейтін мүшесі болып саналады. Биыл жыл 

сайынғы сессия барысында ЕҚЫҰ ПА 

Президенті болып Петрос Эфтимиу сайланған 

болатын. Бюро Тұрақты комитет шешімдерінің 

орындалуы мен отырыстар арасындағы 

Ассамблеяның жұмыстарын ұйымдастырады. 

Айта кету керек, Ассамблея Төрағасы өзінің 

атынан белгіленген мәселелерді шешу үшін 

арнайы өкілін тағайындай алады. Сөйтіп, қазіргі 

уақытта гендерлік мәселелер, көші-қон, ЕҚЫҰ 

бюджеті, трансұлттық ұйым дасқан қылмыспен 

күрес, Ауғанстан, Таулы Қарабақ жанжалы, 

Жерорта теңізі, Оңтүстік-Шығыс Еуропа, 

Орталық Азия мен Гүржістандағы жағдай 

жөніндегі ЕҚЫҰ ПА-ның Арнайы өкілдері 

жұмыс істейді. Биылғы Қырғыз еліндегі сәуір 

төңкерісіне байланысты ЕҚЫҰ ПА-ның 

Қырғызстан бойынша Арнайы өкілі болып 

сенатор Әділ Ахметов тағайындалып, бірқатар 

жұмыстар атқарып келеді. ЕҚЫҰ ПА 

төрағасының тоғыз орынбасарының ішінде 

Сенат спикері Қ.Тоқаев та бар. 



ЕҚЫҰ ПА-ның үш жалпы комитеті 

делегациялардың сайлауымен Хельсинки 

Қорытынды актісінің негізгі үш «қоржы нына» 

сәйкес құрылады: Саяси мәселелер мен 

қауіпсіздік жөніндегі Жалпы комитет (бірінші 

комитет); Экономикалық мәселе лер, ғылым, 

технология және қоршаған орта жөніндегі 

Жалпы комитет (екінші комитет) және 

Демократия, адам құқығы және гуманитарлық 

мәселелер жөніндегі Жалпы комитет (екінші 

комитет). Жалпы комитеттер жыл сайынғы 

сессия мен қысқы отырыстарда жиналады. 

Комитеттер халықаралық өмірдегі өзекті 

мәселелерді шешуді талқылап, соның ішінде 

сайлауды байқау бағдарламаларын әзірлейді. 

ЕҚЫҰ Па Хатшылығы Копенга генде орналасқан. 

ЕЫҰ ПА мүшелері: Австрия, Әзірбайжан, 

Албания, Андорра, Армения, Беларусь, 

Бельгия, Болгария, Босния мен Герцегови на, 

Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, 

Гүржістан, Дания, Ирландия, Исландия, 

Испания, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, 

Канада, Кипр, Латвия, Литва, Лихтеншейн, 

Люксембург, Маке дония, Мальта, Молдова, 

Сан-Марино, Сербия, Словакия, Словения, 

АҚШ, Тәжік 

стан, Түрікменстан, Түркия, 

Өзбекстан, Украина, Финляндия, Франция, 

Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, 

Швеция, Эстония. Ватиканның ЕҚЫҰ ПА 

сессиясына құрметті мейман ретінде екі өкілін 

жіберуге құқығы бар. 



ПАРЛАМЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ

Саяси-экономикалық интеграция пар-

ламентаралық байланыссыз жүзеге аспай ды. 

Сондықтан ұйым мен елдер арасын 

дағы 

заңнаманы үйлестіру мақсатында өзара 



парламентаралық ықпалдастықтың маңызы 

зор. Дипломаттар секілді парла ментарийлер де 

дау-дамайға араағайындық қыла жүреді. 

Бұндай ынтымақтастық парламенттік дип-

ломатия деп те аталады. 

ЕҚЫҰ ПА-ның Қазақстан Республикасы 

делегациясының құрамында Сенат Спикері Қ.

Тоқаева, сенаторлар Қ.Сұлтанов, Ә.Ахметов, 

Б.Досманбетов, Мәжіліс депутат 

тары Е.Әп-

салямов, С.Бычкова, Ә.Жолшы беков, Т.Қосмам-

бетов бар, қазақстан Парламенті мен ЕҚЫҰ ПА 

арасындағы ынтымақтастық тереңдеп келеді. 

Оның мысалы ретінде, қазақстандық парла-

мент  шілер 2007-2010 жылдарда ЕҚЫҰ ПА құ-

ра 


мын 

да Албания, Армения, Беларусь, 

Гүржістан, Македония, Молдова, Ресей, Сербия, 

Украина, Әзірбайжан, АҚШ-тағы сайлауларды 

байқау миссиясына қатысқа нын айтуға болады. 

Оның үстіне 2003 жылы Алматыда ЕҚЫҰ ПА 

трансазиялық форумы, 2008 жылы Астанада 

ЕҚЫҰ ПА жыл сайынғы 17 сессиясы, Алматыда 

биыл мамыр айында «ЕҚЫҰ-ның Еуразия лық 

өлшемі» тақырыбында ЕҚЫҰ ПА транс азиялық 

парламенттік форумының өткізілуі өзара 

байланыстардың нығая түскенін айғақтайды. 



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№171 (397) 5.10.2010 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

 

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

ЭНЕРГЕ


ТИК

А

Еліміздің энергетикалық тәуелсіздігі 



қырғыздарды «қап» дегізді 

НАРЫҚ


Гүлнар АХМЕТОВА

ЖАРЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ЖАҒЫМДЫ 

ЖАҢАЛЫҚ КӨП 

Вице-министрдің айтуынша, осы бағ-

дар лама бойынша 2014 жылы еліміздегі 

электр қуатын өндіру көлемі 97,9 млрд 

кВт/с жеткізілмек. Ал тұтыну көлемі ол кез-

де 96,8 пайызды құрайтын болады. Әл-

бет те, мұндай ірі жобаны жүзеге асыру 

оңай шаруа емес. Әсіресе қазіргі энергетика 

нысандарындағы негізгі құрал-жаб дық-

тар дың 20 пайызының тозығы жеткенін 

есепке алу керек. Атап айтқанда, электр 

стан  сыла ры  генерациялық  құрал-жаб дық-

та рының – 83 пайызы, электр жүйелерінің 

(ең әуелі тарату жүйелері) 65 пайызы ес-

кір ген. 

Сондықтан бағдарламаға жаңа гене-

ра циялық қуат құрылыстарының 14 жо-

басы енгізіліпті. Қолданыстағы қуат ны сан-

да рын кеңейту, модернизациялау жағы да 

ұмыт қалмады. Сонымен болашақтың 

жос пары мынадай: 2010-2014 жылдары 

электр энер 

гиясын дамытуға арналған 

бағ дар ла ма ны  жүзеге  асыру  барысында 



2014 жылы еліміздің 

тұрғындары электр қуатымен 

толық қамтамасыз етіледі. 

Осындай жақсы жаңалықты 

жуырда Индустрия және жаңа 

технологиялар министрлігінің 

электр энергетикасы және 

көмір өнеркәсібін дамыту 

департаментінің директоры 

Жақып Бөкенбаев жеткізді: 

«Электр энергиясын дамы-

ту дың 2010-2014 жылдарға 

арналған бағдарламасын 

жүзеге асырудың бір нәтижесі 

– ел ішін өзімізде өндірілген 

электр энергиясымен қам-

та масыз ету. Бүгінгі күні ол 

98 пайыз болса, бағдарлама 

жүзеге асқан кезде 

100 пайызға жетеді». 

осы салаға 2,3 трлн теңге бөлінеді. Оның 

ішін де  ге не ра циялық  қуат  құрылысына  – 

1,6 трлн тең ге, электр жүйесі нысандары 

құ рылысы мен қайта құруға –368 млрд 

теңге, қайта іске қо сылған энергия көздері 

сала сында  жо ба лар ды  жүзеге  асыруға  – 

107 млрд тең ге, кө мір өндіру саласын 

дамытуға 235,91 млрд теңге қарас ты рыл-

ған. Сөйтіп, энер ге тика саласындағы кем-

ке тікті жоюға ба ғытталған бағдарлама ой-

да 


ғыдай жүзеге асса, жарық жағынан 

тап шылық  көр мей міз. 

Ал электр қуатын тұтыну бізде жыл 

сайын артып келеді. Биылғы тоғыз айдың 

ішінде өндірілген электр энергиясының 

көлемі 59,6 млрд кВт-ты құрады. Бұл өткен 

жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 6,5 

пайызға артық. Индустрия және жаңа тех-

но  логиялар  вице-министрі  Дүйсенбай 

Тұр   ғановтың айтуынша, электр қуатын тұ-

ты ну биылғы жылы 9 пайызға артып, 60,8 

млрд кВт/с құраған. 



КӨРШІГЕ ҰНАМАЙТЫН

БАҒДАРЛАМА

Осы орайда айта кетейік, біздің электр 

энер гиясына қатысты болашақ жоспа ры-

мыз айыр қалпақты ағайынға жайсыз ти-

ген сияқты. Қырғыздың ақпарат құралдары 

кешелі-бері «енді оларға (Қазақстанға) 

біз 

дің тоқтың қажеті жоқ» деп жазып 



жатыр. Олар ды шошытқан жайт белгілі – 

2014 жыл ға қарай электр қуатын өз есебі-

міз ден өн діруді 100 пайызға жеткіземіз 

деген сөз. Өйт кені осы елдің сарапшылары 

көрші ел дерге электр энергиясын сату ар-

қылы эко но микасының біраз жыртығын 

жа мап алу жө ніндегі үмітін жасырмайды. 

Егер біз де жо ғарыда аталған бағдарлама 

жүзеге асса, Қырғызстан бюджеті кәдім гі-

дей ойсы рай тын түрі бар. Әйтсе де, 2014 

жылға дейін әлі талай уақыт бар. Оның 

үстіне біздің бағ дар ламадағы әлгіндей 

жетістікке «балама қуат көздері есебінен 

же теміз» деген сөзге үміт артып, ондай 

жағ дайда алға қойылған міндетін жүзеге 

асыру мүмкін емес деп, өздерін-өзі жұба-

та тындар да табылады. 

ЖОБА ДА КӨП,

ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ДА ҚАР ҚЫНДЫ

Ал бізде болса, күні кеше осы энер ге ти-

каға қатысты тағы бір жағымды жаңалық 

жария етілді. Жақын күндері Оңтүстік Корея-

мен бірлесіп, Балқаш жылу электр стан сысы 

құрылысын бастау  жөнінде  үкі мет аралық 

келісімге қол қойылады. Құры лыс екі кезекте 

жүргізіледі. Бірінші кезегін 2014 жылы (660 

мегаваттан екі блоктың құ рылысы), екінші 

ке зегін  2016-2017  жыл дары  (660  мега ват-

тан екі блок құры лы сы) жүзеге асыру жос-

пар  ланған.  Стан сы ның  бір  жылда  өндіретін 

электр қуаты 17 млрд кВт/с деп бол жан ған. 

Жобаның құны – 4,5 млрд доллар. Шы-

ғын ның 75 пайызы оңтүстіккореялық ком-

па  ниялар  консорциумы  тарапынан  қар  жы-

лан  ды рылады.  Қалған  бөлігі  «Қазақ мыс» 

пен «Самұрық-Энерго» енші сінде. Еске тү-

сір  сек,  2009  жылдың  мамы рын да  «Қазақ -

мыс», «Самұрық-Энерго» АҚ, сон дай-ақ 

оң 

 

түстіккореялық Korea Electric Power 



Corporation (KEPCO) және Samsung 

Corporation  ком па ния лары  тиісті  тен дерді 

же   ңіп  алып,  энер ге тика  саласында  ынты-

мақ   тастық  жөніндегі  ке лісімге  қол  қойған 

болатын.

Айта кету керек, бағдарламада бел гі-

лен ген жобаларды жүзеге асырудың қар-

қы ны қатты. Бірінші жартыжылдықта екі 

нысан – Орал су-жылу электр стансысының 

18 МВт-ты құрайтын (жалпы қуаты 54 МВт) 

бірінші турбогенераторы және 3,5 МВт 

Қаратал ГЭС-і іске қосылды. Белгі лен ген 

жоспар бойынша, Мойнақ ГЭС-і (300 

МВт), Ақшабұлақ ГЖЭС-і (87 МВт), Екі бас-

тұздағы 2-ГРЭС-тің 3-энергоблогы (500 

МВт), Ақсу ГРЭС-нің №2 блогын қал пына 

келтіру (325 МВт), Шардара ГЭС-ін мо-

дернизациялау жұмыстары толассыз жүр-

гізіліп келеді.

ЖО

Б



А

 

НАН



ҚҰН

МӘСЕЛЕ


Ресейліктер енді азық-түліктің 

нақты бағасын ұялы телефон 

арқылы біліп, нарықтағы 

қолдан өсірілген қымбат бағаға 

ұрынбайтын болады. Ресей 

Ауыл шаруашылығы министрлігі 

базардағы бағаға оперативті 

режимде мониторинг жасап,

1 қара ша дан бастап ол жайында 

мұқым халықты хабардар етіп 

отырады. Ол үшін құзырлы 

мекеме халықтың қолындағы 

ұялы телефон қызметін 

пайдалануды жөн көріпті. 

Бұл шара соңғы кездері осы 

нарықтағы қымбатшылыққа 

қатысты алыпқашпа сөзді өз 

ұпайына пайдаланып, бағаны 

негізсіз көтеруі ықтимал сау-

да герлердің әрекетіне белгілі 

бір деңгейде тұсау болады деп 

күтіліп отыр. Жыл да азық-

түліктің негізсіз қымбаттауымен 

күресті  нау қан ға  айналдырған 

біздің билікке де мұндай игі 

шараны пайдалану артықтық 

етпес пе еді?

«ЕуроХим - Тыңайтқыш» 

ЖАҚ-ы минералды тыңайт қыш-

тар шығаратын зауыт құрылысы 

инвестициялық жобалардың ішін дегі 

айрық ша орын алады. Ол Жамбыл 

облысы үшін жүйе қалыптастырушы 

жобаға  ай на луы  тиіс.

Күз түскеннен бері Қостанайда 

азық-түліктің бағасы шарықтап 

кетті. Бұл орайда басшылардан 

келер қайран жоқ. Әрісін айт па-

ған ның өзінде, астықты өлкеде 

нанның бағасы да асқақтап тұр. 

Қызылжарлықтар неге қос 

азаматтыққа құштар?

Азық-түлік 

бағасын қайтсек 

ауыздықтаймыз?

Жамбылдық жобаға 

арзан газ керек

Баға құрыққа 

бағынбай отыр

Алайда Әділет департаментінің бастығы 

Степан Зайтлер ертеңіне бұл ақпараттың 

жал ған ды ғы  жайында  мәлімдеме  жа са ды. 



Степан ЗАЙТЛЕР,  Солтүстік Қазақстан 

облысы Әділет департаментінің бастығы:

–  Үстіміздегі жылдың 24 қыр күйе гін-

де департаментте БАҚ және құқық қор ғау 

органдары өкілдерінің қаты суы мен «Екі 

елдің азаматтығы фактілерін бол дырмау» 

деген тақырыпта «Дөң ге лек үстел» жиыны 

өтті.  Онда  де пар та мент тің  бөлім  бастығы 

Қорлан  Жұма бае ва  баян дама  жасап, 

соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанда екі 

елдің азамат ты ғы мәсе лесі өткір тұрғанын 

айтып, биылғы жыл дың сегіз айында атал-

ған заң бұзу шы лықтың 81 фактісі тіркел -

ге нін жеткізді. Онда екі елдің азаматтығын 

заңдастыруға қатысты әңгіме қозғалған 

жоқ. Мұндай заңсыздықтарды бол дыр мау 

мақсатында ұйымдастырылған жиында 

қалайша екі елдің азаматтығын заң дас ты-

ру мәселесі туралы сөз бол мақ?! Облыстық 

Әділет департаменті ешқашан мұндай 

ұста ным да болған емес. Тілшілердің тарат-

қан ақпа раты халық арасында наразылық 

туды рып, ұлтаралық келісімге нұқсан кел-

тіруге мұрындық болып отыр. Енді олар ға 

сілтеме жасап Интернет агент тік тері де 

«Солтүстік Қазақстан облысында Қазақ-

станның солтүстік өңірлерінің тұр ғындары 

үшін екі елдің азаматтығын беру туралы 

ұсыныс жасауда», тағы да осы тақылеттес 

тақырыпта мақалалар жа риялап жатыр.

Самат ЖҰМАҚАНОВ, теміржолдағы ке-

ден дік бақылау бөлімі бастығының орын ба-

сары:

–  Ресей жаққа немесе бері қарай ше-

ка ра асқанда қос азаматтығы барлар екін-

ші паспорттарын сөмкелеріне, киім дерінің 

арасына тығып өтпекші бо лады. Шека ра-

шы лар бұны біледі және жеке заттар тек-

се рілетіндіктен,  бұндай  азамат тар  ұсталып 

жатады. Қос аза мат тықпен кү рес жолы 

бар. Мысалы, екі ел ара сын дағы келісім. 

Төлқұжат  ауыс ты рар да  ресейліктер  өтініш 

берген адам ның бар лық құжаттарын бері 

жібереді. Демек, Қазақстанның куәлігін 

өткіз бе ген дерді  әшкерелеу  қиын  емес. 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал