Соңғы кездері кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселесі, эконо



жүктеу 0.64 Mb.

бет1/6
Дата08.06.2017
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ИӘ

Соңғы кездері кәсіпкерлердің 

құқығын қорғау мәселесі, эконо-

микалық қылмыстарды жұмсарту 

жайы жиі талқылануда. Өз басым 

«бұл үрдіс елдегі кәсіпкерлікті 

дамыту үшін ауадай қажет» деп 

ойлаймын. Біз кейінгі екі жылда 

елдегі шағын және орта бизнесті 

қолдауға айрықша назар аудар-

дық. Айналып келгенде, осы үрдіс 

оң нәтиже берді. Отандық кәсіп-

керлеріміз, әсіресе, дағдарыс 

кезінде өздеріне деген қолдауды 

анық сезінді. Сондықтан болар, 

біршама қауымның осы тұстары 

кәсіпкерлікке деген ынтасы да, 

жолы да ашылды.  



Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

№171 (397) 

5 қазан

сейсенбі


2010 жыл

...де

д

iм-ай, а

у

!

3-бетте

Артық СЕЙІТҚАЛИЕВА, 

«Адал» тұтынушылардың құқығын қорғау 

қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

Тимур НАЗХАНОВ,

Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының 

вице-президенті:

3-бет

5-бет

7-бет

ОЙ-КӨКПАР 

Жайық жұрты Жұбан 

тойын тойлады

Еліміздің энергетикалық 

тәуелсіздігі қырғыздарды 

«қап» дегізді

Экономикадағы қылмыстық заңнаманы жұмсарту кәсіпкерліктің дамуына серпін бере ме?

Күні кеше «Атамекен одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық 

палата төралқасы мен басқармасының бірлескен отырысында 

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік 

құқықбұзушылық туралы кодексіне кәсіпкерлікті қорғауды қамтамасыз 

ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

заң жобасы талқыға салынды. Заң жобасының негізгі идеологиясы 

басты екі міндетті шешуге бағытталған. Оның біріншісі – кәсіпкерлерді 

құқық қорғау органдарының негізсіз кедергі келтіруінен қорғау. Екіншісі 

– экономикалық қылмыстардан жәбір көргендерге шығындарын 

қайтарудың тиімді жолын қамтамасыз ету. Заң жобасында экономикалық 

қылмыстардың айтарлықтай бөлігін толығымен жұмсарту қамтылған. 

Атап айтсақ, заң жобасындағы 77 қылмыс құрамының 20-сын 

толығымен өзгерту, жұмсарту қарастырылып отыр. Бағамдасақ, бұл 

барлық экономикалық қылмыстардың 27,3 пайызын құрайды. Осы 

тұста «Кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық қылмыстық заңнаманы 

жұмсарту қаншалықты негізді? Бұл тәсіл кәсіпкерліктің дамуына 

серпін бере ме» деген сауал өзінен-өзі туындайды. 

Бұл ретте мамандардың пікірі төмендегідей өрбіді...

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

147,50

201,75

4,83

22,05

1,37

10829,68

1538,22

1531,04

83,81

1320

Айбын БАҚЫТҰЛЫ

ТҮЙТКІЛ


«Досқалиев 

жұмбағы» 

қоюлай түсті

Ресми өкілдің айтуынша, қалалық сот мұндай 

қадамға министрді қарап жатқан дәрігерлердің 

түсініктемесінен кейін барған. Себебі куәгер ретінде 

жауап алу барысында олар «министрдің өтініші 

бойынша жалған диагноз қойғандарын» мойындап 

қойыпты. Бір қызығы, 1 қазан күні ғана: «Бұл жалтару 

емес. Министр шын мәнінде инсульт алған, ми 

жасушалары да зақымданған. Мұны кез келген 

маман дәлелдей алады», – деп шыр-пыр болған 

Ұлттық ғылыми-медициналық орталық басшысының 

орынбасары Әлімбек Мұстафиннің өзі белгісіз 

себептермен ғайыптан тайып, кері түсініктеме беріпті. 

«Әлімбек Мұстафин тергеу барысында Досқалиевтің 

клиникаға түскен кезде есін жоғалтпағанын айтты. 

Мұстафиннің айтуына қарағанда, мұндай диагноз 

Досқалиевтің өтініші бойынша қойылған», – деп 

мәлім еткен ресми өкіл сөзіне дәйек ретінде БАҚ 

өкілдеріне тергеу барысында жазылып алынған 

бейнежазбаны ұсынды. Енді сол жазбадағы сұрақ-

жауапқа үңіліп көрелік: «Досқалиев клиникаға түскен 

кезде қан қысымы өте жоғары болды. Оған бірден 

медициналық көмек көрсеттік. Артынша жансақтау 

бөліміне жатқызылды. Келесі күні мен оның халін 

сұрай бардым. Ол өзін клиникада бірнеше күн ұстай 

тұруымды өтінді. Мұның бәрі түсінбестіктен туындап 

отырған жайт екенін айтты. Мен оған таза 

адамгершілік ниетпен көмектестім. Өйткені біз бір-

бірімізді бұрыннан танимыз. Бірнеше рет бірге 

күрделі операция жасауға қатыстық», – деп қарап 

отыр.

Дегенмен брифингте бұл бейнежазбаның 



шынайылығына күдік келтіргендер де болды. Себебі 

жазбаның сапасы өткен жолғыдай бұлыңғыр, түзеп-

күзеп (монтаж – автор) жүйеге келтіргені анық көзге 

ұрып тұрды. Экономикалық қылмысқа және сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Тергеу 

департаментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаев 

жазбаның жедел жағдайда түсірілгендіктен сапасыз 

болып отырғанын айтып, жуып-шайып жатты.



Денсаулық сақтау министрі Жақсылық 

Досқалиевке қатысты тың дерек: кеше 

Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) 

ресми өкілі Мұрат Жұманбай Астана 

қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты 

Жақсылық Досқалиевті он тәулікке қамауға алу 

туралы санкция бергенін мәлім етті. 

Қазақтың құр мақтаны 

шынға айналды

Баға жетпес рухани 

қазынамыздың тағы бір 

саласы тасқа басылып, 

бүгінгі және кейінгі ұрпақ 

үшін өшпейтін мәңгілік 

асыл мұраға айналды. 

«Қазақтың 1000 әні» 

жинағы жарыққа шықты. 

Осынау айтулы оқиғаның 

құрметіне өткен жұма күні 

кешкілік Астанадағы 

«Қазақстан» сарайында 

мерекелік концерт өтті. 

Бірден айтайық, Елбасының тапсырмасы бойынша, 

«Мәдени мұра» ұлттық-стратегиялық жобасының аясында 

жасалған бұл антологияға қазақтың тұрмыс-салтына 

негізделген ғұрыптық әндері – Алматы, Қарағанды, 

Маңғыстау,  Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан 

облыстарында және Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан 

жерінде тұратын қазақтар айтатын бесік жыры, сыңсу, 



аужарлар, тойбастарлар, жарапазандар, дауыс салу-

жоқтаулардың түр-түрі, авторлары ұмытылып кеткен халық 

әндері мен ХІХ ғасырдан бергі кәсіби халық 



композиторларының әндері толықтай енгізілген. Қысқа 

қайырсақ, Арқа, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу, 

МӘСЕЛЕ

Қызылжарлықтар неге қос азаматтыққа құштар?

Қызылжарда үстіміздегі 

жылдың өткен сегіз айында қос 

азаматтық алудың 81 фактісі 

тіркелген екен. Олардың оң 

қалталарында Қазақстанның көк 

куәлігі жүрсе, сол қалталарында 

Ресейдің қызыл паспорты 

қылаң берген. Еліміздің 

Конституциясында да, азаматтық 

туралы заңнамада да бұған 

қатаң тыйым салынған. Басқа 

елдің азаматтығын алған күні 

ол бірден қазақстандықтар 

тізімінен шығарылады. Құқық 

қорғаушылардың мәліметінше, 

өткен жылы қос паспорты барлар 

саны 154 адам болған екен. 

Белең алып бара жатқан бұл жайт 

ұлттық қауіпсіздігімізге де қауіп 

төндіріп тұрғаны даусыз.

Жалғасы 3-бетте

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ

Әділет департаменті мамандарының сөзіне 

қарағанда, қос азаматтық алу мәселесі Ресеймен 

шекаралас облыстарда көбейіп кеткен. Мұндай 

заңсыздықтарға барудың негізгі себебі – екі ел 

арасында кедергісіз жүріп-тұру. Артық пайда көру 

мақсатымен бұл қадамға барып жатқандар да 

баршылық. Мысалы, олар екі елден зейнетақы, 

әлеуметтік жәрдемдер, оның ішінде бала туғанда 

берілетін көмекқаржы алғысы келетіндер. Және 

үшінші себеп тағы бар, құқық қорғаушылар ашық 

айтпағанымен, Оңтүстік Осетияда болған қанды 

қақтығыс дәл осы Ресей азаматтығын алудан бастау 

алғанын ұмытпағанымыз абзал. Бөтен елдің 

тұрғындарын өз азаматы етіп алған алып империя 

ертеңіне оларды қорғау желеуімен әскер кіргізгені 

кеше ғана еді ғой. Демек, арқаны кеңге салмай, 

қауіпсіздікке төнген қатерді дер кезінде біліп, алдын 

алғанымыз жөн болар.

Азаматтық алып берумен айналысатын ұйым-

дасқан қылмыстық топ бар екені де жасырын емес. 

Жыл басынан 56 адам Ресей паспортын алу үшін 

осындай делдалдардың көмегіне жүгінген. Бір 

өкініштісі, қос азаматтық алғандар қылмыстық 

жауапкершілікке тартылмайды. Жалғыз ғана жаза 

бар, ол – Қазақстанның азаматтығынан айыру. 

Азаматтық алу жолы да қиын емес екен. Қазақстан 

паспортына «азаматтықтан шықты» деген жалған 

белгі басып, Ресейге апарып өткізеді де, ол жақтың 

азаматтығын алады. Ал Қазақстанның жеке бас куәлігі 

қалтасында қалады. Сөйтіп, қос елдің азаматы болып 

шыға келеді. Кейбір бейресми дерек көздерінің 

мәліметінше, алаяқтар Ресей азаматтығын алып беру 

үшін 300 АҚШ долларын сұрап жүр. Қос азаматтық 

алу мәселесіне арналған баспасөз мәслихатынан 

ақпарат таратқан кейбір бұқаралық ақпарат құралдары 

«Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті 

екі елдің азаматтығын алуды заңдастыруды қолдап 

отыр» деп ақпарат таратқан болатын. Бұл әсіресе 

орыстілді басылымдарда көп басылды.

Жансаяны ешкім 

жеңе алмады

Шикізатқа 

тәуелділіктен құтылу 

үшін отандық ғылымға 

бар ықыласты 

аударғанымыз жөн

6-б

етте

Меңлібай МЫРЗАХМЕТОВ:

Мұсабек ӘЛІМБЕКОВ, 

Жоғарғы сот төрағасы:

– Біз мұғалімдер мен 

мектеп директорларын кептерге 

ұқсатып аулауды доғаруымыз 

керек. Бүгінгі қаржы полициясы 

сонымен айналысып жүр: 

қолдарына жіп (тұзақ) ұстап 

алып, аңдиды да отырады.



(www.time.kz сайтынан)

ЖОҚ

– Мен мұнымен келіспеймін. 

Біз заңбұзушылыққа жол берген 

кәсіпкерлерді бас бостандығынан 

айырып, соттамасақ та, заңды қа-

тай туымыз керек. Себебі дамыған 

және дамушы елдермен салыс-

тырғанда Қазақстандағы кәсіп-

керлердің деңгейі, әлеуметке деген 

жауапкершілігі өте төмен. Сондық-

тан мен «заңды жұмсартудың 

орнына қа таңдатып жетілдіру ке-

рек» деп са наймын. Мәселен, біз 

соңғы екі-үш жылдың ішінде кә-

сіпкерлікті тексеруге арнайы 

жеңілдік жарияладық. Бірақ бұдан 

анағұрлым ұпай жинадық деуге 

тағы болмайды.  



Сыр және Алтай-Тарбағатай (шығыс) өңірлерінің әндері 

мен әншілік мектептерін тегіс қамтыған. Ал бұл дегеніңіз, 

кезінде Затаевич тәнті болған, Потанин таңғалып, Горький 

тамсанған өнерпаз халқымыздың ән қазынасының айнасы, 

өзгеге мақтанатын, өзіміз мәңгі қадірлейтін асыл мұрамыздың 

көрнекті айғағы болып қалмақ. Мұны еліміздің мәдениет 

министрі, қазақ руханиятының үлкен жанашыры Мұхтар 

Құл-Мұхаммед мырза әдемі жеткізді. Сөзін профессор 

Затаевичтің 1925 жылы қазақ әндерінің тұңғыш жинағын 

шығаруынан бастап, Григорий Потаниннің «маған бүкіл 

қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді» деген өзге 

жұрттың риясыз пікірлерін тілге тиек еткен министр 

төңкеріске дейінгі ең үлкен 89 томдық орыс 

энциклопедиясының 29-томындағы қазақтарға арналған 

мақалада айтылған аңызды да ұмытпады.                                           



Жалғасы 5-бетте 

ДАТ!

Жалғасы 6-бетте

Мансұр Х


АМИТ (фо

то

лар)



РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№171 (397) 5.10.2010 жыл, сейсенбі         



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

 

?



Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Алғашқы метро ХІХ ғасырда салынған

Өте қысқа мерзім ел басқарған президент кім?

Бразилияда президент сайлауы өтіп жатқанын хабарлап жатқан 

жаңалықтарда елдің алғашқы президентінің өте қысқа мерзім билікте 

отырғанын хабарлады. Неліктен, өте қысқа мерзім билікте болғанын білсем 

деп едім.

Манарбек БЕРІКБОЛ, Семей

Жалпы, президенттік сайлау бұл елде 

1889 жылы басталды. Алайда қазіргі 

жүйенің қызмет етіп келе жатқанына 25 

жыл ғана болды. Мұның алдында елді 

әскерилер басқарған. Өздері жаңа 

республика орнады деп санайтын 1985 

жылдан бері Бразилияны алты президент 

басқарды. Қазір өтіп жатқан науқан – 

азаматтық басқарудағы жетінші 

президенттік сайлау. 1985 жылдың 15 

наурызында ең алғашқы азаматтық сайлау 

негізінде президент болып Танкреду ди 

Алмейда Невис сайланды. Алайда 

сайлауда жеңіске жеткенімен, инаугу-

рацияға дейін денсаулығы сыр беріп, 

сырқатынан сол жылдың сәуір айында көз 

жұмған. Жаңа республиканың алғашқы 

басшысы болғанымен, Алмейда Невис 

Бразилия тарихындағы тұңғыш президент 

емес.

Алдағы жылы Алматы тұрғындары метроны пайдаланатын болады. 

Бірақ ол бар болғаны сегіз шақырымды қамтиды екен. Әлемдегі ең ұзын 

метролардың қашықтығы қандай?

 Әсел ҚАЙЫРЖАНОВА, Алматы

Әлемдегі ең бетке ұстар метро ретінде 

Британия астанасы Лондонның жерасты 

жолаушы тасымал жолдары аталады. Ол 

– екі бірдей рекордтық көрсеткішке ие: қа-

зіргі кезде ең ауқымды қашықтықты 

қамтитын (404,8 шақырым) және әлем-

дегі ең көне (құрылысы 1863 жылы бас-

талған) метро. Бірақ Қытай астанасы 

Пекин нің соңғы қала жобасы бойынша 

метро жолдары 480 шақырымға дейін 

ұзартылуы керек болатын. Сондай-ақ 

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының метро-

сының да жалпы ұзындығы 400 ша қы-

рымнан асады. Ал Мәскеу метросы жо-

лаушы тасымалдау бойынша әлемде 

алғашқы орында тұр: бір жылда 3,2 млрд 

жолаушы тасымалы жүзеге асырылады, 

жалпы көлемі 284,8 шақырымды қам-

тиды. Франция астанасы Париж қала-

сының метро жолдары – 213,92 шақырым, 

Испанияның Мадриді – 236 шақырым, 

Токио – 282, Сеул – 287. Ал Алматы қа-

ласына келсек, қала әкімдігі жерасты жо-

лаушы тасымалының жолын әлі де ұзарту 

мәселесін жоспарлап жатыр.

ТЕК ТІЛ ТУРАЛЫ

Тілге ықылас болса, 

сөйлейтін орта да табылады 

ТАҒАЙЫНДАУ



Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

ПАРЛАМЕНТТІК 

АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы 1991 

жылы ұйым елдері парламенттері басшы-

ларының Мадридтегі кездесуінде құрылған 

болатын. 

Ассамблеясы Ұйымға қатысушы 56 

мемлекеттің 320 парламентарийі кіретін ЕҚЫҰ 

институттарының бірі болып табы лады. ЕҚЫҰ-

ның «парламенттік өлшемін» қамтамасыз ете 

отырып, Ассамблея парла 

менттік институт-

тардың проблемаларды талқылау арқылы және 

қарарлар мен ұсыныстарды қабылдау арқылы 

Ұйым қызметіне атсалысады, ұйым кеңістігінде 

демократияны ілгерілетуде парламент аралық 

үнқатысуды жүзеге асырады. Ұйым аясындағы 

міндеттемелерді қатысушы мемлекеттердің 

орындауына Ассамблея бағалау жүргізеді, 

қақтығыстарды ескерту, реттеу тетіктерін 

әзірлейді және енгізеді.

ЕҚЫҰ ПА негізгі органдары ретінде Тұрақты 

«Қазақстанның Нью-Йорк тегі 

Бас кон 

сулдығы АҚШ-тағы 

хакерлер ісіне қатысты БАҚ-та 

жарияланған ақпарат тарды тек-

серіп жатыр. Егер бұл іс бойынша 

күдіктілер арасында Қазақстан 

азаматтары болған жағдайда, 

біздің дипломаттар жерлес-

теріміздің заңдық мүдделерін, 

олардың бостандығы мен құқын 

қорғау үшін тиісті әрекеттерді 

қолға алатын болады», – деді 

дүйсенбілік брифингте А.Әбдір-

ахманов. «Бұл бір топ адам-

дардың арасында қазақ 

стан-


дықтардың болғаны туралы әлі 

шынайы ақпарат жоқ. Дегенмен 

2-3 күннің арасында бұл іске 

қатысты нақты хабарлар 

алуымыз мүмкін», – деді ол. 

Хакерлер ісіне қатысты 

ғаламторды шарлаған ақпаратқа 

жүгінсек, жақында Американың 

Федералдық тергеу бюросы 

қызметкерлері елдің банк 

есепшоттарынан санкциясыз 

қаржы аудару фактісі бойынша 

37 адамды тұтқындап, оларға 

айып таққан болатын. Осы іске 

қатысы бар саналған біршама 

азаматтарға іздеу де жарияланған 

еді. Ұсталғандардың басым 

бөлігі АҚШ-қа студенттік 

визамен барғаны белгілі 

болыпты. Тоқтала кететін жайт, 

әлгі жауапқа тартылатын әккі 

хакерлер арасында Қазақстан, 

Украина, Белоруссия, Молдова 

және Ресей азаматтары бар 

болып шықты-мыс. Сөйтіп, «ТМД 

хакер түлектері» мұхиттың арғы 

жағында банктен қаржы 

жымқырып, үлкен лаң салып 

жібергенге ұқсайды. Дегенмен 

жоғарыда хабарлағанымыздай, 

олардың арасында қазақ-

стандықтардың болғандығы әлі 

де нақтыланады. 

Ал жалпы, ғаламтордағы 

ақпаратқа сенсек, тергеу 

болжамына сәйкес, әлгі 

азаматтар электронды пошта 

арқылы шартарапқа хат таратып, 

оған «Зевс Троян» вирустық 

бағдарламасын бірге тіркеп 

жіберген. Ал әлгі поштаны ашқан 

мезетте пайдаланушының банк-

тік мәліметтерінің барлығы 

хакерлерге де белгілі боп, олар 

сол арқылы өз есепшоттарына 

мыңдаған доллар ақша аударып 

отырған секілді. Осылайша, әр 

жақтан құйылған қаржы кейіннен 

шетелдік студенттердің көмегімен 

ақшаға аударылып, сосын шетел 

асып отырған. 

Бұдан бөлек, ақпарат құрал-

дары таратып жатқан мәлімет-

терге қарағанда, іздеу жария-

ланғандарға ақша жымқырудан 

басқа да айыптар тағылатын 

секілді. Мәселен, Ресей ақпарат 

агенттігінің хабарлауынша, 

хакерлерге ақшаны жымқыру, 

жалған құжаттар, оның ішінде 

паспорт, басқа да құжаттар 

жасау, жеке бастың мәліметтерін 

ұрлау секілді айыптар тағы-

латынға ұқсайды. Әзірше, ақпа-

рат көздерінің таратқан 

хабарларында қамауға алынған-

дардың кінәсі дәлелденсе, олар 

10-нан 30 жылға дейін бас 

бостан дықтарынан  айырылуы 

мүмкін екендігі айтылады. Бұдан 

бөлек, АҚШ соты оларға $250 

мыңнан $1 миллионға дейін 

айыппұл төлетіп, зардап 

шеккендерге келтірілген 

шығынды өндіріп беру туралы 

үкім шығаруы да мүмкін. 

Сонымен бірге, брифинг 

барысында Таиландта қаза бол-

ған қазақстандық туристің 

өліміне қатысты ресми мәлім-

деме жасалды. А.Әбдір ахманов-

тың айтуына қарағанда, Тай 

елінде мерт болған Қазақстан 

азаматына қатысты сол елдің 

құқық қорғау органдары зорлық-

зомбылық әрекеттерін тірке-

меген. «Яғни марқұм Е.Әл-

жановтың қазасы қандай да 

зорлық-зомбылыққа бай-

ланысты деген пікірді тай 

полицейлері негізсіз деп тапты. 

Оның өлімі кездейсоқ оқиға деп 

танылған», деді А.Әбдірахманов. 

Оның айтуынша, қазіргі кезде 

қазақстандық дипломаттар 

мәйітті елге әкелу үшін тиісті 

шараларды жүргізуде. 

Қанат ҚАЗЫ, 

Астана

ДАҚПЫРТ


Қазақстандықтар Американың 

ақшасын ұрлаған ба? 

«Америкалықтардың банк шоттарынан $ 3 

млн ұрлады» деп күдік келтірілгендер арасында 

Қазақстан азаматтарының болғаны туралы 

ақпарат әлі тексеріліп жатыр. Бұл туралы кеше 

СІМ өткен баспасөз мәслихатында ведомствоның 

ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Азат ШӘУЕЕВ, Президент жанындағы мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

– Мәдениет министрлігі әзірлеген 

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-

2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасының жобасы көңіліңізден 

шықты ма? 

– Бұған төтесінен жауап беру дұрыс бола 

қоймас. Себебі бұл бағдарлама – республи-

кадағы тіл жанашырларының белсенді қатысуы-

мен жасалған құжат. Онда сонымен қатар 

шетелдердегі мемлекеттік тілге қатысты озық 

тәжірибе жан-жақты зерттелген. Сондықтан 

аталған бағдарлама, негізінен алғанда, тілдік 

ахуалды жақсартуға көмектесетін құжат деуге 

болады. Осы жерде бір атап айтатын нәрсе, 

жобада мемлекеттік тілді игерудің сатылы 

жүйесін енгізу көзделеді. Меніңше, бұл – 

құптарлық нәрсе. Бір сөзбен айтқанда, тілдер 

бағдарламасы ана тіліміздің абыройын 

асқақтатуды жан-жақты ойластыра отырып 

жасалған деуге негіз бар. 



– Бірақ бұл – әлі бағдарламаның жобасы 

ғана. Осы бағдарламаға қандай ұсыныс-

тарыңыз бар?

– Қордың Бағдарлама жобасына қатысты 

ұсыныстарын толық негіздеп, жазбаша да 

жібердік, бас қосқан жерлерде айтып та жүрміз. 

Біз, әсіресе, мемлекеттік тілге қатысты 

жұмыстардың орындалу тетіктерін мейлінше 

нақтылап көрсетуді, яғни белгіленген іске 

жауапты кім, қандай шаралар, қандай жолмен 

жүргізілмек, нәтижесін қашан көреміз, және ең 

бастысы, сапасы қандай болмақ, – деген 

сауалдар айқындықты талап ететінін баса 

айттық. Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу 

мәселесін енгізіп, бағдарламада қазақ тілінің 

қолданыс аясын кеңейтуде тек мемлекеттік 

органдарға қатысты айтылатын тұстарын 

толықтыру қажеттігін көрсеттік. Мемлекеттік 

тілдің қолданыс аясы тек мемлекеттік қызметпен 

шектелсе, қазақ тілінің өркен жаймасы анық. 

Сондықтан қоғам саласының өзге салаларында, 

өндіріс, қаржы, шетелдік ұйымдар жұмысында 

қазақ тілінің басымдық таныту қажеттігін 

міндеттеу шарт. Қысқасы, осы бағдарламаны 

орындауға баршамыздың жұмыла 

атсалысуымыз елдігімізге сын болмақ. 

Сондықтан өзара өкпе айтып, сын садағын 

безегенше, «өзім не бітірдім» деп ойланып, 

ортақ іске нақты үлес қосқанда ғана туған тілдің 

мәртебесінің асқақ болары айқын.




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал