Содан үйренді. Өсімдік тіршілігін бақылап, оны қалай күтіп өсіруге, егін егіп, мол өнім алуға болатынын



жүктеу 29.82 Kb.

Дата23.02.2017
өлшемі29.82 Kb.

12

содан үйренді. Өсімдік  тіршілігін бақылап, оны қалай 

күтіп өсіруге, егін егіп, мол өнім алуға болатынын  

білді. Жануарларды зерттеп білгеннен кейін, олар-

дан жақсы жүн, мол сүт пен ет алудың жолдарын 

меңгерді. 

Біз табиғат аясында демаламыз, шынығамыз, 

денсаулығымызды нығайтамыз. 

Табиғатты бақылау, зерттеу арқылы адам оны 

пайдалануды, сақтауды және қорғауды үйренді. Сен 

де оның байлығы мен сұлулығын қорға.

1. Сен қоршаған ортаны қалай танып білесің?

2. Табиғат адамға не береді?

3. Жазда қайда демалдың? Табиғаттан не 

байқадың?

4. Күздің келуімен табиғатта қандай өзгерістер 

болды?

5. Табиғат сұлулығы дегенді  қалай түсінесің?



6. Табиғатты не үшін қорғау керек?

13

АДАМ 

Адам – табиғаттың бір бөлігі. Ол өзін қоршаған 

ортаны көру, есту, сезіну арқылы танып біледі.

Құлақ – есту мүшесі

Бізді қоршаған орта алуан түрлі дыбыстарға толы. 

Сен қораздың шақырғанын, иттің үргенін, сиыр-

дың мөңірегенін бірден  ажырата аласың. Көзіңді 



5

16

Заттарды иісі бойынша да ажырата аламыз. 

Жұпар иістер адамға жағымды әсер қалдырады. 

Иіс сезімі жақсы жетілген адам бұзылған тамақтың

зиянды газдардың иісін бірден сезеді. Сөйтіп, қауіпті 

жағдайды дер кезінде байқайды.

Мұрныңды таза ұста. 

Үнемі жаныңда қолорамал болсын. 

Өзің білмейтін өсімдіктерді, сұйық не ұнтақ зат-

тарды иіскеме.

1. Суретке қарап, жағымды иісі бар заттарды ата.

2. Тағы қандай жағымды иістерді білесің?

3. Иісті қалай ажыратасың? 

4. Иіс сезу мүшесінің адам үшін маңызын әңгімеле.

5. Аңшы аң аулауға шыққанда жанына неге ит 

ертеді?


Көз – көру мүшесі

Біз көзбен заттарды көріп, түрін, түсін, пішінін, 

көлемін ажыратамыз. Көзбен заттың қозғалысын 

не бір орында тұрғанын да анықтай аламыз. Көз 

бізге кітап оқуға мүмкіндік береді. 

Көздің көмегімен қоршаған дүниені танып 

білеміз. Көз – көру мүшесі.

7


17

Қабақ пен кірпік көзді өте жарқыраған жарықтан 

және шаңнан сақтайды. Егер көзге қоқым түссе, 

жас арқылы жуылып кетеді. Қас маңдайдан аққан 

терді ұстап, көзге тигізбейді.

Көзіңді сақта! Кітапты жатып оқыма. 

Көзге үшкір заттарды жақындатпа. 


40

Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі

Кірпіні көрген боларсың?  

Оның үсті тікенді, бауыры 

ақ, аяқтары қысқа бола-

ды. Бірақ өте тез жүгі-

реді. Ол жәндіктермен, 

са ң ы р ауқұл а қта рме н, 

жеміс-жидектермен қо-

ректенеді. Жыланды да 

ұстап жейді.

Борсық бунақденелі-

лермен, өсімдіктермен, 

оның тамырларымен, жаң-

ғақтарымен  қоректенеді.  

Борсық қорек талғамай-

ды.


Аю қорек таңдамайды. 

Құмырсқаны, балды, же-

містерді, шөпті  қорек 

етеді.


17

41

Кірпі, аю және борсық қысқы ұйқыға дайында-

лады. Кірпі құрғақ жапырақтарды оңаша жерге 

тасиды. Сол жапырақтардың ішіне жасырынады. 

Борсық жазда және күзде денесіне май жи-

найды. Суық түсісімен ініне кіріп, онда көктемге 

дейін ұйықтайды.

Аю апанына құрғақ  жапырақтар мен  бұтақтар-

ды төсейді. Сонан кейін қысқы ұйқыға кетеді.

Суреттен  саршұнақ  пен  аламанды көріп тұрсың. 

Олар арпа, бидай дәндерін індеріне 

тасып,  қысқа  азық қорын жинайды. 

Қыста індеріне жинаған азықтарын 

жеп жатады.

Мен тиінмін, тиінмін,

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің.

              

  Нұрхан Жанаев



90

та ...» деп ұжымның атынан сөйлейсің. Ал өзіңнің 

жетістіктерің туралы айтқанда «Менің дәптерімде, 

менің күнделігімде ...» деп айтасың. Бұл – дұрыс, 

өйткені сыныпта өзіңнің жеке затыңды – менікі, ал 

бәріңе ортақ затты – біздікі дейсің. 

Сынып ұжымымен Жаңа жыл, Халықаралық 

әйелдер күні, Наурыз, тағы басқа мерекелер-

ге байланысты түрлі іс-шаралар өткізесіңдер. 

Концерт дайындайсыңдар: онда біреулері өлең 

оқиды, біреулері ән айтады, кейбіреулері билейді. 

Ертеңгіліктеріңе ата-аналарыңды шақырасыңдар. 



91

Сендердің өнерлеріңді тамашалау – ата-аналарың 

үшін үлкен қуаныш. 

Сабақта қандай пәндерді оқисыңдар?

Сенің сыныбыңда не бар?

Сыныппен қандай іс-шаралар өткіздіңдер?

Саған бәрінен де қандай іс-шара қатты ұнады?

Оқушының күн тәртібі

Әр адам дені сау және әдемі болуды қалайды. 

Бұл мақсатқа жету үшін күн тәртібін, жеке басының 

тазалығын сақтап, спортпен айналысу керек. Күн 

тәртібін сақтау – бұл оқу, еңбек, тынығу уақытын 

дұрыс бөлу. 

Суретке қарап, Қайраттың күн тәртібі туралы 

әңгімеле.



42

108

109

Шөл даланың кемесі

Бота айналасына маңғаздана қарап тұр. Ол не 

ойнамайды, не жүгірмейді.

– Сен неге бізбен ойнамайсың? – деп сұрады 

бұзау.


– Маған ойнауға болмайды. Мен шөл даланың 

кемесімін.

– Сен қайдағы кемесің? – деп таңғалды 

қозы. – Сен жай ғана түйесің!

– Менің жотамдағы екі өркешімді көріп 

тұрмысың? Менің ата-анамда да осындай өркеш 

бар. Бұл – біздің азық қорымыз. Біз ұзақ уақыт 

су да ішпей, шөп те жемей жүре аламыз. Біздің 



126

лардан қасқыр, түлкі, қоян, киік, құлан, қарақұйрық 

тәрізді аңдар жүреді.

Біздің Отанымыздың жері өте бай және әдемі. 

Оны қорғай білуіміз керек.

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – ана,

Отан – үлкен.

Қазақстан – туған ел.

             

  

Ермек Өтетілеуұлы



1.  Сен қайда тұрасың?

2. Отан туралы өлеңді жаттап ал.

3. Отан деген не? Түсіндір.

4. Суретке қарап, Қазақстан туралы әңгіме 

құрастыр.

5. Сен Қазақстан туралы тағы не білесің?



Астана

Қазақстанның елордасы – Астана қаласы. Аста-

на – әдемі жас қала. Онда кең көшелер, аллеялар 

мен саябақтар бар. Қала Есіл өзенінің екі жағын 

ала орналасқан. Ол күннен-күнге көркейіп келеді. 

59


127

Мұнда үкіметтік мекемелер бар. Олар – Президент 

резиденциясы, Парламент үйі, Үкімет үйі. Қаланы 

мәдени орталықтар ғимараттары көріктендіре 

түседі. Жастар үйі, Спорт сарайы, Балалар мен 

жасөспірімдер үйі, цирк өте әдемі. Қалада институт-

тар, университеттер, балабақшалар мен мектептер 

бар. Астанада ескерткіштер көп. 

Астаналықтар өз қаласын жақсы көреді. Олар 

қаланың тазалығын қадағалайды. Көктемде ағаштар, 

гүлдер отырғызады. Қазақстанның астанасын 

тамашалауға әр елден қонақтар көптеп келеді.






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал