Социальное развитие общества



жүктеу 4.11 Mb.

бет9/48
Дата11.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48

85 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

–  білім»  деп  ұлы  жазушы  Мұхар  Әуезов  айтқандай,  тәуелсіз 

Қазақстанның өсіп-өркендеуі, дүниеде өзіндік орнын алуы оның 

ұлттық білім жүйесінің даму бағытына байланысты айқындал-

мақ [7].

Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасында  білім  берудің 

келесі кезеңдері қалыптасқан:

1.  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

2.  жалпы міндетті орта білім беру. Ол үш саты – бастапқы, 

негізгі, жоғары тұрады;

3.  орта кәсіби білім беру;

4.  жоғары білім беру; 

5.  кәсіби жоғары білім беру.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының ең басты 

қағидаларының  бірі  білім  беру  саласында  барлық  балаларды, 

жасөспірімдерді және жастарды қамту, халыққа жоғары сапалы 

білім беру болып табылады. 

Білім  жүйесінің  ашықтығын  және  көлемін  сипаттайтын 

негізгі көрсеткіштер, бұл – білім беру ұйымдарының желісі мен 

олардың территориялық бөлінуі, білім берудің түрлі деңгейінде 

халықты қамту шамасы. 

Балаларға олардың отбасылық және материалдық жағдай-

ларына, сонымен қатар, тұрғылықты жеріне қарамастан бірдей 

мүмкіндіктерді  жасау  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етудің 

басты  шарты  болып  табылады.  Жоғары  білім  беру  барлық 

білім  берумен  қамту  сатыларының  ең  негізгі  қабаты.  Ол  елдің 

дамуына, қоғамның одан әрі өсуіне тікелей әсер етеді. 

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-

2020 жылдарға арналға Мемлекеттік бағдарламасының жоғары 

және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білімге  қатысты  мақсаты  – 

еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму 

міндеттерін  және  жеке  тұлғаның  қажеттіліктерін  қанағаттан-

дыратын  және  білім  беру  саласындағы  үздік  әлемдік  тәжіри-

белерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол 

жеткізу болса, міндеттері – еліміздің индустриялық-инновация-

лық  даму  жобаларына  сай  келетін  жоғары  және  жоғары  оқу 

орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету, жоғары 

білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету, білімнің, 



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

86 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік 

меншік  пен  технологиялардың  өнімдерін  коммерцияландыру 

үшін жағдай жасау және жоғары білікті ғылыми және ғылыми-

педагог кадрларды даярлау болып табылады [8].

Жоғары білім беруді дамытудағы негізгі бағыттардың бірі 

және ең негізгі міндеті Қазақстандағы білім беру жүйесін әлемдік 

кеңістік жүйесіне сәйкес келтіру болып табылатын халықаралық 

әріптестік  мәселелері.  Білім  беру  саласындағы  халықаралық 

әріптестік Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халық-

аралық  келісім-шарттар,  конвенциялар  негізінде  реттеледі. 

Қазіргі  таңда  білім  саласы  бойынша  келесі  мемлекеттермен 

әріптестік жөніндегі келесімге қол қойылған. Олардың ішінде: 

Германия,  Испания,  Қытай,  Түркия,  Болгария,  Ұлы  Британия, 

Солтүстік Ирландия елдері, сондай-ақ, білім және тілдерді үйрену 

саласындағы Американдық Кеңес, Германия академиялық алма-

су  қызметі,  Францияның  университеттік  бағдарламаларының 

Ұлттық орталығы, «Сорос-Қазақстан» қоры, «Светоч» қоғамы, 

Ресей  Федерациясы,  Египет-Араб  республикасы,  Өзбекстан, 

Қырғызстан,  Украина,  Монғолия,  Әзірбайжан,  Грузия  және 

тағы  да  басқа  мемлекеттері  бар.  Білім  туралы  қазақстандық 

және  аналогиялық  түрдеге  басқа  да  шет  елдік  құжаттардың 

Қазақстан Республикасында мойындау бойынша жүгізілетін іс-

шаралар қажетті болып табылады. Бұған 1977 жылы 11 сәуірде 

қол қойылған, жоғары білімге жататын мамандықты мойындау 

жөніндегі Лиссабон конвециясын 1997 жылы 13 желтоқсанында 

№202–13 ҚР Президенті Жарлығымен ратификациялып бекітіл-

ді. Жоспарлы түрде осы конвенцияға қосылып жатқан мемлекет-

тер  арасымен  де  өзара  келісім  жүргізілді.  Сонымен  қатар, 

Белорусь, Қырғыз Республикаларымен, Ресей Федерациясымен 

өзара  білім  туралы  құжаттың,  ғылыми  атағын  және  дәрежесін 

баламалығын мойындауға Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 

24 қарашасында бекітті. 

2001 жылдан бері Қазақстан Республикасының азаматтары 

әлемнің  35  тен  астам  елінде  оқуда,  әлбетте  білім  және  ғылым 

саласындағы әріптестіктің географиясы кеңейіп келуде. ҚР аза-

маттарын шет елдерде оқыту келесі бағыттар бойынша жүзеге 

асырылады: 



V Конгресс социологов Казахстана 

87 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

- халықаралық білім беру бойынша алмасу;

- шет ел үкіметтерімен халықаралық ұйымдардан бөлінетін 

стипендия бойынша;

- жеке жағдайлармен;

- «Болашақ» халықаралық бағдарламасы негізінен. 

ҚР Білім және ғылым министрлігі ЮНЕСКО, ACTR/ACCELS, 

ПРООН,  Корпус  Мира,  АҚШ  ақпарттық  қызметі  (ЮСИС),

Сорос  Қоры,  халықаралық  зерттеулер  бойынша  Америкалық 

кеңесі (IREX), Қазақстандағы Британ Кеңесі, академиялық алма-

сулар бойынша Германия қызметі (ДАД) Францияның мектептік 

және университеттер бойынша Ұлттық бағдарламасы (CNOUS), 

Франция  елшілігінің  лингвистика  және  педагогика  бойынша 

бюросының  Қазақстандағы  әріптестігі  секілді  халықаралық 

ұйымдардың бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады [6]. 

Отандық білім беру қауымдастығында Болония конвенция-

сының  мақсаттары  белгілі.  Оларға:  дипломдар  мен  біліктілік 

дәрежелерінің  мойындалуы,  қызметкерлер  мен  студенттердің 

мобильділігі,  интеллектуалды  әлеуеттің  шоғырлануы  есебінен 

еуропалық  жоғары  оқу  орындарының  автономиясының  және 

бәсекеге  қабілеттіліктерінің  өсуі.  Болондық  құжаттарда  көрсе-

тілген мақсаттарға жетудің қағидалары мен әдістері көрсетілген. 

Бұл: академиялық деңгейдің екі сатысын ендіру, аккредитация-

ның адекватты тәртіптерін жасау, оқытудың кредиттік техноло-

гиясын енгізу және т.т. Аталған шаралардың барлығы білім беру-

дің біртұтас еуропалық кеңістігін қалыптастыруға бағытталған. 

Сонымен  қатар,  ол  әлемде  қалыптасқан  жүйелердің  ең  тиімді 

түріне  айналуын  көздейді.  Еуропалық  білім  алу  өмір  бақи 

үздіксіз білім алудың, тұлғаның дамуының сенімді негізі болуы 

керек  және  де  халықаралық  еңбек  нарығында  бәсекелестікке 

қабілеттіліктің кепілі болуы тиіс [9].

Жоғары білім берудің қазіргі таңдағы басты мақсаты үнемі 

өз  бетімен  білім  алуға  талпынатын,  ізденгіштілік  қабілеті  бар 

жоғары  білікті  маман  даярлау.  Американдық  педагог  Филипп 

Шлехти «бізге өз бетімен оқи алатын адамдар қажет» деп айтқан 

болатын [10]. 

Отандық  білім  беру  жүйесі  даму  жолында  кездескен  тос-

қауылдарға  қарамастан  өзінің  беделі  мен  сұранысын  жоғалт-



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

88 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

қан  жоқ.  Көптеген  ғалымдардың  бастамаларымен  жүргізілген 

зерттеудің қорытындылары, тіпті статистикалық мәліметтерден 

де  көріп  отырғанымыздай,  Қазақстанда  жоғары  білім  алушы-

лардың  сұранысы  жыл  өткен  сайын  ұлғайып  келеді,  жоғары 

оқу орындары саны мен білім алушы студенттер контингенті де 

қарқынды түрде өсуде. 

Өсіп  келе  жатқан  ақпараттық  ағындар  мен  индустриалды 

қоғамдағы  жоғары  технологиялық  өндірістің  таралуы,  танымы 

кең және білімі жоғары деңгейлі, бір қызмет түрінен екіншісіне 

бірден ауыса алатын, коммуникативті қабілеті бар мамандарды 

қажет етеді. Мұндай қоғам еңбектің мазмұнын өзгертеді. Білік-

тілігі бар қызметкердің жаңа типі – «технологиялық бағытталған 

қызметкер»  қалыптасты.  Осы  шарттарға  сәйкес  білім  берудің 

жаңа  құндылықты  парадигмалары  пайда  болды.  «Білім  беруді 

ұстап  тұратын»  парадигманың  орнын,  «инновациялық  білім» 

деп  аталған  парадигма  ауыстырды.  Оның  басты  құндылық-

тары: адамның шығармашылық потенциалын дамыту, тұлғаның 

бостандығы,  жаңашыл  ойларға  толерантты  қарым-қатынас, 

адамгершілікпен негізделген жауапкершілік. 

Бұл тенденциялар жоғары білімге қатысты бірқатар құжат-

тарда  көрініс  тапты,  онда  қазіргі  таңдағы  білім  беру  жүйесі 

қызметтерінің  құндылықтары  қайта  қаралған.  Бұл  құжаттарда 

барлық  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  қоғам,  мемлекет, 

тұлға  мүдделеріне  сай  жүргізіліп  жатқандығы  баса  айтылады. 

Сонымен  қатар,  мұнда  қазақстандық  білім  берудің  басты 

идеясы,  «үздіксіз  білім  беру»  болып  табылады,  ал  басымдық 

міндеттеріне  фундаменталды  білімді  игерген,  бастамашыл, 

үнемі  өзгеріс  үстіндегі  еңбек  нарығы  мен  технологиялардың 

талаптарына  тез  бейімделгіш,  топта  жұмыс  істей  алатын  жаңа 

формациядағы мамандарды әзірлеу деп көрсетілген. Бұл жоғары 

білім беретін ошақтардың басты міндеттері – жоғары интеллект 

жоғары  адамгершілікпен  біте  қайнасқан  жаңа  формациядағы 

мамандарды дайындау. 



Әдебиеттер

Әбжанов Х. Білімнің астарында да «бүлік» болады // Айқара. – 

2008. – № 5 (05). – 4 б. 


V Конгресс социологов Казахстана 

89 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

2  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә  Назарбаевтың 

«Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан 

халқына Жолдауы. – 2014.

3  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 

«Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 

бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы. – 2012. 

4  Зиятдинова Ф.Г. Российская образовательная политика в свете 

зарубежного  опыта  //  Социологическое  исследования.  –  2006.  –  №  5 

(265). – С. 51–58. 

5  Дюьи  Дж.  Демократия  и  образование  /  Пер.  С  англ.  М: 

Педагогика-пресс, 2000. – 26 июня. – С. 96.

6  Национальный  доклад  о  состоянии  и  развитии  образования. 

Министерство образования и науки Республики Казахстан. – Астана, 

2009.

7  Балтабекова  М.Н.  Сапалы  білім  бәсекеге  қабілеттілік  негізі 



//  Социум  «Конституционная  реформа  –  основа  демократического 

развития Казахстана». – 2007. – № 2 (17). – 84 б. 

8  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–

2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010. 

9  Сазонова  З.  Болонский  процесс:  позиция  российского 

преподавателя // Высшее образование в России. – №3. – 2004. – С. 31.

10

 Емельянова  Е.В.  Социальные  и  методические  проблемы 

иноязычного образования в высшей школе // Социум «Конституционная 

реформа – основа демократического развития Казахстана». – 2007. – № 

2 (17). – 125с. 



Түйін

Мақалада Қазақстандағы жоғары білім саласындағы мемлекеттік 

саясаттың  негізгі  бағыттары,  білім  саясатын  жүзеге  асыру  жолдары 

талданған  және  білім  саласындағы  бағдарламалар  мен  құжаттар 

қарастырылған.

Резюме

В статье анализируются основные направления государственной 

политики в области высшего образования, пути реализации образова-

тельной политики и рассматриваются основные документы в области 

образования. 

Summary

The paper makes the analysis of the main directions of state policy 

in  the  field  of  higher  education,  the  realization of  educational policy and 

examines the main documents in the field of education.



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

90 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

ТОП-МЕНЕДЖЕРЛЕР ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІБИ 

ТОП РЕТІНДЕ

Т.Б. Тауекелова,

С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина 

университетінің оқытушысы

Қоғамның  нарықтық  қатынастарға  көшуі  мен  модерниза-

циялануы,  жаңа  типті  бизнестің  пайда  болуы,  бәсекелес  пен 

меншік  формаларының  өзгеруі,  жаңа  типті  басқарушы  маман-

дарды  дайындау  және  олардың  жаңаша  ойлау  қабілеттерін 

қалыптастыру  қажеттілігін  тудырып  отырғандығы  белгілі. 

Бірінші кезекте, бұл үрдістер басқарушы жетекшілердің кәсіби, 

мотивациялық-құндылықтық салаларына ықпалын тигізуде. Осы 

үрдіс  құрылымындағы  басқарушы  менеджерлердің  әлеуметтік-

кәсіби  тобын  қалыптастыру  мен  олардың  әлеуметтік  құнды-

лықтарын  қалыптастыру,  құндылықтық  бағдарларының  ролі 

мен ерекшеліктерін, сонымен қатар, ұйымдастырушылық өзара 

әрекет жүйесіндегі басқарушылық шешімдерді қабылдау үрдісін 

әлеуметтанулық зерттеудің маңыздылығы артып отыр. 

Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның, оның тұрақтылығы 

мен дамуының кепілі болып табылатын орта тап деп түсінетін 

болсақ,  оны  белгілі  бір  дәрежеде  толықтыратын  басқарушы 

менеджерлер  мен  кәсіпкерлер.  Бірақ,  көптеген  факторлар 

қазіргі  заманғы  басшылардың  әлеуметтік  құндылықтарының 

қалыптасуына,  қазіргі  заманның  стандартына  сәйкес  болуына 

мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан да осы басқарушы субъекті-

лердің әлеуметтік тобын және әлеуметтік-адамгершілік құнды-

лықтарын  қалыптастыру  мен  жандандыру  теоретикалық  және 

тәжірибелік аспектіде өзекті болып табылады. 

Адамдардың топқа бірігуінің кез келгені әлеуметтік топты 

құрай  бермейтіні  белгілі.  Әлеуметтік  топтардың  өзгешелігі: 

олардың  кеңістікте  және  уақытта  өмір  сүруінің  беріктілігі 

мен  тұрақтылығына  жағдай  туғызатын  іс-әрекетімен,  жоғары 

топтану дәрежесімен, құрамының біртектілігімен, топқа кіретін 

жеке  адамдарға  тән  белгілердің  болуымен  сипатталатыны 

анық.  Топтардың  қалыптасуы  ынтымақтастыққа,  ол  адамға 


V Конгресс социологов Казахстана 

91 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

артықшылықтар  мен  өмір  сүруді,  өзінің  көзқарастарының 

болуына, өзін-өзі жетілдіру мен өзінің қажеттіліктерін қанағат-

тандыруға ұмтылдырады. Өзін-өзі өзектілендіруге деген қажет-

тілік  кәсіби  топтардың  қалыптасуына  алып  келеді.  Біз  қарас-

тырып  отырған  топ-менеджерлер  тобы  өзінің  адамдар  саны 

бойынша  үлкен  әлеуметтік  топқа  жатады  деп  айта  аламыз,  ал 

адамдар санының көбеюі, олардың арасындағы байланыс дамы-

ған сайын формальды байланысқа, бақылау жүйесіне, коммуни-

кация  құралдарының  жиынтығына,  ішкі  беріктілікті  қолдап 

тұруға және индивидтердің ұмтылысына алып келетіні белгілі.

Қазақстан  қоғамының  модернизациялануы  мен  нарықты 

экономикаға  өтуінің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  оның 

болашағы  мен  даму  перспективасы  топ-менеджерлердің 

әлеуметтік-кәсіби  топтарының  дамуы  жетістігіне  тәуелді  деп 

айта  аламыз.  Басқарушылардың  жаңа  әлеуметтік  позициясы 

«менеджерлер революциясы» деген атпен белгілі, өткен ғасырдың 

50-60-жылдардың  аяғында  дамыған  батыс  елдерінде  басталған 

болатын.  Осы  тенденцияны  американдық  социолог  Джеймс 

Бёрнем 1941 жылы жарық көрген өзінің «Революция менеджеров» 

атты  кітабында  айтты.  «Ол  ХХ  ғасырда  экономиканы  басқару 

капиталистердің қолынан  қадымнан қадымға ауысып кете бас-

тайды,  олар  басқаратын  таптың  мәртебесін  жоғалта  бастайды. 

Капитализмнің  алғашқы  сатысында  типтік  буржуа  біруақытта 

басқарушы  да  болады.  Акционерлік  капиталдың  пайда  болуы 

мен  кеңінен  таралуы  менеджерлердің  қолына  көше  бастайды, 

кім бақылайды, сол меншікті иеленеді. Капиталистер табы бір-

тіндеп  әкімшілік  стратаға  ауыса  бастайды,  олардың  мүдделері 

меншікті  иеленушілер  мүддесіне  қарама-қайшы  болды.  Кәсіби 

басқарушылық  қызметінің  пайда  болу  фонында  жалдамалы 

менеджердің билік өкілеттілігі кеңейе бастайды», – деген [1].

Осындай  үлгіде,  менеджерлер  бірте-бірте  биліктің  үлкен 

ресурстарын иеленді, яғни, олардың әлеуметтік және әкімшілік 

капиталдары тездетіп көбейді. Сонымен қатар, олардың эконо-

микалық,  символикалық  және  адамдық  капиталдары  да  ұлғая 

бастады. Басқарушыларды жаңа орта таптың құрамындағы ерек-

ше  әлеуметтік-кәсіби  топ  ретінде  қарастыра  бастадық,  себебі, 

олар билік өкілеттілігі, біліктілік дипломдары, кәсіби білімдері 

мен дағдыларды иеленгендер.


Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

92 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

Қазіргі  заман  жағдайында  бақылау  қызметін  бөлу  жалда-

малы  менеджерлердің  қолына  біртіндеп  өтуде.  Менеджердің 

кілттік белгісі жұмысшы күшіне билігі, фирма көлеміндегі еңбек

факторларын  басқаруында  болып  отыр.  Биліктің  бұл  аспектісі 

топ-менеджердің әлеуметтік позициясын сипаттайды. Менеджер-

лерді  әлеуметтік-кәсіби  топ  сапасында  зерттеу  бекерден-бекер

таңдап алынған жоқ. Осы жылдар ішінде біздің басшы жетекші-

лер басқарудың үлкен тәжірибесін жинақтады. Саяси және эконо-

микалық  тұрақтылықтың  өсуі  жылдарындағы  басты  міндет 

–  ереже  бойынша  эффективті  жұмыс  істеуді  үйрену  болатын. 

Қазіргі  уақытта  менеджерлердің  жоғары  профессионализміне 

деген сұраныс күннен-күнге артып отыр. 

Қазақстанның  басқаруының  жаңа  кезеңі  жаңа  тәжірибені, 

жаңа білім мен идеяны талап етуде. Жетекшілердің эффективті 

қызметіне,  олардың  кәсіби-біліктілік  әлеуетіне,  атап  айтқанда, 

біздің  қоғамның  экономикалық-саяси  және  әлеуметтік  дамуы 

тәуелді деп айтуға болады. Отандық менеджерлерді әлеуметтік-

кәсіби топ ретінде кешенді зерттеу қоғамның еңбек әлеуеті мен 

эффективті  әлеуметтік  саясатты  өңдеуде  аса  маңызды  фактор 

болып табылатыны анық. 

Батыс  зерттеушілері  мен  ғалымдары  менеджерлерді  жаңа

орта таптың құрамындағы әлеуметтік-кәсіби топ ретінде қарас-

тырған.  Менеджерлердің  жаңа  әлеуметтік-кәсіби  топ  ретінде 

қалыптасу ерекшеліктері мен мәселесі орта таптың трансформа-

циялануы  контексінде  ғылыми  зерттеудің  пәні  реті  шетелдік 

социологтардың  Н.  Аберкромби,  Дж.  Бёрнем,  Э.  Гидденс, 

Дж. Голдторп, Я. Маршак, Ч. Миллс, У. Мюллер, Э. Райт, Л. Уорнер-

дің еңбектерінде қарастырылған болатын. 

Ал, М. Вебердің еңбегінде меншік иелерін «позитивті приви-

легированды  тап»  деп  атаған.  Ал  екінші  полюсте  пролетариат, 

«негативті привлегированды тап», не меншіктері, не біліктілігі 

жоқ,  яғни  нарыққа  ұсынатын  ештеңелері  жоқ  деп  атаған.  Осы

екі полюстің арасында біртұтас спектр «орта тап» болып табы-

латын ұсақ меншік иелері мен нарықта өздерінің дағдылары мен

білімдерін ұсына алатын адамдар бар. Атап айтқанда, орта тап-

қа жататын үлкен емес меншікті және білімнің жоғары емес дең-

гейді иеленген; ешқандай меншігі жоқ, бірақ жоғары біліктілікті 

иеленген және жоғары жалақы алу мүмкіндігі бар (интеллиген-


V Конгресс социологов Казахстана 

93 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

ция, мамандар, инженерлер, «ақ жағалылар», азаматтық қызмет-

керлер). «Менеджер» ұғымы М. Веберде айтылмайды. «Шаруа-

шылық  және  қоғам»  еңбегінде  «азаматтық  чиновник»  немесе 

«азаматтық қызметкер» туралы еске алған, яғни анағұрлым таби-

ғилықты рациональды бюрократия теориясын жасаушыдан кез-

дестіруге болады, бірақ чиновник туралы емес, сөз жеке сектор-

мен  айналысатын  «жеке  чиновник»  (private  officials)  туралы 

болып отырғандығы белгілі [2]. 

М. Вебердің стратификациялық теориясы Т. Парсонсқа да 

үлкен ықпал етті, ол құрылымдық-функциональды анализ теория-

сының  негізін  қалады.  Т.  Парсонс  стратификация  критерииі 

санын тегі, тұлғалық сапалар, жетістік, иелену, авторитет және

билік деп қарастырған. Әлеуметтік жүйе функциясының жалпы

принциптерін анағұрлым кең қарастырған, сондықтанда орта тап

немесе менеджерлер оның еңбегінде орын алмайды. Оның пікі-

рінше, жоғары менеджерлер жоғары тапқа жатады деп санайды.

Оны  қызықтыратын  басқа  жағдай  болды,  ХХ  ғасырда  индус-

триальды  қоғамда  әлеуметтік  стратификацияда  аскриптивтіден 

неаскриптивті  жүйеге  өтеді,  индивидтің  жеке  жетістіктеріне 

негізделген  дейді  және  қазіргі  қоғамның  «басқарушы  таптар» 

адамзат  тарихында  анағұрлым  интенсивті  еңбекші  топ  болады 

деп  атаған.  «Менеджерлік  жұмыстың  кәсібилігі  және  оның 

жалдамалы еңбектің жүйеге енуі, білім деңгейіне деген талапты, 

орындалған жұмыстың сапасы мен біліктілігін жоғарлатады», – 

деген болатын [3].

Американдық социолог Л. Уорнердің теориясы да кеңінен 

таралып  және  осы  күнге  дейін  қолданылады.  Бұл  жіктеудегі 

менеджерлер  әлеуметтік  топқа  жатады,  бірнеше  әлеуметтік 

қабаттарға бөлінген – топ менеджмент – төменнен жоғары тапқа, 

орта  және  төменгі  менеджмент  –  жоғары  және  төменгі  орта 

тапқа сәйкес келеді деп қарастырған болатын. Дамыған елдердің 

әлеуметтік  кәсіби  құрылымында  постиндустриальды  экономи-

када  М.  Альброудың,  Д.  Беллдің,  П.  Друкердің,  М.  Кастельс-

тің, Э. Тоффлердің, ақпараттық қоғамның жағдайында менедж-

менттің  дамуының  жаңа  бағытында  да  жаңа  зерттеулер  пайда 

болды. 

Инновация өндірістің негізгі қайнар көзі, білім мен ақпарат



жаңа өндірістік үрдістің басты материалдары, ал жоғары білім

Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

94 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

еңбек сапасының кілттік факторы болып табылып отыр. Ақпа-

раттық  қоғамда  жаңа  өндірушілердің  мәні  білімді  қалаушылар 

мен ақпаратты өңдеушілер болып келеді, кімнің үлесі анағұрлым 

фирма, регион, ұлттық экономика үшін құнды үлес болып табы-

лады  десек,  бұл  категорияға  ақпараттық  өндірушілердің  үлкен 

тобы  менеджерлер,  профессионалдар  мен  техниктер  жатады. 

Қазіргі заманғы ірі социологтардың бірі М. Кастельстің ұйғары-

мы бойынша, дамыған елдерде менеджерлер тобы еңбекпен айна-

лысатын халықтың үштен бір бөлігін құрайды [4]. Оның пікірі-

мен  келісетін  болсақ,  қоғамның  жаңа  буыны  үшін,  уақыттың 

талабын ұғына алмаған және үнемі өзінің біліктілігін модерни-

зациялай алмаған адамдар бәсекелес күрестен түсе бастайды деп 

түсіндіреді. 

Батыс зерттеушілерінің детальды талдауы менеджерлердің 

сипаты мен олардың кілттік белгілері жаңа әлеуметтік топ екендік-

терін анықтауға мүмкіндік береді дейді. Батыс концецияларына 

сәйкес менеджерлер – халықтың экономикалық белсенді тобынан 

басқа  топтарынан  әкімшілік  және  адамдық  жоғары  деңгейлі 

капиталмен  ерекшеленетін  және  инновациялық  мінез-құлыққа 

бағытталған,  басқару  еңбегіндегі  жалдамалы  жұмысшылардың 

басымдық  тобы.  Менеджерлер  жаңа  орта  таптың  өкілі  немесе 

әлеуметтік-кәсіби топ ретінде әкімшілік және адамдық капитал-

дарды иеленумен сипатталады. Олардың әлеуметтік мәртебелері 

объективті сипат және субъективті баға бойынша жоғары болып 

табылатындығы  белгілі.  Нарықтық  жағдай,  еңбек  қызметінің 

сипаты  мен  менеджерлердің  өмірлік  мүмкіндіктері  басқа  топ-

тарға қатынасы бойынша тұрақтылық жағдайымен, еңбек үрдісі-

нің автономдылығы мен мазмұнымен, еңбек нарығындағы тұрақ-

тылық позициясының салыстырмалылығымен, карьералық мобиль-

ділік перспективасымен, материалдық жағдайымен тұрақты ар-

тықшылықтарды  иелененіп  отыр.  Менеджментте  алатын  пози-

циясы оның жинақтаған тәжірибе қорытындысы мен үлкен дәре-

жедегі  нормативті  білім  біліктілігімен  байланысты  екендігімен 

дәлелденуде.

Қазақстанда топ-менеджерді әлеуметтік-кәсіби топ ретінде, 

олардың  модернизациялану  үрдісіндегі  кәсіби  қызметтері  мен

әлеуметтік құндылықтары туралы қарастырылған арнайы зерт-

теулер  өте  мардымсыз.  Сондықтан  да  бүгінгі  күнде  оларды 


V Конгресс социологов Казахстана 



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал