Социальное развитие общества



жүктеу 4.11 Mb.

бет5/48
Дата11.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

41 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

дар көмегімен жүзеге асырылады. Сипаттамалық зерттеу, көбі-

несе,  талдау  нысаны  әртүрлі  сипаттамалармен  ерекшеленетін 

үлкен қауымдар болған кезде қолданылады. Бұл жағдайда зертте-

лінбек сипаттамаларды салыстыруға, ол сипаттамалардың өзара 

байланыстар орнатқанын, не орнатпағанын айқындауға болады.

Талдамалық  зерттеудің  мақсаты  –  зерттеліп  жатқан  құбы-

лыстың құрамдас бөліктерін сипаттау ғана емес, сонымен бірге 

оның негізінде жататын және сипаты мен ерекшелігіне себепші 

болатын құбылыстарды анықтау. Бұл әлеуметтанулық талдаудың 

ең күрделенген түрі. Сондықтан тиянақты жасалған даярлықты, 

бағдарламаны  және  зерттеу  құралдарын  қажет  етеді.  Талдама-

лық  зерттеуде  қолданатын  әлеуметтік  мағлұматтарды  жинау 

тәсілі кешенді сипатқа ие, бұл жерде бір – бірін толықтыратын 

сұрау  салу,  құжаттарды  талдау,  бақылаудың  әртүрлі  үлгілері 

қолданылуы мүмкін [3].

Қазіргі кезеңде жастар тәрбиесін әлеуметтік тұрғыдан зерт-

теуге  көп  көңіл  аударылуда.  Осыған  байланысты  білім  беру 

әлеуметтануы білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде қарас-

тыра  отырып,  оның  қоғаммен  өзара  әрекеттестігін  зерттейтін 

ғылым саласы болып табылады. Сонымен қатар бұл сала білім 

жүйесінің  әлеуметтік  институт  ретінде  қоғаммен  және  оның 

негізгі элементтерімен өзара әрекеттесулерін зерттейді. Қазіргі 

таңда білім әлеуметтік жүйедегі жастардың бойына моральдық 

құндылықтар  мен  нормаларды  қалыптастыруда.  Бүгінгі  білім 

берудің  мақсаты  –  адам  ресурстарын  дайындаудың  сапасын 

көтеруді  қамтамасыз  ететін  көп  сатылы  білім  берудің  ұлттық 

жүйесін  жетілдіру.  Осыған  байланысты  білім  беру  ұйымдары-

ның мамандарына төмендегідей талаптар қойылады:

- жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау;

- дүние жүзілік білім кеңістігімен байланыста болу;

-  техникалық  және  кәсіптік  білім  беруде  мемлекеттік 

жалпыға білім беру стандарттары мен бағдарламалардың талап-

тарын жүзеге асыру;

-  оқытуда  ақпараттық  технологияларды  пайдалану,  оқу-

әдістемелік және ғылыми – жаңалықтарды енгізу;

- өндірістік тәжірибелерді талапқа сай сапалы ұйымдастыру 

жүктеледі.



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

42 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

ХХI ғасыр талабына сай мамандар даярлау үшін білім беру 

жүйесінің алдында қиын жағдайларда өзінше шешім қабылдап, 

жұмыс істей алатын жан – жақты дамыған, тәуелсіз жеке тұлғаны 

қалыптастыру  міндеті  тұр.  Әлемдік  жаһандану  үрдісі,  ақпарат 

ағымының өсуі, ғылым мен техникалық прогрестің дамуы бүкіл 

білім жүйесінің алдына жаңа міндеттерді қойып отыр. Қазір білім 

мазмұнын жаңарту, оқулықтар, бағдарламалар мен стандарттарды 

жасау-  білім  беру  орындарының  негізгі  міндеттерінің  біріне 

айналды.  Болашақ  мамандардың  жеке  басын  жан  –  жақты  әрі 

үйлесімді  қалыптастыру,  ұлттық  рухани  байлықтарымызды 

негізге ала отырып, олардың бойында биік мақсат – мұраттардың, 

дүниеге  көзқарас  пен  танымдық  ізденімпаздық  тұрғыдан 

ойлаудың,  азаматтық  кемелділік  пен  қоғамдық  белсенділіктің, 

жоғары адамгершілік пен имандылықтың қалыптасуына қажетті 

адамдық қадыр – қасиеттердің сіңірілуі білімнің және тәрбиенің 

ең негізгі, әрі мазмұндық түйіні. 

Әдебиеттер:

 

1. Әлемдік әлеуметтану антологиясы. Мәдени мұра. Қазақстан. –



Алматы, 2009. 3 том. – 249–250, 253.

2. Әлемдік әлеуметтану антологиясы. Мәдени мұра. Қазақстан. –

Алматы, 2009. 2 том. – 441–448.

3. Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы. – Алматы, 2003. 159–160 бб. 



Түйін

Мақалада  қоғамның  жаңа  сатыға  көтерілуіндегі  әлеуметтік 

танымның  қосатын  үлесі  және  соған  қатысты  теориялар  туралы 

айтылған.



Резюме

В  данной  статье  рассматриваются  вклад  и  основные  теории 

социального познания в развитии общества.

Summary

In this article the contribution and the main theories of social knowledge 

of society development is considered.


V Конгресс социологов Казахстана 

43 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

КЕДЕЙШІЛІК ӘЛЕУМЕТТІК ФЕНОМЕН РЕТІНДЕ

Н.И. Ляпбаева, 

әлеуметтану ғылымдарының кандидаты,

 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық \

университетінің аға оқытушысы 

Соңғы  жылдарда  біздің  елімізде  жүргізілген  әлеуметтік-

экономикалық  реформалар  қоғамның  әлеуметтік  құрылымына 

едәуір  өзгерістер  алып  келді.  Әлеуметтік  жіктелу  қарқынды 

жүріп,  азаматтардың  өте  ауқатты  және  аса  кедей  топтары 

пайда  бола  бастады.  Нарықтық  экономикаға  өте  бастаған 

тұста  халықтың  көп  бөлігі  мемлекеттің  тарапынан  болатын 

әлеуметтік қолдаудан айрылды, сөйтіп, нарықтық экономиканың 

тұрақсыздығы  жағдайында  өмірге  бейімделуге  мәжбүр  болды. 

Осындай жағдайларда кедей адамдардың санының артуы болмай 

қалмайтын  үрдіс  еді.  Алайда,  кедейшіліктің  үлес  салмағының 

артуы  қоғамның  табысты  дамуына  әлеуметтік  тұрғыдан  қауіп 

төндіретін  факторлардың  бірі.  Ол  азаматтық  қоғам  және 

әлеуметтік  мемлекет  қалыптастыруды  тежейді,  барлық  деңгей-

лерде  мемлекеттік  саясаттың  жүзеге  асырылуына  кедергі 

келтіреді. Кедейшілік қазіргі заманғы қоғамның барынша өткір 

проблемаларының бірі. Кедейшілік туудың азаюына және өлім-

жітімнің артуына, халықтың деградациясы мен депопуляциясына, 

отбасының шиеленісі мен бұзылуына, халықтың денсаулығының 

төмендеуіне,  соның  ішінде  психикалық  аурулардың  көбеюіне 

және  өмір  сүру  ұзақтығының  кемуіне  үлкен  ықпалын  тигізеді. 

Кедейшілік адамдар арасындағы қарым-қатынастардың дегума-

низациялануына,  қылмыс  пен  лаңкестіктің  артуына  да  алып 

келеді. Сондықтан, кедейшілік әлеуметтік құбылыс және фено-

мен ретінде ерекше назар аударуды қажет ететін мәселе.

Кедейшілік  бүкіләлемдік  әлеуметтік  проблема,  жаһандық 

сипатқа  ие  болып  отырған  құбылыс.  Жер  шарындағы  7  млрд.-

қа  жуық  адамның  20%-дайы  күніне  1доллардан  аз  қаржыға 

өмір  сүретіндігі  анықталып  отыр.  Олардың  саны  жыл  сайын 

бірнеше миллион адамға көбеюде. Бұл әрбір төртінші баланың 



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

44 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

қарны  тойып  тамақ  ішпейді  деген  сөз.  Дүниежүзі  бойынша 

кедейшілік шегінде өмір сүріп жатқандардың үштен екісі Азия 

халықтарының үлесіне тиеді екен. Қазіргі кезде кедейшілікпен 

күрес  шараларын  Бүкіләлемдік  Даму  банкі,  БҰҰ  және  т.  б. 

халықаралық ұйымдар жүргізіп келеді. 

Кедейшілік – бұл индивидтің немесе топтың өзіне қажетті

игіліктердің  құнын  төлей  алмайтындығын  көрсететін,  оның 

экономикалық жағдайының сипаттамасы [1]. Кедейлер экономи-

калық  дербес  категориялар  болып  табылмайды.  Өйткені  олар 

отбасын  материалдық  тұрғыдан  қамтамасыз  етуге  қабілетсіз, 

сондықтан олар үнемі мемлекеттің көмегіне жүгінеді. Кедейшілік 

таптық және гендерлік қатынастардың көрсеткіші бола отырып, 

индустриалдық  қоғамда  мемлекеттердің  арасындағы  тең  емес 

экономикалық  қарым-қатынастардың  да  индикаторы  ретінде 

қарастырылады. Халықаралық өлшем бойынша адам басына шақ-

қанда күндік табысы 2 доллардан (айына 60 доллардан төмен) 

төмен  адамдар  қайыршылардың  қатарына,  ал  табысы  күніне  2 

доллардан  басталатын  бірақ  4  доллардан  (айына  120  доллар) 

төмен  табыс  табатындар  кедейлер,  ал  байлардың  қатарына 

барынша  жоғары  деңгейдегі  қаржыға  иелік  ететіндер  жатады. 

Яғни, адамның иелік ететін нәрсесінің бәрі көп жағдайда оның 

табатын табысымен байланысты. 

Қоғамдағы  адамдардың  ауқатты  немесе  әл-ауқаты  төмен 

деңгейде болуы олардың арасындағы әлеуметтік теңсіздікті көр-

сетеді. Теңсіздік, кедейшілік және ауқатты өмір сүру, ең алдымен 

стратификациялық процестермен, әлеуметтік жіктелумен байла-

нысты. Теңсіздік қоғамдағы тапшы ресурстардың – ақша, билік,

білім мен атақ-абыройдың қоғамның түрлі топтары мен жіктері 

арасында  біркелкі  бөлінбеуінен  барып  орын  алады.  Егер  де, 

теңсіздік  тұтас  алғанда  бүкіл  қоғамды  сипаттайтын  болса, 

ал  кедейшілік  халықтың  тек  белгілі  бір  бөліктеріне  қатысты 

болады. Кім кедей және оның себептері қандай деген сұрақтарға 

талдау жасай отырып, кедейшілікті зерттеу кез келген әлеуметтік 

теңсіздік туралы зерттеулерде негізгі орынды иемденеді. 

Кедейшіліктің  қоғамдағы  алатын  орны  мен  себептерін 

18-ғасырдан  бастап  20-ғасырдың  орта  кезеңіне  дейін  А.  Смит,

Т. Мальтус, Д. Рикардо, Г. Спенсер, К. Маркс, Ч. Бут және т. б.



V Конгресс социологов Казахстана 

45 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

көптеген  шетелдік  ғалымдар  зерттеген.  Ал,  қазіргі  заманғы 

кедейшілік проблемаларын зерттеушілер Ф. Хайек, П. Таунсенд

және  басқалары  болды.  Кедейшілікпен  байланысты  проблема-

ларды  зерттеуге  экономистер  де,  әлеуметтанушылар  да  елеулі 

үлес қосты. Олардың басым бөлігі кедейшілікті қоғамда болатын 

заңды  құбылыс  ретінде  ретінде  қарастырды.  Әлеуметтану 

ғылымында  кедейшілік  әлеуметтік  құбылыс  және  әлеуметтік 

үдеріс  ретінде  қарастырылады.  Әлеуметтану  кедейшілікті 

ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін  өмірдің  ерекше  образы  және  стилі 

ретінде, мінез-құлықтың нормалары, психология мен түйсінудің 

стереотиптері ретінде зерттейді. 

Соңғы  жылдары  кедейшіліктің  баламалы  теориялары 

жасалды. Бұл, өз кезегінде кедейшілікпен күрес жөніндегі әлеу-

меттік  саясаттың  қалыптасуына  ықпалын  тигізді.  Кедейшілік 

феномені ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап қазіргі заманғы 

отандық әлеуметтанудың зерттеу пәніне айнала бастады. Соның 

ішінде, әлеуметтанушылар М.С. Әженовтың, К.Ү. Биекеновтің, 

М.С.  Садырованың  және  т.  б.  еңбектерінде  осы  мәселе  қарас-

тырылып келеді.

Кедейшілікті  қанша  заңды  құбылыс  ретінде  қарастырған-

мен,  оның  деңгейінің  арта  түсуі  қоғамның  әлеуметтік  өміріне 

кері  әсерін  тигізеді.  Ол  қоғамның  әлеуметтік  құрылымының 

бұзылуына  алып  келеді.  Қазақстандағы  кедейшіліктің  деңгейі 

жөнінде әр түрлі мәліметтер беріліп жүр. Бір деректерде оның 

үлес  салмағы  70  пайыз  деп  берілсе,  қайсыбір  деректерде  50-

60  пайыз  деп  беріліп  жүр.  Кедейшілік  қоғамның  алуан  түрлі 

топтары  мен  жіктерін  қамтиды.  Олардың  ішінде  обасылы 

адамдар  мен  жалғызбастылар,  жастар  мен  ересектер,  қарттар 

мен  зейнеткерлер,  жұмыссыздар  мен  мүгедектер  және  т.  б. 

бар.  Кедейшілік  тек  азық-түлік,  баспана,  киім-кешекке  деген 

қажеттіліктерді қанағаттандыруға табыс деңгейінің жетпеуі ғана 

емес, сондай-ақ осы адамдарда ұзақ ғұмыр кешуге, білім алуға, 

өзінің  әлеуметтік-мәдени  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға 

деген  мүмкіндіктерінің  және  қаржыларының  болмауы.  Қазіргі 

заманғы  қоғамдағы  кедейшілік  табыстың  жеткіліксіздігін  ғана 

білдіріп қоймайды, сонымен қатар, кедейлердің өз үнін естірту 

мүмкіндіктерінің  болмауын,  олардың  қоғамдағы  асыра  сілтеу 



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

46 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

мен қылмыс, сыбайлас жемқорлық алдындағы дәрменсіздігін де 

білдіреді.  Әлемнің  көптеген  елдерінде  мемлекеттік  саясат  тек 

экономикалық  өркендеуге  ғана  емес,  сонымен  бірге  әл-ауқаты, 

тұрмысы  төмен  адамдарды  әлеуметтік  қорғауға  да  бағыттылап 

отыр.  Қазіргі  кезде  біздің  елімізде  халықтың  кедейлер  тобына 

жататындығын  анықтайтын  нақты  өлшемдер  жоқ.  Сонымен 

бірге,  оның  ауқымын  анықтау  да,  жоғарыда  айтылғандай  дәл 

ақпараттардың жоқтығынан қиынға соқтырады. Зерттеушілердің 

пікірінше,  тапқан  табысы  ең  аз  күнкөріс  деңгейіне  жетпейтін 

отбасылардың  үлес  салмағы  еліміздің  өңірлері  бойынша, 

Атырауда жоғары екен (29%). Ал, Маңғыстауда бұл көрсеткіш – 

21%, Жамбылда – 18,3, Қызылордада – 26%-дан астам, Оңтүстік 

Қазақстанда – 23% көрінеді [2]. 

Қоғамның кедейшілік жай-күйі социум үшін өзінің әлеуетті 

мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруға,  демек  оның  дамуына  кедергі 

келтіреді.  Сондықтан  да  оны  қоғамдық  дамудағы  регресспен 

байланыстырады. Кедейшілік – кез келген қоғамның, яғни өткен

кезеңнің  де,  қазіргі  заманғы  қоғамның  да  маңызды  феномені. 

Ол тіпті АҚШ сияқты бай елдерге де тән құбылыс. Кедейшілік 

феномені  бірқатар  қоғамдық  өлшемдерден  тұрады:  1.  Халық-

тың  өмір  деңгейінің  экономикалық  көрсеткіштерінің  шектік 

мөлшерлері жүйесіне көрінетін экономикалық өлшем; 2. Кедей-

шіліктің  әлеуметтік  көрсеткіштері  кешенінде  көрініс  беретін 

әлеуметтік өлшем; 3. Экономикалық және әлеуметтік өлшемдер-

ді өзінде біріктіретін әлеуметтік-экономикалық өлшем; 4. Халық-

тың  кедей  жіктеріне  тән,  рухани,  мәдени  және  психологиялық 

көрсеткіштерден көрінетін рухани-мәдени және психологиялық 

өлшем; 5. Халықтың кедей жіктерінің саяси күштерге әлеуетті

қатысуынан  көрінетін  саяси  өлшем;  6.  Саяси  және  әлеуметік 

өлшемдерді  біріктіретін  әлеуметтік-саяси  өлшем;  7.  Кедейші-

ліктің барлық жекелеген өлшемдерін біртұтастыққа біріктіретін 

жүйелік  өлшем.  Осы  өлшемдерді  анықтауда  қоғамдық  санада 

берік  орныққан  кедейшілік  проблемасына  деген  тарихи  көзқа-

растар есепке алынған. 

Кедейшілік  барлық  уақытта  да  өзекті  проблема  болып 

табылды.  Алайда,  келешекте  игіліктердің  барлық  түрлерін 

ұтымды  қолдануға  да,  сондай-ақ  адамзаттың  құндылықтары 



V Конгресс социологов Казахстана 

47 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

көрініс беретін барлық өлшемдерге де сәйкес келетін дамудың 

әлеуметтік-экономикалық үйлесімділігі барысында әрбір азамат-

ты  кепілдендірілген  өмір  деңгейімен  қамтамасыз  ету  негізінде 

кедейшілікті біршама еңсеруге болады. 

Әдебиеттер

1  Cоциологический  энциклопедический  словарь.  Под  ред. 

Г.В. Осипова. – М., 1998.

2  Кедейшілік  мәселесінің  әлеуметтанулық  аспектісі.  Akikat.kz. 

8.11.2012 ж.

Түйін

Мақалада кедейшілік әлеуметтік феномен ретінде қарастырылады.



Резюме

В статье рассматривается бедность как социальный феномен.



Summary 

The article considers poverty as a social phenomenon.



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

48 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРТ АДАМДАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК 

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

Д.Қ. Мамытқанов,

әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, доцент, 

әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Бүкіл  әлемде  қарт  азаматтардың  саны  айрықша  өсуде, 

ал  қарттық  және  қартаю  мәселесі  өзекті  мәселе  болып  отыр. 

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында өзінің тәуелділіктерін 

нығайту мақсатында қоғам өмірінің барлық саласында өркениет-

ті елдердің жолына түсті. Олардың ішінде қарттарға әлеуметтік 

қамқорлық жасау мәселесі де бар. 

Қазақстандықтардың  әл-ауқатын,  қауіпсіздігін  жақсарту, 

гулдену,  дамуын  «Қазақстан  2050»  стратегиясында  елбасымыз 

Н.Ә.  Назарбаев  атап  өткендей,  еліміздің  дамуының  басым 

бағыттарының  бірі  –  тұрғындардың  материалдық  және  әлеу-

меттік әл-ауқаты болып табылады.

Адамдардың қарт адамдар тобына қосылуы оның қоғаммен 

қарым-қатынасын және өмірдің мәні мен мақсаты, жақсылық пен 

бақыт  деген  сияқты  құнды  нормативтік  түсініктерге  қатынасын 

түбегейлі өзгертеді. Адамның өмір сүру салты да өзгереді. Бұған 

дейін олар қоғаммен, өндіріспен, қоғамдық қызметпен тығыз байла-

ныста болады. Ал зейнеткер ретінде олар өндіріс орнымен жүрген 

қарым-қатынасты жоғалтады. Бірақ қоғамның мүшесі ретінде олар

қоғамдық өмірдің кез келген бір аясына қатысты болып қала береді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай еңбек қызметінен айырылу 

адамдардың  психикасына,  өмірлік  тонусына  және  денсаулық 

жағдайына кері әсерін тигізеді.

Кәрілік  мәселесі  ХХ  ғасырдың,  әсіресе,  соңғы  онжылдық-

тардың жаңа әлеуметтік феномені болып отыр. Кәрілік жеке даму-

дың ұзақ та маңызды кезеңі болып, әрі макроқұрылымды деңгей-

дің  әлеуметтік  процестеріндегі  өзгерістер  бағытының  индика-

торы, ғасырлар шенінде әлеуметтік саясаттың негізін тұжырымдап 

береді.


V Конгресс социологов Казахстана 

49 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

Егер  1990  жылдары  Батыс  елдерінде  халықтың  18  % 

зейнеткерлік  жаста  болса,  бұл  көрсеткіш  2030  жылы  30%-ға 

көбеюі мүмкін. 1939 жылы Ресейде егде жастағы адамдар 4%-ды 

құрса, 1996 жылы 12%-ға жеткен. 

Біріккен  ұлттар  ұйымының  сараптамасына  ден  қойсақ, 

егде  жастағы  адамдар  165  мемлекетте  4  %  болса,  ол  мемлекет 

– жас мемелекет деп есептелінеді екен, ал 7%-ды құрса кәрі деп 

есептелеінеді екен [1].

Дамыған елдерде 65 жастан жоғары жастағы бір тұрғынға 

4–5  еңбек  ететін  келеді.  Осындай  жағдайдан кейін  1991  жылы 

БҰҰ-ның егде жастағы адамдарға қатысты ұйымның қағидаларын 

қабылдап 1992 жылы кезегіндегі кәрілік мәселесіне байланысты 

үлкен мақсаттар айдарымен он жылдық стратегиясын белгілейді. 

Ал 1999 жылды Халықаралық қарттар жылы деп аталады. 

Қазақстан Республикасындада қарт адамдар мен мүгедектер 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  бекіткен,  сондай-

ақ құрамына басқа заң қабылдаушы актілер кіретін республика 

конституциясы  бекіткен  әлеуметтік-экономикалық  және  жеке 

құқықтарға ие. Алайда, қарт және мүгедек адамның әлеуметтік 

статусының қоғамдық және еңбек қызметінің тоқтауына; құнды-

лық бағыт-бағдарларының трансформациясына, өмір салты мен 

қарым-қатынасына әлеуметтік-тұрмыстық және психологиялық 

жаңа шарттарға бейімделудің қиындығына байланысты өзгеруі 

айтарлықтай әлеуметтік мәселелерді туындатады [2]. 

Казақстанда  қарт  адамдарға  мемлекет  тарапынан  қолай-

лы  әлеуметтік  қолдау  көрсетудің  жолдары  үнемі  жетілдіріліп 

отырады  және  әлеуметтік  саясаттың  бағыттарында  қарасты-

рылған.  Қарттарды  әлеуметтік  қолдау  мен  қорғауға,  олардың 

экономикалық, саяси және басқа да құқықтары мен бостандық-

тарын  іске  асыруды  тең  мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ету  мен 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясында,  сондай-ақ 

халықаралық  құқықтың  жалпы  танылған  қағидалары  мен  нор-

маларында кепілдік берілген.

Қарт адамдарға қатысты мемлекеттік әлеуметтік саясаттың 

бағыттары: 

-  елімізде  жүріп  жатқан  демографиялық  хал-ахуалды 

жақсарту, 



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

50 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

- егде үлкен жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, 

- халықтың өсу категориясына анықтайтын қажеттіліктер-

мен мұқтаж сәйкес әлеуметтік қызметтерін әрі дамыту.

ҚР  қарт  адамдарға  әлеуметтік  қызмет  көрсету  жүйесінің 

инфрақұрылымы әлеуметтік қызмет көрсету стационарлық жар-

тылай стационарлық және стационарлық емес түрлерінен тұрады.

Әлеуметтік  қызмет  көрсету  мекемелерінің  стационарлық 

торабының дамуы брнеше бағыттар бойынша жүргізіліп келеді.

- Тұрақты өмір сүрудің ең бір қолайлы жақсы жағдайларын 

жасау;

- Медициналық, әлеуметтік көмек көрсету және реабилита-



циялаудың қайта қалпына келтірудің сапалы түрін ұйымдастыру;

- Әлеуметтік мәдени бағыттағы қызметтерді беру;

- Өзара қарым- қатынастарындағы байланыстарды нығайту;

- Интернат үйлер, герантологиялық орталықтар.

Қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі негізінен 

тұрақты жұмыс атқарылып отырғанымен осы адамдардың жеке 

қажеттіліктері толығымен есепке алынбайды.

Атаулы көмек көрсету әлеуметтік қызметтердің орталықтары 

маңызды рөл атқарылып келеді. Олардың тең жартысы кешендік 

орталықтар.  Олардың  әлеуметтік  қызметтері  барлық  түрлерін 

бере алады деп айтуға болады. 

Қазақстанның  көп  жерлерінде  әлеуметтік  қызмет  көрсету 

орталықтары жұмыс істейді. Орталықтың құрамында:

- герантологиялық бөлімдер, 

- психикалық бөлімдер, 

- психикалық жүктемені кеміту кабинеттері, 

- сенім телефондары

- қарым-қатынас клубы 

Қарт адамдардың өмірінің қамтамасыз етудің болашақтағы 

моделі  деп,  егде  жастағы  жалғызбасты  адамдардың  арнаулы 

үйлерін  айтуға  болады  яғни  жалғызбасты  адамдардың  өмір 

сүру жағдайларын жақсартуға әлеуметтік қызметтің жаңа түрі – 

әлеуметтік пәтер [3].

Егде  жастағы  ерлер  мен  әлеуметтік  жұмыс  атқарудың  қа-

зіргі  технологиясының  ішінде  «Өзіне-өзі  көмек  көрсету»  және

«өзара  көмек»  жүйелерін  ажыратуға  болады.  Практика  көрсетіп 



V Конгресс социологов Казахстана 

51 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

отырғандай өзіне-өзі көмек және өзара көмек көрсету топтары бұл 

шағын бес-жеті адамнан құрастырылатын ұжымдар. Олар кейбір 

жағдайларын алдын ала құрастырыла береді. Көптеген жағдайларда 

осы топтық белсенді мүшелерінің бірі ұйымдастырылуы мүмкін. 

Олар  жақын  тұратын,  бір-бірімен  ұдайы  байланыста  болатын 

адамдарды біріктіреді. Топ мүшелерінің проблемаларын, қажет-

тіліктерін олар оны бірігіп шешіп, бір-біріне көмектесу арқылы 

іске асады. Мүгедектердің отбасылары бірін-бірі қолдауды қам-

тамсыз  ету  үшін,  осындай  топтарды  құруға  мәжбүр  болады. 

Мысалы шектелген мүмкіндігі бар адамдар қоғамның қандай да 

болмасын мүшелерінің қарым-қатынастар жасауға шын мәнінде 

құқылы болуға тиісті. Бірақ бұл біздің елде заң жүзінде бекітіліп 

негізделген.  Көптеген  топтар  бірнеше  бағыттарда  жұмыс 

істейді.  Бұл  топтар  өздерінің  ресурстары  таусылғанға  дейін 

жұмыс  атқарады.  Өзара  көмек  көрсететін  топтары  әлеуметтік 

ұйымдардың  негізінде  құрылып,  әрекет  жасауға  негізделген. 

Әлеуметтік қызмет белгілі бір жағдайда өзара көмек топтарының 

ішіндегі қатынастарының өзгешеліктерін айқындалып отыр. 

Өзара  көмек  ұйымдастыруда  топтардың  әр  түрлі  міндетті 

қызметтері іске асырылады. Олардың мүшелері:

-  туындап  отырған  қиыншылықтарды  шешу  жөнінде 

ұсыныстар алады;

- керек болған жағдайда материалдық көмек алады;

- өздеріне деген ықыласты қолдауды сезінеді;

- қарт адамдарға өзара көмек көрсететің қалыптасуына жә-

не дамуына тікелей немесе жанама келесідей факторлар әсерін 

тигізе алады;

-  өзара  көмектің  және  мемлекеттік  қолдаудың  әлеуметтік 

саясаттың тиімділігіне ықпалы;

-  әлеуметтік  жұмыстың  практикасында  қарт  адамдарға 

байланысты проблемалар болуы;

-  әлеуметтік  терапия  мен  реабилитацияға  жұмсалатын 

қаржылардың ұдайы өсуі;

-  мүмкіншіліктерді  іске  асыруда  қарт  адамдардың  бірдей 

жағдайда болмауы [4].

Өзара  көмек  –  бұл  жалпы  қажеттіліктерді  және  пробле-

малары  бар  қарт  адамдардың  ерікті  түрде  өзара  іс-әрекеті. 



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал