Социальное развитие общества



жүктеу 4.11 Mb.

бет4/48
Дата11.09.2017
өлшемі4.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

Summary

In this article are considered process of patriotic education of youth in 

higher education institutions of Kazakhstan and questions of realization of 

Strategy «Kazakhstan-2050».



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

32 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢА САТЫҒА КӨТЕРІЛУІНДЕГІ

ӘЛЕУМЕТТІК ТАНЫМНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Қ.Г. Габдуллина,

әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор

Қазақстанның әлеуметтану ғылымдар 

Академиясының академигі, Қазақстанның социологтар 

Академиясының академигі

Еліміз егемендігін алғаннан бастап әлеуметтік, саяси және 

экономикалық реформаларды жүзеге асыра бастады. Жетпіс жыл 

бойы өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден мүлде 

өзге  жаңа  саяси  және  экономикалық  жүйе  қалыптастырылды. 

Біздің ата-бабаларымыз ерте кездерде түркі халықтарының бір-

тұтас  отбасы  құрамында  болып,  атақты  Жібек  жолы  бойымен 

Еуропа  және  Азия  елдері  арасында  кең  ауқымды  сауда  саттық 

жүргізген.  Бұл  экономикаға  да,  әлеуметтік  жағдайға  да  үлкен 

әсерін  тигізген.  Тәуелсіздіктің  көк  туы  желбірегеннен  бастап 

Қазақстанда осы стратегиялық маңызы зор Жібек жолын қайта 

қалпына  келтіру  мәселесі  қолға  алына  бастады.  Еуропа  мен 

Азияның арасындағы байланыстың нығаюы Еуразия идеясының 

дамуына  үлкен  әсерін  тигізуде.  Осы  бағытта  еліміздің  өркен-

деуіне  президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына  жолдаған  жолдауы  «Қазақстан-2050»  алатын  орны 

ерекше.  Біздің  мәңгілік  ел  болып,  экономикамызды  арттырып, 

саяси тұрақтылығымызды нығайтып, әлеуметтік жағдайымызды 

жақсартып, жоғары деңгейге көтерілуімізге үлкен мән берілген. 

Мәңгілік ел болашаққа жетелейтін ұлттық идея. 

Қоғамның жаңа сатыға көтерілуінде әлеуметтік танымның 

да  қосатын  үлесі  өте  зор.  Макс  Вебер  өзінің  «Түсіне  білетін 

әлеуметтанудың кейбір категориялары туралы» еңбегінде әлеу-

меттік  танымға  ерекше  көңіл  аударған.  Әлеуметтану,  әрине, 

құлықтық  инстинктердің  «қанағаттандырылуын  алмастыру» 

және тағы сол секілді «көзге ұрып тұрған» сарындарының бар 

екендігі ғана емес, қайта, ең алдымен, сарындық процестің жай 

ғана «түсініксіз» сапалық компоненттері едәуір дәрежеде сондай 



V Конгресс социологов Казахстана 

33 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

-ақ оның мағыналық салыстырмалылығын және оның ықпалы-

ның  сипатын  айқындайтынын  да  қаперге  алады.  Мағыналық 

ұқсастығы  жағынан  «бірдей»  мінез-құлық  қатысушылардың 

«үн қату жылдамдығының» таза сандық айырмашылықтарының 

тұсында  ақ  өзінің  ақтық  сатысында  көбіне  мүлдем  әртүрлі 

тәсілмен  көрінеді.  Нақ  осындай  айырмашылықтар,  одан  да 

көбірек сапалық сәттер мынаған жетелейді: өзінің «мағыналық» 

салыстырмалылығы  жағынан  әу  баста  «бірдей»  сарындық 

ұштасулар  нәтижесінде  мағыналық  мәні  жағынан  да  көбіне 

гетерогендік  жолға  көшеді.  Әлеуметтанушы  үшін  төмендегі 

әлеуметтік процестер арасында анық шекара жоқ:

1) шындықтың азды-көпті жуықтаған типі

2) ұтымды мақсаттылықпен бағдарланған тип (субъективті);

3)  азды-көпті  санаға  сіңірілген  немесе  аңғарылған  және 

азды-көпті ұтымды мақсаттылыққа бағдарланған мінез-құлық

4)  ұтымды  мақсатты  емес,  бірақ  өзінің  мағыналық  байла-

ныстары жағынан түсінікті құлық; 

5)  азды-көпті  түсінікті  мағыналық  байланыспен  сарын-

далған,  азды  көпті  дәрежеде  түсініксіз,  ішінара  болса  да  оны 

анықтаушы болатын азды-көпті дәрежеде түсініксіз сәттер үзіп 

кететін мінез-құлық; 

6)  ақыр  соңында  адам  «бойындағы»  және  сонымен 

«байланысты»  мүлдем  түсініксіз  психикалық  және  физикалық 

мәліметтер. 

Әлеуметтанушы «ұтымды дұрыс» мінез-құлықтың ылғи да 

субъективті ұтымды мақсаттылықпен шарттала бермейтін және 

нақты  құлықты  бірінші  кезекте  логикалық  жағынан  ұтымды 

байланыстар емес, «психологиялық» байланыстар деп аталатын 

нәрсе екендігін әлбетте күмәнсіз жәйт деп біледі. Әлеуметтану 

үшін,  «объектілерге»  (ішкі  немесе  сыртқы  дүниенің)  парықты 

тәпсірлеу  жол  беретін  қатынас  табалдырығынан  аттап  өтетін 

нәрсенің  бәрі  тап  табиғаттың  «мағынаға  жат»  құбылыстары, 

субъективті мағыналық салыстырудың шарты немесе пәні секілді

дәрежеде  қаперге  алынады.  Дәл  сол  себеппен  де  әлеуметтану-

шылық  зерттеу  үшін  индивид  парықталған  құлықтың  жоғарғы 

шегі, ол – соның бірден бір иесі. Және ойды білдірудің осыдан 

ауытқитындай  бірде  бір  пошымы  мұны  бүркемелей  алмайды. 



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

34 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

Тілдің  ерекшелігі  ғана  емес,  біздің  ойлауымыздың  ерекшелігі 

де  сөзсіз  мынаған  жетелейді  адамдардың  мінез-құлқын 

түсінуге  көмектесетін  ұғымдар  оны  «кісілік»  қалыптасудың 

данышпандық  немесе  өзінің  дербес  тіршілігін  жүргізетін 

орнықты  болмыс  келбетінен  табады.  Бұл  айтқанымыз  бірінші 

кезекте нақ әлеуметтануға қатысты [1]. 

Әлеуметтанудың  дамуына  өзіндік  үлесін  қосқан  ғалым 

Огюст Конттың көзқарасы бойынша, әлеуметтік өмірдің басым

фактысы  прогресс,  сонымен  бірге  прогресс  тек  қана  психо-

логиялық факторға, атап айтқанда, адамды өз табиғатын барған 

сайын дамыта түсуге жетелейтін талпынысқа тәуелді. Әлеумет-

тік  факторлардың  адамзат  табиғатынан  тікелей  туындайтыны 

соншалдық, тарихтың бастапқы фазаларына қолданғанда, олар-

ды  бақылауға  жүгінбестен-ақ,  одан  тікелей  шығаруға  болады. 

Рас,  О.  Конттың  мойындауы  бойынша  бұл  дедуктивті  әдісті 

эволюцияның неғұрлым прогресті кезеңдеріне қолдану мүмкін 

емес.  Бірақ  бұл  мүмкін  еместік  –  таза  практикалық  тұрғыдан. 

Бұл  сөре  мен  мәре  арасындағы  қашықтық  тым  елеулі  болып 

шығатындығына  байланысты,  адам  ақылы  ол  қашықтықты 

жолбасшысыз басып өтуге кіріскенде, адасып кетуге де тәуекел 

етуге  тиіс.  Бірақ,  адамзат  табиғатының  негізгі  заңдары  мен 

прогрестің  түпкілікті  нәтижелері  арасындағы  байланыс  таза 

талдаушылық күйінде қалып қоймайды.

Өркениеттің  ең  күрделі  формалары  тек  дамыған  психика-

лық  өмірден  ғана  пайда  болады.  Сондықтан,  психологиялық 

теориялар  әлеуметтанушылық  тұжырымның  алғышарттары 

ретінде  жеткіліксіз  болғанның  өзінде,  олар  индуктивті  түрде 

белгіленген қағидалардың негізделгендігін тексеруге мүмкіндік 

беретін  бірден  бір  қайрақтас  болып  табылады.  Әлеуметтік 

сабақтастықтың кез келген заңы тіпті ең беделді жолмен, тарихи 

әдіс  арқылы  анықталатын  заңы.  Сайып  келгенде,  ол  адамзат 

табиғатының  позитивтік  теориясымен  тікелей  немесе  жанама, 

бірақ,  әрқашан  талассыз  ұтымды  байланыстырылғаннан  кейін 

ғана  мойындалуға  тиіс.  Герберт  Спенсердіңде  әдісі  осындай. 

Оның ойынша, әлеуметтік құбылыстардың бастапқы екі факторы 

ғарыштық орта және индивидтің тәндік инсанияттық құрылымы 

болып  табылады.  Бірақ  бірінші  фактор  қоғамға  тек  екінші 



V Конгресс социологов Казахстана 

35 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

фактор арқылы ғана ықпал ете алады, осылайша, ол әлеуметтік 

эволюцияның негізгі қозғағышы болып шығады. 

Қоғам,  индивидке  өз  табиғатын  іске  асыру  мүмкіндігін 

беру  үшін  ғана  пайда  болады,  және  ол  басынан  өткерген  бар-

лық  өзгерістердің  осынау  іске  асыруды  неғұрлым  оңай  да 

толық етуден басқа мақсаты жоқ. Осы принциптің пәрменімен, 

әлеуметтік  ұйымды  зерттеуге  кірісердің  алдында,  Г.  Спенсер 

өзінің «Әлеуметтану принциптері» атты еңбегінің бірінші томын 

түгел  дерлік  алғашқы  қауымдық  адам  өмірінің  физикалық, 

эмоциялық  және  интеллектуалдық  қырларын  зерттеуге  арнау 

қажет деп тапты. Әлеуметтану ғылымы, дейді ол, біз қарастырған 

физикалдық,  эмоциялық  және  интеллектуалдық  жағдайларға 

бағындырылған және кейбір бұрын табылған идеялар мен оларға 

сәйкес  келетін  сезімдер  билігіндегі  әлеуметтік  бірліктерден 

бастау алады. Қоғам қалыптасып болғаннан кейін, индивидтерге 

ықпал етеді. Бірақ осыдан ол қоғамның ең болмағанда мүлдем 

елеусіз әлеуметтік факт тудыру мүмкіндігін мойындайды деген 

мағына шықпайды, осы көзқарас тұрғысынан қоғам, индивидте 

өзі туғызатын өзгерістер арқылы ғана пәрменді себеп бола алады. 

Демек,  әрқашан  бәрі  де  адам  табиғатының  бастапқы  немесе 

туынды ерекшеліктерінен шығады. 

Мұның  үстіне,  әлеуметтік  организмнің  өз  мүшелеріне 

ықпалының  өзінде  ешқандай  айрықша  нәрсе  бола  алмайды, 

өйткені  саяси  мақсаттар  өздігінен  түкке  татымайды  және 

индивидуалдық мақсаттардың жай ғана жинақталған білдірілуі 

болып  табылады.  Бұл  ықпал,  демек,  жеке  қызметтің  өзіне  өзі 

оралуы  секілді  бірдеңе  ғана  бола  алады.  Әсіресе,  мақсаты 

индивидті  кез  келген  әлеуметтік  мәжбүрлеуден  бостан  ете 

отырып,  оның  өзі  мен  жаратылыстық  ниеттеріне  тапсыру 

болатын  өнеркәсіптік  қоғамдарда  ол  ықпалдың  неден  құрала-

тындығы түсініксіз. Бұл принцип жалпы әлеуметтануға жататын 

үлкен  доктриналардың  негізінде  ғана  жатпайды,  көптеген 

жекелеген теорияларға еніп кетеді. Мәселен, әдетте отбасылық 

ұйымды  ата-аналардың  балаларға  және  балалардың  ата 

аналарға деген сезімдерімен, неке институтын – жұбайлар мен 

олардың  балаларына  беретін  артықшылықтарымен,  жазалауды 

–  индивидте  оның  мүддесінің  кез-келген  елеулі  бұзылуынан 



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

36 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

туындайтын ашу-ызамен түсіндіреді. Бүкіл экономикалық өмір, 

она  экономистер,  әсіресе  ортодоксалдық  мектептің  өкілдері 

түсініп  және  бізге  түсіндіретініндей,  түптеп  келгенде  таза 

индивидуалдық факторға, байлықты қалауға сүйенеді. 

Әлеуметтік құбылыстардың елеулі нышаны индивидуалдық 

санаға сырттан қысым жасау қабілетінен тұратын болғандықтан, 

демек, олар индивидуалдық санадан өрбімейді, және сондықтан 

әлеуметтану психологияның короларийі емес. Осынау мәжбүр-

леуші  күш  олардың  біздікінен  өзгеше  табиғаты  бар  екендігін 

айғақтайды, өйткені ол бізге күш қолдана, немесе, бері салғанда 

айтарлықтай қысым жасай отырып енеді. егер әлеуметтік өмір 

индивидуальдық болмыстың жалғасы ғана болса, онда ол өзінің 

қайнар көзіне бұлайша оралмас еді және оны соншалық қызумен 

жаулап алмас еді. Индивид әлеуметтік тұрғыдан әрекет еткенде, 

сезінгенде немесе ойлағанда ол бас иетін билік оған соншалық 

үстемдік  жүргізетін  болса,  ол  индивидтен  басым  және  ол 

түсіндіре алмайтын күштердің жемісі деген сөз. Олар сезінетін 

осынау  сыртқы  қысым  одан  шықпайды,  демек,  мұны  онда 

болып жатқанмен түсіндіру мүмкін емес. Рас, біз өзімізді өзіміз 

мәжбүрлей  аламыз,  біз  өз  ұмтылыстарымызды,  әдеттерімізді, 

тіпті  инстинктерімізді  тежеп,  оларға  тыйым  сала  отырып, 

дамуын тоқтата аламыз. Бірақ мұндай тыйымдарды әлеуметтік 

мәжбүрлеуді құрайтын қимылдармен шатастырмау керек. Бірін-

шілері  ортадан  қашатын,  екіншілері  ортаға  ұмтылатын  күш. 

Біреулері  индивидуалдық  санада  жасалып,  содан  кейін  сыртқа 

ұмтылады, басқалары керісінше, әуелі индивидтен тыс болады, 

одан кейін оны сырттан өзіне ұқсатып қалыптастыруға ұмтылады. 

Егер индивидті былай қоя тұрсақ, онда тек қоғам қалады, демек, 

әлеуметтік  өмірді  түсіндіруді  қоғамның  табиғатының  өзінен 

іздеу  керек.  Шынында  да,  индивидтен  уақыт  бойынша  да, 

кеңістік бойынша да шексіз артық болғандықтан, қоғам оған өз 

беделімен бекіген қарекет пен ой салтын таңа алады. Әлеуметтік 

фактылардың ерекше нышаны болып табылатын осынау қысым-

баршаның әркімге қысымы. 

Әлеуметтану  ғылымдарының  тағы  бір  көрнекті  ғалымы 

Эмиль  Дюркгейм  өзінің  «Әлеуметтану  әдісі»  атты  еңбегінде 

қоғам құралатын бірден бір элемент индивидтер болғандықтан, 



V Конгресс социологов Казахстана 

37 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

әлеуметтанушылық  құбылыстардың  түпкі  қайнар  көзі  тек 

қана психологиялық бола алады деген тұжырымдамаға келген. 

Осылайша  толғайтын  болсақ,  биологиялық  құбылыстар  талда-

малық  тұрғыдан  аноганикалық  құбылыстар  арқылы  түсіндірі-

леді деп оп-оңай дәлелдеуге болады. Шынында да, тірі клеткада 

тек  жансыз  материяның  молекулалары  ғана  болатыны  әбден 

ықтимал  нәрсе.  Онда  тек  солар  ғана  ассоциацияланған,  және 

осы  ассоциация  өмірді  сипаттайтын  жаңа  құбылыстардың, 

ассоциацияланған элементтердің бірде-бірінен тіпті ұрығын да 

табу мүмкін емес құбылыстардың себебі қызметін де атқарады. 

Бұлай болатыны, бүтін өз бөлшектерінің қосындысымен бірдей 

емес,  ол  әлдене  бірдеңе,  және  өзін  құрайтын  элементтердің 

қасиеттерінен  өзгеше  қасиеттерге  ие.  Ассоциация,  бұрын 

ойлағандай  өздігінен  тұл,  тек  қалыптасып  үлгерген  фактылар 

мен  қасиеттерді  сырттан  байланыстыратын  құбылыс  емес.  Ол, 

керісінше,  ортақ  эволюция  барысында  бірінен  соң  бірі  өмірге 

еніп  отырған  барлық  жаңалықтардың  қайнар  көзі  емес  пе.  Ең 

төмен организмдер мен басқаларының арасында, тірі организм 

мен  жай  ғана  пластида  арасында,  пластида  мен  оны  құрайтын 

анорганикалық молекулалар арасында ассоциациядағы айырма-

шылықтан  басқа  қандай  айырмашылық  бар.  Осынау  тіршілік 

иелерінің  барлығы  сайып  келгенде  шіріп,  табиғаты  бірдей 

элементтерге  айналады,  бірақ  осы  элементтер  бір  жағдайда 

қатарласа  орналасады,  екінші  бір  жағдайда  ассоциацияланған, 

бірінде  бір  тәсіл  бойынша,  екіншісінде  басқа  тәсіл  бойынша 

ассоциацияланған. Осы принциптің пәрменімен қоғам – индивид-

тердің қарапайым жиынтығы емес, қайта олардың ассоциациясы 

құрған  және  өзінің  айрықша  қасиеттері  бар  sui  generis  нақты 

болмысын  өзі  арқылы  көрсететін  жүйе.  Әрине,  ұжымдық 

өмір  ндивидуалдық  сананың  болуын  талап  етеді,  бірақ  осы 

қажетті жағдай жеткіліксіз. Мұның  үстіне, осынау  саналардың 

ассоциацияланғаны,  қиюласқаны,  және  де  белгілі  бір  түрде 

қиюласқаны  қажет.  Нақ  осы  қиюласудан  әлеуметтік  өмір 

туындайды.  Бір  бірімен  топтаса,  өзара  толықтыра  және  бір 

біріне  ене  отырып  индивидуцалдық  жандар  жаңа  тіршілік 

иесіне, қажет десеңіз психикалық тіршілік иесіне, бірақ өзге тек-

тегі  психикалық  индивидуалдықты  білдіретін  тіршілік  иесіне 



Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

38 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

жан  береді.  Демек,  онда  туындайтын  фактылардың  ең  жақын 

да  айқындаушы  себептерін  индивидуалдылықты  құрайтын 

бірліктердің табиғатынан емес, соның өзінің табиғатынан іздеу 

қажет. 

Әлеуметтану, біздің ойымызша, адам мен оның қабілеттерін 



былай  ысырып  қоюға  тиіс  және  солай  істей  алады  деген 

қорытынды  шығарса,  онда  бұл  біздің  ойымызша,  адам  мен 

оның қабілеттерін былай ысырып қоюға тиіс және солай істей 

алады  деген  қорытынды  шығарса,  онда  бұл  біздің  ойымызды 

мейлінше  қате  түсіну  болар  еді.  Керісінше,  адам  табиғатының 

жалпы қасиеттері іске қосылатыны, нәтижесінде әлеуметтік өмір 

пайда  болатыны  айқын.  Тек  оны  солар  туғызбайды  және  оған 

айрықша пошымды солар бермейді, олар тек оны мүмкін етеді. 

Ұжымдық  түсініктердің,  эмоциялардың  және  ұмтылыстардың 

бастапқы себептері индивидтер санасының ахуалы емес, қайта 

жалпы  әлеуметтік  дене  орналасқан  жағдайлар.  Әрине,  олар 

индивидуалдық  қасиеттер  оған  қарсы  болмаған  жағдайда  ғана 

іске асырыла алады, бірақ индивидуалдық қасиеттер әлеуметтік 

фактор анықтап, өзгертіп отыратын пошымсыз зат қана. Олардың

үлесі  тек  қана  тым  жалпы  ахуалдарды,  жүйесіз  де  құбылмалы 

үйірліктерді жасаудан тұрады, олар өздігінен, бөгде фактордың 

көмегінсіз,  әлеуметтік  құбылыстарға  тән  белгілі  де  күрделі 

пошымдарға ие бола алмас еді. Мысалы, адам өзірнің төл сезім-

дерінен  неғұрлым  жоғары  тұрған  сезімдер  алдында  бастан 

кешетін сезімдер мен өзінің наным сенімдері, өзінің материал-

дық  және  инсанияттық  ұйымы  бар  діни  институт  арасында, 

қандас екі тіршілік иесінің бір біріне жылы шырайының психи-

калық жағдайы мен отбасының құрылымын, адамдардың өз ара-

сындағы, заттар мен қатынасы арасындағы және т. б. арасында 

қаншама  терең  құз  жатыр!  Біз,  қоғам  ұйымдаспаған  тобырға 

сайған  күннің  өзінде,  онда  пайда  болатын  ұжымдық  сезімдер 

орташа алғанда индивидуалдық сезімдерге ұқсау былай тұрсын,

қарама-қарсы да бола алатынын көрдік. Индивид тұрақты өмір 

сүріп  келе  жатқан  қоғам  қысымын  сезінетін,  онда  замандас-

тарының  ықпалына  алдыңғы  ұрпақтар  мен  дәстүрлер  ықпалы 

қосылатын тұста айырмашылық қаншалық көп болуға тиіс деңіз! 

Әлеуметтік  фактыларды  таза  психологиялық  тұрғыда  түсін-



V Конгресс социологов Казахстана 

39 

«СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН-2050»: 

СОЦИАЛЬНОЕ РАЗВИТИЕ ОБЩЕСТВА

діру,  демек  олардағы  айрықша,  яғни  әлеуметтік  атаулының 

бәрінен сөзсіз көз жазып қалады. Бұл әдістің жарамсыздығының 

көптеген  әлеуметтанушылардың  көзіне  шалынбауының  себебі, 

салдары себеп деп қабылдап, олар әлеуметтік құбылыстың анық-

таушы шарттары деп көбіне көп шындығынды олардың нәтижесі

болып  табылатын  салыстырмалы  түрде  анықталған,  айрықша 

психикалық  ахуалдарды  санады.  Мысалы,  әлдене  діни  сезімді, 

жыныстық  қызғаныштың,  бір  балалық  немесе  атa-аналық 

махаббаттың және тағы басқалардың біршама минимумын адам-

ға туа бітетін қасиеттер деп санады да, дінді, некені, отбасыны

осымен  түсіндіргісі  келді.  Бірақ  тарих  мынаны  көрсетеді:  бұл 

бейімдер адам табиғатына тіпті де міндетті түрде тән бола бер-

мейді, бірақ белгілі әлеуметтік жағдайларда не мүлдем болмайды, 

не  бір  қоғамнан  екінші  қоғамға  қарай  өзгеріп  кететіндігі 

соншалық, барлық осы айырмашылықтарды шығарып тастағанда 

қалатын  және  жалғыз  өзі  ғана  таза  психологиялық  тегі  бар 

нәрсе деп қарастырыла алатын қалдық орасан ара қашықтықты 

түсіндіруге қажет ететін фактыларды қалдыратын анық қанығы 

белгісіз және үзік-үзік бірдеңеге саяды. Гәп мынада, бұл сезімдер 

ұжымдық  ұйымның  негізі  қызметін  атқармайды,  соның  өзінен 

шығады. Әлеуметтікке ұмтылу о бастан адамзаттың туа біткен 

инстинкті  болып  табылатыны  тіпті  ешқалай  да  дәлелденбеген. 

Одан әлеуметтік өмірдің бізде біртіндеп қалыптасатын жемісін 

көру  әлдеқайда  табиғи,  өйткені  жануарлардың  әлеуметтікке 

бейімдігі  немесе  бейімсіздігі  олар  өмір  сүретін  жерінің  жағ-

дайымен  соған  мәжбүр  етілуіне  байланысты  екендігі  бақылау 

арқылы анықталған [2]. 

Қоғамның  дамуына  байланысты  әлеуметтанушы  ғалым-

дардың  кейбір  еңбектеріне  талдау  жасалынды.  Әлеуметтану 

ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжрибеден алын-

ған  мағлұматтарды  зерттеумен  тығыз  байланысты.  Әлеуметтік 

зерттеулер дегеніміз – зерттеліп отырған нысан туралы объектив-

ті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты 

жүргізілетін  логикалық,  методологиялық,  тәсілдік  және  ұйым-

дастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. 

Нақтылы әлеуметтік зерттеулер:

-  қоғамдағы  әлеуметтік  құбылыстар  мен  процестердің 

шынайы сипатын білуге жағдай жасайды;


Қазақстан әлеуметтанушыларының V Конгресі

40 

«ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ: 

ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУЫ

-  әлеуметтік  байланыстарды  дамытудағы  қайшылдықтар 

мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді,;

- экономикалық, саяси және әлеуметтік дамудың бағдарын 

айқындауға көмектеседі;

- қоғамдық прогресс жолдарын анықтауға жағдай жасайды.

Әлеуметтанулық  зерттеулер  теориялық  сипаттағы  әдісте-

мелік  тұжырымдамаларды  және  нақтылы  әлеуметтік  құбылыс-

тарды  немесе  процестерді  зерттеуге  арналған  әдістерді  қамти-

тын бағдарламалар жасаудан бастау алады. Дегенмен, бұл зерт-

теулер  әлеуметтік  процестер  мен  құбылыстарды  танудың  тек 

бір құралы ғана болып табылады, сондықтан да оның нәтижесін 

асыра дәріптеуге болмайды. Бірақ ол басқа тәсілдердің жанында 

біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объек-

тивті мағлұмат алудың маңызды құралы. 

Зерттеудің сандық – сапалық талдау деңгейіне, шешілетін 

мәселелердің  ауқымына  және  қиындығына  қарай  қолданбалы 

әлеуметтік зерттеулерді негізгі үш топқа бөліп қарастырады:

- барламалық әлеуметтік зерттеулер;

- сипаттамалық әлеуметтік зерттеулер;

- талдамалық әлеуметтік зерттеулер.

Барламалық зерттеу өзінше бір сынақ болып есептеледі және 

негізгі жұмысқа дайындық сапасын тексеруге арналады. Оның 

қамтитын  зерттеу  ауқымы  шағын  болады  және  жеңілдетілген 

бағдарламамен шектеулі зерттеу құралдарына негізделеді. Бар-

ламалық  зерттеу  кезінде  болашақ  негізгі  зерттеудің  барлық 

құрамдас  бөліктері  тексеруден  өтеді,  оның  міндеттері  және 

болжамдары  анықталады,  негізгі  ұғымдарды  операцияландыру 

сапасы тексеріледі, зерттеу құралдары анықталады, зерттеу ауқы-

мының  шекаралары  нақтыланады,  зерттеу  барысында  кездесуі 

мүмкін  қиындықтар  қарастырылады,  мағлұматтар  жинау  тобы 

тәжірибе жинақтайды.

Сипаттамалық  зерттеу  –  нақтылы  әлеуметтік  талдаудың 

күрделенген түрі. Өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне 

сәйкес ол зерттеліп жатқан құбылыс туралы және оның құрамдас 

бөліктері жайында толық мағлұмат беретін тәжірибе деректерін 

пайдаланады. Сипаттамалық зерттеу жеткілікті түрде өңделген 

бағдарламалар мен әдістемелік тұрғыдан талдап алынған құрал-



V Конгресс социологов Казахстана 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал