Социально-экономическая история



жүктеу 5.1 Kb.

бет20/23
Дата08.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Резюме 
В настоящей статье рассматриваются научные труды и достижения казахской интеллигенции Монголии, вернув-
шихся на историческую родину. Также в ней речь идет о личностях, внесших весомый вклад в развитие просвеще-
ния, национальной культуры, литературы и истории.                                                             
 
Summary 
This article discusses the research work and accomplishments of the Kazakh intelligentsia Mongolia, having returned to 
their historical homeland. Also, it refers to the personalities who have made a significant contribution to the development of 
enlightenment, national culture, literature and history. 
 
ҚАЗАҚСТАН МЕН САУД АРАБИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Б.Ж. Мұстафаев – «Шығыстану» мамандығыны  2 курс магистранты, Л.Н. Гумилев атындағы Е У 
 
Қазақстан  тəуелсіздігіне  қол  жеткізгеннен  бері  көпвекторлы  бағытты  ұстана  отырып,  сыртқы  саясат 
саласында  дүние  жүзі  қауымдастығы  елдерімен  қоғами  өмірдің  барлық  бағыттарында  тең  дəрежеде 
қарым-қатынас  орнатуға  мүдделі.  Еліміз  шет  елдермен,  оның  ішінде  салт-дəстүрлеріміз  жəне  мəдени 
түбіріміз  ұқсас  араб  елдерімен  өзінің  геосаясаттық  орнына  лайық  ынтымақтастық  орнатуды  оңтайлы 
шешіп келеді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан-2030” страте-
гиясында:  «2030  жылы  біздің  ұрпақтарымыз  бұдан  былай  əлемдік  оқиғалардың  қалтарысында  қалып 
қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразияның орталығы бола отырып, жедел 
өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің жəне Мұсылман əлемінің арасындағы эконо-
мика мен мəдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады», немесе «Таяу жəне Орта Шығыс 
елдерімен  де  қарым-қатынастарымыз  тиісті  деңгейде  нығая  береді»  деген  еліміздің  белсенді  сыртқы 
саясаты жөнінде сөз қозғаған болатын [1]. Сол стратегияның жалғасы есебінде 2012 жылдың 14 желтоқ-
санында Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жаңа 
бағдарламасын халыққа жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев осы жолдауында былай дейді: «Біздің басымдық-
тарымыз өзгермейді – көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, сондай-ақ АҚШ-
пен, Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті дамыту мəселесі болып табылады. Қазақстан ИЫҰ-ның 
белсенді  қатысушысы  бола  отырып,  Таяу  Шығысты  реттеу  процесінің  бейбіт  сипатына  шын  жүректен 
мүдделілік  танытады.  Араб-ислам  əлеміндегі  халықтық  толқудан  босаған  күш-қуаттың  жасампаздық 
арнаға бағытталып, аймақтың əлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге қызмет етуі маңызды» 
[2]. Демек, Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы басым бағыттарды əрі қарай дамыта беретін болады.  
Халықаралық  қоғамдастықпен  жан-жақты  ынтымақтастық  орнатуға  бет  алған  Қазақстан  үкіметінің 
сыртқы  саясатында  мұсылман  əлемі  елдері  лайықты  орынға  ие  болуы  табиғи  шарт.  Бұрынғы  кеңес 
одағын  құрап,  оның  көлеңкесінде  тасалап  келген  Орталық  Азия  мемлекеттері  тəуелсіздікке  ие  болуы 
нəтижесінде тарихи тұрғыдан ұқсас əрі жақын географиялық, діни-мəдени белдеуде орналасқан халықтар 
жібі  үзілген  дəстүрлі  қатынастарын  жаңғыртуға  мүмкіндік  алды.  Үш  құрлықты  өзара  түйістірген,  зор 
саяси  жəне  экономикалық  мүмкіншіліктерді  иемденген,  геостратегиялық  жағына  аса  ыңғайлы  мекенде 
орналасқан, бай отын-энергетика, қаржы-несие, əлемнің маңызды теңіз коммуникацияларына ие мұсыл-
ман белдеуінің елдері бүгінгі күні əлемдік саясат деңгейінде ерекше маңызға ие екені мəлім.  
Орталық Азия мен Таяу шығыс аймақтарының геостратегиялық, саяси-экономикалық жағдайларының 
ұқсастығы, түрлі халықаралық мəселелер бойынша  ұстанып отырған саяси  тұғырларының жақындығы, 
халықтарының мəдени жəне рухани бауырластығы Қазақстан мен мұсылман əлемі арасындағы ынтымақ-
тастықты нығайтуға берік негіз бола алады. Аталған міндеттің табысты іске асырылуы сайып келгенде 
Қазақстанның халықаралық қоғамдастықта дəйекті əрі белсенді енуін қамтамасыз етіп, сол арқылы оның 
ұзақ мерзімді ұлттық мүдделеріне сай келмек [3, 153 б.].     
Еліміздің сыртқы саясаты жүйесінде Таяу Шығыс аймағы маңызды орын алады. Бұл аймақта қомақты 
адами жəне экономикалық ресурстар, əлемдік көмірсутегі шикізат қорының үштен екі бөлігі шоғырлан-
ған. Аталған факторлар қазіргі халықаралық қатынастардағы Таяу Шығыстың  рөлін əрі қарай арттыра 
бермек [4, 185 б.].     
Байқағанымыздай,  еліміздің  сыртқы  саясатының  аса  маңызды  бағыттарының  бірі  ислам  əлемімен 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
154 
достық қатынастарды ұстану болып табылады. Бұндай ұстаным елдің сыртқы позицияларының күшеюіне 
əкеліп, Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа саяси жəне экономикалық интеграциялануына көмек-
тесіп,  қазақстандық  дипломатияның  азиялық,  таяушығыстық,  мұсылмандық  сияқты  маңызды  бағытта-
рындағы мүмкіндіктерінің кеңеюіне жол ашады. 
Қазақстанның  мұсылман  əлемімен  өзара  қатынастарының  негізгі  ажырамас  бөлігіне  араб  елдерімен 
байланыстары жатады. 
Араб  əлемі  еліміздің  тəуелсіздігін  үлкен  қуанышпен  қарсы  алып,  оның  барлық  ішкі  жəне  сыртқы 
акцияларын қолдады, біздің жас мемлекетімізбен жан-жақты байланыстарды орнатуға белсенді қатысты. 
Қазақ жəне араб халықтарының рухани жақындастығы да елеулі рөлін қосып, біздің мемлекеттеріміздің 
бір-біріне тартылуына əкелді. Араб елдерінің Қазақстанға басқа елдермен салыстырғанда жақын геогра-
фиялық орналасуы да маңызды болып отыр. Жəне де олардың көліктік-коммуникациялық əлеуеті, соны-
мен қатар қазақстандық тауарлар үшін нарығының кеңдігі еліміздің қызығушылығын туғызуда [5, 19 б.]. 
Осы  уақытқа  дейін  Қазақстан  Республикасы  көптеген  араб  елдерімен  қарым-қатынас  орнатып, 
олармен  саяси,  экономикалық,  мəдени  т.б.  байланыстарды  дамытып  келеді.  Атап  айтсақ  төмендегідей 
араб елдерімен дипломатиялық қатынастар орнатылған: Бахрейн Корольдігі, Египет Араб Республикасы, 
Марокко Корольдігі, Ұлы Социалистік Халықтық Либия Араб Жамаһириясы Сирия Араб Республикасы, 
Катар Мемлекеті, Оман Сұлтандығы, Біріккен Араб Əмірліктері, Палестина Мемлекеті, Сауд Арабиясы 
Корольдігі, Алжир Халық Демократиялық Республикасы, Ливан Республикасы, Ирак Республикасы. 
Осы елдердің арасынан Сауд Арабиясы Корольдігі мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-
қатынасқа тоқталып өтейік.  
Сауд Арабиясы корольдігі (Əл-Мамляка əл-Арабия əс-Саудия) – Арабия түбегінде орналасқан мемле-
кет. Жер аумағы 2,240 млн км
2
. Халқы 22,7 млн (2002). Астанасы – Əр-Рияд қаласы. Əкімшілік жағынан 
13  округке  бөлінеді.  Сауд  Арабиясы  абсолюттік  монархия.  Мемлекет  жəне  үкімет  басшысы,  қарулы 
күштердің  қолбасшысы  –  король.  Король  үкіметті  құрады  жəне  жоғарғы  лауазым  иелерін  тағайындап, 
орнынан босата алады. Сауд Арабиясы үкіметі заң жобасын дайындайды, мемлекетаралық келісімдерді 
бекітеді, ішкі, сыртқы саясат, экономика, қаржы мəселелері жөнінде тиісті шешім қабылдайды.  
Сауд  Арабиясы  –  дүние  жүзіндегі  ірі  мұнай  өндіруші  жəне  өңдеуші  елдердің  бірі.  Дүние  жүзіндегі 
мұнай қорының төрттен бірі Сауд Арабиясы жер қойнауында шоғырланған. Шикі мұнай қоры 261,7 млрд 
баррел немесе 35 млрд тонна, табиғи газы шамамен 6,339 трл м
3
. Мұнай елге экспорттан түсетін пайда-
ның 90%-ын құрайды. Елде жеңіл өнеркəсіп жəне металлургия, мұнай мен газ өңдеу, химия, тыңайтқыш-
тар, құрылыс материалдарын шығару дамыған. Мекке қаласында жылына қажылыққа 5 млн. адам келе 
алатындай жағдай жасалған.  
Сауд Арабия Корольдігі Таяу Шығыс елдерінің арасында экономикалық жағынан алғанда аса дамыған 
ел.  Елдің  ¾  бөлігі  шөл  дала  болғанына  байланысты  мемлекет  ауыл  шаруашылық  техникасын,  құрал-
сайман  сатып  алуға,  ирригациялық  құрылыстарға  жəне  жол  салуға  өте  көп  қаражат  бөлді.  Соның 
арқасында бұл ел бидайды жəне басқа ауыл шаруашылық өнімдерді экспортқа шығаруға мүмкіндік алды. 
Экономикалық  қиыншылықтарға  қарамастан,  Сауд  Арабиясы  дүние  жүзіндегі  ең  бай,  аса  тұрақты, 
өмір сүру деңгейі жоғары елдер қатарына жатады [6].  
Сауд Арабиясының беделінің артуы, ол жерде исламның түпқазығы болып табылатын тарихи орындар 
бар.  Оларды  корольдік  көзінің  қарашығындай  сақтап,  бүкіл  жер  жүзіне  исламның  не  екенін  паш  етіп 
отыр. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы Батыс елдермен, АҚШ-пен тығыз сауда-экономикалық байланыс 
жүзінде  исламды  уағыздау,  ұлттық  мүдделерін  қорғауда  мұсылман  мемлекеттеріне  көмек  көрсету,  бұл 
елдердің ішкі ісіне араласпау болып табылады.  
Сауд  Арабиясы  Корольдігі  (САК)  араб  жəне  мұсылман  елдерінен  бірінші  болып  1991  жылы  30 
желтоқсанда Қазақстан тəуелсіздігін таныды.  
Қазақстан – Саудия ресми қатынастары 1992 жылдан басталды деуге болады. Сол кезде Сауд Арабия-
сы сыртқы істер министрі Принц Сауд аль-Фейсал Қазақстанға ресми сапармен келу ынтасын білдірген 
болатын.  Оған  дейінгі  қатынастар  сыртқы  істер  министрліктері  тарапынан  жүргізіліп  тек  екі  жақпен 
танысу сипатында болды. 
1992 жылдың маусымыда Сауд арабиясы корольдігінің Сыртқы істер министрлігі Еуропа Департамен-
тінің бастығы Ханзада Турки Қазақстанға келді. Оны Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрін 
қабылдады. Ал 1993 жылы ақпан айында ҚР сыртқы істер министрлігінің аса маңызды шаруалар бойын-
ша елшісі қысқа сапармен Эр-Риядта болған кезінде Сауд Арабиясы Корольдігінің сыртқы істер министрі 
Саль-Файсальдың  қабылдауында  болып,  Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан  Əбішұлы  Назарбаевтың 
Король Фахдқа жеке жолдамасын тапсырды. 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
155 
Содан  бастап  біртіндеп  Қазақстан  Саудия  арасындағы  экономикалық  байланыстар  орнай  бастады 
деуге болады. 1993 жылы желтоқсанда Қазақстан Саудияның Даму Фондының миссиясы келіп, Қазақстан 
министрліктерімен  кездесіп,  біраз  жобаларды  қаржыландыру  мəселесін  талқылады.  1993  жылдың  3-
қазанынан 27-қаңтарға дейін Қазақстанда Ханзада Мухаммед Бек Бандар болды. Ол Қазақстан экология 
жəне биоресурстар министрлігімен Қызыл Кітапқа жазылған құстарды қорғау жайында келіссөз жүргізді. 
Келіссөз  нəтижесінде  Ханзада  мен  министрлік  арасында  Экологиялық  қор  құру  туралы  келісімге  қол 
қойылды. Ол қордың жарғылық капиталы 2 млн долларды Ханзада жеке өзі салды. 
Сауд  Арабиясы  мен  Қазақстан  арасындағы  байланыстың  нақты  орнауы  1994  жылы  30-көкекте 
Қазақстан Сыртқы Істер Министрі Қ.Б. Саудабаевтың Эр-Риядқа сапарынан басталды. Мұнда Қазақстан 
мен  Сауд  Арабиясы  арасында  дипломатиялық  қатынас  орнату  жөнінде  Хаттамаға  қол  қойылды. 
Қазақстан  Министрін  Король  Фахд  қабылдады.  Келіссөз  барысында  Қазақстанға  Сауд  Арабиясының 
сауда-өнеркəсіпкерлерін жіберіп, қарым-қатынасты нығайту мəселесі келісілді. 
Сонымен қатар, 1994 жылдың тамызында Қазақстанға Сауд  Арабиясының əскери мамандары келіп, 
ҚР қорғаныс министрлігімен келіссөздер жүргізді [5, 29 б.]. 
1993-1994  жылдарда  Қазақстан  мен  Сауд  Арабиясы  жақсы  дəрежеде  дипломатиялық  қатынастар 
жүргізіп отырды да, ҚР Президентінің Сауд Арабиясына Ресми сапары даярланды. 
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы байланыстарды жəне де бүкіл араб дүниесімен қатынастар-
ды жаңа биік дəрежеге көтерген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Сауд Арабиясы 
Корольдігіне ресми сапары болды. Ол 1994 жылы 25-28 қыркүйекте өтті. Сапар кезінде ҚР Президенті 
Король Фахд Бен Абдель Азизбен кездесті. Ол екі ел арасындағы тарихи байланыстардың қайта жаңғыр-
ғанына ризашылығын білдіріп, Қазақстанның егемендік алуының мұсылмандар қоғамына да маңызы зор 
екенін атап өтті. Саудия мемлекеті басшысы ҚР Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың Орталық 
Азия мен түгел ТМД елдері арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған салмақты 
саясатын  аса  жоғары  бағалады.  Сауд  Арабиясы  өздерінің  компаниялары  мен  іскер  адамдарының 
Қазақстанның экономикасы, мұнай өнеркəсібі, ауыл шаруашылығы, сауда, жеке бизнес салалары бойын-
ша қатынастарын əрқашан қолдайтынын білдіреді. Король Фахд Қазақстанның егемендігіне, мемлекеті-
нің күшейуіне өз көмегін аямайтынын жəне ішкі істеріне араласпайтынын, алдын-ала ешбір шарт қоймас-
тан жан-жақты байланыстардың пəрменділігін арттыруға ат салысатынын айтты. 
Сапар кезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Ханзада Абдалла Бен Абдель Азизбен, 
Премьер-министрдің  Екінші  орынбасары,  қорғаныс  жəне  авиация  министрі  Ханзада  Сұлтанмен,  Парсы 
Шығанағы  араб  мемлекеттерінің  өзара  көмек  Кеңесінің  Бас  хатшысының  орынбасары  Абдалла  аль-
Кувейзимен кездесіп, екі жаққа қатысты мəселелер бойынша келіссөздер жүргізді. 
ҚР Президенті  Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың  Сауд Арабиясына сапары  тек корольдік пен араб 
елдерінде  ғана  емес  бүкіл  дүние  жүзінде  жақсы  резонанс  тудырды.  Қазақстан  мен  Сауд  Арабиясы 
арасында орнаған қарым-қатынасқа орай сапардың мақсаты мынау еді: екі ел басшылары арасында  сенім 
орнату, Саудияны Орталық Азия мемлекеттері жағына тарту, жеке бизнесті Қазақстанға тарту жəне екі 
жақты  байланыстар  үшін  шарттық  құқықтық  негіз  қалау.  Біздің  ойымызша  осы  мақсаттардың  бəрі  өз 
нəтижесіне  жетті.  Олай  дейтініміз  сапар  кезінде  сауда-экономикалық,  инвестиция  мен  мəдениет,  спорт 
жəне  жастар  ісі  жөнінде  Бас  келісімге  қол  қойылды.  Сапар  нəтижесі  бойынша  бірлескен  коммюнике 
қабылданды [5, 31 б.] . 
Осыдан бастап Қазақстан – Саудия қатынастары орнап, жаңа деңгейге көтеріле бастады деуге болады. 
Екі  мешіттің  сақтаушысы,  Алла  жанын  жаннаттан  берсін  Король  Фахд  бен  Абдел  Əзиздің  тікелей 
шақыруымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2004 жылы наурыз айында Сауд Арабиясына тағы бір маңыз-
ды  сапармен  барды.  Бұл  сапар  екі  ел  басшысының  арадағы  қарым-қатынасына  жаңа  серпін  беріп,  оны 
одан  əрі  дамытып,  нығайтуға  көзделген  ой-ниетінің  шешімділігін  тереңдетудің  жарқын  куəсі  болып 
табылды. 
Осынау сапар кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сауд басшыларымен маңызды кездесулер өткізді. 
Олардың  ішінде  ең  маңызды  кездесулер  –  Король  Абдалла  бен  Абдел  Əзизбен,  сондай-ақ,  Жоғары 
Мəртебелі Король бекзадасы Сұлтан бен Абдел Əзизбен (ол уақытта Премьер-министрдің екінші орынба-
сары) өтті. 
Жүргізілген келіссөздер барысында өңірдегі оқиғалардың дамуы, сондай-ақ ислам мен халықаралық 
өмірдегі болып жатқан қатынасқа қатысты екі жақтың ұстанымы талқыланды. Екі ел арасындағы ынты-
мақтастықты дамытудың келешегі, осынау өзара пайдалы ынтымақтастықты барлық салаларда одан əрі 
нығайту жолдары көзделді. Екі елдің министрлері екі мемлекет арасында қол қойылған құжаттарда маз-
мұндалған уағдаластықтарды өмірге енгізу жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдау туралы тікелей 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
156 
тапсырмалар алды. Солардың ең маңыздысы – екі мемлекет пен олардың экономикалық салмағына сəйке-
се алатындай, жыл сайынғы тауар айырбасы деңгейін арттыруды қарастырған сауда саласындағы қол қо-
йылған құжат. Осы сапардың ең маңызды нəтижесі – осы елдегі мүмкіндіктерді көзбен көріп, танысу мақ-
сатында Қазақстанға сауд бизнесмендерінің келуі. Бұл сапар елге инвестиция салудың көздерін іздестіру 
мен  елде  қаржы  салуға  болатын  мүмкіндіктерді  көзбе-көз  көрумен  қатар,  сондай-ақ,  Қазақстан  үкіметі 
сауд инвесторларына ұсынып отырған жеңілдіктерді талқылау мақсатын көздеді. Бірлескен компаниялар 
мен акционерлік қоғамдарды құру идеясы пайда болды, олардың жұмыстарына екі елдің бизнесмендерін 
қатыстыру көзделді. Бірінші кезекте бұл маңызды экономикалық жобаларға қатысты болатын. 
Екі ел арасындағы сауда жəне экономикалық ынтымақтастыққа қатысуға ниет білдірген компаниялар 
мен ұйымдар туралы жеткілікті ақпарат ұсыну мақсатында компаниялар мен көмекші ұйымдар арасында 
тікелей  байланыс  орнату  қажеттілігін  де  дəлелдеді.  Мұнай  өндіру,  энергетика,  мұнай-химия  өнеркəсібі 
саласындағы компаниялардың қызметін жандандыруға ерекше көңіл аударылды, өйткені екі елде де осы 
салаларда қызмет көрсетудің үлкен тəжірибесі жинақталған. 
Екі  ел  арасындағы  мəдени  жəне  рухани  ынтымақтастыққа  айрықша  көңіл  бөле  отырып,  Қазақстан 
Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  Сауд  Арабиясының  діни  қайраткерлерімен,  Дүниежүзілік  Ислам 
лигасының  жауапты  тұлғаларымен  де  кездесті.  Осылайша  Қазақстан  ұзақ  жылдар  осы  елдегі  ислам 
мəдениетінің дамуына залалды ықпалын тигізіп келген кеңес үстемдігінен кейін қайтадан ислам мəдение-
ті мен өркениетінің бір бөлігі болу тілегін паш етті. 
Осыдан  бастап,  Қазақстан  Республикасы  барлық  халықаралық  ислам  форумдарына,  соның  ішінде 
Сауд Арабиясы аумағында өтетін форумдарға жүйелі түрде қатыса бастады [7, 93 б.]. 
Бүгінге  дейінгі  екі  ел  арасындағы  қарым-қатынастардың  нəтижедері  қандай  деген  сұраққа  жауап 
іздесек,  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы  істтер  министрлігінің  ресми  сайтындағы  деректер  бойынша 
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылған: 
Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі (САК) арасындағы дипломатиялық қатынас-
тар 1994 жылғы 30 сəуірде орнатылды. Қазақстан Республикасының Эр-Риядтағы Елшілігі 1996 жылдың 
мамыр айында ашылды. ҚР САК-гі Елшісі Б.Тасымов. Сауд Арабиясының Қазақстандағы Елшілігі 1997 
жылдың наурыз айында ашылды. САК Астанадағы Елшісі Əбділмəжид Хаким.  
Екі  ел  арасындағы  достық  қатынастардың  одан  əрі  нығаюына  САК  Премьер-министрінің  екінші 
орынбасары, Қорғаныс жəне авиация министрі, Бас инспектор Ханзада Сұлтан бен Əбділ Əзіздің (2005 ж. 
1 тамыздан бастап Тақ мұрагері) 2000 жылғы Қазақстанға сапары жəне ҚР Президентінің 2004 жылдың 
наурызда өткен екінші ресми сапары өз септігін тигізді. Өткен мерзімде екі ел арасында түрлі деңгейде 
бірқатар өзара сапарлар ұйымдастырылды. 
Сауд Арабиясына ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев (1994 ж.), білім, мəдениет жəне денсаулық 
сақтау министрі Қ.Көшербаев (1997 ж.), Парламенті Сенатының төрағасы Ө.Байгелді мен Н.Əбіқаев (1997 
жəне 2006 жж.), Жоғары сот төрағалары М.Нəрікбаев, Қ.Мами жəне М.Əлімбеков (1998, 2001 жəне 2010 
жж.), Экология жəне табиғи ресурстар министрі С.Дəукеев (1998 ж.), Қорғаныс министрі С.Тоқпақбаев 
(2002 ж.), Мəдениет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрі М.Құл-Мұхаммед (2002 ж.), Əділет минис-
трі  О.Жұмабеков  (2004  ж.),  Сыртқы  істер  министрінің  орынбасарлары  А.Шəкіров  жəне  Н.Ермекбаев 
(2005 жəне 2008 жж.), Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаев (2009 ж.), Индустрия жəне сауда 
министрі Ə.Исекешев (2010 ж.), Ішкі істер министрі С.Баймағанбетов (2010 ж.), Конституциялық кеңестің 
төрағасы И.Рогов, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы О.Жұмабековтің (2010 ж.) сапарлары болды. 
Қазақстанға Сауд Арабиясы Консультативтік кеңесінің төрағалары Ибрагим бен Джубейр, Салех бен 
Хумейд жəне Абдалла Əл аш-Шейх (1998, 2006 жəне 2009 жж.) Əділет министрі Абдалла Əл аш-Шейх 
(2002 жəне 2008 жж.), Сауда жəне индустрия министрі Хашим əл-Ямани (2006 ж.), Дін, уақф жəне үндеу 
министрі  шейх   Салех  Əл  аш-Шейх  (2007  ж.),  Сыртқы  істер  жөніндегі  мемлекеттік  министрі  Низар 
Мадани (2008 ж.), Экономика жəне жоспарлау министрі Халед əл-Кусейби (2009 ж.), Туризм жөніндегі 
жоғарғы  комиссиясының  төрағасы  ханзада  Сұлтан  бен  Салман  (2009  ж.),  Денсаулық  сақтау  министрі 
Абдалла ар-Рабия (2010 ж.) сапар жасады. 
2011 сəуірінде ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыханов ресми сапармен Риядта болып қайтты. 
Сауд Арабиясы еліміздің инфрақұрылымын дамытуға белсенді қатысты. ҚР Парламенті Сенаты ғима-
раты (15 млн. долл. астам), Астана қаласындағы кардиоорталық (12  млн. долл.), Осакаровка-Вишневка 
көлік  жолы  (12  млн.  долл.),  Петропавл  қаласындағы  мешіт  (2  млн.  долл.)  жəне  т.б.  жобаларды  жүзеге 
асыруға гранттар бөлді. 
Сауда-экономикалық  ынтымақтастық  жөніндегі  Қазақстан-сауд  үкіметаралық  комиссиясының  үш 
отырысы өтті – 1999 жəне 2009 жж. Астана қаласында, 2004 ж. Рияд қаласында. 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
157 
Жыл  сайын    4  мыңға  жуық  қазақстандықтар  қажылық  жəне  умра  жасау  мақсатында  Мекке  жəне 
Медина қалаларына сапар шегеді. 
ҚР мен САК арасындағы тауар айналымының көлемі 2011 жылы 14 млн. долл. құрады. 
Қазақстан-сауд қатынастарының шарт-құқықтық базасы 14 құжатқа негізделген [8]. 
Сауд Арабиясы Корольдігі аймақтың қуатты қаржылық жəне экономикалық əлеуеті бар аса дамыған 
елдерінің қатарына жатады. Корольдіктің əлемдегі ірі мұнай ресурстарын иеленуші жəне сыртқа шығару-
шы ретіндегі мəртебесі əлемге аян. 
Сауд Арабиясының жағдайына оның аумағында мұсылмандардың ең басты қасиетті орындары Мекке 
мен  Мединаның  болуы  айрықша  сипат  береді.  Осы  маңызды  жағдай  Сауд  сыртқы  саясатының  негізгі 
қағидаттарын  айқындауда,  ол  бүкіл  əлемде  исламды  қолдауға  жəне  мұсылман  мемлекеттеріне  көмек 
көрсетіп, демеуге бағытталған.  
Елдің сыртқы саясатында ислам құндылықтарын насихаттауға жəне қорғауға Араб жəне Ислам мемле-
кеттерінің ынтымақтастығын нығайтуға басымдық беріледі. Діни жəне этникалық қағидаттарға негіздел-
ген аймақтағы ықпалды саяси жəне қаржы мекемелері: Ислам конференциясы ұйымы, Ислам Даму Банкі, 
Парсы  шығанағы  араб  мемлекеттерінің  ынтымақтастық  кеңесі  жəне  басқаларды  құруда  нақ  Корольдік 
шешуші рөл атқарғанын атап ету керек.  
Екі жақты қатынастарда жинақталған оң тəжірибелерге қарамастан Қазақстан-Сауд ынтымақтастығы-
ның  əлеуеті  толық  іске  асырыла  қойған  жоқ.  Бұл  үдерісті  тежеп  отырған  себептердің  арасында  кейінгі 
уақытта екі елдің сыртқы экономикалық белсенділігінің жалпы төмендеуін бөліп айтуға болар еді, бұл екі 
мемлекетті  жалғастырып  жатқан  тікелей  көлік  дəліздерінің  болмауы  сияқты  ішкі  сипаттағы  себептерге 
байланысты. 
Дегенмен,  екі  ел  арасындағы  саяси,  мəдени,  ғылыми,  экономикалық  қарым-қатынастар  болашақта 
жоғары деңгейге жетеді деп сенеміз. 
 
1. http://www.akorda.kz/kz/category/gos_programmi_razvitiya 
2.  Назарбаев  Н.  « аза/стан-2050»  Стратегиясы  /алыптас/ан  мемлекетті   жа а  саяси  бағыты  //  Егемен 
аза/стан 15 желто/сан 2012 жыл. 
3. Тайжан Болатхан. Аталы с;здер: Елші кCнделігінен. 1-кітап. – Алматы, 2007. – 300 б. 
4. Токаев К. Дипломатия Республики Казахстан. – Астана: Елорда, 2001. – 552 с. 
5. Амреев Б. Казахстан и Саудовская Аравия. – Астана: Елорда, 2003. – 280 с. 
6. http://www.krugosvet.ru/enc/strany_mira/SAUDOVSKAYA_ARAVIYA 
7. Маджед бен Абдель Азиз Ат-турки. Свет власти в Казахстане Президент Нурсултан Назарбаев. – Эр-Рияд, 
2007. – 108 с.       
8 http://mfa.gov.kz/kz/#!/kazakstannyin_syirtkyi_sayasatyi/kazakstannyin_ 
yintyimaktastyigyi/ aziya_jəne_afrika_memleketteгmen_katyinastar 
 

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал