Социально-экономическая история



жүктеу 5.1 Kb.

бет18/23
Дата08.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Резюме 
В  статье  рассматриваются  проблема  развития,  состояния  казахских  школ  Казахстана  в  20-40-е  годы  ХХ  века. 
Состояния  казахских  школ  в  20-40-е  годы  ХХ  века  следует  рассматривать  в  контексте  культурной  революции, 
которая создавала совершенно иные условия для формирования личности в данный период. В середине 20-х годов 
система начального образования в Казахстане далеко не соответствовала своим задачам.  
 
Summary 
In the article we consider the problem of development and conditions of Kazakh schools of Kazakhstan in the 20-40s of 
the  twentieth  century.  The  conditions  of  Kazakh  schools  in  the  20-40s  of  the  twentieth  century  should  be  viewed  in  the 
context of the Cultural Revolution, which created completely different requirements for the formation of the individual in a 
given period. In the mid-20s the primary education system in Kazakhstan was not consistent with its goals. 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
139 
СЕЙДƏЗІМ ҚАДЫРБАЕВ ОРЫНБОР МҰҒАЛІМДЕР МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ 
 
М.Қ. Қуандықова – Магистратура жəне PhD докторантура институтыны  
6М011400 – тарих мамандығыны  2 курс магистранты, Абай атындағы  аз ПУ 
 
Еліміздің  өткен  тарихында  Алаш  қозғалысы  қайраткерлерінің  алар  орны  ерекше.  Олар  өз  ұлтының 
бостандығы жолында басын бəйгеге тігіп, туған елін отаршылдықтың бұғауынан босату, тəуелсіз мемле-
кет құру жолында атқарған қызметтері мол. Жалпы, қазақ халқының тарихында азаттық аңсап, тəуелсіз-
дікке жету жолында күрескен тарихи тұлғалар аз емес. Дегенмен де, Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 
өзіндік ерекшілігі бар екенін айта кеткен жөн. Бұған дейінгі бостандық үшін басын бəйгеге тіккен тұлға-
лар өз мақсаттарын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жүзеге асырмақ болса, Алаш қозғалысы-
ның қайраткерлері халықты оқу-білімге шақырып ағартушылық арқылы, ұлттық санасын ояту арқылы, 
саяси партия құрып күресті саяси жолмен жүргізді. Осы жолда аянбай еңбек етіп қызмет жасағандардың 
бірі, ұлт жанашыры, қайраткер Сейдəзім Қадірбаев болған еді. Олардың осы жолды таңдап ұлт мүддесіне 
қызмет жасауына өскен ортасы, алған тəрбиесі мен білімі, қазақ өлкесінде қалыптасқан əлеуметтік-саяси 
жағдай т.б. мəселелер əсер еткен болатын. Мақаламызда С.Қадырбаевтың тұлғалық қалыптасуына септі-
гін тигізген факторлардың бірі Орынбордағы қырғыз (қазақ) мұғалімдер мектебінде оқыған кезін, мектеп 
қабырғасында оқыған пəндері, сабақ үлгерімі жөнінде сөз етпекпіз. 
Сейдəзім Қадірбаев 1885 жылы Торғай уезі, Науырзым болысындағы Сарықопа (Тобыл алабындағы 
көл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы) бойында ауқатты адамның отбасында дүниеге келген. 
Алғыр да зерек бала Сейдəзім  алғаш мұсылманша сауаты бар ауыл адамдарынан хат танып, кейін оқуын 
ауыл мектебінде жалғастырады. Одан соң Торғай қаласындағы екі жылдық орыс-қазақ мектебінде оқыған 
[1].  Ал,  1901  жылы  Орынбордағы  қырғыз  (қазақ)  мұғалімдер  мектебіне  қабылданып,  оны  1905  жылы 
бітірген [2].  
Ол  кезеңдегі  қазақ  өлкесінде  ашылған  орыс-қазақ  мектептері  екі  түрде  болды:  4  жыл  оқытатын  бір 
класты  мектептер  жəне  6  жыл  оқытатын  екі  класты  мектептер.  Бір  класты  мектептер  бастауыш  білім 
берді. Ал екі класты мектептерде балаларға орыс тілі тереңдетіліп оқытылып, сонымен қатар арифметика, 
жаратылыстану, бейнелеу, тарих жəне жағрапия пəндерінен де білім берілді. 
Білім жүйесіндегі оқу бағдарламалары алғаш татар мұғалімдер мектебінің оқу бағдарламасы негі-
зінде жасалғанмен, кейін өкімде көрсетілгендей бұл мектептің оқу жоспарына біраз өзгерістер енгі-
зілген.  Ал,  1892  жылдың  екінші  жартысынан  бастап  мектепке  орыс  тəлімгерлерінің  қабылдануына 
байланысты оқу бағдарламасына «Құдай заңы» (Закон божий) пəнін оқыту да енгізілді. Сол өзгеріс-
терге сəйкес Орынбор қырғыз (қазақ) мұғалімдер мектебінің оқу жоспарында мынадай пəндерді оқы-
ту  қарастырылды:  «Құдай  заңы»  (Закон  божий),  арифметика,  гимнастика,  орыс  тілі,  əн-күй,  геоме-
трия, тарих, педагогика, жаратылыстану, дидактика, ұқыпты жазу (чистописание), гигиена, бейнелеу, 
медицина, қырғыз (қазақ) тілі, еңбек [3]. 
Біз мақаламызда қарастырып отырған Сейдəзім Қадырбаев оқыған жылдары да оқу жоспарында осы 
аталған пəндер болған екен. Оның осы пəндер бойынша қалай оқығаны, жалпы сабақ үлгерімін тапсырған 
емтихандарынан байқауға болады.  
 
Орынбор қырғыз (қазақ) мұғалімдер мектебінің 3 сынып оқушыларының 
1904 жылдың 24 ақпанындағы жаратылыстану пəнінен емтихан тапсырған 
оқушылардың тізімі мен алған бағаларының көрсеткіші 
 
Устное испытание 
 
 
 
За 
год 
Ю.П. Сан-Лоран 
М.Н. Лещенков 
Н.М. Андрежев 
Общий 
балл 
Средний 
вывод 
Приме-
чание* 
 
Вашутин 






11 билет 
Гаврилов 






8 б. 
Журавлев 






12 б. 
Зубков 






5 б. 
Кадирбаев 






1 б. 
Назаров 






3 б. 
Сиротенков 






7 б. 
Тайпаков 






6 б. 
ҚР ОММ. И-95-қор, 2-т, 183 іс, 1 п. [4]. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
140 
Кестеден  жаратылыстану  пəні  бойынша  С.Қадырбаевтың  тапсырған  емтихан  нəтижелерін  көруге 
болады.  Емтихан  тапсырғандағы  ведомостағы  бағаларына  сыныптастарымен  салыстырып  қарағанда 
оның жақсы оқитын зерек оқушы болғаны байқалады. Оны емтихан тапсыру барысында алған «жақсы» 
жəне «өте жақсы» деген бағалары көрсетіп тұр.    
Адам анатомиясы жəне физиология пəні бойынша 1904 жылдың 27 сəуірдегі емтихан қорытындысы: 
Журавлев, Зубков, Сиротенков, Тайпаков, Гаврилов «жақсы» жəне «өте жақсы», ал Қадырбаев, Вашутин 
жəне Сиротенков «жақсы» жəне «қанағаттандырарлық» деген бағалар алады [5]. Емтихан тапсыру кезінде 
С.Қадырбаев алған №15 билетте мынадай сұрақ берілген екен: «Понятие о малом и большом круге крово-
обращения. Главнейшие кровеносные сосуды человеческого тела» [6]. 
Педагогика пəні бойынша 1904 жылдың 12 мамырдағы емтихан қорытындысы: Журавлев «өте жақ-
сы», Қадырбаев, Вашутин, Назаров, Тайпақов жəне Сиротенков «жақсы» жəне «өте жақсы», ал Гаврилов 
«жақсы» жəне «қанағаттырарлық» деген баға алады [7]. Оқушы Қадырбаевтың ауызша сынақтың барлы-
ғынан  5  деген  жауап  алса  да,  жылдық  бағасы  4-ке  қорытылады.  С.Қадырбаев  алған  педагогика  пəні 
бойынша №2 билеттің сұрағы: «Дидактический и научный метод. Общие методы: аналитический, синте-
тический и генетический» [8]. 
Орыс  тілі  пəні  бойынша  1904  жылдың  29  сəуірдегі  емтихан  қорытындысы  бойынша:  Қадырбаев, 
Журавлев жəне Тайпақовтың орташа балдары «өте жақсы», Вашутин, Назаров, Сиротенковте «жақсы», ал 
Гаврилов,  Зубковтың  балдары  «қанағаттандырарлық»  деген  үлгерім  көрсетіп  тұр  [9].  С.Қадырбаевқа 
келген №6 билеттегі сұрақтар: «Внутренняя сторона сочинений. Элементы с которым слогается содержа-
ние сочинений, лирический элемент, описание, повествование, рассуждение. Образцы: 6-я глава и начало 
7-ой в поэме Гоголя «Мертвые души» [10]. 
 
2-кесте. Алгебра жəне геометрия пəні бойынша 1904 жылдың 4 мамырындағы емтихан 
 
Устное испытание 
 
За 
год  Ю.П. Сан-Лоран  М.Н. Лещенков  Н.М. Андрежев  Общий 
балл 
Средний 
вывод 
Примечание 
(№ билетов) 
Вашутин 
4/3 

3/5 

3/5 
4/5 
7 билет 
Гаврилов 
3/4 

3/4 

3/4 
3/4 
8 билет 
Журавлев 
5/5 

4/4 

4/5 
5/5 
10 билет 
Зубков 
4/4 

2/2 

2/3 
3/3 
11 билет 
Кадирбаев 
5/4 

5/5 

5/2 
5/5 
1 билет 
Назаров 
5/4 

3/5 

4/4 
4/4 
12 билет 
Сиротенков  3/3 

3/4 

4/4 
4/4 
5 билет 
Тайпаков 
5/5 

5/5 

5/5 
5/5 
4 билет 
*ҚР ОММ. И-95-қ, 2-т., 183 іс, 35 п. [11]. 
 
Алгебра жəне геометрия пəні бойынша алған №1 билеттегі сұрақ былай берілген: «Предварительная 
понятия из алгебры. Сравнение алгебры с арифметикой. Примеры общего решения задач. Знаки, употреб-
ляемые для обозначения алгебромических действий. Коэффициент. Возвышение в степень и извлечение 
корня. 
Общая  мера  двух  линий  и  способ  нахождения.  Отношение  двух  линий.  Пропорциональные  линий. 
Пропорциональность отрезков, отсекаемых от сторон угла двумя параллельными линиями» [12].    
География пəні бойынша 1904 жылдың 7 мамырдағы емтихан қорытындысы: Кадырбаев, Сиротенков 
«жақсы», Журавлев «өте жақсы», Вашутин, Гаврилов, Зубков, Назаров, Тайпаков «қанағаттандырарлық» 
деген баға алған [13]. С.Қадырбаевтың алған №12 билет бойынша сұрағы: «Главные цепи Альп. Респуб-
лика Швейцария» [14]. 
 
3-кесте. Тарих пəні бойынша 1904 жылдың 1 мамырындағы емтихан қорытындысы 
 
Устное испытание 
 
За 
год 
Ю.П. Сан-Лоран 
М.Н.Лещенков 
Н.М.Андрежев 
Общий 
балл 
Средний 
вывод 
Примечание 
(№ билетов) 
Вашутин 






8билет 
Гаврилов 






10билет 
Журавлев 






9билет 
Зубков 






7билет 
Кадирбаев 






6билет 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
141 
Назаров 






5билет 
Сиротенков 






2билет 
Тайпаков 






1билет 
*ҚР ОММ. И-95-қ, 2-т., 183 іс, 39 п.[15]. 
 
Тарих  пəні  бойынша  №6  билет  сұрағы:  «Избрание  на  царство  Михаила  Осодоровича  Романова. 
Успокоение государства. Война с Швецией и Польшей. Патриарх Филарет» [16]. 
Жоғарыда көрсетілген кестелер бойынша Сейдəзім Қадырбаевтың сабақ үгерімдерін, əр пəн бойынша 
білім  деңгейін  де  байқауға  болады.  Жаратылыстану  пəнінен  орташа  балы  5,  жылдық  қорытындысы  4 
(жақсы),  Адам  анатомиясы  жəне  физиология  пəні  бойынша  орташа  балы  3,  жылдық  қорытындысы  4 
(жақсы),  Педагогика  пəнінен    –  5,  жылдық  қорытындысы  4  (жақсы),  Орыс  тілі  пəні  бойынша  орташа  
балы – 5, жылдық қорытындысы 4 (жақсы), Алгебра жəне геометрия пəні бойынша орташа балы – 5/5, 
жылдық қорытындысы 5/4, География пəні бойынша орташа балы – 4, жылдық қорытындысы 4 (жақсы), 
Тарих пəні бойынша орташа балы – 5, жылдық қорытындысы 4 (жақсы) деген қорытындылар көрсетуде.  
1904  жылдың  12  мамырында  өткен  Педагогикалық  кеңес  отырысының  №18  хаттамасында  мынадай 
мəліметтер  берілген:  І  мəселе  бойынша  осы  жылы  сыныптан-сыныпқа  көшетіндер  (ауысатындар)  мен 
бітірушілер  –  А)  IV  сынып  оқушылары  Алмасов,  Васильев,  Гунин,  Данилов,  Исенгельдин,  Казыев, 
Тюрганов, Утегулов, Чадьяров жəне Чугунов мектеп курсын бітірді деп саналсын жəне оларға бастауыш 
мектеп (училище) мұғалімі деген атақ берілсін; Б) ІІІ сынып оқушылары Вамутин, Гаврилов, Журавлев, 
Зубков,  Қадырбаев,  Назаров,  Сиротенков  жəне  Тайпақовты  IV  сыныпқа;  В)  ІІ  сынып  оқушылары 
Байменов,  Бетембаев,  Иванов,  Исфандияров,  Кирилов,  Субханов,  Туяков,  Узбек-Галиев,  Хворов  жəне 
Асанкинді ІІІ сыныпқа; ІІ сынып оқушысы Жұбановқа жазғы демалыстан кейін арифметикадан қосымша 
сынақ, осы сыныптың оқушылары Никитин, Данилов жəне Шабаринге жазғы демалыстан кейін орыс тілі 
пəнінен қосымша сынақ, оқушы Кужахмедовты ІІ сыныпқа қайталау курсына қалдыруды қаулы етті; Г) І 
сынып оқушылары Балтабаев, Бекбаев, Беркимбаев, Қаратаев, Көбесов, Муминов, Степанищев, Төлешев, 
Шилохвостов, Ивлиев, Ильясов, Капкин, Пивоваров, Сбродов жəне Яковлевті ІІ сыныпқа көшіруді қаулы 
етті, І сынып оқушылары Арызбаев, Асляминов жəне Таймасовты демалыстан кейін орыс тілінен қосым-
ша  сынаққа;  Арызбаев,  Луканин  жəне  Ярочкинге  жаратылыстанудан,  Томарскийге  арифметикадан, 
тəрбиеленуші  Абдибеков,  Исеналин  жəне  Морозовты  мектептен  шығарылған  екен.  Абдибековты 
«денсаулығына  жəне  əлсіз  дамуына  байланысты  курсты  толық  жалғастыра  алмайтындықтан  оқудан 
шығару  туралы  қаулы  етті»-деп  көрсетіледі.  Исеналинді  нашар  дайындығы  жəне  орыс  тілін  білмегені 
үшін, ал Морозовтың үлгерімі жəне қабілеті болмағаны үшін қайталау курсына қалдырғандықтан оқудан 
шығаруға қаулы етілген [17]. 
Орынбор  қырғыз  (қазақ)  мұғалімдер  мектебінің  4  сынып  оқушыларының  1904-1905  оқу  жылында 
өткізген  сынақ  емтихандарының  кестесі  бойынша  Сейдəзім  Қадырбаев  26  наурызда  1-ші  сабақ  орыс 
тілінен, 30 наурызда 2-ші сабақ арифметикадан  емтихан тапсырған [18]. 
Оқу инспекторы Н.Андрусеевичтің Торғай облыстық басқармасына 1905 жылдың 8 тамызында жолда-
ған хатында мынадай жолдар көрсетілген: «Осы жылы оқу бітірген Торғай облыстық басқармасы шəкірт-
ақысының  иегері  (степендиат)  Сейдəзім  Қадырбаевты  Орынбор  округтық  сотына  аудармашы  ретінде 
тағайындауды сұраймын. Бірақ Қадырбаев алған білімі үшін 6 жыл мұғалім болып қызмет атқару қажет 
немесе  оның  оқуына  жұмсалған  соманы  (90  р.×3+120  р.)=390  руб.  қайтару  қажет  еді,  бірақ  ол  тілмаш 
ретінде  пайдалырақ  болатындықтан  Облыстық  басқармадан  Қадырбаевтың  оқуына  жұмсалған  ақшаны 
қайтарудан  босатуды  сұраймын»  делінген  [19].  Бұл  хаттағы  мəліметтерге  қарағанда  С.Қадырбаев  оқу 
ақысынан босатылған.   
Сонымен қатар айта кететін тағы бір мəселе, аталған мектепте С.Қадырбаевтың інісі де оқыған көріне-
ді.  Ол  туралы  Орынбор  қырғыз  (қазақ)  мұғалімдер  мектебінің  жоғары  мəртебелі  инспекторына  1909 
жылдың  7  тамызында  жазған  хатында:  «Его  Высокородию,  Господину  Инспектору  Оренбургской 
Киргизской Учительской школы. Присяжного Переводчика Оренбургского Окружного Суда Коллежской 
Регистратора  Сейдазыма  Кулмухамедовича  Кадырбаева.  Прошение.  Желая  дать  образование  родному 
брату своему Аскарбеку Кулмухамедовичу Кадырбаеву, имею честь просить Ваше Высокородие принять 
его приходящим в младшее отделение начального училища при выбранной Вами Учительской Школы. 
1909 г. Август 7 дня.  Сейдазым Кулмухамедович  Кадырбаев» – деп көрсетіледі [20]. Кейін осы інісі де 
аталған мектепте оқыған екен. 
Алаш  қайраткері  Сейдəзім  Қадырбаевтың  Орынбордағы  қырғыз  (қазақ)  мұғалімдер  мектебінде  бар 
ынта-жігерімен оқып білім алғаны байқалады. Оның тұлғалық қалыптасуына осы мектеп қабырғасында 
білім алуы да тікелей əсер етті деп ойлаймыз. Оның осы мектепте алған білімі, қоғамдық-саяси көзқарас-
тарының қалыптасуына, кейін ұлт мүддесіне қызмет жасауына өзіндік септігін тигізген деп ойлаймыз.  

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
142 
1.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 176 іс, 175 п. 
2.
 
Р ОММ. 95-/., 2-т., 176-іс. 
3.
 
Р ОММ. И-95-/., 2-т., 350 іс., 14-18 пара/тар. 
4.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 1 п. 
5.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 17 п. 
6.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 18 п.  
7.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 27 п. 
8.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 56 п. 
9.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 34 п. 
10.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 43 п. 
11.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 35 п. 
12.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 41 п. 
13.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 36 п. 
14.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 37-38 пара/тар. 
15.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 39 п. 
16.
 
Р ОММ. И-95-/, 2-т., 183 іс, 40 п. 
17.
 
РОММ И-95-/., 2-т., 175-іс., 56, 57, 57 п.  
18.
 
РОММ., И-27-/., 1-т., 26-іс., 38 п. 
19.
 
РОММ., И-95-/., 2-т., 195-іс., 30 п. 
20.
 
РОММ., И-95-/., 2-т., 231-іс., 91 п. 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются  учеба  в  Оренбургской  учительской семинарии  с 1901-1905 годов, одного  из 
деятелей  движения  Алаш  –  Сейдазима  Кадирбаева.  Дается  сравнительный  анализ  в  изучении  успеваемости  по 
предметам  учеников  данной  школы.  Расходы  на  образование  и  отзывы  инспекторов  семинарии  о  воспитаннике 
С.Кадирбаеве. 
 
Summary 
In this article are considered study in the Orenburg teacher's seminary since 1901-1905, one of figures movement Alash – 
Seydazim Kadirbayev. The comparative analysis in progress studying in subjects of pupils of this school is given. Expenses 
for education and comments of inspectors of seminary on pupil S.Kadirbayev. 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ 
ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЫНТАЛАНДЫРУШЫ ФАКТОРЛАР 
 
Ж.А. Қуатбеков – Мемлекеттік жəне жергілікті бас/ару магистрі,  аза/стан Республикасы 
Президентіні  жанындағы Мемлекеттік бас/ару академиясыны  докторанты 
 
Қазіргі  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  органдарында  өзекті  болып  тұрған  мəселелердің   
бірі – ол мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы мен еңбек тиімділігі болып табылады. Яғни мемле-
кеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігі, олардың еңбегін бағалауда қандай кемшіліктер орын алатынды-
ғына,  бағалаудың  қаншалықты  объективті  болатындығына  тікелей  байланысты.  Алайда  бұл  мəселеге 
көңіл  бөлмес  бұрын  мемлекеттік  қызметшілердің  жұмыс  тиімділігін  арттыруда  негізгі  рөл  атқаратын 
мəселеге тоқталып кеткен жөн.  
Мемлекеттік  қызмет  жүйесінде  мемлекеттік  қызметшілердің  тиімділігін  арттырушы  негізгі  фактор    
ол – ынталандыру жүйесі.  
Ынталандыру – адамды белгілі бір іс əрекетке итермелеу мақсатында оған əсер ету процесі. Ынта-
ландыру процесі қаншалықты жақсы жүзеге асырылса, соншалықты басқару процесінің тиімділігі де 
артады [1]. 
Мемлекеттік  органда  еңбек  ресурсы  ретінде  қарастыратын  мемлекеттік  қызметші  экономикалық 
тұрғыдан белсенді жəне еңбек іс-əрекетіне қатысуға ниетті адамгершілік қасиеттері бар тұлға ретінде атап 
көрсетуге болады.  
Демек,  қолданыстағы  заңнамаларға  сəйкес  республикалық  немесе  жергілікті  бюджет,  немесе 
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі қаражатынан төленетін мемлекеттік органда лауазымы бар жəне 
лауазымдық міндеттерін мемлекеттің функциялары мен мақсаттарын жүзеге асыратын Қазақстан Респуб-
ликасының азаматтары болып табылады [2].  
Мемлекеттік  қызметшілер  өздерінің  билік  өкілеттіліктерін  дұрыс  пайдаланып,  мемлекеттік  орган 
жүйесінде басқаруды өз деңгейінде, табысты жəне тиімді орындауына байланысты сол қызметші жұмыс 
істеп  отырған  жеке  мемлекеттік  органның  ғана  емес,  сонымен  қатар  жалпы  мемлекеттік  басқарудың 
тиімділігіне өз əсерін тигізбей қоймайды.  

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
143 
Мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру шенеуніктің психологиялық бейнесінің маңызды бір бөлігі 
болып табылады. М.Вебердің (1864-1920) айтуы бойынша мемлекеттік қызметшіні ынталандыру спекті-
рің  құрамына:  субординация,  регламент,  қызметтік  іс-əрекеттер  сипаттамасы  арқылы  мансаптық  өсу 
мүмкіндігі, ақшалай мазмұны бар деңгейлі өсім, қызметтік қамтылу кепілдігі жəне əлеуметтік сақтандыру 
кіреді [3]. 
Мемлекеттік  қызмет  үшін  ынталандырудың  орны  ерекше,  себебі  мемлекеттік  қызметшінің  жаңа 
үлгісінің қалыптасуына ерекше əсер ете отырып, қызметтің барлық жүйесіне ықпал ететінгін байқатады.   
Мемлекеттік  қызметтегі  қызметшілердің  еңбегі  басқа  салада  жұмыс  жасайтын  қызметкелерден 
айырмашылығы неде? 
Осыған байланысты мемлекеттік қызметті кəсіби іс-əрекеттің маңызды түрі ретінде бағалайтын бірқа-
тар айырмашылықтар қалыптасқан, олардың ішінде келесілерді ерекше атап көрсетуге болады:  
1. Іс жүзінде мемлекеттің функциялары мен мақсаттарын жүзеге асырылуын, еңбек функцияларының 
мазмұны мен ерекшелігін білдіретін сипаттамалар.  
2.  Шектеуі  бар  ресурстарға  қол  жеткізу  мүмкіндігі  (мысалы,  ақпарат).  Бұл  ерекшелік  мемлекеттік 
қызметшіге жеке мақсатында басқа азаматтарға жабық ақпараттарды қолдану (кейде құпия ақпараттар). 
3. Билік өкілеттіліктерінің болуы, өкілеттіліктер арқылы шешім қабылдау арқылы қоғам мүшелеріне 
өзіндік əсерін тигізеді (бұл əсер заңдар мен қаулылар қабылдаған жағдайда тура болуы мүмкін, жəне мем-
лекеттік қызметші ұсыныстар мен нормаларды əзірлеуге қатысқан жағдайда жанама əсер етуі ықтимал). 
4.  Іс-əрекеттерді, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен құқықтарын реттейтін қатаң құқықтық 
регламенттің болуы, себебі мемлекеттік қызмет басқа іс-əрекеттер түрлерінен ерекшелігі – ол тек Еңбек 
Кодексімен ғана емес, сондай-ақ бір қатар заңдармен, Президент Жарлықтарымен, Үкімет қаулыларымен 
реттеледі. 
5.  Мемлекеттік  қызметтегі  еңбек  іс-əрекетінің  маңызды  ерекшеліктерінің  бірі  ол  мемлекеттегі  саяси 
кезеңмен  байланысты  жəне  билік  ауысқан  кезде  (билеуші  партия),  сондай-ақ  саяси  бағыттың  өзгреуі 
көптеген  қызметшілер  үшін  басқа  лауазымдарға  ауысуға  мүмкіндік  берсе,  кейде  тіпті  жұмыстан  босау 
жағдайлары да орын алып жатады.  
Бірақ, дегенмен іс жүзінде ескеретін тағы бір жағдай, немесе келесі бір ерекшелік (жоғары лауазымдық 
позициялар үшін) ол егер адам мемлекеттік қызмет жүйесінде басшы лауазымдық орнында болуы оның 
жүйеден кетуіне емес, керісінше қаржылай қысым көрсетпей оны басқа лауазымға ауыстырылуы мүмкін.  
6.  Қабылдаған  шешімдердің  салдары  мемлекеттің  миллиондаған  халқына  өзіндік  əсерін  тигізіп, 
жоғары деңгейдегі жауапкершілікті жəне жан-жақты талдауды, сондай-ақ оны таразыға салып, болатын 
тəуекелдерді барынша назарға алу қажет [4].  
Жоғарыда келтірілген мемлекеттік қызметтегі ерекшеліктерді ескере отырып олардың қатарына білік-
тілігі жоғары, бəсекеге қабілетті мамандар алу қажеттілігі туындайды. Білікті кадрлардың, оның ішінде 
шетелдік  білімі  бар  мамандар  мемлекеттік  қызметте  төленетін  жалақының  аздығына  байланысты  жеке 
секторға кетуде. 
Бір сөзбен айтқанда бүгінгі таңда замануи менеджмент пен мемлекеттік басқару замануи мемлекеттік 
қызметшілерді талап етеді, ал бəсекеге қабілетті заманауи мемлекеттік қызметшіні өз орнында қалдыру 
үшін, оны басқа салаға яғни жеке секторға кетпеуі үшін олардың еңбегін ынталандыру қажет. 
Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ынталандыруда келесі əдістерге жүгінуге болады. Материалдық 
ынталандыруға:  
-
 
Лауазымдық  еңбекақыны  жоғарылату,  жұмыстың  қиындығы  мен  оның  көлеміне,  кəсібилілігіне 
байланысты  дамыту,  лауазымдарды  жəне  функцияларды  алмастыру  барысында  қиындығын  ескере 
отырып еңбекақыны жоғарылаты; 
-
 
Сыйақы  тағайындау  арқылы  атқарып  отырған  сала  бойынша  нəтижелерді  дамыту  жəне  оларды 
жақсартуға байланысты мемлекеттік шешімдерді жүзеге асыру мен оларды қабылдау сапасын жоғарыла-
ту, жылдық қорытынды бойынша еңбек өнімділігін жоғарылату.  
-
 
Қосымша ынталандырулар арқылы нақты бір саланың дамуына қосқан үлестері бойынша бір реттік 
төлемдер жəне ерекше қиындық туғызатын тапсырмалар бойынша əртүрлі төлемдер жасау қажет.  
Адамды  нақты  бір  іс-əрекеті  үшін  ынталандыруда  оның  осы  сала  бойынша  жетістіктерін  бағалап, 
ұйымның мақсаттарына байланысты ынталандырылуы тиіс. Қазіргі таңда материалдық сыйақы базалық 
болып табылатындықтан қызметшінің мінез-құлығын айқындайтын мотив ретінде белгіленіп, мемлекетте 
орын  алып  жатқан  көптеген  əлеуметтік-экономикалық  процестерге  байланысты  болып  келеді.  Бірақ 
алдағы  уақытта  моралдық  ынталандырулар  мемлекеттік  қызметшілердің  еңбегін  ынталандыруда  ең 
маңызды рольді атқаруы тиіс [5]. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
144 
Əлемдік тəжірибеге жүгінетін болсақ, «орта статистикалық отбасы» ұғымына жолдасы, жұбайы жəне 
екі баласы кіреді. Сол отбасының басшысы жұмыс орынында алатын жалақысы барлық отбасы мүшелері-
нің қажеттілігін қамтамасыз ететіндей мөлшерде алуы қарастырылады, яғни олардың жан-жақты дамуы 
мен толыққанды өмір сүруін қамтамасыз ете алуы деген сөз. Бірақ ірі қалалардағы тұрғын үй бағасын, 
сондай-ақ көлік, білім беру, медициналық қызмет көрсету, демалу жəне т.б. ескерсек, бүгінгі таңда мемле-
кеттік қызметшілердің жалақысымен Қазақстанда мұндай жағдай жасау мүмкін емес. 
Сонымен  қатар  мемлекеттік  қызметте  жұмыс  жасайтын  кез  келген  азамат  өзінің  мүмкіндіктерін 
кеңінен пайдалана алмайды жəне ол заңды тұрғыда көптеген қоғамдық жəне қаржылық іс-əрекеттерден 
шектетілген (Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 «Мемлекеттік қызмет туралы» 
Заңының 10-шы бабы. «Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер») [2]. 
Сондықтан  мұндай  шектеулілік  біршама  қиындықтарды  туындатып,  қазіргі  таңдағы  еңбекті  төлеу 
жүйесінде  көптеген  кемшіліктер  бар  екендігін  байқатады,  көп  жағдайда  ол  жоғарғы  басшының  ерікті 
шешіміне байланысты жəне мемлекеттік қызметшілердің еңбек нəтижелерін мемлекеттің жалпы əлеумет-
тік-экономикалық  дамуына  тəуелділігін  байқатпайды  жəне  оларды  саналы  түрде  өзінің  лауазымдық 
міндеттерін мақсатты түрде орындауға ынталандырмайды. 
Сол себепті мемлекеттік қызметте ынталандырудың тек монетарлық əдісін ғана қолданбай  ротация-
лау, мансаптық жүйесін құру, кадр қызметінің рөлін күшейту, яғни моральдық, əлеуметтік, шынайы, пси-
хологиялық ынталандырулар белсенді қолдану қажет. Əлеуметтік мансаптық ынталандыруға өзінің білі-
мін үздіксіз жетілдіру арқылы өзінің шығармашылық потенциалын толыққанды жүзеге асырулары қажет.  
Замануи  жағдайындағы  қызметкер  өнімді  жəне  сапалы  жұмыс  жасаса,  егер  ол  ұйымның  қызметіне 
қызығушылық танытып, басқарушылық шешімдерді қабылдауға белсене қатысса, оның өз еңбегіне деген 
көзқарасы жəне жұмыс істеуге деген ынтасы артады.   
Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ынталандырудағы ерекшеліктер олардың жұмыс спецификала-
рымен  жəне  мемлекетік  қызмет  институттарының  ерекшелігімен  байланысты  болып  келеді.  Себебі 
мемлекеттік  органдардағы  ынталандыру  тетіктері  негізінен  əкімшілік-командалық  ынталылық  негізінде 
қарастырылып келеді.  
Мемлекеттік  қызметтің  жаңа  моделінде  ынталандырудың  тиімді  жүйесін  қалыптастыру  үшін  еңбек-
ақы төлеу жүйесі мемлекеттік қызметшілердің кəсіби даярлығын, дағдыларын, еңбек жүктемесін (жұмыс 
қарқындылығын),  сондай-ақ  орындалатын  жұмыс  пен  қабылданатын  шешімдер  үшін  жауапкершілік 
деңгейін  ескеретін  болады  делінген.  Бірақ,  мемлекеттік  қызметші  қоғам  мүддесін  қанағаттындыруда 
өзінің үлесі үлкен екендігін сезінбей, оған ынталы болмай, мемлекеттік орган ішінде транспаренттілік пен 
ашықтықты қамтамасыз ететін тетіктері əзірленбесе, еңбекақы төлеу жүйесін қаншалықты жетілдіргені-
мен күтілетін нəтижелерге жету мүмкін емес.  
 
1.
 
Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента: Пер. с англ. – М.: Дело, 1997, – 500 с. 
2.
 
аза/стан Республикасыны  «Мемлекеттік /ызмет туралы» За ы 1999 жылғы 23 шiлдедегi N453. 
3.
 
Глазунова Н.И. Государственное и муниципальное (административное) управление: учеб. – М.: ТК Велби, изд-
во Проспект, 2007 – 560 с. 
4.
 
Терентьева  Е.В.  Система  оценки  и  оплаты  труда  федеральных  государственных  служащих:  основные 
направления развития: автореф. канд.экон. наук. – М., 2008. – 24 с. 
5.
 
« аза/стан Республикасы мемлекеттік /ызметі жа а моделіні  т%жырымдамасы»  аза/стан Республика-
сы Президентіні  2011 жылғы 21 шілдедегі №119 Жарлығымен бекітілген. 
 

1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал