Социально-экономическая история



жүктеу 5.1 Kb.

бет17/23
Дата08.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23

Резюме 
Статья посвящена раскрытию взаимоотношений между религией и государством. В первый период становления 
христианства в управлении государством религия была отделена от власти. Со временем религия получила государ-
ственную власть, это был долгий исторический процесс. В средние века церковь не только вмешивалась в государ-
ственную  власть,  но  и  пыталась  управлять  обществом  и  личностью.  В  конце  ХVIII  в.,  в  эпоху  Возрождения,  с 
формированием принципов лаицизма, впервые начался процесс отделения церкви о государства. В результате проти-
водействия народа власти церкви в Европе впервые возникло светское государство. В данной статье с исторической 
точки зрения рассматривается значение и период возникновения лаицизма, отношения между религией и лаицизмом 
в некоторых европейских государствах и в Казахстане.       
 
Resume 
This article deals with the disclosure of relationship between religion and the state. During the first period of Christianity 
formation in government the religion was separated from the power. Over time the religion received the government, it was 
long historical process. With the Middle Ages the church not only interfered with the government, but also tried to operate 
society and the personality. At the end of the XVIII century, in Renaissance, with formation of the principles of a laitsizm, 
process of church office from states for the first time began. As a result of counteraction of the people of the power of church 
in Europe for the first time there was a secular state. In this article from the historical point of view value and the period of 
emergence of laitsizm, the relation between religion and a laitsizm in some European states and in Kazakhstan is considered. 
 
«КӨШБАСШЫЛЫҚ» ПЕН «БАСШЫЛЫҚ» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АРАСАЛМАҒЫ: 
МƏСЕЛЕГЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС 
 
М.М. Ермеков – Мемлекеттік жəне жергілікті бас/ару магистрі,  аза/стан Республикасы 
Президентіні  жанындағы Мемлекеттік бас/ару академиясыны  докторанты 
 
«Басшылы/ мəдениетін алмастыратын ешнəрсе жо/. 
Бас/ару жCйесі басшыларды тудырмайды. 
Керісінше, ол басшы болу мCмкіндігін арттыратын 
немесе жаншып  тастайтын жағдай тудыра алады». 
К.Киллен 
 
Əлем ғалымдарының көшбасшылық мəселесін жүз  жылдан аса  уақыттан бері зерттеп келе жатқаны 
бəрімізге белгілі. Осы уақыт ішінде көшбасшылық туралы көптеген еңбектер жазылып, бірнеше теория-
лар  да  қалыптасып  үлгерді.  Дегенмен,  қаншалықты  зерттеліп  жатса  да,  көшбасшылық  құбылысы  əлі 
күнге жұмбақ күйінде қалғандай əсер қалыптастырады. Сол жұмбақтың кілтін табу мақсатында, көшбас-
шылардың жасын, басқару мəнерін, олардың өмірлік ұстанымын жəне т.б. факторларды қарастыру секіл-
ді талпыныс жасалуда. Көшбасшылықты зерттеу кезінде ескерілмей қалып жатқан əлсіз тұстардың бірі 
«көшбасшылық» пен «басшылық» ұғымдарының арасалмағы туралы мəселе екендігін мойындаған абзал. 
Қазіргі таңға дейін осы екі ұғым нақтылануда, олар туралы пікір-таластар да орын алып жатыр. Мұны біз 
басқару  саласындағы  жаңа  жұмыстармен  оқып-танысу  барысында  байқауымызға  болады.  Бұл  ретте, 
«Вызов лидеров», /авторлары – Б.Карлоф, С.Седерберг/; «Психология управления рыночными структура-
ми.  Преобразующее  лидерство»,  /авторы  –  Л.  фон  Мизес/;  «Лидерство.  Психологические  проблемы  в 
бизнесе»,  /Т.Н.  Ушакованың  редакциялығымен/  жəне  т.б.  кітаптарды  атап  өту  қажет.  «Көшбасшылық» 
пен «басшылық» – басқару ғылымындағы басты түсініктер. Сондықтан басқару тиімділігіне қол жеткізу 
бұл екеуіне тікелей тəуелді деуге келеді. 
Көшбасшылық пен басшылықты бірыңғай процесс ретінде қарастыру, көшбасшылар мен басшыларды 
екеуара  салыстыру  –  қазіргі  кезде  əлемдік  ғылымға  тəн  үдеріс.  Біздің  ойымызша,  ғылымдағы  соңғы 
жетістіктерден тыс қалмас үшін, еліміздегі ғылыми жұмыстардың деңгейі сол жаһандық ғылым талапта-
рына сай болуы шарт. Мақалада ресейлік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып талдау жүргізуге тура 
келеді. Себебі кеңес заманында қалыптасқан басқару саласындағы ортақ тарих айтарлықтай ерекшеліктің 
жоқтығын көрсетеді. Кеңестік кезеңнен бері көшбасшылық пен басшылық ұғымдарын бір-біріне қарама-
қарсы қою қағидаты қатаң бекітіліп қалған. Бұл екі ұғымның бір-бірінен мұншама бөлінуін сол кездегі 
басқару  идеологиясымен  де  түсіндіруге  болады.  Ал  олардың  көпшілігі  «көшбасшы»  мен  «басшы» 
ұғымдарын  бөліп  қарастырса,  кейбірі  көшбасшылықты  зерттей  келе,  аталған  түсініктердің  ұқсастығын 
жəне оларды мүлдем ажыратудың қажеті де жоқ екенін атап өткен. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
130 
Мысалы,  Б.Д.  Парыгин  өз  еңбектерінде  көшбасшы  мен  басшының  айырмашылықтарын  келесідей 
салыстырмалы түрде көрсетеді [1, 5-12]: 
 
1-кесте. Көшбасшылық пен басшылық белгілерін салыстыру 
 
 
Көшбасшылық 
Басшылық 
Нені реттейді? 
Топтағы тұлғааралық қарым-қатынасты 
Топтағы ресми қарым-
қатынасты 
Қандай жағдайда байқалады? 
Микроортада 
Макроортада 
Қалай пайда болады? 
Стихиялы түрде 
Əлеуметтік құрылымдардың 
бақылауымен. Тағайындалады 
немесе сайланады. 
Топтағы көңіл-күй мен 
өзгерістерге қаншалықты тəуелді? 
Топтың көңіл-күйіне байланысты, 
тұрақсыз 
Тұрақты 
Санкцияларды қалайша 
қолданады? 
Анықталмаған 
Ереже шеңберінде қолданады 
Беделінің негізі 
Жеке ықпал 
Ресми мəртебе 
Шешім қабылдау сипаты қандай? 
Көбінесе тура сипатта 
Жанама сипатта 
Қызмет аясы қандай? 
Шағын топтар 
Ауқымды, əлеуметтік жүйе 
элементі 
 
Жоғарыда  келтірілген  ой-пікірден  мынадай  қорытындыға  келуге  болады:  көшбасшы  мен  басшы 
өздерінің іс-əрекеті барысында ұйым персоналын ынталандыру, оларды белгілі бір міндеттерді шешуге 
бағыттау жəне соған лайық жағдай жасайтын ортақ мəселелермен бетпе-бет келіп отырады. Яғни айтқан-
да, əңгіме басқаруды екі жағы туралы болса да, оның бəрібір біреу екенін көреміз. 
О.С. Виханский мен А.И. Наумов та көшбасшы мен менеджер (ағылшын тілінде «manager» – басшы, 
ұйымды  басқарушы)  арасында  өзгешелік  бар  деген  пікірді  ұстанады.  Олардың  негізгі  сипаттамалары 
төмендегі 2-кестеде көрсетілген [2, 464]. 
Тағы бір тоқтала кететін жағдай, екі ғалым да басшылық пен басшы – көшбасшылық пен көшбасшы 
ұғымдарының мағынасы жағынан ұқсас екендігін атап өткен. Демек, бұл терминдерді мағынасы жағынан 
тектес  емес  деу  шындыққа  жанаспас.  Сондықтан  олардың  бір-бірімен  өзара  байланысы  туралы  батыл 
айтуға болады. 
 
2-кесте. Басшының көшбасшыдан айырмашылығы 
 
Басшы 
Көшбасшы 
Əкімгер 
Тапсырма береді 
Басқалардың мақсаты бойынша жұмыс істейді 
Іс-əрекет негізі – жоспар 
Жүйеге арқа сүйейді 
Жаңашыл 
Жігерлендіреді 
Өз мақсаты бойынша жұмыс істейді 
Іс-əрекет негізі – келешек көрінісі 
Адамдарға арқа сүйейді 
Эмоция қолданады 
Дəлел қолданады 
Бақылаушы 
Сенеді 
Қозғалысты тежейді 
Кəсіпқой 
Шешім қабылдайды 
Істі дұрыс атқарады 
Сыйлаймыз 
Қозғалысқа серпін береді 
Энтузиаст 
Шешімді жүзеге асырады 
Дұрыс іс атқарады 
Құрметтейміз 
 
Қазіргі  менеджмент  ғылымында  көшбасшылық  біркелкі  мағынада  сипатталмайды.  «Көшбасшылық» 
термині Оксфорд сөздігіне сəйкес, 1300 жылы пайда болған. Алайда, Р.Стогдилл бастаған мамандар оны 
1800 жылдардың шамасында пайда болды деп есептейді. Көшбасшылыққа анықтамалардың бірін Ч.Кули 
(1902 жыл) берген: көшбасшылық – бұл топтық процестердің түйіні. 1906 жылы Е.Мамфорд жəне 1911 
жылы  Ф.Блекмар  басқаша  модель  ұсынды:  көшбасшылық  –  күш-жігердің  бір  тұлғаға  шоғырлануы, 
баршаның билік əлпеті. 1924 жылы Ч.Бернард көшбасшы топ назарын белгіленген бағытқа жинақтауды 
жүзеге асырады деп көрсетті [3, 413-418]. 
Біздің пікірімізше, табысты басшыны көшбасшы емес деп айту қиынға соғады. Мүмкін ол ұйымдағы 
бірден-бір көшбасшы болмас, бірақ бойында міндетті түрде көшбасшылық əлеует пен қасиет болуы тиіс. 
Көшбасшылықта  «бедел  сабақтастығы»  деген  түсініктің  бар  екенін  естен  шығармауымыз  керек.  Ол 
дегеніміз – басшы өз лауазымын алмастырса да, персонал біраз уақыт оны беделді адам ретінде бұрынғы-

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
131 
сынша сыйлап құрметтейді. Персонал тарапынан мұндай қатынас басшының күшті көшбасшылық əлеуе-
тінің өзгермеген күйінде əсер етіп жатқанын білдіреді. Яғни адам басшы болуын доғарғанымен, көшбас-
шы болып қалды деген сөз. 
Көшбасшылықты зерттеушілер В.Алиев пен С.Дохолян «көшбасшылық» пен «басшылықты» əртүрлі 
ұғымдар деп ажыратуды ұсынады. Олар ресми көшбасшы мен табиғи көшбасшының арасында айырма-
шылық бар деген пікірге сенімді. Көп жағдайда бұл екеуі белгілі бір дəрежеде шырмала түседі. Сондай-
ақ, көшбасшылық – жекелеген топ мүшелерінің психологиялық сипаты, ал басшылық – топтағы əлеумет-
тік  қарым-қатынас  сипаты  деген  ой  да  анықталған.  Көшбасшылыққа  қарағанда  басшылық  қоғаммен 
реттелетін  құқықтық  процесс  ретінде  көрініс  табады.  Басшы  –  ол  басқалардың  жұмысын  бағыттаушы 
жəне соның нəтижесіне жекелей жауапты адам. Қарамағындағылармен өзінің қарым-қатынасын көбінесе 
белгіленген  мақсатқа  сүйене  отырып  құрады.  Ал  көшбасшы  болса  топқа  өзгеріс  əкелуші  жəне  өзінің 
келешек көрінісін қалыптастыра отырып, адамдарды соған жігерлендіреді. Ұйымның ресми тағайындал-
ған басшысы топ ішінде жетекші позицияға қол жеткізу барысында басымдылыққа ие. Сондықтан оның 
басқаларға қарағанда көшбасшы болу мүмкіндігі жоғары деуге болады. Десек те, басшы болу дегеніміз 
бірден көшбасшыға айналу дегенді білдірмейді. Өйткені көшбасшылық көбінесе ресми емес жайттарға 
негізделеді [4, 205-208]. 
Көріп  отырғанымыздай,  зерттеушілердің  «көшбасшылық»  пен  «басшылық»  терминдерін  түсіндіру 
кезіндегі  пікірлерінің  арасалмағы  əртүрлі.  Аталған  ұғымдардың  ортақ  заңдылықтарын  айқындай  келе, 
олардың өзара байланысын жəне бұл мəселеге жаңаша көзқарастың пайда болып келе жатқанын байқауға 
болады.  Батыстық  теоретиктер  əр  менеджер  көшбасшы  болуы  керек  дегенді  баяғыда-ақ  айтып  кеткен. 
Əлеуметтану, саясаттану ғылымдарында да ресми жəне ресми емес көшбасшылықты ажыратып көрсете-
ді, алайда бұл терминдердің басшылық түсінігімен байланысын əрқашан байқауға болады жəне оны естен 
шығармаған жөн. 
Жоғарыда  зерделенген  менеджмент  теорияларында  басшы  мен  көшбасшының  функцияларын  бөліп 
қарастыру  басым  болғанымен,  іс  жүзінде  олардың  ұқсастығы  орын  алуда.  Себебі  нарық  жағдайында 
кеңестік  басқару  стилінен  жаппай  бас  тарту  жүргізіп  жатыр.  Алайда,  кейбір  басшылар  əлі  күнге  дейін 
қоластындағы қызметшілерге жоғарыдан қарауды тоқтатар емес, бұл біздің басшылардың негізгі қателігі. 
Мұндай  келеңсіздік  персоналдың  ынталылығына,  олардың  өзін-өзі  жетілдіруіне  кері  əсерін  тигізбей 
қоймайтыны анық. Егер ұйымдағы «көшбасшы» мен «басшы» ұғымдарын бөліп-жармай, бірге қарастыр-
са мүлде басқаша жетістік болар еді. 
ХХІ ғасыр басшысы – ең алдымен, мақсатшыл жəне өзінің жағымды мінезімен басқаларға рух беретін 
энтузиаст.  Осындай  маңызды  қасиетсіз  басқарудың  басты  қағидаты  «тиімділікке»  қол  жеткізу  мүмкін 
емес. Нарықтық экономика жағдайында басшылық лауазымға табиғатынан көшбасшы болып табылатын 
адамдар жиі келеді. Мүмкін, алдағы  уақытта бұл  түсініктердің айырмашылықтары білінбей бір-бірімен 
біте қайнасып кетер. Пайда болу жағынан көшбасшы мен басшының айырмасы болғанымен, қызметтік 
сипаты жағынан олардың ортақ белгілері бар екенін білеміз [5]. 
Сондықтан да нарықтық экономикаға көшуімізге орай, практикада ғана  емес,  іргелі зерттеулерде де 
көлемді өзгерістер орын алуы керек. Өкінішке орай мұндай жағдай сирек кездесуде. Ғылыми процесс бір 
орнында тұрмайды, ескі терминдер жаңа мазмұнға ие болып жатыр. Көп жағдайда еліміздегі менеджмент 
саласындағы зерттеулерде көшбасшылар мен басшылар бөліп көрсетеді.  Ал  көшбасшылық теориялары 
пайда  болған  батыс  елдерінде  бұл  екеуі  бірыңғай  немесе  тектес  ұғымдар  ретінде  қарастырылады.  Осы 
теорияларды зерттей келе бізге де неге өзара ұқсас екі ұғымдарды жақындатпасқа? Бұл көшбасшы мен 
басшы арасына теңдік белгісін қою дегенді білдірмейді, бірақ біздің ойымызша, осы мəселеге жіті көңіл 
бөлу қажет. Себебі басқару ғылымының қайнар көзі саналатын батыс елдеріндегі біртектес ұғымдар неге 
бізде əртүрлі түсіндіріледі деген сұрақ көкейден кетпейді. 
Бұл мақалада біз «көшбасшылық» жəне «басшылық» ұғымдарының қалыптасқан арасалмағы туралы 
түсінікті  түгелдей  өзгертуді  мақсат  еткеніміз  жоқ.  Тек  қана  осындай  мəселенің  бар  екеніне  жəне  оны 
шешу қажеттігіне көңіл бөлгіміз келді. 
 
1.
 
Парыгин Б.Д. Руководство и лидерство. (сборник научных трудов) / Под ред. Парыгина Б.Д. – Л., 1973. -144 с. 
2.
 
Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: учебник / Виханский О.С., Наумов А.И. – 4-е изд., перераб. и 
доп. – М.: Экономистъ, 2006 – 670 с. 
3.
 
Кравченко А.И. История менеджмента: Учебное пособие для вузов. – 5-е изд. – М.: Академический Проект: 
Трикста, 2010. – 560 с. 
4.
 
Алиев  В.Г.,  Дохолян  С.В.  Организационное  поведение:  Учебник  для  ВУЗов  –  2-е  изд.,  перераб.  и  доп.  –  М.: 
Экономика, 2004. – 312 с. 
5.
 
Калашников  К. Роль и место теорий лидерства и командообразования // Управление персоналом. – 2008.  - 
№6. [Электонды ресурс]. – http://www.top-personal.ru/issue.html?1520. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
132 
Резюме 
В  статье  рассмотрены  различные  труды  исследователей  лидерства  при  определении  понятий  «лидерство»  и 
«руководство».  Автор,  придерживаясь  позиций  современной  мировой  науки,  предлагает  рассматривать  эти 
родственные  понятия  не  отдельно,  а  постепенно  сближать  их.  При  этом  автор  не  ставит  своей  целью  полностью 
изменить  представление  о  существующем  соотношении  понятий  «лидерства»  и  «руководства»,  а  лишь  хочет 
привлечь внимание к данной проблеме.    
 
Summary 
The  article  describes  the  various  works  of  scholars  of  leadership  in  defining  the  concepts  of  "leadership"  and  " 
management". The author, following the positions of the modern world of science, proposes to consider these related concepts 
are not alone, and gradually bring them closer. The author does not aim to completely change the perception of the existing 
relationship between the concepts "leadership" and "management", but only wants to draw attention to the problem. 
 
ХХ ҒАСЫРДЫҢ 20-40 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ХАЛ-АХУАЛЫ 
 
А.З. Жуманова – Е.А. Б;кетов атындағы  арағанды мемлекеттік университеті 
6D020300-«Тарих» мамандығы бойынша 2 курс докторанты 
Л.ТТлегенова – т.ғ.к., Е.А. Б;кетов атындағы  арағанды мемлекеттік университетіні  
археология, этнология жəне Отан тарихы кафедрасыны  доценті 
 
Қазақстанда жалпы білім берудің саяси алғышарты Кеңес өкіметі орнағаннан кейін жасалды. Деген-
мен,  бұл  мəселені  шешуде  сонымен  қатар  экономикалық  жəне  əлеуметтік  алғышарттарды  жасау  аса 
қажет  болды.  Олардың  ең  бастылары:  материалдық  база,  педагогикалық  кадрлар  дайындау,  мектеп 
құрылысын кеңейту, мектептерді қайта жөндеу мен олардың оқу-шаруашылық шығындарын қаржылан-
дыру болып табылды. Көшпелі мал шаруашылығына бейімделген Қазақстанда, аталған алғышарттарды 
жасау үлкен қиындықтар туғызды. Соған сəйкес, Қазақстанда жалпы білім беру жүйесін қалыптастыру 
үрдісі баяу дамыды. 20-жылдардың екінші жартысында, Қазақстандағы балалардың оқуға тартылу деңге-
йі, Одақтағы басқа республикалармен салыстырғанда, төменгі сатыда тұрды.  
 
1-Кесте. 1926-1928 жж. КСРО-дағы мектеп оқушыларының үлесі 
 
1000 адамға шаққандағы мектеп оқушыларының үлесі 
Республикалар 
1926-27 жж. 
1927-28 жж. 
Қазақ 
Қрым 
Дағыстан 
Бурят-Монғол 
Чуваш 
Татар 
Башқұрт 
Қырғыз 
28,6 
85,3 
33,2 
51,5 
63,2 
63,3 
48,3 
30,6 
34,2 
88,8 
... 
59,0 
72,4 
68,0 
56,5 
35,1 
Ескерту – мəліметтер [1], 1-т., 1367-і., 39-п. алынды 
 
Қазақстанның халыққа білім беруде соңғы орында тұруы, көбінесе ауыл балаларының оқуға тартыл-
май  қалуымен  сипатталды.  Үлкен  территорияда  шашыраңқы  орналасқан  ұсақ  ауылдарды  мектеппен 
қамтамасыз ету, шын мəнінде, шешілуі қиын мəселелердің біріне айналды. Оның астарында ең алдымен, 
экономикалық себептер жатты. Əсіресе, балаларды  жаппай оқуға тарту барысын, мектеп ғимараттарын 
салу жұмыстарының баяу жүргізілуі тежеді. Ол туралы 1927 жылы С.Садуақасұлы: «Ауылдық мектепте-
ріміз  мұғалім  мен  оқытушылар  ғана.  Шынына  келгенде  мектептің  алдымен  үйі  болуы  керек.  Сосын 
оқушысы,  содан  кейін  мұғалімі.  Бізде  мұның  ең  керектісі  жоқ»  [2,  138  б.],  –  деді.  Сонымен  қатар,  20-
жылдардың соңында М.Шоқай қазақ ауылдарындағы мектеп мəселесіне байланысты өз пікірін білдірді. 
Ол Кеңес өкіметінің тарапынан қазақ мектептеріне қатысты өнімді ешнəрсе істелмегендігіне тоқталады: 
1927-жылға  дейін  1  600  қазақ  мектебі  болса,  олардың  ғимаратпен  қамтамасыз  етілгендері  40-қа  жуық. 
М.Шоқай одан əрі Голощекиннің VІ-партия конференциясында жасаған баяндамасынан үзінді келтіреді: 
«Қағаз жүзінде ауыл мектептерінің саны өте көп болғанымен, шын мəнінде ауылда ешқандай мектеп жоқ. 
Егер  ауыл  мектебіне  арналған  ғимарат  болса,  ол  ғимаратта  орындықтар  жоқ,  ал  орындық  болғанның 
өзінде, оқытатын оқулықтар жоқ» [3, 60-61 бб.]. 
Қазақ мектептеріне қарағанда, орыс мектептерін ғимаратпен қамтамасыз ету көрсеткіші біршама алда 
тұрды. 1928 жылы Қазақ АКСР-ның ХКК-сі РКФСР-ның ХКК-не республикадағы мəдени құрылыстың 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
133 
барысы  туралы  баяндамасында  ғимаратпен  қазақ  мектептерінің  тек  3%  жəне  орыс  мектептерінің  20% 
қамтамасыз етілгендігі көрсетілді [4, 6-т., 20-і., 101-п.]. Қалған мектептер талапқа сай келмейтін үйлерде 
орналасты. Осыған байланысты, қазақ балаларының мектеп орындарымен қамтамасыз етілуі жəне оқуға 
тартылу көрсеткіші Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда соңғы орындарда тұрды.  
 
2-Кесте. Қазақстандағы оқушылардың мектепке тартылу көрсеткіші 
 
Ұлттар 
Мектептегі орынмен қамтамасыз етілу %-ы 
8-11 жастағы балалардың оқуға тартылу %-ы 
Қазақ 
Орыс 
Украин 
Татар 
Өзбек 
Басқа ұлттар 
22,5 
63,2 
58,8 
65 
21,6 
62 
9,5 
37 
34,8 
38 
12,4 
32 
Ескерту – мəліметтер [1], 1-т., 1545-і., 101-п. алынды 
 
Ауылдық жерлердегі мектеп ғимараттарының аз салынуы, сол уақыттағы ұйымдастыру жұмыстарын-
дағы тəжірибесіздікке де қатысты болды. Соның бір мысалы, 20-жылдардың соңында жаңа мектепті салу 
үшін, жер таңдау кезінде біраз қателіктерге жол берілді. Тұрғындары аз, бірнеше ұсақ ауылдарға ортақ бір 
мектеп ашу қажет деген принцип қате түсінілді. Нəтижесінде, мектеп үйлері нақты ауылдың ішінде емес, 
сол ауылдардың барлығынан 5-10 шақырым қашықтықта жатқан иесіз далаларға салынды [5, 21 б.]. Ал, 
ол мектепке балалар мен мұғалімдердің күн сайын ұзақ жол жүріп барып-қайтуына ешқандай мүмкіндік-
тің болмағандығы белгілі. Осының салдарынан, салынған мектеп пайдаға аспай, қазақ ауылдары мектеп-
сіз қалды. 
Жоғары билік орындары жергілікті білім беру мекемелерінен оқушылар санын көбейтуді талап етті. 
Бірақ, соған сəйкес мектеп қорын жасай алмады.1930-1933-жылдары Қазақ АКСР-ның ОХК-ның комис-
сары қызметін атқарған С.Меңдешұлы мектеп құрылысына байланысты: «1931 жылы жоспар бойынша 
салынбақ  мектептің  көбі  салынбай  қалды.  1932  жылы  жергілікті  бюджеттен  361,  өнеркəсіп  орындары 
арқылы 38 мектеп салынбақ еді. Совхоздар соған 274,5 мың сом арнап еді. Не салынып, не салынбағаны 
белгісіз.  Сөйтіп,  соңғы  2  жылда  бұл  жағымыз  айтарлықтай  бола  алмады»  [6,  3  б.],  –  деді.  Бұл  жерде 
мектеп құрылысына қаржы бөлудің нəтиже бермеуі, көбінесе құрылыс материалдарының тапшылығына 
тəуелді болды. ОХК Мемлекеттік жоспарлау комитетіне аса қажетті материалдарға сұраныс жолдағаны-
мен, ол сұраныс қанағаттандырылмады [7, 8-т., 249-і., 48-п.]. 
Мектеп  құрылысында  орын  алған  жүйесіздіктің  салдарынан,  мектептерді  бейімделген  ғимараттарға 
орналастыру тəжірибесі кеңінен қолданылды. 1927/1928 оқу жылында республика мектептерінің 36%-ы 
бейімделген  ғимараттарда  орналасса,  1930/31  оқу  жылында  ондай  мектептердің  үлесі  44,5%-ға  дейін 
жоғарылады.  Бейімделген  ғимараттардың  басым  бөлігін,  бұрынғы  конфискацияланған  «бай-кулактар-
дың»  үйлері  құрады.  Ал,  осы  жылдары  жалданған  мектеп  ғимараттарының  саны,  алдыңғы  жылдармен 
салыстырғанда (1927/1928 оқу жылында – 20%; 1930/1931 оқу жылында – 16,7%), біршама төмендеді [4, 
3-т., 1082-і., 69-п.]. 
Ауылдың  бастауыш  мектебі,  3,4-сыныптарды  қалыптастыра  алмағандығы  белгілі.  Оның  басты 
себебі – халықтың сирек орналасуы болғанымен, төрт сыныпты толтыратын оқушы жинақталған жағдай-
дың өзінде, оларды оқытатын талапқа сай ғимарат өте аз болды. Ондағы мектептердің 48,4%-ы (22,6%-
арнайы, 29% – бейімделген) жалдамалы ғимараттарда орналасты [4, 3-т., 1082-і., 69-п.]. Осындай жағдай, 
білім беру үшін өте қолайсыз болды. Оны С.Садуақасұлы былайша бейнеледі: «Балалар жерде отырып, 
жерде  жазады.  Терезенің  əйнегі  жоқ,  есіктің  тақтайы  жоқ,  жағатын  дұрыс  пеші  жоқ.  Бүйтіп  көрінген 
қазақтың  шым  үйін  мектеп  қыла  берсек,  біз  халық  ағарту  жұмысында  ілгері  кете  алмаймыз.  Мектепте 
тəрбие берудің орнына, біз одан балалардың көбін ауру қылып шығуымыз мүмкін» [2, 320 б.]. Ауылды 
санамағанда,  селоның  өзінде  ең  жақсы  деген  мектепте  15-20  адам  өте  тығыз  отыратын  екі  бөлме  ғана 
болған [7, 8-т., 249-і., 47-п.]. 
Өндірістің қолға алынуына байланысты, халық саны жедел өсіп келе жатқан қалаларда да мектептерді 
арнайы ғимаратпен қамтамасыз ету, өзекті мəселеге айналды. Бірақ, ауылдық жерлерден бір ерекшелігі: 
қалалардағы  мектеп  ғимараттарын  тұрғын  үй  ретінде  пайдалану  жиі  орын  алды.  Мысалы,  1932  оқу 
жылында Алматы қаласындағы мектепке арналған ғимараттардың 12-сінде пəтершілер тұрақтаған. Сол 
жылы, олардың екеуі ғана босатылады. Нəтижесінде, қала бойынша оқуға тартылуға тиісті 3 мың оқушы-
ның өтініші кері қайтарылады [8, 4 б.]. Мектеп ғимараттарын өз мақсатында пайдаланбау жағдайларының 
жиі  орын  алуы,  1932  жылы  КСРО  ОАК  мен  ХКК-ның  бірлесіп  «Мектеп  ғимараттарын  пайдалану 
туралы»  [4,  3-т.,  1074-і.,  5-п.]  қаулысын  шығаруына  себеп  болды.  Онда  оқу  ғимараттарын  оқу-тəрбие 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
134 
жұмыстарына ғана пайдалану, аталмыш ғимараттарды оқу-тəрбие жұмысына қатысы жоқ мекемелер мен 
ұйымдардың, жеке тұлғалардың пайдалануларына тыйым салу туралы мəлімденеді. 
Қазақстан  мектептерінің  ғимараттарға  деген  сұранысының  жыл  сайын  өсуіне  қарамастан,  мектеп 
құрылысын жүргізу барысында жыл сайын кері кетушілік байқалды. 1931 жылы салынуға тиісті құрылыс 
объектісінің тек 41,6%-ы ғана пайдалануға берілген. 1932 жылы олардың 20,4%-ы, ал 1933 жылы 24%-ы 
ғана салынады [9, 56 б.]. 
Оқушылар санының жыл сайын артып, мектеп ғимараттарын салу деңгейінің төмендеуі, мектептердің 
үш ауысымдық тəртіпке көшуіне, демалыссыз оқуға итермеледі. Тіпті, астаналық мектептердің өзінде 40 
оқушыға  арналған  бөлмелерде  62  оқушының  білім  алатындығы  айтылады  [4,  3-т.,  1074-і.,  8-п.].  1933 
жылы ДХК Қазақстан бойынша мектеп ғимараттарына тексеріс жүргізеді. Тексеріс барысында, олардың 
басым  көпшілігінің  əсіресе,  ауылдық-селолық  мектептердің  білім  алуға  толық  мүмкіндік  бермейтіндігі 
көрсетіледі. Мысалы, бөлмелердің тарлығы, жарықтың дұрыс орналаспауы, киімілгіш, желдеткіштің жоқ-
тығы, нашар пештер, көпауысымдық тəртіп т.б. ДХК аталған кемшіліктер, оқушылардың денсаулығына 
кері  əсер  еткендігін  баяндады.  Онда  Қазақстандағы  оқушылардың  60-75%  –  қанның  аздығына,  70%  – 
туберкулез интоксикациясы, 68%-жүйке жүйесінің бұзылу дертіне шалдыққандығы анықталады [4, 3-т., 
1082-і., 68-п.]. Сонымен бірге, ғимарат салу кезінде, қауіпсіздік шараларына аз көңіл бөлінді. Ол əсіресе, 
Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы мектептерге тəн болды. Құрылыс саласының мамандары сейсми-
калық аймақтардағы мектеп құрылысында, қабырғалардың қиылысының талапқа сай бекітілмейтіндігін 
үлкен қауіп деп бағалады [4, 5-т., 852-і., 7-п.]. Аталмыш кемшіліктің орын алуына құрылыс материалда-
рының жетімсіздігі себеп болды. 
30-жылдардың басында орын алған əлеуметтік-экономикалық құбылыстар, бұрын пайдалануға беріл-
ген ғимараттардың бұзылу қауіпін туындатты. 1933 жылдан бастап  Қазақ  АКСР-ның  оқу-ағарту халық 
комиссары  қызметінде  болған  Т.Жүргенов,  1934  жылы  халқы  көшіп  кеткен  аудандардағы  мектеп 
ғимараттарының  бұзылып  жатқандығына  назар  аударады.  Ол  мектептердің  30%-ның  ғана  белгіленген 
талапқа сай келетіндігін жазды [10, 26-27 бб.]. 
Келесі бесжылдық, яғни 1933-1937 жылдары жалпы білім беру жүйесінің материалдық базасын жасау-
дағы  ең  басты  қиыншылық  –  ғимарат  мəселесіне  қатысты  туындады.  Мектептерді  арнайы  ғимаратпен 
қамтамасыз ету мəселесі қалада да, ауылда да өзектілігін жоймады. 1933 жылы қалаларда бірде-бір жаңа 
мектеп салынбады. Тек, Шымкент қаласында ғана жетіжылдық мектепке арналған бір ғимарат пайдала-
нуға  беріледі  [9,  57  б.].  Осы  уақытта  Алматыда  бірде-бір  мектеп  салынбағанымен,  1933  жылы  астана 
мектептеріне 14,7 мың бала, 1934 жылы 18,5 мың бала қабылданды [4, 3-т., 1074-і., 8-п.]. Соның нəтиже-
сінде, Алматы мектептерінде аптаның барлық күнінде демалыссыз, үш ауысымдық оқу тəртібі енгізіледі. 
Сонымен  бірге,  оқушыларды  жартылай  подвалды,  қараңғы  əрі  ылғалды  бөлмелерде  оқытуға  мəжбүр 
болады. Бірақ, сол қолайсыз ғимараттардың өзіндегі оқушылар саны, белгіленген нормадан асып кетті. 
Ауыл-село мектептеріндегі жағдай керісінше болды. Ондағы қазақ ауылдарының есебінен, бір мектеп-
тегі оқушылардың орташа тығыздығы қала мектептерімен салыстырғанда төмен тұрды. Соған байланыс-
ты,  ғимараттар  толығымен  пайдаланылмады.  Арнайы  салынған  мектептерді  толығымен  пайдалану, 
олардың жанынан интернат үйлерін салғанда ғана мүмкін екендігі белгілі. Бірақ, сол жылдары, көршілес 
жатқан,  ұсақ  қазақ  ауылдарына  ортақ  мектеп  пен  интернат  салуға  əлі  де  дұрыс  мəн  берілмегендігін 
жоғарыдағы  сандар  дəлелдейді.  Соның  салдарынан,  30-жылдардың  ортасында  да  Қазақстандағы  ауыл 
мектептердің  басым  бөлігі  төртжылдық  деңгейге  дейін  көтеріле  алмай,  бір-екіжылдық  білім  берумен 
шектелді.  Мектеп  бітірген  балалар  əрі  қарай  білім  жалғастыратын  сыныптардың  жоқтығынан,  шала 
сауаттылардың  санын  көбейте  түсті.  Осы  жағдайды  қалыптастырушы,  1925-1927  жылдар  аралығында 
ОХК-ның комиссары қызметін атқараған С.Садуақасұлы деп танылды [11, 2-3 бб.]. Дегенмен, 20-жылдар-
дың ортасында-ақ, ауылдың жағдайын терең меңгерген С.Садуақасұлы, ауыл мектептерінің материалдық 
базасын  жасамай  тұрып,  оларды  бірден  көпжылдыққа  көшірудің  мүмкіндіктерінің  аздығын  дəлелдеуге 
тырысты.  
Əсіресе,  мектеп  ғимараттарының  жоқтығы,  мұғалімдердің  білімінің  төмендігі  ең  басты  кедергілер 
болып  табылды.  Оның  үстіне  бір-екіжылдық  мектептердің  өзінің  материалдық  деңгейі  төмен  жағдайда 
тұрды.  Мысалы,  ғимараттың  тарлығынан,  30-жылдардың  ортасында  Оңтүстік  Қазақстан  облысының 
кейбір аудандарының мектептері төрт ауысымдық тəртіпке көшуге мəжбүр болды. Оқу таңғы сағат 5.50-
де басталып, кешкі сағат 9.00-де аяқталған. Бұл мектептің бес бөлмесінің екеуінде ғана сабақ өткізіліп, 
қалған бөлмелері интернат пен кеңсе ретінде пайдаланылған [12, 90 б.].  
Сондықтан,  бұл  жерде  бар  мəселе  комиссарға  емес,  ауылдағы  білім  беру  жүйесінің  материалдық 
базасының əлсіздігіне байланысты болғандығы белгілі. 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
135 
30-жылдардың ортасына дейін мектептерді арнайы ғимаратпен қамтамасыз ету көрсеткіші 50%-ға да 
жете алмады. 1934 жылғы есеп бойынша, барлық мектеп ғимаратының 44%-ы ғана арнайы мектеп үшін 
салынса, қалған 56%-ы оқу үрдісіне бейімделген ғимараттар құрады [9, 56 б.].  
Сонымен  қатар,  республика  бойынша  барлық  мектеп  ғимараттарының  31%  ғана  жарамды  болып, 
қалған 31% мүлдем жарамсыз деп танылып, ал 38% күрделі жөндеуді қажет етті [9, 56 б.]. 
Сол жылдары жоспарды орындау мақсатында, жыл сайын жаңа мектептердің құрылысы басталып, ал 
əлі аяқталмаған құрылыстар сол күйінде қалып отырды. Мысалы, 1934 жылы республика бойынша 1928-
1931 жылдар аралығында басталып, əлі аяқталмаған 159 құрылыс объектісі есепке алынады [9, 56-57 бб.]. 
Бұл  жағдай  көбінесе,  Қазақстан  бойынша  құрылыс  материалдарының  жетіспеушілігімен  сипатталды. 
Жабдықтаушы мекемелер мектеп құрылысына қажетті құрылыс материалдарын толығымен бере алмады. 
Мысалы, 1934 жылы жоспарда белгіленген бөренелердің – 33%-ы, кесілген тақтайлардың – 4,3%-ы, əй-
нектің – 60,4%-ы, шегенің – 10,3%-ы, цементтің – 10%-ы ғана құрылыс алаңдарына жеткізіледі [9, 58 б.]. 
1934 жылы Қазақстан үкіметі, ОХК-ның алдына бұрынғы жылдардан қалған барлық мектеп құрылыс-
тарының аяқталуын бақылауды міндет етіп қояды. Осы жылы жоспар бойынша 186 құрылыс объектісін 
салу белгіленді. Қалаларда 39 жаңа мектеп салу көзделді.  
Қазақ  мектептері  30-жылдардың  ортасына  дейін  орта  мектеп  деңгейіне  жете  алмады.  1934/35  оқу 
жылында  қазақ  мектебінің  тек  13,6%-ы  толық  төртжылдық,  16,7%-ы  үшжылдық,  48,3%-ы  екіжылдық 
жəне 21,4%-ы біржылдық білім берді. Тек, 1935 жылы ғана алғаш рет Алматы қаласында 11 оқушыдан 
тұратын бір 10-сынып ұйымдастырылады [13, 92-94 бб]. Сол 11 оқушының өзі əр облыстан жинақталды. 
Қазақстан  жағдайында  бастауыш  мектептерді  төртжылдық  деңгейге  көтеру  шаралары  дұрыс  қолға 
алынбай  жатқанда,  1934  жылы  РКФСР  ХКК-сі  жеті  жылдық  міндетті  білім  беруге  дайындық  туралы 
қаулысын қабылдайды [14, 115 б.]. Онда, қалалар мен жұмысшы поселкелерінде 1935/1936 оқу жылында, 
ал  селолық  жерлерде  1937/1938  оқу  жылында  барлық  бастауыш  мектептерді  бітірген  оқушыларды 
бесінші сыныпқа қабылдау міндеттеледі. 
Осыдан кейін, толық емес орта мектептер мен орта мектептерді ұйымдастыруға республиканың билік 
орындары  тарапынан  назар  аударыла  бастайды.  1935  жылдың  13  қарашасында  БК(б)П  Қазақ  өлкелік 
комитеті  мен  Қазақ  АКСР-ның  ХКК-нің  «Қазақстан  мектептерінің  құрылымын  тəртіпке  келтіру  жəне 
қазақ орта мектебін жетілдіру туралы» [13, 95-96 бб.] қаулысы қабылданады. Ол қаулыға сəйкес бір-екі-
үшжылдық мектептерді төртжылдыққа айналдыру бекітілді. Сонымен бірге, оқушылар саны 6-7 адамнан 
жоғары болмаса да 4-10 сыныптарын құру көзделді. Осындай шаралардың қолға алынуына байланысты, 
жергілікті басқару орындары мен мекемелерге мектептерді ғимаратпен, қаржымен, құрал-жабдықтармен 
қамтамасыз ету міндеті жүктеледі. 
Осы жылдары мектеп құрылысында айтарлықтай жетістіктер байқалды. Əсіресе, 1936 жылы мектеп 
құрылысы аса жоғары қарқынмен жүргізілді. Бұл жылда қала мектептеріне арналып 15470 орындық 37 
мектеп салынды. Ауыл-селолық жерлерде 8680 орындық 57 мектеп пайдалануға берілді.  Сөйтіп, белгі-
ленген  жоспар  114%-ға  асыра  орындалады.  Жоспардан  тыс  басталған  3840  орындық  25  мектептің 
құрылысы аяқталмай, 1937 жылға өтеді [15, 4-т., 41-і., 57-п.].  
Мектептерді  ғимаратпен  қамтамасыз  етуде,  халықтың  үлесі  ерекше  болды.  1936  жылы  халықтың 
бастамасымен, колхоздарда 87915 орындық 936 мектеп салынады [13, 103 б.]. Басқаша айтқанда, ауыл-
селодағы мектептерді ғимаратпен қамтамасыз етуде, үкіметке қарағанда, халықтың күші мен қаражаты-
ның маңыздылығы жоғары болды. Халықтың мектеп құрылысына араласуына оқушылар санының артуы 
əсер етті. 1934/35-1936/37 оқу жылдарының аралығында оқушылар саны үздіксіз өсті. Осы кезде үкімет 
тарапынан мектеп ғимараттарын салу қарқыны, оқушылар санынан артта қалды. Сондықтан, 30-жылдар-
дың ортасынан бастап мектеп құрылысына халықтың қаражатын пайдалану шараларының күшейгендігі 
байқалады.  1935  жылғы  мектеп  құрылысы,  негізінен  халықтың  өз  еркімен  қаражат  жинауы  есебінен 
жүзеге асты. Қазақ өлкелік комитеті мен ХКК-сі 1935 жылы ауыл-селодағы мектеп құрылысының жоспа-
рына тек 30 ауданды ғана енгізеді [9, 58-59 бб.]. Оның өзінде, ол құрылысты қаржыландыру мөлшерінің 
басым бөлігі халықтың өз қаражатына жүктелді. Ал, жоспарға енбей қалған аудандарға өз еркімен жаңа 
мектептің құрылысын ұйымдастыру ұсынылады. Құрылысты қаржыландыру, мұнда да халықтың қаража-
тына  жүктеледі.  Сол  жылы,  ауыл-селода  55  550  орындық  866  мектеп  пайдалануға  беріледі.  Оның  38-і 
үкімет  жоспары  бойынша  [9,  58  б.],  ал  828-і  халықтың  өз  қаражаты  есебінен  салынды.  Сонда,  мектеп 
қорын  қалыптастыруда  халық  қаражаты  шешуші  роль  атқарды.  Егер,  үкімет  есебінен  салынған  38 
ғимаратпен шектелгенде, 1935/1936 оқу жылында 103711-ге өскен оқушыларды оқуға тарту мүмкін емес 
еді.  Оқушылардың  жоғары  өсімі  1936/1937  оқу  жылында  да  (96103  оқушы)  байқалды.  Бұл  жылы  да, 
мектеп құрылысының басым бөлігінің халықтың тарапынан жүзеге асқандығы жоғарыда айтылды. 
Бұл көрсеткіштерден, қарастырылып отырған жылдардағы мектеп ғимараттарының көбінесе бастау-

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
136 
ыш мектептерге арналғандығын байқаймыз. Көршілес ауылдарға ортақ мектеп пен интернат салу жұмыс-
тарына екінші бесжылдықтың соңында да аса үлкен мəн берілмеді. Мысалы, мектеп құрылысы ең жоғары 
қарқынмен  дамыған  1936  жылдың  өзінде  1400  орындық  13  интерант  салу  жоспарланды  (оның  3-уі 
жұмысшы  поселкелеріне  арналды).  Ол  жоспардың  өзі  толық  орындалмай,  1000  орындық  10  интернат 
қана  салынады  [15,  4-т.,  41-і.,  57-п.].  Аяқталмаған  құрылыс  объектілері  1937  жылға  шегеріледі.  Бірақ, 
1937  жылы  интернат  салу  жоспарының  орындалу  көрсеткіші  алдыңғы  жылғыдан  да  төмен  болды. 
Жоспар  бойынша  салынуға  тиісті  9  интернат  үйінің  тек  2-уі  ғана  пайдалануға  беріледі.  Ал,  қалған  7 
интернат үйін салу, 1938 жылға қалдырылады [16, 1-т., 28-і., 128-п.]. Осылайша, қарастырылып отырған 
кезеңде жүздеген мектеп салынғанымен, интернат үйлерінің құрылысы баяу жүрді. 
Үшінші бесжылдықтың соғысқа дейінгі жылдарында толық емес орта жəне орта мектептерді дамыту 
шаралары жалғасты. Соның нəтижесінде, толық емес орта мектептердің жылдық орташа өсімі – 222-ге, ал 
орта  мектептер  –  126-ға  тең  болды.  Бірақ,  осы  жылдары  бастауыш  мектептердің  жылдық  өсімі,  орта 
есеппен алғанда 386-ға төмендеп кетті. Бұл өзгерістер, қала мен ауыл-селоны жеке қарастырғанда, анығы-
рақ көрінеді. 1937/38-1940/41 оқу жылдарының аралығында, қаладағы бастауыш мектептерінің жылдық 
орташа өсімі – 14, толық емес орта мектеп – 11, орта мектеп – 45-ке сəйкес келді. Ауыл-селодағы мектеп-
тердің осы аралықтағы жылдық өсімі, толық емес орта мектептерде – 211, орта мектептерде – 81-ге теңес-
ті. Ал, бастауыш мектептердің саны өсудің орнына, керісінше, жылына орта есеппен 400 мектепке кеміп 
отырды.  
Бастауыш  мектептердің  азаюы,  селоға  қарағанда  ауылдарға  көбірек  тəн  болғандығы  белгілі.  Оның 
бірқатар себептерін қарастыруға болады. Ең алдымен, ауыл мектептерін ірілендіру мəселесін алайық. 30-
жылдардың екінші жартысында ауылдардағы оқушысы аз, шағын мектептерді ірілендіруге билік орында-
ры  ерекше  назар  аударды.  Дегенмен,  ауылдағы  бастауыш  мектептерінің  жыл  сайын  400-ге  азайып 
отыруы,  шын  мəнінде,  ондағы  мектептердің  іріленгенін  білдірмеді.  Өйткені,  мектептерді  ірілендіру 
барысында,  мектеп  саны  азайып,  оқушылар  саны  көбеуі  қажет.  Бірақ,  30-жылдардың  соңында  ауыл-
селоның  бастауыш  мектептеріндегі  оқушылар  саны  бұрынғы  деңгейде  қалды.  Тіпті,  40-жылдардың 
басында олардың саны 20-жылдардың соңындағы көрсеткіштердің деңгейіне дейін түсіп кетті. Мысалы, 
1937/38 оқу жылында ауыл-селодағы бір бастауыш мектепке 68 оқушыдан келсе, 1940/41 оқу жылында, 
ол  көрсеткіш  49  оқушыға  тең  болды.  Жалпы,  1937/38-1940/41  жылдар  ішінде  бастауыш  мектептердегі 
оқушылар  саны,  жыл  сайын  20%-ға  кеміп  отырды.  Бұл,  бастауыш  мектептерді  ірілендіру  мақсатымен, 
шағын мектептерді жауып, олардың орнына көп орынды мектеп салу жұмыстарының іске аспағандығын 
көрсетеді. Сөйтіп, ірі мектептерді ұйымдастыру шаралары, ауылдағы балалардың оқуға тартылу қарқы-
нын төмендетті. 
Келесі бір себеп – 30-жылдардың басында орын алған ашаршылық. Соның нəтижесінде, сол уақытта 
дүниеге келген балалардың қырылып, ал туу деңгейінің күрт төмендеп кеткендігі белгілі. Бұл жағдай да, 
30-жылдардың соңы –  40-жылдардың басында, ауылдың бастауыш мектептерін оқушылармен қамтама-
сыз етуге кері əсер етті. 
30-жылдардың  соңында  ауыл-село  мектептеріне  арналып  салынған  ғимараттардың  көлемі  ұлғайды. 
Мысалы, 1938 жылы салынған бір мектеп ғимаратында орта есеппен –  186,  ал 1939 жылы –  212 орын 
болды.  Осы  уақытта  толық  емес  орта  жəне  орта  мектептер  мен  ондағы  оқушылардың  саны  да  үздіксіз 
өсті.  1940/41  оқу  жылында  ауыл-селодағы  əрбір  толық  емес  орта  мектепке  –  213,  орта  мектепке  –  478 
оқушыдан келді. Сол жылдары мұндай тығыздықты барлық ауыл мектептерінің интернатсыз қамтамасыз 
ете  алмайтындығы  белгілі.  Сондықтан,  толық  емес  орта  жəне  орта  мектептер  көбінесе,  селоларда 
ұйымдастырылды деген қорытындыға келуге болады. 
1937/38-1940/41  оқу  жылдарында  қаладағы  бастауыш  мектептердің  саны  өсті.  Олардың  жылдық 
орташа  өсімі  14  мектепке  тең  келді.  Бірақ,  бастауыш  мектептердегі  оқушылардың  саны  жылына  орта 
есеппен 6212-ге кеміп отырды. Осы өзгерістер оқушылар тығыздығын реттеуде қолайлы болды. Мысалы, 
1937/38 оқу жылында бір бастауыш мектепке – 235 оқушыдан келді. Бұл көрсеткішті төрт класқа бөлген-
де, əр класта 59 оқушы оқыды. Ал, 1940/41 оқу жылында бастауыш мектептердегі оқушылардың орташа 
саны – 150 болса, онда əр класта 38 оқушы білім алды. 
Қалалардағы  бастауыш  мектептерге  қарағанда,  толық  емес  орта  жəне  орта  мектептерді  дамытуда 
ғимарат  тапшылығы  басты  мəселе  болып  табылды.  1938  жылы  қалаларда  14  720  орындық  34  мектеп 
салынды. Дегенмен, оқушылар санының өсу қарқыны да жоғарылады. 1938/39 оқу жылында толық емес 
орта жəне орта мектептердегі оқушылар саны 30 327-ге көбейді. Келесі жылы қаладағы мектеп құрылы-
сының қарқыны өсудің орнына баяулады. Осы жылы, яғни 1939 жылы 7280 орындық 19 мектеп пайдала-
нуға  берілді.  Ал,  1939/40  оқу  жылында  толық  емес  орта  жəне  орта  мектептердегі  оқушылар  санының 
өсімі – 29 700-ге тең болды.  

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
137 
Мектеп  ғимараттарының  жетіспеушілігі  орталық  билік  орындарының  назарын  аударды.  1940  жылы 
КСРО-ның ХКК мен БК(б)П-ның ОК-і тағы да, «Мектеп ғимараттарын өз мақсатында пайдалану туралы» 
қаулысын қабылдайды [14, 522 б.]. Бұл 1932 жылғы «Мектеп ғимараттарын пайдалану туралы» қаулысы-
мен мазмұндас болды. 
20-жылдардың  соңында  Қазақстан  мектептерінде  оқулықтарға  деген  сұраныс  жоғарылай  бастады. 
Дегенмен, сол уақытта оқулықтар өте аз таралыммен басылып жəне бағасы қымбат болды. Ал, мемлекет 
тарапынан  мектептерді  оқулықтармен  тегін  қамтамасыз  ету  үшін,  жыл  сайын  шамамен  100  мың  сом 
бөлініп тұрды. Бұл қаржы, республикадағы барлық оқушылардың тек 10%-ның ғана тегін оқулық алула-
рына мүмкіндік жасады [17, 1-т., 1481-і., 17-п.]. 20-жылдардың ортасында мектептердегі оқулық мəселесі 
жөнінде  С.Садуақасұлы  орынды  ұсыныстар  айтты.  Ол,  бастауыш  мектепті  оқу  құралдары  мен  толық 
қамтамасыз ете алмай жатып, жоғары сыныптарда оқитын оқулықтарды шығарудың қателігін атап өтті. 
Оның  ойынша  сол  жылдардағы  халықтың  білім  деңгейіне  сəйкес  тек  бастауыш  мектептерге  ғана  оқу 
құралын  даярлау  тиімді.  Себебі,  одан  əрі  оқулық  шығаруға  күште,  қаражатта  жетпейді.  Дегенмен, 
С.Садуақасұлының «...бүкіл мектептердің оқу құралын біз аз уақытта даяр қылып шығарамыз деу үлкен 
қате  нəрсе.  Бұл  қолымыздан  келмейтін  құрғақ  қиял»  [2,  321  б.]  деген  ұсыныстары  партия  талаптарына 
сəйкес келмеді. Бірақ, С.Садуақасұлының оқулық шығару жайында жасаған болжамдары, 30-жылдардың 
басында нақты көріністерін бере бастады. 
Қазақстанның  полиграфия  саласының  материалдық-техникалық  базасының  əлсіздігі,  жылсайын 
көбейіп  кележатқан  оқушылар  санына  сəйкес  көлемде  оқулықтар  шығара  алмады.  Оқулықтарға  деген 
сұраныс  өскен  сайын,  оны  қанағаттандыру  деңгейі  төмендеді.  Мысалы,  1929/1930  жылы  І-дəрежелі 
мектептерге  арналған  24  түрлі  оқулық  шығару  көзделгенімен,  ол  45%-ға  ғана  (таралымы  66%-ға) 
орындалды. Ал, 1930/1931 оқу жылы ол көрсеткіш одан əрі төмендеді, яғни оқулық шығару жоспарының 
орындалуы  20%-ға,  ал  таралымы  19%-ға  тең  болды.Сол  жылдары  сауатсыздықты  жоюға  арналған 
оқулықтарды шығару қарқыны неғұрлым жақсы дамыды. 1929/1930 жылы аталған оқулықтарды шығару 
жоспары  (415  мың  таралыммен  7  түрлі  оқулық  шығару)  толығымен  іске  асты.  Ал,  1930/1931  жылы 
оқулық түрі – 60%-ға,  таралымы – 56%-ға орындалды. Мектептерге арналған оқу-əдістемелік құралдар 
шығару барысы өте баяу жүрді. 1929/1930 жылы 10 оқу-əдістемелік құралын 55 мың таралыммен шығару 
жоспарланса,  оқу-əдістемелік  құралдардың  түрінің  –  30%-ы,  ал  таралымының  20%-ы  ғана  басылды. 
Келесі жылы, оқу-əдістемелік құралдарын шығару жоспарының орындалу көрсеткіші – 14%-ды, таралы-
мы  –  12%-ды  құрады.  Жалпы,  білім  беру  жүйесіне  арналған  баспа  өнімдерін  шығару  жоспары  орта 
есеппен 1929/1930 жылы – 59%-ға (таралымы – 80%), 1930/1931 жылы – 21%-ға (таралымы – 25%) жүзеге 
асты [4, 3-т., 1082-і., 63-64-пп.]. 
1932  жылы  оқулықтар  шығару  көрсеткіштері  алдыңғы  жылдардан  да  төмендеп  кетті.  Мысалы,  осы 
жылы  І-дəрежелі  мектептерге  арналған  оқулықтар  шығару  жоспары  86%-ға  орындалмай  қалса,  ІІ-
дəрежелі  мектептерге  арналған  оқулықтар  толығымен  шыққан  жоқ  [7,  8-т.,  249-і.,  25-п.].  Оның  басты 
себебі  –  полиграфиялық  базаның  əлсіздігі,  қағаз  тапшылығы  болып  табылды.  Сонымен  қатар,  білікті 
кадрлардың  аздығы  жəне  соның  əсерінен  оқулық  сапасының  төмендігі  де  оқулық  шығару  жұмысына 
кедергі келтірді. 
Жеткіліксіз көлемде басылып жатқан оқулықтар мен оқу-əдістемелік құралдарын аймақтарға тарату ісі 
де дұрыс ұйымдастырылмады. Аталған өнімдерді аудандарға тарату міндеті, сол жылдары кітапорталығы 
мекемесіне жүктелді. Бірақ, ол мекеме 41 ауданды ғана қамтыды. Соған байланысты, Қазақстанның 80-ге 
жуық аудандарын оқулықтармен қамтамасыз етуде, бірқатар олқылықтар орын алды [7, 8-т., 249-і., 28-п.]. 
Сол  сияқты,  мектептерде  басқа  да  оқу  құралдарының  жетіспеушілігі,  ең  алдымен  аталған  өнімдердің 
дұрыс таратылмауында болды. Мысалы, 30-жылдардың басында, мектептерге бөлінген дəптерлер аудан-
дық тұтынушылар одағы тарапынан басқа кеңселік қажеттіліктерге жұмсалады. Ал, Қарағанды қаласы-
ның қоймаларында дəптерлердің үлкен көлемі сақталып, бірақ ол өнімдер ешқандай мекеменің есебіне 
алынбады [7, 8-т., 249-і., 28-п.]. 
Бұл  жағдай,  сол  жылдарда  білім  беру  жүйесіне  байланысты  сандық  мəліметтердің  болмағандығын 
көрсетеді. Себебі, нақты сандар болмағандықтан, құрал-жабдықтарға деген сұраныс та анықталмады. Осы 
мəселенің маңыздылығына, 20-жылдардың ортасында С.Садуақасұлы көп көңіл бөлді. Ол: «…мектептер-
де қандай оқу құралы керек, оның қаншасы даяр, қаншасы жетпейді – бұл туралы біздің мағлұматымыз 
өте нашар. Сонымен бұл мəселені түбінен қопарып қайта шешу керек. Ең əуелі дұрыстап жалпы нысана-
ны белгілеу керек» [2, 321 б.], – деді. Ал, 20-жылдардың соңы – 30-жылдарда, оқу құрал-жабдықтарын 
бөлу  барысында  əр  облыс,  аудан  бойынша  нақты  тұтыну  жоспары  жасалмады.  Соның  негізінде,  бір 
мектепте жоқ жабдықтар, екінші мектепте көп мөлшерде беріліп, пайдаланусыз тұрды. Мысалы, Созақ 
ауданының мектептері географиялық карта, əр түрлі портреттер сияқты көрнекі құралдармен жеткілікті 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
138 
жабдықталды. Оның ішінде көсемдердің портреттерінің көп берілгендігі соншалық, бір сынып бөлмесін-
де  бір  көсемнің  портреті  бірнеше  дана  болып  ілінді.  Карталар  сол  сыныптың  бағдарламасына  сəйкес 
келмеді [12, 95 б.]. Сондықтан, көбінесе олардың қажеттілігі болмады. 
1928-1941 жж. Қазақстанның білім беру жүйесі партияның назарында болды.  Халық шаруашылығы-
ның барлық саласында кадрларға деген сұраныс жыл сайын артып отырды. Аталған сұранысты қанағат-
тандыру үшін, ең алдымен білім беру жүйесінің материалдық қамтамасыз етілу деңгейіне терең мəн беру 
талабы  туындады.  Бірақ,  сол  жылдары  билік  орындары  мектептерге  тартылатын  оқушылардың  санын 
барынша жоғарлатуға  нұсқаулар бергенімен, мектептің материалдық жағдайын нығайтуда айтарлықтай 
жетістіктерге  қол  жеткізе  алмады.  Бұл,  ең  алдымен,  мектептердің  талапқа  сай  ғимараттарға  жеткіліксіз 
орналастырылуымен сипатталды. Осы мəселенің маңыздылығы қала мен ауыл-село үшін бірдей болды. 
Қазақ ауылдарындағы балаларды оқуға тарту, мектеп ғимаратымен бірге интернат үйінің салынуын қажет 
етті. Дегенмен, аталмыш қажеттілік ескерілмей, ауылдық мектептердің басым бөлігі талапқа сай келмей-
тін,  бейімделген  немесе  жалдамалы  ғимараттарға  орналасуға  мəжбүр  болды.  Соның  салдарынан,  бұл 
мектептер  ұзақ  уақыт  1,  2  сыныптан  жоғары  өсе  алмады.  Ауыл  мектептерін  ғимаратпен  қамтамасыз 
етуде, халықтың күші мен қаражаты маңызды роль атқарды.  
Сол жылдардағы  мектеп  құрылысын ұйымдастырудағы тəжірибесіздік, бақылаудың əлсіздігі  мектеп 
қорының оқушылар санының өсіміне сəйкес дамуын тежеді. Бұл өз кезегінде мектептегі оқушылардың 
шектен тыс тығыздығын тудырды, балалардың оқуға тартылуын шектеді. 
Қарастырылып отырған кезеңде, мектептерді оқулықтармен қамтамасыз ету мəселесі де өзекті болып 
табылды.  Жыл  сайын  өсіп  келе  жатқан  мектептерге  жеткілікті  түрде  оқулықтар  шығару  көбінесе, 
полиграфия  саласының  материалдық-техникалық  базасының  əлсіздігіне  жəне  білікті  авторлардың 
аздығына байланысты, баяу дамыды.  Сонымен бірге, сол жылдардағы мектептерге бөлінген оқулықтар 
мен  оқу  құрал-жабдықтарының  бірқатар  жағдайда  орынды  пайдаланылмауы,  олардың  жетіспеушілігін 
тудырды.  Оған  көбінесе,  мектептерге  қатысты  статистикалық  мəліметтердің  қате  берілуі  немесе  нақты 
тұтыну жоспарының анықталмауы əсер етті. 
 
1. ЦГА РК. Ф. 81 – Народный комиссариат просвещения КазССР (НаркомпросКазССР) (1920-1936 гг.). 
2. Садуа/ас%лы С. Екі томды/ шығармалар жинағы. 2-том. – Алматы: Алаш, 2003. – 360 б. 
3. Чокай-оглы М. Туркестан под властью Советов. Статьи, воспоминания. – Алма-Ата: Айкап, 1993. – 160 с.  
4. ЦГА РК. Ф. 30 – Совет Народных Комиссаров КАССР (СНК) (1920-1936 гг.). 
5. Компьютеризованный статистический анализ для историков / Под ред. Бородкина Л.И. и Гарсковой И.М. – 
М., 1999. – 187 с.  
6. Ме деш%лы С. Социалды мəдениет // Социалды  аза/стан. 1932, 17-/азан. – 2-3 бб. 
7. ЦГА РК. Ф. 698 – Центральное статистическое управление при Совете Министров КССР (1938-1969 гг.). 
8. Алматы о/удыбастады // Социалды  аза/стан. 1932, 23-/ыркCйек. – 4 б. 
9. Джантлеуов Ш. Строительство школ – важнейшее мероприятие партии // Большевик Казахстана. 1935. - 
№6. - С. 56-59. 
10. Жумашев Р.М. Очерки истории культуры Казахстана (1917-1991 гг.).-Караганда: Изд-во КарГУ, 2002.-148 с. 
11. Ме деш%лы С. Социалдымəдениет // Социалды аза/стан. 1932, 17-/азан. – 2-3 бб. 
12. Ионисиани А. Очерк культуры Казахстана // Коммунистическое просвещение. 1935. - №5. – С. 84-99. 
13. Культурное строительство в Казахстане (1933-июнь 1941 гг.). Сборник документов и материалов. – Алма-
Ата: Казахстан, 1985. - Т. 2. – 283 с. 
14.  Народное  образование  в  СССР.  Общеобразовательная  школа.  Сборник  документов.  1917-1973  гг.  –  М.: 
Педагогика, 1974. – 560 с. 
15.  Центральный  государственный  архив  Республики  Казахстан  (ЦГА  РК)  Ф.  229  –  Народный  Комиссариат 
финансов КАССР (1921-1936 гг.). 
16. ЦГА РК. Ф. 1606 – Министерство финансов КССР (НаркомфинКазССР) (1937-1940 гг.). 
17. ЦГА РК. Ф. 81 – Народный комиссариат просвещения КазССР (НаркомпросКазССР) (1920-1936 гг.). 
 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал