Социально-экономическая история



жүктеу 5.1 Kb.

бет16/23
Дата08.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

 
Резюме 
Сведения о профессиональном уровне рабочих на строительстве Туркестано-Сибирской железной дороги анали-
зированы на основе новейших архивных источников. 
 
Summary 
Information about the professional level of workers on building of Turkistan- Siberia railway is analyzed on the basis of  
the newest archived sources. 
ҚОҒАМДАҒЫ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ЖЕТІСУ ӨҢІРІНДЕГІ 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
121 
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ƏСЕРІ (XIX Ғ. II-ЖАРТЫСЫ – XX Ғ. БАСЫ) 
 
Л.А. Бисембаева – магистрант, Абай атындағы  аз ПУ 
 
Қазақтардың  тұрғын  үй  тарихына  үңілсек,  оның  тамыры  тарих  қойнауына  еніп  кететінін  көреміз. 
Заман алға озған сайын тұрғын үй құрылысы дамытылып, өзгеріске ұшырап отырғанына да куə боламыз.  
Деректерде XX ғасырға таман Қазақстанның көптеген аймақтарында тұрақты қыстық үйлер болғанды-
ғы  туралы  айтылғанымен,  ХХ  ғасыр  басында  Жетісу,  Оңтүстік  Қазақстан,  Сырдария  мен  Арал  теңізі 
аймағындағы қазақтардың едəуір бөлігінің əлі де тұрақты қыстық тұрғын үйлері болмағаны да айтылады. 
«Жетісуда  қыстауларда  жаппай  тұрғын  үйлер  салу  үрдісі  өте  кеш,  ХХ  ғасыр  басында  басталды»  – 
делінеді /1/.  
Бірақ,  бұл  деректер  отарлаушы  патша  үкіметінің  мүддесі  тұрғысынан  берілгендіктен,  сын  көзбен 
қарауды  қажет  етеді.  Ол  көзқарастардың  шындыққа  мүлдем  жанаспайтындығына  төмендегі  жолдарды 
оқығанда анық көз жеткізуге болады: 
«Жетісу аймағы тек сулы ғана емес, сонымен бірге таулы, қыратты, жоталы да аймақ. Осы тау төбеле-
рі  мен  шың-құздарына  қыс  бойы  түскен  қар  жаз  бойы  еріп,  Іле  Алатауының  сайларымен  ағып,  халық 
игілігіне жараған. Ал таулардың күнгей беткейлерін қазақтар ежелден қыс айларында тұрақты мекен етіп, 
қыстаулар салған. Жетісу аймағының жер бедерінің адам баласының өмір сүруіне қолайлылығы, қоңыр-
жай климатының пайдалылығы бұл аймақта қазақ халқының жартылай отырықшылықпен өмір сүруіне 
ерте кезден-ақ мүмкіндік беріп келеді» – делінеді /2/.  
Қазақ жеріне орыс қоныс аударушылары келгенге дейін-ақ Жетісу аймағын, оның ішінде Верный уе-
зін қазақтар ежелден тұрақты мекен етіп, қыстаулар (Мысалы: Керейқұл қыстауы; Əйтек қыстауы; Даржы 
қыстауы) салған. Мысалы, зерттеу жұмыстарының нəтижесінде Əйтек қыстауындағы тұрғын үй ішінен 
астық  сақтайтын  шағын  қойма,  қыстау  маңынан  қора-жайлардың  орны  да  табылған.  Қоралар  кейбір 
қыстақтарда тұрғын үйге қарама-қарсы салынса, келесі бір қыстауларда үйдің алдын айналдыра қоршаған 
ауласы болған, мал қораны соған жапсарлас салғаны белгілі болып отыр. Балқаш бойы қазақтарының да 
XVIII ғасырдың өзінде тұрақты қыстаулары болған, малға арнап жабулы қора-жай сала бастаған /3/.  
Осы мəліметтердің өзі-ақ Жетісу өңірі халқының ертеден мал шаруашылығымен қатар егіншілікпен де 
айналысқанына, дəстүрлі киіз үйлермен қатар тұрақты үйлері болғанына да дəлел бола алады.  
Балқаш сияқты сулы, қамысты жерлерде үйді қамыстан тұрғызған. Қамыс қабырғалар екі қатар қабат-
талып тұрғызылып, ортасы көңмен толтырылған. Екі жағынан сазбен сылаған. Кей жағдайда бума қамыс-
ты тігінен қатарластыра, үйдің жобасы бойынша қойып, төменгі жағы жерге көмілген де, қабырғалары 
көлденеңінен екі-үш жерінен қамыс жіптермен бекітілген. Бума қамыс орнына көп жағдайда ағаш каркас-
тар  да  қойған.  Қамыстан  жасалған  тұрақтар  берік  болмағандықтан  оны  шаруашылыққа  (шошала,  қора 
ретінде) қолданды /4/.  
Балқаш өңірінде жаз айларында тоқылған қамыстан үй жасап, төбесін қақпақ тəріздес қылып, тоқыл-
ған қамыспен жапқан. Қабырғасын іші-сыртынан саз балшықпен сылаған. Бұндай үйлерді шошала үйлер 
деді.  Дəл  осындай  қамыстан  тоқылып  жасалған  шошала  үйлер  Балқаш  өңірінде  1930  жылдарға  дейін 
сақталған /5/.  
XIX ғасырда қабырға негізінен шым кірпіштерден, қамыстан, тоқылған қамыстан тұрғызылған. Шым 
кірпіштерді  құрылысқа  пайдалану  экономикалық  жағынан  өте  тиімді,  сонымен  бірге  жылы,  əрі  берік 
тұрғын  үй  болды.  Оның  қабырғаларының  қалыңдықтары  əр  түрлі  (80  см-1,5  метр  аралығында)  болды. 
Шымнан  үй  тұрғызғанда  жерге  шөп  төсеп,  үстіне  шым  кірпіштерді  бір-біріне  бекітпей-ақ  қоя  берген. 
Қабырғаларын  соңынан  күрекпен  тегістеген.  Шым  кірпіштерді  шөбі  аласа,  əрі  қалың  өскен  жерлерден 
күрекпен əр түрлі көлемде, төрт бұрышты кірпіш тəріздес қылып ойып алу арқылы дайындаған.  
XIX–XX ғасырлар тоғысында Жетісу, Сырдария өңірлерінде жертөлелер де кездесіп отырған. Əдетте 
ондай  үйлерді  биіктігі  адам  бойындай  (1-1,5  метрден  артық  емес)  қылып  қазып,  жоғары  жағынан  жер 
бетіне  аз  ғана  шығарып,  шымнан,  кірпіштен,  тас,  т.б.  сол  заманғы  құрылыс  материалдарынан  қалап 
жапқан. Бұндай үйлерді қазба үй, жеркепе, жертөле, жер үй деп атаған /6/.  
Дегенмен, XIX ғасырдың II-жартысынан бастап қазақ жеріне қоныс аударушылардың көптеп келуімен 
өлкедегі бірқалыпты тіршілік, натуралды шаруашылық ыдырап, қазақ халқы өмірінің барлық саласында 
серпінді  өзгерістер  басталады.  Қоғамның  барлық  саласындағы  өзгерістерден  тұрғын  үй  саласы  да  шет 
қала алмады.  
Біз  қарастырып  отырған  кезеңде  қазақтардың  дəстүрлі  тұрғын  үй  түрлерінің  өзгеріске  ұшырауына 
себеп болған – қазақ жеріне орыстардың көптеп қоныстануы, капиталистік қатынастардың дендеп еніп, 
əлеуметтік-экономикалық  даму  мен  еңбек  құралдарының,  шаруашылық  түрлерінің  өзгеріске  ұшырауы-

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
122 
ның əсер етуі. Бұл өз кезегінде халықтың дəстүрлі мал шаруашылығын да дағдарысқа ұшыратты /7/.  
Жартылай отырықшылық пен отырықшылыққа көшуге байланысты тұрақты қыстақтар көптеп салына 
бастады. Соған қарамастан, біз қарастырып отырған XIX ғасырдың  II-жартысы мен XX ғасыр басында 
қазақтар тұрмысында киіз үй əлі де негізгі тұрғын үй ретінде маңызды орын алып отырған. Сондықтан 
оған деген сұраныс та кеміген жоқ. Киіз үйдің қаңқасын (ағаш бөліктерін) шеберлер (ағаш ұстасы, үйші) 
жасады. Кейбір орманды жерлерде киіз үй жасайтын орталықтар да пайда болды /8/.  
Құрылыс техникасы жетілдіріліп, кірпіштен, ағаштан тұрғызылған құрылыстар кең тарай бастады /9/.  
Құрылысқа  ағашты  пайдалану  Қазақстан  жеріне  ежелден  таныс  болғанымен,  ағаштың  өзінен  үй 
тұрғызу XIX ғасырдың II-жартысының үлесіне тиеді /10/.  
XIX ғасыр аяғындағы, əсіресе 1870-1890 жж. Верный уезінің тұрғын ұй құрылысының тарихына келер 
болсақ, Ресейдегі сияқты бұл өңірде де кірпіштен үй салу кеңінен өрістеді. Кірпіш қолжетімді болғандық-
тан  құрылыс  саласына  жаппай  қолданыла  бастады.  Одан  тек  тұрғын  үй  ғана  емес,  қоғамдық  орындар, 
мектеп, аурухана, сауда, өндіріс орындарын салды /11/.  
1887  жылғы  28  мамырда  (9  маусымда  )  Верныйда  болған  ірі  жер  сілкінісінің  салдарынан  қалада 
ағаштан  тұрғызылған  құрылыс  нысандарынан  басқасы  түгел  қирап  қалады.  Кірпіштен  қаланған  1799 
құрылыс нысанының 1-еуі, сонымен бірге Үлкен жəне Кіші станицалардың ағаштан салынған құрылыс 
нысандары ғана апаттан аман қалады. Осыдан кейін-ақ өлкеде құрылыс саласында ағаш кеңінен пайдала-
ныла бастады. Одан кейін 1910 жылдың 22 желтоқсаны (1911 ж. 4 қаңтар) күні болған жер сілкінісінен 
қаладағы ағаштан тұрғызылған құрылыс нысандары ғана аман қалады /12/.   
Осыдан кейін өңірдің жоғарғы сейсмикалық қауіптілігі ендігі жерде негізгі құрылыс материалы ретін-
де тастың өзін ғана пайдаланбай, ағашпен біріктіріп пайдаланудың тиімділігін көрсетті.  
XIX  ғасырдың  II-жартысынан  бастап  қазақ  жерінде  құрылыс  материалдарының  өзгеруімен  бірге, 
тұрғын үй түрі мен жобасы (жоспары) да өзгерді. Бір бөлменің орнына қоржын үйлер, төрт бұрыштың 
орнына сопақша түрдегі үйлер пайда болды. Үй формаларының өзгеруінің өзі қазақ жеріне орыс пештері-
нің  келе  бастауымен  де  байланысты.  Бұндай  пештердің  түтін  шығатын  тұрбасы  болды  жəне  ол  үйді 
жылыту қызметін де атқарды. Бұрын бір бөлмелі үйдің іші тамақтанатын, жатып-тұратын, асхана, қойма 
орнының  ролін  атқарған  жəне  пештің  тұрбасы  жоқ,  үйдің  ортасында  орналасқан  еді.  Түтінді  тысқа 
шығаратын тұрбалы пештердің келуі, қазақтардың өздеріне ыңғайлы қылып үй салып алуларына ықпал 
етті.  Пеш  ұзынша  түрде  салынған  бөлменің  ортасына,  қабырғаға  жабыстырыла,  кіретін  есікке  қарсы 
орналастырылды. Кірер есік үйдің қабырғасының дəл ортасында емес, бір бұрышына қарай орналасты. 
Сонда бөлменің бірі үлкен, екіншісі кішірек болды. Бірі негізгі бөлме болса, екіншісі – ас үй, шаруашы-
лық  бөлмелерінің  ролін  атқарды.  ХХ  ғасыр  басында  бұндай  ұзын  бөлмелердің  ортасы,  көбіне  төбесіне 
дейін жеткізбей, бөлініп қойылды. 
Революцияға дейін қатардағы малшылырдың үйі бір бөлмелі болып қала берді. Ал, байлар, көпестер 
ағаштан,  кірпіштен  үлкен  үйлер,  əр  түрлі  шаруашылыққа  арнап  тұрақтар,  ақырында  өздеріне  жұмыс 
істейтін  туыстары  мен  батрактарға  да  арнап  жертөлелер  мен  шошалалар  салып  берді.  Байлардың  үйін 
орыс-татар шеберлері салғандықтан орыс үлгісінде болды. Яғни биік іргетас үстіне кірпіш немесе ағаш-
тан салынды, төбесі шатырланды, еденіне тақтай төселіп, қабырғасына сөрелер орналастырылды. Үй бір-
неше бөлмелерден тұрды. Орыс пеші немесе «голландка» орнатылды, терезелеріне əйнек салынды /13/.  
Жаңадан салынған үйлердің ішіне мүліктер киіз үйден көшті. Негізінен киіз төселді, пештің алды, кіре 
беріс есік алды бос қалдырылды. Бөлменің таза жағына жүк (оралған киіз, көрпе, ішіне зат салынған киіз 
қап  т.б.)  жиналып,  оның  оң  жағына  төсек  жиналды.  Қабырғаға  киім-кешек,  ер-тоқым,  қару-жарақтар 
ілінді. Ыдыс-аяқ, т.б. шаруашылық ыдыстары бұрышта пеш қасына немесе бөлек суық бөлмеге орналас-
тырылды.  Көші-қонның  қысқаруы  тұрмысқа  самаурын,  əсіресе  нəзік  əйнектен,  фарфордан  жасалған 
ыдыстардың  енуіне  жол  ашты.  Орыстың  тұрмыстық  мəдениетінің  қазақтардың  күнделікті  тұрмысына 
енуіне  сауда-саттықтың  дамуы  ықпал  етті.  Ол  өз  кезегінде  қазақтардың  күнделікті  тіршілігін,  тұрмыс-
салтын өзгеріске алып келді, тұрмыстық мəдениетін жаңа деңгейге көтерді, жаңа тұтыну заттары пайда 
болды.  Фаянс,  фарфор,  самаурын,  таба,  айна,  сандық,  шкафтар  қазақтар  арасында  кең  тарады.  Қалада 
тұратын байлар төсек, комод, шкаф, үстел, орындық сияқты орыс жиһаздарын алдырды. Майшамдарды 
керосин лампалар алмастырды. 
Қазақтарда киіз үй жиһаздары да сақталды, бірақ жаңадан салынған үйлерде олардың орналасу реті, 
киіз үйдің ішіндегідей, қатаң сақталмады. Киіз үйге қарағанда, қыстау үйлер иелерін қыстың аязы мен же-
лінен жақсы қорғады. Бірақ қазақтар көктем шығысымен киіз үй тігіп, көшіп алуға тырысты. Олар қыстау 
үйлерді уақытша, қосымша үйлер деп санады да, оны жабдықтауға аса көңіл бөлмеді. Қазақтар жайлауға 
көшерде көп жағдайда үйдің есік, терезесін, жазда қажеті жоқ көптеген заттарын қыстаудағы қоймалары-

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
123 
на тығып кетті. Кейбіреулері есік, терезелерін жайлауға өздерімен бірге алып та кетіп отырған /14/.  
XIX ғасырдың II-жартысы мен XX басында киіз үйдің негізгі кең таралған жиһаздарының бірі - ағаш 
төсек болды. Оны шымылдықпен бүркемелеп қойды. Ал ағаш төсектің тұсындағы керегеге түскиіз ілінді. 
Байлардың  киіз  үйлерінің  есігі  ойып  өрнек  салынған  ағаштан  жасалынды  жəне  екі  жаққа  ашылды. 
Босағасы, кей жағдайда шаңырағы да ойып, өрнектелінді. Байлардың киіз үйінің төрінде бірнеше сандық, 
кілем,  бірінің  үстіне  бірі  жиналған,  бірнеше  қатардан  тұратын  жүктер  болды.  Ол  жүктер  кілемдермен 
жабылып қойылды. Бұндай киіз үйлерден бұхар кілемін де кездестіруге де болады. 
Жалпы  киіз  үйдің  ішкі  жинақталуы  өте  əдемі  болды.  Жеріне  түгелдей  кілем  төселінді.  Бірнеше 
кішкене кілемдер кіре беріс есік алдына да төселінді. Түбіт кілемдер мен алтын немесе күміс жіптермен 
айналдыра  тігілген,  өрнектелген  барқыттан,  жібектен  жасалған  жастықшалар  өте  көп  болды.  Əрине, 
байқап отырғанымыздай, бұның бəрі байлардың киіз үйлеріне тəн еді. 
Ал, кедейлердің киіз үйінің жағдайы əлдеқайда төмен болды. Үйлері 5-6 қанаттан тұрып, тұрғын үй 
жəне шаруашылық мақсатында да қызмет етті. Суық күндерде асты да осы жерлерде дайындады. Бұндай 
киіз  үйдің  ішкі  жалпы  көрінісі:  қажетті  ыдыс-аяғы,  шаруашылық  құралдары,  киімдері,  бірнеше  артық 
киіз, шыт көрпе. Бұл үйлердің бір артықшылығы-басы артық зат болмағандықтан ыстық күндерде таза 
ауа, қоңыр салқын болып тұрды. 
XIX ғасырдың II-жартысы мен XX басындағы қазақтардың тұрғын үйлері бұрынғыға қарағанда бірша-
ма дамып жетілгенімен, бірқатар кемшіліктері де бар еді: Үйдің іргетасының болмауы, еденінің салынба-
уы, құрылыс материалдарының (шым кірпіштердің) кептірілмей пайдаланылуы, ондай тұрақ-жайлардың 
сыз тартып тұруына, көп жағдайда қирап қалуына да əкеліп соғып отырды. Жеткілікті мөлшерде желде-
тілмегендіктен бөлме ауасы да ауыр болды.  
Жаңадан  салынған  осындай  үйлер  қазақтар  арасында  аурулардың  пайда  болуына  да  себеп  болды. 
Мысалы: өкпенің қабынуы, тері аурулары, т.б. Киіз үйде жарық мол, ауасы  таза болғандықтан, бұндай 
ауру түрлері бұрын-соңды байқалмаған еді. Сондықтан да кедейлер ескі болса да киіз үйлерін сақтауға 
тырысты, жаз шығысымен үйлерінің алдына тігіп қойды /15/.  
Осы деректерден-ақ, біз қарастырып отырған кезеңнің өзінде қазақтардың қыстау үйлерді емес, киіз 
үйлерді  жабдықтауға  аса  көңіл  бөлгендігін,  киіз  үйлердің  қыстау  үйлермен  бірге  кеңінен  қолданыста 
екендігін көреміз. 
Тұрғын  үй  түрі  мен  оны  қоныстану  типтерінен  халықтың  тарихи  тағдыры,  тұрмысы,  оның  иесінің 
тұрмыс деңгейі анық байқалып тұратыны белгілі.                                                      
Тұрғын  үйлердің  көлеміне,  ішкі  мүліктеріне  де  қарап,  оның  иесінің  əлеуметтік  жағдайын  бірден 
ажыратуға болады. 
Біз  қарастырып  отырған  кезеңде  қазақ  байларының  барлығы  орыс  үлгісімен  жаңа  үй  салып  алған 
десек, жаңсақтық болар еді. Киіз үйдің қазақ байлары үшін де əлі маңызын жоймағандығына жоғарыдағы 
мəліметтер куə. 
Дегенмен, XIX ғасырдың II-жартысы мен XX ғасыр басындағы қазақтардың тұрғын үй құрылысынан 
олардың тұрмысына орыс мəдениетінің ене бастағанын байқаймыз.  
Қазақ  жеріне  келіп  қоныстанушылар  өздерімен  бірге  төл  мəдениеттерін  де  ала  келетіні  белгілі. 
Нəтижесінде,  қазақтың  байырғы  мəдениеті  мен  қоныс  аударушылар  мəдениеті  араласып,  бір-бірін 
байытып, өлкеде тың серпілістер орын алды. Соның бірі біз сөз еткен тұрғын үй саласы. Бұл саладағы 
өзгерістер де отарлаушы үкіметтің еркінен тыс объективті түрде орын алып отырды. 
Қорыта айтқанда, XIX ғасырдың II-жартысы мен XX басында қазақтардың күнделікті өмір салты да 
сол кездегі қоғамның əлеуметтік-экономикалық талаптарынан шет қала алмады. Қазақ халқы өздері өмір 
сүріп  отырған  ортаның  барлық  заңдылықтарына  көнді,  яғни  заманның  талабынан  қалмай,  күнделікті 
өмірін қамтамасыз етуге ұмтылғанын көреміз. 
 
1. Гаврилов Н. Переселенческое дело в Туркестанском крае. СПб., 1911. – С. 258-259. 
2.  Жолдасбаев  С.  «Жетісу  аймағындағы  елді-мекендер  мен  т%ра/  жайларды   даму  тарихы  жəне  оларды  
тиімділігі (XVI-XVIII ғғ.). – Алматы, 1997. – 180, 183 бб.  
3. Сонда, – 200, 247 бб.  
4. Востров В.В., Захарова И.В. Казахское народное жилище. – Алматы, 1989. – С. 49-50. 
5. Баскаков Н.А. Жилище приилийских казахов // Советская этнография, 1971. – С. 112. 
6. Полевые материалы экспедиции в Алма-Атинскую, Кзыл-Ординскую, Кокчетавскую, Акмолинскую области в 
1949, 1956, 1960 гг. // Востров В.В., Захарова И.В. Казахское народное жилище. – Алматы, 1989. – С. 47. 
7. Востров В.В., Захарова И.В. Казахское народное жилище. – Алматы, 1989. – С. 15. 
8. Сонда, – С. 26. 
9. Красовский М. Материалы для географии и статистики России. – СПб., 1880. – С. 61. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
124 
10. Аргынбаев Х.А. Историко-культурные связи русского и казахского народов. // Труды ИИАЭ АН Каз. ССР. – 
Алматы, 1959. – С. 61. 
11. Лаумулина С.А. Эволюция архитектуры торговых зданий и сооружений Казахстана на примере г. Алматы 
(сер. ХІХ-нач. ХХІ вв.) – Алматы, 2010. – С. 37.  
12. Сонда, – С. 25. 
13. Востров В.В., Захарова И.В. Казахское народное жилище. – Алматы, 1989. – С. 62. 
14. Сонда, – С. 64-65. 
15. Сонда, – С. 31, 33. 
 
Резюме 
В  статье  рассматриваются  социально-экономическое  положение  и  его  влияние  на  повседневную  жизнь  народа 
Семиреченского региона ІІ-ой половины ХІХ и начало ХХ века. А так же говорится о том, что у жителей Семиречья 
с давних пор были постоянные зимовые дома, переселенческая политика России и сейсмическое положение местно-
сти повлияло на изменение строительство жилых домов. Описывается социальное положение народа. 
 
Summary 
The paper describes the socio-economic situation and its impact on the daily lives of the people of the region Semirechiya 
II- half Х1Х and the beginning of the XX century. And also said that the residents of Semirechie has long had permanent 
winter quarters at home, migration policy of Russia and the position of the seismic area influenced the change construction of 
residential houses. Describe the social condition of the people. 
 
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖƏНЕ ДІН: ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ҰСТАНЫМЫ 
 
Ильяс Ералай – Ахмет Ясауи унивеситеті,  аза/стан тарихы кафедрасыны  докторанты 
                         
 
 
 
 
                                
Зайырлылық  ұстанымы  қалыптасқалы  бері  ол  əртүрлі  мағыналарда  қолданылып,  үнемі  пікір  талас 
тудырып келген мəселе. Қоғам өмірі үздіксіз дамып, өзгеріп отыратын динамикалық үдерістен тұратын-
дықтан да қоғамның əрқашан дамып, өзгеріп отыруы бұл бір заңдылық болып саналады. Бірақ, діндегі 
иман-сенім  ережелері  (шарттары)  өзгермейді.  Сол  себептен  құқықтық  заңдар  бірте-бірте  дінмен  парал-
лель түрде жүріп, кейде бір-бірінен ажырап қоғамның жəне дəуірдің шарттарына қарай өзгеріске ұшырай-
тын үкім-ережелері айқын ерекшеліктері байқалып отырған. Мемлекет діннен күш-қуат ала отырып, дінді 
қорғау үшін қатаң іс-əрекеттерге барған кезеңдерді бастан өткізгендігі секілді, керісінше діннің де мемле-
кеттің қатаң бақылауында болып, дінге тиым салынған, тіпті дінсіздік жайлаған кезеңдерді де кездестіру-
ге  болады.  Бірақ,  қазіргі  жаңа  кезеңде  діни  жəне  саяси  күштер  өзіндік  бағыт-бағдары  тұрғысынан  бір-
бірінен ажырап, тарихта жаңа мемлекеттік жүйені қалыптастырған. Осы жаңа мемлекеттік жүйе жалпы 
алғанда, діннің мемлекет  істеріне жəне  мемлекеттің дін істеріне араласпауын талап  ететін зайырлылық 
жүйесі болып табылады.        
“Христиан діні алғашқы кезде “Құдайдың ақысы Құдайға, Кайзердің ақысы Кайзерге” деген принцип-
ті ұстанғанымен, шіркеудің рөлі бірте-бірте күшейіп діни сипат басым болған. Яғни, орта ғасырда шіркеу 
тек  мемлекеттің  істеріне  ғана  емес,  сонымен  бірге  қоғамдық  өмір  мен  жеке  тұлғаның  өміріне  де  билік 
жүргізуге тырысқан. Сөйтіп католик шіркеуінен басқа шіркеулерде ойлау мен өмір сүру жағдайы қиынға 
соққан” [1, 41 б.]. 
Тарихта мемлекеттің билікті өз қолына алуы өте ұзақ үдеріс əрі қиын болған. “Зайырлылық принципі-
нің қалыптасуы, дін мен мемлекет істерінің  бір-бірінен бөлінуі алғаш рет кайта өрлеу кезеңінде бастал-
ған.  Бұл  кезеңде  адамзат  санасының  дамуы  жəне  баспаханалардың  ашылуы  адамзат  санасына  жаңа 
қарқын алып келді. Мартин Лютер негізін қалаған протестант ағымы бір жағынан папаның билігін жойса, 
екінші  жағынан  ұлттық  сананы  күшейту  үшін  зайырлылық  принципінің  туындауына  ықпал  етті.  ХVIII 
ғасырға дейін дін – мемлекет қатынастары туралы мəселе пікір-талас тудырған мəселеге айналып, мемле-
кет  те  діни  сипатын  жалғастырды.  ХVIII  ғасырдың  екінші  жартысында  Америка  мен  Францияда  бой 
көтерген  көтерілістердің  нəтижесінде  мемлекет  жəне  дін  қатынастары  жаңа  тəртіп-жүйемен  жүргізілуі 
керек деген қорытындыға келді. Бұған Американың 1776 жылғы Адам құқықтары декларациясы мен 1789 
жылғы  француз  көтерлісінің  Адам  құқықтары  декларациясы  үлкен  əсер  етіп,  зайырлы  мемлекет  үлгісі 
пайда болды. Бұл декларацияларда барлық адамдардың тең жəне олардың діни тұрғыдан алғанда қалаған-
дарынша ойлай алатындығы əрі іс-қимыл жасауда ерікті екендігі туралы мəселелер қарастырылған” [2].           
Бір жағынан ХVIII ғасырдың ойлау жүйесіне билік жүргізген ұлттық қалау-ерік, ұлттық құндылықтар-
дың  қалыптасуында  діннің  ықпалы  мен  маңыздылығын  төмендетті.  Яғни,  бір  мемлекетте  өмір  сүретін 
азаматтардың  бір  дінді  ұстануы  керек  деген  қағида  жойылып,  əртүрлі  дінді  ұстанатын  азаматтардың 
арасында бөлінушілікке, алалаушылыққа жол берілмейтін болды. Сөйтіп үкімет толығымен зайырлылық 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
125 
принципіне өтіп, жаңа мемлекет ұғымы қалыптасты. Мемлекет адамдардың о дүниелік бақытымен емес, 
керісінше  осы  дүниедегі  материалдық  қажеттіліктерімен  айналысатын  болды.  Осыған  орай  шіркеу 
рухани биліктің үстемдігі туралы мəселені бір шетке ысырып қойып, енді шіркеудің тəуелсіздігі туралы 
мəселені  алға  тарта  бастады  [2].  ХVIII  ғасырдағы  философтардың  бірі  Жан  Жаксс  Руссо  (Jean  Jacques 
Rousseau)  пікіріне  қарағанда,  саяси  биліктің  əртүрлі  күштер  тарапынан  жүргізілуі  қоғамдық  тəртіптің 
бұзылуына себеп болады. Оның пікірінше, дін билікке ортақтасу мақсатынан гөрі саяси билікке ықпал ету 
жағын  қарастыруы  керек.  Дін,  бұл  жеке  тұлғаға  тиісті  қажеттілік  болғандықтан  қоғам  өміріне  қажет. 
Бірақ  өз  шеңберінің  ішінде  болуы  керек.  Бір  жағынан  Россау  иман-сенім  еркіндігін  қолдаушы  ретінде 
саяси биліктің сенім мəселелерімен айналыспауы туралы мəселені алға тартса, екінші жағынан қоғамда 
діни  түсініктің  бар  екендігін  ұғынып,  мемлекетке  тəуелді  əрі  оның  саяси  бірлігін  құрайтын  қоғамдық 
дінді мемлекет қызметіне ұсынады [3].          
“Зайырлылық” сөзі латын тіліндегі “laique” сөзінен туындаған француз сөзі. Ол рухани, діни емес нəр-
се, пікір, мекеме, жүйе, принцип деген мағыналарды да білдіреді. Католик мазхабындағы діндарлардан 
басқа шіркеуге қатысы жоқ христиандарды “зайырлы” деп атайды. Бұл сөздің алғашқы мағынасы кеңей-
тіліп, діни емес жəне рухани маңыздылығы жоқ пікір, мекеме, принцип жəне құқықты да “зайырлылық” 
деп атаған. Бұл жағдайда зайырлы құқық дегенде діни емес əрі дінге негізделмеген құқықты, ал зайырлы 
мемлекет дегенде діни сенім-негіздерге негізделмеген мемлекетті түсінуге болады [4, 151-152 б.]. Зайыр-
лылық принципі ежелгі заманнан бері діндар емес, рухани мəселелерге қатысы жоқ, діни қызметпен айна-
лыспайтын тұлғаларға, мекемелерге қатысты қолданылып келген. “Христиан дінінде алғашқы ғасырдың 
аяғынан бастап шіркеу қызметкерлері “Clerici”, ал мұсылмандар қауымы “Laici” деп аталған” [2].      
Зайырлылықтың терминологиялық мағынасын қарастыратын болсақ, оның мазмұны мен қамту аясы 
туралы  ортақ  түсінік  қалыптаспаған.  Жүздеген  жылдар  бойы  қолданылып  келе  жатқан  зайырлылық 
ұғымы жайлы əртүрлі анықтамалар бар. Негізінде зайырлылық принципі дін мен мемлекет істерінің бір-
бірінен бөлінуі, бір-біріне араласпауы, адамдарың діни сенімге немесе дінсіздікке, сондай-ақ діни парыз-
міндеттерді орындап-орындамауына байланысты жазаға тартылмауы, бір-бірін бөлектемеуі, еркін түрде 
құлшылық  жасау,  зорлықпен  күштеп  құлшылық  жасамау  туралы  мəселелерді  алға  тартады  [5,  14  б.] 
Саяси биліктің əкімшілік ресурстарын діннен алмауы, тəртіп-ережелерін дінге негіздемеуі, мемлекеттің 
əртүрлі  діндер  арасында  бейтарап  болуы,  дін  істері  мен  мемлекет  істерінің  бір-біріне  араласпай  бөлек 
қабылдануы сияқты мəселелер зайырлылықтың негізін құрайды. Осылайша зайырлылық принципі ақыл-
ойға  жəне  оның  адамдарды  біріктерін  күшіне  басымдылық  беретін  ағым  болып  табылады  [5,  15  б.]. 
Жалпы  зайырлылық  –  бұл  иман-сенім  еркіндігі  немесе  дін  жəне  мемлекет  істерінің  бір-бірінен  бөлінуі 
сондай-ақ зайырлылықтың негізгі мақсаты жеке тұлғаны əртүрлі діндер мен идеологиялардың шабуылы-
нан қорғау. Зайырлылық мемлекеттің  дін негіздеріне емес, керісінше демократияға, ақыл-ой негіздеріне 
сүйенуді талап етеді. 
Зайырлылық  принципі  білім-ғылымға,  ақыл-ойға,  еркін  ойлауға  сүйену  болганмен  ол  дінге  қарсы 
шығу деген сөз емес. Зайырлылық, бұл тек мемлекет өміріне қатысты іс-əрекет принципі болып табыла-
ды. Зайырлылық жеке тұлғаның өмірі мен оның отбасылық жағдайына қайшы келмейді жəне діндарлық-
ты жоққа шығармайды. Зайырлылықты дінсіздік деп есептеу қателік. Осыған байланысты “Зайырлылық 
дінді мойындамаушылық,  дінді жоққа шығару болып саналмайды. Зайырлылық, бұл жалпы қоғам өмірін 
белгілі бір жүйемен, тəртіп-ережелермен басқару болып табылады. Зайырлылық діннің рухани əлемінде 
жəне  жеке  тұлғаның  өмірі  мен  отбасы  аясында,  ал  мемлекет  болса  материя  əлемінде  жəне  қоғамның 
жалпы өмірінде үстемдік жүргізуі болып табылады” [2, 164 б.] деген тужырымды қуаттауға болады.   
Осындай əртүрлі мағыналарға ие зайырлылық сөзінің түбірінде дінсіздікке, діни дұшпандыққа қатыс-
ты  ешқандай  мағына  жоқ  екендгіне  көз  жеткіземіз.  Бірақ,  философиялық  термин  болып  саналатын 
“laisizim”  қатаң  идеологияға  негізделеді.  “Бұл  ілімнің  негізі  əр  нəрсенің  жəне  əрбір  адамның  зайырлы 
болуын, дінді күнделікті тұрмыстан, қоғам өмірінен алыстатуды алға тартады. “Laisizim” басқаша айтқан-
да саяси күш қолдану арқылы қоғамда діннің рөлін, ықпал-əсерін жою деген сөз. “Laisizim” атейзм, яғни 
дінсіздікке  негізделген  идея  болып  саналады.  “Laisizim”  бұл  қоғамды  түбегейлі  дінсіздендіруді  мақсат 
еткен атейстік жүйе болып саналады. Зайырлылық прнципінде құқықтық ұғым, ал «laisizim»-де филосо-
фиялық  ұғым  басым  болып  келеді”  [5]  Демек  “Laisizim”  мен  зайырлылық  арасындағы  айырмашылық 
осылайша қарастырылуы керек.       
Дін – дегеніміз қасиетті сөздердің, əдеп-тəрбие қағидаларының, əртүрлі əдет-ғұрыптар мен құндылық-
тардың, сенімдер мен құлшылықтардың жиынтығы болып табылады. “Дін, бұл рухымызбен сезіп, ақыл-
ойымызбен қабылдайтын діни заң-ережелер болып табылады” [4, 68 б.]. Дін, тек жеке тұлғаға қатысты 
нəрсе емес. Діннің қоғам өмірінде алатын маңызды орын бар. Қоғам жеке тұлғалардан құралатындығы 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
126 
секілді,  жеке  тұлғалар  да  рух  пен  ар-ожданнан  тұратын,  жауапкершілік  сезімін  арқалаған  жаратылыс. 
Сондай-ақ, дін қоғамдық тəртіпке, ұжымдық іс-əрекетке əмір береді [6, 8 б.].  
Зайырлы мемлекеттегі дін еркіндігі дегеніміз үкімет арқылы немесе жеке тұлғалар тарапынан заңмен 
не болмаса басқа да жолмен қысымға, үрей-қорқынышқа жол бермеу. Ал, бұл төмендегі тəртіпке негізде-
леді: 1. Қалаған дініне сену жəне  сенім  негіздерін  еркін түрде орындау. 2.  Ұстанған дінінің құлшылық 
негіздерін сол діннің əдеп-тəртібімен, тілімен еркін түрде орындау. 3. Ұстанған діні туралы ой-пікірлерін, 
білімін, сүйіспеншілігі мен таңданыстарын еркін түрде ауызша немесе жазбаша өзгелерге насихаттау. 4 
Қабылдаған  дінінің  діни  заң-ережелерін  еркін  түрде  үйрену  жəне  оны  басқаларға  үйрету.  5.  Мемлекет 
тарапынан бекітілген заңмен орындалуын немесе орындалмауын əмір ететін мəжбүр жағдайлардан алшақ 
болу,  сондай-ақ  мемлекет  заңдарына  қарсы  шықпау  шартымен  діни  парыз-міндеттерін  еркін  түрде 
орындау. Заң-ережелердің орындалуын əмір етіп, діннің тиым салған нəрселерін жасау немесе керісінше 
заң-ережелердің тиым салған, бірақ діннің əмір еткен нəрселеріне діндар азамат заңға бағынумен өзінің 
ұстанған діни сенімі бойынша күнə жасаған болып  есептелмейді.  Өйткені ол  бұған мəжбүр  əрі тəуелді 
болып табылады [4, 145-146 б.] 
Зайырлылық принципін қуаттамайтын мемлекет жүйесінде діни фанатизм немесе саяси фанатизм кең 
қанат  жайып  билікке  ұмтылады.  Соданда  діннің  еркіндігін  діни  əрі  саяси  фанатизмге  қарсы  қою  үшін 
зайырлылық принципі болуы керек. Себебі, зайырлылық сақтық шарасын қамтамасыз етеді. 
Қазақстан сияқты халқының басым көпшілігін мұсылмандар мен православие христиандары құрайтын 
елде мемлекеттің мұсылмандар мен христиандардың діни қажеттіліктерін қамтамасыз етулеріне қолдау-
көмек көрсетпейді деген сөз емес. “Мемлекеттің басты міндеті халыққа қызмет ету болғандықтан, халық-
тың  талап-сұраныстарын,  діни  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ету  үкіметтің  міндетіне  жатады”  [4,  175  б.] 
Осындай мысалды өзге елдердің тəжрібелерінден де көреміз. Бүгінгі күні Англияда шіркеу шығыстары-
ның  жартысы  мемлекет  тарапынан  төленеді  жəне  шіркеу  басқа  шығыстарына  байланысты  салықтан  
босатылады. Шіркеу əртүрлі іс-шараларын еркін атқара алады. Мемлекеттік оқу орындарында дін сабақ-
тары мемлекеттік оқу бағдарламаларына енгізілген [7, 61 б.] Германияда шіркеулер мемлекеттің көмегі-
мен салық салу құқығына ие. Сондықтан да адамдар шіркеуге салық төлейді жəне бұл шіркеудің негізгі 
кіріс көзі болып табылады [7, 64 б.] Ал Испанияда дін қызметкерлері тұрғын үй салығынан босатылады. 
Католик дінінің қызметкерлеріне мемлекеттен қаржылай көмек беріледі. Католиктер өз еліндегі барлық 
құқықтар мен мүмкіндіктерден пайдаланады. Католик дінінің уағызшылары барлық мектептерде, ауруха-
налар мен əскери бөлімшелерде қызмет атқару құқығына ие. Мектептерде дін сабағы шіркеу тарапынан 
жүргізіледі. Бастауыш мектеп пен орта мектептерде шығыстар мемлекет тарапынан төленеді [7, 67 б.]  
Сол  сиякты  Грекия  елінің  конститутциясында  Православие  шіркеуі  мемлекеттің  ресми  діні  ретінде 
қабылданған. Шіркеу бүгінгі күні əлі де мемлекеттік министрлік (əсіресе діндер жəне ұлттық білім беру 
министрлігі) ретінде жұмыс жүргізеді. Грекияда діни ой-пікірлердің бəсекелестігі еркін түрде таралмаған. 
Өзінің  діни  наным-сенімін  жайған  (насихатттаған)  адам  жауапқа  тартылады.  Өйткені  православие 
сенімінен  басқа  наным-сенімдердің  таралуы  мемлекеттің  Православиелік  сеніміне  айтарлықтай  қауіп 
төндіреді.  Шіркеу  мемлекеттің  қолдауымен  насихатталған  діни  наным-сенімдерге  қауіп  төндіретін  ой-
пікірлердің алдын алуда [7, 63 б.].  
Ал Францияда мемлекет  бірнеше діни қажеттіліктерді қамтамасыз етуге көмектеседі. Талап-ережеге 
сай мектептер мен колледждерде, ауруханаларда, түрмелерде, əскери бөлімшелерде діни тұрғыдан тазару 
үшін арнайы орын бөлініп, діни қызметкер болуына рұқсат беріледі жəне бұл тек мемлекет  тарапынан 
жасалады [7, 69 б.]        
Түркия  зайырлылық  моделін  Францияның  зайырлылық  моделіне  қарай  құрып,  зайырлылықтың 
құрылымын  жасап  конституцияға  1937  жылы  енгізген.  Франция  дін  мен  мемлекетті  бір-бірінен  бөлек 
қарастырса, Түркия дінді бақылауға алып өзгеше модель қалыптастырды. “Түркияда тарихи жəне қоғам-
дық динамикалар, зайырлылықты жүзеге асыруда əртүрлі ой-пікірлер мен ұстанымдардың қабылдануына 
жол  ашты”  [7,  69  б.].  Дін  мəселесінде  мемлекеттің  бейтараптылықты  емес,  керісінше  өзінің  таңдаған 
жолына  қарай  бағытын  айқындауы  түрік  зайырлылығына  тəн  ерекшелік  болып  табылады”  [8,  155  б.]. 
Мемлекет діннің өз алдына бөлек құрылуына рұқсат бермеген жəне дінді тек наным-сенімдер мен құлшы-
лықтардың  жиынтығы  ретінде  қабылдап  мешіт,  медресе  сияқты  діни  орындарды  басқаруға  жауапты 
мекеме  ретінде  Премьер  министрге  қарасты  Дін  істері  басқармасын  ашқан.  Дін  істері  басқармасының 
төрағасы Премьер министрдің ұсынысымен Президент тарапынан тағайындалады. 
Дін  істері  басқармасының  бюджеті  мемлекет  тарапынан  қамтамасыз  етіледі.  Бұған  қоса  Дін  істері 
басқармасына қор, қоғам, ұйым сияқты құрылымдық мекемелер қолдау-көмек көрсетеді. Сондықтан да 
Түркия дін мен мемлекетті бір-бірінен бөлек қарастыра отырып, мемлекетке діни мəселелерге бақылау 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
127 
жүргізу жəне діни істерге араласу құқығын берген.  
Діни  білім  Ханафи  мазхабы  бойынша  Дін  істері  басқармасына  қарасты  Құран  үйрету  курстарында, 
мешіттерде  берілумен  қатар  Ұлттық  Білім  беру  министрлігіне  қарасты  барлық  оқу  орындарында  “Дін 
мəдениеті жəне əдептану” негізгі пен, “Құран жəне Мұхаммед пайғамбардың өмірі” пəндері таңдамалы 
пəн ретінде оқытылады. Сонымен бірге дін сабақтары Ұлттық Білім беру министрлігіне қарасты “Имам 
Хатип” лицейлерінде тереңірек оқытылады. Сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы Дінтану факультетте-
рі мектептерде “Дін мəдениеті жəне əдептану” пəнінен, ал Имам Хатип лицейлерінде Құран, Араб тілі, 
Ислам құқығы (фыкх), Мұхаммед пайғамбардың өмірі, Кəлəм жəне т.б. пəндерден сабақ беретін мұғалім-
дер мен муфти, имам, уағызшы сияқты діни мамандар дайындайды. Діни қызметкерлердің, муфтилердің, 
имамдар мен уағызшылардың еңбек ақысы мен мешіттердің электр жарығы, жылу жəне күтім жұмыста-
рына кететін шығындар мемлекет тарапынан төленеді.    
Қазақстан  Республикасы  1991  жылы  тəуелсіздігін  алғаннан  бастап  əрбір  азаматқа  дін  мен  құқық 
бостандығын  берген,  сондай-ақ  діни  ұйымдар  мен  мекемелерге  барынша  толеранттылықпен  қарайтын 
жəне  оны  конституциясында  бекіткен  демократиялық,  зайырлы  жəне  адам  құқығын  жоғары  қойған 
əлеуметтік мемлекет болып табылады. Қазақстан Республикасы Атазаңының бірінші бабында “Қазақстан 
Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, 
оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары” [9, 1 бап] деп атап 
көрсете  отырып  зайырлылық  принципін  ұстанып,  осы  принципке  сəйкес  дін  мен  мемлекет  істерін  бір-
бірінен бөлек қарастырған.  
Қазақстан көп ұлтты жəне сонысымен мақтанатын, көп ұлттылығын дұрыс бағытта пайдаланып келе 
жатқан алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып табылады. конституцияның 14-ші бабының 2-ші тармағын-
да “Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге 
көзқарасына,  нанымына,  тұрғылықты  жерiне  байланысты  немесе  кез  келген  өзге  жағдаяттар  бойынша 
ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды” – делінген. Осылайша адамдар арасында ешқандай айырмашы-
лықтың жоқ екендігі жəне Қазақстан азаматтарының өзара бірдей тең екендігі атап көрсетілген.    
Конституцияның 19-шы бабында дін бостандығы қамтамасыз етіліп, адамдардың діни сенім мəселе-
сінде құқықтарының еркін екендігі, ешқандай сыртқы күштің əсеріне, зорлық-зомбылыққа жол берілмей-
тіндігі жəне кімнің қай дінді ұстанатындығы өз еркінде екендігі атап көрсетілген. Сондай-ақ мұны сырт 
көзге көрсету-көрсетпеу тағы да адамның өз құқығына байланысты. Яғни, қандай да бір дінге сену немесе 
сенбеу адамның өз еркіне тəн нəрсе. Ешкімнің адамдардың діни өміріне шектеу қоя алмайтыны сияқты 
зорлықпен,  күшпен  дінге  сендіруге  құқы  жоқ.  Сондықтан  да  дін  жəне  құқық  бостандығы  адамдардың 
еркіндігін көрсететін құқық болып табылады. Конституцияның 22-ші бабында əркiмнiң ар-ождан бостан-
дығы мен құқығына кепілдеме беріліп, ар-ождан бостандығы құқығының шеңбері нақты көрсетілген.   
Қазақстан  Республикасы  тəуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында  1992  жылы  15  қаңтарда  қабылдаған 
“Діни  сенім  бостандығы  жəне  діни  бірлестіктер”  туралы  заңмен  барлық  діни  конфессиялардың  діни 
наным-сенімдеріне  кепілдеме  берді.  Барлық  діни  бірлестіктер  заң  алдында  тең  құқыққа  ие  болды. 
Сонымен бірге əртүрлі діни топтар мен діни ұйымдар Қазақстанда кеңінен тарады. Бұл діни топтардың 
басым  көпшілігі  өзге  мемлекеттерде  қолдау  таппаған  тиым  салынған  топтар  болды.  Аталмыш  заңның 
азаматтардың  діни  наным-сенімдерін  қамтамасыз  ететінін  пайдаланған  əртүрлі  секталар  мен  зиянды 
ағымдар  мемлекеттің  ішкі  құрылыстарына  дейін  кіріп  алды.  Бұлардың  көпшілігі  мемлекет  заңдарына 
қарсы  шығып  əскерге  бармау,  балаларды  мектепке  жібермеу  сияқты  ой-пікірлерді  насихаттап,  тіпті 
террорлық əрекеттер ұйымдастырып мемлекеттің тұтастығын, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын 
бұзуға  əрекет  жасады.  Бастапқыда  зайырлылықты  барлық  діндерге  бейтарап  қарау,  мемлекетті  діни 
танымдардан бөлектеу, кез-келген діни топтарға еркіндік беру деп түсінсе, жылдар өте зайырлылық бірте-
бірте өзгеріске ұшырап басқаша түсініле бастады. Нəтижеде, заңға өзгерістер енгізіліп 2011 жылдың 11 
қазанында “Діни қызмет жəне діни бірлестіктер туралы” жаңа заң қабылданды.    
Бұл  заңның  3-бабында  мемлекет  пен  дін  арасындағы  қатынастар  қарастырылған.  Бұл  заң  бойынша 
мемлекет  діннен  жəне  діни  ұйымдардан  бөлек  болып  табылады.  Діни  ұйымдар,  азаматтар  жəне  елдегі 
шетелдік азаматтар діни наным-сенімдеріне қарамастан заң алдында тең болып саналады. Ешқандай дін 
мемлекеттің  ресми  діні  немесе  əркімнің  міндетті  діні  бола  алмайды.  ҚР-ның  білім  жəне  тəрбие  жүйесі 
дінге,  діни  ұйымдарға  араласпайтын  зайырлы  жүйе  болып  табылады.  Бірақ,  бұған  діни  оқу  орындары 
жатпайды. Дінді насихаттауда заңға қайшы əрекет етуге, діни сенімге байланысты азаматтық құқықтарды 
шектеуге, діни сезімдерді бұзуға, белгілі бір діннің қасиетті (киелі) болып саналатын жерлері мен затта-
рына  зиян  келтіруге  рұқсат  етілмейді.  Азаматтар  осы  заңның  аясында  діни  міндеттерін  орындауға,  өз 
алдына  немесе  өзгелермен  бірге  дінді  насихаттауға,  діни  ұйымдардың  іс-шараларына  қатысуға  жəне 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
128 
миссионерлік  іс-əрекеттер  жүргізуге  құқылы.  Ешкім  діни  наным-сенімін  алға  тарта  отырып  ҚР-ның 
конституция мен заңдарында көрсетілген жауапкершіліктерін орындаудан бас тарта алмайды.   
Мемлекет  діни  ұйымдарға  мемлекеттік  мекемелердің  міндеттерін  жүктемейді.  Заңға  қайшы  əрекет 
жасамайынша діни ұйымдардың істеріне араласа алмайды. Қандай да бір діннің өкілі болып саналатын 
немесе  саналмайтын  Қазақстанда  тұратын  шетелдік  азаматтар  мен  əртүрлі  діни  ұйымдардың  арасында 
толеранттылық пен құрметтің қалыптасуына себеп болады.  
Заң  бойынша  мемлекетке  тіркелмеген  діни  ұйымдар  жұмыс  істей  алмайды.  ҚР-ның  азаматтарының 
елдегі  шетелдік  азаматтардың  дінін  қабылдауға,  діни  ұйымдардың  іс-шараларына,  діни  рəсімдер  мен 
салт-жоралғыларға қатысуына немесе қатыспауына ешкім күштеп мəжбүрлей алмайды.  
Денсаулыққа  зиян  келтіруге,  ерлі-зайыптылар  арасындағы  отбасылық  қарым-қатынастарды  немесе 
туыстық  қарым-қатынастарды  бұзуға,  азаматтардың  заңда  көрсетілген  міндеттерін  орындаудан  бас 
тартуына немесе заңға қайшы əрекет ететін діни ұйымдардың жұмыс жүргізуіне рұқсат етілмейді.  
Осы  заң  аясында  Қазақстан  Республикасы  өзінің  əрбір  азаматына  сенім  жəне  құқық  бостандығын 
берген. Азаматтар діни сенімдеріне қарамастан заң алдында бірдей тең құқыққа ие. Мəдениет пен халық-
тың  рухани  өмірінің  дамуында  Исламның  Ханафи  мазхабы  мен  христиан  дінінің  Ортодокс  мазхабын 
қабылдаған  Қазақстан  өзге  діндерге  құрмет  көрсете  отырып  дінаралық  келісім  мен  татулықты,  діни 
түсіністік пен бейбітшілікті ту еткен демократиялық зайырлы мемлекет болып табылады.    
Осы  заңмен  Қазақстан  өзіне  тəн  зайырлылық  түсінігін  қалыптастыра  бастады.  Зайырлы  мемлекетте 
жеке  тұлғалардың  діни  наным-сенімдері  мен  құлшылықтарына  мемлекет  араласпайды.  Бірақ,  діни 
құлшылықтар мен салт-дəстүрлер қоғамдық сипат алған жағдайда, қоғамда болатын əр іс-əрекет сияқты 
зайырлы  мемлекетке  тиісті  жағдай  болып  саналады.  Сондықтан  да  мемлекет  қоғамның  қорғаушысы 
ретінде  қоғамдық  деңгейдегі  құлшылықтар  мен  əдет-ғұрыптарға    араласа  алады  əрі  оларға  тиым  сала 
алады. Яғни, бұл діни іс-шаралардың жеке адам немесе көпшілік тарапынан жасалып-жасалмайтындығы-
на қарамайды.  Іс-шараны  ұйымдастырушалар мен өзге адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қарайды. 
Егер  бұл  іс-шара  өзгелердің  құқығы  мен  бостандығына  шектеу  қойып,  зиян  келтіретін  болса  онда  бұл 
жеке  тұлғалық  сипатын  жоғалтып,  бүкіл  қоғамға  ықпал  ететін  жағдайға  айналады.  Дін  мемлекеттен 
бөлек, бірақ қоғам мемлекеттен бөлек емес. Қоғам да діннен бөлек емес. Сондықтан да бүгінгі күндегі 
зиянды секталар қоғамның, мемлекеттің дамуына нұқсан келтіреді. Осы орайда қоғамдағы діни тəртіпті 
қамтамасыз ету – мемлекеттің міндеті болып табылады. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев айтып кеткендей: 
“Қазақстанда  қоғам  діннен  бөлінбеген,  сондықтан  да  мемлекет  осы  саладағы  қоғамдық  қатынастарды 
реттеуден бойын аулақ сала алмайды. Бұл ретте, діни сенімдердің өнегелі-рухани бастауларға негізделе-
тіндігін жəне орасан зор гуманистік əлеуетке ие екендігін есепке алу маңызды. Бей-жай қарауға, осынау 
мол əлеуетті қазақстандық қоғамның рухани құндылықтарын дамыту, қазақстандық патриотизмді нығай-
ту, ұлтаралық жəне дінаралық келісімді бекіту жəне діни экстремизмнің алдын алу ісіне пайдаланбауға 
енді болмайды” [10, 1 б.]. 
Қорыта  айтқанда,  зайырлылық  тепе-теңдікті  қамтамасыз  ететін  жүйе  болып  саналады.  Бұл  жүйеде 
мемлекет  пен  дін  бір-біріне  араласпай,  əрқайсысы  бөлек  жұмыс  жүргізеді.  Дін  еркіндігі  мен  одан 
туындайтын  құқықтардың  қамтамасыз  етілуі  тек  зайырлылық  принципімен  жүзеге  асады.  Зайырлылық 
принципі жүзеге асырылған мемлекеттерде дін мен мемлекет қатынастары өз орнымен жүргізіліп, келең-
сіздіктер  жойылған.  Сондықтан  да  адамдардың  бір-бірінің  құқықтарын  пайдалануына  жол  берілмейді. 
Бірақ, бүгінгі күнде көпшілік қауым қабылдайтындай етіп рационалдық тұрғыдан анықтамасы берілмей, 
жан-жақты  қарастырылмай  конститутцияға  енгізілген  бұл  ұғым  көптеген  елдердегідей  Қазақстанда  да 
ұзақ уақыт пікір-талас тудыратын мəселеге айналуы мүмкін.     
 
1. Turan, Osman, (1993), Türkiye’de Manevi Buhran Din ve Laiklik, Boğaziçi Yayınları, – İstanbul. 
2. Uslu, Şükrü, Laiklik – Din İlişkisi, 
http://dergi.samsunilahiyat.com/Makaleler/339231957_200316100138.pdf, 30.10.2011. 
3. Büyük, Celal, Yeni Çağ Batı Düşüncesinde Hıristiyanlık ve Siyaset İlişkisiyle İlgili Bazı Düşünceler. 
http://e-dergi.atauni.edu.tr/index.php/SBED/article/view/86/80, 30.10.2011. 
4. Başgil, Ali Fuat, (2011), Din ve Laiklik, Yağmur Yayınları, İstanbul,sayfa. 
5. Özden,Mustafa, Müslüman Kelamında Sekülerleşme Süreci. 
http://Musluman-kelaminda-sekulerlesme-sureci-secularization-process-in-islamic-theology.pdf. 
6. Akdin, Fatma Betül, Türk Modernleşme Sürecinde Din-Toplum ilişkisi, 
httptez2.yok.gov.trtezvtarama_basit.php.pdf,23.10.2011. 
7. Kahraman, Mehmet, Avrupa Birliği Ülkelerinde ve Türkiye’de laiklik, 
httpwww.mku.edu.trimagesosyalbilimlerifilesayi_dokuz04_Kahraman.pdf 16.09.2011. 
8. Köktaş, M. Emin, (1997), Din ve Siyaset-Siyasal Davranış ve Dindarlık, Vadi Yayınları, – Ankara. 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
129 
9.  аза/стан Республикасыны  Конституциясы. 1995 ж. 
http://www.akorda.kz/kz/official_documents/the_constitution/the_constitution, 22.10.2011 
10. Egemen Kazakсtan, Рухани бастаулар негізі, 16.11.2012. 
 

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал