Социально-экономическая история



жүктеу 5.1 Kb.

бет15/23
Дата08.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23

Резюме 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
113 
Автор  аталған  мақалада  ХVШ-ХIХ  ғ.  орыс-ортаазиялық  сауда  байланыстары  тарихын  империяның  шығыс 
аймағында орналасқан бекініс-қала үлгісіндегі Орынбор қаласының қалыптасып жəне даму тарихы арқылы айқын-
дауға назар аударады. Қаланың өлкенің Ресеймен шаруашылық байланыстарын нығайтудың экономикалық өмірін-
дегі орталыққа айналғандығын саралайды. Патша өкіметінің Қазақстан, Орта Азияда сауда саласымен қатар əскери-
отаршылдық саясатын белсендендіруге мəн бергенін ашып көрсетеді.   
 
Summary 
The  article  is  devoted  to  the  role  of  Orenburg  in  the  trade  connection  between  Russia  and  Middle  Asia  in  XVII-XIX 
centuries. Orenburg was the centre of economic life in Eastern part of Russian Empire. The war and colonial Policy of tsarizm 
in the territory of Kazakhstan and Middle Asia is shown. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
САЯСИ ТАРИХ 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
114 
ПОЛИТИЧЕСКАЯ ИСТОРИЯ 
 
ТƏУЕЛСІЗДІК ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТАРАЛЫҚ 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫ 
 
Т.С. Қаленова –  т.ғ.к., доцент, еуразиялы/ зерттеулер кафедрасы, Л.Н. Гумилев атындағы Е У 
 
Еліміз тəуелсіз мемлекет болып қалыптасу жолында күрделі де, түбегейлі өзгерістерге əкелген саяси-
экономикалық, мəдени-əлеуметтік қайта құрулардан өтті. Қазіргі кезде Қазақстан еңселі елге, мəртебелі 
мемлекетке айналды. Елбасы ұлтаралық жəне дінаралық келісім мəселелерін қашан да болсын еліміздің 
күш-қуатын арттырудың басты бағыттары ретінде айқындады. 
1991  жылдың  10  желтоқсанында  өткен  Жоғарғы  Кеңестің  мəжілісінде  сөйлеген  сөзінде  Қазақ  КСР 
Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев: «Мен Қазақстан территориясында біздің қазақ ұлты жандана-
тын, мұндағы барлық ұлттар мен ұлыстар өзін еркін сезіне алатын  жоғары деңгейде дамыған полиэтника-
лық өркениет құра алатындығымызға сенемін», [1] – деп мəлімдеген болатын. Шынымен де, Қазақстан 
Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаев əрдайым мемлекетімізде ұлтаралық жəне дінара-
лық татулық пен келісімді нығайтуға, елімізде тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау ісіне жіті көңіл бөліп 
келеді. Алайда, тəуелсіздік қарсаңында Қазақстанда береке мен бірлікті сақтап қалу оңайға түскен жоқ. 
Бұл  кезде  алдымен  1989  жылы  «Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасының  Тіл  туралы»  Заңының 
қабылдануы,  одан  «Қазақ  Кеңестік  Социалистік  Республикасының  Мемлекеттік  егемендігі  туралы» 
Декларация  жобасының  жасалуы  елдегі  кейбір  өзге  ұлттардың  қарсылығын  туындатқан  болатын. 
Мəселен, «ҚазКСР Тіл туралы» Заңының қабылдануы республиканың шығыс аймағында тұратын орыс 
ұлты өкілдерінің үлкен дау-дамайын тудырған. Мұрағат құжаттарына жүгінетін болсақ, сол кезде Шығыс 
Қазақстан  облысының  орыс  тұрғындарының  қатысуымен  ірі  өнеркəсіп  орындары,  ұйымдар  мен  облыс 
мекемелері, соның ішінде, «Үлбі металлургия зауыты», автокөлік кəсіпорындары, ғылыми-зерттеу инсти-
туттары мен медициналық мекемелерде жиналыстар өткізіліп, онда «ҚазКСР Тіл туралы» Заңына өзгер-
тулер  енгізу  туралы  бірқатар  талаптар  қойылған.  Атап  көрсеткенде,  олар:  аталған  Заңға  қазақ  тілімен 
қатар орыс тілін де мемлекеттік тіл ретінде енгізу, осы Заңды жүзеге асыру туралы Үкімет бағдарламасы-
ның, яғни барлық азаматтардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін міндетті түрде үйрену, мамандардың 
мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау үшін аттестациялау жүргізу туралы бөлімдердің күшін жою жəне 
т.б.  [2].  Сондай-ақ,  олар  Қазақ  КСР-інің  КСРО  құрамынан  шығу  туралы  шешімді  «байырғы  ұлттың» 
пікірі  ескеріле  отырып  қабылданатыны  туралы  айтылатын  Мемлекеттік  егемендік  туралы  Декларация 
жобасының  11  бөлімшесіне  қатысты  өздерінің  ерекше  наразылықтарын  білдірді  [2,  35].  Бұл  арада  
аталмыш  облыс  территориясында  орыс  ұлтының  бірнеше  ұрпақтары  өмір  сүріп  келе  жатқандығы  алға 
тартылды.  Əрі  бұл  наразылықтар  1990  жылғы  25-26  қыркүйекте  республикалық,  одақтық  көлемдегі 
депутаттардың  қатысуымен  өткен  Өскемен,  Үлбі,  Октябрь  қалалық  жəне  аудандық  Кеңестері  халық 
депутаттарының  біріккен  сессияларында  қарастырылған.  Мəжілісте  Өскемен  қалалық  жəне  аудандық 
Кеңесі  мен  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  28  халық  депутатымен  Өскеменде  жəне  іргелес  территорияларда 
ұлттық аудан құру туралы ұсыныс жасалынған болатын [2, 35]. Мұндай келеңсіз жағдайдың орын алуына 
аталған облыста орыс ұлт өкілдерінің басым болуы əсер етті.  
Шын  мəнінде  кеңестік  дəуірде  Кеңестер  Одағының  барлық  аймағында  орыстардың  үлес  салмағын 
көбейтіп, байырғы халықтардың үлес салмағын азайту саясаты жүргізілгені белгілі. Мысалы үшін, 1989 
жылғы санақ бойынша байырғы халықтың саны Арменияда – 93,3; Əзербайжанда – 82,6; Ресейде – 73,6; 
Беларусьте  –  78,1;  Украинада  –  72,8;  Түрікменстанда  –  71,8;  Грузияда  –  70,2;  Өзбекстанда  –  68,7; 
Молдовада  –  64,4;  Тəжікстанда  –  62,2;  Эстонияда  –  61,7;  Қырғызстанда  –  52,4;  Латвияда  –  52,1; 
Қазақстанда – 39,7 пайызды ғана құрады [3].  
Тоқсаныншы жылдар басында Батыс Қазақстан облысында да ұлтаралық қарым-қатынас мəселесі аса 
шиеленісті еді. Орал казактары 1991 жылы маусым-шілде айларында Оралда Бүкілодақтық казак атаман-
дары съезін өткізіп, казак əскерлерінің Ресей патшалығына адал қызмет етуінің 400 жылдық мерейтойын 
атап өтпек болған. Бұл іс-шараның өткізілуіне Орал қалалық казак тарихи-мəдени қоғамының көшбасшы-
лары мен елдегі казактар Одағы мұрындық болды. Олардың түпкі мақсаты – бұрынғы Орал казак əскер-
леріне іргелес болған жерлерді, атап айтқанда, Орал, Атырау, Ақтөбе жəне Орынбор облыстары террито-
рияларының бір бөліктері қайта біріктіріліп, Орал казактары қолына өтуі, сонымен қатар, аталған қоғамға 
аймақтық деген мəртебе қоса берілуі тиіс-тін [4]. Орал казактары осы мақсатқа жету үшін кезінде «Орал 
казактары жерлері» Қырғыз (Қазақ) АКСР-і құрамына берілуіне негіз болған 1920-1922 жж. Кеңес билігі 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
115 
Декретінің күшін жоюды жоспарлады [4, 36]. Осылайша үй ішінен үй тікпек болған 1991 жылғы 14-15 
қыркүйектегі Орал казактарының ұлттар арасында іріткі салу сепаратистік пиғылдағы əрекеті жергілікті 
ұлт  тарапынан  үлкен  наразылық  тудырды.  Көрсетілген  жылдың  16  желтоқсанында  республикалық 
«Азат»  азаматтық  козғалысы  мен  «Егеменді  Қазақстан»  газеті  редакциясы  мүшелерінің  қатысуымен 
наразылық митингісі өткізіледі. Митингіде қабылданған қарарда келесідей нақты талаптар қойылды: 
Біріншіден,  400  жылдық  секілді  «мерейтойларды»  өткізу  казак  сепаратистерінің  ашықтан-ашық 
империяны аңсауы деп бағалансын. Олардың қазіргі іс-əрекеттері егеменді Қазақстанның тəуелсіздігіне 
қол сұғу деп танылсын. 
Екіншіден, 1991 жылдың қазан айында  «Орал өңірі халықтарының күні» деген айдармен өткізілетін 
мерекеге  тыйым  салынсын.  Өйткені  оның  астарында  Орал  казактарының  патшаға  қызмет  етуінің  400 
жылдығын атап өтуді жалғастыру ұғымы жатыр. 
Үшіншіден, қазақ мемлекетінің заңымен республика территориясында патша заманындағы казактар-
дың əскери формасын киіп жүруге тыйым салынсын. 
Төртіншіден, казак қауымына араға іріткі салушы əлеуметтік топ, басқыншылықты көксейтін əскери 
құрама ретінде тыйым салудың мемлекеттік актілері қабылдансын. 
Бесіншіден,  отаршылдықты  насихаттап,  ұлтаралық  қатынастарды  ушықтыратын  казактардың  қоғам-
дық жəне əскериленген ұйымдары таратылсын. 
Алтыншыдан,  Қазақстан  парламенті  «казак»  деген  ұлттық  атауы  емес,  ол  царизмнің  басқыншылық 
мақсаттарына жан-тəнімен қызмет еткен əскери сословие екендігі жөнінде заң актісін қабылдасын. 
Жетіншіден,  Орал  облыстық  Кеңесінің  төрағасы  Н.Есқалиевтің,  оның  орынбасары  В.Гартманның 
жəне қалалық Кеңес төрағасы Б.Молдашевтің қызметтен кетуі талап етілсін [5].  
Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақ елі атынан осы түйткілді мəселенің мəн-
жайын түсіндіріп РКФСР басшылығы атына ресми хат жолдайды. Хатта Елбасы «Қазақ КСР Мемлекет-
тік  егемендігі  туралы»  Декларацияға  сəйкес  республикада  барлық  ұлт  өкілдеріне  мемлекеттік  билік 
органдары  мен  басқармалар  уəкілдігіне  ұмтылуға  нақты  мүмкіндіктер  жасалып,  қолдау  көрсетіліп 
отырғандығын, сонымен қатар, əрбір ұлттық қауымға мəдени орталықтар, діни жəне басқа да ассоциация 
құруға  құқық  берілгендігін  баса  көрсетеді.  Сондай-ақ,  мұнда  Қазақстанда  қоғамдық-саяси  жағдайдың 
шиеленісуіне  Орал  казактары  басым  бөлігінің  автономистік  жəне  сепаратистік  пиғылды  əрекеттері 
жайында айтылады: «Особую озабоченность в Казахстане вызывают автономистские и сепаратистские 
настроения  и  действия  определенной  части  уральского  казачества.  Так,  экстремистски  настроенная 
группа  Уральского  историко-культурного  казачьего  общества  стала  распространять  в  городе  Уральске 
декларацию о возвращении казакам бывшей территории Уральского казачьего войска, о создании Ураль-
ской автономной области, обратилась в областной и городской Советы народных депутатов с предложе-
нием широко отметить 400-летний юбилей служения уральских казаков Российскому государству. 
Поддерживая  возрождение  исконно  народных  обычаев  и  традиций,  национального  самосознания, 
нельзя не признать, что действия отдельных представителей Уральского казачества мало имеют общего с 
благами, гуманными целями. Это относится и к готовящемуся юбилею – отмечать какую-то дату «служе-
ние России», нам представляется, надо не в Казахстане или какой-нибудь другой республике, а только в 
России. В другом же случае – это раскручивание спирали напряженности, обострение межнациональных, 
межреспубликанских отношений...» [6]. Бұдан əрі құжатта Орал казактарының арандатушылық əрекетте-
рі  Мəскеу,  Самара,  Волгоград  жəне  Орынбордағы  жайықтық  казактар  мен  Дон,  Кубань  казактарының 
айдап салуымен ұйымдастырылып отырғандығы, бұлардың белсенді қатысуымен Орал казактары Одағы-
ның  құрылғандығы,  олардың  Орал  сағасынан  бастап  Каспий  теңізіне  дейінгі  территорияларды  казак 
əскерінің бұрынғы жерлері ретінде қайта қалпына келтіру туралы мақсатының тек қана Орал облысында-
ғы  бірнеше  ұлтты  тұрғындардың  ғана  емес,  барша  Қазақстан  халқының  наразылығын  тудырғандығы 
баяндалады.  Осыған  байланысты,  Н.Ə.  Назарбаев  Қазақ  КСР-і  жəне  РКФСР  арасындағы  Шарттың  1,6 
бабына сəйкес Ресей Мемлекет басшысынан: 
-
 
Орал казактарын конфронтация мен сепаратизмге айдап салып отырған республикаға іргелес РКФСР 
облыстары  мен  басқа  да  аймақтарындағы  казак  қоғамдық  құрамаларының  Қазақстанның  ішкі  істеріне 
араласудан арашалауды;   
-
 
Ресейде (Орынбор облысында) тіркеліп, басылып  шығатын, бірақ Қазақстанда Орал казактарының 
жеке  өкілдерінің  сепаратистік,  экстремистік  идеяларын  насихаттау  үшін  таратылатын  Орал  казактары 
қоғамының «Орал хабаршысы» газеті мəселесін қарастыруды сұраған болатын [6, 116]. Ал 1991 жылы 30 
мамырда республикалық актив жиналысында сөйлеген сөзінде Н. Ə. Назарбаев ел бірлігін бұзуға бағыт-
талған  Орал  казактары  əрекеттеріне  қатысты  келгенде  Республикааралық  шарттарда  жəне  мемлекеттік 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
116 
егемендік туралы Декларацияда қол сұғылмайды деп танылған республикалар арасындағы шекаралардың 
өзгертілуіне ешқашанда жол берілмейтінін жəне Қазақстан территориясында казактардың патша режимі-
не қызмет етуінің жылдығын мерекелеудің қандайына болсын, казак бөлімдерінің құрылуына жол беріл-
мейтінін  мəлімдейді.  Өз  тарапынан  РКФСР  Президенті  Б.Н.  Ельцин  1991  жылы  17  тамызда  Алматыда 
өткен баспасөз конференциясында казактардың əлдебір территориялық көз алартушылығына жол бермеу 
керектігін айта келіп, казактар мерекесінің шекарасын Ресейдің түкпіріне қарай жылжытуға тырысатыны 
туралы уəде бергенімен [7], Орал казактары өз дегендеріне жету үшін барынша əрекеттеніп қалған еді. 
Егер сол кезде республика үкіметінің дер кезінде осы арандатушылық оқиғасына тосқауыл қойып, бұл 
мəселені Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаевтың мемлекетаралық деңгейде шешу туралы мəселе қойма-
ғанда сол кездегі Əзербайжан мен Армения арасында туындаған Таулы Карабақтағыдай қан төгіс болары 
анық  еді.  Өйткені,  «ата-бабаларымыз  сан  ғасырлар  найзасының  ұшымен,  білегінің  күшімен  қорғаған, 
сонау Алтайдан Атырауға созылған, түстігі қарт Алатаудан қалың орманы мүлгіген Сібірге дейін алып 
жатқан  қазақ  даласында  өз  алдарына  автономия  құрғысы  келген  кімдер?  Олар  –  келте  ойлы,  таным-
түсінігі  от  басы,  ошақ  қасынан  əріге  аспайтын,  «асын  ішіп,  киізін  тілетін»,  əдептілікті  аяққа  басқан, 
«беймаза» қонақтар. Бұлардың қылығы мен іс-əрекеті, қандай ұранды жамылса да, шектен шығып, сайын 
даланың, киелі жердің шын иелерін мықты ойландырды» [8]. 
1991  жылдың  ішінде  еліміздің  оңтүстігінде  де  ұлтаралық  қарым-қатынас  шиеленісі  орын  алған  еді. 
Бұл жолғы келеңсіз жəйт Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданындағы жергілікті ұлт өкілдері мен түрік-
месхетин тұрғындары арасында болды. Оқиға көрсетілген жылдың мамыр айында Еңбекші қазақ ауданы 
Рахат ауылындағы қазақ қызының өліміне түрік-месхетин өкілінің айыпталуына байланысты туындады. 
Бұрын істі болған сол ауылдың аталған ұлттан шыққан азаматы өз қылмысын мойнына алғаннан кейін 
қаза болған жақтың туыстары мен ауылдың жергілікті тұрғындары тарапынан осы ұлт өкілдеріне қатыс-
ты наразылық білдіріледі.  
1991 жылдың 2 маусымында көрсетілген ауылда шамамен 280-300 адам қатысуымен санкцияланбаған 
жиылыс өткізіледі. Онда 25 адам сөз сөйлеп, Ферғанадан келген түрік-месхетин келімсектерінің арасында 
құқық бұзушылық пен тəртіпсіздіктер жиі орын алатыны айтылады [9]. Олардың ішінде жұмыссыздары 
көп  болғанымен  олардың  басым  көпшілігі  белгісіз  табыстар  нəтижесінде  күн  көретіні  туралы  мəселе 
көтеріледі.  Осыған  орай,  ауданнан  сол  жылдың  қазан  айына  дейін  тəртіпсіздіктерге  себепкер  болып 
отырған  түрік-месхетиндерді  көшіру  туралы  талап  қойылады  [9,  2].  Əрине,  мұндай  шешім  аудандағы 
Александровка, Рахат, Красный Восток, Қарасай, Көктерек ауылдарында тұратын түрік-месхетиндердің 
жиналуына себеп болады. Олар өз тараптарынан Алматы қаласының «Бірлік» ұлтаралық қозғалысы жəне 
республика  Үкіметі  атына  өздеріне  қауіпсіздік  қамтамасыз  етуді  сұрап  өтініш  жасайды.  Бұдан  кейін 
республиканың  құзырлы  органдары  аудандағы  бұл  келеңсіз  жағдайды  анықтау  үшін  тиісті  іс-шаралар 
жүргізеді. Соның барысында Еңбекші қазақ ауданында 27 тұрғылықты мекен-жайға тіркелмеген жəне 599 
жұмыссыз түрік-месхетин өкілдері анықталады [9, 3].  
1990-жылдың басында Алматы облысында орын алған осындай ұлтаралық шиеленісті жағдай тек қана 
құзырлы  органдардың  өз  уақытында  қажетті  шаралар  қолдануы  мен  екі  жақтың  үлкендерінің  тоқтау 
салуы нəтижесінде ғана оңды шешіледі.  
Қорыта айтқанда, Елбасының басшылығымен тəуелсіздік қарсаңында ұлтаралық татулықты қалыптас-
тыру мақсатында жүргізілген игі бастамалар бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. «Қазақстан – біртұтас 
жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Мен барша қазақстандықтарды ұлтаралық жəне конфессияаралық 
келісімді  одан  əрі  нығайтуға  шақырамын.  Олар  біздің  мəңгілік  құндылықтарымыз.  Осынау  бұлжымас 
ақиқатты сақтай отырып қана, біз мəңгілік халық, мəңгілік елорда жəне мəңгілік мемлекет туралы айта 
аламыз»  [10],  деген  болатын  Елбасы  Қазақстан  Республикасы  Тəуелсіздігінің  20  жылдығына  арналған 
салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде. 
Жалпы, елімізде ұлтаралық татулық пен келісімнің берік орнауы бойына өр мінезімен қатар қайыспас 
төзімділік  пен  шыдамдылықты  дарыта  білген  қазақ  ұлтының  даналығы  мен  Елбасының  ұлтаралық 
қатынастар мəселесіндегі салиқалы саясатының нəтижесі.  
 
1.
 
аза/стан Республикасы Президентіні  м%рағаты (б%дан əрі -  Р ПМ). 7-/ор.- 1-т.-420-іс.-321 п. 
2.
 
Р ПМ. 708-/ор.- 140 «е»-т.- 80-іс.-34-п. 
3.
 
Кекілбай 6.  лтты %лы м%раттар алға жетелейді // Егемен  аза/стан.- 2006.- 11 шілде. 
4.
 
Р ПМ. 708-/ор.- 140 «е»-т.- 88-іс.-35-36 пп. 
5.
 
Демократиялы/ кCштер митингісі // Егеменді  аза/стан-1991.-17 /ыркCйек. 
6.
 
Р ПМ. 7 /ор. 1-т.- 618-іс.-114-115 пп. 
7.
 
Президенттер не деп еді? // Егеменді  аза/стан.-1991.-17 /ыркCйек. 
8.
 
Dмірбек  О.  « ан  т;гілген  жо/,  біра/...»  Караба/  /айталанбасын  десек  //  Егеменді  аза/стан.-1991.-25 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
117 
/ыркCйек. 
9.
 
Р ПМ. 7 /ор. 2-т.- 39-іс.-2-3 пп. 
10.
 
 Егемен  аза/стан.- 2011.-15 желто/сан. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  некоторые  вопросы  межнационального  отношения  накануне  независимости 
Казахстана. На основе архивных документов проанализированы состояние межнациональных отношений на восточ-
но-западной и южной части республики в конце 1980 – в начале 1990-х гг.  
 
Summary 
In this article some questions of the international relation on the eve of independence of Kazakhstan are considered. On 
the basis of archival documents are analysed a condition of the international relations on the east western and southern part of 
the republic at the end of 1980-in the early nineties. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖАС ҒАЛЫМДАР ЗЕРТТЕУЛЕРІ 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
118 
ИССЛЕДОВАНИЯ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ 
 
ТҮРКІСТАН-СІБІР ТЕМІР ЖОЛЫ ҚҰРЫЛЫСЫНДАҒЫ 
ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КƏСІПТІК ДЕҢГЕЙІ 
 
Л.Б. Абдильдинова – Абай атындағы  аз ПУ-ні  
Магистратура жəне PhD докторантура институтыны  І курс магистранты 
 
Түркістан мен Сібірді темір жол арқылы байланыстыру туралы жобалардың ең аз дегенде 30 жылдық 
тарихты бар. Түркістан мен Сібірді темір жол арқылы байланыстыру 1898 жылдан бастап басты мəселеге 
айналған болатын. Бірақ бұл мəселе тек азамат соғысынан кейін ғана қолға алынады.  
1925 жылы өндірістегі экономикалық жəне техникалық қажеттіліктерді талқылау үшін арнайы комис-
сия  құрылады.  Комиссия  өзіне  қажетті  мəліметтер  жинағанымен,  есептеулер  темір  жол  тарабының 
салынуындағы  эконмикалық  қажеттіліктерді  ашып  көрсетпеген  еді.  Осының  нəтижесінде  кеңестердің 
шешімі бойынша 1926 жылы аталған мəселені бірінші кезекке қойған болатын [1, 7]. 
Азамат  соғысы  жылдары  (1918  жылы)  Семейден  Сергиопольге  (қазіргі  Аягөз)  дейінгі  аралықта 
салынатын  темір  жолдың  табаны  төселді.  Ал,  1925  жылға  дейін  Новосибирскіден  Семейге,  Арыстан 
Фрунзеге (Пішпек) дейінгі аралықта темір жол қатынасы болды [1, 312]. 1925 жылы желтоқсан айында 
БК(б)П XV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқа-
тар  қиындықтарға  кездесті,  олар  қазақ  елінің  əлеуметтік-экономикалық,  мəдени  артта  қалуымен  байла-
нысты  болды.  Бұл  қиындықтардың  көбі  республикада  халық  шаруашылығын,  əсіресе  өнеркəсіп  пен 
транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де асқына түсті жəне осы жағдай Қазақстан-
ның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды [2, 312]. 
Жоғарыда  аталған  қиындықтар  мен  ерекшеліктер,  сондай-ақ  күрделі  қоғамдық-саяси  ахуал  жəне 
Қазақстанның  артта  қалған  экономикасының  ауыр  жағдайы  20-жылдарда  жəне  30-жылдардың  басында 
республиканы индустрияландыру жəне ұлттық жұмысшы кадрларды даярлау мəселесі маңайында қым-
қиғаш күрес туғызды. Бірнеше көзқарас пайда болды. Біреулер «көшпеліліктен социализмге» өтудің мүм-
кін еместігін жəне көшпелілік өмір салтының қазақ халқының ерекшелігі екендігін, сондықтан да индус-
трияландырудың «ұлттық табиғи ерекшелікті» бұзатындығын көлденең тартты. Енді біреулер, өнеркəсіп-
ті тықпалау, жұмысшы тапты қалыптастыру «табиғаттан тыс», «Қазақстан үшін мүмкін емес», «артта қал-
ған көшпелі халық» индустрияландырудың қарқынын көтере алмайды, «қазақтандыру өндірісті қымбат-
татады», «ал қазақ бəрібір жұмыс істемейді, ол даланы аңсайды», сияқты пікірлерді дəлелдеуге тырысты. 
Үшінші жақ, республиканың Одақ құрамында дəйекті дамуының қажеттігі, бірақ Қазақстанның ерекше 
мүдделерімен санаспау идеясын жақтады. Олар «шикізат базасы ретіндегі ауыл шаруашылығымен байла-
нысты ұсақ өнеркəсіпті ұлғайту мен оның жұмысын жақсарту жөніндегі партия ұстанған бағыт шүбəсіз 
дұрыс»,  деп  дəлелдеді.  Төртіншілер,  шет  аймақтар  шикізат  базасы  ғана  болып  қалмауы  керек  жəне 
индустрияландыруды  жүргізгенде  республиканың  ерекшеліктерін  ескеру  қажет,  деген  пікірді  ортаға 
салды [3, 113].  
1927  жылы  15  шілдеде  Семей  қаласының  солтүстігінен  ең  алғашқы  рельстер  салынады.  2  қарашада 
оңтүстіктікте Луговой станцасынан алғашқы рельс жолдары іске қосылады. Түріксіб жұмысшыларының 
атқарған істерінің нəтижесі: солтүстіктен – бір бағыты, оңтүстіктен – бір бағыты бір-бірімен келіп түйісе-
ді. Түріксіб – социалистік құрылыстың үлкен жетістіктерінің біріне айналды [4, 16]. 
Түріксіб құрылысшылары өте ауыр жағдайларда жұмыс істеді. Екі бағыттағы құрылыс жұмыстарында 
жұмысшылардың саны 50 мыңға дейін жетті [4, 17]. 
Барлық қиыншылықтардан шығу үшін, жұмыстың жоспары қажет болды. Ондай жоспар құрылды да. 
Құрылыс жұмысы солтүстіктен де, оңтүстіктен де бірдей, бір уақытта басталды. Қазақстан даласы екіге 
бөлінеді. 
Ең алғашқы құрылыс жұмыстары басталғанда, құрылыста жергілікті халықтың көліктері қолданылған 
болатын [4, 17]. 
Инженер-техниктердің арасында тəжірибелі мамандар да болды, олар бұрын үлкен жол құрылыстарын 
салуға қатысқандар, сол сияқты жас инженер мамандар мен өндірістік іс-тəжірибеден өтетін студенттер 
де болған болатын. 
1927 жылдың көктемде темір жол салынатын жерлерді игеру ісінде солтүстік бөлімде, ал күзде оңтүс-
тік бөлімде жұмыс басталды. 
Құрылыс  жұмыстарына  көрші  жатқан  ауылдардан  көшпелі  қазақтар  тартылды.  Олар  жылқылармен, 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
119 
түйелермен, өгіздермен су, жанармай жəне басқа да жүктерді тасыды; 315 арбалы көлік ұйымдастырлды. 
Құрылыс барысында жұмыстың көпшілігі қол еңбегін қажет етті. Сатып алынған экскваторлар, автомо-
бильдер,  мотовоздар  жəне  вагондар  тек  ауыр  жағдайларда  ғана  қолданылды,  мысалға,  тас  тасығанда 
немесе жерді терең қазу кездерінде [54, 58]. 
Т.Рысқұлов  пен  М.Тынышбаев  магистраль  құрылысын  жұмыс  күшімен,  жергілікті  қордың  есебінен 
қамтасыз етуге, қазақтарды құрылыс жəне теміржол жұмысшылары қатарына тартуға, оларды оқыту ар-
қылы теміржол мамандарын дайындауға ерекше көңіл бөлді. Олардың ұсынысы бойынша жұмысшы кү-
шін  Қазақстаннан  тысқары  жерлерден  əкелуге  шектеулер  қойылды.  Маман  жұмысшыларды  алдын-ала 
белгіленген мөлшерде ғана əкелу қарастрылды. Жергілікті тұрғындарды магистральдегі құрылыс жұмыс-
тарына  барынша  кеңінен  тарту  «ендігі  жерде  жергілікті  теміржол  пролетариатын  жасақтау  мəселесінің 
принципті түрде қойылуы ретінде, – деп көрсетті Т.Рысқұлов, – құрылыс жұмыстарының шығынын кемі-
туге нақты көмек көркөрсете алады..., сөйтіп, Түркістан-Сібір теміржолы құрылысын табысты жүргізуге 
ықпал етеді» [2, 337]. М.Тынышбаевтың ұсынысымен, магистраль құрылысының жұмысына Мəскеу, Ле-
нинград, Ташкентте жəне Кеңес Одағының басқа да ірі қалаларында оқып жатқан қазақ студенттері тар-
тылды. Олар жазғы демалыс кездерінде жұмысқа кіріп, практикалық тəжірибе жинақтады жəне еңбек ақы 
алды, бұл олардың көпшілігі үшін үлкен материалдық көмек болды. Түріксібтің оңтүстік бөлігінде ғана 
Орта Азия мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті жұмыс істеді [2, 337]. 
КСРО Темір жол халық комиссариаты 1927 жылдың қаңтар айынан бастап Түрксібке жұмысқа соттал-
ғандардың  күшін  қолданудан  бас  тартты.  Себебі,  ешқайда  айтылмады.  Магнитагорскідегі  респрессияға 
ұшыраған кулактардан, не болмаса еңбекпен түзету лагерьлерінде жіберілгендерге қарағанда, Түріксібтегі 
əрбір жұмысшы өз қалауы бойынша келген болатын [3, 113]. 
Ал, 1928 жылдың жазынан кейін жұмысшылардың саны 50 мыңға жетеді. Жұмысшы санының көптігі-
нің нəтижесінде, Түріксіб бірінші бесжылдықтың басты құрылыс жобасына айналды. Түріксібтегі жұмыс-
шылар, сондай-ақ олардың отбасылары жұмыспен, еңбекақысымен, баспанамен, тамақпен жəне медици-
налық қызметпен қамтасыз етіліп отырды. Түріксіб құрылысы Қазақстандағы ең үлкен құрылысқа айнал-
ды. Құрылыстағы адамдардың 9 пайызы басшылық-əкімшілік қызметтегілер мен инженерлер, 14 пайызы 
кіші қызметкерлер жəне 77 пайызы қарапайым жұмысшылар болды. Осы аталған пайыздық көрсеткіштер 
көп уақытқа дейін тұрақты болып қалды.  
Түріксіб  жаңа  қалыптасып  келе  жатқан  Қазақстан  жұмысшы  табы  ұлт  мамандарының,  əсіресе 
құрылысшылар  мен  теміржолшылардың  ірі  ұстаханасына  айналды.  1927-1930  жылдары  магистраль 
құрылысында 20 мыңнан 30 мыңға дейін адам жұмыс істеді; олардың ішінде қазақтардың қатары үздіксіз 
өсіп отырды. 1934 жылдың 1 қазанында  Қазақстан  теміржолшыларының саны 56,6 мың адамнан асты, 
олардың  жартысына  жуығы,  яғни  25,3  мыңы,  яғни  44,7  пайызы)  жаңадан  салынып  жатқан  Түркістан-
Сібір  магистральіне  шоғырланды.  Республикадан  18  мыңнан  астам  қазақ-теміржолшы  болды,  олардың 
9,8 мыңы, яғни 54,1 пайызы Түріксібте жұмыс істеді. Олардың қатарынан Д.Ж. Омаров, М.Т. Қазыбеков, 
М.Қаптағаев,  Б.Спаев,  О.Байтұлақов  жəне  т.б.  сияқты  беделді  басшылар  мен  танымал  теміржолшылар 
шықты [2, 337]. 
Түріксібтегі үлкен көлемдегі құрылыс жұмысы көп жұмысшы күшін талап етті. Түріксіб арқылы 70 
мыңнан астам жұмысшы тобы өтті. 1929 жылдың жазына қарай жұмысшылардың саны 41 мың адамға 
дейін жетті. Осы аталған жұмысшылардың санына байланысты оларды баспанамен, сумен, бірінші кезек-
те қажетті заттармен қамтамасыз ету қажет болды [6, 13].  
Құрылыс жұмыстарына көбінесе кəсіби маманданған жұмысшылар тартылды. Ал қалған бөлігі жұмыс 
барысында тəжірибе жинақтады. Құрылыс жұмыстарына жергілікті халықты (қазақтарды) 100%-ға тарту 
мүмкін  болмады,  оған  бір  жағынан  орыс  шовинизмі  де  кедергі  келтірген  болатын.  Алайда,  қазақтарды 
құрылыс жұмысына тарту алдыға қойылған істердің бірі болған болатын. Жалпы алғанда, қазақ жұмыс-
шыларының көлемі шамамен 25-30%-ды құрады. Ал, арнайы мамандандырылған жұмысшылардың саны 
санаулы болды.  
Тек  1929  жылы  Қазақстан  Еңбек  халық  комиссариатының  көмегімен  жергілікті  қазақтардан  кəсіби 
мамандар дайындау жұмысы қарқынды жүргізіле бастайды [6, 14].  
1930 жылдың 20 сəуірінде КСРО Еңбек жəне Қорғаныс кеңесі мен КСРО Темір жол халық комисса-
риаты: «Түріксібтің қызметін қамтамасыз ететін мамандар даярлау, оларды жергілікті ұлттың өкілдерімен 
толықтыру» туралы қаулы қабылдайды.  
1930 жылы Түркісібте арнайы маманданған жұмысшы қазақтардың саны 11,6 пайыз болды. Қазақтар 
көбінесе жер тегістеу, жер қазу жұмыстарымен айналысты. Жолдағы негізгі мамандықты меңгеру үшін 
арнайы курстарға, мектептер мен училищелерге бару қажет болды. 1931-1932 жылдары осы аталған оқу 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
120 
орындарын 5 747 қазақ теміржолшылары тəмамдап шығады [5, 64]. 
Түріксібтегі  жергілікті  тұрғындардан  жұмысшыларды  дайындау  құрылыс  басталған  сəттен  бастап 
қолға  алынғанымен,  əкімшілік-техникалық  басшылар  жағынан  көптеген  қиыншылықтарға  тап  болады, 
олардың  ойынша  қазақтар  бұл  жұмысқа  бейім  емес  жəне  бейімделе  де  алмайды,  оларды  бұл  жұмысқа 
тарту  мүмкін  емес  деген  ойлар  айтылады.  Еуропалық  құрылысшылар  арасында  контрреволюциялық 
үгіттің нəтижесінде қазақтарға деген теріс көзқарастар, жеккөрушілік, Сергиопольде бой алған қазақтарға 
қарсы ұйымдасқан топтар қалыптасады. 
Осыған қарамастан, құрылыс жұмыстарының екінші жылында əкімшіліктің өзі қазақ жұмысшыларын 
құрылыс жұмыстарына тартуда т.б. кəсіптік қызметтерін қалыптастыруда европалықтардан кем түспейті-
гін дəлелдеп шықты.  
Атап өту керек, Түрксіб құрылыс жұмыстарына қазақтарды тарту саяси жəне мəдени құрылыста үлкен 
мазмұнға ие болды. Қазақ жұмысшылары өндірістік мектептен өте отырып, жиналыстарға, қызыл бұрыш-
тарға жəне клубтарға қатыса отырып, əлеуметтік бəсекеге түсті [6, 16]. 
Осы  жағдайларға  қарамастан,  Түріксібтегі  құрылыс  жұмыстарының  басталған  уақытынан  бастап 
сауатсыздықпен күрес жұмысы да белсенді қызмет атқара бастады. Осы мақсатпен солтүстік бөлімдегі 
құрылыста 80 мектеп құрылған болатын. Жергілікті халықтардың сауатсыздықпен күресуіне Түріксібте 
іс-тəжірибеден  өтуші  техникумдар  мен  жоғарғы  оқу  орындарының  студенттері  көмектесті.  Құрылыс 
жүргізілген  уақытта  қазақтар  орыс  тілін,  орыстар  қазақ  тілін  үйреніп,  бір-бірімен  байланысқа  түсуге 
септігін тигізді [5, 64]. 
Құрылыс  барысында  Түрксіб  басқармасыда  жергілікті  тұрғындардан  жиналған  жұмысшылардың 
кəсіптік  деңгейін  өсіру  үшін  арнайы  іс-тəжірибеден  өтушілер  (студенттер)  көмек  көрсетеді.  Сонымен 
қатар, олар маманданбаған батырақтар мен кедейлерге арналған кешкі курстарды ұйымдастыруды өздері-
не міндет етіп алады.  
1928 жылдары оңтүстіктіктегі құрылыс жұмыстарында 803 қазақ жұмысшысы болды. Барлық жұмыс-
тарда (жер қазу, қара жұмыстарды), пайыздық есеппен жергілікті тұрғындар 34,2 пайыздық көрсеткішті 
құрады. Осы пайыздық көрсеткіш қанағаттанарлық болғанымен, өзекті мəселелердің бірі болып қалды. 
1928  жылы  29  мамырдағы  Қазақ  АКР-інің  Халық  Комиссарлар  Кеңесі  коллегиясының  есептеуіне 
қарағанда 3 бөлімдегі жұмысшылар тобына қазақтардан 100-ге жуық адам тартылған, сондай-ақ, тапсы-
рыс бойынша тағы да 4 445 жұмысшы алу көзделген, ал  негізгі жұмысқа 2 790 жұмысшыны қазақтардан 
алу  керек  болды.  Осылайша,  оңтүстік  бөлімде  8  339  адам  жұмыспен  қамтамасыз  етілсе,  соның  ішінде,  
қазақтардың саны 3 593 адамды құрады [7, 49]. 
Түркістан-Сібір  теміржолы  құрылысы  жүргізілген  сəттен  бастап,  жергілікті  халықтан  жұмысшы 
мамандар даярлау осылайша жақсы жолға қойылған болатын. Алайда, құрылыстағы ұлтаралық шиеленіс-
тер мен жергілікті тұрғындардан жұмысшылар даярлау жоспарының толық деңгейде орындалмауы темір-
жол  құрылысында  кемшіліктердің  пайда  болуына  əкеледі.  Бұл  кемшіліктер  солтүстік  жəне  отүстіктегі 
теміржол құрылыстарында да болған. 
1931  жылы  1  мамырда  Түріксіб  құрылысындағы  негізгі  міндеттер  аяқталды.  Сібір,  Қазақстан  жəне 
Орта Азия республикалары темір жолмен байланысатын болды.  
 
1.  Т.  Рыскулов  –  Заместитель  Председателя  СНК  РСФСР,  Председатель  Комитета  Содействия,  по 
постройке Туркестано-Сибирской железной дороги / Сост.: Алиев М., Абдираман У., Иуваев И., Сарсекеев С., 
Шайсултанов К. – Алматы, 2007. – 312 с. 
2.  аза/стан тарихы (к;не заманнан бCгінге дейін). Бес томды/. 4 том. – Алматы: Атам%ра, 2010. – 752 б. 
3.  Пайн  М.  Дж.  Сталинская  железная  дорога.  Турксиб  и  строительство  социализма.  –  Алматы:  Санат, 
2006. – С. 113. 
4. Лунин Б. Турксиб. – М.-Л.: Московский рабочий, 1931. – С. 32. 
5. История железнодорожного транспорта России и Советского Союза. Том2. 1917-1945.-СПб.-М., 1997.-С. 58.  
6. Сколькин. Турксиб (К соединению укладки рельсового пути 1-го мая 1930 г.). – Алма-Ата: Типо-лит. КЦСНХ 
№2, 1930. – С. 20. 
7.  Р ОММ. 962 /., 1 т., 362 іс. 

1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал