Социально-экономическая история



жүктеу 5.1 Kb.

бет13/23
Дата08.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
 (с древнейших времен до наших дней). В 5 томах. Том 4. Победа Великой Октябрьской 
социалистической революции и строительство социализма. – Алма-Ата: Наука КазССР, 1977. – С. 572-573. 
34.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 51-іс. 5-5 а.п.; 1406-іс. 1-1 а.п.    

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
100 
35. Великая Отечественная война 1941-1945: энциклопедия. – Гл. ред. Козлов М.М. Редколлегия: Барабаш Ю.Я., 
Жилин П.А. (зам. гл. ред.), Канатов В.И. (отв. секретарь) и др. – М.: Советская энциклопедия, 1985. – С. 801-803. 
36. Россия и СССР в войнах ХХ века: Статистическое исследование. Под общей редакцией кандидата военных 
наук, профессора АВН генерал-полковника Г.Ф. Кривошеева.  – Москва: ОЛМА-ПРЕСС, 2001. – С. 273-274.  
37.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 1406-іс. 1 а.п.;  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 13 п. 
38. ЖCсіпбеков С.  аза/ хал/ы  лы Отан соғысыны  белсенді /атынасушысы // Социалистік /%рылыс. – 1941. – 
11 декабрь. – №293 (2495). 
39. Джусупбеков С. Казахский народ – активный участник Великой Отечественной войны (на фронте и в тылу) 
// Прикаспийская коммуна. – 1941. – 12 декабря. – №295 (2490). 
40. ЖCсіпбеков С., Т. Малаев. Соғыс кCндеріндегі театрды  міндеті //  Социалистік /%рылыс. – 1942. – 13 
январь. – №10 (2524). 
41. Джусупбеков С. 10 дней у бойцев, командиров, политработников в энской части // Прикаспийская коммуна. – 
1942. – 5 июня. 
42.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 8 а.п. 
43.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 51-іс. 12-12 а.п.    
44.  РПМ. 412-/. 29-т. 66-іс. 17-19. 26 пп. 
45.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 8 а.п.;  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 51-іс. 5-6 пп.    
46. Алма-Ата  в период октября и в  годы  гражданской  войны  (1917-1920  гг.): Летопись событий  / Под общей 
редакцией С.Джусупбекова. – Алма-Ата: Казахское объединенное государственное издательство, 1949. – 412 с. 
47. Джусупбеков С. О внесении изменений и дополнений в текст конституции (основного закона) Казахской ССР 
// Казахстанская правда. – 1948. – 17 марта.  
48. Сембаев А.И. История развития советской школы в Казахстане. – Алматы, 1962. – С. 293.   
49.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 1406-іс. 1-1 а.п. 
50.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 1 п. 
51.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 13, 17 пп. 
52.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 10-12 пп. 
53.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 22 п. 
54.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 18-21 пп. 
55.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 23 п. 
56.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 6 п. 
57.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 24 п. 
58.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 28 п. 
59.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 27 п. 
60.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 30 п.;  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 51-іс. 10-10 а.п. 
61.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 33 п. 
62.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 34-35 пп. 
63.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 39 п. 
64.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 40, 44 пп. 
65.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 1406-іс. 3 п. 
66.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 1406-іс. 4 п. 
67.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 1406-іс. 6 п. 
68. ЖCсіпбеков С.  ыры/ жыл б%рын //  аза/стан коммунисі. – 1958. – № 3. – 16-24 б. 
69. Джусупбеков С., Т. Айтиев. Алма-Ата. – Алма-Ата, 1958. – 55 с. 
70. Джусупбеков С., Мергенчин Д. Ураз Джандосов – Семиреченский революционер // Казахстанская правда. – 
1959. – 14 ноября. 
71. СCлеймен ЖCсіпбековты  ;з /олымен жазған б%л к;лемді ма/алаларды  жалпы к;лемі 208 бетке те  келді.  
72.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 49 п. 
73. ЖCсіпбеков С. Марксизм-ленинизм кафедрасыны  ж%мыс тəжірибесінен //  аза/стан коммунисі. – 1961. – 
№ 7. – 21-25 бб. 
74.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 53 п. 
75.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 61 п. 
76. ЖCсіпбеков С. Бейбіт /атар ;мір сCруді  лениндік принципін б%рмалаушылар //  аза/стан коммунисі. – 1963. 
– № 5. – 26-30-бб. 
77. С. ЖCсіпбеков, 6. Асанов. В.И. Ленин – жа а т%рпатты партияны /%рушы (КПСС-ті  60 жылдығына) // 
аза/стан коммунисі. – 1963. – №6. – 34-39 бб. 
78. ЖCсіпбеков С., М. Труш. Лениндік идеяларды  асыл /азынасы /  аза/стан коммунисі. – 1964. - №5. - 20-24 бб. 
79.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 66 п. 
80.  аз ПУ м%рағаты. ЛС-т. 787-іс. 23-24 пп. 
81.  аз ПУ м%рағаты. ЛС-т. 787-іс. 16 п. 
82.  аз ПУ м%рағаты. ЛС-т. 787-іс. 15 п. 
83.  аз ПУ м%рағаты. ЛС-т. 787-іс. 2 п. 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
101 
84.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 51-іс. 2-3, 13-17 пп. 
85. Труш М., Джусупбеков С. Великое наследие (новые документы Полного собрания сочинений В.И. Ленина). – 
Алматы: Издательство «Казахстан», 1967. – 238 с. 
86.  1947  жылы  аза/  КСР-ні   к;рнекті  мемлекет  жəне  /оғам  /айраткерлеріні ,  белді  ғалымдары  мен  зиялы 
/ауым ;кілдеріні  ерік танытуымен саяси жəне ғылыми білімдерді таратуды ма/сат етіп /ойған «Білім» /оғамы 
/%рылды. 1948 жылды  басында  аза/станны  барлы/ ірі /алаларында оны  жергілікті б;лімдері мен филиалдары 
/ызмет ете бастады // История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5 томах. Том 5. Завершение 
построения социалистического общества. Развитой социализм. – Алма-Ата: Наука КазССР, 1980. – С. 317-318 
87.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 51-іс. 6 а.п. 
88.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 51-іс. 8 п. 
89. Труш М., Джусупбеков С. Идеи борьбы за мир в наследии Ленина. – Алма-Ата: Казахстан, 1971. – 320 с. 
90.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 51-іс. 18 п. 
91.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т. 51-іс. 19-20 пп. 
92. Джусупбеков С. Город Верный (Страницы истории). – Алма-Ата: Издательство «Казахстан», 1980. – 215 с. 
93.  Джусупбекова  Г.С.  Аграрные  преобразования  в  1917-1930  годах.  (На  материалах  Южного  Казахстана). 
Автореферат ... к.и.н. – Москва, 1971. 
 
Резюме 
В данной статье авторы основываясь на новых, ранее не опубликованных архивных материалах рассматривают 
жизнь  и  деятельность  общественно-государственного  деятеля,  историка  и  педагога  Сулеймена  Джусупбекова.  К 
сожалению, жизнь и деятельность С.Джусупбекова, одного из основателей изучения истории Семиречья и г. Верно-
го  (ныне  Алматы)  в  отечественной  исторической  науке,  долгие  годы  оставалась  неизвестной  для  широкой 
общественности. В этой статье сделана первая попытка вернуть имя славного сына казахского народа, хронологиче-
ски освещены важнейшие этапы жизни и научной деятельности С.Джусупбекова.  
 
Summary 
In given article authors being based on the new, earlier not published archival materials consider life and activity socially-
statesman,  the  historian  and  teacher  Suleimen  Dzhusupbekov.  Unfortunately,  S.Dzhusupbekov’s  life  and  activity,  one  of 
founders of studying of history of Jetysu and Vernyi (nowadays Almaty) in a domestic historical science, many long years 
remained  the  unknown  person  for  the  wide  public.  In  this  article  the  first  attempt  to  return  a  name  of  the  nice  son  of  the 
Kazakh people is made, the major stages of  S.Dzhusupbekov's life and scientific activity are chronologically shined. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖАЛПЫ ТАРИХ 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
102 
ВСЕОБЩАЯ ИСТОРИЯ 
 
АРАБ ХАЛИФАТЫНДАҒЫ ТҮРІК ƏСКЕРЛЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ 
 
З.С. Ильясова  т.ғ.к., доцент, Шығыстану кафедрасы, Л.Н. Гумилев атындағы Е У 
 
VIII  ғасырдың  аяғы  мен  IX  ғасырдың  басынан  бастап,  Ислам  дінін  қабылдаған  түркі  жəне  парсы 
халықтарының белсенділігі бірінші орынға шығып, кейінгі ислам тарихында олардың рөлі үлкен мəнге ие 
бола бастайды. Солардың ішінде, əсіресе түркі халқының орны ерекше. Түркі халқы Ислам дінін қабыл-
дауының  нəтижесінде  Исламның  жан-жақты  дамуына  атсалысып,  ғасырлар  бойына  біте  қайнасса  да, 
өзінің түркі атауын əрқашан биік ұстаған. Араб халифатында түрік əскери жасақтарының құрылуы жəне 
олардың қызметі туралы зерттеулер қазіргі таңда тарих ғылымында қызығушылық тудырады.  
Түркі халқының арасынан, ислам тарихының ортағасырлық кезеңінде əлемдік аты бар алдыңғы қатар-
лы ғалымдар, тарихи тұлғалар мен батырлар өте көп шыққан. Олар: əл-Мансұрдың (754-775) əскербасы 
Хаммад  ат-Түрік  (Бағдад  қаласын  құрылысында  маңызды  рөл  атқарған),  əл-Махдиде  (775-785)  қызмет 
еткен Мүбарак ат-Түрки,  философ, ғалым Əбу Наср əл-Фараби, сопы  Ахмет Ясауи, сұлтан Ахмад Ибн 
Тулун,  тарихшы  Ибн  Тағри-берди,  сұлтан  Рукн  Ад-Дин  аз-Захир  Байбарыс,  сұлтан  Сайф  Ад-Дин 
Қалауын, сұлтан Ан-Наср Мухаммад Ибн Қалауын жəне т.б. [1, 23 б.]  
Омейяд  халифалар  үкіметі  құлаған  соң  араб  мемлкетінің  тізгінін  аббастықтар  (Аббас-Мухаммадтың 
нағашысы)  əулеті  алады.  Олар  үкімет  басына  ирандық  дихандар  көмегі  арқылы  келеді.  749-754  жылға 
дейін  Аббасидтер  халифатының  негізін  салушы,  бірінші  халифасы  Əбу-л-Аббас  таққа  отырды.  1258 
жылға дейін билік құрған аббасидтер əулетінің негізін қалап, жаңа халифаттың астанасы Бағдад қаласы 
болады. Осы аббасидтер тұсында Араб мемлекеті өзінің шырқау шегіне жетті. Араб мемлекетінің гүлде-
нуіне  зор  еңбек  сіңірген  халифалар:  əл-Мансур  (754-755),  Харун-ар-Рашид  (786-809),  əл-Ма皇мун  (813-
833), əл-Му皇тасим (833-842), əл-Му皇тадид (892-902) болды. Əл-Му皇тадидтен кейін халифаттың құлды-
рауы басталады.    
Аббасидтер билігінің алғашқы кезінде олардың əскерлері негізінен хорасандықтар мен ирандықтардан 
тұрған  жəне  оларды  Дамаскідегі  омейядтарға  қарсы  көтерістерде  қолдап  отырған.  Ол  əскерлер  араб 
əулетінің жағында болып, Иранға қызмет ету өздерінің міндеті деп есептеді.  Бірақ, 820 жылдан бастап 
халифалардың  ірі  вассалдары  тахиридтер  толығымен  тəуелсіз  болып  Иранның  дербестігін  қамтамасыз 
етіп, қайта өркендеуіне жағдай жасады. Сондықтан да, жат жерліктерден əскер жасақтау өте қажет болды.  
Арабтардың түріктермен ең ертедегі байланысы ұлы жаулап алу дəуіріне дейін болғандығы туралы дерек-
тер  бар.  Бұл  туралы  ортағасырлық  араб  тарихшысы  ат-Табари  (ІХ  ғ.),  «терезе  соғысы»  қарсаңында 
Мұхаммед  пайғамбар  демалыпты-мыс  дейтін  əлдебір  түрік  шатырын  еске  алады.  [2,  21  б.].  674  жылы 
Басраның  билеушісі  Бұхарада  тұтқынға  алынғандардан  төрт  мың  шебер  түрік  садақшыларынан  мықты 
жасақ құрған. Олардың əскери сапасы бағаланып, арабтар оларды пайлануды шешеді [3]. 
Түріктердің жоғары жауынгерлік қаситеттері туралы жазған əл-Жахиз былай сипаттайды «Ол (түрік) 
ат үстіне екпіндеп шауып келе жатып алға жəне артқа, оңға жəне солға, жоғары жəне төмен ата береді. 
Хариджит (араб) бір оғын жақтың кірісіне салғанша, ол он оқ атып үлгіреді. Түріктердің төрт көзі бар, 
екеуі маңдайында, екеуі желкесінде» [4,138 б.].  
Аббас əулетінен шыққан Бағдат халифасы əл-Му皇тасим (833-842) Мауараннахр – Өзеннің ар жағын-
дағы  жерлерден  –  Самарқан,  Ферғана,  Шаш  құл  базарларынан  əкелген  түркілерден  арнайы  əскери  топ 
құрған  алғашқы  билеуші  саналады.  Бірақ  əл-Му皇тасимнің  болашақ  түрік  гвардиясының  негізі  əл-
Ма皇мун  (813-833)  кезінде  құрылған.  И.М.  Фильштинский  əл-Ма皇мун  түріктерден  арнайы  халифа 
гвардиясын жабдықтағаны жəне олардың саны төрт мың адамға жеткендігі туралы айтады [5, 89 б.]. Араб 
тарихшыларының  көрсетуі  бойынша,  Сейхун  (Сырдария)  өзенінің  ар  жағындағы  жерлерден  əкелінген 
мəмлүктердің  саны  бірнеше  түменге  жеткен.  Тарихшылар  осы  орайда  Хорезмде  атақты  құл  базарлары 
болғандығын, оның құл саудасы арқасында байығанын атап өтеді. Халифаттың əскер құрамы араб тайпа-
сының  жасақтары  мен  жалдамалы  ғұламдар  секілді  бірнеше  əскер  топтарынан  тұрған.  Ғұламдар  деп 
халифаларға шын берілген қызметі даярлау мақсатымен жас кезінде отанынан жыраққа əкетіліп оқыты-
лып тəрбиеленген, түрлі түркі, славян, зəңгі текті құлдарды атаған. Олар өсе келе халифаларға өз айтқа-
нын істеткен қауіпті үлкен күшке айналған [6, 82 б.]. 
Араб деректеріндегі келесі бір қолданылатын термин «мамлүк». Мамлүктер жайында алғашқы мағлұ-
маттар  VIII  ғасырдың  аяқ  кезінде  пайда  бола  бастады.  «Мамлүк»  көпшесі  «мамалик»  араб  сөзі,  оның 
мағынасы «егесі, қожайыны бар мүлік немесе құл». Басында тек «ақ құлдарға» қатысты айтылған бұл сөз 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
103 
нақты тарихи уақиғаларға байланысты уақыты келе терминдік мағынаға ие болып, текті құл-жауынгер-
лерге қатысты ғана қолданылатын болды. Ортағасырлық ислам кезіңінде Византия, Венеция жəне Таяу 
Шығыстың басқа да елдері мен үлкен қалаларында құл сататын базарлар көп болып, құл саудасы гүлде-
ніп тұрған кезең еді. Бұл құл базарларында əр-түрлі жолдармен түскен құлдардың ішінде, ертеден өзінің 
атқамінерлік жəне соғыс өнеріне бейімділігімен əйгілі болған көшпелі түркі халқының жасөспірім балала-
рының өтімділігі мен бағасы ерекше биік болды. Түркі текті құлдарын көптеп сатып алған Мысыр мен 
Таяу Шығыс елдерінің билеушілері оларды «мамлүк» деген атаумен атап, оларға арнайы ислами тəрбие 
беріп, соғыс өнеріне жаттықтырып, өздерінің негізгі əскери тірегіне айналдырады [7, 43 б.].  
Таңдап алынған жас құлдар – мəмлүктер немесе ғұламдар (жасөспірімдер немесе қызметшілер) хали-
фаның сарайында арнайы мектептерде тəрбиеленіп, соң халифаның гвардиясына қабылданып, ол тəжіри-
белі  түрік  шабандоздары  мен  садақшыларымен  толықтырылып  отырды.  Олардың  ішінде  Хорасанның 
омеядтық билеушісі Насыр ибн Саййар-Рафи皇ибн Лайстың жасағында шайқасқандары да бар [5, 89 б.]. 
Түрік  гвардиясы  туралы  басқа  бір  зерттеулерде  əл-Му皇тасим  (833-842)  анасының  тегі  түрік  болуы 
түрік гвардиясын құру үшін шешуші мəнге ие болған деген пікірге қосылады, алайда, оның пікірінше, əл-
Му皇тасимнің  билеуіне  қанағаттанбаған  əскердің  басым  бөлігі  əл-Мамунның  ұлы  Аббастың  халифа 
болуын  қалаған,  ал  əл-Му皇тасимді  биліктен  тайдырып,  орнына  Аббасты  отырғызбақ  болған  сəтсіз 
қастандық  орын  алған  қиын  саяси  жағдайда  жеке  басының  қауіпсіздігін  ойлаған  əл-Му皇тасим  түрік 
гвардиясының санын күрт арттыру туралы ойға келді [2, 21 б.]. 
И.М. Фильштинский ғалым жəне əдебиетші əл-Жахиздің (775-868) түріктер туралы трактатында бүкіл 
гвардияны,  халифа  сарайы  мен  пошта  кеңсесін  түрік  əмірлерінің  басқарқандығы  туралы  жазады.  Түрік 
атты əскер бөлімі Бағдад казармаларында орналастырылып, астанадағы халық тəртіпсіздіктерін басу үшін 
пайдаланылды жəне оларға жергілікті жерден үйленуге тыйым салынып, арнайы олар үшін халифаттың 
шығысынан əйелдер əкелді. Ал, жалдамалы-дейлемдіктерден тұратын жаяу əскерлер шыққан жерлеріне 
байланысты орналастырылды деген мəліметтер береді [5, 91 б.]. 
Түрік əскерлерінің жоғарылауы халифат əскерінің негізі болған хорасандықтар мен арабтардың бірте-
бірте жойылуына алып келді. Бағдадта түркілер мен тұрғын халық арасында жауылқ етек ала бастайды. 
Түріктер мен бағдадтықтардың арасындағы дүрдараздық, Бағдадта орналасқан əскерге деген сенімсіздік 
(сондай-ақ, Тахиридтердің билігінен құтылу үшін) əл-Му皇тасимнің (833-842), Самарра жаңа қала тұрғы-
зуына себеп болды жəне оған өзіне адал түрік гвардияшыларымен орнықты: əл-Му皇тасимнің өз сөзіне 
қарағанда,  құрлықпен  де,  сумен  де  Бағдадқа  жете  алатын  жəне  қажетсіз  көтерілістерді  басу  үшін  жаңа 
астана  үшін  орын  іздеген.  Əл-Му皇тасим  өзінің  жаңа  елордасында  түріктер  орналасқан  кварталдарды 
қаланың басқа аудандарынан оқшаулауға тырысты .  
Əл-Уасик (842-847) халифа тұсында түрік əскер басшылары халифаттың үлкен облыстарының сардар-
лары болады. Мəселен, Ашинастың өзі «сарайдың есік алдынан бастап, Батыстағы шеткі округке дейінгі» 
жерлерге қарады, тағы да бір түрік əскер басшысы Итахқа Хорасан мен Синд берілді [8, 191 б.]. Шынды-
ғында, бұл тағайындаулардың барлығы да ерекшеленген əскери басшыларға құрмет көрсетіп, менмендік-
терін қанағаттандыру үшін жасалған даңғазадай лауазымдар болатын, себебі, мəселен, Синд бұл уақытта 
халифаттан мүлдем қол үзіп қалған, ал Хорасанда əл-Мамун кезінен Тахиридтер сардарларының динас-
тиясы орныққан.  
VIII-IX ғасырларда жаулап алынған жерлерде арабтарға қарсы халық көтерілістері болды. Соның бірі 
776 жылы Орта Азиядағы Мары қаласы маңында Хашим ибн Хаким басқарған Муканна көтерілісі. 816 
жылы  Бабек  басқарған  Əзербайжанда  көтеріліс  басталады.  Көтеріліс  Əзербайжаннан  Арменияға  соң, 
Иранға ауысады. 835 жылы əл-Му皇тасим халифа Бабекке қарсы Афшиннің басқаруымен өзінің негізгі 
əскерін жіберіп, 20 жылға созылған көтеріліс аяқталады.  
ІХ  ғасырдың  бас  кезінде  араб  халифатының  бұрынғы  саяси  бірлігі  бұзыла  бастады.  Мауараннахр 
халықтарының  арабтарға  қарсы  толассыз  күресі  мұнда  жергілікті  феодал  ақсүйектердің  билікті  басып 
алуына  қолайлы  жағдай  туғызды.  ІХ  ғасырдың  20-жылдарынан  бастап  Хорасан  мен  Мауараннахрды 
жергілікті  Тахирилер  мен  Саманилердің  əулеті  биледі,  олар  Бағдатқа  салық  төлеп  тұрды,  ал  басқа 
жағынан шын мəнінде тəуелсіз болды. 
Харун ар-Рашид тұсында бармакидтердің ықпалы күшті болса, əл-Му皇тасим халифа тұсында Бағдад-
та Тахиридтердің ықпалы болды. Тахиридтер əулеті – Шығыс Иранды ІХ ғ. (821-873 жж.) билеген əулет. 
Самани əулеті – Орта Азияда үстемдік еткен (819-999 жж.) феодалдық əулет. Саманилердің арғы атасы 
Саман-Худат,  ұлты  –  тəжік.  Балх  маңындағы  (Солтүстік  ауғанстан)  Араб  үстемдігіне  қарсы  Рафи  Ибн 
Лейстің  көтерілісін  (806-810)  басуда  көрсеткен  көмегі  үшін  Саманның  балалары  мен  немерелері  819 
жылы  Мауреннахрдың  ең  маңызды  қалалары  мен  облыстарына  басқарушы  болып  тағайындалады. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
104 
Халифа əл-Ма皇мун Саманның немересі Нұхқа Самарханды, Ахмедке Ферғананы, Яхияға Шашты берді. 
Олар  алғашқы  кезде  Хорасан  (Ауғанстан)  басқарушылары  Тахир  əулетінің  вассалы  болды.  873  жылы 
Тахир əулеті құлағаннан кейін Самани əулеті толық дербестікке ұмтылды [9, 89 б.].    
Араб  халифасының  түркі  жауынгерлеріне  арқа  сүйеуі  сол  кезде  үкімет  пен  əскер  басшылығындағы 
арабтар мен парсылар арасындағы ашық та жасырын бəсеке себеп болады. Алайда, арабтардың менменді-
гі мен парсының билік құмарлығынан таза, жастай əкелініп арнайы əскери тəрбиеден өткен түркі мəмлүк-
тердің халифаттың саяси өміріндегі орындары күннен күнге күшейіп, көп ұзамай мемлекетті басқару ісіне 
араласа бастайды, 861 жылы халифа əл-Мутауаккилдің өлімінен соң халифаттағы билік олардың қолына 
біржолата  көшеді.  Абу  Шаманың  айтуы  бойынша  «халаифалар  олардың  қолында  тұтқын  секілді 
болатын».  Олар  оны  қажет  деп  тапса  таққа  қалдыратын,  қажет  деп  тапса  тақтан  түсіретін  немесе 
өлтіретін» [10, 44 б.]. 
Түрік гвардияшыларының қолынан қайтыс болған əл-Мутауаккилдің (847-861) қазасынан кейін, араб 
деректері  бойынша,  түріктер  мемлекет  пен  халифтердің  тағдырларына  араласа  бастайды.  Олар  билік 
басына  өздері  қалаған  адамдарын  отырғызып,  мұсылмандармен  ақылдаспай,  дінді  басшылыққа  алмай, 
өздеріне ұнамаған адамдарды биліктен тайдырып отырды. Түркілер туралы мынадай бір қызықты əңгіме 
бар: «Астрологтан халиф əл-Му'таз қанша жыл өмір сүреді жəне билік құрады деп сұрағанда, сол жерде 
тұрған бір адам: «Түріктер қанша қаласа, сонша жыл» деп жауап берген екен». Алайда, көп ұзамай түрік-
тердің өз арасында дүрдараздық пайда болып, оның құрбанына тек халифалар ғана емес, сонымен қатар, 
түрік əскер басылары да айналады. Шиеленістердің нəтижесінде бір кездері күшті болған Утамыш, Итах, 
Багир қатігездікпен өлтіріледі [11, 1512 б.].    
Л.Н. Гумилев «Түріктер жай ғана пайдаланатын халық болған жоқ. 861 олар халифа əл-Мутауаккилді 
өлтіреді,  соң  тоғыз  жылдың  ішінде  онын  төрт  мұрагерін  өлтіргенде  Багдад  халқы  толық  немкұрайлы 
қарады» деп жазады [12, 82 б.]. Л.Н. Гумилевтың келесі бір еңбегінде X ғасырдың басында түрік ғұламда-
ры (Фатимидтер билігі кезінде) үкіметтегі бүкіл билікті қолдарына алып, арабтардың тек қана Египетте 
емес  халифаттың  барлық  жерінде  түріктерге  орын  беріп,  олардан  əскери  адамнан  билеушіге,  ақынға, 
ғалым жəне саудагерлерге айналғандары туралы мəліметтер береді [13, 234 б.].     
Түрік  гвардиясының  халифалардың  қарамағында  тыңдағыш  қару  болулары  көпке  созылмады.  Бұл 
туралы Əл-Жахиздің (775-868) «Фатх ибн Хаканға түріктердің жəне бүкіл халифа əскерінің қадыр-қасиеті 
туралы жолдаудан» қысқа ғана үзінді келтіре кету дұрыс болар еді: «Түріктер кек алуды, өтірік айтуды, 
екіжүзділікті, өсектеуді, көлгірсуді, əлдекімді мазақтауды, жақындарына менмендік танытуды, жолдаста-
рына  қысым  көрсетуді  білмейді,  олар  дінбұзарлыққа  бой  ұрмайды,  заңды  əртүрлі  түсіну  себептерінен 
мүлікті  иемденбейді.  Олардың  кемшіліктері  жəне  қиналыстарының  себептері  –  туған  елге  деген 
сағыныш,  саяхатқа  талпыну,  барымташылыққа  əуестік  жəне  өз  салт-дəстүрлеріне  шын  берілгендік... 
Олардың қашуына, кейін шегінулеріне жəне жек көрулеріне түрткі болған жайттар бір жерде ұзақ уақыт 
болулары, өз қабілеттерін туралы бейхабарсыздық, өз бағаларынан беймəлім болу жəне оларды қолдану 
жəне  пайдалануда  қолайлы  сəттерге  мəн  бермеу.  Оларды  өз  сарбаздармен  бірдей  жағдайға  қойғанда 
(турасын айтқанда: оларды өзге сарбаздар үлгісінде жасады), олар соңғы қатарда жəне əр түрлі адамдар-
мен бірге болғылары келмеді, қарапайым əскер құрамында болу оларға ұнамады, бұның бəрін өздеріне 
лайық емес деп, өздеріне не қажет екенін көрсетті, сондай-ақ, қысымға шыдап, бейхабарсыздыққа төзбеу 
қажеттігін  түсінді,  саналы  түрде  оларды  құқықтарынан  айырмақ  болған  адамдарға  қарағанда,  олардың 
құқықтарын білмейтін адамдарды олар жек көретін. Ал мұндай жағдай орын алған жағдайда адам тағды-
рынан  хабардар,  теріс  қылықтарға  жол  бермейтін,  пенделік  құмарлықтардан  таза,  басқа  елдің  алдында 
екінші елге жақтаспайтын, қайда басқарса да істі біліммен басқаратын, қандай əрекет жасамасын əділетті-
лікті жақтайтын шыдамды билеушілерінің болғаны дұрыс – сол кезде өзінің жолы болды деп түсінгендер 
қалады, шындықты таратады, теріс қылықтардан бас тартады, өзі үшін алдына əділет жолын таңдайды, 
туған  елінен  бөлінеді,  зорлық-зомбылық  алдында  имаматты  таңдайтын,  құштарлықтарына  қарамастан, 
саналы күйінде қалады» [14, 28 б.]. 
Аббасидтер  халифаты  билігі  тұсында  тарихта  маңызды  із  қалдырған  түрік  мұсылман  əулетінен 
шыққан  бірқатар  мемлекеттерді  айтып  кетуге  болады.  Олар:  Тулун  мемлекеті  (868-905  жж.)  мен 
Ихшидидтер (935-969 жж. Египетте), мамлүктер (1250-1517 жж. Египет пен Сирияда), Газнауи мемлекеті 
(977-1186 жж. Хорасанда), Қарахан мемлекеті (922-1211 жж. Мауреннахр жəне Шығыс Түркістанда). Бұл 
мемлекеттердің билеушілері түркілер еді. 
Əл-Кинди  (IX  ғ.)  өзінің  шығармаларында  халифа  əл-Му'тасимнің  өзінің  сенімді  адамдарының  бірі 
Қайдар  деген  түркіге  Мысырдағы  араб  əскер  басыларын  орнынан  түсіріп,  сол  жерде  тəртіп  орнатуды 
жүктейді.  Қайдар  халифаның  бұйрығын  бұлжытпай  орындап,  жиналған  бес  жүздей  адамнан  тұратын 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
105 
топты шашыратып, басшыларын тұтқынға алғанын жазады. Сол кезден бастап Мысырды түркілер билей 
бастайды. 
Мұсылмандар аймағында тоғыз-оғыздарды тұтқын ретінде көрсететін дерек бар, осы тоғыз-оғыздар-
дан  тулондар  пайда  болады,  ол  Ахмет  Тулонның  əкесі,  869  жылы  қайтыс  болған,  Египетте  Тулунид 
əулетін құрған. [9, 157 б.]. Тулун Бұқара əмірі 850 жылы Бағдат халифасы Мамунға сыйға тартқан түркі 
мəмлүктерінің бірі еді. Баласы Ахмад  ибн Тулунның 868 жылы Мысырға  уəли болып тағайындалуына 
көмектеседі. Ибн Тулун түркілерді көптеп сатып алып, мемлекетті басқару ісінде соларға арқа сүйейді. 
Араб  тарихшылары  Ибн  Тулунның  əскеріндегі  түркі  мəмлүктерінің  саны  24  мың,  зəңгілер  40  мың,  ал 
бастары азат жалдамалы араб əскерлерінің саны 7 мың болған деп көрсетеді [10, 45 б.]. Тулун мемлекеті-
нің ізінше дүниеге келген, 935-969 жылдар арасында билік құрған түркі Ихшидтер əулетінде 8 мың түркі 
мəмлік  болған  екен.  Олар  сұлтанның  жеке  күзет  қызметін  атқарып,  ұйықтаған  кезде  оны  əр  түні  мың 
мəмлік күзеткен екен.  
Барлық көрсетілген себептердің субъективті сипатқа ие екенін байқау қиын емес жəне халифа əскері-
нің жартысын құрайтын бүтіндей гвардия емес, саны шектеулі оққағарлардың болғанын түсінуге болады, 
жəне оған көз жеткізу мүмкіндіктеріміз де болмақ. Ағылшын арабтанушысы Х.Гиббтің пікірі бойынша 
түрік гвардиясы Тахиридтерге қарсылық көрсету үшін құрылды десе, Х.Кеннеди Тахиридтердің анағұр-
лым ықпалы бар кезеңде аббасид мемлекеті жақсы құрылған механизм ретінде əрекет етті жəне Хорасан-
нан қазынаға түсетін пайда да ерекше көп болды дейді [2, 22 б.]. 
Көріп  отырғанымыздай,  халифалардың  қарамағында  жергілікті  тұрғындармен  ешқандай  байланысы 
жоқ,  елде  ешбір  түп-тамыры  жоқ  жат  жұрттық  жауынгерлердің  болуы  маңызды  болған  деп  есептейтін 
зерттеушілердің көзқарастары шындыққа жанасады. Мұндай жауынгерлер халифаның жеке өзімен байла-
ныста  болып,  соған  ғана  адал  болып  қала  алатын,  алайда,  бұл  жауынгерлер  елдің  заңымен  қорғалатын 
қандай  да  бір  материалдық  мүддеге  қол  жеткізе  салысымен,  басшылары  үшін  сенімді  тірек  болудан 
қалатын. Мұндай пікірлерді əл-Му皇тасимнің гвардияшыларды жергілікті тұрғындардан оқшаулау үшін 
қолданған шаралары туралы ал-Йакубидің деректерінен де кездестіруге болады. Тағы бір жағы бар, яғни, 
алға қойған əскерді оқшаулау мақсатына қол жеткізу үшін жат жұрттықтар мен құлдардың халифа тұсын-
да жоғарғы дəрежеге ие болып, өзге тұрғындардың табыстарынан ерекше жоғары жалақы алуы жергілікті 
тұрғындар арасында жек көрушілік, жақтырмаушылықтың орын алуы да себеп болды.   
Жоғарыда  айтылған  пікірлердің  дұрыстығын  мойындай  отырып,  түрік  гвардиясын  құрудың  басты 
себептері тереңде жатқанын көруге болады. Мемлекеттік табыстарды бір деңгейде ұстап тұру халифат-
тың  экономикалық  саясатының  заңға  сыйымды  тенденциялары  болып  табылады.  Бұл  мақсатқа  түрлі 
жолдармен  қол  жеткізілді,  мемлекеттік  астықпен  алыпсатарлық,  диванға  кіргендердің  санын  қысқарту, 
қатардағы шенеуніктер мен əскердің жалақысын қысқарту мақсатындағы түрлі айлалар, алайда, ең басты 
құрал  салық  режимін  қатаңдату  бойынша  түрлі  шаралар  болатын.  Жалпы  араб  халифатында  диван  – 
негізгі əкімшілік мекеме болды. Оған кеңсе, қаржы жəне əскерді басқару бөлімдері қарады. 1) Хат жібе-
руші кеңсе (Диван ар-раса皇ил), 2) Əскери кеңсе (Диван əл-жайш), 3) Қаржы мекемесі (Диван əл-мал).   
Сөзсіз салық төлеушілердің наразылығын тудырған бұл шараларды іске асыру үшін жергілікті тұрғын-
дармен ешқандай да байланысы жоқ, олардан мүлдем оқшауланған, кəсіби адамдардан құрылған күшті 
əскер  қажет  болды.  Түрік  гвардиясы  бастапқы  уақытта  бұл  талаптардың  барлығына  да  сай  келетін. 
Халифалар өз гвардияшыларының бұл қасиеттерін сақтауға тырысты, оған оларды Самаррада оқшаула-
мақ болған əрекеттері дəлел.  
Түрік гвардиясының  саны туралы тарихшы əрі географ əл-Йакубидің (ІХ ғ.)  айтуынша, əл-Ма皇мун 
билік жасаған уақытта əл-Му皇тасим Самарқандтағы Нух ибн Асадқа түрік құлдарын сатып алу үшін өз 
адамын жіберген, жыл сайын барлық саны шамамен 3 мыңға жетпейінше жылына белгілі бір мөлшерде 
келіп  тұрған.  Əл-Му皇тасим  ел  ішінде  де  құлдарды  сатып  ала  бастаған:  осылайша  оның  қол  астына 
Ашинас,  мамлүк  Ну皇айма  ибн  Хазима,  Итах,Уасиф,  Фадл  ибн  Сахладан  сатып  алынған  Сима  ад-
Димашки келді. 
Əл-Мас'удидің айтуынша, Самарраның құрылысы кезінде əл-Му皇тасимнің 4 мың түрік гвардия-
шылары болған [15, 928], анағұрлым кейінірек жазылған деректерде əл-Му皇тасимнің гвардияшыла-
рының саны 70 мыңға дейін жеткен деп жазылған. Əл-Му皇тасимнің замандасы ақын Əли ибн Жахма 
халифаны былай сипаттаған: «Қарамағында жиырма мың түркі бар, садақты жылдам ататын имам» – 
деп жазады [2, 22 б.].   
Деректердегі жазбалардың мұншалықты қарама-қайшы болуы себепті əлі күнге дейін түрік гвардиясы-
ның саны  туралы нақты дерек жоқ, сондай-ақ, бүкіл аббасид əскерінің саны  мен оларға кеткен шығын 
туралы  сұрақтарға  нақты  жауап  беру  мүмкін  емес.  Соңғы  жылдары  кейбір  шығыстанушылар  Аббасид 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
106 
халифатындағы əскер саны 50 мыңға жеткен, ал оларды ұстауға жыл сайын 14 млн. динар қажет болған 
деген  пікірді  айтып,  қолдап  жүр.  Олай  болса,  айына  əрбір  жауынгерге  23,3  динар  қажет  болған  –  осы 
сомаға  жауынгердің  керек-жарағының  құны  кірген  күннің  өзінде  өте  жоғары  жалақы,  білікті  қолөнер 
шеберінің жалақысынан 8 есе көп.   
Əскер мен гвардияның жалпы саны туралы хабарламаға қарағанда, олар қашанда нақты бола бермейді, 
нақты жасақтар мен бөліністердің саны туралы мəліметтер анағұрлым сенімдірек көрінеді. Үлкен əскер 
басы Уасиф ат-Турки 248 (862) жылы Византия жерінде небəрі 10 мың жауынгермен шайқасқа шыққан. 
Басқа тағы да бір беделді əскер басы Мұса  ибн Бугидің қол астында 2 мың жауынгер болған [12, 1595 б.]. 
Кейбір зерттеушілер көрсеткендей, жауынгерлерді қамтамасыз ету халифат қазынасының мүмкіндігі-
нен жоғары болатындай, жиырма бес мың жауынгер соншалықты көп емес. Алайда, гвардиядан өзге саны 
шамамен  20  мыңға  жететін  басқа  да  əскерлердің  болғанын  айта  кету  керек.  Рас,  бұл  сарбаздардың 
жалақысы жоғары болмаған, айына орташа 2,4 динар – аттылы сарбазға, 1,2 динар – жаяу сарбазға. Бұдан 
мұндай  əскерді  қамтамасыз  ету  үшін  жылына  400  мыңнан  аспайтын  динар  қажет  болғанын  анықтауға 
болады, себебі, жаяу сарбаздарға қарағанда аттылы жауынгерлерге аз төлегені сөзсіз [2, 22 б.]. Бұл сан 
бүкіл халифа əскерін қамтамасыз ету үшін жылына 2 млн. динар қажет деп жазған ат-Табари деректері-
мен  салыстыру  үшін  аса  қажет  [12,  1612  б.].  Енді,  гвардияшылардың  жылдық  жалақысын  анықтауға 
болады, ол шамамен 1600 динарға тең жəне бір гвардияшының орташа жалақысын анықтауға болады – 
айына  5,3  динар.  Бұл  нəтиже  зерттеушілердің  ерекше  назарына  ілінген  түрік  гвардияшылары  туралы 
жазған ат-Табаридің кейбір мəліметтеріне сəйкес келеді.  
Қорытындылай келе, бірнеше жүзге дейінгі нақтылықпен IX ғасырдың орта тұсында халифа гвардия-
сында 25 мың жауынгердің болғанын нақты айта аламыз. Гвардияшының ең төменгі жалақысы айына 4 
динар болуы мүмкін, ал ең жоғары жалақысы бұдан екі есе көп болған.   
Аса танымал əрі сенімді дереккөзге айналған тарихшы Хилал ас-Сабидің (969-1056) «Уəзірлер кітабы» 
(Китаб əл-узара皇) туындысынан күндізгі жəне айлық жалақы сомасы көрсетілген гвардия бөліністерінің 
толық тізімін таба аламыз. Онда басты тұжырымдар төмендегідей келтіріледі.  
IX ғасырдың соңы — X ғасырдың бас кезінде  Аббасидтердің түрік гвардиясы 5 бөлімшеден тұрған, 
жалпы  саны  –  20-25  мың  жауынгер.  Жаяу  гвардияшының  айлық  жалақысы  4  жəне  7  динар  арасында 
болып, орташа 5 динарды құраған. Аттылы гвардияшы одан екі есе жоғары алған. Бұл гвардияны қамта-
масыз ету үшін жылына 1,6 млн. динар қажет болған. Көріп отырғанымыздай, сандар көп өзгертілмеді. 
Гвардия  саны  мен  оларды  қамтамасыз  ету  үшін  шығатын  шығын  Х  ғасырдың  басына  дейінгі  халифат 
пайда болуы кезеңінен өзгермеген. Біздің барлық есеп бірыңғай ақша бірлігінде жүргізілді – тоғызыншы, 
оныншы ғасырларда қолданыста болған жəне теориялық салмағы 4,27 г. болған алтын динарлар [2, 22 б.]. 
Х ғасырдың бірінші жартысындағы  қаржы дағдарысы арнайы зерттеулерді қажет ететін экономикалық 
жəне  əлеуметтік  себептерден  туған  мемлекет  табысының  төмендеуі  тенденциясын  білдіретін  салдар 
болуы мүмкін.   
Қорыта  айтқанда  халифаттың  əскер  құрамы  негізі  түркі  жауынгерлерінен  пайда  болу  себебі  сол 
тынышсыз дəуірдің сұранысынан туындағандығы. VIII ғасырда араб қолбасшысы Кутайба ибн Муслим-
нің Түркістанның оңтүстігіндегі жерлерді, арабша Мауаранахрды жаулап алған заманында түркі құлдары 
мұсылман билеушілерінің сарайларының маңында пайда болғаны жəне тарихшылардың көрсетуі бойын-
ша  түркілер  «сенімділігіне,  батырлығына,  тұрқының  əдемілегіне»  үлкен  сұраныстарға  ие  болғандығын 
айта аламыз. Аббасид халифалары кезінде түркілер, өздерінің санының аздығына, құл ретінде əкелгендік-
теріне  қарамастан  мұсылман  қоғамындағы  маңызды  ұлттардың  қатарына  жататын  дəрежеге  жетеді. 
Сондықтан,  түркілерден  құралған  əскерлермен  мен  түркілерден  тұратын  əскербасылар  халифаттың 
иерархиясында өздеріне лайық берік орын алды. Халифа оларды араб империясының түрлі ықлымдарын-
дағы тəуелсіздік бағыттағы қозғалыстарды басуда да қолданды. Осыған байланысты олардың мемлекетті 
басқару  ісіндегі  рөлдері  артып,  олардан  уəзірлер,  уəлилер  жəне  тағы  басқа  да  жоғары  лауазым  иелері 
шықты. Халифат ыдырағанда одан бөлініп шыққан əмірліктердің басында негізінен түркілер тұрды жəне 
басқа да түркі емес иеліктердегі де əскерлер негізінен түркілерден тұрды. 
 
1.
 
Батырша%лы Б. Араб деректеріндегі мамлCктерді  аттары (есімдері) оларды  шығу тегіні  дəлелі ретінде 
//  азМУ хабаршысы. Тарих сериясы. – Алматы, 2000. - №3 (18). – 22-28 бб. 
2.
 
Асадов Ф.М. Арабские источники о тюрках в раннее средневековье. – Баку: Элм, 1993. – 204 с. 
3.
 
Рахманалиев Р. Империя тюрков. Великая цивилизация. – М.: Рипол, 2009. – 340 с. 
4.
 
К;меков Б.Е., Ильясова З.С. Йа/%тты  «Му清джам əл-булдан» (ХІІІ ғ.) жағрафиялы/ жинағы –  аза/стан-
ны  ортағасырлы/ тарихыны  дерегі. – Алматы:  аза/ университеті, 2011. – 245 б. 
5.
 
Фильштинский И.М. История арабов и халифата (750-1517 гг.). – М.: Восток-Запад, 2006. – 352 с. 
6.
 
Дербісалиев 6. Араб əдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1982. – 206 б. 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
107 
7.
 
Батырша%лы Б. Мысыр жəне Таяу Шығыстағы ислам // Отан. – Алматы, 2000. - №3 (5). – 44-48 бб. 
8.
 
Буниятов З.М. Азербайжан в VII-XI вв. – Баку: Изд-во АН Аз ССР, 1965. – 224 с. 
9.
 
Аманжолов К.Р. ТCркі халы/тарыны  тарихы. – Аламаты: Білім, 2002. – 291 б.  
10.
 
айрат Сəки. С%лтан Байбарыс. – Алматы: Фолиант, 2000. – 258 б. 
11.
 
Annles guos scripsit Abu Dja清iap Mohammad ibn Djarir at-Tabari cumallis ed. M.J. de Goeje, ser. I-III. - Lugduni 
Batavorum 1879-1901. 
12.
 
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М.: Наука, 1967. – 540 с. 
13.
 
Гумилев Л.Н. Тысячилетие вокруг Каспия. – М.: Наука, 1993. – 336 с. 
14.
 
 ST UVر XYZ[\]
.
_ا 
نU[bY c
de]    لوhا Xijklا لUim nا X[oر poU\lU_ فوdi[lا بZjs] t_ وd[Y 
 .
清清清清 
15.  de] dهاZ\lا ندUi[lا wهxlا جوd] ىدZi{[lا t{slا t_ |}Y
 .
清清清清清 ص 清清清   
 

1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал