Социально-экономическая история



жүктеу 5.1 Kb.

бет12/23
Дата08.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

Резюме 
В  статье  рассматриваются  проблема  изучения  экономической  деятельности  видного  государственного  и 
общественного  деятеля  Турара  Рыскулова  в  Центральной  Азии.  Турар  Рыскулов  занимая  посты  председателя 
Центральной  комиссии  по  борьбе  с  голодом,  председателя  Центрального  Исполнительного  Комитета  и  Совета 
Народных  Комиссаров  Туркестанской  Республики,  заместителя  народного  комиссара  по  делам  национальностей 
РСФСР,  заместителя  председателя  Совета  Народных  Комиссаров  РСФСР  внес  огромный  вклад  в  экономическое 
развитие Центральной Азии. 
 
Summary 
In article the problem of studying of economic activities visible state and public figure Turar Ryskulov in the Central Asia 
is  considered.  Turar  Ryskulov  holding  posts  of  the  chairman  of  the  Central  commission  on  struggle  against  hunger,  the 
chairman of the Central Executive Committee and Council of National Commissioners of Turkestani Republic, the assistant to 
the national commissioner on affairs of nationalities of RSFSR, the vice-president of Council of National Commissioners of 
RSFSR was brought by the huge contribution to economic development of the Central Asia. 
 
 
 
 
 
 
 
СҮЛЕЙМЕН ЖҮСІПБЕКОВ – КӨРНЕКТІ ҚОҒАМ ЖƏНЕ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ, 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
86 
БЕЛГІЛІ ҒАЛЫМ-ПЕДАГОГ 
 
С.Шілдебай – т.ғ.к., доцент, Магистратура жəне PhD докторантура институты, Абай ат.  аз ПУ, 
А.Жүнісбаев – ты даушы, Магистратура жəне PhD докторантура институты, Абай ат.  аз ПУ 
 
Сүлеймен Жүсіпбеков 1912 жылы 5 желтоқсанда [1] Түркістан генерал-губернаторлығының Шымкент 
уезіне қарасты болған Түлкібас болысының №5 ауылында (кейінгі Жаңаталап ауылы) қарапайым малшы-
ның отбасында дүниеге келген [2]. Сүлейменнің əкесі Жүсіпбек Зауырбекұлы ұзақ жылдары мал өсіру-
мен,  ал  анасы  Хадиша  үй  шаруашылығымен  айналысты.  1929  жылдан  бастап  Зауырбек  Жүсіпбекұлы 
Түлкібас  ауданында  ұйымдастырылған  «Азаттық»  колхозына  жұмысқа  орналасып,  онда  отыз  жылға 
жуық еңбек етеді. 
Жүсіпбек  Зауырбекұлы  арнайы  білімге  ие  болғанына  қарамастан  көзі  ашық,  көкірегі  ояу,  саналы 
азаматтардың  қатарына  кірді.  Оның  ер  жетіп,  есейген  тұста  патша  үкіметінің  Түркістан  өлкесіндегі 
отарлау  саясаты  өзінің  шарықтау  шегіне  жетті.  Жергілікті  орыс  отарлық  əкімшілігі  тарапынан  жүйелі 
түрде  жүргізілген  «бөліп  ал  да,  билей  бер»  саясаты  қазақ  халқының  ұлт  ретінде  бірігуіне  тосқауыл 
қоюмен қатар, қазақ жерінде ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-географиялық, экономикалық, шаруа-
шылық, мəдени-рухани қарым-қатынастардың күйреуіне алып келіп, тарихи-табиғи дамуына айтарлық-
тай  кедергі  келтірді.  Түркістан  генерал-губернаторлығының  құрамына  кірген  Шымкент  уезінің  қазақ 
көшпелі  болыстарының  [3]  тұрғындары  отарлық  биліктің  жергілікті  жердегі  сенімді  өкілдері  болған 
төменгі  əкімшілік  шенеуніктерінің  (уезд  бастықтары  мен  приставтары,  болыс  басшылары  мен  ауыл 
старшиналары) бассыздықтары мен өрескел заң бұзышылықтарынан зардап шекті. ХХ ғасырдың басында 
өлкеде қалыптасқан ауыр жағдайдың ішкі себептерінің астарлы мəнін жете түсініп білген Жүсіпбек өзінің 
төрт  ұлына  –  Əбдіранбекке,  Ибрайымбекке,  Бейбітбекке,  Сүлейменге  заман  талабына  сай  білім  беруге 
шешім қабылдап, сол арқылы оларға үлкен өмірге жол ашып беруге барынша ұмтылды.  
1910 жылға қарай Шымкент қаласында жергілікті түркі-мұсылман халықтарының жəне еуропалық ұлт 
өкілдерінің  балаларына  білім  беретін  30  оқу  орны  жəне  небəрі  бір  ғана  кітапхана  қызмет  етті  [4]. 
Жүсіпбек мектеп жасына келген ұлдарын Шымкенттегі А.В. Малков басшылық еткен орыс-түздік бастау-
ыш  училищесіне  оқуға  орналастырады.  Бұл  оқу  орнында  өзінің  алғаш  сауатын  ашқан  жас  Сүлеймен 
училищенің оқу бағдарламасына кірген ана тілі, арифметика, тарих, география, жаратылыстану, бейнелеу 
өнері, əн, қолөнер, гимнастика жəне орыс тілі сынды пəндер бойынша білім алды. 1921 жылы бастауыш 
мектепті  үздік  аяқтап  шыққан  Сүлеймен  құрбы-құрдастарынан  өзінің  білімге  деген  құштарлығымен, 
зеректігімен əрі ұқыптылығымен көзге түсті. 
Бұл уақытта өлкедегі білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру ісін қолға алған Халық ағарту комиссари-
аты 1919 жылы наурызда өткен Түркістан Республикасы кеңестерінің VII төтенше съезіне арнайы баянда-
ма ұсынып,  онда мектеп  жасындағы балалардың еңбек тəрбиесін коммунистік тəрбиенің өзге маңызды 
міндеттерімен байланыстыруға, политехникалық білім беруге жəне ауыл шаруашылық еңбекке баса назар 
аудару  кажеттілігі  туралы  мəселені  көтерді  [5].  Съезд  аяқталысымен  Халық  ағарту  комиссариатының 
мектеп бөлімі «Бастауыш (жеті жылдық) мектептерде қол еңбегін жəне орта мектептерде (үш жылдық) 
кəсіптерді оқытуды жүргізу туралы инструкцияны» даярлап шығарып, соның нəтижесі ретінде Түркістан 
өлкесінің көптеген ауылды мекендерінде тар маманданған бағытта білім беретін мектептің жаңа түрі  – 
яғни, шаруа жастарының мектептері ашыла бастайды. Мұндай мектеп көп ұзамай Шымкент қаласында да 
ұйымдастырылып,  Жүсіпбек  Зауырбекұлы  жастайынан  оқуға  деген  ынтасымен  ерекшеленген  ұлы 
Сүлейменді осы оқу орнына орналастырады. 
Аталған  оқу  орны  бастауыш  мектептің  негізінде  құрылып,  ондағы  оқу  мерзімі  үш  жылға  созылды. 
Мектептің  бұл  түрі  оқушыларға  жалпы  міндетті  білім  берумен  қатар  агрономия,  техника  жəне  ауыл 
шаруашылығын  ұйымдастыру  [6]  бойынша  білім  берді.  Кеңес  ауылдарының  алдыңғы  қатарлы  мəдени 
еңбекшілерін  дайындау  мақсатымен  қатар,  шаруа  жастарының  мектебі  өз  түлектеріне  екінші  дəрежелі 
мектептердің жоғарғы сыныптарында (8-9 сыныптар) немесе техникумдарда оқуын жалғастыру мүмкінді-
гін де берді.  
Шаруа  жастар  мектебінің  толық  курсын  аяқтап  шыққан  Сүлеймен  өз  оқуын  одан  ары  жалғастыру 
мақсатында  1928  жылы  Шымкент  педагогикалық  техникумына  өз  құжаттарын  тапсырады.  Қабылдау 
емтихандарынан сүрінбей өткен Сүлеймен қалада педагогика саласы бойынша арнайы орта білім беретін 
үздік оқу орындарының бірі болып табылған осы техникумның толыққанды студенті атанады [7].  
Жарты  ғасырдан  астам  уақыт  бойы  Ресей  империясының  отар  аймақтары  болған  Қазақстан  мен 
Түркістан өлкелерінде патша үкіметінің жүйелі түрде жүргізген отарлау жəне орыстандыру саясатының 
салдары  ретінде  жергілікті  ұлт  өкілдері  арасында  білім  беру  мен  ағарту  ісі  баяу  қарқынмен  дамыды. 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
87 
Патша үкіметінің орнын басқан кеңес өкіметінің бастауыш жəне орта мектептердегі оқуды тегін негізде 
əрі ана тілінде жүргізу, барлық елді мекендерде оқу орындарын ашу, олардың техникалық базасын құрып, 
жақсарту, оқушыларды оқулықтармен жəне оқу құралдарымен қамтамасыз ету арқылы халық арасындағы 
сауатсыздықты  жоюға  бағытталған  шараларының  толықтай  кешені  бірден  оң  нəтиже  бере  алмағаны 
түсінікті. ХХ ғасырдың 20-шы жылдары облыс, əсіресе аудан орталықтарында жергілікті ұлт өкілдеріне 
ана тілінде сабақ бере алатын білікті маман кадрлардың жетіспеушілігі айқын сезілді. 1924 жылы күзде 
орын алған Орта Азия республикаларының ұлттық-территориалдық межеленуінен кейін Қазақ АКСР-нің 
басшылығы мұғалімдерді даярлаумен айналысатын тұрақты əрі қысқа мерзімді курстар ұйымдастырып, 
республиканың  ірі  қалаларында  педагогикалық  техникумдарды  ашты.  1925-1932  жылдар  аралығында 
республикадағы педагогикалық техникумдардың саны 14-тен 29-ға дейін өсіп, оларда 4821 студент білім 
алды [8].  
Қалыптасқан  ауыр  жағдайда  ер  жеткен  Сүлеймен  студенттік  жылдарында-ақ  өзінің  болашағын  нақ 
осы педагогика саласымен байланыстыруға бел буып, алдына мақсат етіп қояды. Педагогикалық техни-
кумды  1930  жылы  үздік  аяқтаған  соң,  Сүлеймен  Шымкент  облысы  Жуалы  ауданының  №10  ауылында 
орналасқан мектепке мұғалім болып қызметке тұрады. Осы мектепте қызмет жолын бастаған Сүлеймен 
Жүсіпбекұлы  екі  жылдай  уақыт  бойы  қазақ  балаларына  білім  берді.  Жуалы  ауданының  халық  ағарту 
бөлімі  қысқа  мерзім  ішінде  өзінің  ұйымдастырушылық  қабілетімен  көзге  түскен  Сүлейменді  Калинин 
атындағы  колхоз  мектебінің  меңгерушісі  қызметіне  тағайындайды.  Шалғайда  орналасқан  мектепте  өз 
мамандығы бойынша біліктілігін арттырып, бай өмірлік тəжірибе жинақтаған Сүлеймен өз оқуын одан 
əрі жалғастыруға ұмтылыс танытады. Сүлеймен жоғары басшылықтан оны Алматы қаласында ұйымдас-
тырылған Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына оқуға жіберу туралы өтініш-хат жолдайды. 
Жетекшілік  тарапынан  рұқсат  алған  Сүлеймен  Жүсіпбеков  республиканың  астанасы,  болашақта  оның 
ұзақ жылдар бойы ғылыми-зерттеу нысанына айналған – Алматы қаласына жол тартады. 
1932  жылы  Сүлеймен  Жүсіпбеков  ҚазПИ-дің  қабылдау  комиссиясына  құжаттарын  өткізіп,  емтихан 
тапсырады.  Сыннан  сүрінбей  өткен  Сүлеймен  қазақ  жоғары  білімі  мен  ғылымының  қара  шаңырағы  – 
Абай атындағы ҚазПИ-дің студенті болуға қол жеткізді. Жас кезінен бастап  қазақ халқының  тарихына 
үлкен қызығушылық танытып, алдымен мектепте, артынан техникумда тарих пəнін құлшыныспен оқыған 
Сүлеймен болашақта тарихшы болуды арман тұтты. Оның бұл шешіміне сол уақытта институт қабырға-
сында  қызмет  еткен  республиканың  алдыңғы  қатарлы  əрі  білікті  мамандары  [9]  да  өз  септігін  тигізбей 
қоймады. Сондықтан да, Сүлеймен педагогикалық факультетте қызмет еткен оннан аса бөлімдердің [10] 
ішінен тарих бөлімін таңдаған болатын. 
Тарих  бөлімінде  білім  алып  жатқан  студенттерге  қазақ  арасынан  шыққан  тұңғыш  профессор 
С.Асфендиаров  басшылық  еткен  «Тарих»  кафедрасының  [11]  қызметкерлері  дəріс  оқып,  тəлім-тəрбие 
берді. Кафедраның оқытушылары тарих бөлімінің студенттерін дəрістерді тыңдауға, кітап оқуға дағды-
ландыруға, конспект жасауға, семинар сабақтарына дайындалуға, қосымша əдебиеттерді, мерзімді жəне 
күнделікті баспасөзді пайдалана білуге үйретті. Сонымен қатар, талқыланған тақырып немесе өзекті мəсе-
ле бойынша пікір айтуға, қосымша сөйлеуге, хабарламалар мен баяндамалар жасауға, ғылыми пікірталас-
тарды жүргізуге баулыды. Осы уақытта С.Жүсіпбековпен қатар, артынан танымал қоғам қайраткерлеріне 
айналған  Қазақ  КСР-нің  еңбек  сіңірген  мектеп  қызметкері  Д.Дінасылов,  профессор  Қажым  Жұмалиев, 
ғалым Мұхаметжан Қаратаев, Кеңес Одағының батыры Мəлік Ғабдуллин жəне тағы басқалар оқыды. 
Туған-туыстарынан шалғай жерде, өзі үшін мүлдем жаңа əлеуметтік-мəдени ортада өткен студенттік 
жылдар  жас  Сүлеймен  үшін  үлкен  өмір  мектебіне  болды.  Институттың  тарих  бөліміне  арналған  оқу 
бағдарламасына  сəйкес  С.Жүсіпбеков  жалпы  міндетті  пəндерді,  яғни,  марксизм-ленинизм  негіздері, 
диалектикалық жəне тарихи материализм, саяси экономия, педагогика, психология, педагогика тарихы, 
орыс  тілі,  шетел  тілдері,  əскери  дайындық,  дене  шынықтыру,  сондай-ақ  мамандығы  бойынша  арнайы 
пəндерді, дəлірек айтқанда ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, жаңа заман тарихы, КСРО халық-
тарының  тарихы,  БКП(б)  тарихы,  Шығыс  пен  Батыс  тарихы,  əдебиет  тарихы,  əлеуметтік  ілімдердің 
тарихы, қазақ халқының тарихы сынды пəндерді оқып, мол білім жинақтады.  
Студент жылдары-ақ Сүлеймен Жүсіпбеков оқумен қатар, болашақта білікті маманға қажет болатын 
маманданған тəжірибе жинақтауды шебер ұштастыра білген санаулы курстастардың қатарынан көрінді. 
Ол  институттың  2-ші  курсында  оқи  жүріп,  доцент  Васильев  жетекшілік  еткен  диалектикалық  материа-
лизм кафедрасында лаборант қызметіне орналасады. Осы қызметте ол 1934 жылдың 19 мамырына дейін 
жұмыс  жасайды  [12].  Сонымен  қатар,  1934  жылы  жазда  Сүлеймен  Жүсіпбеков  ІІ  курсты  ойдағыдай 
аяқтаған соң, өзінің туған ауданы Түлкібасқа демалысқа аттануға даярланады. Институт басшылығы сөзге 
шешен,  жігерлі  де  жауапкершілігі  мол  студентке  Оңтүстік-Қазақстан  облысында  мектепті  аяқтап,  өз 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
88 
оқуларын жоғары оқу орнында жалғастыруға ұмтылған оқушылардың арасында ҚазПИ-ді таңдауға үгіт-
насихат  жұмыстарын  жүргізу  ісін  жүктейді  [13].  Институт  басшылығы  тарапынан,  арнайы  іссапарға 
аттанған Сүлеймен Жүсіпбекұлы 1934 жылдың 7 шілдесі мен 7 тамызы аралығында туған жерінің мек-
тептерін аралап, болашақта ұстаз болуды арман тұтқан жоғарғы сынып оқушылары мен педагогикалық 
техникумдардың студенттері арасында үгіт-насихат жəне бағыт-бағдар беру жұмыстарымен айналысады. 
1935 жылы институт басшылығы оқуда үздік үлгерім мен нəтиже көрсетіп, үлгілі тəрбиесімен ерекше-
ленген қабілетті студенттерге шəкіртақы тағайындайды. Стипендианттардың қатарына тарих бөлімінің 4-
ші курсының өзге 12 студентімен қоса Сүлеймен Жүсіпбеков та кіреді. Тарих бөлімінің 4 курс студентте-
рі үшін осы кездегі шəкіртақының көлемі 139 сом көлемінде бекітілді [14]. 
1936  жылы  тарих  бөлімінің  толық  курсын  аяқтаған  Сүлеймен  Жүсіпбекұлы  бітіру  емтихандарын 
ойдағыдай тапсырып, диплом жұмысын қорғап шығады. Өкінішке орай, қазіргі уақытта зерттеушілерге 
белгілі мұрағат құжаттарының ішінен студент Сүлеймен Жүсіпбековтың диплом жұмысының тақырыбы-
на қатысты қандай да бір мəлімет табылмады. Дегенмен, Алматы қаласына келіп, тамырын жібере баста-
ған  Сүлеймен  Жүсіпбеков  осы  кезден  бастап  қала  тарихын  кешенді  түрде  зерттеу  ісін  қолға  алды  деп 
айтуға толық негіз бар сияқты. 
1936 жылы 1 шілдеде Мемлекеттік емтихан комиссиясының шешімімен Сүлеймен Жүсіпбековке орта 
оқу  орындарының  оқытушысы  біліктілігі  берілді  [15].  Қолына  диплом  алып,  маман  атанған  Сүлеймен 
Жүсіпбеков өзіне ыстық болған Абай атындағы ҚазПИ-дің аспирантурасына түсуге бірнеше рет ұмтылыс 
жасайды. Бұл уақытта аспирантураға аяқталған жоғары білімі бар, дипломы сай келетін, педагогикалық 
жəне  ғылыми-зерттеу  жұмысына  қабілетті  адамдар  алынды  [16].  Аспирантураға  қабылдауды  тиісті 
кафедра меңгерушінің ұсынысы бойынша институт директоры іске асырып, Қазақ КСР-нің Халық ағарту 
комиссарымен  бекітілді.  Аспирантураға  түсушілердің  білім  деңгейі  КСРО  Халық  Комиссарлар  Кеңесі 
жанындағы  жоғары  мектеп  ісі  бойынша  Бүкілодақтық  Комитеттің  бекіткен  тəртібіне  сай  тексерілді. 
Алайда,  Сүлеймен  Жүсіпбековтың  барлық  ұмтылыстары  табыссыз  аяқталып,  ол  өзіне  жанашырлық 
танытқан институт оқытушыларының кеңес беруімен Қазақстан Коммунистік партиясының жанындағы 
тарих институтына ғылыми қызметкер болып орналасып, еңбек жолын бастайды. 1922 жылы қарашада 
РКП(б)  Қырғыз  (Қазақ)  облыстық  комитетінің  жанынан  бөлім  негізінде  əрі  РКП(б)  қарамағындағы 
Маркс-Энгельс институтының филиалы ретінде ашылған партия тарихының институтына «Қазақстанда-
ғы революциялық қозғалыс пен партия тарихына қатысы бар құжаттар мен естеліктерді, Қазан револю-
циясы бойынша осы уақытқа дейін жарық көрген барлық материалды жинастыру» [17] міндеті жүктеліп, 
ол осы бағытта он жылдан астам жемісті еңбек етті. 1934 жылы сəуірде БКП(б) Қазақ Өлкелік комитеті 
партияның  тарих  институтын  жəне  Қазақ  марксизм-ленинизм  ғылыми-зерттеу  институтын  біріктіру, 
олардың  орнында  Қазақ  Өлкелік  комитетінің  жанынан  бөлім  құқығында  Қазақ  Маркс-Энгельс-Ленин 
институтын ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды [18]. Алайда, 1940 жылға дейін бұл институт өзінің 
бұрынғы  атын  сақтап  келді.  Институт  марксизм-ленинизм  классиктерінің  шығармаларын,  олардың 
өмірбаяндарын қазақ тіліне аудару, маңызды партия құжаттарын жарыққа шығару, республикалық партия 
ұйымының  тарихын,  Қазақстандағы  революциялық  қозғалысты,  азамат  соғысын  жəне  шетел  интервен-
циясын,  республиканың  зауыт-фабрикалардың  тарихын  зерттеу,  ғылыми  кадрларды  даярлау  жəне 
олардың біліктілігін арттыру сынды міндеттерді жүзеге асырумен айналысты [19]. 
Тарих  институтында  С.Жүсіпбеков  өзінің  алғашғы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен  айналысып,  мол 
тəжірибе  мен  білім  жинады.  Жетісу  өңіріндегі  кеңес  билігінің  орнауы  мəселесімен  шұғылдануға  бел 
буған  С.Жүсіпбеков  республиканың  ғылыми  мекемелері  мен  мұрағат  қорларында  ізденіс  жұмыстарын 
жүргізеді. Сүлеймен Жүсіпбековтың болашақтағы іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізі нақ осы 
кезеңде қаланды.  
Институтта қызмет еткен жылдары С.Жүсіпбеков өзінің ғылыми ізденістерінің нəтижелерін баспасөз-
де  жəне  арнайы  ғылыми  басылымдарда  жариялай  бастайды.  Бұл  уақытта  оның  «Город  Верный»  [20], 
«Двадцать  лет  назад  (К  25-летию  Советской  власти  в  Алма-Ате)»  [21],  «Из  прошлого  Алматы»  [22], 
«Революционные традиции» [23], «Восстание казахов под руководством Исатая и Махамбета» [24], «Из 
прошлого Казахстана» [25], «Советтік Қазақстанның құрылуы тарихынан» [26], «Қазақтың Автономиялы 
Советтік социалистік республикасының құрылуы» [27] атты көлемді мақалалары жарық көрді. Сүлеймен 
Жүсіпбековтың қаламынан шыққан ғылыми мақалалардың басым көпшілігі Алматы қаласының тарихы-
на арналып, оларда Верный қаласының құрылуы мен дамуы, отарлық дəуірдегі Верный қаласының қо-
ғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени-рухани жағдайы, ХХ ғасырдың басындағы Верный 
қаласы  мен  Жетісу  облысындағы  революциялық  қозғалыс  тарихы,  Жетісу  облысында  кеңес  өкіметінің 
орнау тарихы отандық тарихнамада алғаш рет кешенді əрі жан-жақты түрде зерттелінді. Ғалым Сүлеймен 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
89 
Жүсіпбековтың  ғылыми  қызығушылығы  аясына  жоғарыда  аталған  мəселелермен  қатар  Қазақстан-      
дағы  баспа  ісінің  тарихы  да  кірді.  Көптеген  ізденістерден  соң  ол  тарихшы  Д.Кацпен  бірлесе  отырып 
«Большевик  Казахстана»  журналында  «Печать  Советского  Казахстана»  [28]  атты  көлемді  ғылыми 
мақаланы жариялайды. Бұл мақалада, Қазақстанда кеңес өкіметі орныққаннан кейінгі баспа ісінің тарихы 
тың құжаттар мен мол дерек көздерінің негізінде қарастырылып, жазылды. Сонымен қатар, 1939 жылы 
Сүлеймен  Жүсіпбековтың  тарихшы-ғалым  О.Кузнецовамен  бірлесе  отырып  жазған  тұңғыш  кітабы  – 
«Алма-Ата  –  столица  Казахской  Советской  Социалистической  республики»  [29]  жарық  көріп,  көпшілік 
қауымның назарына ұсынылды. Бұл кітап сол жылы бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізілгеннен 
кейін қайта жарыққа шықты [30]. 
ҚазПИ-ді аяқтағанына бірер жыл өткеніне қарамастан, өзін даярлығы жоғары деңгейдегі білікті маман 
ретінде көрсете білген Сүлеймен Жүсіпбеков 1940 жылы Я.Бажкиннің жалпы редакциясымен жарық көр-
ген «20 лет Казахской ССР» атты мерейтойлы кітаптың ІХ тарауын – «Культура Советского Казахстана» 
[31] атты бөлімін жеке-дара жазып шықты. Бұл бөлімде С.Жүсіпбеков 20 жылдың ішінде Қазақ республи-
касындағы  халық  ағартудың  (оқу-ағарту  ісі,  мектепке  дейінгі  жəне  мектеп  жасындағы  балаларға  білім 
беру,  ересектерге  арналған  кешкі  жəне  жексенбілік  мектептер,  жоғарғы  білім),  баспа  ісінің,  көркем 
əдебиет пен өнердің, ғылымның қалыптасып дамуына жан-жақты тоқталып өтіп, ғылыми түрде баяндап 
берді. Сүлеймен Жүсіпбековтың бұл академиялық сипатта жарық көрген ғылыми еңбегін ғалым-зерттеу-
шілер жоғары бағалады. 
Қауырт  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен  бірге  Сүлеймен  Жүсіпбеков  педагогикалық  қызметті  де 
ұштастырып,  қатар  алып  жүрді.  1936-1940  жылдары  ол  Алматы  қаласындағы  Жоғарғы  коммунистік 
ауылшаруашылық  мектебінде  аға  оқытушы  болып  қызмет  етіп,  жастарға  КСРО  тарихы  пəнінен  дəріс 
оқыды [32]. 1932 жылы Алматы, Орал, Семей, Шымкент, Ақтөбе қалаларында қызмет еткен комвуздар-
дың (коммунистік жоғары оқу орындары) негізінде қайта ұйымдастырылған [33] мектептің бұл түрі ауыл 
шаруашылығында өндірісті ұйымдастырушы орта біліктілігі бар кадрларды даярлады. 
Партия жанындағы ғылыми-зерттеу институтында 4 жылға жуық қажырлы еңбек етіп, өзін қабілетті 
маман ретінде таныта алған Сүлеймен Жүсіпбековты институт жетекшілігі Мəскеу қаласында орналасқан 
Кеңес  Одағы  Коммунистік  партиясының  жанындағы  Жоғарғы  партия  мектебіне  оқуға  жіберу  туралы 
шешім қабылдайды. Бұл кезде Жоғарғы партия мектебіне жоғары білімі бар, 40 жасқа толмаған, партия-
лық  өтілі  5  жылдан  кем  емес  партия  мүшелері  қабылданды.  Тыңдаушыларды  қабылдау  ісін  одақтас 
республикалардың,  партияның  өлкелік  жəне  облыстық  комитеттерінің  ұсынысы  бойынша  БКП(б) 
Орталық  Комитеті  жүзеге  асырды.  Институт  жетекшілігі  қабілетті  жас  маман  Сүлеймен  Жүсіпбековке 
тиісті мінездеме бере отырып, жоғарғы басшылықтан оны Жоғарғы партия мектебіне оқуға қабылдауға 
қолғабыс  көрсетуді  өтінеді.  Соның  нəтижесінде,  1940  жылы  қазанда  Сүлеймен  Жүсіпбеков  партиялық 
жəне  кеңестік  мемлекеттік  органдарда  қызмет  ететін  кадрларды  даярлаумен  айналысатын  Жоғарғы 
партия мектебінің тыңдаушысы атануға қол жеткізді [34].  
1939 жылы Я.М. Свердлов атындағы үгітшілердің жоғарғы мектебінің негізінде құрылған бұл мектеп-
те  БКП(б)  тарихы,  маркстік-лениндік  философия,  ғылыми  коммунизм,  саяси  экономия,  партиялық 
құрылыс, қазіргі халықаралық коммунистік, жұмысшы жəне ұлт-азаттық қозғалыс, кеңес  экономикасы, 
ауылшаруашылық  экономикасы,  мемлекеттік  құқық  пен  кеңес  құрылысы,  журналистика  мен  əдебиет, 
орыс тілі, шетел тілдері кафедралары жұмыс істеді. Аталған кафедралар оқу-əдістемелік жұмыспен қатар 
іргелі зерттеу еңбектерін, монографияларды, оқулықтар мен оқу құралдарын, түрлі оқу бағдарламаларын 
даярлаумен де белсенді айналысты. Жоғарғы партиялық мектептің барлық кафедраларында 120-ға жуық 
оқытушы қызмет атқарды. 
Жоғары  білімге  ие  тыңдаушылар  үшін  мектепте  оқу  мерзімі  2  жылды  құрады.  Алайда,  1941  жылы 
маусым айында басталған Ұлы Отан соғысы Сүлеймен Жүсіпбековті жəне онымен қатар оқыған тыңдау-
шыларды өз оқуларын уақытша тоқтатуға мəжбүр етті. Бұл зұламат соғыс азамат тарихында орын алған 
соғыстардың ішінде өзінің ауқымдылығы, оған тартылған елдердің саны, қатыгездігі, адам өлімі бойынша 
алғанда теңдессіз болып, Кеңес Одағының барлық материалдық жəне рухани күштерін қатаң тексерістен 
өткізді.  КСРО  құрамына  кірген  барлық  халықтар  өзінің  ортақ  Отанын  неміс  басқыншыларынан  қорғау 
ісіне жаппай жұмылдырылды. 
1941  жылы  қыркүйек  айына  таман  Кеңес  Одағының  территориясына  қарай  ілгері  жылжып  отырған 
неміс əскері Мəскеу қаласына жақындап, одақтас республикалардың астанасын басып алуды мақсат етіп 
қойған «Тайфун» əскери операциясын іске асыруға даярлықты бастап кетеді. 30 қыркүйекте алдымен 2-
ші  танк  тобының,  артынан  2  қазанда  Мəскеу  бағытындағы  «Орталық»  армия  тобының  негізгі  əскери 
күштері шабуылға көшеді.   
1941  жылдың  15  қаңтарында  КСРО-ның  Мемлекеттік  қорғаныс  комитеті  Мəскеуді  эвакуациялау 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
90 
туралы шешім қабылдап, келесі күні қалада орналасқан Бас штабтың басқармаларын, əскери академия-
ларды, халық комиссариаттарын жəне өзге де мемлекеттік мекемелерді Куйбышев, Саратов жəне басқа да 
қалаларға көшіру басталады [35]. С.Жүсіпбеков білім алып жатқан Жоғарғы партия мектебі бүкіл жетек-
шілік жəне оқытушылық құрамымен Уфаға эвакуацияланды. Жоғары оқу орындарының санатына кірген 
Жоғарғы  партия  мектебінің  тыңдаушылары  мен  оқытушылары  əскери  мобилизациядан  босатылғанына 
қарамастан, С.Жүсіпбеков Мəскеу қорғанысына қатысуға ерік білдірген мыңдаған жастардың қатарына 
қосылды.  Мəскеуде  орналасқан  ЖОО-ның  оқытушылары,  аспиранттары  мен  студенттері  əскери  оқу 
орындарына  қысқа  мерзімді  даярлыққа  жіберіліп,  артынан  соғыс  майдандарына  аттандырылды.  Олар 
қолдарына  қару  алып,  неміс  əскерімен  шайқасқа  түсумен  қатар  қорғаныс  шептерін  тұрғызуға,  ауыл 
шаруашылық  жұмыстарына,  құрылыста  жедел  тапсырмаларды  орындауға,  əскери  техника  үшін  қажет 
болған жанармайды тасымалдауға, əскери өнеркəсіпке жұмыс күші ретінде жан-жақты тартылды. 
1941  жылдың  30  қыркүйегі  мен  5  желтоқсаны  аралығында  жүзеге  асырылған  Мəскеу  стратегиялық 
қорғаныс  операциясында  кеңес  жағы  658  279  жауынгерден  айырылды  [36].  Мəскеу  қорғанысына 
қатысып,  Отанын  қорғауға  ат  салысқан  С.Жүсіпбековты  партия  жетекшілігі  1941  жылы  желтоқсан 
айында Қазақстанға қайта шақыртып алады да оны Гурьев (қазіргі Ақтау қаласы) қалалық партия комите-
тінің қарауына аттандырады. Осы жерде Сүлеймен Жүсіпбеков екі жылдай уақыт бойы Гурьев қалалық 
партия  комитетінің  алдымен  инструкторы  ретінде,  артынан  үгіт-насихат  бөлімінің  меңгерушісі  жəне 
Қазақстан мұнай комбинатына қарасты болған «Байшонас» кəсіпшілігінде парторг (партиялық ұйымдас-
тырушы) болып қызмет етеді [37]. 
Мəскеу қорғанысы кезінде алапат соғысты көзімен көрген  С.Жүсіпбеков республика жұртшылығын 
майданда  неміс  басқыншыларына  қарсы  соғысып  жатқан  қазақ  батырларының  ерлігімен  таныстырып, 
үгіттеу əрі рухын көтеру мақсатында «Социалистік құрылыс» газетіне «Қазақ халқы Ұлы Отан соғысы-
ның  белсенді  қатынасушысы»  [38]  атты  көлемді  мақала  жариялайды.  Сүлеймен  Жүсіпбеков  аталған 
мақаласының орысша нұсқасын Гурьевте шығып тұрған жергілікті «Прикаспийская коммуна» газетінде 
де жарыққа шығарады [39]. Бұл мақалада С.Жүсіпбеков батыр қазақ халқының өткеніне қысқаша шолу 
жасап,  соғыс  майданында  жаумен  арпалысқа  түскен  Ораз  Бұзақаров,  Қартбай  Бекжанов,  Леуқабылов, 
Тілеубаев,  Ахметов,  Қоңырбаев,  Ш.Ешімбетов,  Кəрім  Мыңбаев  сынды  ержүрек  қазақ  жауынгерлерінің 
ерліктерін  жеке  атап  өтеді.  Мақала  авторы  кеңес  халқы  жеңіс  үшін  қолынан  келгенінше  аянбай  еңбек 
ететіне сенім білдірді.  
Қалалық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі ретінде С.Жүсіпбеков қалада орналас-
қан  мəдени-ағарту  орындарының  жұмысын  тексеріс  жасап,  көптеген  кемшіліктердің  бетін  ашады. 
Мысалы, 1942 жылы қаңтарда жарық көрген «Соғыс күндеріндегі театрдың міндеті» [40] атты мақалада 
Сүлеймен Жүсіпбеков облыстық драма театрдың бастығы Хаймулдиннің жəне оның қол астындағы театр 
ұжымының  өз  жұмысында  жіберген  талай  келеңсіз  істерін  анықтап,  оларды  жария  түрде  əшкерелейді. 
Сонымен қатар, Сүлеймен Жүсіпбеков соғыс күндері халықтың рухын көтеріп, мəдени деңгейін арттыру-
мен,  өнерге  баулып  сүйсіндірумен  айналысуға  міндетті  болған  театрдың  қызметкерлері  қойылымдарға 
тиісті дəрежеде дайындалмай, өз істеріне жауапкерлікпен қарамағанын қатаң сынның астына алды.  
1942  жылы  Сүлеймен  Жүсіпбековке  майдандағы  жауынгерлерге  Гурьев  облысының  жұмысшылары 
мен тұрғындары жинастырған сыйлықтарды жеткізу ісі тапсырылады. Бұл сыйлықтар 3 вагонға тиеліп, 
темір жол арқылы қызу ұрыстар жүріп тұрған майданға аттандырылды. Майданға жүкті жеткізіп, жауын-
герлер арасында сыйлықтарды таратқан іссапардан оралған соң, Сүлеймен Жүсіпбеков оның қорытынды-
сын «10 дней у бойцев, командиров, политработников в энской части» [41] атты мақалада жариялап, май-
дандағы  қазақ  жауынгерлері  Қаспақбаевтың,  Жігерхановтың,  Талабаевтың,  Жабасовтың,  Шаншыбаев-
тың, Құлмағамбетовтың танытқан ерліктерін əдеби жанр түрінде баяндап береді. 
1943  жылы  Қызыл  əскердің  жазғы-күзгі  компанияларында  шешуші  сипатқа  ие  болған  Курск  жəне 
Днепр  үшін  шайқастарда  айтулы  жеңіске  жетуі  Ұлы  Отан  соғысының  болашақ  барысына  түбегейлі 
өзгеріс алып келді. Ресейдің қызу майданнан алыстап бара жатқан ішкі аудандарында бейбіт өмір біртін-
деп орныға бастап, кеңес  халқы қираған халық шаруашылығын қалпына келтіруге жаппай кірісті.  Осы 
уақытта  Мəскеу  қорғанысы  кезінде  өз  жұмысын  уақытша  тоқтатуға  мəжбүр  болған  КОКП  жанындағы 
Жоғары партия мектебі соғыстың кесірінен оқуын аяқтай алмаған тыңдаушыларға шақыртулар жолдай-
ды.  Мұндай  шақыртуға  ие  болған  Сүлеймен  Жүсіпбеков  республиканың  партия  жетекшілігінен  оны 
оқуын  жалғастыру  үшін  Мəскеу  қаласына  жіберуге  рұқсат  беруді  өтінеді.  Сүлеймен  Жүсіпбековтың 
Гурьев облысында атқарған қызметіне ризашылық танытқан партия жетекшілігі оның бұл өтінішін қабыл 
алады. Сонымен қатар, осы жылы Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңес Төралқасы Сүлеймен Жүсіпбековты көп 
жылдық белсенді еңбегі үшін арнайы грамотамен мараппатайды [42]. 
БКП(б) Орталық Комитеті жанындағы Жоғарғы партия мектебіндегі өз оқуын Сүлеймен Жүсіпбеков 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
91 
1943  жылдың  1  шілдесінен  қайта  бастап,  1944  жылдың  15  тамызына  дейін  жалғастырады.  Сол  жылы 
мектепте  БКП(б)  тарихы,  диалектикалық  жəне  тарихи  материализм,  саяси  экономия,  КСРО  тарихы, 
жалпы тарих (көне жəне орта ғасырлар, жаңа тарих, қазіргі заман тарихы), халықаралық қатынастардың 
тарихы жəне КСРО-ның сыртқы саясаты, ағылшын тілі сынды пəндерден бітіру емтихандарын тапсырып, 
арнайы куəлікке қол жеткізеді [43]. 
Мəскеуден  оралғаннан  кейін  С.Жүсіпбеков  Қазақ  КСР-нің  Сыртқы  істер  министрлігінің  партиялық 
ұйымдарының хатшысы қызметіне орналасады. 1945 жылы 28 ақпанда Алматы қалалық партия комитеті 
пленумының  мəжілісінде  Сүлеймен  Жүсіпбековты  қалалық  комитеттің  екінші  хатшысы  етіп  сайлау 
мəселесі қаралады [44]. Аталған мəжілістің төрағасы, Қазақстан Коммунистік партиясының сол уақытта-
ғы екінші хатшысы Ж.Шаяхметов қатысушыларды  С.Жүсіпбековтың қысқаша өмірбаянымен  танысты-
рып  өтеді.  Мəжілісте  Сүлеймен  Жүсіпбековтың  кандидатурасына  қатысты  жағымды  пікірлер  айтылған 
соң, ол қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болып бір ауыздан сайланады. 
1945  жылы  8  мамырда  1418  күнге  созылған  Ұлы  Отан  соғысы  Германия  қарулы  күштерінің  толық 
капитуляциясымен аяқталып, көптен бері күткен жеңіс туралы қуанышты хабар одақтас республикаларға 
тез  арада  тарайды.  Мəскеу  қорғанысына  қатынасқаны  үшін  С.Жүсіпбеков  «Отан  соғысы»  ІІ  дəрежелі 
орденімен, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» жəне «1941-1945 жылдардағы Ұлы 
Отан  соғысында  Германияны  жеңгені  үшін»  медальдарімен  марапатталады  [45].  Өкінішке  орай,  Кеңес 
Одағы халықтарына сан жетпес қайғы-қасірет алып келген алапат соғыс Жүсіпбековтар əулетін де шет 
айналып  өтпеді;  соғыстан  аман-есен  болып  тек  Сүлеймен  жəне  оның  інісі  Ибрайымбек  оралды, 
Сүлейменнің  туған  ағасы  Əбдіранбек  шайқастардың  бірінде  ауыр  жараланып,  мүгедек  болып  Отанына 
қайтып оралды, ал Бейбітбек Жүсіпбеков өмірін сұрапыл соғыс мезгілінен бұрын аяусыз қиып кеткен еді. 
Соғыстан  кейінгі  жылдары  Алматы  қалалық  партия  комитетінде  жəне  Қазақ  КСР-нің  Сыртқы  істер 
министрлігінде қауырт жұмыстармен айналысқан С.Жүсіпбеков республиканың алдыңғы қатарлы газет-
журнал  беттерінде  əр  түрлі  өзекті  мəселелерге  арналған  мақалаларды  жариялау  ісіне  қайтадан  назар 
аудара бастады. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң қазақ халқының бейбіт еңбекке қарай көшуі бүкіл Кеңес 
Одағының идеологиялық жəне рухани өмірінде түбегейлі өзгерістерге аяқ басу кезеңімен тұспа-тұс келді. 
Орталықта жəне одақтас  республикаларда жоғарғы партия басшылығы қатаң жоспарға бағындырылған 
саяси  мəнге  ие  мəдени-тəрбиелік  қызметті  жан-жақты  əрі  кешенді  түрде  қеңейту  ісін  қолға  алды.  Бұл 
жағдай  республикада  саяси  үйірмелері  мен  мектептері,  даярлық  курстары,  марксизм-ленинизм  кешкі 
университеттері  жүйесінің  нығаюына  ғана  емес,  сонымен  қатар  партиялық  үгіт-насихат  жұмысының, 
саяси ағартудың, оқытудың жаңа түрлері мен əдістерінің айтарлықтай жетілуіне алып келді. Осы себеп-
тен Сүлеймен Жүсіпбековтың жарық көрген мақалаларының басым көпшілігінде халық арасында тəрбие 
мен  үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізу,  мектептердегі  білімді,  жас  өспірімдер  мен  ерексектер  арасында 
сауаттылық деңгейін көтеру, қаладағы мемлекеттік кəсіпорындар мен мекемелердің арасындағы бəсеке-
лестікті  дұрыс  жолға  қою,  партия  мүшелері  мен  кандидаттары  арасындағы  идеялық-саяси  даярлығын 
арттыру ісі сынды өзекті мəселелерге арнап жазды. 
Өзінің  негізгі  қызметімен  бірге  Сүлеймен  Жүсіпбеков  ғылыми-зерттеу  жұмыспен  айналысуды  бір 
сəтке де тоқтатқан емес. Соның дəлелі ретінде 1949 жылы Сүлеймен Жүсіпбековтың жалпы редакциялау-
ымен «Алма-Ата в период октября и в годы гражданской войны (1917-1920 гг.): Летопись событий» [46] 
атты көлемді ғылыми еңбегі жарық көрді. Жылнамада 1917-1920 жылдар аралығындағы Алматы тұрғын-
дарының большевиктік партияның жетекшілігімен кеңес өкіметінің орнығуы мен нығаюы жолында жүр-
гізген күресі қатаң хронологиялық тəртіпті сақтай отырып берілді. Н.Копылов, И.Мознаим, Н.Тимофеев, 
И.Чумак, Ш.Шафиро сынды білімді əрі танымал мамандармен баспаға даярланған бұл ғылыми еңбекте 
тың  мұрағат  құжаттарының  жəне  бай  фактологиялық  материалдың  негізінде  революциядан  кейінгі 
жылдары тек Жетісу облысында ғана емес, сонымен қатар Қазақстан мен Орта Азияда орын алған маңыз-
ды саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени оқиғаларға қатысты құнды мəліметтер келтірілді. 
1947 жылы наурызда Алматы қаласында өткен ІІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің пленумын-
да Сүлеймен Жүсіпбеков Қазақ КСР-нің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасы 
туралы көлемді баяндама жасайды [47]. 1937 жылы наурызда өткен республика кеңестерінің Х төтенше 
съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституцияның мəтініне соңғы 10 жылда саяси, əкімшілік, əлеуметтік 
жəне экономикалық салаларда орын алған өзгерістерге байланысты тиісті толықтырулар енгізу мақсатын-
да  Қазақ  КСР-нің  Жоғарғы  Кеңесі  арнайы  редакциялық  комиссия  құрып,  оның  төрағалығына 
С.Жүсіпбеков тағайындалды. Оның жетекшілігімен қызмет еткен бұл комиссия өз жұмысының қорытын-
дысында Жоғарғы Кеңес  депутаттарының қарауына арнайы жоба ұсынып, өзіне жүктелген міндеттерді 
абыроймен атқарып шықты. 
1951  жылы  тамызда  Алматы  облыстық  партия  комитеті  іскер,  білім  саласында  тəжірибесі  мол 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
92 
Сүлеймен Жүсіпбековты Алматы қаласында ұйымдастырылған облыстық мұғалімдерді жетілдіру инсти-
тутының  директоры  етіп  тағайындайды.  Бұл  қызметте  С.Жүсіпбеков  орта  мектептерде  қызмет  ететін 
педагогикалық кадрлардың біліктілігін үздіксіз жетілдіру, халық ағарту ісінде еңбек ететін қызметкерлер 
мен мұғалімдердің барлық санаттарын оқумен қамтамасыз ету, біліктілікті жетілдірудің формалары мен 
əдістерін  жақсарту,  педагогикалық  жəне  басқа  да  жоғары  оқу  орындарымен  байланыстарды  орнатып 
нығайту, педагогикалық кадрлардың өз бетімен білім алуына жағдай жасау, оларды қажетті оқу-əдістеме-
лік құралдармен қамтамасыз ету, мектептердегі білім беру процесін жəне оның сапасын қатаң бақылауға 
алу  сынды  маңызды  мəселелерді  жүзеге  асырумен  айналысады.  Мұғалімдердің  даярлығына  баса  назар 
аудару ең алдымен, 1949-1950 оқу жылында бүкіл Қазақстанда барлық мектептердің 7-жылдық, ал облыс-
тық жəне ірі өнеркəсіп орталықтарында 10-жылдық оқу жүйесіне жаппай көшуге байланысты еді. 1950 
жылы  Қазақстанда  9088  жалпы  білім  беретін  мектептер  жұмыс  жасап,  оларда  1  438  266  оқушы  тəлім-
тəрбие алды [48]. 
С.Жүсіпбеков қысқа уақыт ішінде өзі басшылық еткен институттың жұмысын дұрыс жолға қоя біліп, 
оны республикада орта білім беретін оқу орындарында қызмет ететін мұғалімдердің біліктілігін жетілді-
ретін  үздік  мекемеге  айналдырады.  Сонымен  қатар,  1951  жылы  қыркүйек  айында  С.Жүсіпбеков  Абай 
атындағы Қазақ педагогикалық институтының КОКП тарихы кафедрасына аға оқутышы болып қызметке 
орналасады  [49].  Осылайша,  Сүлеймен  Жүсіпбековтың  көптен  бергі  арманы,  дəлірек  айтқанда  өзіне 
ыстық болған туған білім ордасы ҚазПИ-де оқытушылық қызметпен айналысу орындалып, осы жерде ол 
студенттерге КСРО тарихы бойынша дəріс оқиды. Өкінішке орай, Сүлеймен Жүсіпбеков педагогикалық 
институтта небəрі екі жыл ғана жұмыс істеп, 1954 жылы шілдеде Қазақ ауыл шаруашылық институтының 
«Марксизм-ленинизм  негіздері»  кафедрасына  аға  оқытушы  қызметіне  ауысуға  мəжбүр  болады  [50]. 
Мұндай  өзгеріске  оның  қауырт  əкімшілік-ұйымдастырушылық  жəне  педагогикалық  қызметпен  қатар 
белсенді ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы жəне кандидаттық диссертациясын даярлау қажеттігі өз 
септігін тигізбей қоймады.  
Бұл уақытта 20 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан Қазақ ауыл шаруашылық институ-
ты  республикада  ғана  емес,  сонымен  қатар  бүкіл  Кеңес  Одағында  осы  сала  бойынша  жоғары  білімді 
маман даярлайтын үздік оқу орындарының қатарына кірді. 1950 жылдан бастап институтта 6 факультет 
қызмет етіп, студенттер бес жыл бойы білім алды. Аталған институтқа қызметке орналасу С.Жүсіпбеков 
үшін бірқатар қиыншылықтарды тудырды. Өйткені, институтта 1954-1955 оқу жылында қабылданған жа-
ңа штаттық кестеге сəйкес жоғары оқу орындарында 10 жылдан астам педагогикалық стажға ие Сүлеймен 
Жүсіпбеков  Ф.Чернов  басшылық  еткен  «Марксизм-ленинизм  негіздері»  кафедрасының  аға  оқытушысы 
ретінде доцент есебімен жалақы алуға жəне студенттерге дəрістердің толық курсын оқып шығуы тиіс еді. 
Сүлеймен  Жүсіпбековке  Қазақстан  Коммунистік  партиясы  Орталық  Комитетінің  білім  жəне  мəдениет 
бөлімі  берген  мінездемесіне  қарамастан,  оған  өзінің  педагогикалық  өтілін  дəлелдеп  шығуға  тура  келді. 
С.Жүсіпбеков осыған дейін өзі қызмет еткен мекемелерден арнайы анықтамаларды жинақтап [51], Қазақ 
ауыл  шаруашылық  институтының  жанындағы  жоғары  оқу  орындарындағы  еңбек  өтілін  анықтайтын 
комиссияға тапсырады. Комиссия С.Жүсіпбековтың тапсырған құжаттарымен, сондай-ақ бұрын онымен 
қызметтес болған адамдардың куəгерлік мəліметтерімен мұқият танысып, КСРО Жоғары білім министр-
лігі жанындағы ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарының Бас басқармасынан С.Жүсіпбековке оның 
педагогикалық өтілі 10 жылға тең екендігін дəлелдейтін куəлікті беруді сұрау туралы шешім қабылдайды 
[52].  Осылайша,  С.Жүсіпбеков  ауыл  шаруашылық  институтына  аға  оқытушылық  қызметке  толықтай 
қабылданған  болатын.  Бұл  жағдай,  С.Жүсіпбековке  тек  өзі  маманданған  педагогикалық  сала  бойынша 
қызмет  етуге  ғана  мүмкіндік  беріп  қана  қоймай,  оған  кандидаттық  диссертациясын  М.В.  Ломоносов 
атындағы Мəскеу Мемлекеттік университетінің жанындағы қоғамдық пəндер оқытушыларының біліктілі-
гін көтеру институтының Ғылыми кеңесінде қорғап шығуға жол ашты.  
Қазақстан  Коммунистік  партиясының  жанындағы  тарих  институтында  ғылыми  қызметкер  ретінде 
жұмыс істеген жылдары Сүлеймен Жүсіпбеков Жетісу облысында кеңес өкіметінің орнауы мен нығаюы 
тарихын зерттеу ісін қолға алып, ұзақ уақыт бойы Алматы, Ташкент жəне Мəскеу қалаларында орналас-
қан мұрағаттардың қорларында белсенді ғылыми-зерттеу жəне ізденіс жұмыстарын жүргізді. Өз зерттеу 
жұмысының қорытындыларын С.Жүсіпбеков баспасөз беттерінде, арнайы ғылыми журналдарда жария-
лап, республика жəне бүкіл одақ ауқымында өткен түрлі конференциялар мен жиындарда көлемді баянда-
малар  жасап  отырды.  Сүлеймен  Жүсіпбеков  «Жетісудағы  кеңес  өкіметі  үшін  Коммунистік  партияның 
күресі  (1917-1918  жж.)»  тақырыбына  арналған  кандидаттық  диссертациясының  негізгі  нəтижелері  мен 
ғылыми ойларын Алматы қаласында қызмет еткен республиканың алдыңғы қатарлы тарихшы-маманда-
рының, сондай-ақ Мəскеуде оқыған жылдары Орталықта жұмыс жасаған жетекші ғалымдардың назарына 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
93 
ұсына отырып, талқыға салу арқылы құнды кеңестер мен сыни пікірлер алды.  
1955  жылы  қаңтар  айында  С.Жүсіпбеков  Қазақ  ауыл  шаруашылық  институтының  басшылығын  оны 
жақын уақытта болатын қорғауға байланысты даярланған диссертация бойынша ғылыми кеңес алу үшін 
Мəскеу  қаласына  бір  ай  мерзімге  іссапарға  жіберуді  өтінеді.  Сонымен  қатар,  институттың  «Марксизм-
ленинизм  негіздері»  кафедрасының  оқытушысы  ретінде  осы  жылы  С.  Жүсіпбеков  марксизм-ленинизм 
пəнінен дəріс оқитын оқытушылардың біліктілігін көтеруге арналған арнайы курстардан өтуі тиіс еді. Сол 
себептен институттың сол уақыттағы директоры А.Ж. Жұматов тəжірибелі маманның өтінішіне өз рұқса-
тын береді [53]. 
Мəскеуге аттанбастан бұрын С.Жүсіпбеков 1954 жылы желтоқсан айында Алматы қаласында орналас-
қан  Қазақ  КСР-нің  Мемлекеттік  көпшілік  кітапханасының  (қазіргі  ҚР  Ұлттық  кітапханасы)  директоры 
Е.Н. Шмелевадан осыған дейін мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген өзінің ғылыми жəне публи-
цистикалық сипаттағы мақалалардың жарияланғандығы туралы арнайы анықтама беруді өтінеді. Кітапха-
на  директоры  Е.Н.  Шмелева  бұл  өтінішті  орындай  отырып,  С.Жүсіпбековке  оның  1938-1953  жылдар 
аралығында  қазақ  жəне  орыс  тілдерінде  жарық  көріп,  жалпы  саны  42-ге  тең  болған  мақалаларының 
тізімін тапсырады [54]. 
Мəскеуге  келген  С.Жүсіпбеков  КСРО  Жоғары  білім  министрлігінің  1955  жылы  29  қаңтарда 
шығарған бұйрығына орай ММУ жанындағы марксизм-ленинизм оқытушыларының біліктілігін көте-
ру институтының диссертанттар бөліміне (аспирантурасына) өзге 200 тарта үміткерлермен бірге оқу-
ға  қабылданады  [55].  Аспирантурада  бір  жылға  жуық  оқи  жүріп,  С.Жүсіпбеков  «Жетісудағы  кеңес 
өкіметі үшін Комму-нистік партияның күресі (1917-1918 жылы шілде)» тақырыбындағы өзінің канди-
даттық диссертациясын толық аяқтап шығып, оны 1956 жылдың 4 қаңтарында жоғарыда аталған уни-
верситеттің жанындағы қоғамдық пəндер оқытушыларының біліктілігін көтеру институтының Ғылы-
ми кеңесінде қорғап шығады [56].   
Алматы қаласына қайтып оралғаннан кейін Сүлеймен Жүсіпбеков 1956 жылдың 19 қаңтарынан бастап 
Қазақ ауыл шаруашылық институтының «Марксизм-ленинизм негіздері» кафедрасындағы өзінің оқыту-
шылық  міндеттерін  атқаруға  қайта  кіріседі.  Институт  басшылығы  С.Жүсіпбековтың  10  жылдан  астам 
педагогикалық өтілін, сондай-ақ жақын арада оның кандидаттық диссертациясын қорғап шыққандығын 
ескере отырып тиісті жалақыны тағайындап, демалыс уақытын бір айға кейін шегіндіреді [57].    
1956 жылы 4 маусымда ММУ-дың гуманитарлық ғылымдар бойынша университет Кеңесі секциясы-
ның  мəжілісінде  Сүлеймен  Жүсіпбековке  тарих  ғылымдарының  кандидаты  ғылыми  дəрежесін  беру 
туралы шешім қабылданып, ол туралы тиісті хабарлама Қазақ ауыл шаруашылық институтына жолдана-
ды.  Соның  негізінде  1956  жылы  10  шілдеде  Қазақ  ауыл  шаруашылық  институты  Ғылыми  кеңесінің 
мəжілісінде  кандидаттық  диссертацияны  қорғаған  аға  оқытушы  Сүлеймен  Жүсіпбековке  «Марксизм-
ленинизм  негіздері»  кафедрасы  доцентінің  міндетін  атқарушы  қызметіне  сайлау  мəселесі  күн  тəртібіне 
қойылады.  Ғылыми  кеңес  мүшелерінен  құралған  есеп  комиссиясының  мүшелері  жабық  дауысқа  сала 
отырып, Сүлеймен Жүсіпбековты «Марксизм-ленинизм негіздері» кафедрасының доценті етіп сайлаған 
болатын [58]. 1956 жылы қыркүйекте тарих ғылымдарының кандидаты дипломын қолға алған Сүлеймен 
Жүсіпбеков  2  қазанда  жарық  көрген  Қазақ  ауыл  шаруашылық  институты  директорының  бұйрығымен 
«Марксизм-ленинизм  негіздері»  кафедрасының  байқау  бойынша  сайланған  доценті  қызметіне  ресми 
түрде тағайындалады [59].  
Бірнеше  ай  бойы  «Марксизм-ленинизм»  кафедрасының  доценті  міндетін  атқарған  Сүлеймен 
Жүсіпбеков 1956 жылдың аяғында КСРО Жоғарғы білім министрлігі жанындағы Жоғарғы Аттестация-
лық  Комиссияға  доцент  ғылыми  атағын  алу  үшін  ереже  бойынша  талап  етілген  барлық  құжаттарды 
тапсырады.  1957  жылы  27  ақпанда  Жоғарғы  Аттестациялық  Комиссия  Сүлеймен  Жүсіпбековты 
«Марксизм-ленинизм» кафедрасының доценті ғылыми атағына бекіткен соң, 1957 жылы 24 наурызда ол 
доцент дипломын қолына алды [60]. 
Қысқа уақыт ішінде ұйымдастырушылық дарынымен, іскерлігімен жəне білім саласындағы тəжірибе-
лілігімен  таныла  білген  Сүлеймен  Жүсіпбеков  қызмет  еткен  Қазақ  ауыл  шаруашылық  институтының 
профессорлық-оқытушылық  құрамының  алдыңғы  қатарлы  өкілдерінің  біріне  айналады.  Соның  дəлелі 
ретінде, 1957 жылы қазан айында институт директоры А.Жұматов өз денсаулығын түзегенге дейін доцент 
С.Жүсіпбековты кезекті демалыстан мерзімінен бұрын шақыртып алып, оған уақытша институт директо-
рының міндеттерін атқару ісін арнайы сеніп тапсырады [61]. Сүлеймен Жүсіпбековтың өзіне жүктелген 
міндеттерді бірнеше ай бойы абыроймен атқарып шығуы институт басшылығының назарына тыс қалмай, 
оның артынан жеке қасиеттерінің арқасында қызмет бабымен жоғарылауына өз ықпалын тигізді. 
1957-1958  оқу  жылы  аяқталған  соң  ауыл  шаруашылық  институтының  Ғылыми  кеңесінде  Сүлеймен 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
94 
Жүсіпбековты  «Марксизм-ленинизм  негіздері»  кафедрасының  меңгерушісі  етіп  тағайындау  мəселесі 
көтерілді. Бұл жағдайдың орын алуына келесідей факторлар себепші болды: а) осыған дейін кафедраны 
бірнеше жыл бойы басқарып келген аға оқытушы Ф.К. Черновтың денсаулығының нашарлауына байла-
нысты  өз  міндеттерін  орындай  алмауы  туралы  өтініш  білдіруі;  ə)  бүкіл  институт  бойынша  марксизм-
ленинизм ілімдерін оқыту міндеті жүктелген кафедраның жұмысын нығайту үшін тəжірибелі, ұйымдас-
тырушылық  қабілеті  зор,  біліктілігі  жоғары  маманды  тағайындау  қажеттігінің  туындауы;  б)  кафедрада 
қызмет еткен оқытушылардың ішінен ғылыми дəрежесі мен атағы сай келген, əрі үміткердің кандидату-
расын  бекітетін  жоғары  басшылықтың  алға  тартқан  барлық  талаптарына  жауап  бере  алатын  жалғыз 
С.Жүсіпбеков  қана  болды.  Жоғарыда  аталып  өткен  себептерді  ескере  отырып,  1958  жылдың  маусым 
айында  институт  директоры  А.Жұматов  Қазақ  КСР  Ауыл  шаруашылық  министрі  Х.Арыстанбековтың 
атына  Сүлеймен  Жүсіпбековты  «Марксизм-ленинизм»  кафедрасының  меңгерушісі  ретінде  тағайындау 
туралы ұсыныс-хатын жолдайды. Бұл хатта А.Жұматов министрді Сүлеймен Жүсіпбековтың кандидату-
расына Алматы қалалық жəне облыстық партия комитеттері, сондай-ақ Қазақстан Коммунистік партия-
сының  мектептер  мен  жоғары  оқу  орындарының  бөлімі  өз  келісімдерін  бергендері  туралы  хабарлайды 
[62].  Жоғары  басшылықтан  рұқсат  келгенге  дейін,  С.Жүсіпбеков  ауыл  шаруашылық  институтының 
бұйрығымен 1958 жылы 19 тамызда «Марксизм-ленинизм» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқару-
шы болып бекітіледі [63].  
Жаңа қызметіне бірден кіріскен Сүлеймен Жүсіпбеков кафедраның жұмысын жаңаша құру ісін қолға 
алып, білікті мамандарды шақырта бастайды. Кафедраның меңгерушісі ретінде С.Жүсіпбеков профессор-
лық-оқытушылық құрамның саяси, теориялық жəне идеялық даярлығына, ғылыми-зерттеу жұмысының 
жоғары деңгейде атқарылуына айтарлықтай назар аударады. Сүлеймен Жүсіпбековтың институт басшы-
лығынан тапжылмай талап етуімен кафедра оқытушылары соңғы уақытта марксизм-ленинизмге, КСРО 
жəне қазақ халқының тарихына қатысты жарық көрген жаңа ғылыми əдебиетпен, оқу-əдістемелік құрал-
дармен қамтамасыз етіледі. Институт қабырғасында оқып жатқан студенттерге заман талабына сай білім 
беруге  ұмтылған  Сүлеймен  Жүсіпбеков  1958  жылы  оны  бір  ай  мерзімге  жоғары  оқу  орындарында 
марксизм-ленинизм жəне КСРО тарихы пəндерін оқыту мəселелері бойынша Мəскеу Мемлекеттік уни-
верситетінің жанындағы біліктілікті көтеру институтына жіберуді өтінеді. Оның бұл өтініші қабыл алын-
ған соң, Сүлеймен Жүсіпбеков алдымен 1958 жылы қыркүйекте, артынан 1959 жылы қазанда Қазақстан 
Коммунистік партиясының мектептер мен жоғары оқу орындары бөлімінің нұсқауы бойынша қатарынан 
екі рет бір ай мерзімге Мəскеу Мемлекеттік университетінің жанындағы біліктілікті көтеру институты-
ның  курстарын  тыңдап  шығады  [64].  Бұл  жерде  ол  марксизм-ленинизм  ілімін,  КОКП  тарихын  жоғары 
оқу орындарында оқытудың жаңа түрлері мен əдістемелерімен жіті танысады. Мəскеуде болған уақытын-
да  Сүлеймен  Жүсіпбеков  қалада  орналасқан  мұрағаттар  мен  кітапханалардың  қорларында  белсенді 
ғылыми-зерттеу  жəне  ізденіс  жұмыстарымен  айналысып,  болашақ  іргелі  ғылыми  еңбектеріне  арқау 
болған құжаттар мен материалдарды қолға түсіреді.  
1958 жылы 9 қыркүйекте Сүлеймен Жүсіпбеков Алматы қаласында орналасқан В.М. Молотов атында-
ғы Қазақ мемлекеттік медициналық институтының директоры міндетін атқарушы профессор П.П. Очкур-
ға  оны  «марксизм-ленинизм»  кафедрасына  жарты  ставкаға  алу  туралы  өтініш-хат  жолдайды  [65]. 
Медициналық институттың басшылығы С.Жүсіпбековтың тəжірибелі əрі даярлығы жоғары маман екенді-
гін, сондай-ақ «Марксизм-ленинизм» кафедрасының меңгерушісі доцент Исаевтың мінездемелерін ескере 
отырып, оның өтінішін қабыл алу туралы бұйрық шығарады [66]. Сүлеймен Жүсіпбековты өзінің негізгі 
жұмысымен қатар медициналық институтқа қосымша қызметке орналасуына ең алдымен  тұрмыс жəне 
отбасы жағдайы итермеледі деген қорытындыға келуге толық негіз бар.  Себебі, бұл уақытта Сүлеймен 
Жүсіпбеков көпбалалы жанұяның жалғыз асыраушысы мен қамқоршысы еді. Ол зайыбы Райханмен бірге 
мектеп жасындағы Гүлнара жəне Гүлжан есімді екі қызды, Нұржан жəне Біржан атты екі ұлды тəрбиелеп 
өсірумен  айналысты.  Сонымен  қатар,  осы  кезде  Сүлеймен  Жүсіпбеков  туған  ауылынан  жасы  келіп, 
денсаулығы нашарлай бастаған анасы Хадишаға қажетті күтім жасау мақсатында оны Алматы қаласына 
көшіріп  алады.  Сондықтан  да  Қазақ  ауыл  шаруашылық  институтының  директоры  Х.О.  Сарингулян 
Сүлеймен Жүсіпбековтың бір уақытта екі жерде еңбек етуіне еш қарсылық танытпай, керісінше түсініс-
тікпен  қарады  [67].  1950-ші  жылдардың  аяғында  Сүлеймен  Жүсіпбеков  өзінің  үлкен  отбасымен  бірге 
Алматы қаласының Гоголь көшесінің бойында орналасқан №81-ші көп пəтерлі үйде өмір сүрді.  
Кафедраға  меңгерушілік  ету  қызметімен  қатар  студенттерге  КСРО  жəне  КОКП  тарихы,  марксизм-
ленинизм  пəндерінен  дəріс  оқыған  С.Жүсіпбеков  республиканың  баспасөз  беттерінде  тұрақты  түрде 
тарихи  мазмұндағы  мақалаларды  жариялап  отырды.  1958  жылы  өзі  редакциялық  алқада  қызмет  еткен 
«Қазақстан  коммунисі»  журналында  оның  «Қырық  жыл  бұрын»  атты  көлемді  мақаласы  [68]  жарық 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
95 
көреді. Верный қаласында кеңес өкіметінің орнауына 40 жыл толуына орайластырып жазған бұл мақала-
да Сүлеймен Жүсіпбеков отарлық кезеңде орыс отаршылары мен жергілікті ауқатты казактардың тірегіне 
айналған Верный қаласының тарихына қысқаша шолу жасап, кеңес дəуірінде оның гүлденген заманауи 
қалаға айналғанын қызықты мəліметтердің негізінде жан-жақты баяндап берді. Осы мерекелі датаға орай 
С.Жүсіпбеков кафедра бойынша қызметтес болған доцент Т.Əйтиевпен бірге ғылыми-көпшілік сипатта 
жазып шыққан «Алма-Ата» атты кітабы жарияланады [69]. 
Бұл жылдары Сүлеймен  Жүсіпбеков ХХ ғасырдың басында  Жетісу облысында орын алған револю-
циялық қозғалыста терең із қалдырып, артынан кеңес өкіметінің орнығып нығаюына айтарлықтай үлес 
Тоқаш  Бокин  жəне  Ораз  Жандосов  сынды  қазақ  зиялыларының  өмірі  мен  қызметтерін  зерттеумен, 
оларды жас ұрпаққа насихаттаумен де айналысты. Осы бағытта Сүлеймен Жүсіпбеков Д.Мергенчинмен 
біріге отырып Ораз  Жандосовтың өмірі мен қызметіне арналған  «Семиречинский революционер» атты 
мақала  жазып  [70],  оны  Қазақстандағы  таралымы  ең  үлкен  болған  «Казахстанская  правда»  газетінде 
жариялады.  Өкінішке  орай,  Сүлеймен  Жүсіпбековтың  «Комиссар  Тоқаш  Бокин»,  «Ораз  Жандосов», 
«Большевик П.Виноградов», «Семиреченская социал-демократическая группа» атты көлемді мақалалары 
[71] жарияланбай қалып, қолжазба күйінде қалып қойған болатын. 
С.Жүсіпбеков  ауыл  шаруашылық  институтының  «Марксизм-ленинизм»  кафедрасының  меңгерушісі 
ретінде оның жан-жақты дамып отыруына, осы бағытта қызмет еткен республикадағы жəне бүкіл одақта-
ғы  алдыңғы  қатарлы  жоғары  оқу  орындарының  кафедраларымен  тығыз  қарым-қатынас  орнатуға,  оқу-
əдістемелік  жəне  ғылыми-зерттеу  жұмысында  қол  жеткізген  тəжірибемен  алмасып  отыруға  көп  көңіл 
бөлді. 1960 жылы жазғы демалыс уақытында Сүлеймен Жүсіпбеков Қазақ КСР Жоғары жəне арнайы орта 
білім министрінің орынбасары М.А. Байтуриннің берген рұқсатын пайдалана отырып, 25 тамыз-15 қыр-
күйек аралығында Киев қаласында өткізілетін кеңес халқының интернационалды тəрбиесі бойынша жоға-
ры оқу орындары аралық кеңеске қатысу үшін іссапарға аттанады [72]. Кеңестің жұмысына белсене ара-
ласқан Сүлеймен Жүсіпбеков Қазақ ауыл шаруашылық жəне медициналық институттарында гуманитар-
лық пəндерді оқыту əдістемесі мен  түрлері бойынша көлемді баяндама жасап, жергілікті мамандардың 
қол  жеткізген  табыстарына,  осы  бағытта  туындап  отырған  қиыншылықтарға  жеке  тоқталып  өтеді. 
Сүлеймен Жүсіпбеков кеңеске бүкіл одақтан жиналған əріптестермен кездесіп, олармен əр түрлі мəселе-
лер бойынша пікір алысады. 
Осы іссапардан қайтып оралған соң, С.Жүсіпбеков өзі басшылық еткен кафедраның жұмысын одан бе-
тер жандандыру ісін қолға алады. 1960-1961 оқу жылында кафедра атқарған жұмыстың басты нəтижелері 
С.Жүсіпбековтың  «Қазақстан  коммунисі»  журналында  жарық  көрген  «Марксизм-ленинизм  кафедрасы-
ның жұмыс тəжірибесінен» атты мақалада [73] өз көрінісін табады. Осы мақалада Сүлеймен Жүсіпбеков 
кафедра қызметкерлері доценттер Т.Əйтиев, А.Асановтың, И.Даниловтың студенттерге Ресей жəне КСРО 
тарихы пəні бойынша оқып жүрген дəріс курстарының мазмұнынын жан-жақты талдай отырып, жоғары 
баға  берді.  С.Жүсіпбеков  мақалада  институтта  білім  алып  жатқан  жастардың  арасында  философия 
пəнінің аясында оқытылатын дінтану негіздері мен ғылыми атеизм дəріс курстарына баса назар аудару 
қажеттігіне жеке тоқталып өтті. Сүлеймен Жүсіпбекұлы ғылыми атеизм курсы бойынша қазақ жəне орыс 
бөлімдеріне дəріс оқитын аға оқытушылар С.Жаманқұловтың жəне Е.Устименконың сабақты өмір тəжі-
рибесімен, халық тұрмысымен байланыстыра отырып оқитындығын үлгі ретінде келтірді. С.Жүсіпбеков 
мақалада  «Марксизм-ленинизм  негіздері»  кафедрасының  жұмысындағы  айтулы  жетістіктерді  тізбектеп 
шығумен  қатар,  əлі  де  түзетуді  қажет  ететін  кемшілік  тұстарын  да  жасырмай,  ашықтан-ашық  айтқан 
болатын.  Кемшіліктердің  қатарына  Сүлеймен  Жүсіпбеков  кафедра  қызметкерлерінің  ғылыми-зерттеу 
жұмысында айтарлықтай  нəтижелерге қол жеткізе  алмайтынын жатқызып, мақаланың соңында оларды 
түзетуге бар күшін салатындығын мəлімдеді.  
1961  жылы  19  маусымда  Сүлеймен  Жүсіпбеков  институттың  «Марксизм-ленинизм  негіздері» 
кафедрасының  меңгерушісі  қызметіне  жарияланған  байқауға  қатынасуға  ерік  білдіріп,  институт  байқау 
комиссиясының атына өтініш-хат жолдайды [74]. 1961 жылы 29 маусымда институт Ғылыми кеңесінің 
отырысында С.Жүсіпбеков кафедра меңгерушісі қызметіне бір ауыздан сайланып, оның кандидатурасын 
бекіту үшін байқау комиссиясы тиісті құжаттарды Қазақ КСР Ауыл шаруашылық министрлігіне жібереді. 
Үміткерлердің тізімімен мұқият танысып шыққан жоғары басшылық 1961 жылы 23 қарашада Сүлеймен 
Жүсіпбековты «Марксизм-ленинизм негіздері» кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындау туралы 
бұйрық шығарады [75].  
Кезекті тағайындаудан соң, С.Жүсіпбеков осы қызметінде үш жылға жуық уақыт бойы жемісті еңбек 
етіп, институт қабырғасынан білікті мамандарды тəрбиелеп шығару ісіне өзінің зор үлесін қосады. 1963 
жылы  Сүлеймен  Жүсіпбеков  «Қазақстан  коммунисі»  журналында  алдымен  өзінің  «Бейбіт  қатар  өмір 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
96 
сүрудің  лениндік  принципін  бұрмалаушылар»  [76],  артынан  доцент  Ə.Асановпен  біріге  отырып,  Кеңес 
Одағы Коммунистік партиясының 60 жылдығына арнап «В.И. Ленин – жаңа тұрпатты партияны құрушы» 
атты мақаланы [77] жариялайды. Осы мақалада ғалым-тарихшылар В.И. Лениннің ХІХ ғасырдың аяғы – 
ХХ  ғасырдың  басында  Коммунистік  партияны  құруға  бағытталған  қызметін  жан-жақты  баяндап,  оның 
еңбегін  ашып  көрсетті.  1964  жылы  Сүлеймен  Жүсіпбеков  доцент  М.Трушпен  қосалқы  авторлықта       
В.И.  Ленин  шығармаларының  55  томдық  толық  жинағының  басылып  шығарылуының  аяқталуына 
орайластырып  мақала  [78]  жариялайды.  Аталған  мақалада  екі  ғалым  көпшіліктің  назарын  баспадан 
шығуға  даярланып  отырған  Ленин  шығармаларының  мазмұны  мен  құрылысына  аудара  отырып,  оған 
бұрын белгісіз болып келген тың құжаттар мен жеке хаттардың енгендігіне жеке тоқталып, жан-жақты 
талдау жүргізеді. 
Арада  он  жылдан  астам  уақыт  өткеніне  қарамастан  С.Жүсіпбеков  өзінің  туған  білім  ордасы  болған 
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына қайтып оралудың сəтін іздестіріп, барынша ұмтылды. 
ҚазПИ-де қызмет етуді өзінің түлек ретіндегі парызы, педагог ретіндегі арманы деп есептеген Сүлеймен 
Жүсіпбеков 1964 жылы 22 мамырда Қазақ КСР-нің Жоғары жəне арнайы орта білім министрлігінің атына 
арнайы хат жолдап, онда оны Алматы қаласында орналасқан жоғары оқу орындарының біріне қызметке 
ауыстыру  туралы  өтініш  білдіреді.  Сол  уақытта  ауыл  шаруашылық  институты  ректорының  міндетін 
атқарушы И.Қ. Қыпшақбаев ұзақ жылдар бойы жемісті еңбегімен көзге түскен С.Жүсіпбеков сынды баға-
лы қызметкер мен қабілетті ұйымдастырушыдан қол үзгісі келмеді. Алайда И.Қ. Қыпшақбаев Сүлеймен 
Жүсіпбековтың  өтінішін  қабыл  алған  министрліктің  шешіміне  бағына  отырып,  оны  1964  жылы  23 
маусымда  «Марксизм-ленинизм  негіздері»  кафедрасының  меңгерушісі  қызметінен  босату  туралы 
бұйрыққа қол қояды [79]. ҚазПИ-дің КОКП тарихы кафедрасының доценті қызметіне орналасуға ниетті 
болған Сүлеймен Жүсіпбековке Қазақ ауыл шаруашылық институтының ректоры Хайдар Арыстанбеков 
төмендегідей  мінездеме  берген:  «С.Жүсіпбеков  Қазақ  ауыл  шаруашылық  институтында  жұмыс  істеген 
жылдары  өзіне  жүктелген  міндеттерді  абыроймен  атқарды.  Педагогикалық  қызметпен  қатар,  тұрақты 
түрде ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысады. С.Жүсіпбеков қалалық партия жəне кеңес ұйымдарының 
жұмысына белсене араласып, бірнеше рет Фрунзе аудандық жəне Алматы қалалық партия комитеттерінің 
мүшесі ретінде əрі қалалық Кеңестің депутаты болып сайланды. С.Жүсіпбеков ұжымның мəжілістерінде 
жиі баяндамалар жасай отырып, институттың қоғамдық өміріне қатынасады. Сегіз жыл бойы ол институт 
партиялық бюросының мүшесі болып, соның 6 жылында партбюро хатшысының міндетін атқарды» [80].   
1964 жылы 3 маусымда педагогикалық институттың КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі доцент 
Ж.Амантаев сол уақытта ректор қызметін атқарған С.Толыбековқа хат жолдап, онда ағымдағы жылдың 
20  маусымынан  бастап  Сүлеймен  Жүсіпбековты  кафедраның  штатына  алу  мүмкіндігі  бар  екендігін, 
сондай-ақ оны келе жатқан 1964-1965 оқу жылында əдебиет факультетінің сырттай бөлімі бойынша 120 
сағат  көлемінде  педагогикалық  жүктемемен  қамтамасыз  ететіндігін  хабарлады  [81].  1964  жылы  24 
маусымда ҚазПИ-дің ректоры С.Толыбеков Сүлеймен Жүсіпбековты 8 шілдеден бастап «КОКП тарихы» 
кафедрасына доцент қызметіне алу  туралы бұйрық  шығарады [82]. Осылайша, Сүлеймен  Жүсіпбекұлы 
1964-1965 оқу жылында бір уақытта екі жоғары оқу орнында, дəлірек айтқанда Қазақ педагогикалық жəне 
медициналық  институттарының  КОКП  жəне  КСРО  тарихы  кафедрларында  доцент  қыметін  атқарып, 
студенттерге дəріс оқумен айналысады.  
Алайда,  бұл  жолы  да  Сүлеймен  Жүсіпбековтың  туған  ҚазПИ-дегі  қызметі  ұзаққа  созыла  қоймады. 
1965  жылы  қазан  айында  Қазақ  медициналық  институты  «КСРО  тарихы»  кафедрасының  меңгерушісі 
қызметіне сайланып, министрлік тарапынан оның кандидатурасы ресми түрде бекітілуіне байланысты С. 
Жүсіпбекұлы  Қазақ  педагогикалық  институтының  ректоры  Серғали  Толыбековтен  22  қазаннан  бастап 
«КОКП  тарихы»  кафедрасының  доценті  қызметінен  босатуды  өтінеді  [83].  Осылайша,  қызмет  бабымен 
өзінің  кезекті  тағайындалуына  қол  жеткізген  С.Жүсіпбекұлы  Қазақ  педагогикалық  институтындағы 
жұмысын біржолата тоқтатып, толығымен медициналық институтқа қызметке ауысады. Қазіргі уақытта 
Сүлеймен Жүсіпбековтың өмірі мен қызметіне қатысты зерттеушілердің қолында бар мұрағат құжаттары 
оны мұндай айтарлықтай өзгерістерге итермелеген төмендегідей маңызды себептерге көңіл аударуға негіз 
береді: 1) бұл уақытта С.Жүсіпбеков өзінің докторлық диссертациясын даярлау ісін қолға алып, белсенді 
ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысты; 2) кезінде отбасы жағдайына байланысты бір уақытта екі жерде 
қызмет етуге мəжбүр болған С.Жүсіпбеков докторлық диссертацияны жəне өзге де ғылыми еңбектерді 
аяқтауға  бағытталған  ғылыми-зерттеу  жұмысына  тиісті  назар  аудара  алмайтындығын  айқын  түсініп, 
өзінің  бар  күш-жігерін  тек  медициналық  институттағы  педагогикалық  жəне  меңгерушілік  қызметке 
жұмылдыруға саналы түрде шешім қабылдады. 
С.Жүсіпбеков  Алматы  мемлекеттік  медициналық  институтының  «КСРО  тарихы»  кафедрасының 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
97 
меңгерушісі  ретінде  он  жылдан  астам  уақыт  бойы  жемісті  еңбек  етіп,  осы  қызметке  қатарынан  екі  рет 
сайланды  [84].  Осы  жылдары  С.Жүсіпбеков  медицина  университетінде  педагогикалық  қызметпен 
айналыса отырып, сүбелі ғылыми еңбектерді жарыққа шығарды. 1967 жылы Сүлеймен Жүсіпбеков до-
цент Михаил Трушпен қосалқы авторлықта В.И. Ленин шығармаларының толық жинағының жарық кө-
руіне орайластырып, «Великое наследие (новые документы Полного собрания сочинений В.И. Ленина)» 
атты  көлемді  кітапты  [85]  жариялайды.  Бұл  кітапта  екі  ғалым  өзінің  басты  назарын  В.И.  Лениннің  он 
томдық  хат  алмасуларының  ауқымды  материалына  аударып,  «В.И.  Лениннің  кезекші  хатшыларының 
күнделіктеріне»  жан-жақты  сипаттама  берді.  Бұл  еңбектің  жариялануы  республиканың  қоғамдық  жəне 
рухани-мəдени  өмірінде  айтулы  оқиғалардың  қатарына  кіріп,  оқу  құралы  ретінде  В.И.  Лениннің  бай 
тарихи мұрасын зерттеуге ерік танытқандарға өзінің үлкен көмегін тигізді.  
1970 жылы В.И.  Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай  «Білім» қоғамы [86] республикада түрлі 
ғылыми  жəне  мəдени  шараларды  өткізу  ісін  өз  қолына  алып,  жоғары  оқу  орындарында  марксизм-
ленинизм негіздерін оқытуда, лениндік идеяларды таратуға ат салысып, айтарлықтай еңбегімен танылған 
білім жəне ғылым, өнер мен мəдениет салаларының қызметкерлерін алғыс грамоталарымен марапаттай-
ды. Бұл белді қайраткерлердің қатарына Сүлеймен Жүсіпбеков та кіріп, «Білім» қоғамы оны жұмысшы-
лар арасында саяси жəне ғылыми білімдерді насихаттауға белсене қатынасқаны үшін алғыс грамотасы-
мен марапаттаған болатын [87]. В.И. Лениннің 100 жылдық мерейтойына орайластырып, С.Жүсіпбеков 
баспасөз беттерінде «163 впервые публикуемые писем В.И. Ленина», «Бессмертные идеи В.И. Ленина», 
«О  ленинских  методах  руководства  хозяйством»,  «Ленинская  теория  социалистической  революции  – 
научная основа учения о мирном существовании», «Единство внутренней и внешней политики КПСС)» 
атты мақалаларды жариялайды [88].  
1971 жылы Сүлеймен Жүсіпбеков өзі меңгерушілік еткен кафедра бойынша қызметтесі мен ғылымда-
ғы  пікірлесі  болған  Михаил  Трушпен  бірлесе  отырып,  «Идеи  борьбы  за  мир  в  наследии  Ленина»  атты 
көлемді ғылыми еңбекті [89] жариялайды. Кітапта тарихи тұрғыдан алғанда отандық тарихнамада алғаш 
рет Лениннің бейбітшілік жəне екі əлеуметтік жүйенің бейбіт жағдайда өмір сүруі үшін жүргізген күресі-
нің басты кезеңдері, оның адамзат тарихындағы тұңғыш социалистік мемлекеттің сыртқы саясатын басқа-
ру ісіне қатысты теориялық ережелері мен мəселелері баяндалды. Еңбекті жазу барысында С.Жүсіпбеков 
жəне М. Труш В.И. Лениннің шығармаларын, кеңес сыртқы саясатының даму тарихынан көрініс беретін 
құжаттар  мен  мұрағат  материалдары,  Лениннің  жақын-туыстары  мен  серіктестерінің,  əр  түрлі  уақытта 
онымен қызметтес болған мемлекет қайраткерлерінің, дипломаттардың естеліктерін кеңінен пайдаланды. 
1973 жылы С.Жүсіпбеков өзінің «1917-1920 жылдардағы Қазақстан жұмысшыларының кеңес өкіметі 
үшін  күресі»  атты  докторлық  диссертациясын  қорғап,  келесі  жылы  медициналық  институттың  КСРО 
тарихы  кафедрасына  меңгерушісі  болып  қайтадан  сайланады.  Бұл  уақытта  жоғары  білім  мен  ғылым 
саласында 40 жылдан астам қызмет етіп, өзекті мəселелер бойынша кешенді зерттеу жұмыстарын жүргіз-
ген Сүлеймен Жүсіпбекұлының осыған дейін жариялаған ғылыми еңбектерінің жалпы көлемі 360 баспа 
табаққа  жақындап  қалған  болатын.  Осыған  қарамастан,  бізге  белгісіз  себептермен  оның  докторлық 
диссертациясы бекімей қалды. 
С. Жүсіпбековтің баспасөз беттерінде жарық көрген ғылыми жəне көпшілік сипатта жазылған мақала-
лары қалың жұртшылық арасында үлкен сұранысқа ие болды. Жетісу өлкесінің жəне Алматы қаласының 
тарихына  қызығушылық  танытқан  жастар  ғалымның  ғылыми  еңбектерін  кітапханалардан  іздестіріп 
тауып, үзбей оқыды. 1970-ші жылдары республиканың алдыңғы қатарлы орыс тілді мерзімді басылымда-
ры болып саналған «Казахстанская правда» газетінің, «Кооператор Казахстана» жəне «Простор» журнал-
дарының  редакциялық  алқалары  Қазақ  КСР-нің  астанасы  –  Алматы  қаласының  тарихымен  республика 
жұртшылығын таныстыру мақсатында Сүлеймен Жүсіпбековтың  «Город  у снежных гор»,  «Рожденный 
сто  лет  назад»,  «Семиречье  и  город  Верный»,  «Столица  Семиречья»  мақалаларын  жариялауға  шешім 
қабылдап, үлкен таралыммен жарыққа шығарды.  
1980  жылы  14  қарашада  медициналық  институттың  басшылығы  КСРО  Жоғарғы  жəне  арнайы  орта 
білім министрлігінің 1973 жылы 15 мамырда жарық көрген «Жоғары оқу орындарында профессорлық-
оқытушылық құрамның қызметтерін ауыстыру тəртібі туралы» бұйрығына сəйкес Сүлеймен Жүсіпбеков-
ты сайлаудың екі мерзімі аяқталуына байланысты кафедра меңгерушісі қызметінен босатып, байқау бо-
йынша қайта сайлану құқығын қалдырды [90]. Алайда, жасы келе бастаған С.Жүсіпбеков байқауға қаты-
суға ерік танытпай, құрметті демалысқа шыққанға дейін осы кафедраның доценті болып үш жылдай қыз-
мет етеді. Нақ осы кезде, медициналық институттың ректоры Қуаныш Маскеев Сүлеймен Жүсіпбековке 
көпжылдық қажырлы еңбегі мен институттың қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін алғыс жария-
лайды [91].  
1980 жылы Сүлеймен Жүсіпбековтың ондаған жылдарға созылған ғылыми-зерттеу мен ізденіс жұмыс-

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
98 
тарының басты нəтижесі ретінде «Город Верный (Верный қаласы)» [92] атты жеке авторлық монография-
сы жарық көреді. Бұл еңбегінде Сүлеймен  Жүсіпбеков бұрын ғылыми айналымға еңбеген тың мұрағат 
құжаттарының  негізінде  əрі  бай  фактологиялық  материалға  сүйене  отырып,  Алматы  қаласының  1854-
1921 жылдар аралығындағы саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне рухани-мəдени даму тарихын баяндап 
берді. Кітаптың соңындағы қорытынды бөлімінде Сүлеймен Жүсіпбеков Алматы қаласының кеңес өкіме-
ті жылдарында қол жеткізген табыстарына жеке тоқталып өтті. С.Жүсіпбеков отандық тарих ғылымында 
алғашқылардың бірі болып Алматы қаласының тарихы ежелден басталатынын, қаланың негізін жергілікті 
халықтар  қалағанын  айтып,  оның  тарихын  кешенді  түрде  зерттеу  ісін  қолға  алды.  Оның  1938-1980 
жылдары  жарық  көрген  70-ке  жуық  ғылыми  еңбегі  мен  публицистикалық  сипаттағы  мақалаларының 
ішінен 6 кітап жəне 15 мақала нақ осы Алматы қаласының тарихына арналып жазылған болатын. 
Сүлеймен Жүсіпбекұлы өмірдегі адал серігі мен зайыбы Райханмен бірге екі қыз бен екі ұл баланы 
тəрбиелеп өсірді. Жас кезінен бастап ұл-қыздарын адал еңбек етуге, саналы азамат болып өсуге, білім мен 
ғылымға ұмтылуға баулыды. Тұрақты түрде қауырт жұмыстармен айналысқан Сүлеймен Жүсіпбеков ұл-
қыздарына заман талаптарына жауап бере алатын үздік біліммен қамтамасыз етуге ұмтылып, төрт бала-
сының барлығына жоғары білім беріп шықты. Сүлеймен Жүсіпбековтың балалары ішінен тек үлкен қызы 
Гүлнар ғана əкесінің жолын қууға ерік танытып, тарихшы болуды арман тұтты. Гүлнар Жүсіпбекова 1971 
жылы Мəскеу қаласында «Аграрные преобразования в 1917-1930 гг. (На материалах Южного Казахста-
на)» атты диссертациясын [93] қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесіне ие болды. 
Осылайша,  1930  жылы  Жуалы  ауданының  мектебінде  бастауыш  сыныптардың  қарапайым  мұғалімі 
ретінде қызмет жолын бастаған Сүлеймен Жүсіпбеков бойында туы біткен дарыны, еңбекқорлығы мен 
ерік-жігерінің арқасында кеңес дəуірінде тұңғыш рет Алматы қаласының тарихы ежелден басталатынын 
тұжырып  айтқан  жəне  оның  тарихы  туралы  ғылыми  еңбек  жазған  қазақ  ғалымы  бола  білді.  Сонымен 
қатар, С.Жүсіпбеков ұзақ жылдар бойы республиканың алдыңғы қатарлы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруа-
шылық,  Қазақ  мемлекеттік  педагогикалық  жəне  Алматы  мемлекеттік  медициналық  институты  сынды 
жоғары  оқу  орындарында  педагогикалық  жəне  ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен  айналысты.  30  жылға 
жуық уақыт бойы алдымен ауыл шаруашылық институтының «Марксизм-ленинизм негіздері», артынан 
медициналық  институттың  «КСРО  тарихы»  кафедраларының  меңгерушісі  қызметін  атқарған  жылдары 
Сүлеймен  Жүсіпбеков  жұмысқа  белді  ғалымдарды,  дарынды  жас  мамандарды  тартып,  оларды  қазақ 
халқына аянбай еңбек етуге ынталандырды. Ұлағатты ұстаз əрі дарынды ғалым С.Жүсіпбековтан тəлім 
алып, қол астында жұмыс жасаған жас мамандардың ішінен артынан кеңес жəне партия органдарында, 
жоғарғы  білім  жəне  ғылым  мекемелерінде,  халық  шаруашылығы  мен  медицина  салаларында  қызмет 
еткен  білікті  кадрлар,  республиканың  қала  мен  елді  мекендерінде  жасөспірім  ұрпаққа  білім  берумен 
айналысқан педагогтар өсіп-жетілді. 
1983 жылы құрметті демалысқа шыққан С.Жүсіпбеков тəуелсіздік таңы атқан бақытты күндерді көріп 
барып, 1994 жылы 17 сəуір күні 82 жасқа (шариғат жолымен алғанда 85 жасқа) қараған шағында дүние-
ден озды. 
 
1. С.ЖCсіпбеков кейінгі жылдары ;з /олымен толтырған жеке іс пара/тарында ;зіні  туған жылын 1913 жыл 
немесе  1914  жыл  деп  к;рсеткен.  С.ЖCсіпбековты   ;мірі  мен  /ызметіне  /атысты  əртCрлі  м%рағат  /орларынан 
табылған  /%жаттарды   ішінде  уа/ыты  жағынан  алғанда  е   алғаш/ыларыны   біріне  жататын  əрі  ;з  /олымен 
толтырылған жеке іс пара/ пен ;мірбаянында /айраткер туған жылын 1912 жыл деп к;рсеткен.  азіргі уа/ытта 
/олда бар м%рағат /%жаттары жəне оны білетін туған-туыстары мен к;зін к;рген адамдар С.ЖCсіпбековты  
дCниеге келген на/ты уа/ыты ретінде 1912 жылды к;рсетеді. 
2.  С.Асфендиаров  атындағы  аза/  %лтты/  медициналы/  университетіні   м%рағаты  (одан  ары  –  аз МУ 
м%рағаты). 2-т., 1406-іс, 1, 8 пп.  
3.  Сырдария  ауданыны   к;ші-/он  істері  бойынша  бас/армасыны   шенеуніктері  жина/таған  материалдар 
бойынша  1910  жылға  /арай  Шымкент  уезіндегі  /аза/  болыстарыны   саны  28-ге  те   болды  //  Материалы  по 
киргизскому  землепользованию  собранные  и  разработанные  чинами  Сыр-Дарьинского  переселенческого  района. 
Сыр-Дарьинская область, Чимкентский  уезд. Том ІІ. Выпуск 2-й. – Ташкент: 1910. – 515 с.   
4.  Адрес-справочник  Туркестанского  края  с  иллюстрациями,  календарем  на  1910  г.,  картой  края  и 
объявлениями. – Ташкент: 1910. – С. 113-114.  
5.  Бендриков  К.Е.  Очерки  по  истории  народного  образования  в  Туркестане  (1865-1924  годы).  –  М.:  Академия 
педагогических наук РСФСР, 1960. – С. 413-414; Культурное строительство в Туркестанской АССР (1917-1924 гг.). 
Сборник  документов.  Т.1.  Культурное  строительство  в  Туркестанской  АССР  в  период  установления  Советской 
власти и гражданской войны (1917-1920 гг.). – Ташкент: Узбекистан, 1973. – С. 95-96. 
6.  Шаруа  жастар  мектебіні   о/у  бағдарламасына  3  жылды   ішінде  келесідей  бағыттар  бойынша  білім  беру 
/арастырылды:  ауыл  шарушылығын  %йымдастыру  бағыты  бойынша  –  жер  шаруашылығы  (топыра/,  оны  
/%рылымы мен ;ндеу техникасы, ты айту, асты/ егу техникасы, дəн тазарту, ауыспалы егіс, ауыл шаруашылығы-

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
99 
на  зиян  келтіретін  жəндіктермен  кCрес  жəне  т.б.),  бау-ба/ша,  мал  шаруашылығы  (т%/ымды  жа/сарту,  малды 
д%рыс кCту мен асырау), ветеринария, физика, химия, ботаника; /оғамды/-саяси тəрбие беру бағыты бойынша – 
/ыс/артылған тCрдегі экономикалы/ география негіздері, тарих, /%/ы/ негіздері // Каменев С.А. Советская трудо-
вая школа. – Ростов-на-Дону, 1925. 
7.  аз МУ м%рағаты. 2-т., 1406-іс, 1, 8 пп. 
8.  Мышко  Н.С.  Рост  образовательного  уровня  населения  Казахстана  в  период  построения  социализма  (1917-
1937  гг.).  (Историко-демографическая  характеристика).  Автореферат  ...  к.и.н.  –  Усть-Каменогорск,  1984; 
Утебалиев Ж.Е. История развития народного образования в Казахстане в годы первой пятилетки (1928-1932 гг.). 
Автореферат ... к.и.н. – Алма-Ата, 1985.   
9. С.ЖCсіпбековты  студент жылдары институтта профессорлар –  %дайберген Ж%банов, 6лімхан Ермеков, 
Санжар Асфендиаров, П.Н. Барышников, доценттер – Телжан Шонан%лы, Сəрсен Аманжолов, Сəкен Сейфуллин, 
М%хтар  6уезов,  Егор  Федоров,  Мырзағазы  Ж%лдыбаев,  Бəймен  Алманов,  С.Брайнин  сынды  республиканы   бетке 
%стар %стаздары мен білікті мамандары /ызмет етті.  
10. 1933-1934 о/у жылында  аза/ педагогикалы/ институтыны  педагогика факультетінде келесідей б;лімдер 
студенттер Cшін /ызмет етті: экономика, тарихи, тіл мен əдебиет, география, биология, химия, физика, матема-
тика, шет тілдер, мектеп педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, педология, дефентология. Б%л б;лімдер келе-
сі жылдан бастап, яғни 1934 жылы факультеттер болып /айта /%рылды //  Р ОММ. Р-1142. 1-т. 16-іс. 15-15 а.п. 
11. 1934 жылды  1 сəуіріне /арай  азПИ «Тарих» кафедрасыны  профессорлы/-о/ытушылы/ /%рамы келесідей 
болды: профессор С.Асфендиаров (ме геруші), доцент Б.Алманов, ассистенттер Коваленко мен Момынов, профес-
сор Корбут //  Р ОММ. Р-1142-/. 1-т. 16-іс. 19 п.  
12.  аза/стан Республикасыны  Орталы/ Мемлекеттік м%рағаты ( Р ОММ). Р-1142-/. 1-т. 19-іс. 158 п. 
13.  Р ОММ. Р-1142-/. 1-т. 19-іс. 108 п. 
14.  Р ОММ. Р-1142-/. 1-т. 22-іс. 132-132 а.п. 
15.  аз МУ м%рағаты. 2-Л-т.51-іс. 9 п.; Абай атындағы  аза/ %лтты/ педагогикалы/ университетіні  м%раға-
ты ( аз ПУ м%рағаты). ЛС (Личный состав – Жеке /%рам)-т. 787-іс. 20-20 а.п.;  аза/ %лтты/ аграрлы/ универси-
тетіні  м%рағаты ( аз АУ м%рағаты). 11-т. 872-іс. 3-3 а.п.  
16. 1930-шы жылдарды  ортасында  азПИ-ді  аспирантурасы келесідей маманды/тар мен кафедралар бойын-
ша ғылыми кадрларды даярлау ісін жCзеге асырды: /аза/ тілі, /аза/ əдебиеті, орыс тілі,  КСРО тарихы, жалпы 
тарих жəне педагогика //  Р ОММ. Р-1142-/. 1-т. 31-іс. 11-12 пп. 
17.  аза/стан  Республикасы  Президентіні   м%рағаты  ( РПМ).  139-/.  1-т.  460-іс.  4  п.;  Коммунистическая 
партия Казахстана. Летопись событий. Часть вторая. 1917-1927 гг. – Алма-Ата: Казахстан, 1985. – С. 217.   
18. Институт истории партии при ЦК КП Казахстана. – Алма-Ата, 1973. – С. 21.  
19.  Тулепбаев  Б.А.,  Янулов  В.К.  Историческая  наука  в  Казахстане  в  1935-1946  годах  //  Великий  Октябрь  и  со-
циально-экономический прогресс Казахстана (историография: опыт и проблемы). Под редакцией Козыбаева М.К. – 
Алма-Ата: Наука, 1987. – С. 217-219.  
20. Джусупбеков С. Социалистическая Алма-Ата. – 1938. – 10 февраля. – №33 (525). 
21.  Джусупбеков  С.,  Кузнецова  О.  Двадцать  лет  назад  (К  25-летию  Советской  власти  в  Алма-Ате)  // 
Казахстанская правда. 1938. – 61 (3138). – 16 марта. 
22.  Джусупбеков  С.,  Кузнецова  О.  Из  прошлого  Алма-Аты:  (Основание  Алма-Ата  1854  г.  Описание  города  до 
революции) // Казахстанская правда. –  1939. – №38 (3417). – 16 февраль 
23.  Джусупбеков  С.  Революционные  традиции:  [г.  Верного]  //  Казахстанская  правда.  –  1939.  –  24  октября.  – 
№245 (3624). 
24.  Джусупбеков  С.,  Ахинжанов  М.  Восстание  казахов  под  руководством  Исатая  и  Махамбета  //  Ленинская 
смена. – 1939. – 10 ноября. 
25. Джусупбеков С. Из прошлого Казахстана // Правда Южного Казахстана, 1939. – 5 декабря. – №278 (2481). 
26. ЖCсіпбеков С. Советтік  аза/станны  /%рылуы тарихынан // Социалистік  аза/стан. – 1940. – 1 июнь. – 
№123 (5429). 
27.  ЖCсіпбеков  С.  аза/ты   Автономиялы  Советтік  социалистік  республикасыны   /%рылуы  //  аза/стан 
коммунисі. – 1940. 
28. Джусупбеков С. Печать Советского Казахстана // Казахстанская правда. – 1940. – 5 мая.; Джусупбеков С., 
Кац Д. Печать Советского Казахстана // Большевик Казахстана. – 1940. – № 5. – С. 27-35. 
29.  Джусупбеков  С.,  Кузнецова  О.  Алма-Ата  –  столица  Казахской  Советской  Социалистической  республики. 
Под общей редакцией Д. Кулитова и Н. Тимофеева. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1939. – 55 с. 
30.  Джусупбеков  С.,  Кузнецова  О.  Алма-Ата  –  столица  Казахской  Советской  Социалистической  республики. 
Под общей редакцией Кулитова Д. и Тимофеева Н. (2-е переработанное издание). – Алма-Ата: Казгосполитиздат, 
1939. – 44 с. 
31.  Джусупбеков  С.  Культура  Советского  Казахстана  //  20  лет  Казахской  ССР.  Под  общей  редакцией     
Бажника Я. – Алма-Ата: Казгосполитиздат, 1940. – С. 192-216. 
32.  аз АУ м%рағаты. 11-т. 872-іс. 10-12 пп. 
33. История Казахстана

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал