Социально-экономическая история



жүктеу 5.1 Kb.

бет11/23
Дата08.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

Резюме 
В  статье  сделан  обзор  трудов  интеллигентов  казахской  диаспоры  Турции,  Китая,  Монголии  и  стран  Европы, 
посвященных  месту  и  роли  в  истории  казахского  батыра,  борца  за  независимость  Восточного  Туркестана  Оспана 
Исламұлы.  Началось  изучение  личностной  и  гражданской  позиции  Оспан  батыра,  преданного  забвению  в  отече-
ственной истории. 
 
Summary 
The  review  of  labours  of  intellectuals  of  the  Kazakh  diaspore  of  Turkey,  China,  Mongolia  and  countries  of  Europe, 
sanctified to the place and role in history of Kazakh athlete, fighter for independence of East Turkestan Ospan Islamulu, is 
done in the article. The study of personality and civil position began Ospan athlete fallen into oblivion in home history. 
 
ТҰРАР РЫСҚҰЛОВТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
О.М. Қоңыратбаев – доцент, « аза/стан тарихы мен мəдениеті» кафедрасы, 
Магистрантура жəне PhD докторантура институты, Абай атындағы  аз ПУ 
 
Бүгін барша əлем мойындап, үлкен беделге ие болып отырған тəуелсіз Қазақстанның тарихы күрделі 
кезеңдерден  тұратыны  белгілі.  Қазақ  халқы  аса  ауыр  саяси,  əлеуметтік-экономикалық  процестерді 
басынан  кешірді.  Ең  ауыр  кезеңнің  бірі  –  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жартысы  болғаны  күмəнсіз.  Ресей 
империясының отарлық саясатының кесірінен қазақ халқының құнарлы да шұрайлы жерлерінен айыры-
луы,  көшпелі  мал  шаруашылығының  дағдарысқа  ұшырауы,  1917  жылғы  орыс  революциялары,  азамат 
соғысы, ашаршылық халыққа ауыр тиді.  
Қазақстан  аумағының  тең  жартысы,  яғни  бүгінгі  Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда 
облыстары  мен  Маңғыстау  облысының  бір  бөлігі  1917-1924  жылдары  əкімшілік  жағынан  Түркістан 
Республикасының құрамында болды. Революция мен азамат соғысы жылдарында Түркістанның басқа да 
мұсылман  халықтары  сынды  қазақтар  да  үлкен  əлеуметтік-экономикалық  апатқа  ұшырап,  сұрапыл 
ашаршылықты басынан өткізді. Миллиондаған қандастарымыз жазықсыз опат болды. 
Елге аса ауыр болған  осындай қиын-қыстау кезеңде Тəңірінің өзі  туған халқына қызмет етуді несіп 
еткен  тарлан  тұлғалар  аз  болған  жоқ,  солардың  бірі  Орталық  Азияның  ірі  саяси  қайраткері  –  Тұрар 
Рысқұлов еді. Ол – Орталық Азия республикалары мен Қазақстанның болашақ саяси жəне экономикалық 
тəуелсіздігінің негізін қалаған тарихи тұлғалардың бірі болды. Тұрар Рысқұлов алдымен Түркістан Респу-
бликасының  Орталық  Атқару  Комитетінің  төрағасы,  артынан  Түркістан  Халық  Комиссарлар  Кеңесін 
басқарды. Орталық Азияның халық шаруашылығын қалпына келтіру жəне өркендету, өндірісті дамыту, 
оқу-ағарту  ісі  жолға  қою,  сауатсыздықты  жою,  халықтардың  саяси-экономикалық  жəне  əлеуметтік 
құқығын теңестіру жəне тағы басқа орасан зор ауқымдағы шараларды іске асырды.  
Тұрар Рысқұловтың (1894-1938) қоғамдық-саяси жəне мемлекеттік қызметі біршама дəрежеде зертте-
лінген.  Тұрар  Рысқұловтың  өмірі  мен  қызметін  зерттеу  өткен  ғасырдың  60-шы  жылдары  басталған 
болатын.  Алғашында  мерзімді  баспасөз  бетінде  көрініс  тапқан  жарияланымдар  бірте-бірте  ірі  ғылыми 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
79 
істеністерге жол ашты. 
1974 жылы, яғни қайраткердің 80 жылдығы қарсаңында белгілі қазақ тарихшылары – С.Б. Бейсембаев 
пен  С.Б.  Көлбаевтың  [1],  90  жəне  100  жылдық  мерейтойына  арнап  В.М.  Устинов  [2]  пен                
О.М. Қоңыратбаевтың [3] еңбектері жарық көрді.  
Тұрар Рысқұловтың сан-салалы қайраткерлік қызметі кейінгі жылдары да үздіксіз зерттелініп келеді. 
Бұл бағытта О.М. Қоңыратбаев [4], М.Əбілтайұлы [5] мен Н.Əбілдаев, А.Исмаилов [6], М.Қойгелдиев [7], 
Т.Омарбеков  [8],  К.Нұрпейісов  [9],  Б.Байрактар  [10],  М.Қ.  Қозыбаев  [11],  М.Х.  Асылбеков  [12],    
В.Н.  Григорьев  [13],  Плосцких  [14]  пен  А.Карымсакова,  М.Жəпек  [15],  Қ.Зардыхан  [16],  А.Жүнісбаев 
[17],  С.Шілдебай  [18],  Д.Қыдырəлі  [19],  Ж.Сүлейменов  [20],  Д.Қамзабекұлы  [21],  Ж.Əшірбекова  [22], 
Е.Күзенбаев [23], М.Қазбек [24] пен Ғ.Маймақов, Қ.Раджабов [25], Д.Аманжолова [26], С.К. Рощин [27], 
Р.А. Нуруллин, М.Буттино [28], Ч.У. Хостлер [29], М. Дж. Пайн [30], И.Огайон [31] жəне т.б. қыруар іс 
атқарды. 2011 жылы «Аңыз адам» сериясының тұтас бір нөмері Тұрар Рысқұловқа арналып, онда көпте-
ген ғалымдар қайраткердің саяси, экономикалық қызметін сарапқа салды [32]. Жоғарыда аттары аталған 
зерттеушілердің  көпшілігі  Тұрар  Рысқұловтың  қоғамдық-саяси  жəне  мемлекеттік  қызметімен  қатар,  өз 
еңбектерінде қайраткердің экономикалық қызметіне де тоқталып отырған. 
2008 жылы бір топ ғалымдар, атап айтқанда, А.Қошанов, О.Сəбден жəне А.Доголов Тұрар Рысқұлов-
тың  экономикалық  көзқарастарына  арналған  еңбекті  [33]  жарыққа  шығарды.  Сондай-ақ,  О.Сəбден  [34] 
бұл тақырыпта бірнеше мақала жариялады. 
Түркістан-Сібір темір жолын салудағы Тұрар Рысқұловтың еңбегі туралы Ф.Осадчийдің [35] құжат-
тық повесі мен Түркістан-Сібір темір жолын салуға Жəрдемдесу комитетінің құжаттары жарияланды [36]. 
Осы кезеңде қайраткердің төл туындыларын жинастыру, кітап етіп бастыру жұмыстары қолға алынды. 
1984  жылы  Тұрар  Рысқұлов  еңбектерінің  1  томдық  таңдамалы  жинағы  [37],  1997  жылы  академик 
К.Нұрпейісов  пен  В.Н.  Григорьевтің  құрастырумен  3  томдығы  [38],  ал  2007  жылы  5  томдығы  жарық 
көрді  [39].  Қайраткер  еңбектерін  жинастыруға  белгілі  тұрартанушы  М.Серікбаев,  баспаға  даярлауда 
Х.Алдажұманов  пен  С.Смағұлова  үлкен  жұмыс  атқарды.  Бұл  жинақтарда  қайраткердің  экономикалық 
көзқарастары мен Орталық Азиядағы экономикалық қызметін талдауға негіз болар тарихи құжаттар мен 
деректер мол қамтылған. 
Жоғарыда есімдері аталған авторлардың Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қайраткерлік қызметін зерттеу-
де үлкен еңбек сіңіргені айқын. Десек те тұрартанудың жаңа кезеңі енді ғана басталды.   
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Қазақстан мен Орталық Азия, Ресей мен Моңғолия тарихында өшпес 
із қалдырған Тұрардың 44 жыл ғана өмір сүріп, сталиндік репрессияның құрбаны болғаны белгілі. Саяси 
дүрбелең дəуірде тез есейіп, ел басқару ісіне ерте араласқан Тұрар табиғи талантының арқасында талай 
белестерге көтеріліп, қыруар істер тындырды.  
Тұрар Рысқұлов сынды ірі тарихи тұлғаның 1917-1937 жылдардағы сан-салалы экономикалық қызме-
тін бір мезетте зерттеп шығудың мүмкін еместігін ескере отырып, авторлар аталған жоба аясында басты 
назарды  қайраткердің  Орталық  Азиядағы  экономикалық  қызметінің  негізгі  кезеңдері  мен  бағыттарын 
зерттеуге күш салды. Қайраткердің саяси-мемлекеттік қызметіне қатысты тыңғылықты зерттеу жұмыста-
ры  жүргізілгенімен  де,  оның  экономикалық  қызметінің  ашылмаған  тұстары  жеткілікті,  сондықтан  да 
авторлар оқырманға ұсынылып отырған «Тұрар Рысқұловтың Орталық Азиядағы экономикалық қызметі» 
атты кітапта осы мəселелерді кешенді зеттеуді мақсат тұтты.  
Ал, Тұрар Рысқұловтың экономикалық қызметінің Моңғолия мен Ресей кезеңдері арнайы жоба аясын-
да зерттеуді қажет етеді.  
Тұрар  Рысқұловтың  Орталық  Азиядағы  экономикалық  қызметін  жан-жақты  талдау  үшін  алдымен 
қайраткердің өмірі мен қызметіне қысқаша тоқтала кеткен жөн, онсыз мəселенің ашылмасы анық.  
Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда қазіргі Алматы облысының Талғар өңірінде дүниеге келе-
ді [40]. Тұрардың əкесі – Рысқұл Жылқайдарұлы елге атағы жайылған кəнігі аңшы болған. Рысқұл батыр 
Талғар тауының табиғи жағдайын жақсы білген, 1903 жылы ол зерттеуші С.Д. Димитиревке Талғар тауын 
зерттеуге көмектеседі. Есік өзенінің бастауындағы мұзды алқап «Рысқұл алқабы» деп аталады [41]. Нақақ 
жалаға ұшыраған Рысқұл 1904 жылы 20 желтоқсанда патша болысын атып өлтіріп, Сібірге айдалады [42].  
Жастайынан жергілікті қазақ байлары мен келімсек орыс кулактарының қорлығын көрген Тұрар бала 
күнінен-ақ əлеуметтік теңсіздікті жою туралы армандап өсті. Есейе келе Тұрардың бойында əлеуметтік 
əділетсіздікпен қоса, ұлттық езгіге қарсы күрес рухы оянады. Қазақ даласына ішкі Ресейден орыс мұжық-
тарының қаптап келуі, көшпелі қазақтың атамекенде жүріп мүсəпір жағдайға түсуі – бала Тұрардың көз 
алдында өткен құбылыс.  
Рысқұл  Сібірге  айдалғаннан  кейін,  Тұрарды  туыстары  Əулиеата  уезінің  Меркі  ауылына  алып  кетіп, 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
80 
жергілікті орыс-түздік мектебінде оқытады. Тұрар жаз айларында Аспара байларының қойын бағады [43]. 
1910-1914 жылдары Тұрар Пишпектегі екінші дəрежелі ауыл шаруашылығы училищесінде оқиды [44].  
1916 жылы 25 маусымда патша үкіметінің майдандағы қара жұмысқа 19-43 жас аралығындағы бұрата-
налардан жұмысшы алу туралы жарлығы Орталық Азияда ірі ұлт-азаттық көтерілістің тұтануына септігін 
тигізеді  [45].  Тұрар  Меркі  көтерілісіне  қатынасады.  Меркі  көтерілісі  қыркүйек  айының  соңына  таман 
жазалаушы əскер күшімен басып-жаншылады [46]. 
Тұрар  Рысқұлов  1916-1918  жылдары  Ташкент  мұғалімдер  институтының  екі  курсын  тəмамдайды. 
1916 жылы 19 қыркүйекте Тұрардың атына №31 жеке іс ашылады, ол істегі соңғы мəлімет 1918 жылы 6 
сəуірінде  тіркелген  [47].  Тұрар  оқи  жүріп  бағбандық  жұмыспен  айналысып,  күн  көреді.  Əлеуметтік 
жағынан  қорғансыз,  жетім  Тұрардың  қаншалықты  дəрежеде  қаражат  қыспағына  түскеніне  оның  1916 
жылы қазан айында институт директорына жасаған өтініші дəлел бола алады [48].  
1917  жылы  көктемде  Тұрар  Меркіде  «Бұқара»  ұйымын  (Қазақ  жастарының  революциялық  одағын) 
құрады.  Тұрардың  жетекшілігімен  одақ  мүшелері  аштықпен  күрес  мəселесін  қолға  алады.  Түркістан 
өлкесінде ең алғашқы қоғамдық тамақтандыру орындары Меркіде ұйымдастырылды [49].  
1914  жылдан  бері  жүріп  жатқан  бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Түркістан  халықтарына  аса  ауыр  тиді. 
Соғыс пен 1916 жылғы көтеріліс кезінде жергілікті халық қатты зардап шекті. 1917 жылғы қуаңшылық 
пен революциялық дүрбелең кесірінен Түркістан өлкесінде азық-түлік мəселесінде апатты жағдай қалып-
тасады. Əсіресе, аса ауыр жағдай Əулиеата уезінде орын алады.  
Жылдың  соңына  таман  Түркістанда  қарулы  орыс  жұмысшылары  мен  солдаттарының  монополиялы 
билігі орнайды. Олар билікпен қоса азық-түлікке де монополиялы бақылау орнатады. Жұмысшы-солдат 
кеңестері қалалардағы еуропалықтар мен əскерилерді ғана асырауды қамтамасыз етіп, ал өлкенің негізгі 
тұрғындары – мұсылман жұртшылығын азық-түлік қорына жолатпайды. 
Мұсылман  халықтарының  ортасында  басталып  келе  жатқан  сұрапыл  ашаршылықты  сезінген  Тұрар 
1918  жылы  сəуірде  институттағы  оқуын  тоқтатып,  Əулиеатаға  аттанады.  Тұрар  жергілікті  сауатты 
жастарды саяси билік пен əскери күшке ие болып отырған кеңес үкіметіне кіруге үгіттейді, аштан қырыла 
бастаған қазақ жұртын арашалап алу үшін басқа жолдың жоқтығын түсіндіреді.  
1918 жылы 21 сəуірде Тұрар Рысқұлов Əулиеата қаласында алғашқы уездік қазақ съезін ұйымдастыра-
ды [50]. Жазда ол уездік кеңестің төрағасы болып сайланады.  
Тұрар  Рысқұловтың  1918-1919  жылдардағы  Түркістандағы  сұрапыл  ашаршылық  кезінде  Аштықпен 
күресетін  Орталық  комиссия  құрып,  миллиондаған  мұсылман  баласын  арашалап  алғаны  белгілі;  бірақ, 
өкінішке  қарай,  аталған  комиссияның  құжаттары  толық  зерттелінбей  келеді.  Орталық  комиссияның 
құжаттары жинастырылып, бір жүйеге келтірілген жоқ. Ал, аталған комиссияның қызметі бүкіл Орталық 
Азия  аймағын  қамтыған  болатын.  1919  жылы  Орталық  комиссияның  құзырында  1200-дей  қоғамдық 
тамақтандыру  орындары,  жетім  балалар  үйлері,  қолөнер  шеберханалары,  көшпелі  ауруханалар  мен 
емханалар, егіс алқаптары, суландыру жүйелері жəне т.б. болды. Оларда екі миллиондай ашыққан халық 
жұмыс істеп, күнелтті. Орталық жəне жергілікті комиссиялардың құрамында 11 000 мұсылман жастары 
қызмет атқарып, халықты құтқару ісімен айналысты. Аса ауыр саяси-экономикалық ахуалда осыншама 
көлемдегі  жұмыстарды  тыңғылықты  ұйымдастыра  білген  Тұрар  Рысқұловтың  экономикалық  қызметі 
Орталық комиссияның құжаттары жарияланған жағдайда толық ашыла түсері хақ. 
1919 жылы Тұрар Рысқұлов мұсылман халқының саяси-экономикалық құқықтарын қорғаушы ұйым – 
Мұсылман бюросын басқарды. Мұсылман бюросының тарихы туралы зерттеу еңбектері жарияланғаны-
мен  де,  аталған  ұйымның  экономикалық  қызметі  жеткілікті  дəрежеде  зерттелінген  жоқ.  Мұсбюроның 
мəжіліс хаттамаларын жариялау қазіргі таңда аса маңызды болып отыр, онсыз мұсылман қайраткерлері-
нің  қызметін  толық  түсіну  мүмкін  емес.  Тұрар  Рысқұлов  Мұсылман  бюросын  ұйымдастыру  арқылы 
Орталық  Азияның  мұсылман  бұқарасына  экономикалық  жағынан  үлкен  қолғабыс  көрсетті.  Азамат 
соғысы жағдайында жұмыс істеген Мұсбюро Тұрар Рысқұловтың басшылығымен жүздеген мың мұсыл-
ман босқындарын экономикалық апаттан аман алып қалды. 
Тұрар Рысқұлов 1920 жылдың алғашқы жартысында Түркістан Республикасы кеңестерінің Орталық 
Атқару  Комитетін  басқарды,  ол  республика  басшылығына  келген  жергілікті  халықтың  тұңғыш  өкілі 
болды. Оның жетекшілігімен Түрікатком республиканың саяси, əлеуметтік, экономикалық, əскери жəне 
мəдени өмірінде аса маңызды өзгерістерге басшылық жасады. Республикасының заң актілері мен заңдық 
күші бар қаулыларын қабылдауға, əкімшілік-ұйымдастырушылық жəне бюджеттік сипаттағы практика-
лық  мəселелерді  шешуге,  үкімет  мекемелері  мен  комиссариаттардың  қызметіне  басшылық  етті.  Тұрар 
Рысқұловтың  Түрікатком  төрағасы  ретінде  ерекше  көңіл  қойған  мəселесі  –  патша  үкіметінің  отарлау 
саясатының экономикалық зардаптарын жою болды. Орыс шаруаларын қарусыздандыруға жəне көшпелі 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
81 
халықтардың ата қоныс мекендерін қайтаруына қол жеткізді. Ол 1916 жылғы босқындар мəселесі бойын-
ша үкіметтің арнайы комиссиясын құрады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің босқындарына қолдан 
келген  көмегін  көрсетті.  Босқындардың  туған  жеріне,  ата  қоныс  мекендеріне  орналасуына  мүмкіндік 
туғызды. Тұрар 1920 жылы Кремльдің алдында Түркістанның саяси жəне экономикалық егеменді туралы 
мəселе көтереді. Тұрар  Рысқұловтың Түрікатком төрағасы қызметінде Орталық Азияның экономикасына 
сіңірген еңбегін ашып бере алатын тарихи құжаттардың көп бөлігі əлі күнге дейін жарияланған жоқ. Атап 
айтқанда, Тұрар Рысқұловтың басшылығымен өткен Түрікатком мəжілістерінің хаттамалары, экономика-
лық  кеңестер  мен  жиындардың  есептері,  халық  шаруашылығының  түрліше  саласын  дамыту  бойынша 
жасалған баяндамалар, федерациялық экономикалық ұйымдар мен мекемелермен арадағы қатынас хатта-
ры оқырманға мүлдем таныс емес. Ал, бұл материалдарда қайраткердің аталған кезеңдегі экономикалық 
қызметін ашып бере алатын тарихи мəліметтер мен деректер аса мол. 
Тұтас  Түркістан  идеясы  үшін  Кремль  Тұрар  Рысқұловты  1920  жылы  жазда  Түркістаннан  кетуге 
мəжбүр етті [51].  
1920  жылдың  екінші  жартысы  мен  1922  жылдың  алғашқы  жартысында  Тұрар  Рысқұлов  Коминтерн 
мен  РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық  комиссариатында  қызмет  атқарды.  Комиссариатта  Тұрар 
Рысқұлов Орталық Азия аймағына жауапты болды. Ол Қазақстанның, Түркістанның, Бұқара мен Хорезм-
нің, Татарстан мен Башқұртстанның өкілдерінен құрылған арнайы комиссияға жетекшілік етті. РКФСР-
дің  ұлт  аймақтарының  өндіргіш  күштерін  дамыту  съезін  даярлау  комиссиясының  мүшесі,  Мəскеу 
Шығыстану  институтының  қызметін  тексеру  комиссиясының  төрағасы,  қуашылыққа  ұшыраған  аймақ 
тұрғындарына  жұмыс  малын  тарату  комиссиясының  төрағасы,  жер  мəселелері  бойынша  Федеральдық 
комитет  туралы  ереже  жобасын  даярлау  комиссиясының  төрағасы,  РКФСР  Ұлт  істері  жөніндегі  халық 
комиссариаты жанындағы Халық ағарту ісі бойынша Федеральдық комитет туралы БОАК қаулысының 
жобасын  даярлау  комиссиясының  төрағасы,  Башқұрт  АКСР-інің  шекарасын  анықтау  комиссиясының 
төрағасы, Мəскеу Шығыстану институтының 1922-1923 оқу жылында Мемлекеттік қабылдау комиссия-
сының төрағасы,  Петроградтағы Шығыстың  тірі тілдерінің Орталық  институты туралы ереже жобасын 
даярлау  комиссиясының  төрағасы,  Мəскеу  Шығыстану  институты  мен  Петроградтағы  Шығыстың  тірі 
тілдері  институтындағы  студенттер  вакансияларын  бөлу  комиссиясының  төрағасы,  Шығыс  халықтары-
ның  Орталық  баспасын  ұйымдастырып,  басқармасын  тағайындау  жəне  баспаның  ережесін,  штатын, 
сметасын  белгілеп,  БОАК-қа  ұсынылатын  қаулы  жобасын  даярлау  комиссиясының  төрағасы,  Шығыс 
еңбекшілерінің Коммунистік университеті жанынан Жұмысшы факультетін ұйымдастыру жəне факуль-
тет туралы ережені, оның штаты мен сметасын белгілеп, БОАК-қа ұсынылатын қаулы жобасын даярлау 
комиссиясының  төрағасы,  Мəскеу  қаласы  мен  Мəскеу  облысындағы  босқын  мұсылман  балаларына 
көмектесу  комиссиясының  төрағасы,  Мəскеу  Шығыстану  институтының  250  студентіне  арнап  жеке 
жатақхана ашу комиссиясының төрағасы, Мəскеу қаласында Шығыс еңбекшілерінің үйін ұйымдастыру 
комиссиясының төрағасы жəне т.б. үкімет комиссияларының төрағасы ретінде Тұрар Рысқұлов Орталық 
Азия республикаларына тікелей қатысты, аса маңызды мəселерді шешіп отырды.  
Тұрар Рысқұловтың РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссарының орынбасары ретінде атқарған 
сан-салалы қызметінің маңыздыларының бірі – Шығыс халықтарының Орталық баспасын ұйымдастыруы 
еді. Тұрар Рысқұлов аталған баспаның тұңғыш төрағасы болды. Тұрар Рысқұлов Шығыс халықтарының 
Орталық баспасын құру туралы БОАК қаулысының жобасын, баспаның ережесін, штаты мен сметасын өз 
қолымен  даярлап,  баспаның  мекен-жайын,  материалдық-техникалық  базасын  жасақтап  берді.  Тұрар 
Рысқұлов  құрған  Шығыс  халықтарының  Орталық  баспасы  КСРО-ның  түркі-мұсылман  халықтарының 
сауатын  ашу,  ұлт  тілдерінде  оқулықтар  мен  кітаптар  шығару  мəселесінде  ұзақ  жылдар  бойы  Одақ 
көлеміндегі  аса  маңызды  баспа  рөлін  атқарды.  Аталған  баспадан  Орталық  Азия  халықтарының  тілінде 
көптеген экономикалық жанрдағы кітаптар жарық көрді. 
1921 жылы 19 наурызда Тұрар Рысқұлов Ленин мен Сталинге арнайы хат жазып, оларды Орта Азияда 
патша үкіметінің отарлық саясатының зардаптарын тездете жою үшін кең көлемде жер-су реформасын 
жүргізуді  ұсынады.  1921-1922  жылдардағы  Түркістандағы  жер-су  реформасы  –  Тұрар  Рысқұловтың 
Кремльге қысымынан кейін ғана қолға алынған шара болатын.  
1922 жылдың қазан айынан – 1924 жылдың қаңтар айына дейін Тұрар Рысқұлов Түркістан Республи-
касының Халық Комиссарлар Кеңесін басқарды. Тұрар Рысқұлов үкіметі Түркістанның халық шаруашы-
лығын қалпына келтіріп, жаңа экономикалық саясаттың механизмін енгізді. Ол Орталық Азия республи-
каларының  экономикалық  одағын  құруға  көп  күш  салды.  Орталық  Азия  республикаларын  (Түркістан, 
Қазақстан, Бұқара жəне Хорезм) экономикалық жағынан біріктірмей аймақтың шаруашылығын, əсіресе 
ауыл шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендету мүмкін емес болатын. Соғыс пен қуаңшылық, аштық 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
82 
жылдарында  мал  басының  апатты  көлемде  кемуінің  орнын  толтырды.  Аймақ  экономикасы  үшін  мал 
шаруашылығының, əсіресе көшпелі мал шаруашылығының маңызы зор болды. Мал шаруашылығының 
дамуы ауа-райына, шабындықтың күйіне жəне табиғи жайылымның жағдайына тікелей тəуелді болған-
дықтан төрт түлік малдың тұқымын жақсарту, мал өнімдерімен сауда жасауды ұлғайту, жүн мен теріні 
өңдеу  ісін  жолға  қойды.  Суландыру  жүйелерін  қалпына  келтіру  тек  өзара  күш  біріктіргенде  ғана  іске 
асатын проблемаға еді. Өзара ортақ өнеркəсіп, сауда, қаржы жəне көлік саясатын бірігіп жүргізу қажетті-
лігі туды. Осы мақсатта 1923 жылы 5-9 наурызда Тұрар Рысқұлов Ташкентте Орталық Азия республика-
ларының І экономикалық  конференциясын ұйымдастырады. Тұрар Рысқұлов қаржы, сыртқы саясат, ішкі 
жəне  сыртқы  сауда,  транспорт,  оқу-ағарту,  мəдениет,  мақта  шаруашылығы,  ирригация,  аймақтағы  су 
ресурстарын  ортақ  пайдалану,  экономикалық  аудандастыру  мəселелері,  орман  шаруашылығын  қорғау 
жəне  дамыту,  жер  шаруашылығы  саясаты  жəне  жер-су  реформасын  аяқтау,  өндіріс  пен  мемлекеттік 
сауда,  кооперация  мəселелерін  бірігіп  шешу,  біртұтас  ақша  айналымы  аумағына  кіру,  біртұтас  салық 
жүйесін  құру  жəне  тағы  басқа  да  аса  маңызды  салалар  мен  істерді  бірлесе  шешу  үшін  Орталық  Азия 
республикаларының Экономикалық Кеңесін құрады. Оның құзырына: шаруашылық жоспарларын жасау, 
үйлестіру, бекіту, жалпы заңдар жүйесін əзірлеу, сауда мен қаржы саясатын біріктіру, азық-түлік саяса-
тын белгілеу жəне халыққа қажетті күнделікті тұтынатын тауар өндірісін жоспарлау, республикалардағы 
шикізат,  отын-жанармай  қорын  бақылауға  алу,  əлеуметтік  қамсыздандыру  шараларын  белгілеу  міндеті 
кірді.  Орталық  Азия  Экономикалық  Кеңесінің  жанынан  сыртқы  сауда,  қатынас  жолдары,  байланыс, 
статистикалық басқарма, қаржы бөлімдері ұйымдастырылды.  
Сауатсыздықты жоймай халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендету мүмкін емес еді, сондық-
тан  да  Тұрар  Рысқұловтың  ерекше  көңіл  бөлген  саласының  бірі  –  оқу-ағарту  мəселесі  болды.  Тұрар 
Рысқұлов  басқарған  үкімет  1922  жылы  халық  ағарту  ісіне  мемлекеттік  бюджеттің  30%-ға  дейінгі,  ал 
жергілікті  бюджеттердің  24%-на  дейінгі  бөлігін  босату  туралы  шешім  қабылдайды.  Мұндай  көлемдегі 
пайыздық қаржы білім саласына одан кейінгі онжылдықтардың бірде-бірінде бөлінген емес.  
Орталық  Азияның  экономикасын  өркендету  ісінде  Тұрар  Рысқұлов  басқарған  Қаржы  комитетінің 
орны ерекше. Экономиканы өркендету ісі ең алдымен қаржы мəселесінің дұрыс шешілуіне тəуелді еді. 
Қаржы  мəселесі  шешілмей  экономиканы  өркендету  мүмкін  емес  еді.  Тұрар  Рысқұловтың  ең  алдымен 
қолға алған саласы – қаржы мəселесі болды.  
Тұрар Рысқұлов басқарған Қаржы комитетінің қызметі мүлдем зерттелінбеген, ол туралы осы уақытқа 
дейін бірде-бір ғылыми еңбек жарияланбаған. Қаржы комитетінің сан алуан қызметінен мəлімет беретін 
тарихи құжаттар жинастырылып, ғылыми айналымға енгізілмеген. Ал бұл құжаттар мен материалдардың 
Қазақстанның саяси жəне экономикалық тарихын қалпына келтіру ісінде маңызы орасан зор. Экономика 
тарихында  орын  алып  отырған  осындай  олқылықтың  орнын  толтыру  үшін  Тұрар  Рысқұлов  басқарған 
Қаржы комитетінің құжаттары мен материалдарын жинастырып, жарыққа шығару қажет. Қаржы комите-
тінің  құжаттары  мен  материалдары  жеке  томды  құрайды.  Бұл  құжаттар  мен  деректік  мағлұматтар 
болашақ зерттеулер үшін материалдық база болып табылады. Қаржы комитетінің мүлдем зерттелінбеуіне 
байланысты осы кітаптың қосымшасында оның мəжілістерінің бірнеше хаттамаларын тіркеп отырмыз. 
Кремльдің шешімімен 1924 жылы Орталық Азияда ұлттық-территориялық межелеу саясаты [52] іске 
асырылып,  барлық  жағынан  Мəскеуге  тəуелді  республикалар  құрылады  да,  Тұрар  Рысқұловты  Комин-
терннің орталық аппаратына жұмысқа ауыстырып жібереді. Тұрар Рысқұлов 1924-1925 жылдары Комин-
терннің өкілі ретінде Моңғолияға жіберіліп, ол бауырлас моңғол халқының қазіргі заманғы өркениетке 
қол созуына көмек көрсетті [53].  
РКП (б) Орталық Комитеті 1926 жылы көктемде Тұрар Рысқұловты Қазақстанға жібергенімен де, үш 
ай  өтпей  жатып  қайтадан  кері  шақыртып  алып,  РКФСР  үкіметі  төрағасының  орынбасары  қызметіне 
тағайындайды. Бұл – Кремльдің Қазақстанды жеке-дара билеп-төстеуге кіріскен Ф.И. Голощекинге қарсы 
тұра алатын саяси тұлғадан құтылу саясаты болатын.  
РКФСР  үкіметінің  төрағасының  орынбасары  ретінде  Тұрар  Рысқұлов  1926-1937  жылдары  Орталық 
Азия үшін тарихи маңызы бар талай істер атқарды. 1926 жылы ол ұлт республикаларының құқықтарын 
кеңейту,  республикаларда  жергілікті  халықтардың  мүддесіне  сай  келетін  экономикалық  саясат  жүргізу 
мəселесі бойынша Мəскеудің рұқсатынсыз ұлт қайраткерлерінің жеке кеңесін ұйымдастырып, қабылдан-
ған қаулыны Кремль көсемдеріне тапсырады. 1926-1930 жылдары Тұрар Рысқұлов Орталық Азия халық-
тары үшін аса маңызды Түркістан-Сібір темір жолынының құрылысына Жəрдемдесу комитетін басқара-
ды. 1932-1933 жылдары Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» саясатының кесірінен басталған Қазақстандағы 
сұрапыл ашаршылық кезінде Тұрар Рысқұлов босқын халықты құтқару үшін ерең ерлік жасады [54].  
Тұрар Рысқұлов 1929 жылдан бастап И.В. Сталиннің жеке-дара билігіне қарсы құрылған оппозиция-

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
83 
лық күштермен одақтасады [55]. Бұл кезде И.В. Сталиннің тобы саяси билікті өз қолдарына шоғырланды-
рып,  жаңа  орыс  империясын  құруға  бағыт  алған  болатын.  Басқа  да  кеңес  республикалары  сияқты 
Орталық Азия республикалары да саяси-экономикалық құқықтарынан айырылып, əкімшілік басқарылуы 
жағынан бірте-бірте Ресейдің ішкі облыстарының дəрежесіне дейін құлдыраған еді. И.В. Сталиннің озбыр 
саясатына  қарсы  оппозициялық  күштердің  бір  тобы  РКФСР  үкіметінде  шоғырланды.  Ол  топты  Тұрар 
Рысқұловпен қызметтес С.И. Сырцов басқарды. Олар И.В. Сталиннің индустрализация мен коллективиза-
ция  саясатын  іске  асыру  тəсілдерін  елді  дағдарысқа,  халықты  қырғынға  алып  баратын  саясат  ретінде 
айыптайды  [56].  С.И.  Сырцов  тұтқындалғаннан  кейін  арнайы  органдар  Тұрар  Рысқұловты  бақылауды 
күшейтеді. Мəскеудегі қызметінде Тұрар ұстараның жүзіндей қауіпті саяси ахуалда жұмыс істеді. Тұрар 
Рысқұловты  1937  жылғы  сталиндік  үлкен  террор  кезінде  «халық  жауы»  деген  жаламен  тұтқындалып, 
жазықсыз опат болды.  
Тұрар Рысқұловтың Орталық Азиядағы экономикалық қызметіне қатысты тарихи деректер мынадай 
мұрағат  қорларынжда  сақталған:  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Мұрағаты  (ҚРПМ),  Қазақстан 
Республикасының Орталық Мемлекеттік Мұрағаты (ҚРОММ), Жамбыл облыстық мемлекеттік мұрағаты 
(ЖОММ),  Қырғыз Республикасының  Орталық Мемлекеттік Мұрағаты (ҚырРОММ), Өзбекстан Респуб-
ликасының Орталық Мемлекеттік Мұрағаты (ӨРОММ), Өзбекстан Республикасы Президенті Аппараты-
ның Мұрағаты (ӨРОММ), Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаты (ГАРФ), Ресейдің əлеуметтік-
саяси тарихының мемлекеттік мұрағаты (РГАСПИ) жəне т.б. 
Сондай-ақ,  Тұрар  Рысқұловтың  Орталық  Азиядағы  экономикалық  қызметіне  қатысты  мəліметтерді 
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында жарық көрген мерзімді басылымдардан табуға болады, атап айтқанда: 
«Наша газета»  (Ташкент),  «Бірлік туы»  (Ташкент),  «Военная мысль»  (Ташкент),  «Военно-исторический 
журнал» (Москва), «Жизнь национальностей» (Москва), «Известия ТурЦИКа» (Ташкент), «Исторический 
архив»  (Москва),  «Красная  летопись  Туркестана»  (Ташкент),  «Коммунистическая  мысль»  (Москва), 
«Новый  Восток»  (Москва),  «Пролетарская  революция»  (Москва),  «Революция  и  национальности» 
(Москва),  «Советский  Туркестан»  (Ташкент),  «Туркестанский  коммунист»  (Ташкент),  «Туркестанский 
курьер» (Ташкент), «Большевик Казахстана» (Алма-Ата) жəне т.б.  
 
1. Бейсембаев С.Б., Кульбаев С.Б. Турар Рыскулов. – Алма-Ата, 1974. 
2. Устинов В.М. Турар Рыскулов: (Очерки политической биографии). – Алматы: Казахстан, 1996. – 464 с. 
3. 
о ыратбаев  О.М.  Т%рар  Рыс/%лов:  /оғамды/-саяси  жəне  мемлекеттік  /ызметі.  ТCркістан  кезе і 
(1894-1924 жж.). – Алматы:  аза/стан, 1994. – 448 б. 
4.  о ыратбаев  О.М.,  ЖCрсінбаев  Б.А.,  ЖCнісбаев  А.6.  Мені  та ғалдырған  т%лғалар:  Ахмет  Байт%рсынов 
(1872-1938), Санжар Асфендиаров (1889-1938), Т%рар Рыс/%лов (1894-1938). Жоғарғы о/у орындарына арналған о/у 
/%ралы. – Алматы: Н%р-Принт, 2011. – 328 б.,  о ыратбаев О.М., ЖCнісбаев А.6. М%сылман Бюросы – егемендік 
идеясыны  жаршысы (1919-1920). – Алматы: ИП «Уатханов баспасы», 2011. – 246 б.,  о ыратбаев О. «Гержод 
iсiнi » жойылуы жəне ондағы Т.Рыс/%ловты  р;лi –  азМУ хабаршысы. Тарих сериясы, 2003. - №4. – 110-115 б., 
о ыратбаев О.М. Т.Рыс/%ловты  ТCркістан Республикасындағы саяси, мемлекеттік /ызметіне /атысты дерек-
тер  –  Т%рар  Рыс/%ловты   110  жылдығына  арналған  халы/аралы/  ғылыми  конференцияны   материалдары.  – 
ТCркістан: Х ТУ, 2005. -90-96 бб.,  о ыратбаев О.М.  аза/ зиялылары жəне ТАКСР Ке естеріні  Орталы/ Ат/а-
ру Комитеті жанындағы  аза/ б;ліміні  /ызметі (1920-1922 жж.) – Т%рар Рыс/%ловты  110 жылдығына арнал-
ған халы/аралы/ ғылыми конференцияны  материалдары. ТCркістан: Х ТУ, 2005.-195-210 б.,  о ыратбаев О.М. 
ТCркістан  Республикасындағы  1917-1919  жылдардағы  ашаршылы/  жəне  Т%рар  Рыс/%лов  бас/арған  Ашты/пен 
кCресетін Орталы/ комиссияны  /ызметі – Білім беру жəне ғылым: даму к;кжиегі. Халы/аралы/ ғылыми-тəжіри-
белік конференция материалдары. 26 наурыз, 2010 жыл. Абай атындағы  аз ПУ, Магистратура жəне PhD докто-
рантура институты. – Алматы, 2010. – 40-43 б.,  о ыратбаев О.М. Т%рар жəне 6лихан / Абай атындағы  аз ПУ 
хабаршысы. «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, 2010. - №3 (26). – 105-109 б.,  о ыратбаев О.М. 
Т%рар Рыс/%лов – РКФСР  лт істері ж;ніндегі халы/ комиссариатыны  6зірбайжан Республикасындағы ;кілетті 
;кілі (1921 жыл, а/пан-сəуір айлары) / Абай атындағы  аз ПУ хабаршысы. «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылым-
дар» сериясы, 2011. - №1 (28). – 74-83 б.,  о ыратбаев О.М. Т%рар Рыс/%лов жəне Т%тас ТCркістан идеясы – « лт-
азатты/ /озғалыстар тарихы: тəуелсіздікке бастар жол» атты республикалы/ ғылыми-теориялы/ конференция 
материалдары. Абай атындағы  аз ПУ, 17 маусым, 2011 жыл. – «История национально-освободительных движе-
ний: путь к независимости». Материалы республиканской научно-теоретической конференции. – Алматы: КазНПУ 
имени Абая, 2011. – 33-41 б.,  о ыратбаев О.М. Т%рар Рыс/%лов жəне 1916 жылғы %лт-азатты/ к;теріліс мəселе-
лері  /  « лт-азатты/  /озғалыстар  тарихы:  тəуелсіздікке  бастар  жол»  атты  республикалы/  ғылыми-теориялы/ 
конференция материалдары. – 13-20 б.,  о ыратбаев О.М. Т%рар жəне ТCркістан студенттері – Абай атындағы 
аз ПУ хабаршысы. «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, 2011.-№3(30).-62-70б.,  о ыратбаев О.М. 
ТCркі  халы/тарыны   туыс/анды/  бірлігін  к;кседі  (Т%рар  Рыс/%лов  туралы)  –  Ж%лдыздар  отбасы  –  А ыз  адам 
(Журнал-кітап). 2011. - №10 (22). – 21-26 б.,  о ыратбаев О.М. Т%рар Рыс/%лов жəне Мəскеу Шығыстану инсти-
туты –  оғам жəне дəуір. 2012. - №1. – 67-73 бет жəне т.б. 
5. 6білтай%лы М., 6білдаев Н. Т%рар Рыс/%лов Мо ғолияда. – Алматы, 1994. – 84 б. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
84 
6. Исмаилов А. Турар Рыскулов и его время. – Шымкент, 2004. 
7.  ойгелдиев  М.  лтты/  саяси  элита.  ызметі  мен  тағдыры  (XVII-XX  ғғ.).  Зерттеулер.  –  Алматы:  Жалын, 
2004. – 400 б. 
8. Омарбеков Т.  аза/стан тарихыны  ХХ ғасырдағы ;зекті мəселелері. К;мекші о/у /%ралы. – Алматы: Dнер, 
2003. – 552 б. 
9.  Н%рпейіс  К.  Тарихи  т%лғалар.  –  Алматы:  « аза/  энциклопедиясыны »  Бас  редакциясы,  2007.  –  376  с., 
Н%рпейіс%лы К. Алаш а/и/аты. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010. – 424 б. 
10.  Байрактар  Б.  Т.  Рыс/%лов  жəне  %лы  тCрік  əлемі  идеясы  –  Т%рар  Рыс/%ловты   110  жылдығына  арналған 
халы/аралы/ ғылыми конференцияны  материалдары. ТCркістан: Х ТУ, 2005. – 20-34 б. 
11.  озыбаев М. Т%лғалар т%ғыры. /  %растырған  озыбаев І. – Алматы: « азА/парат», 2009. – 540 с. 
12. Асылбеков М.Х. Турар Рыскулов и Мухамеджан Тынышбаев на Турксибе – Отечественная история. 2000. - 
№1-2. – С. 113-118. 
13. Ахметова Л.С., Григорьев В.К., Шойкин Г.Н. Алихан Букейханов – поиск ориентиров. Ахмет Байтурсынов – 
главное обретение государственности. Турар Рыскулов – яркий политик Советского Востока. Учебное пособие. – 
Астана, 2008. – 160 с. 
14. Плоских В., Карымсакова А. Турар Рыскулов в истории Кыргызстана – Труды Института мировой культу-
ры. Выпуск 6. – Бишкек-Лейпциг: Илим, 2005. – С. 207-226. 
15.  Жəпек  М.С.  Т.Рыс/%лов  публицистикасындағы  экономикалы/  к;з/арас  –  арМУ  хабаршысы.  Филология 
сериясы, 2008. - №3. – 157-164 бб., Жəпек М. Т.Рыс/%ловты  жары/ к;рген тарихи-публицистикалы/ кейбiр е бек-
терiне шолу –  арМУ хабаршысы. Филология сериясы, 2011. - №1. – 110-117 б. 
16. Зардыхан  . Мо ғолиядағы /аза/тарды  мəдени, рухани ;суіне Т.Рыс/%лов жəне /аза/ зиялыларыны  тигіз-
ген əсері – Т%рар Рыс/%ловты  110 жылдығына арналған халы/аралы/ ғылыми конференцияны  материалдары. – 
ТCркістан: Х ТУ, 2005. – 82-89 бб. 
17. ЖCнісбаев А. Санжар Асфендиаров – /аза/ %лт-азатты/ /озғалысыны  /айраткері / История национально-
освободительных движений: путь к независимости: Материалы республиканской научно-теоретической конферен-
ции. – Алматы: КазНПУ им. Абая, 2011. – 310-321 б. 
18. Шілдебай С. ТCрікшілдік жəне  аза/стандағы %лт-азатты/ /озғалыс. – Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа 
орталығы, 2002. – 214 б. 
19.  ыдырəлі  Д.  ос  бəйтерек  (Шо/ай  мен  Т%рар  Cндестігі)  –  Т%рар  Рыс/%ловты   110  жылдығына  арналған 
халы/аралы/ ғылыми конференцияны  материалдары. – ТCркістан: Х ТУ, 2005. – 145-167 б. 
20. СCлейменов Ж. «Рыскуловщина»: тарихи мəні мен ма ызы – Т%рар Рыс/%ловты  110 жылдығына арналған 
халы/аралы/ ғылыми конференцияны  материалдары. ТCркістан: Х ТУ, 2005. – 117-124 б. 
21.  амзабек%лы Д. Т%рар Рыс/%лов (1894-1938) / Pкімет жаршысы, 2000. - №12. – 75 б. 
22. Аширбекова Ж.Б. Т%рар Рыс/%лов – тарихшы /  аз У хабаршысы: Тарих сериясы, 2004. - №1. – 146-148 б. 
23. Кузенбаев Е. Турар. – Алматы: Ғылым, 2004. – 232 с. 
24.  азбек М., Майма/ов Ғ.  %пия ке естер. – Алматы: Санат, 1999. – 336 б. 
25.  Раджабов  К.  Взгляды  Т.Рыскулова  на  повстанческое  движение  в  туркестанском  регионе  (1918-1924  гг.)  – 
Т%рар Рыс/%ловты  110 жылдығына арналған халы/аралы/ ғылыми конференцияны  материалдары. – ТCркістан: 
Х ТУ, 2005. – 49-56 б. 
26.  Аманжолова  Д.А.  Форматирование  советскости.  Национальные  меньшинства  в  этнополитическом 
ландшафте СССР. 1920-1930-е гг. – М.: «Собрание», 2010. 
27. Рощин С.К. Уполномоченный Коминтерна: (Турар Рыскулов в Монголии) – Восток, 1996. - № 4. – С. 52-60. 
28. Буттино М. Революция наоборот. Средняя Азия между падением царской империи и образованием СССР. / 
Перевод с итальянского Охотина Н. – М.: Звенья, 2007. – 447 c. 
29.  Хостлер  Ч.У.  Тюркизм  и  советы.  Тюрки  мира  и  их  политические  цели  /  Пер.  с  англ.  Мендекуловой  Г.М.; 
Сост.: Сужиков Б.М. – Алматы: Санат, 2006. – 288 с. 
30.  Пайн  М.  Дж.  Сталинская  железная  дорога.  Турксиб  и  строительство  социализма  /  Пер.  с  англ. 
Сужикова Б.М.; Сост.: Абылхожин Ж.Б. – Алматы: Санат, 2006. – 352 с.   
31.  Огайон  И.  Седентаризация  казахов  СССР  при  Сталине.  Коллективизация  и  социальные  изменения 
(1928-1945 гг.). / Пер. с франц. Ракишева А.Т. / Сост. Сужиков Б.М. – Алматы: Санат, 2009. – 368 с. 
32. А ыз адам (Журнал-кітап) / Бас ред.  алыбай Ж. – Алматы, 2011. - №10. – 52 б. 
33. Кошанов А., Сабден О., Догалов А. Турар Рыскулов: Государственная деятельность и экономические воззре-
ния. – Алматы: Институт экономики МОН РК, Издательство «Арыс», 2008. – 172 с. 
34. Сабден О. Т.Рыскулов – выдающийся государственный деятель Центральной Азии и России: историк, эконо-
мист, публицист – Проблемы современной экономики, 2007. - №1 (21).  
35. Осадчий Ф. Бессмертный командарм Турксиба (Страницы славных деяний Турара Рыскулова). Документаль-
ная повесть. – Алматы: Арыс, 2005. – 106 с. 
36.  Турар  Рыскулов  –  Заместитель  Председателя  Совета  Народных  Комиссаров  РСФСР.  Председатель 
Комитета Содействия по постройке Туркестано-Сибирской железной дороги. Сб. док. / Алиев М., Абдираман У., 
Шуваев И., Сарсекеев С., Шайсултанов К. – Алматы, 2007. – 312 с. 
37. Рыскулов Т.Р. Избранные труды. – Алма-Ата: Казахстан, 1984. – 260 с. 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
85 
38. Рыскулов Т.Р. Собрание сочинение в 3 томах. Т. 1-3. – Алматы: Казахстан, 1997. 
39. Рыс/%лов Т.Р. Шығармаларыны  толы/ жинағы. 1-5 т. – Алматы:  азығ%рт, 2007. 
40.  DРОММ.  Р-86-/.,  1-т.,  1525-іс,  4-5-пп;  ырРОММ.  69-/.,  1-т.,  2-іс,  189-190-пп;  Рыскулов  Т.  Из  истории 
революционной борьбы в Казахстане – Революция и национальности, 1935. - №11. – С. 36-46. 
41. Димитирев С.Д. Талгар – главная вершина Заилийского Алатау. – С. 5-6, 23. 
42. «Рыс/%л Жыл/айдар%лыны  ісі»  РОММ-ны  44-/орында са/талып т%р. 
43. DРОММ. Р-86-/., 1-т., 1525-іс, 6-пп., Рыскулов Т. Из истории революционной борьбы в Казахстане. -С. 36-46. 
44. DРОММ. Р-86-/., 1-т., 1525-іс, 7-п. 
45.  аJарлы 1916 жыл: ( %жаттар мен материалдар жинағы) – Грозный 1916-й год: (Сборник документов и 
материалов). В 2-х т. Том 1. – Алматы:  аза/стан, 1998. – 13-14 б. 
46. Рыскулов Т. Восстание туземцев в Средней Азии в 1916 году. В 2-х частях. – Кызыл-Орда: 1927; Рыскулов Т. 
Восстание  туземцев  в  1916  году  /  Очерки  революционного  движения  в  Средней  Азии.  Сб.  ст.:  Ходжаева  Ф., 
Федорова Е., Рыскулова Т., Гинзбурга С. – М.: Изд. научной ассоциации востоковедения при ЦИК СССР, 1926. – С. 
45-122. 
47. DРОММ. Р-366-/., 1-т., 29-іс. 
48. DРОММ. Р-366-/., 1-т., 29-іс, 12-п.  
49.  DРОММ.  Р-86-/.,  1-т.,  1525-іс,  8-9-пп.,  Рыскулов  Т.  Революция  и  коренное  население  Туркестана  (Сборник 
главнейших  статей,  докладов,  речей  и  тезисов).  Часть  1.  –  Ташкент:  Узгосиздат,  1925.  –  С.  3-5;  Рыскулов  Т. 
Программа и устав «Революционного союза киргизской молодежи» / Революция и национальный вопрос. Документы 
и материалы по истории национального вопроса в России и СССР в XX веке. Под редакцией Диманштейна С.М. Т. 3. 
(1917 г., февраль-октябрь). Составители: Левин И. и Драбкина Е. – М.: Изд. Коммунистической академии, 1930. – 
С. 366-368.  
50. ЖОММ. 83-/., 1-т., 16-іс, 67-п. 
51.  о ыратбаев  О.М.  Т%рар  Рыс/%лов  жəне  Т%тас  ТCркістан  идеясы.  –  33-41  б.,  о ыратбаев  О.М.  ТCркі 
халы/тарыны  туыс/анды/ бірлігін к;кседі. – 21-26 б. 
52. Варейкис И., Зеленский И. Национально-государственное размежевание Средней Азии. – Ташкент: Средазго-
сиздат, 1924. – 86 с., Майма/ов Ғ.  аза/ жері т%тастығыны  /алыптасуы ( аза/станны  аума/ты/ т%тасты-
ғыны  /алыптасуы жəне Орта Азиядағы %лтты/-мемлекеттік межелеу). – Алматы: М.Х. Дулати /оғамды/ /оры, 
2005.  –  208  б.,  Сейдін  Н.Б.  аза/стан  Республикасыны   мемлекеттік  шекарасы:  /алыптасуы,  мəселелері  жəне 
ай/ындалу барысы. – Алматы:  Р Президенті жанындағы  СЗИ, 2006. – 172 б. 
53. 6білтай%лы М., 6білдаев Н. Т%рар Рыс/%лов Мо ғолияда. – Алматы, 1994. – 84 б., Рощин С.К. Уполномочен-
ный Коминтерна: (Турар Рыскулов в Монголии) – Восток, 1996. - №4 – С. 52-60. 
54.  аза/ /алай ашты//а %шырады ( асіретті жылдар хаттары). Голод в Казахской степи (Письма тревоги и 
боли). – Алматы:  аза/ университеті, 1991. – 207 б. 
55. Хаустов  В.,  Самуэльсон  Л.  Сталин,  НКВД и репрессии 1936-1938 гг. – М.: РОССПЭН, 2009. –  С. 135, 143, 
148-150, 335, 342, 342, 344, 360. 
56.  ЦК  РКП  (б)  –  ВКП  (б)  и  национальный  вопрос.  Книга  2.  1933-1945  гг.  /  Составители  Гатагова  Л.С., 
Кошелева Л.П., Роговая Л.А., Кадио Дж. – М.: РОССПЭН, 2009. – 1095 с. 
 

1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал