Социально-экономическая история



жүктеу 5.1 Kb.

бет10/23
Дата08.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23

Резюме 
Статья  посвящена  великому  батыру  Каракерею  Кабанбаю,  который  внес  значительный  вклад  в  освобождении 
Казахской  земли  от  Джунгарского  нашествия.  Операясь  на  достоверные  источники  автор  описал  политические, 
военные  и  торгово-экономические  взаимоотношения  великого  батыра  с  Цинской  империей  Китая.  Также  автор 
проведя  большую  работу  с  источниками  приводит  новый  материал,  который  ранее  не  представлялся  широкому 
научному кругу на казахском языке.   
 
Summary 
The article is dedicated to the great batyr Karakerey Kabanbay, who has made a significant contribution to the liberation 
of  the  Kazakh  land  from  the Junggar invasion.  Leaning on reliable sources  the  author  has  described the political,  military, 
trade and economic relationship of the great batyr with Qing Empire of China. Also the author having carried out a lot of work 
with sources gives new a material which wasn't presented earlier to wide scientific community in the Kazakh language. 
ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАР ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ОСПАН БАТЫР ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
74 
 
Г.Б. Қозғамбаева – т.ғ.к., доцент, тарих кафедрасы,  аз ызМемПУ  
 
Шығыс  Түркістанның  тəуелсіздігі  мен  еркіндігі  жолында  күрескен  қазақ  батыры  Оспан  Исламұлы 
тарихта  өзіндік  орны  бар  тұлға.  Өр  Алтай  тарихында  бірнеше:  төре  Оспан,  қара  Оспан  жəне  Оспан 
Исламұлы деген тұлғалар болған. Аталмыш тұлғалардың ішінде Оспан Исламұлы Шығыс өлкесі Алтай 
аймағы, Көктоғай ауылында туылған. 
Тəуелсіздікке дейінгі кеңестік дəуірде Отандық тарихта, Оспан батырдың  Шығыс Түркістандағы ұлт-
азаттық көтеріліс басшысы туралы мəліметтерде басқаша баға беріліп келді. Кеңестік дəуірде коммунис-
тік  тоталитарлық  идеология  үстемдік  құрып  тұрған  кезде,  алыс  жəне  таяу  шет  елдердегі  қазақтардың 
тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуге қолдау таппағанын былай қойғанда тіпті ол елдерде туған туысқан-
дары  бар  екендігін  мойындау  үлкен  қылмыс  есептелді.  Өйткені  КСРО  коммунистік  партиясының 
орталықтағы жəне жергілікті жердегі қайраткерлерінің солақай саясатының салдарынан, кезінде көптеген 
қазақтар  өз  Отанын  тастап,  шетелге  жер  ауып  кетуге  мəжбүр  болғанын  ашып  айту  партиялық  жəне 
таптық принципке қарама-қайшы келгені баршаға мəлім. 
Міне,  осындай  жағдайлар  мен  тарихи  оқиғаларды  ескерсек,  шет  елдегі  қандас  бауырларымыздың 
тарихын шындық тұрғыдан зерттеуге шектеулер қойылғаны рас.  
Алпауытты КСРО мемлекеті ыдырап оның құрамындағы қазақ елі де тəуелсіздігін алып, өз тарихы 
мен мəдениетіне жəне тарихи тұлғаларына жаңаша тұрғыдан зерттеулер мен ізденістер жасауда. Сон-
дай тарихи тұлғалардың бірі Шығыс Түркістанның тəуелсіздігі мен еркіндігі жолында күрескен қазақ 
батыры  Оспан Исламұлы. 
Қазақ халқының бір бөлігі Шыңжаң өлкесінің солтүстігін мекендейді. Шыңжаң атауы ХVІІІ ғасырдың 
50-ші  жылдары  манчжуриялық  Цин  əулеті  жаулап  алған  Шығыс  Түркістан  мен  Жоңғария  даласына 
берілген қытай атауы «Жаңа шеп» немесе «Жаңа шекара» деген мағына береді. Бүгінде Қытай мемлекеті-
нің құрамдас бөлігі.  
Қазақтар  негізінен  Іле,  Алтай,  Тарбағатай  аймақтарына  шоғырланған.  Соңғы  санақтарға  қарағанда 
Шыңжаңда бір млн. екі жүз мың қазақ бауырларымыз өмір сүріп келеді екен [1, 240 б]. Қытай отаршыла-
ры қазақтарды уысынан шығармау үшін əр-түрлі амал-тəсілдерді қолданып келді. Сондықтан Қытайдағы 
қазақтар озбырлықтың небір қорлық-зорлықтарын бастарынан өткерді. «Қытай билеушілері қазаққа ауыр 
алым салық салу арқылы күшпен ұстаймыз деп сенді. Бірақ қазақ халқы қытайдың мұндай қанау, дінсіз-
дендіріп  ассимиляцияға  ұшырату,  қолындағы  құрал-сайманын  тартып  алып,  ел  бастайтын  ерлер  мен 
халықтың  ар-ожданын  қорғайтын  көсемдерін,  рухани  дем  беруші  ақын,  жазушыларын  абақтыға  жабу, 
олардың көзін біржолата жою құнарлы жерлерге ішкі қытайдан «тың игерушілерді» қоныстандыру...» [2, 
81  б.]  сияқты  жан  түршігерлік  қорлық-зорлығына  қарсы  күресті.  Отаршылдықты  əр-түрлі  жолдарымен 
жүргізген қысым-қиянаттарына шыдамаған қазақ халқы азаттық, еркіндік үшін əрдайым қолға қару алып 
күреске  шығып  отырды.  Олардың  ішінен  ел  бостандығы,  жер  тұтастығы  жолында  күрескен:  Демежан, 
Бөке,  Зуха,  Оспан,  Елісхан,  Əкбар,  Сейіт,  Бүркітбай,  Сұлубай  тағы  басқа  батырлар  шығып,  халықты 
артынан ерте білді. Елді бастап, отаршылдық пен озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістерге шықты. 
Бірақ  басқаның  басымдығына  шыдамай  елінің  ертенің  ойлаған  батырлар  мақсат-мұраттарына  жете 
алмады. Шығыс Түркістандағы қазақ халқының азаттық жолындағы күресі жолында мерт болды. 
Қазақ халқының еркіндігі үшін болған ұлт-азаттық көтеріліс пен оның басшыларының Отандық тарих-
та  алатын  орны  ерекше.  Мəселен,  Ресей  империясының  отарлау  саясатына  қарсы  болған  ұлт-азаттық 
көтеріліс  басшылары  Сырым  Датұлының,  Кеңесары  Қасымұлының  жəне  тағы  басқа  батырлардың  рөлі 
ерекше. Сол сияқты Шығыс Түркістандағы қазақтардың тəуелсіздігі мен еркіндігі жолында күресіп өткен, 
қазақ  халқының  батыры  Оспан  Исламұлының  өзіне  тиесілі  орны  бар  деп,  бүгінде  үлкен  мақтанышпен 
айта аламыз.  
Қытайдағы қазақтар арасында ұлт-азаттық көтерілісті басқарған батыр Оспан Исламұлының тарихта 
алатын орны мен рөлі туралы көптеген мəліметтерді Түркия, Қытай, Моңғолия жəне Европа елдеріндегі 
қазақ диаспорасы жəне сол елдердің зиялыларының еңбектерінен біле аламыз.  
Түркиядағы қазақ диаспорасының зиялы қауым өкілдері: Хасен Оралтай, Əбдіуақап Қара, Қызырбек 
Ғаритулла  жəне  тағы  басқа  ғалымдар  мен  зерттеушілердің  Оспан  батырдың  Шыңжандағы  ұлт-азаттық 
көтеріліс  басшысы  жəне  оның  ерлігі  мен  тарихтағы  орны  туралы  еңбектері  мол  мəліметтер  беруімен 
құнды.  Сол  зерттеулердің  əрқайсысына  жеке  дара  тоқталып,  өтетін  болсақ  батырды  өз  көзімен  көріп 
тілдескен, «Азаттық» радиосында қызмет атқарған, ғалым Хасен Оралтай оның тарихтағы орны мен қазақ 
халқының тəуелсіздігі жолындағы күресіне қатысты өз пікірінде: «Оспан Іслəмұлы Шығыс Түркістанның 
ұлт азаттығы үшін, шын күрескен нағыз батыр адам. Орыс, қытай отаршылары Оспан батыр Іслəмұлы-

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
75 
ның  бұл  күресінің  мəн  мағынасын  төмендету  мақсатында  оған  негізсіз  жалалар  жауып  келді.  Жалғыз 
мысал  келтірер  болсам,  1950  жылы  Мəскеуден  шығатын  «Правда»  газеті  Оспанды  «Американың 
шпионы» болған деп, өтірік жала жапты. Ал сол жылдары Кеңес одағының құрамындағы Қазақстанның 
баспасөзі жəне арнайы жарияланған кітаптар Оспан батырды «АҚШ шпионы» не «бір топ қарақшылар-
дың басшысы» ғана болды деп өтірік жала жауып жазды. Кейін Мəскеу мен Пекин арасындағы қарым-
қатынас  салқындағанда,  Мəскеу  Оспан  батыр  жөніндегі  бұрынғы  көзқарасын  өзгертіп  басқаша  жаза 
бастады»    деп  мəлімдеген  болатын  «Азаттық»  радиосының  қазақ  редакциясына  2001  жылы  берген 
сұхбатында [3].  
Хасен Оралтай өзінің Стамбулда 1999 жылы түрік жəне қазақ тілдерінде жарық көрген «Елім – айлап 
өткен өмір» деген еңбегінде Оспан батырдың қасында бірнеше күн болғандығы туралы мəлімет берген. 
Кітапта: «Оспан батыр сом денелі, балуан бітімді, ұзын бойлы, кең жауырынды, қалың тұйық қабақты, 
қою сақал мұртты, қызыл шырайлы, сəл дөңестеу қыр мұрынды, көзшарасы үлкен əрі отты кісі екен. Бір 
таңғалғаным соншама жылдар бойы халқының ұлт азаттығы үшін күрескен батырдың тұрмыс тіршілігі-
нің ауыр жағдайда, əйелі, бала-шағасымен бірге бір жұпыны қоста отырғандығы... Сол жолы Оспан батыр 
өзінің жасы 51-ге келіп қалғанын айтып жəне жер ұзақтығын сылтауратып əкемнің Ғаскөлге көшіп кел, 
бірге қыстайық деген өтінішін қабылдамады. Сонымен туған ел жұртты тастап шыққан қазақтар көші үш 
жерде  шоғырланды.  Оспан  батыр  ауылы  Қанамбал  тауы  етегінде,  Құасайын  Тəйжі  ауылы  Тажынорда, 
Қалибек Хакім ауылы Ғаскөлде қалды» деп жазған [4, 263 б.]. Ғалым Оспан батырға қатысты құжаттар 
мен  деректер  Қытай  Халық  Республикасы  мен  Моңғолия  мұрағаттарында  бар  екендігін  мəлімдейді. 
Шығыс  Түркістандағы  қазақтардың  ұлт-азаттық  күресін  зерттеу  барысында  аталмыш  елдер  мұрағатта-
рындағы материалдардың үлесі мол деген сенімдеміз. 
Оспан батырдың аты бүкіл Шығыс Түркістан жұртшылығына əсіресе, ондағы қазақтарға отызыншы 
жылдардың аяғынан бері əйгілі болатын. 1943 жылдың күзінде Қызылқия деген жерде жұртшылық Оспан 
батырды ақ киізге отырығызып хан көтерген. 
Оспан Исламұлының тарихи тұлғалық болмысын зерттеуде Стамбулдағы Мимар Синар көркемөнер 
университетінде  дəріс  беретін  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Əбдіуақап  Қараның  «Оспан 
батыр  туралы  ғылыми  зерттеулер  жəне  шетел  ғалымдарының  пікірлері»  деген  ғылыми  мақаласында 
батырдың басшылығымен болған ұлт-азаттық көтеріліс Шығыс Түркістанда болғанымен, ол жайлы басты 
деректер 1949 жылы Қытай коммунистік партиясы ондағы билікті өз қолына алғаннан кейін, гоминдан-
ның  көптеген  əскери  жəне  саяси  қызметкерлері  Тайванға  қашқанда,  өздерімен  бірге  ала  кеткеніндігін 
жəне осы материалдарға сүйене отырып, Тайвандағы ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, еңбектер 
жариялағандығы  туралы  мəліметтер  келтірген.  Сонымен  қатар  ғалым:  «Олардың  ішіндегі  ең  танымал 
болған Жаң Дажұнның қытай тіліндегі 1980 жылы 12 томдық еңбегінің соңғы екі томы 1940 жылдардағы 
Шыңжанның саяси, шаруашылық, əскери, мəдени жəне ұлтаралық қатынастарға арналғаны» деп айтады 
[5, 24 б.]. 
Қызырбек  Ғаритулланың  «Ереулі  атқа  ер  салған»  деген  еңбегінде:  «Оспан  батыр  жастайынан  ат 
құлағында  ойнайтын,  көздегенін  атып  түсіретін  асқан  мерген  болып  өсті...  Бөке  батыр  оны  жасынан 
ұстап, қазақ жеріне көз алартқан патшалық Ресей мен гоминдаңшыл Қытайға қарсы өшпенділік рухында 
тəрбиеледі, ұрыстың сан қилы тəсілдерін үйретті» деп жазған [6, 27 б.].  
Түркиядағы қазақ диаспорасының зиялы қауым өкілдерінің зерттеулері нəтижесінде жарыққа шыққан 
еңбектерде Оспан батырдың тұлғалық болмысы мен азаттық жолындағы күресі туралы көптеген мəлімет-
тер берілген.  
Моңғолия еліндегі қазақ диаспорасының зиялы қауым өкілдері: А.Сарай, Х.Мухамадиұлы, Р.Сұраған 
жəне тағы басқа ғалымдар мен зерттеушілердің Оспан батырдың ерлігі мен ұлт-азаттық көтеріліс басшы-
сы,  қазақ  халқының  азаттық  жолындағы  күресте  жанын  пида  еткен  тарихи  тұлға  екендігі  туралы, 
Моңғолия еліндегі мұрағат құжаттары негізінде жүргізілген зерттеулері нəтижесінде жарияланған еңбек-
тері мол мəліметтерге толы.  
Моңғолия  шекарасы  маңында  шоғырланған  халықты  мал  жанымен  аман  алып  қалу  мақсатымен 
моңғол мемлекетінің жəне ұлт-азаттық қозғалыс көсемдерінің алдында тұрған басты міндет болды. Алтай 
қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Оспан батыр Моңғолия Ішкі Істер министрінің орынба-
сары  Б.Дүйнхэржавпен  Хайрт  асуында  кездесіп,  босқын  қазақтардың  моңғол  жеріне  қоныстануына 
рұқсат алды. 1943 ж. тамыз айының соңында МХРП ОК жəне Үкімет қаулысы қабылданып, онда батыс 
шекара маңындағы саяси  əскери жағдайға қатысты  мəселелер талқыланып,  Оспан батыр Исламұлымен 
келісім  жасалды.  Моңғолияның  мұрағаттарынан  Оспан  батырға  қатысты  материалдар  негізіне  сүйене 
отырып,  жүргізген  зерттеуінде  Рахметұлы  Сұраған:  «Абырой-атағы  арта  түскен  оған  1943  ж.  «Халық 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
76 
батыры»  деген  атақ  беріліп,  Алтай  өлкесіндегі  қазақтар  жиналып,  Оспан  батырды  ақ  кигізге  салып 
ұлықтады» деді [7, 16 б.]. 
Сонымен қатар, Оспан батыр сіз, біздің үкіметтен гоминьданның басқыншы əскерімен күресуге қару-
жарақпен  көмектесуді  өтінген  едіңіз.  Мұны  біз  қабылдай  отырып,  зорлық-зомбылықтан  құтылу  үшін 
күресіп жүрген халықтың азаттығы күрескерлеріне 400 винтовка, 200 автомат, 6 ауыр пулемёт, 30 жеңіл 
пулемёт, 2000 граната, 5 дүрбі, 400.000 винтовка оғын беру шешімін қабылдадық» – деген Х.Чойбалсан-
ның сөзі Оспанды тандандырып тастады. Ол Х.Чойбалсанға ризашылығын білдіріп: «Гоминьдан басқын-
шыларымен күресуге бел байлаған күрескерлердің мақсатын қолдаған, мамандарды жолдауға ниет білдір-
ген Моңғолия мемлекетіне Шыңжан өлкесіндегі жалпы қозғалысқа қатысушылар атынан алғыс айтамын» 
дейді [7, 18 б.]. 
Маршал  Чойбалсан  Оспан  батырдың  күшін  гоминдандық  қытайға  қарсы  бағыттағысы  келді.  Ал, 
гоминдандық  қытай  əскери  басшылары  болса,  Оспан  батырды  коммунистік  қытайлар  мен  Мəскеу 
ықпалындағы Моңғолияға қарсы бірлесіп күресуге үгіттеді. Осындай екі жақты саясаттың арасында жүр-
се де, Оспан батыр қазақ халқының ұлт-азаттығы, үшін күресу керектігін түсіне білді. 1944 жылы 6 нау-
рызда Алатөбе заставасында екі жақтың үшінші кездесуі болып өтті. Х.Чойбалсан, КСРО-ның Моңғолия-
дағы елшісі В.Д. Иванов жəне Оспан батыр Іслəмұлы үшеуі оңаша кездесті. Үш жақты келісім осылай 
қысқа мерзім ішінде ойға алған мақсаттарын орындап, табысты аяқталды. Осы кездесуден кейін, Кеңес 
Одағының Оспан батырға жолдаған қару жарақ саймандары жеткізіліп берді. Қару-сайман барлығы 100-
ден астам түйеге жүк болды. Оспан батыр өз тарапынан МХР қарсы əрекет жасамайтынын мəлімдеп, бұл 
елге  арқа  сүйеп,  құрал-сайман  жағынан  көмектесуін  тілеп,  ұлт-азаттық  күресін  жалғастыра  беретінін 
айтқан.  Берілген  қару  жайында  Х.Мухамадиұлы:  «Х.Чойбалсан  құрал-сайман  жағынан  көмек  беріп, 
И.Оспанның жанұясы мал-дəулетін Моңғолияда болуына келісіп, кепілдеме береді. Осы кезде бостандық, 
азаттық  үшін  күресіп  жатқан  Шығыс  Түркістандағы  қазақ  бауырластарына  көмектесуге  Баян-Өлгий 
қазақтары шын ықыласпен кіріседі. Мыңдаған қазақтар кəрі-жасы бар партизан отрядтарына ілесуге тілек 
білдіреді.  Ал,  Б.Қаби,  Ш.Ноғай,  Д.Жеңісхан,  О.Халхабай  бастаған  төрт  мыңдық  баян-өлгийлік  қазақ 
жастары барып шайқасты...» деп өзінің еңбегінде көрсеткен [8, 104 б.].  
С.Рахметұлы  Моңғолия  мұрағаттарындағы  құжаттарға  сүйене  отырып  жазған  ғылыми  еңбегінде: 
«1934-1949 жылдар арасындағы Моңғолияның батыс шекарасында Оспан батыр мен Қытай жəне моңғол 
шекаралары аралығында болған ірі қарулы қақтығыстар соңы ұлт-азатшылар үшін нəтижесіз аяқталды. 
Екі  жақ  та  Кеңес  Одағының  тапсырмасымен  Оспан  батырды  бірнеше  рет  тұтқындауға  əрекет  жасап, 
ақыры  1951  жылы  ауылын  қоршау  арқылы  оны  қолға  түсіріп,  сот  шешімімен  өлім  жазасына  кесумен 
Шыңжан өлкесіндегі өрбіген ұлт-азатшыларының қозғалыс тарихына соңғы нүкте қойылды» деп көрсет-
кен [9, 134 б.].   
Қызыл  қытайлар  Шыңжан  өлкесіне  жақындаған  сайын  Шығыс  Түркістан  республикасы  дербес  ел 
ретінде өмір сүре алатындығы белгілі болды. Ал Шығыс Түркістан республикасы қайраткерлері Қытай-
дың құрамына кіруді ұйғармады. Шығыс Түркістан республикасы басшыларының бұл əрекеті Сталинге 
де, Чойбалсанға да, қызыл қытайларға да жақпай қалды. Кеңестік большевиктер жəне Моңғолия үкіметі 
ендігі уақытта Оспанның көзін жою арқылы қызыл қытайларға батысынан қол ұшын беруді жөн көрді. 
Сөйтіп,  Моңғолияның  Ішкі  Істер  басқармасы  бұрынғы  ара-қатынасын  пайдаланып,  Оспан  отрядына 
іштей  кіріп,  оның  көзін  жою  үшін  төтенше  тапсырмамен  Өбешұлы  Сағадай  бастаған  топты  жұмсады 
жəне Нэхийт бастаған шекара əскери тобын іле-шала аттандырды [10, 194 б.].  
Ал, физика ғылымдарының докторы, саясаттанушы Досан Баймолда Оспан батыр жайында орыс, қы-
тай, моңғол сонымен қатар батыс зерттеушілері де қалам тартып зерттеу жұмыстарын жүргізгенін, атап 
айтқанда  Годфрей  Лайастың  1956  жылы  Лондонда  жарық  көрген  «Қазақ  көші»,  Шведцияның  Уппсала 
университетінен  Ингвар  Сванберг  жəне  американдық  Линда  Бенсонның  «Қытай  қазақтары»,  Оуэн 
Латтиморенің «Азияның тірегі», Бэзил Дэвидсонның «Түркістан əлі тірі», Доак Барнеттің «Коммунистік 
төңкеріс қарсаңындағы Қазақстан» атты еңбектері жарыққа шыққанын мəлімдейді. Аталмыш зерттеуші-
лердің ішіндегі Досан Баймолда:  «1948 жылы қыркүйек айында Оспан батырға барып, əдейі кездескен 
американдық зерттеуші Доак Барнет (Doak Barnett) (China on the eve of communist takeover) «Коммунистік 
төңкеріс  қарсаңындағы  Қытай»  атты  кітабында  Оспан  батырдың  Мəскеу  қолдауындағы  Шығыс 
Түркістан  Республикасына  қарсы  шыққандығын,  Оспанның  қасында  сол  кезде  15  мың  əскерилері 
болған...  Оспан  батыр  бет  бейнесі  жағынан  сұстылау,  бойының  ұзындығы  шамасы  185  см,  ірі  денелі, 
нағыз батырға тəн айбынды адам екендігі жайында жазған американдық зерттеуші» деп өзінің зерттеуін-
де келтірген [11, 64-65 бб.]. 
Жақсылық  Сəмитұлы  «Қытайдағы  қазақтар»деген  еңбегінде:  «Түркиядағы  жəне  басқа  да  Европа 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 
77 
елдерінде көбіне оны Оспан батыр деп атайды... Қытайдағы қазақтарды бастап, Қытай үкіметі мен КСРО 
үстемдігіне,  олардың  жандайшабы  қызыл  Моңғолияға  қарсы  күрескен  қаһармандықтары  мадақталады» 
деп көрсеткен [1, 240 б.]. 
Қытайдың  Алтай  аймағында,  Шығыс  Түркістан  мемлекетін  құру  жолында  құрбан  болған  Оспан 
батырдың ерлік ісі мен оның ұлт-азаттық қозғалыс басшысы ретінде зерттеген ғалымдардың бірі Жəди 
Шəкенұлы: «Оспан батырдың қолы 1944 жылдың сəуірінде Шіңгіл ауданының Ағашоба деген жеріндегі 
жау бекінісіне шабуыл жасады... Оспан бастамшылығындағы Өр Алтай жауды қуып шығып,атамекенді 
азат етудің жеңісті шеруіне қадам басты... 1944 жылы қазанның орта шенінде «Алтай төңкерістік уақыт-
ша үкіметі» құрылады, 1945жылы сəуірдің орта шеніне дейін Көктоғай, Жеменей, Қаба аудандары солар-
дың қолында болады» – деп Оспан батырдың жаудан азат етудегі ерлігі туралы мəлімет береді [12, 145-
146 б.].  
Көтеріліс жылдарында  Қытайда гоминьдан  партиясының жағдайы күрт  төмендесе керісінше, Қытай 
коммунистік  партиясының  ықпалы  артты.  1945  жылдың  аяғында  Қытай  коммунистік  партиясының 
ықпалымен  демократиялық  тұрғыда  жүргізген  саясаты  нəтиже  бере  бастады.  Кеңестік  үлгідегі  азат 
етілген  аудандар  Қытайдың  жалпы  аумағының  көп  бөлігін  құрады.  Қытайдың  оңтүстік  батыс  бөлігі, 
Шыңжан  өлкесінде  үстемдікке  қарсы,  гоминьдан  үкіметіне  наразы  болғандар  азаттыққа  үн  қосты.  Бұл 
өлкеде  жаңа  демократиялық  бағыттағы  азат  етілген  аудандар  КСРО  үлгісімен  жергілікті  əкімшілік 
ұйымдарын  толықтыра  бастады.  Іс  жүзінде  Оспан  Алтай  аймағының  уəлиі  болып  тағайындалғанымен 
тəжірибе  жүзінде  КСРО-дан  арнайы  келтірілген  адамдардың  саяси  биліктің  тұтқасын  ұстауы,  Шығыс 
Түркістан  республикасы  тарихын  тығырыққа  тіреуге  əкеліп  соқты.  Əр  жақтан  қысымда  қалған  Оспан 
батыр  1946  жылдың  жазында  үкіметтің  жоғарғы  лауазымынан  бас  тартуы  ұлт  бостандығы  күресінің 
ыдырауын көрсетеді. 
Оспан батырдың халқы үшін ерлік еңбегі, көп жылдық күресі 1950 жылға дейін жалғасып келді. Соян 
Қажыбайұлы:  «Оспан батыр 1951 жылы қолға түсіп, Үрімжі қаласында қытайлар қолында жазаланды» 
деп, айта келе Оспан батыр көтерілісіне Алтай, Қобда қазақтары қатысқаны жайында мəліметтер келтір-
ген [13, 168 б.].  
Шығыс  Түркістанның  ұлт-азаттығы  үшін  күрескен  Оспан  батырдың  өмірі  мен  қызметі  жайында 
зерттеу еңбектерімен қатар маңызы бар кітаптарда жарыққа шыға бастады. Шығыс Түркістан мен Қобда 
қазақтарының өмірінде үлкен із қалдырып, елінің қамын ойлаған батырдың ерлік əрекеттері көп көңілінде 
қалды,  ұрпаққа  өнеге  болды.  Сондықтан  Қытай  мен  Моңғолияны  мекендеген  қазақ  халықының  ішінен 
шыққан  ақын-жыршылар  Оспан  батырдың  ерліктері  жайында  көптеген  өлең-жырлар  жазып  жарыққа 
шығарды. Ұлтының азаттығы үшін күрескен ерлерді дəріптейтін мұндай тарихи жырлар ауызша тарап, 
халықтың рухани қажетін өтеп келеді. 
Қортындылай келе, Шыңжан Алтай өлкесінде Шығыс Түркістан мемлекетін құру жолында ерлікпен 
күресіп өз өмірін соған арнаған батыр Оспан Исламұлының тəуелсіздікке дейін атамекенде тек көзі қарақ-
ты оқырман ғана білетін. Қазақстан тəуелсіздігін алып, дүниежүзіне тарыдай шашылған қазақтар тарихи 
отанына жиналып, Отандық тарихта көпшілік қауымға белгісіз болған батырлардың тарихи тұлғалалық, 
азаматтық болмысын терең зерттеп зерделеу жұмыстары қолға алынды. 
Оспан  батырдың  ерлігі  мен  өмір  тарихына  байланысты  мəліметтер  алыс  жəне  таяу  шетелдегі  қазақ 
диаспорасының зиялы қауым өкілдерімен қатар,Отандық қоғамтанушы ғалымдардың ғылыми еңбектері 
мен  зерттеулері  көптеген  бұқаралық  ақпараттық  құралдары  басылымдарында  соңғы  жылдары  көптеп 
жазылып жүр.            
2009 жылы 17 қараша күні Алматыда Қазақстан Жазушылар Одағы, Дүниежүзі қазақтар қауымдасты-
ғы, Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің ұйымдастыруымен, Оспан батыр  Исламұлы-
ның туғанына – 110 жыл толуына арналған «Азаттықтың өшпес рухы» атты халықаралық ғылыми-тəжір-
биелік конференция ұйымдастырылып, өткізілді.  
Дегенмен, Оспан Исламұлы қазақ халқының батыры ретінде əлі де терең танылуы үшін Шыңжан жəне 
Қобда жерінде өмір сүретін қандастарымыздың еркіндігі үшін, ұлт бостандығы жолында күрескен ерлігі 
Отандық  тарихқа  енгізіліп  терең  зерттелуі  керек,  өйткені  оның  ұлт  намысын  қорғаудағы  ерлігі  келер 
ұрпаққа үлгі. 
 
1. Сəмит%лы Ж.  ытайдағы /аза/тар. Алматы: ДCниежCзі /аза/тарыны  /ауымдастығы, 2000. -312 б., 240 б.  
2. М%/амет/ан%лы Н. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы /аза/-/ытай байланыстары. - Алматы: Санат, 1996.-281 б., 81 б.  
3. http://www.zonakz.net/blogs/user/zhaskazak_uni_gazet/16805.html. 2001 ж. 
4. Оралтай Елім. Айлап ;ткен ;мір. – Стамбул, 1999. – 512 б., 263 б. 
5.  6бдіуа/ап  ара.  Оспан  батыр  туралы  ғылыми  зерттеулер  жəне  шетел  ғалымдарыны   пікірлері.  //  Оспан 
батыр  Ислам%лыны   туғанына  110  жыл  толуына  арналған  «Азатты/ты   ;шпес  рухы»  атты  халы/аралы/ 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
78 
ғылыми-тəжірбиелік конференцияны  материалдар  жинағы. – Алматы: ДCниежCзі  /аза/тарыны  /ауымдасты-
ғы, 2010. – 216 б., 24-34 бб. 
6.  ызырбек Ғаритулла. Ереулі ат/а ер салған. – Алматы: Оралман, 1999. – 142 б.   
7.  Рахмет%лы  С%раған  Мо ғолия  мен 
ытайды  мекенднген  /аза/тарды   /оғамды/-саяси  ;міріні   тарихы 
(1912-1949  жж.).  Тарих  ғылымдарыны   кандидаты  ғылыми  дəрежесін  алу  Cшін  дайындалған  диссертациясыны  
авторефераты – 28 б.  
8.  Хурметхан  Мухамади%лы  Мо ғолиядағы  /аза/  субэтносыны   /алыптасуы  мен  дамуы.  Алматы-
Улаанбаатар: Чайжол баспасы, 1997. – 221 б., 104 б. 
9.  С%раған  Рахмет%лы.  Мо ғолияны   батыс  шекарасы  жəне  Оспан  батыр.  Оспан  батыр  Ислам%лыны   
туғанына 110 жыл толуына арналған «Азатты/ты  ;шпес рухы» атты халы/аралы/ ғылыми-тəжірбиелік конфе-
ренцияны  материалдар жинағы. – Алматы: ДCниежCзі /аза/тарыны  /ауымдастығы, 2010. – 134 б. 
10. Зардыхан  инаят%лы. Мо ғолиядағы /аза/тар. І-ші кітап – Алматы, 2001. – 318 б. 
11.  Досан  Баймолда.  Оспан  батыр  туралы  шетелде  жары/  к;рген  зерттеулер.  Оспан  батыр  Ислам%лыны   
туғанына 110 жыл толуына арналған «Азатты/ты  ;шпес рухы» атты халы/аралы/ ғылыми-тəжірбиелік конфе-
ренцияны  материалдар жинағы. – Алматы: ДCниежCзі /аза/тарыны  /ауымдастығы, 2010., – 216 б. 63-69 бб. 
12.  Жəди  Шəкен%лы.  Алтайды   а/иы/  батыры.  //  Оспан  батыр:  Деректі  зерттеу.  /  %растырған  Кəп%лы  Д., 
Нəби%лы D. – Алматы: Арда, 2007, –184 б., 145-146 бб. 
13.  Соян  ажыбай%лы  Іслəм%лы.  Оспан  батыр.  //  Оспан  батыр:  Деректі  зерттеу.  /  %растырған  Кəп%лы  Д., 
Нəби%лы D. –Алматы: Арда, 2007., –184 б., 168-171 бб.  
 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал