Социально-экономическая история



жүктеу 5.1 Kb.

бет1/23
Дата08.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 

ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАРИХ 
СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКАЯ ИСТОРИЯ 
 
«ЖАТ ЭЛЕМЕНТ» ЖАЛАСЫМЕН ЖАЗАЛАНҒАН СТУДЕНТТЕР» 
 
Аққали Ахмет – т.ғ.д., проф., Х.Досм%хамедов ат. Атырау мемлекеттік университетіні  проректоры 
 
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Кеңес өкіметі қоғамды қайта құрудың бағдарламасын жасақтағанда 
білім беру ісіне, мəдениет пен ғылымның мəселелеріне айтарлықтай көңіл бөлді. Сол тұста ел тұрғында-
рының басым көпшілігі не оқи, не жаза алмады, халық шаруашылығының барлық саласында маман кадр-
лардың жетіспеушілігі өткір сезілді. Білікті оқыған мамандардың тапшылығы барлық жерде, атап айтқан-
да, материалдық-өндіріс салаларында да, əлеуметтік-мəдени инфрақұрылымдар да ерекше байқалды. 
Қазақстанда экономика мен мəдениеттің маман кадрларға сұранысының өсуі толыққанды жоғары оқу 
орнындарын  ашуға  ерекше  ықпал  етті.  Сондықтан  да  1928  жылы  Алматыда  педагогикалық  институт, 
1929 жылы Алматы малдəрігерлік, 1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылық, 1931 жылы медициналық, 1931-
1932  жылдары  Орал  жəне  Қызылорда  педагогикалық  институттары  ашылды.  Республиканың  мəдени 
өмірінде ерекше орын алған жағдай 1934 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің 
ашылуы болды. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары олардың даму дəрежесі жоғары 
болғанымен,  халық  шаруашылығының  кадр  жөніндегі  қажеттілігін  қананағаттандыра  алмады,  өйткені 
олардың көпшілігі əлі қалыптасу сатысында, кейбіреулері мүлде шағын болатын. Студенттер мен профес-
сор-оқытушылар құрамында жергілікті халықтың өкілдерінің саны өте баяу өсті. 
Бастапқы  кезеңде  жоғары  мектептің  ең  өткір  жəне  шешілмеген  проблемаларының  бірі  профессор-
оқытушылар мен студенттер құрамында қазақтардың саны баяу өсті. Шындығында Кеңес өкіметі білім 
беру мəселесін бірсыдырғы шешті, алайда үрдістің маңызды жағын жойдасыз саясаттандырып жіберді. 
Тəрбие мен оқудың басына партиялық-таптық приципті қойды. 
Алғашқы бесжылдықтың «Кадрлар бəрін шешеді» деген ұранды науқанның қызған кезінде жастар мен 
комсомолдар білім алуға ұмытылушылардың алдыңғы легінде болды. 
Кезінде  Жүсіпбек  Аймауытов  ұлт  болашағы  оқыған  зиялылардың  мойынында  екенін  айта  келіп, 
оқыған адамның ұлтқа қызмет қылуын: «...Қазақты тура жолға бастайтын да, адастыратын да-оқығандар. 
Оқығанын  қазақ  сыйлайды,  соңынан  ереді,  қадірлейді,  сенеді.  Білімді,  ақылды,  жақсылықты,  үлгіні, 
тəртіпті, ақиқатты, əділдікті оқығанынан күтеді. Оқыған адам қара халықтың идеалы (шырағы), бұқарасы 
сонша қадырлегенін оқығаны түсіну керек, халыққа қызмет қыла білмеген, үлгі, шырақ болуға жарамаған 
оқыған халықтың ықыласын қайырады, көңілін қайтарады. Халықты өзінен алыстатады, өсек арқалайды, 
пайдасы артық тимейді» – деп көрсеткен-ді.  
1925-1933  жылдары  Қазақ  өлкесін  басқарған  Ф.И.  Голощекин  тұсында  республикада  аласапыран 
қудалау  науқаны  басталды.  Үкімет  басында  отырған  қазақ  зиялыларын  əртүрлі  «сəдуақасовщина», 
«меңдешевщина»,  «қожановщина» сияқты жікке бөлу, ірі байлар шаруашылығы мен жартылай феодал-
дардың шаруашылығын конфискациялау мен жер аудару, күштеп ұжымдастыру, қоғамға «жат элемент-
терді» іздеу сияқты науқандар өріс алды.  Сол  науқаншыл қызыл ұранның аясында жүргізілген жоғары 
оқу орындарынан «жат элементтерді» іздестіру əрекеті де тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінің бірі.  
Əкімшілдік-əміршілдік  жүйе  білім  саласын  да  идеологияландырды.  Партия,  комсомол  жəне  пионер 
ұйымдары,  оқулықтар,  мұғалімдер  жас  ұрпақтың  санасы  мен  мінез-құлқына  сталинизмнің  жаттанды 
догмаларын сіңірді.  
1929 жылы КСРО-ның барлық аумақтарындағы жоғары оқу орындарында оқып жатқан қазақ студент-
терін «жат элементтер» ретінде айдар тағып, оқудан шығару науқаны бір мезгілде жүргізілуінің өзі сан-
саққа ойларға жетелейтіні де сөзсіз. Оқудан шығару мəселесі жоғары оқу орындары орналасқан қалалар-
дағы қазақ жастарының жерлестік ұйымдарының жиналыстарында қаралған. Қазақ студенттерін оқудан 
шығару жөнінде құрылған комиссиялар жұмыс жасаған. 
Қазақстан Республикасы Президенті мұрағаты қорындағы сақталған құжаттар соның айғағы. Мысалы, 
141 қордағы сақталған №1 хаттамада көрсетілгендей, 1929 жылдың бірінші ақпанында Ташкенттегі Орта 
Азия университетінде оқып жатқан 263 студент қатынасқан жиналыс өткен. Жиналысқа төрағалық еткен 
Қазанғапов,  хатшысы  Рамазанов  болған.  Жиналыстың  күн  тəртібіндегі  мəселе  Кеңес  өкіметіне  «жат 
элемент» студенттерді жоғары оқу орнынан оқудан шығару.  
Жиналыстың барысында  Орта  Азия  университетінен Х.Ақпаев, Х.Исатаев,  И.Дусетов, А.Асанбеков, 
А.Сейдалин,  Х.Қаратаев,  Тұрсынов,  Бөкейханов,  Р.Қойайдаров,  С.Қашқынбаев,  Н.Султангереев, 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 

М.Буралкинев,  Қ.Ақпаев  сияқты  студенттерді  «жат  элемент»  өкілдері  ретінде  жоғары  оқу  орнынан 
шығару туралы шешім қабылдаған [1, 86 п]. 
Комиссия бір қызығы, осы университетте оқып жатқан Х.Досмұхамедовтың қызын қалдыруға шешім 
қабылдаған  [1,  135  п].  Бұл  шешімге  кейбір  студенттер  өз  наразылығын  ашық  білдіргені  хаттамада 
көрсетілген.  Мысалы,  оқудан  шығарылған  «жат  элемент»  Х.Исатаев  жиналыста  сөз  сөйлеп:  «Менің 
пікірім бойынша комиссияның біздерге қатысты  шығарған шешіміне жəне біздерді оқудан шығаруына 
келіспеймін.  Келіспейтін  себебім,  комиссия  өз  тарапынан  Кеңес  өкіметінің  жауы  болған,  алашордашы-
ларды қорғаушы, Алаш Орданың Батыс бөлімшесін басқарғандардың бірі Халел Досмұхамедовтың қызы 
Рабиға  неге  оқудан  шығарылмайды»,  –  деп  өзінің  пікірін  білдірген.  Бұл  пікірді  студент  Бөкейханов  та 
қолдаған [1, 87 п]. 
Бұл  кезде  Рабиға  Халелқызы  Орта  Азия  университетінің  медицина  факультетінде  оқитын  еді.  Ол 
үшінші курста оқып жүргенде əкесі жұмыс бабымен Алматыға ауысты. Əкесі бір жылдан кейін оқудан 
шығарып, Алматыға өз қасына алдырады. Рабиға Алматыда медициналық арнайы оқу орны болмағаннан 
кейін Қазақ педагогикалық институтының биология факультетіне оқуға түсті.  
Бұл  науқан  Мəскеу  қаласында  оқып  жатқан  қазақ  студенттерінде  айналып  өтпеген.  Мұрағаттағы 
сақталған құжаттарды сараласақ төмендегідей жағдайдың куəсі боламыз.  
1929 жылдың 22 ақпан күні «жат элементтер» ретінде Мəскеу қаласындағы жоғары оқу орнындарын 
қазақ студенттерінен тазарту, яғни оқудан шығару комиссиясының отырысы өткен. Комиссия құрамында 
Қ.Таштитов,  Қожақаев,  Мүсіралиев,  Сизонов  жəне  хатшысы  М.Дəулетқалиев  болды.  Қ.Таштитов  кейін 
Қазақстан  Орталық  комсомол  комитетінің  бірінші  хатшысы  болды.  1930  жылы  Москвадағы  Свердлов 
атындағы коммунисттік университетін бітірген. М.Даулетқалиев қоғам қайраткері, 30-жылдардың басын-
да ашаршылықтың қазақ халқына əкелген зардабын жеңілдету үшін тəуекелге бел буып, батыл əрекетке 
барған бесеудің бірі. М.Дəулетқалиев халық шаруашылығы институтын 1930 жылы бітірген. 
Оқудан шығарылған студенттердің қатарында жерлесіміз Б.Атшыбаев та бар [1, 61 п]. 
Б.Атшыбаев  1923  жылы  Тау-кен  академиясына  (қазіргі  Губкин  атындағы  Мұнай  институты)  оқуға 
түскен. Бірінші курсты аяқтап, маман кадрлардың жетіспеушілігінен оқудан қол үзіп, 1923-1928 жылдары 
аралығында Мəскеудегі «Сантонин» тресінде Іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі, «АРОСПО» акционерлік 
қоғамы тексеру комиссиясының мүшесі, «Казкрайсоюздың» Мəскеу өкілдігінде экономикалық тексеру-
ші,  РКФСР  Жоғары  сотында  аудармашы  болып  жұмыс  жасады.  1928  жылы  Тау-кен  академиясының 
мұнай факультетінің геология бөлімшесіне түсті. Комиссия Б.Атшыбаевты «өмір бойы студент» ретінде 
жүргенін атай отырып, ол 1923 жылдан осы оқу орнының студенті екендігін, қазіргі уақытта 2 курста əлі 
отырғанын ерекше атап өтеді. Қазақстанның оқыған маман кадрларға өте зəрулігіне қарамастан «алашор-
дашы»,  «жат  элемент»  деген  айыппен  Тау-кен  академиясынан  шығарады.  Оқудан  шығарылған 
Б.Атшыбаев Гурьев (Атырау) қаласына келіп, «Ембімұнай» тресіне қарасты геология-барлау кеңсесінде 
геолог, кейін далалық геологиялық-картировка секциясынының меңгерушісі болып істеді.  
Ал  24  ақпан  күнгі  комиссияның  отырысының  хаттамасы  негізінде  3  курстан  М.Қалменов, 
С.Бөкейханов бастаған 18 студент оқудан шығарылған [1, 62 п]. 
М.Қалменов халқымыздың қайраткер ұлдарының бірі, патшалық Ресейдің І Думасына депутат болған 
Алпысбай  Қалменовтың  баласы.  Кейін  1933  жылы  Мəскеуден  тау-кен  инженері  мамандығын  алады, 
Қиыр  Шығысқа  жолдамамен  жіберіледі.  Осында  өндіріс  жұмыстары  кезінде,  үстіне  тас  құлап,  қайтыс 
болады. Бұл əулеттің ұрпақтары ұзақ жылдар бойы қуғын-сүргін көріп, қудаланды. 
Язязит (мұрағат құжатында осылай аталады, Баязит болуы керек) Өтеғалиұлы Ибрагимов 1927 жылы 
Тимирязов атындағы ауыл шаруашылық академиясының агрономия факультетіне оқуға түскен. Комсо-
мол қатарына өткен жəне мемлекеттік стипендия алып тұрған [1, 2 п]. НКВД-ның қырағы қызметкерлері 
оның шын тегі Танашев екендігін анықтаған, əкесі патша заманында балық өнеркəсібіндегі ірі кəсіпкердің 
бірі болған. Кезінде Танашевтар əулеті Бөкей Ордасы аумағына ғана емес, Ресей империясына да атағы 
шыққан əулет. Қазақтың тұңғыш дəрігерлерінің бірі М.Шомбалов əулетінен, осы академияның студенті 
Тайыр Шомбаловта оқудан алыстатылды. 
1-ші Мəскеу мемлекеттік университетінен Тұяқ Қайбалдин, ал Сержан Шонанов халық шаруашылығы 
институтындағы оқуынан шығарылды [2, 2 -3 п.п].    
Саратов  ауыл  шаруашылығы  институтында  оқыған  Ш.Д.  Күсепқалиев  та  «жат  элементтің  баласы» 
ретінде оқудан қуылды. Оның əкесі Дəулетше Күсепқалиев жоғары білімді алғашқы қазақ дəрігерлерінің 
бірі,  Батыс  Алаш  Орда  қайраткері.  Атақты  Нұралы  ханның  тұқымы  болатын.  1928  жылы  күз  айында  
«жартылай  феодал»  ретінде  тəркіленген.  Тəркілеу  туралы  құжат  жоғары  да  аталған  мұрағат  қорында 
сақталған.  

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 

«Жат  элемент»,  «алашордашыл»  деп  айдар  тағылып,  қуғындалған  бұл  азаматтардың  көпшілігінің 
тағдыры қайғылы аяқталды. 
...Себебі, алда оларды қасіретті 1937-1938 жылдар күтіп тұр еді. 
 
1.
 
аза/стан Республикасы Президенті М%рағаты ( РПМ) 141 /ор, 1 тізбе, 2248 іс, 173 п. 
2.
 
РМП 141 /ор, 1 тізбе, 920 іс. 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются проблема образования высших учебных заведений страны в 1920-1930 го-
дах. Особенно автор большое внимание уделяет на общественно-политическую жизнь студентов в Казахстане. 
На основе архивных материалов автор раскрывает политику советской власти к студенчеству, которого считала 
«алашординскими». 
 
Summary 
This  article  considers  the  problem  of  the  formation  of  the  higher  educational  institutions  in  the  country  in  1920-1930. 
Especially the author pays particular attention to the socio-political life of students in Kazakhstan. On the basis of the archival 
materials, the author reveals the policy of the Soviet government to the students that considered "alashordinskimi". 
 
ҚАЗАҚ ҮКІМЕТІ ЖƏНЕ ХАЛЫҚ АҒАРТУ ІСІНІҢ ДАМУЫ 
 
Б.Ж. Кабдушев, Л.Ж. Кабдушева – Алматы Энергетика жəне Байланыс университетіні  доценттері 
 
Қазақстан үкіметінің мəдени саясатындағы күрмеуі қиын күрделі бағыттардың бірі оқу-ағарту ісі бол-
ды. Бұл саладағы қалыптасқан ахуалды білу үшін 1924 жылдың күзіне таяу яғни жаңа оқу жылы қарса-
ңындағы мектеп жасындағы баланы оқытудың көрсеткіштерін бейнелейтін мына кестеге көз жүгіртейік:   
 
1-кесте. 1924 жылдың күзіне таяу яғни жаңа оқу жылы қарсаңындағы мектеп жасындағы 
баланы оқытудың көрсеткіштері 
 
 
І басқыштағы 
мектептер 
І басқыштағы 
тəжірибелік-
көрнекі 
мектептер 
Коммуналық 
мектептер 
7 жылдық 
мектептер 
ІІ басқыштағы 
мектептер 
 
Мектеп 
Оқушы
-лар 
Мек-
теп 
Оқу-
шылар 
Мек-
теп 
Оқушы-
лар 
Мектеп  Оқушы-
лар 
Мек-
теп 
Оқушы-
лар 
Қазақ 
743 
28671 

572 
24 
1573 

220 

47 
Орыс 
1487 
100786 



145 
31 
7884 
29 
5426 
Аз ұлттар 
117 
9067 





367 

79 
 
1923-24 жылдар аралығында І басқыштардағы мектептердің саны 15 пайызға, 7 жылдық мектептер 15 
пайызға, ІІ басқыштағы мектептер 18,5 пайызға өскен. Мектептер санының өсуі негізінен губернияларда 
жергілікті қаржының бөлінуі есесінен əрі тұрғындардың келісім шарт жасасуы арқылы өздерінің күшімен 
ашылған мектептерді құраған. Бұл жай үкіметтің берген есепті баяндамаларында дəлме-дəл бейнеленеді: 
“Орыстар басым тұратын елді-мекендерде тұрғындардың өздері мектеп ісіне қолғабыс тигізіп, мектептің 
қажетін өтеуді өз мойындарына алуда. Қазақтар арасында мұндай белсенділік байқалмайды” деп, оның 
басты себептерін отаршылдықтың нəтижесінен туған қараңғылық пен тұрмыс дəрежесінің төмендігінен 
іздейді. 
Жинақтап  айтсақ,  қазақ  үкіметі  құрылғаннан  бергі  ағарту  саласындағы  жоспарлы  жұмысының  қол 
жеткізген мынадай табыстарын атап кеткен жөн:  
Біріншіден,  соңғы  жыл  мектептердің  материалдық  жағдайын  жақсарту  бағытындағы  бетбұрыстың 
басталғанымен  сипатталады.  Бұл  мектеп  қызметкерлерінің  оқу-тəрбие  жұмысына  яғни  мектеп  сабағын 
оқытудың  əдістемесі,  оқыту  барысын  бақылау  алу  жəне  т.б.  көкейтесті  мəселелерге  назар  аударуына 
мүмкіндік береді. Екіншіден, қазақтардың тұрмысына ыңғайластырылған коммуна мектептері де өзін-өзі 
ақтап, 1923-24 оқу жылдары 10-нан 25-ке дейін көбейді. Үшіншіден, мектептердің əлі де оқулық жəне оқу 
құралдарымен, əсіресе, қазақ мектептерінің қамтамасыз етілуі нашар еді. Бар күшті жұмылдыра отырып, 
соңғы  1  жылдың  ішінде  (1923-1924  жж.)  қазақ  мектептеріне  арналған  24  оқулық  (əртүрлі  сыныптарға) 
шығарылса,  оның  ішінде  физика,  гигиена  жəне  т.б.  оқулықтары  тұңғыш  рет  қазақ  тілінде  басылғанын 
Ағарту халкоматы хабарлаған. Төртіншіден, соңғы жылдары мектеп ұстаздарының еңбек ақысын жалпы 
губерниялар бойынша теңдестіруге əрі өсіруге көңіл бөлу нəтижесінде ең төменгі еңбекақы 1925 жылдың 
сəуірінде  өткен  5-ші  Бүкілқазақтық  Кеңестері  съезі  қарсаңында  қалаларда  –  22  сомды,  уездерде  –  16 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 

сомды құрады. Дегенмен де Кеңес өкіметінің ағарту бағытындағы түбірлі оң өзгерістерін əділетті түрде 
атай отырып, кемшіліктеріне де тоқталғанымыз жөн болған. Ең бастысы, Қазақстандағы мектеп саны əлі 
де  бүкіл  Республика  халқына  шаққанда  өте  аз  еді.  Мысалы,  І  басқыштағы  мектеп  жасындағы  қазақ 
балаларын  мектеппен  қамту  10  пайыз  болса,  ІІ  басқыштағы  көрсеткішті  тіптен  ауыз  толтырып  айтуға 
келмейтін. Мектептің аз болу салдарынан жалпы немесе коммуналық мектептерге оқушыларды қабыл-
дауда таптық принцип қолданылды. Яғни бірінші кезекте жұмысшы, қызылəскер жəне кедей шаруалар-
дың балалары қабылданатын болған. 
Оған қоса 1923-24 жылдардың қорытынды көрсеткіші бойынша Қазақ АКСР бойынша сабақ беруші 
мұғалімдердің  жартысынан  көбі  (54%)  квалификациясы  төмен,  ал  28  пайызы  өз  міндетіне  сай  болмай 
шыққан.  Сондықтан  1924  жылдың  жазында  білімін  қайта  жетілдіру  курсын  1300  мектеп  мұғалімдері  ( 
қазақ мұғалімдері – 45%, орыстар – 53%, татар жəне басқалар – 2%) өткен, яғни өткен жылмен салыстыр-
ғанда 1 жарым есе көп. Сонымен қатар, сол кездің өзінде-ақ, мектеп жасындағы балаларды коммунистік 
қозғалыс  рухында  тəрбиелеу,  тіпті  фанатизммен  берілуге  үндеген  науқан  өріс  алды.  Орыстың  Павлик 
Морозовы немесе қазақ баласы “батыр бала Болатбек” секілді коммунизм атты утопиялық болашақ үшін 
құрбандыққа  баруға  даяр  кейіпкерлерге  табындырып,  таптық  жаулармен  ымырасыз  күресу  идеяларын 
саналарына құйды. 1937-1938 жж. қоғамымыздың жаппай қуғын-сүргіге жол беруінің себебі де осындай 
идеологиялардың жемісі деп ойлаймыз. 
Сонымен жас қазақ мемлекетінің ағартушылық қызметі маңызды, аса қажетті салалардың бірі болды. 
Халком  Кеңесінің  төрағасы  республикалық  бюджеттің  шығысы  туралы  есеп  бергенде  республикалық 
жəне жергілікті (губерниялардағы) бюджеттің басым бөлігі (25-30 пайыз) халық ағарту саласына жұмса-
латындығын атап отырады. 
Мұрағат  құжаттарынан  анықталып  отырғаны,  оқу-ағартуға  жұмсалатын  қаржының  жылдан  жылға 
өсімін  белгілеуші  жаңа  мектептердің  қатарға  қосылуы  екен.  Мектеп  ұстаздарының  еңбек  ақысы  мен 
мектептің  жыл  сайынғы  материалдық  қажеттіліктерін  өтеу  үшін  жергілікті  бюджет  есебінен  қомақты 
қаржы  бөлінетін.  Үкімет  1925-26  жылдарға  Қазақстанның  ауылдары  мен  қышлақтарында  339  мектеп 
салуды жоспарлапты: Сырдария губерниясында – 120 мектеп, Жетісуда – 120 мектеп (екеуі де ҚазАССР-
іне  Түркістан  құрамынан  берілген  болатын)  Ақтөбеде  –  20,  Орал  жəне  Бөкей  –  20,  Адай  уезінде  –  12, 
Қарақалпақ автономиялық облысында – 25 мектеп. 
Үкімет баспа беттері арқылы берген сұхбаттарынан мектеп санының өсу қарқынының жоғары болған-
дығы айқын көрінеді. 1924-25 жылдары І басқыштағы мектептер саны – 2751 болса, 1925-26 жж. – 3682 
мектеп,  ІІ  басқыштағы  мектептер  37  ден  78-ге  дейін  өскен  [1].  Солай  бола  тұра,  ағарту  комиссариаты 
Қазөлкеком, Қазаткомға берген есептерінде сапасы жөнінен əсіресе қазақ мектептерінің жағдайы ешбір 
сын  көтермейтіндігін  ашып  айтады:  “І  басқыштағы  мектеп  жасындағы  қазақ  балаларының  13  пайызы 
(1926 жылдың есебімен) ғана мектеппен қамтылған болса, басқа ұлттар – 40 пайызға қамтылған. Мектеп-
тердің  саны  қазақтарда  басқа  ұлттармен,  кей  жерлерде  сан  жағынан  теңескенімен  қызмет  көрсету 
жағынан салыстыруға да келмейді. І басқыштағы қазақ мектептерінің 1 пайызы ғана мектеп ғимаратымен 
қамтамасыз  етілсе,  қалғандары  жер  тамдарда  бұзау-қозылармен  бірге  сабақты  көбінесе  сыз  жерлерде 
отырып  өткізеді.  Ал  екінші  сыныптағы  қазақ  мектептерінің  аз  болуының  негізгі  себебі  арнайы  оқу 
материалдарымен қамтамасыз етілмеуінен”, – деп, еш бүкпесіз ащы шындықты жайып салады. Осылайша 
күйіну, ұлттық мүддені қызмет бағытындағы өзектілік деп түсіну, өз ұлтын жан-тəнімен сүйетін ұлтжан-
дылық сол кездегі көптеген қазақ қайраткерлеріне тəн еді. 
Қазақ мектептерінің санын өсірумен қатар сапасына да көңіл бөлу, оларға қаржылай қолдау көрсетуге 
үкімет барын салды. Мектептер, жалпы ағарту ісін ол кезде ұлтымыздың жалынды басшыларының бірі 
Смағұл Сəдуақасов басқаратын. Үкімет басшысы жергілікті жас халкомға үлкен сеніммен қарағандығы 
сонша, аракідік сұрау салып, жағдайы мен қажеттіліктерін біліп отырады. Үкімет тарапынан күш беруге 
қажет  деп  табылған  ресми  құжаттарға  Халық  Комиссарлар  Кеңесінің  төрағасы  мен  Ағарту  халкомы 
бірігіп қол қояды. Көбінесе, осынау құжаттар ағарту жұмысының саяси бағытын, мəнін айқындау немесе 
мектептердің материалдық базасын нығайту, ұстаздарға уақытында жалақысын беріп отыру мəселелеріне 
байланысты болып келеді. 
Мəселен,  1925  жылдың  жазында  үкімет  тарапынан  барлық  губатқару  комитеттеріне  хат  жолданды. 
Онда ауыл мектептерін жөндеу құрылыстарына 131.800 сом бөлінгендігі айтылып, мынадай бағыттағы  
нұсқау берілді: 
1.  Жалпы  Қазақстан  бойынша  қазақ  балаларын  мектеппен  қамту  8-10%  аспайды,  ал  европалық 
тұрғындарда бұл көрсеткіш селоларда 75 пайызға дейін жетіп отыр. 
2. Ағарту саласына бөлінетін қаржының 30 пайызы жұмсалатын балалар үйлерінде, қазақ балалары тек 
қана 7 пайызды құрайды. 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 

3. Оқу үйлерінде, халық ағарту үйлерінде т.б. қазақ тұрғындары жоқ. 
4. Əсіресе, қазақтар мекендейтін ауыл-аймақтарда мектеп ғимараттарын салу ісі өте нашар, көптеген 
аудандарда ғимараттар жоқтың қасы дей келе, бөлініп отырған ақшаның негізгі мақсаты осы жоғарыда 
аталған кемістіктің орнын толтыру болып отырғандығын атап көрсетеді. 
Құжатта губернияларға ақшаны игеру тəртібі былайша таратылған: губерниялық халық ағарту бөлім-
дері  мектепті  жөндеудің  жəне  жаңа  құрылысының  жобасын  жасап,  губатқару  комитетінде  бекітуі  тиіс. 
Тиесілі  ақша  бекітілген  жобалардың  негізінде  губерниялық  қаржы  бөлімдері  арқылы  беріліп,  оның 
үнемді жұмсалуын қадағалау, əрбір сметасын қатаң тексеру сол қаржы органдарына жүктеледі. Ал сол 
жылдың 1 қазанында Губатқару комитеттері атқарылған жұмыс жайлы үкіметке есеп беруі міндеттелді. 
Барлық губернияларға мектептерге шаққандағы (əр мектепке 45 сом 88 тиын есебімен) бөлінген қаржы 
кестесі келтірілген болса, көп мөлшердегі қаржы 724 мектебі бар Ақмола губерниясына (33.289 с. 52 т) ең 
азы 13 мектебі бар Адай уезіне (619 с. 06 т) бөлінген [2].  
Құжаттың соңында Халком Кеңесінің төрағасы Н.Нұрмақов пен Ағарту комиссары С.Сəдуақасовтың 
қолы тұр. 
Несіне жасырайық, соңғы жылдары жарық көрген тарихи еңбектерде ішінара ешбір мағынасыз қазақ 
қайраткерлерін бір-біріне қарсы қою немесе жақсы-жаманын салыстыру арқылы бағалау, таныту үрдісте-
рі байқалып жүр. Нығмет пен Смағұлдың арасында қызмет бабында бір-бірімен қоян-қолтықтаса шаруа 
тындырудан артық қыңыр сөзге іліндірер бірде-бір айғақты кездестірмедік. Керісінше қос азамат та елдің 
бүгінгісін  түзу  саралап,  ертеңін  айқын  болжай  алатын  ұлтжанды  басшылар  еді.  Əбетте,  олардың  ауыл 
шаруашылығын,  өнеркəсіпті  дамытудың  бағыттары,  əдістері  секілді  мəселелері  бойынша  көзқарастары 
мазмұны жағынан ұштасып жатады. 
Айта  берсек,  мəселен,  1925  жылы  қазақ  жазушысы  Ж.Аймауытовты  соттау  процесінде  қорғап, 
шырылдап ортаға Смағұлдың түскенін, өзін ақтап Жүсіпбек сөз сөйлегенде сотта отырған иісі қазақтың 
бəрі  “сеңдей  соғылысып,  жылағанын”,  “ірі  мемлекет  қызметкері”  Н.Нұрмақовтың  ұйымдастырушылар 
мен сот мүшелеріне “жұдырығын” көрсеткенін айтпай, ұмыт қалдыру тарихқа қиянат. Ендеше, ұрпаққа 
үлгі-ғибрат боларлық осындай жағдайларға көңіл аударып, насихаттағанымыз жөн. 
Тіпті С.Сəдуақасовты Халық Ағарту комиссары міндетінен алу жайлы мəселе Өлкелік партия комите-
тінде  талқыға  түскен  сəтте  оны  қызметінен  босатудың  еш  негізі  жоқтығын  мəлімдеп,  бюро  шешіміне 
қарсы шыққандар қатарында Н.Нұрмақовтың да болуы, оның біреудің атақ-дəрежесін қызғанбайтын, өрлі 
дарынды мойындап қолдай білетін азамат екендігінен хабардар етеді. 
Халком Кеңесі төрағасының Ағарту комиссарымен қызмет бабындағы тығыз байланысын бейнелейтін 
жəне жалпы үкіметтің ағарту бағытының қырларын баяндайтын кейбір деректердің мазмұнына тоқтала-
йық.  1925  жылдың  күзінде,  яғни  жаңа  оқу  жылының  қарсаңында  губерниялар  мектеп  мұғалімдеріне 
жалпы  республика  бойынша  қарызы  150  мың  сомға  жетті.  Н.Нұрмақов  жəне  С.Сəдуақасов  қол  қойған 
қатынас  хаттары  губернияға  бірнеше  мəрте  жолданды.  Қатынас  хатта  былайша  қарызданудың  себеп-
салдары  көрсетіле  отырып,  мұғалімдерге  еңбекақысын  толық  төлеудің  мынадай  жолдарын  ұсынады: 
“Мұғалімдердің еңбекақысын толығымен төлеуге губерниялардың  запастағы қорын қолдану, ал запаста-
ғы  қоры  жеткіліксіз  губернияларда  басқа  шаруашылық  қажеттіліктерге  арналған  қаржыны  пайдалану 
керек”. Сондай-ақ, алдағы уақытта мұғалімдерге тиесілі қаржыны түрлі мақсатта пайдалануға жол берген 
шенеуніктердің жауапқа тартылатындығы да Губатқару комитеттеріне қатаң ескертілді [3]. Оған губерния 
орталықтарындағы,  əрі  уездерді  жаппай  қамтыған  мұғалімдер  стачкалары  да  себепші  болды  [4].  1926 
жылдың  ақпанында  Н.Нұрмақовтың  Бүкілодақтық  Орталық  Атқару  Комитетіне  жолдаған  хатында 
мұғалімдер алдындағы қарызын бірқатар губерниялар өтегеніне қарамастан, кей губерниялардың мəселе-
ні шешуді əлі де созып отырғанын мойындайды [5]. Ал, оның 20 ақпанда Губатқару комитетіне жолдаған 
жеделхатында бұл губерниялардың басшылығы 3 күннің ішінде мұғалімдер еңбекақысын толық  өтемей-
тін болса, мəселені шешуге Республика прокурорының араласуы талап етілетіндігі айтылған. 
Бұл жерде үкімет басшысы жергілікті бюджеттегі қалыптасқан ауыр ахуалды ескере отырып, мəселені 
шешуге күш салды. Ауыл шаруашылығы енді ғана есін жиып, қалпына келе бастағанда 1924-25 жылдары 
бірқатар губерниялардың шаруашылығы тағы да құрғақшылық пен жұтқа тап болды. Ал, 1925 жылдың 
күзінен ауылшаруашылық науқанының едəуір табыспен өтуі жергілікті жерлердегі мұғалімдердің айлап, 
жылдап төленбей келген еңбекақыларын толық өтеуіне оңтайлы жағдайларды тудырды. 
Ағарту ісінің бұдан басқа келелі мəселелерін атап айтсақ, оқулықтар, оқу құралдары, оқу-əдістемелік 
жұмыстар,  мектеп  құрылымын  дамыту,  мұғалімдердің  білімдерін  жетілдіру  жəне  т.б.  толып  жатқан 
ұйымдық  жұмыстарды  Ағарту  халкоматы  аса  ыждаһаттылықпен  шешуге  күшін  салды.  Мектептер 
санының əрі (қазақ мектептері үшін баяу болса да) сапалық деңгейінің жылдан жылға өсе түсуі Смағұл 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 

Сəдуақасов басқарған Ағарту халкоматының ұйымдық-атқарушылық жұмысының жемісі деп бағалаған 
жөн. Оның құрамында ұлт үшін қызметімен, шығармашылық еңбектерімен терең із қалдырған Телжан 
Шонанов, Білəл Сүлеев, Сəкен Сейфуллин сияқты қазақтың асыл тұлғалары болды [5]. 
Бес жылға жуық салиқалы саясаттың нəтижесінде, 1928-1929 жылдардың қорытынды есебінде қазақ 
балаларының оқуына ыңғайластырылған 7-жылдық қазақ мектептері 43-ке жетіп, жалпы мектептер саны 
4397-ні құрады. Мектеп жасындағы қазақ балаларының 34,7 пайызы оқумен қамтылды. 
1926 жылдың 27 қыркүйегінде С.Сəдуақасов Н.Нұрмақовтың əдеттегі құпия түрдегі сауалына былай 
деп жауап жазыпты: “Ағарту халкоматы мектептерге қатысты өзінің қызметін автономиялы түрде жүзеге 
асырып отыр. Жергілікті мекемелердің оқу-ағарту саласына жұмсалатын бюджетін бекіту Қазақстанның 
Ағарту  халкоматы  арқылы  өтетін  болғандықтан,  бұл  бағытта  айрықша  қиындық  туған  емес.  РСФСР 
Ағарту  Халкоматына  тəуелділік  тек  қана  Жоғары  оқу  орындарына  байланысты  болып  отыр,”  –  деп 
орталық  мекемелермен  арадағы  орын  алған  қайшылықтарға  арнайы  тоқталады:  Біріншіден,  Мəскеудің 
жұмысшы  факультетіне  түсуге  барған  70  адамның  50-ге  дейінгісі  орыс  тілінен  емтихан  тапсыра  алмай 
қайтып келген. Орыс тілін білмейтін ұлт өкілдеріне арналған дайындық курсын ұйымдастыру жайлы өті-
ніш биылша тағы да қанағаттандырылмағандықтан, келер жылы мəселені міндетті түрде шешу қажеттігін 
ескертеді. Екіншіден, Ташкенттегі Халық Ағарту институтын Педагогика институты ретінде қайта құруға 
РСФСР Ағарту Халкомы А.Луначарский келісім берген болатын, алайда бұл жоғарғы оқу орнын РСФСР 
Ағарту Халкоматының бюджетіне көшіру туралы мəселе қойылғанда Ағарту комиссары сөзінен тайып, 
Қазақстанға педагогика институтының қажеті шамалы деп дəлелдемек болыпты. Ендеше Ташкент Педа-
гогика институтын жалпы федералдық бюджетке кіргізу қажет. Үшіншіден, С.Сəдуақасов Н.Нұрмақов-
тың  Орталық  билік  пен  Қазақ  Ағарту  халкоматы  арасындағы  қалыптасқан  мынадай  қайшылықтарын 
шешіп  беруін  өтінген:  біріншісі,  былтыр  М.И.  Калининнің  қол  қоюымен  мектептерге  бөлінген  3  млн 
сомнан Қазақстанға тиесілі 300 мың сомды РСФСР Ағарту Халкоматы аудармай қойған. Екіншісі, 1921 
жылдың  аштығында  Поволжьеден  көшірілген  балалар  үйлері  мəселесі.  Жергілікті  бюджеттің  2  млн. 
сомға  дейінгі  қомақты  қаржысын  тауысатын  балалар  үйлерінің  болашақ  тағдырын  шешугe  яғни  кері 
көшіруге орталық пысқырып та қарамағандығын мəлімдейді [6]. 
Жалпы бұл құжаттар Ағарту халкоматы мен Халком Кеңесі төрағасының ағарту мəселелерінің бір-бі-
рімен тығыз байланыста келісіп-пішкен ортақ шаруалары болғандығын айғақтайды. Арнайы жоғары оқу 
мəселесіне  келсек,  күрделі,  қайшылықты  жағдайлардың  осы  бағытта  шиеленісіп  отырған.  Н.Нұрмақов-
тың өзі қазақ балаларының білімге деген ынтасы, құштарлығына сүйсінеді: “былтыр да, биыл да даланың 
түпкір-түпкірінен  қалаларға  білім  қуған  жастар  ағылуда.  Тіпті  жаяу  келгендері  жетерлік”  –  дейді  [7]. 
Мысалы, 1924 жылдың күзінде Бөкей, Орал, Ақтөбе губернияларынан, Адай уезінен оқу іздеп ағылған 
қазақ жастарының 91-ін ғана қабылдау мүмкін болып, 300-ін қайтаруға тура келген. 
Қазақстандағы  кəсіптік  білім  беру  жүйесінің  1924  жылдың  оқу  қарсаңындағы  ахуалын  суреттейтін 
мына кестеге үңілейік:  
 
2-кесте. Қазақстандағы кəсіптік білім беру жүйесінің 1924 жылдың оқу қарсаңындағы ахуалы 
 
 
Халық ағарту 
институттары 
Педагогика-
лық техни-
кумдар 
Ауыл шар-
уашылық 
техник 
Медицина-
лық техни-
кумдар 
Фабрикзавод 
мектептері 
Кəсіптік 
техникалық 
мектептер 
Кəсіподақтық 
курстар 
 
С
ан
ы
 
Ш
əк
ір
т 
 
са
ны
 
С
ан
ы
 
Ш
əк
ір
т 
са
ны
 
С
ан
ы
 
Ш
əк
ір
т 
са
ны
 
С
ан
ы
 
Ш
əк
ір
т 
са
ны
 
С
ан
ы
 
Ш
əк
ір
т 
са
ны
 
С
ан
ы
 
Ш
əк
ір
т 
са
ны
 
С
ан
ы
 
Ш
əк
ір
т 
 
са
ны
 
Қазақ 

86 

38 

58 

17 

54 

32 

30 
Орыс 

40 

30 
 
 
 
 
 
 
 
 

27 
Татар 

92 


 
 
 
 
 
 
 
 


 
(Ескерту: Басқа ұлттардың білім алуы жайлы мəліметтер толық емес) 
Жоғары оқу дəрежесінде саналатын Қазақстанның оқу орны Ташкентте орналасты. 1926 жылдың оқу 
жылында  Халық  Ағарту  институты  Қазақ  Педагогика  Институты  болып  қайта  құрылғаны  мəлім.  Сол 
жылғы  есеппен  аталған  институтта  286  қазақ  баласы  білім  алып  жатқан  болатын.  Ал,  қазақ  жұртының 
білімге деген сұранысына қызмет көрсетуші мамандарды даярлайтын педтехникумдардағы оқып жатқан 
қазақтар саны 738-ді құрап отыр. Байқалған қызықты құбылыс, қазақтар сол кезде-ақ ағарту, қоғамдық 
оқу салаларына білім алуға көптеп барғандығы еді. Ауылшаруашылық техникумы, кəсіптік мектептерде 
білім алушылардың 13 пайызы ғана қазақтар болыпты. Оның басты себебін Ағарту Халкоматы мектептер 
жүйесіндегі ІІ басқыштық мектептердің қазақтар арасында дамытылмауынан деп көрсетеді. 

Абай атындағы  аз ПУ-ды  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1 (36), 2013 ж. 

Губерниялық орталықтарда орналасқан педтехникумдар, ауыл шаруашылық техникумдары жəне т.б. 
бəрі жергілікті бюджеттің есебінен қаржыландырылып, Ағарту халкоматы тарапынан қамқорлық көріп, 
бақыланатын. 
Ендеше,  құжаттардың  көрсетіп  отырғаны,  күрделі  жағдайдың  барлығы  сыртта  жоғарғы  білім  алып 
жатқан Қазақстандық студенттерге байланысты туып отырған. Қазақстанның өз жоғары оқу орны болма-
ғандықтан, шетте оқытатын студенттерінің оқу ақысын немесе стипендиясын төлеп тұру керек еді. Бірден 
айту керек, студенттерді оқытуды қаржыландыру республикалық үкімет пен федералдық билік органда-
рының  арасында  келіспеушіліктен  шешімін  таппай  сарсаңға  салынған  мəселеге  айналды.  Н.Нұрмақов 
қызметіне кіріскен алғашқы күннен-ақ, өлкелік бюджеттен Қазақстан Республикасына аса зəру мамандар-
ды даярлайтын ішкі оқу мекемелерімен тапсырыс бойынша республикадан тыс оқу орындарында оқитын 
студенттерге арнайы қаржы белгілеуді жан-жақты дəлелдермен нақты мəселе қылып қойды. 
Орталық үкіметтің, дəлірек айтқанда РСФСР Халық Ағарту комиссариатының осы мəселеге көзқара-
сы, ұстанымы екі жүзді, ұшқары болып келді. “Қазақстан Педагогика институтын құру өзін-өзі ақтамай-
ды,” – деп сəуегейлік таныта қалған РСФСР Ағарту халкомы А.Луначарскийдің жем-жемге келгенде, бас-
қа ұлттың тағдырына ешбір бас ауыртпайтынына С.Сəдуақасов. Н.Нұрмақовтардың көзі жетті. Сондық-
тан Қазақстанның үкіметі тарапынан қолынан келгеннің бəрін жасап, елдің ертеңі, ақыл-ойы қазақ жаста-
рын қолдап, жебеу көрсеткен осынау асыл азаматтардың жақсылығын айту абзал болар. 1924 жылдың 27 
қарашасында  Қазхалком  Кеңесіне  жазған  хатында  Ағарту  комиссарының  орынбасары  З.М.  Темірбеков 
жырақтағы Қазан, Ташкент, Мəскеу сияқты бірқатар қалаларда білім алушы жастардың ауыр материал-
дық жағдайын суреттейді. Хатта баяндалғандай Зарап Темірбеков таяуда іссапармен Мəскеуге барғанда, 
астанадағы қазақ студенттерінің ауыр жағдайын көріп, қарызға тапқан 700 сомды көмек ретінде үлесті-
ріпті... Хатты оқыған Н.Нұрмақов Қаржы комиссары Иссидор Майминге “дереу шешім қабылдаңыз” деп 
бұрыштама соғыпты, яғни қарызға алынған 700 сомды жабу жəне Ташкент студенттеріне қажетті 3600 
сомды оқуына жағдай жасауға аудару қажет деп көрсеткен [8]. 
Қаржылай  көмекті  студенттерге  үзбеудің  бар  тəсілдері  қолданылды.  Қазақстанның  аумағында  білім 
алушы  студенттерге  стипендияларын  жергілікті  бюджеттен  төлеу  жайында  Халком  Кеңесінің  1925 
жылдың 7 қаңтарында қаулысы шықты. Мұның өзі өлкелік бюджеттің тапшылығынан жасалған амалсыз 
қадам еді, деп түсіндірді Н.Нұрмақов. 
Үкімет 1925 жылдың көктемінде су мен электр жарығы үшін қарызға белшесінен батқан Орынборда-
ғы өлкелік оқу орындарының мəселесін де шешуге мəжбүр болды. Ағарту халкомы орынбасарының бірі 
М.Жолдыбаевтың мəлімдеуінше қарыздың көлемі 14500 сомнан асып кетті. Қазақстандағы коммуналдық 
қызметі жолға қойылған бірден-бір қала осы болатын. 
Қазақстаннан  тыс  республикаларда  білім  алушы  студенттерді  ақшалай  қолдап,  Халком  Кеңесінің 
атынан  немесе  Ағарту  халкоматының  қорынан  үнемі  қаржы  бөлініп  тұрғандығына  деректер  айғақ. 
Студенттердің  материалдық  жағдайын  шешудегі  шикілікті  ретке  келтіру  үшін  Н.Нұрмақов  Мəскеудегі 
орталық үкіметке қайшылықтың төркінін талдап хат жазды. Онда, Кеңес Одағының жоғарғы оқу орында-
рындағы қазақстандық студенттерді стипендиямен қанағаттандыру РСФСР Ағарту халкоматы жанында-
ғы Орталық стипендия Комиссиясының құзыры болғандықтан, Қазақ ағарту Халкоматының студенттер-
дің  алатын  стипендиясының  көлемі,  стипендианттардың  нақты  саны  жайлы  дəлме-дəл  ақпарат  жоғы 
айтылған. Халық шаруашылығының сұранысына сай студенттердің санын реттеп отыруға, оқуын тəмам-
даған  соң  Қазақстанға  міндетті  түрде  қайтып  оралып,  еңбекпен  тəжірибеден  өту  мерзімін  белгілеп 
бақылап тұру үшін жəне 2 мың студентке шақталған стипендия қорының жұмысын үйлестіріп отыруды 
Қазақстан Ағарту халкоматының қолына беруді сұрады [9]. 
Өкінішке орай, бұл шаруаның қарапайым шешімі бола тұра, бюрократиялық  кедергілер аталған істі 
тиімді тындыруға мүмкіндік бермеді. Десек те, Қазақстан үкіметі шеттегі білім алушы өскелең жастарын 
жетімсіретпей сұрағанын беріп, жылағанын жұбатқан жанашырлық қызметіне ризашылықпен қарайсың. 
Республикадағы  алған  білімімен  қанағаттанбай,  шетте  оқу  іздеген  жастардың  пейілдері  мен  жігеріне 
Н.Нұрмақов сияқты қазақ басшыларының қуанбағаны кемде-кем шығар. 
Осыған сəйкес, Қазақстанның өзінің тұрақты жоғары білім беретін оқу ордасын құру мəселесі де пісіп 
жетілген-ді.  Астанасы  анықталмай,  көшумен  жүрген  Қазақ  үкіметіне  мəселені  нақты  қоюға  мүмкіндігі 
жоқ болды. 1928 жылы Қазақ мемлекетінің орталығы (Алматы) түпкілікті белгіленгенде, тұңғыш Қазақ  
университетін ашу ісі көптің пікіріне айналды.  
Үкіметтің қабылдаған қаулысымен əуелі университеттің үш бөлімінен тұратын педагогика факультеті 
ашылып, 1928 жылдың 1 қазанынан оқу жылын бастаған кезі [10]. 6 қазанда Қызылордадан Н.Нұрмақов 
РСФСР  Халком  Кеңесіне  Смирновқа  жəне  Ағарту  халкоматы  Яковлеваға  мазмұны  бір  жеделхаттар 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1 (36), 2013 г. 
10 
жолдаған:  “Университет  ашылды.  Алайда  РСФСР  Ағарту  халкоматы  тиісті  қаржыны  жіберген  жоқ, 
сұрауларымызға  жауап  бермей  отыр.  Университет  бөлмелерін,  профессорлардың  пəтерлерін  жөндеуге, 
шаруашылыққа  қажетті  жер  үлесімен  қамтамасыз  етіп,  оқу  құралдарымен  жабдықтауға,  отын  алуға 
қаражат керек. Жедел түрде шешулеріңізді сұраймын” делінген [11]. Қазақстандық тұңғыш жоғары оқу 
ордасын  материалдық  базасын  нығайтуда  Н.Нұрмақовтың  ролін,  дəнекерлік  қызметін  бейнелеген  жиі 
ұшырасатын  тарих  құжаттарынан  білуге  болады.  Институтқа  қажетті  биопрепаратты  Саратов,  Омбы 
қалаларынан алдырту, үкіметтің шешімімен шаруашылық жер бөлдіру [12], лабораториялық зерттеулерге 
ғимарат беру [13] сияқты мəселелердің барлығы аталмыш білім шаңырағын көркейтудегі Н.Нұрмақовтың 
қолқабыс беруімен жасалған қадамдар еді. 
1928  жылдың  26  қарашасында  БОАК-нің  13-ші  шақырылған  ІІІ  сессиясында  (Мəскеуде)  сөйлеген 
сөзінде  Н.Нұрмақовтың  Алматыда  алғашқы  Қазақ  университеті  ашылып,  жұмыс  істей  бастағандығын 
мақтанышпен хабарлады [14]. 
Сонымен  қорыта айтқанда,  ағарту  ісі  үкіметтің  мəнді,  мазмұнды бағыттарының  бірі болғандығы 
даусыз. 
Біріншіден, жалпы білім беру саласындағы деңгей 1924 жылдан 1929 жылға дейін өте жоғары болды. 
Қаржы  бөлу  арқылы  жаңа  мектептердің  құрылысын  салдыру,  жалпы  жəне  арнайы  білім  беру  ісін 
ұйымдастыру, оқу мекемелерінің материалдық базасын жабдықтау ерекше қарқынмен жүргізілді. Қазақ-
тың балаларына арналған ана тіліндегі мектептерді ашып, ұйымдастыру ісіне айрықша назар аударылды. 
Оған  қазақтың  саяси-қоғамдық  өміріне  айрықша  үлес  қосқан  қайраткерлер,  көрнекті  ақын-жазушылар 
қатыстырылды. 
Екіншіден, ағарту саласына қажетті кəсіби мамандар даярлайтын арнайы кəсіптік оқу орындарымен 
қатар республика тарихында тұңғыш рет жоғары оқу орны да бой көтеріп, алғашқы студенттерді қабыл-
дады.  Сондай-ақ,  ауыл-шаруашылық  мамандарын  даярлайтын,  кəсіптік-техникалық  білім  беретін  жəне 
өндірістегі  жұмысшылардың  сауатын  ашатын  оқу  орындарының  саны  көбейіп,  оқушылардың  саны 
артумен болды. 
 
1.
 
Советская степь. – 1926. – 4 октября. – С. 2. 
2.
 
РОММ., 30 – /., 1
 
– т., 442 – іс, 73 – п. 
3.
 
Б%л да сонда, 393 – іс, 78 – п. 
4.
 
Б%л да сонда, 491 – іс, 27 – п. 
5.
 
Б%л да сонда, 639 – іс, 27 – п. 
6.
 
Б%л да сонда, 81 – /., 1 – т., 1367 – іс, 87 – п. 
7.
 
Б%л да сонда, 30“/”–  /., 7 – т., 21 – іс, 64-64-арт. – п.п. 
8.
 
Советская степь. – 1924. – 5 декабря. 
9.
 
РОММ., 30 – /., 1
 
– т., 448 – іс, 52 – п. 
10.
 
Б%л да сонда, 441 – іс, 117 – п. 
11.
 
В братском единстве народов СССР. Документы и материалы 1920-1937 гг. – А: Казахстан, 1972. – С. 274. 
12.
 
РОММ., 30 – /., 7
 
– т., 646 – іс, 123 – п. 
13.
 
Б%л да сонда, 734 – іс, 95 – п. 
14.
 
Б%л да сонда, 641 – іс, 95 – п. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал