Социал Жұмабаев, Зейнолла Олжабаев



жүктеу 2.82 Kb.

бет1/6
Дата17.04.2017
өлшемі2.82 Kb.
  1   2   3   4   5   6

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАЯН БАТЫР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
БАЯН БАТЫР 
(зерттеу мақалалар жинағы) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Петропавл – 2008 жыл 

 

ISBN 
 
Солтҥстiк Қазақстан облыстық ӛлкетану мҧражайы 
жанындағы «Асыл мҧра» орталығы 
 
Кiтапты қҧрастырып, баспаға дайындаған: 
Социал Жұмабаев, Зейнолла Олжабаев. 
 
 
Редакция алқасы: Қайролла Мҧқанов, 
Ермек Баймҧратов, Ниязбек Нҧғыманов, 
Жәлел Жанабаев, Ғомар Сажаратов. 
 
Редакторы: Таңат Сҥгiрбаев 
 
 
«БАЯН БАТЫР» 
Петропавл қаласы -        бет 
 
Кiтапқа 
ХҤIII 
ғасырдағы 
қазақ-қалмақ 
соғысының  батыры  Баян  батыр  Қасаболатҧлы 
туралы  жазылған  зерттеу  еңбектердiң  жинағы 
енген. 
 
 
ISBN 
  
 
 

 

АЛҒЫ СӚЗ 
 
Дербестікке  қолымыз  жеткен  сәттен  бастап-ақ 
осыншама  кең  байтақ  жерге  ие  болған,  оны 
қорғаған,  тәуелсіздік  ҥшін  кҥресіп,  сол  жолда 
қҧрбан болған ата-бабаларымызды еске алып, іздей 
бастадық. 
Шығысында Алтай тауынан бастап, батысында 
Еділ 
ӛзеніне 
дейін 
ҥш 
мың 
шақырым, 
Солтҥстігінде  Сібірден,  оңтҥстігінде  Тянь-Шаньға 
дейін  2  мың  шақырымға  созылып  жатқан 
ҧланғайыр жерді  қаумалаған  қалың жаудан  қорғап 
тҧру  ҥшін  батырларымыздың  кӛп  болғаны,  әрине, 
барынша  заңды.  Жазу  ӛнері  кеш  дамығандықтан 
хатталмай,  кӛмескіленгені,  ҧмытылғаны  қанша? 
Қҧдайға  шҥкір,  есіміздегісіне  ескерткіш  орнатып, 
ҧлттық  ӛнеге  салтымызға  сай  ардақтап  ас  беріп, 
барымызды  бағалап,  жоғымызды  іздеп  жатырмыз. 
Еліміз қҧл, жеріміз кҥл болмасын деп алтын басын 
ажалға тіккен батырларымыздың бірі – Баян батыр 
Қасаболатҧлы. 
Осы  уақытқа  дейін  атақты  жерлесіміз  Баян 
батыр  туралы  баспа  беттерінде  ҥлкенді-кішілі  30 
шақты 
мақалалар 
жарық 
кӛрген 
 
екен. 
Мақалалардың  текстологиясына  қарап  отырсақ, 
1989 жылдардан бастап, яғни Мағжанның ақталған 
уақытынан  басталып  жазыла  бастаған.  Оған  дейін 
қазақ-қалмақ  соғысының  атақты  батырларының 
қатарында  жай  ғана  аталып  жҥрді.  Басқа 

 

батырлардай 
арнайы 
зерттеуге, 
мадақтауға 
болмады,  ӛйткені  «халық  жауы»  атанған  Мағжан 
Жҧмабаевтың  «Батыр  Баян»  атты  дастанының  бас 
кейіпкері.  Баян  батырды  мадақтау  Мағжан 
шығармашылығын мадақтаумен бірдей еді. Сӛйтіп, 
Баян  батырдың  есімі  Мағжан  Жҧмабаевпен  бірге 
тҧтқындалып,  бірге  ақталды.  Ақталған  ақынның 
бҥкіл  шығармашылығы  сияқты  Баян  батыр  жайлы 
зерттеу  мақалалар  тоғанда  қамаулы  тҧрған  судың 
бӛгетін  ашып  жібергендей  лақ  етіліп,  жӛппелдете 
жазылды. 
Жерлес 
жазушы 
марқҧм 
Хамза 
Абдуллин, 
Мҧқағали 
Мақатаев 
атындағы 
сыйлықтың  лауреаты  марқҧм  Ерік  Асқаров, 
Филология ғылымының кандидаттары Бақытжамал 
Қанарбайқызы, 
Салтанат 
Ізтілеуова; 
жерлес 
жазушы марқҧм Бақыт Мҧстафин, ӛлкетанушылар: 
Қосыл  Омаров,  Қайролла  Мҧқанов  тағы  басқалар 
батыр  бабамыз  жайлы  кӛлемді  мақалалар  жазды. 
Қазіргі  қалың  оқырмандарымыздың  Баян  батыр 
туралы  тҥсініктері  осы  азаматтардың  мақалалары 
арқылы қалыптасты деуге толық негіз бар. 
Булаев қаласының бір мектебіне батырдың аты 
беріліп,  ескерткіш  қоюылуына,  Алматы  және 
Астана  қалаларының  бір-бір  кӛшелеріне  батыр 
бабамыздың 
есімінің 
берілуіне 
аталмыш 
мақалалардың ықпалы тимеді деуге болмайды. 
Дейтҧрғанмен,  батырдың  ӛмірі  мен  қызметі 
толық  зерттелді,  ғылыми  сараптамаға  тҥсті  дей 
алмаймыз. 

 

Жоғарыдағы  айтылған  саны  жағынан  отыздан 
астам  зерттеу  мақалалардың  бәрі  де  ҥш  негізге 
сҥйене  отырып  жазылған.  Әрине,  ҥшеуі  де  осал 
емес. 
Біріншісі: 
жыраулардың 
толғаулары 
Қожаберген  жырау  (1663-1763),  Ҥмбетей  жырау 
(1706-1778), Шал ақын (1748-1819), Тәттіқара ақын 
(ХҤІІІ  ғасыр),  Қобылан  Бәрібайҧлы  ақын  (1760-
1840),  Мәшһҧр  Жҥсіп  Кӛпеев  (1858-1931),  Шәді 
Жәңгірҧлы  (1855-1933),  Мәжит  Айтбаев  және 
халық ауыз әдебиетінің нҧсқалары, т.б. 
Екіншісі:  Қазақтың  тҧңғыш  ғалымы  Шоқан 
Уалихановтың  «Исторические  предания  о  батырах 
ХҤІІІ в.» атты еңбегі; 
Ҥшіншісі: Мағжан Жҧмабаевтың «Баян батыр» 
дастаны.  Баян  батыр  жайлы  мақалаларды  осы  ҥш 
дҥниелікті  алдарына  ашып  қойып  отырып 
жазғандықтан бірін бірі қайталайды. Тіпті болмаса 
араға  уақыт  салып  бір  баспадан  екінші  баспаға 
беріп 
қайталатады. 
Сондықтан 
жазылған 
мақалалардың  саны  кӛп  те,  келтірген  деректері 
бірдей. 
Баян 
батырды 
тану 
ісі, 
жоғарыда 
айтқанымыздай, қолға кеш алынғанымен осы уақыт 
аралығында  батыр  есімін  ел  есінде  қалдыру 
шаралары аз емес деуге болады. 
Белгілі  кинорежиссер  С.Тәуекеловтың  «Батыр 
Баян»  киносы  тҥсіріліп,  қазақ  мәдениетінің  алтын 
қорына  қосылды.  Алматы,  Астана,  Петропавл 

 

қалаларының 
бір-бір 
кӛшелеріне 
батыр 
бабамыздың  есімі  берілді.  Солтҥстік  Қазақстан 
облысы  Булаев  қаласының  бір  мектебіне  аты 
беріліп  ескерткіші  орнатылды.  Қазіргі  Мағжан 
Жҧмабаев  ауданында  тҧрып  жатқан  батырдың 
ҧрпақтары  ас  беріп,  бабаларының  рухтарына 
тағзым етті. 
Осы  кітабымызда  Баян  батыр  туралы  бҧрын 
жазылған  зерттеу  мақалаларды  жинақтап  және 
бабамызды  тану,  оны  ел  есінде  қалдыру  іс-
шаралары туралы жазылды.  
Баян 
батырдың 
тарихи 
тҧлға 
екеніне 
кҥмандана  қарап,  Мағжан  Жҧмабаевтың  әдеби 
кейіпкері  ғана  деп  кҥдіктенушілер  де  болғанын 
ескеріп,  батыр  бабамыздың  шежіресін  толық 
жазуға тырыстық.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

Мағжан Жҧмабаев 
БАТЫР БАЯН 
(бірінші тарау) 
 
Жҥрегім, мен зарлымын жаралыға, 
Сҧм ӛмір абақты ғой саналыға. 
Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі, 
Сондықтан жаным кҥйіп жанады да. 
Қу ӛмір қызығы жоқ қажытқан соң
Толғанып қарауым сол баяғыға. 
Тҥйіннің тоқсан тҥрлі шешуі бар 
Әдемі ертегідей баяғыда. 
Әдемі ӛткенді ойлап айнымасам, 
Сҧм ӛмір кҥшті уын аяды ма? 
 
Ертегі уатпай ма баланы да, 
Сӛз сиқыр ғой, жазбай ма жараны да? 
Ақын да бір бала ғой айға ҧмтылған, 
Еркімен ӛзі-ақ отқа барады да. 
Жай тақтақ жабайыдан жол қалғанда, 
Қанды ор боп ақын жолы қалады да, 
Ойлайды,кҥңіренеді, толғайды ақын, 
Кҥрсініп кӛзіне жас алады да. 
Ақында адамзаттан дос болмайды, 
Жалғыз-ақ сырын сӛйлер қаламына. 
 
Мен де ойды ағытамын қаламыма, 
Арқаның кӛз жіберсем алабына. 
Сарыарқа-сары дария, қиыры жоқ 
Кӛз болсын, қандай қыран, талады да. 

 

Ішінде сары дария кӛз тоқтатар 
Кӛкшетау- Сарыарқаның аралы да. 
Кӛкшеде кҥні кеше қойдай ӛрген 
Тҥрлі аң: бӛрі, бҧғы, маралы да, 
Айырылып асау, ерке аңдарынан 
Кӛкшенің тас жҥрегі жаралы да! 
 
Арқада жер жетпейді Бурабайға
Бӛленген  бҧйра сыпсың қарағайға. 
Бҧлт қҧшқан мәңгі мең-зең Кӛкшетауға, 
Бӛлектау:"Ой, бауырым!"- дер анадайда. 
Оқжетпес найза қия-қыранға ҧя, 
Қарасаң жанның шері тарамай ма? 
Солардың ортасында Бурабай кӛл, 
Мӛп-мӛлдір, дӛп-дӛңгелек ҧқсайды Айға. 
Бурабай-Арқа аралы, жер еркесі, 
Ертеде қоныс болған Абылайға. 
 
Бауырында Бурабайдың қалың ағаш, 
Кӛкшенің жалыменен біткен жалғас. 
Арудың ақпен ӛрген тҧлымындай, 
Қарағай, қызыл қайың, тал аралас. 
Ертеде жел ӛтпейтін қызыл ағаш, 
Дариға, бҧл кҥндерде жап-жалаңаш! 
Қабірінен әулиенің алашқа артық, 
Ертеде Абылайға орда болған ағаш. 
Ордасын сол ағаштағы Абылайдың, 
Меккедей тәуеп қылған тамам алаш. 
 

 
10 
Қиын кҥн туған алаш баласына
Шҧбырып жапанның сар даласында, 
Кез болған жаудан ҥркіп "Ақтабанға" 
Дҧшпанның қалғандай боп табасына. 
Арқаға аяқ салып, тҥскен барып, 
Екі оттың- орыс, қытай арасына. 
Кҥндерде сонау- қара, тапсырған ел 
Тағдырын Абылайдай данасына. 
Сол кҥнде ел қорғаған Абылайдың 
Қылсаң да аз қанша тәуеп моласына. 
 
Алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ, 
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ. 
Артында - ор, алдында - кӛр, жан-жағы жау, 
Дағдарған алаш енді қайда бармақ? 
Сол кезде ерге қорған болған Абылай 
Қалмаққа (ойына алды) - ойран салмақ. 
Ханынан: “Аттан” - деген сӛз шыққан соң, 
Ордаға батыр, билер келді аңдап. 
 
Жиылды ӛңшең ноян ығай-сығай, 
Байжігіт, Тасболат пен би Толыбай, 
Ту баста Абылайды хан кӛтерген 
Қамқорды Қарауылдың шешен Қанай. 
Ашуы жауған қардай, шӛккен нардай 
Қарт қыран Қанжығалы қарт Бӛгенбай, 
Бӛкеннің жас жолбарыс жеткіншегі 
Аузынан жалын шашқан жас Жанатай. 
Найзасын нажағайдай ойнататын 

 
11 
Жас барыс Бәсентиін Сары Малай. 
Балталы, екпінді оттан Оразымбет, 
Сырғалы, шапшаң оқтан ер Елшібек, 
Ӛзіне тірі жанды тең кӛрмейтін 
Тәкаппар Қошқар ҧлы ер Жәнібек, 
Қалданға ханмен бірге тҧтқын болған 
Жолдасы Абылайдың батыр Жәбек. 
Майданда от шашқандай оқ шашатын, 
Сырттаны Бәсентиін ер Сырымбет,- 
Осындай ӛңшең кӛкжал жиылыста, 
Кҥңіреніп жолбарыстай:”Жау қайда?”- деп. 
 
Әрі ақын,әрі батыр Қарабҧжыр, 
Айтатын ӛрлеп барып аспанға сыр. 
Бҧқар мен Тәтіқара жырлағанда, 
Толқынды тҧңғиық боп тӛгілер жыр. 
Осылай думанменен кҥндер ӛтіп, 
Батырлар ерікті енді жатқанға қҧр. 
“Аттан” деп әлі айтпаған Абылайға, 
Кӛкжолдар дей бастады: “Жҥр енді, жҥр!”. 
Алайда Абылайдан сӛз болмады, 
Сондықтан бҧғып, бықсып туды кҥбір. 
 
Жиналған ӛңшең бӛрі Бурабайға, 
Алаштың кебесіндей ізгі жайға. 
Батырлар бҧғаудағы арыстандай, 
Абылай тҧңғиық бір терең ойда, 
Бәрі де ел қорғаны-батыр, билер, 
Аттанбай тек жатудан таппай пайда: 

 
12 
“Жҥрелік, жау басынар!” – деген сӛзбен 
Салады Қанай биді Абылайға. 
Би Қанай: Бҧ қалай?-деп бастағанда, 
Абылай сҧрайды одан: “Баян қайда?” 
 
“Қанайым, ойың удай, тілің шаян, 
Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. 
Кӛп жаудың албастысы, ел еркесі, 
Баянның батырлығы алашқа аян. 
Баянның  әруақты қҧр атынан 
Кӛп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?! 
Наркескен, ӛрттей ескен, қайтпас болат 
Баянсыз қанатымды қалай жаям?! 
Би Қанай, аттанбайды хан Абылай, 
Келмесе қандыбалақ батыр Баян!”- 
 
Деген соң ойы теңіз хан Абылай, 
Аяңдап батырларға қайтты Қанай. 
Байлаулы бӛрілерді ыза қылмай, 
Кестелеп, сӛзбен сипап айтты Қанай. 
Кҥндеу ме, кӛтеру ме – кім біліпті,- 
Батырлар десті жалғыз “Баян бала-ай!” 
Кӛкшенің бауырында ӛңшең кӛкжал 
Кҥңіреніп кҥтіп жатты кҥндер талай. 
“Жау” десе жатпайтҧғын батыр Баян. 
Апырым-ай, келмеуінің мәні қалай? 
 
Жас Баян жауды талай кӛрмеп пе еді, 
Сорғалап сҧңқардайын тӛнбеп пе еді. 

 
13 
Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап, 
Сан қолға аш бӛрідей кірмеп пе еді?! 
Жебесі кӛбе бҧзып, жҥректі ҥзбей, 
Найзасын, сірә, шалғай сермеп пе еді? 
Бірін айт, бәрін айт та, басқа батыр 
Баяндай “ Алашым”– деп еңіреп пе еді?! 
Бҧл жолы кешігуі жай емес қой
Тҧлпарым кез болды ғой орға, тегі! 
 
Арқада бір ӛзенді дер Обаған, 
Сол жерде аз ғана Уақ қоныс қылған. 
Уақтың ерте кҥнде ӛжет-қайсар, 
Ер Кӛкше, Ер Қосайдай ері болған. 
Сол ері ерте кҥннің, Ер Кӛкшенің 
Нәсілінен қайтпас алмас Баян туған. 
Баянның ер ағасы батыр Сары, 
Қос қыран тізе қосып жауын қуған, 
Айналып оны айт, мҧны айт, Баянды айт, 
Ер Баян алашының бетін жуған. 
 
Ол кҥндер аз қазақ пен қалың қалмақ, 
Қыранмен қара қҧстай алысқан шақ. 
Баласы алты алаштың Абылайдың 
Астында ақ туының табысқан шақ. 
Қазақтың батырлары бәрі қыран, 
Сонда да бір батыр жоқ Баяндай тап. 
Жауының бір жорықта бір сҧлуын 
Ер Баян алып қайтқан артына сап. 
 

 
14 
Баянның алып қайтқан сол сҧлуы- 
Балдырған бӛбек дерлік,он тӛрт жаста-ақ. 
 
Сол сҧлу екен атқан таңдай, 
Бір соған бар сҧлулық жиылғандай. 
Тоғын ет, шапақтай бет, тісі меруерт, 
Сӛздері - су сылдырлап қҧйылғандай. 
Бір улап кӛзқарасы,бір айнытқан, 
Жҧлдыздай еркелеген сӛнбей-жанбай. 
Лебізі – жібек лебі, жҧмақ желі, 
Кәусардай татқан адам қалар қанбай. 
Шын ер ғой батыр Баян алып қайтқан 
Еліне сол сҧлуды,естен танбай. 
 
Ер Баян жас сҧлуды алып келген, 
Сҧңқардай бабындағы сҧқсыр кӛрген. 
Қан жауып екі кӛзін қанды балақ, 
Ілмекке қоңыр қазды кӛңіл бӛлген. 
Марал бар оққа ҧшпайтын, тым сақ бірақ, 
Кезеңде кез келсе де қандай мерген. 
Болмасын жас сҧлудың білгеннен соң, 
Ер Баян қарындас қып ерік берген. 
Алайда ар алысқан жҥрегімен, 
Теңізде алысқандай кҥшті сеңмен. 
 
Қалмақтың қайсар қызы қайырылмаған, 
Болаттай жасу білмей, майырылмаған. 
Жап-жас қыз сҧмдығы мол, сыр бермейді, 
Жандай-ақ ойдан аулақ қайғырмаған. 

 
15 
Алаштың аруы боп кетсе-дағы, 
Жанымен ӛз жҧртынан айырылмаған. 
Сҧм сҧлу анадайдан “ағатайлап”, 
Баянда жан қоймаған жандырмаған. 
Сонда да сыр шығармай батыр Баян, 
Жастық қып жанын естен таңдырмаған. 
Осылай іштен кҥйген батыр Баян, 
Баянның батырлығы алашқа аян. 
Баянның інісі бар он бес жаста –  
Бӛрінің бӛлтірігі – бала Ноян, 
Ноянның бар ақылы білегінде, 
Билеген асау жҥрек, қайнаған қан. 
Келгенде-ақ сҧлудың бір қарауынан 
Ноянның жҥрегінде ҧшқын туған. 
Сол ҧшқын ӛртке айналып, жап-жас Ноян, 
Алысып жҥрегімен, алас ҧрған. 
 
Жастықта жалыңданып сҥйген қандай, 
Баладай ӛксіп жылап, кҥйген қандай. 
Кӛрмесең жан-жарыңды ӛлгендей боп, 
Қайғырып кҥлден кебін киген қандай. 
Кеудеңе жан кірмей ме, кӛзің шалса, 
Ӛмірің жаңа ағарып атқан таңдай. 
Кеудеңді қасиетті сәуле кернеп, 
Жҥрегің сол минутта жарылғандай. 
Не дерсің салпаң қҧлақ есектерге, 
Ӛгіздей ӛмір сҥрген сҥймей – жанбай! 
 
 

 
16 
Ноян да сол сҧлуға – тәтті балдай, 
Мӛлдіреп қараушы еді кӛзі талмай. 
Мас болып, дене тҥгіл,жаны елжіреп, 
Жҧтқандай сол сәулені демін алмай. 
Алайда бҧзық ойдан аулақ еді. 
Сҧлуға, тәңірі кӛріп табынғандай. 
Жанса да жап-жас Ноян, сҧм сҧлу қыз 
Кӛп заман жҥрді бірақ кӛз де салмай. 
Сонда да кейбір кезде ақ бетіне 
Бір нәрсе жҥгіруші ед ыстық қандай. 
 
Айға алтын кҥн нҧрынан сәуле бермек, 
Шалқыған махаббат – от аспанға ӛрлеп. 
Жҥрегін ӛзі сҥйген отты жҥрек, 
Оятпақ тас болса да, зарлап тербеп. 
Басында сыр бермеген сҧм сҧлуға, 
Біраздан бола бастар кҥлкі кермек. 
Нояннан ол да кӛзін алмас болды, 
Кҥйдіріп жас жҥрегін жалын кернеп. 
Шешілді екі жастың жҧмбақтары, 
Екеуі бір іңірде сайда кез кеп... 
 
Сиқырлы гҥлге оралған жібек майда, 
Сылдырлап сылқ-сылқ кҥлген терең сайда. 
Ерке ӛзен жанын ӛртеп, жармен ойнап, 
Сҥйгізген ақ бетінен кҥміс Айға. 
Сондай бір жібек кеште жаны ӛртеніп, 
Екеуі “әу” дескендей барған сайға. 
 

 
17 
Аулақта сҥйіскен жан ҧшырасса, 
Еріксіз тамырларға у тарамай ма?!  
Анттасып, айырылмасқа сӛз байласып, 
Бастық деп арсыға адым санамай ма?! 
 
Жас Ноян қызды кӛріп от боп кетті, 
Кӛздері қызыл жалын шоқ боп кетті. 
Жер мен кӛк, ай, жҧлдызды тҧман басып, 
Бір қыздан басқа нәрсе жоқ боп кетті. 
Келді де қызға жалын сӛздерімен 
Шығарды жан ҧшырып іштегі ӛртті. 
Бір кҥйіп, бір суынып, бір елжіреп, 
Біресе жас баладай  жасын тӛкті. 
Ӛртемей отты жҥрек қоймақ па екен, 
Тақады сҧлу қыз да бетке бетті. 
 
Қыз сонда: “Ноян бауырым – кебем!” – деді, 
“Мен сенің сҥйгеніңе сенем”, - деді. 
“Сҥйгемін мен де сені , тәңірі куә, 
Тән тҥгіл, жаным саған берем”, - деді. 
“Нояным, бірақ сенен қалауым бар”,-  
Деді де сҧлу айға тереңдеді. 
Сҧлудың сырға сҧлу толы торғын беті-ай, 
Бетінде ешбір толқын кӛрінбеді. 
Біраздан кӛздеріне жас мӛлдіреп, 
Жас сҧлу жылап тҧрып кҥлімдеді. 
 
Қыз сонда: “Қалауым бар, Ноян батыр, 
Адасқан аққу қҧстай мен бір пақыр . 

 
18 
Арқаның аруы боп жҥрсем-дағы 
Алыста туған, ӛскен жерім жатыр. 
Ӛткізген балаусадай бӛбек кҥнім, 
Барқыттай белес-белес белім жатыр. 
Айбынды арыстандай қҧмда кезген, 
Кҥңіреніп қалың қалмақ елім жатыр. 
Барқыт бел, қашқан қалмақ қалсын адыра, 
Ата-анам – айым менен кҥнім жатыр.” 
 
Ер Баян біздің елге барған еді, 
Кӛп қойға кӛкжал ойран салған еді. 
Бӛбегін шырылдатып ап кеткенде, 
Ата-анам жылап-зарлап қалған еді. 
Сорлы анам кӛкірегін кӛкке сауып, 
Қан жылап менен бір ант алған еді. 
Ол анты: “Елдің шетін, анаң бетін 
Бір кӛрмей, қозым, ерге барма!” – деді. 
Анама сӛзім – анау, ӛзім – мынау, 
Жас Ноян, жҥгінемін ер деп сені. 
 
Кӛр болсақ, кӛрді кӛрмей, тәңірі оңдай ма, 
Ер Баян неге батқан терең ойға? 
Мен сорды кӛргеннен-ақ сҥйген Баян, 
Қосылсақ, Баянға ауыр дерт болмай ма
Биікке кетпей киік ӛрде ойнаса, 
Ашулы арыстанға мерт болмай ма? 
Екеуіміз Сарыарқадан сапар қылсақ, 
Қатерсіз қосылуымыз берік болмай ма? 
 

 
19 
Қаны бір ел еді ғой қазақ, қалмақ, 
О да бір саған туған жҧрт болмай ма?!” 
 
Деп сҧлу сыбырлады сиқыр сӛзін, 
Толтырып меруерттей жасқа кӛзін. 
“Шыдашы, кәне кҥймей”, - дегендей-ақ, 
Ноянға тақап тҧрып жалын жҥзін. 
Жас Ноян жас қанына тҧншыққан соң, 
Ҧмытпай тҧрсын қалай ӛзі-ӛзін! 
“ Жарайды, даярмын!”- деп айтып салды, 
Ойланып бір минут та қылмай тӛзім. 
Сол сайда уәделерін бекітісіп, 
Екеуі аймаласты ыстық жҥзін. 
Сол уақыт мезгіл екен дәл таң алды, 
Тӛзім ғып албырт Ноян кҥтпей таңды, 
Жҥгіріп жан ҧшырып, жаяу барып, 
Жылқыдан екі жҥйрік таңдап алды. 
Азырақ азық алып, қару-жарақ, 
Жҥйрікке әсем әбзел тҧрман салды. 
Сӛйтті де Сарыарқамен есеңдесіп, 
Екеуі ескен желдей кетіп қалды. 
Кетті олар. Сәске болды, ауыл тҧрды, 
Алдымен ер Баянға хабар барды. 
 
Боз ҥйде жатыр екен Баян жалғыз- 
Керілген кҥнге еркелеп жас жолбарыс, 
Ауылдың ақсақалы сӛзді әкелген, 
Деп бастап: “Баян-айым, бір масқара іс 
Ӛткен тҥн болып қапты...”- деп шҧбыртып, 

 
20 
Жаудырды екі жасқа нәлет-қарғыс. 
Алайда жас Ноянды ақтай сӛйлеп, 
Дей берді:“Қылды-ау бізге қалмақ қар қыз”. 
Ер Баян сҧп-сҧр болып деді бірақ: 
“Жарайды...Бар, ақсақал, Ойланармыз”. 
 
Боз ҥйде жалғыз қалып Баян енді, 
Жаралы жолбарыстай кҥңіренді. 
Қорғасын миын, ойын тӛмен басып, 
Ақылға алғыр қҧстай ашу тӛнді. 
Бір кӛк сҧр тҥс енгізіп бар денеге, 
Сҧм жҥрек қанды ӛзіне жинай берді, 
Ақыры ашу ерді билеп кетіп, 
Жалп етіп сӛнген шамдай ақыл ӛлді. 
Ӛлді ақыл. Атып тҧрып батыр Баян  
Боз ҥйден оқ жыландай шыға келді. 
 
Ер Баян сол кеткеннен кете барды, 
Мініп ап белдеудегі кӛк тҧлпарды. 
Дулыға, қалқан, кӛбе қалған ҧмыт, 
Белінде жалғыз-ақ бір садақ бар-ды. 
Бауырынан Обағанның орғып ӛтіп, 
Арыстан айдалада дҥбір салды. 
Дауылдай талмай есіп, желдей ҧшып, 
Тҥс ауа Жолдыӛзекке жетіп қалды. 
Кермиық Жолдыӛзектің даласында, 
Алыстан екі қараны кӛзі шалды. 
 
 

 
21 
Атығай қоныс салған Жолдыӛзекке, 
Қҧнарсыз, ащы татыр сорлы ӛзекке. 
Жолдыӛзек – жолсыз ӛзек, қҧтсыз, отсыз, 
Алдымен жау да салған қолды ӛзекке. 
Айырылып байлығынан кӛп соққы жеп, 
Кӛз жасы Атығайдың толды ӛзекке. 
Алаштың Асан Қайғы данышпаны, 
Кетпеген “ Қанды ӛзек” деп, тіпті текке. 
Ежелден қҧт дарымай, қағынған жер, 
Қайғылы бір іс болды сол ӛзекте. 
 
Алыстан екі қара кӛрді Баян, 
Кілегей қара бҧлттай тӛнді Баян. 
Ой жоқ боп, жҥрек шоқ боп, қҧр екпін боп, 
Сҧңқардай сорғалаған келді Баян. 
Қыз тҥгіл, қаны бірге ӛз бауырын 
Танымай қалғандай да болды Баян. 
Байланған белде сала садағына  
Қалшылдап қалды салып қолды Баян. 
Ашуын арыстанның байқаған соң, 
Майысып тҧра қалды жап-жас Ноян. 
 
Жас Ноян жҥйрігінің мойнын бҧрды, 
Жас Ноян ер Баянға қарсы жҥрді. 
Жақындап келіп қалып ағасына 
Тҥсінен шошыды да, тоқтап тҧрды. 
Жапанда аға-іні: Баян, Ноян, - 
Алып кел кӛз алдыңа Ай мен Кҥнді. 
 

 
22 
Дҧрысы – кҥміс кҥлген кҥндізбенен 
Тҥнерген қара бҧлттай қара тҥнді. 
Алайда еркебҧлан Ноян-ҧлан 
Ашулы ағасына қарап кҥлді. 
 
Бір кҥлді балдырғандай Ноян бала, 
Ашылған шешек жарып гҥлдей жаңа. 
Еріксіз сотқарлығын кешіретін 
Еркелеп ерке ҧландай кҥліп қана. 
Кӛрсе де дауыл гҥлді – басылмады, 
Ер Баян арыстандай жаны жара 
Қалшылдап, кӛзі қан боп, қолын алмай 
Байланған садағынан белде сала. 
Жас Ноян: “ Жан кӛке!” – деп сӛз қатқанша, 
Сҧлу да жетіп келіп: ”Баян аға!” –  
Дегенше, қалды тартып батыр Баян, 
Баянның батырлығы алашқа аян. 
Оқ тиіп жҥрегінен қҧлап тҥсті 
Атынан бҥктетіліп бӛбек Ноян. 
Жын шуы басқандай боп естімеді, 
“Жан кӛке, аға” деген сӛзді Баян. 
Садағын сол секундте тартты тағы, 
Бір ашып, бір жҧмбай да кӛзді Баян. 
Ҥстіне інісінің денесінің 
Тҥсірді тағы ҧшырып қызды Баян. 
 
Екі жас аттарынан ҧшып тҥсті, 
Тҥскенде бірін-бірі қҧшып тҥсті. 
 

 
23 
Жҥректен атып, ыршып шыққан қанмен, 
Жалғыз-ақ “аһ” десті де: “жаным!” – десті. 
Қомағай қара топырақ бҥкіл қағып, 
Асығып екі жастың қанын ішті. 
Кҥлдей қу, тҧнжыраған тҥндей болып, 
Жия алмай, тҧр теңселіп, ақыл-есті. 
Тҧрды да біраздан соң батыр Баян, 
Атынан есі ауғандай қҧлап тҥсті. 
 
Бірталай талғандай боп жансыз жатып, 
Тҧңғиық кӛмескі кӛп ойға батып, 
Ер Баян есін жиып, екі жасқа  
Бір қарап, қара тастай қалды қатып. 
Сол кезде сар дала да кҥңгірт тартты, 
Еңкейіп бара жатты Кҥн де батып! 
Қҧшақтап ақ селеулі жылады жел, 
Ӛзінің қасірет жырын қоңырлатып. 
Қҧшақтап екі жасты кҥңіренді ер, 
Кӛзінен ыстық жасты сорғалатып. 
 
Қайғыдан жаралғандай қайран жҥрек, 
“Ҥһ-ҥһ” деп ҥзілгендей есіл ӛзек. 
Қасіреті қара тҥндей ер Баянның, 
Алдында бҥлдіргендей екі бӛбек. 
Аузынан уыз шыққан екі жасты, 
Ер Баян сҥйді қҧшып кезек-кезек, 
Жапанда жапа-жалғыз  еңіретті ерді, 
Әлгіде ойды улаған ашу-кезеп. 
 

 
24 
Ашудан бҧғып қалған қорқақ ақыл, 
Кҥбірлей бастады енді: “Мҧның не?” – деп. 
 
Зарланып кҥңіренді батыр Баян, 
Мезгілде кҥңгірт тартқан кешке таман: 
“Кең ақыл, отты - қайрат, сырттарным”– деп, 
Ер едім еркелеткен алаш тамам. 
Сындырдым аз ғана Уақ елiм белiн, 
Елiмнен кешiп елдi қайдан шабам? 
Жейтҧғын ӛз кҥшiгiн болдым бӛрi, 
Iсiмдi мынау ағаш немен жабам? 
Қарабет болдым алаш баласына, 
Ер дер ме еді мені Абылай данам?! 
 
Жорыққа қу қалмаққа жҥрдім неге, 
Тобына кӛк бӛрідей кірдім неге, 
Тәтті бал, балауса тал жас сҧлуды, 
Кӛр болғыр  екі кӛзім, кӛрдің неге? 
Садақтан жҥрегіне тартып кетпей, 
Жыландай бауырыма сап келдім неге?! 
Әйелдей баса алмайтын жҥрек жынын, 
Есалаң жҥрекке ерік бердім неге? 
Буынып сол боз ҥйден шықпай ӛлмей, 
Атылып оқ жыландай тҧрдым неге?! 
 
Ойламай белді бекем будым неге? 
Қозымды қас дҧшпандай қудым неге? 
Майысып Ноян қалқам, ерке марқам, 
Қаскиып қарсы алдымда тҧрдың неге? 

 
25 
Бауырыма тас жҥрегім жібімеді-ау, 
Бір ата, бір анадан тудым неге? 
Салдырап шіріп қалғыр саусақтарым, 
Қанымен ӛз қозымның жудым неге? 
 
Кҥнәсіз екі жасты ӛлтіргенше, 
Ӛлмедім ішіп зәрін удың неге? 
Сҧлу-ай, қалмай маған ердің неге? 
Қадалды оқ-кірпігің жҥрегіме, 
Жҥрегім тілім-тілім тілдің неге? 
Жҧлдыздай аспанда алыс жымыңдаған, 
Алыстан “ағатайлап” кҥлдің неге? 
Секіріп суда ойнаған шабағымды, 
Сҧм сҧлу, қармағыңа ілдің неге? 
Тірлікте бетіңнен бір сҥйе алмадым, 
Тіл тартып, ерке тотым, ӛлдің неге? 
 
Кҥй, жҥрек! Кӛл бол, жасым! Ӛртен, ішім! 
Алдымда айнам жатыр бӛбек пішін. 
Сҧм садақ кетсе де ҥзіп жас жҥрегін, 
Жойған жоқ қҧлыншағым ерке тҥсін. 
Сорлы ағаң атып жығып ӛз інісін, 
Иіскейді енді зарлап аппақ тӛсін. 
Тартқанда сынбадың-ау, сҧм садағым! 
Қайтейін, арымадың, арда кҥшім! 
 
Жоқ, әлде, жоқ, жоқ... Әлде...Ӛлтірдім бе 
Інімді алты алаштың намысы ҥшін?! 
 

 
26 
Арқамдай жер жҥзінде жер бола ма? 
Айбынды алашымдай ел бола ма? 
Алашта ертеде ӛткен екі арыстан: 
Ер Кӛкше, Ер Қосайдай ер бола ма? 
Солардың нәсілінен Сары, Баян, 
Барыстай ойын салған сар далада. 
Інісі ер Баянның жасық Ноян, 
Атадан азып туған дер болар ма? 
Қҧл болса бір қыз ҥшін балдырғаны, 
Алашқа бҧдан ауыр шер бола ма? 
 
Дариға, жҧбанамын,  жел ойменен, 
Тартпадым сҧм садақты бҧл ойменен. 
Тандырған мені есімнен ғашықтық қой, 
Бір тынбай сҧр жыландай жаным жеген. 
Ӛз бауыры, ӛз сҥйгенін ӛзі ӛлтірген, 
Болар ма, сірә, сорлы адам менен?! 
Алдымда “кӛкежан” – деп кҥліп тҧрған, 
Садаға кетпедім ғой, қозым, сенен. 
Ел беті енді маған болсын арам, 
Алашым, аттанамын, жауыңда ӛлем!” 
 
Деп зарлап, кҥңіренді жаралы ер, 
Айрылған екі жаннан қаралы ер. 
Зарланып кӛзінен қан тамшылатты, 
Тҧңғиық жанды жеген қап-қара шер. 
Жҥрегі тас болса да шыдай алмай
Қамығып, қайғы басып, кҥрсінді жер. 
Молайтып минут сайын қасірет жырын, 

 
27 
Жаныңда ӛксіп-ӛксіп жылады жел. 
Бозарып бел артынан таң атқанда, 
Соққыдан сенделгендей тҧрады ер. 
Кҥміс таң жерге кҥміс сәуле шашты, 
Сәуле мен қараңғылық араласты. 
Алыспас адал адам бекерге ҧзақ, 
Жеңіліп қараңғылық жылжып қашты! 
Сол кезде жаны жара батыр Баян, 
Ҥңгір ғып қара жердің  бетін ашты. 
Жапанда қазған суық тар ҥңгірге 
Кӛтеріп кӛмді әкеліп екі жасты. 
Топырақ екі жанын жасырған соң, 
Ер Баян тағы кӛл ғып тӛкті жасты. 
 
Ер Баян кӛмді екеуін дӛң басына, 
Тҥсірмей бір топырақ ортасына. 
Ап шыққан қаруларын сҥйеп-сҥйеп, 
Ноянның кӛмді бәрін ӛз қасына. 
Отырды топыраққа ҧзақ басын қойып, 
Шомылып қанды ыстық кӛз жасына. 
Аздан соң мінді атына батыр Баян, 
Сыйынып бір жаратқан Алласына. 
Жолбарыс жортып кетті бетін тҥзеп, 
Шаңдатып Абылайдың ордасына. 
 
Жас Баян жауды талай кӛрген еді, 
Сорғалап сҧңқардайын тӛнген еді. 
Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап, 
Сан қолға аш бӛрідей кірген еді. 

 
28 
Жебесі кӛбе бҧзып, жҥректі узіп, 
Найзасын ылғи дәлдеп сермеп еді. 
Бірін айт, бәрін айт та  - Батыр Баян, 
Туғаннан “Алашым” деп еңіреп еді. 
Кӛкжалдың осы жолы кешіккені, 
Осындай тҧлпар орға кез кеп еді. 
 
(екінші тарау) 
 
Ӛткен кҥн таң-тамаша ертегі ғой, 
Ерлері ертегінің ӛрт еді ғой, 
Айрылып от екпінді ерлерінен 
Алаштың жанында ауыр дерт еді ғой. 
Сонау дерт тҥгелімен ауып маған, 
Дариға, жҥрегімді ӛртеді ғой! 
Ер кӛрмей, кӛрден басқа, сҧр ӛмірде 
Шерлі жан шерлі кеңес шертеді ғой. 
Жадырап жаным, шерім тарқар еді, 
Кеңесім тыңдаушыға сала алса ой. 
 
Кҥңіреніп ойлағанда алаш жайын, 
Жанымды орай берсе улы уайым. 
Кеудеме кҥннің нҧры толғандай боп, 
Жырлаймын алты алаштың Абылайын. 
Арсыға асқандаймын, тауап қылсам, 
Кебедей Абылайдың Бурабайын. 
Кҥңіренген жырымменен мен разымын, 
Алаштың жоқтай білсем Баян-айын. 
Жырлаймын, кҥңіренемін ӛткенді ойлап, 
Кеудеме улы уайым  толған сайын. 

 
29 
Кірейін кеңесіме кҥңіренткен, 
Ер Баян жӛнелді енді Жолдыӛзектен. 
Қамшыны кӛміп-кӛміп алды батыр, 
Ашуын алатындай тҧлпар кӛктен. 
Мҧңайып мәңгі мҧңды белдер қалды, 
Жынды жел сақ-сақ кҥліп сҥйді беттен. 
Жан-жақта жас қайыңдар қала берді 
Иіліп әдеппенен сәлем еткен. 
Ер жортты. Сәске болды. Кӛзі кӛрді 
Кӛкшені бал алысқан аспан-кӛкпен. 
 
Кӛкшеде ӛңшең кӛкжал аялдаған, 
Қырандар қанаттарын жая алмаған. 
Ханына Абылайдай: “Болады” – деп, 
Бір берген сӛзден елдер тая алмаған. 
Ерігіп, әңгіме қып ӛткен кҥнді, 
Қанішер Болат жайын баяндаған, 
Қайратқа қҧса болған сол қырандар 
Алыста қара кӛрді аяңдаған. 
Жақындап қара ордаға келген шақта 
Шықты айғай топтан шулап: “Баяндаған”- 
 
Аяңдап топқа тура келді Баян, 
Келді де кӛпке сәлем берді Баян, 
Қудай боп қҧс тӛресі топ тӛрінде 
Отырған Абылайды кӛрді Баян. 
Басқаға мойын бҧрып бір сӛз қатпай, 
Абылайға балпаң басып жҥрді Баян. 
 

 
30 
Бәйтерек тҧңғиық тӛнгеніндей, 
Алдында қол қусырып тҧрды Баян. 
Тҧрды да деді: “Алдияр, сӛзім қысқа, 
Екенім менің Баян алашқа аян. 
 
Алдияр, ел ағасы, ханым дана, 
Алашқа ауыр кҥнде болған пана. 
Кешігіп, кҥнәлі боп, енді алдыңа 
Келді ерің іші жалын, жаны жара. 
Тҧңғиық кез болды ғой кешуі жоқ, 
Болмаса шыққанда “Аттан!” ер тҧра ма? 
Талқыға жан жарасын сала алмаймын, 
Мәнімді мен айтпайын, сен сҧрама! 
Тілегім – енді жауға аттаналық, 
Қан кӛрсе, қас қыранда шер тҧра ма?!” 
 
Абылай ерін кҥткен кӛптен зарығып, 
Қолынан Баян-айын алды тартып. 
Алдына отырғызып, кҥміс кернеу 
Керсеннен кӛкжалына берді сарқыт. 
Берді де бҥгіп басын ойға кетті, 
Асқардай ой билеген мәңгі қалғып. 
Аздан соң кӛтеріліп жан-жағына 
Қарады жер жиһанның бәрін тар ғып. 
Қарады, қыран сӛзі қысқа болды: 
“Таң ата жҥреміз!” – деп берді жарлық. 
 
Ежелден Абылайда екі сӛз жоқ, 
Сӛз шықты: “Болады!” – деп, тарады топ. 

 
31 
Топ тарап, ат-тҧрманын даярлады, 
Біраздан дамылдады ел, мезгіл тҥн боп. 
Жібектей жҧмсақ жылы жаздың тҥні, 
Бҧлтымен қҧшақтады Кӛкшені кӛк. 
Керілді ерке Кӛкше кҥміс Айға: 
“Сәулеңді, сәулем, кӛбірек тӛкші-тӛк!”- деп. 
Бетінде Бурабайдың ерке толқын
Бір тынбай, кҥліп жарды сҥйді шӛп-шӛп. 
 
Тҥн ӛтті, Жер шетінде алтын таңды 
Жорғалап, жҥз бҧралып жел қарсы алды. 
Сарғайып сары белден таң атқан соң 
Абылай қолға: “Аттан!” деп хабар салды. 
Бәрі де болат тҧяқ бедеу мініп, 
Батырлар қатар тҥзеп келіп қалды. 
Жӛңкіліп кҥзді кҥнгі кӛшкен бҧлттай, 
Қап-қара, ортасы ой боп, қол қозғалды, 
Асырып ертегіше айтқан жанға, 
Қара нар қайыспайтын жер шайқалды. 
 
Жӛңкіліп кӛшкен бҧлттай барады қол, 
Кейде қол тҥнерген тау, қайғысы мол. 
Кей кезде тентек толқын екпінімен 
Шу қойып, шабуылдап алады қол. 
Шаңы – бҧлт, бҧлты – шаңға айналған соң, 
Атаған ерлер жолын деп: “Шаңды жол” 
Тартты қол. Қалды ерлер. Қалды белдер. 
Бастаған Бҧғыбай басшы қол кӛрмес шӛл. 
Бірнеше тәулік бойы тынбай тартып, 

 
32 
Қол енді жҥрді бойлап бір айдын кӛл. 
Балқаш қой, бҧл айдыны сылдыр қаққан, 
Балқаштың бетін мәңгі меруерт жапқан. 
Қаратал, Аягӛзбен – екі кӛзі, 
Еркесі – Іле ӛзені ҧзын аққан. 
Басы егіз ерке Іленің: Кеңес, Текес, 
Тәңірінің тентек Текес дәмін татқан. 
Бойында сол Іленің қалың қалмақ
Абайлап Абылайды кҥтіп жатқан. 
“Қайда, - деп, - қазақ?” бҧрын желіккен жау, 
Кӛрген соң кӛп қазақты ойға батқан. 
 
Қазақтың қалың қолы – ерлер кілең, 
Батырды кӛп қалмақты ойға терең. 
Қазақтан қулықпенен қҧтылмаққа, 
Кеңесті қос қоңтайшы: “Ҧса, Серен. 
Жіберді кеңесті де жеті қалмақ. 
Сӛздері: “Абылайдан бар да тілен! 
Ағаттық бізден болды, кешсін Абылай. 
Ақ отау, айдаған мал – бәрін берем. 
Тағы да ер басына бір ару мен 
Қара нар – айыбымыз, қалы кілем”. 
 
Жеті елші осы сӛзбен келген ханға, 
Қаратып ӛз жауабын ертең таңға, 
Салады мынау сӛзді хан Абылай, 
Би-батыр, қасындағы кӛп қыранға. 
Салса да алдыменен ӛзі айтады: 
“Тҥспеспіз,тірі болсақ, алдағанға! 

 
33 
Кҥні ертең не бергенін жолдан алып, 
Қалғанын алсақ қолдан арғы таңда. 
Ерлерім, ойым осы!” – деді Абылай, 
Бҧл ойды теріс дейтін адам бар ма? 
 
Абылай айта қалса істің жайын, 
Би-батыр теріс дей ме Абылайын. 
Қалың топ тым-тырыс боп тҧрған шақта, 
Дегендей: “Ерік иеде, біздер дайын!” –  
Ерлігі алашқа аян батыр Баян, 
Тҧрды да деді: “Алдияр, Абылайым, 
Мергеннің мылтығына қарсы жҥрмес, 
Қырдағы адам тҥгіл қҧландайын. 
Сӛзімді не кектерсің, не жҧптерсің, 
Ойыңды теріс дейді Баян-айың! 
 
Талқыға салмай шындық табылмайды, 
Қҧл ғана қожаны ылғи қабылдайды. 
Қу қалмақ кҥні кеше алдамап па ед, 
Шоңқитып Ой қытай мен Ӛр қытайды? 
Қытаймен кҥні бҥгін жалғаспаса, 
Қытайға қалмақ неге қанат жайды? 
Абылай артық туған неге ҧмытсын, 
Қазаққа қалмақ сыры аяндай-ды. 
Қалмақтың қарты тҥгіл, қалшасы да, 
Алдатпас, алдап кетер Абылайды!” –  
Тоқтады Баян. Абылай тағы ӛз сӛзін 
Қайта айтты, біраз шытып қарлы жҥзін. 
Хан да екі, Баян да екі қайырысты

 
34 
Алмастан бір-біріне тіккен кӛзін 
Жиналып кӛздеріне қызыл жалын, 
Қалса да, сыр беріспей қылды тӛзім. 
Қалың топ хан ашуын байқаған соң, 
Ағытты “әрине” деп сӛздің бӛзін. 
Шешілді сӛз, қол енді кҥтіп қалды, 
Елшінің ертеңінде келер кезін. 
 
Алты алаш Абылайдай арғымағын, 
Алаштың әруағына пар қылатын. 
Бетіне Абылайдай ардагердің 
Келуді алты алашқа ар қылатын. 
“Бетіне келген жанды соғар кие”, -  
Деп жырау, жауырыншылар жар қылатын. 
Баянның сӛзін естіп қариялар, 
Ішінен ерін аяп: “А, шырағым! –  
Десті де кҥрсініп кесіп қойды: 
-Қайтад,- деп, - осы жолы, Баян, бағың! ” 
-
 
Серпілді соныменен кеңес енді, 
Қол кҥтіп жатып қалды келер кҥнді. 
Жібектей жылжып ӛтіп жаздың тҥні, 
Таң қҧлан, кҥн шығыста, иектенді. 
Алтын кҥн алыстағы арайынан, 
Жарқырап шығып жерге сәлем берді. 
Қол тҧрды, ауқаттанды, хабар кҥтті, 
Ерлердің еріккені аңға  жҥрді. 
Қол кҥтті, уақыт ӛтті, ерікті ерлер, 
Ауыр ой биледі Абылай кемеңгерді. 
 

 
35 
Қол кҥтті, уақыт ӛтті, кҥн батар шақ, 
Жерде еді қой кӛшіндей қалың қалмақ. 
Кең ойлы Абылайдай данышпанды, 
Қу қалмақ кеткені ме шын-ақ алдап?! 
Кҥн кірді арайына, шапақ батты, 
Қап-қара толқындарға толды жан-жақ. 
Қол тынған бір толқынсыз тҧңғиықтай, 
Мҥшкіл боп Абылайға бір сӛз салмақ. 
Іңірдің соңын ала хан Абылай, 
Серпіліп ерлеріне қылды жарлық. 
 
Ерлерін жиып Абылай ел ағасы, 
Сҧрайды: “мынау істің не шарасы?” 
Қырандар әрі-бері толқысқан соң, 
Қанайы Қарауылдың, топтың басы, 
Саңқылдап суырылып сӛйлей берді: 
“ Қытайдың  қол  ҧсыным шекарасы. 
Қалмақты Қытай кірген зерттер болсақ, 
Қазақтың бірі қалмай мерт боласы!..” 
Тҧнжырай қалса-дағы хан Абылай: 
“Қайту!” – деп, сӛздің болды бітуанасы. 
Таң ата қол қозғалмақ кейін қарай, 
Ҧрылған кӛңілі қаяу хан Абылай. 
Қол жатқан, жым-жырт басқан Тәңірі тау, 
Жалғыз-ақ жатқан ояу Баян бала-ай: 
“Апырым-ай, алаш арын жоқтамастан, 
Жӛңкіліп бҧл қайтудың мәні қалай?” –  
Деді де атып тҧрып топ ішінен, 
Ерлерден от екпінді, жолбарыстай, 

 
36 
Жҥз жасты жолдас қылып тарта берді, 
Таң ата: “Қайдасың, - деп, - қалың Қытай?” 
Қол қалды. Жҥз жолбарыс майданды ойлап, 
Тартады шабуылмен Іле бойлап. 
Алдында ақ сҧңқардай батыр Баян. 
Екпіні қауға тиген ӛрттей ойнап. 
Бедеулер болат тҧяқ желден ҧшқыр, 
Алысып, ауыздықты қарш-қарш шайнап. 
Сәскеде сағымменен кӛрді Баян 
Кӛп қалмақ Іле бойын жатқан жайлап. 
Жҥз бӛрі аз дамылдап алысты да, 
Ат қойды қалың жауға “Абылайлап!” 
 
Жҥз қыран мың сан қолға араласты, 
Орғыған асқар таудан судай тасты. 
Шыдамай жҥз екпінге, шулай беріп, 
Қалмақты ә дегенде қара басты. 
Аздан соң есін жиып бӛріккен ел 
Қару ап қара қҧрттай қҧжынасты. 
Аз болса, бір қазаққа жҥз қалмақ кеп, 
Ат қойып, қиқу салып, қамаласты. 
Тер саулап тебінгіден, қылыштан қан, 
Шаң, тҥтін будақ-будақ аспанға асты. 
 
Аз қазақ кӛп қалмаққа салды тойды
Кӛк аспан қара тҥтін, шаңға тойды. 
Алдаспан ажалменен бәсеке боп, 
Қанішер, қайқы қара қанға тойды. 
Жып-жылы адам қаны бҥлкіл қағып, 

 
37 
Қуалап жылжи берді ойдан-ойды. 
Кӛк кӛбе шҥберектей шҧрқ-шҧрқ болып, 
Жыртқызды ерлер дал-дҧл тҧла бойды. 
Анадай дӛң басында Ҧса, Серен 
Қуыршақ қҧдайына қасқа сойды. 
Шаңқай тҥс. Қызыл-жалын бір жел ескен, 
Зәндем от, әуе айналып жерге тҥскен. 
От тҥбі тоқтап қалған, жылжымайды, 
Аспанда жоқ бір жапырақ бҧлт та кӛшкен. 
Сол кезде қара бҧлттай қалың қалмақ, 
Қажытты жҥз қыранды жаннан кешкен. 
Қазақтың кӛбін аттан тҥсірген соң, 
Қалмақтың қуаныш пен қиқуы ӛскен. 
Сол кезде қалың топтың ортасында, 
Шықты шу: “Мҧнда Баян! Баян!”  - дескен. 
 
Қалың қол ортасында батыр Баян, 
Баянның батырлығы алашқа аян. 
Екі кӛз екі қызыл шоқ боп кеткен, 
Аузынан кӛбік болып бҧрқырап қан, 
Оң-солға алдаспанды сілтегенде, 
Бҧлақтай қалмақ қанын бҧрқыратқан. 
Жанында жалғыз жолдас – жас Жанатай, 
Қаңсырап зорға ғана кірпік қаққан. 
Тҥзеліп отыруға халі қалмай, 
Қисайып бара жатты қҧлап аттан. 
 
Жолдас дер ердің ері-ақ қан майданда, 
Жан беріп жолдасы ҥшін алдаспанға, 

 
38 
Еңкейіп сҥйемек боп батыр Баян. 
Жолдасы Жанатайға айналғанда, 
Бір қалмақ еңгезердей кӛк найзамен,- 
Білмеген, сірә, тою қызыл қанға,- 
Қапыда қайран ердің сҥбесіне 
Бойлатып сҧғып тҧрып, бҧлғағанда 
Ер Баян Жанатайды алдына алып: 
“Қыларың, қатын қалмақ, тағы бар ма?”- 
Деді де суырып ап жау найзасын
“ Алаштың әруағы, - деп, - қайдасың? ” 
Жыландай жарқ еткізіп қалмақ алдаспанды, 
Тҥсірді топ еткізіп қалмақ басын. 
Бҧлақтай аспанға атып, қан шапшыған 
Жараға тығып тҧрып бармақ басын. 
Қасқайып қан майданда тҧрып қалды 
Қайран ер, қайсар Баян, жолбарысым?! 
Алайда уақыт ӛтті, қҧлап тҥсті, 
Қҧшақтап Жанатайдай жан жолдасын. 
 
Жер мен кӛк шыр айналып араласты, 
Кӛз алдын қара тҥтін тҧман басты. 
Тәтті бір жазғы таңда қалғығандай, 
Ер кӛзін оқтын-оқтын жҧмып, ашты. 
Кӛргендей болды ашулы Абылайды, 
Қалың қол: “Әне, Абылай!” – деп шуласты. 
Тағы ашты жҧмған кӛзін, тағы кӛрді 
Алдында жас ҧлан мен толқын шашты. 
Екеуі қҧшақтасып жап-жақын тҧр, 
Басымен ишара етіп амандасты. 

 
39 
Алдында Ноян менен Ақшамаңдай, 
Жҧлдыздай жымыңдаған сӛнбей-жанбай. 
Сҧлудың сексен сырлы жҧмбақ жаны-ай, 
Еркіне әлде болса кҥлкі алғандай. 
Жоқ...Кҥлкі жоқ... бетінде тамшы қан жоқ, 
“Ағалап ” жан ҧшырып жалбарғандай.  
Жоқ... ӛзі Жолдыӛзекте жортады-мыс, 
Алыста екі қара кӛз шалғандай... 
Ҧмтылды оқ жыландай садақ пен қан, 
Кезерген ердің ерні қозғалғандай: 
“Кӛзімнен неге ақпайды қан боп жасым
Жан беріп, жазғаным ғой, жан жарасын. 
Кетсе де жаннан жара, қан кетпек пе?! 
Дариға, жазамнан да кҥнәм басым! 
Кҥнәмді тәңірі кешпес, кешер бірақ, 
Жауында жан берген соң алты алашым!”- 
Қайран ер аласҧрып, жанҧшырып, 
Кӛтеріп кӛз жҧмылу, алып басын, 
Жан бауыры жас Ноянға ым қағып ед, 
Жас Ноян қҧша тҥсті Толқыншашын. 
 
Екі жас қайғысы мол, қҧп-қу жҥзді, 
Екеуі қҧр қарап тҧр алмай кӛзді. 
Кӛкесі жан бергенде, бӛбек Ноян 
Тҧрғаны мәні қалай қҧшып қызды? 
Дариға, беті қара сорлы Баян 
Шығарған ӛз қолымен екі кӛзді: 
“Іс ӛтті. Ажал жетті. Енді не бар? 
Қоштасып айтысалық соңғы сӛзді 

 
40 
Келіңдер, қарақтарым, кешіңдер!” – деп, 
Ер Баян әлсіз ғана қолын созды. 
Кӛз алды енді мәңгі тҧман болды, 
Жабырлап жан-жағына қалмақ толды. 
Баянды балағаттап, ісіп-кеуіп, 
Бір қалмақ қалды теуіп созған қолды. 
Сылқ етіп созылған қол жерге тҥсіп, 
Жҥзінің бірте-бірте нҧры солды. 
Баянның басын бірі кесіп алып, 
Бҧлғады найзаға іліп оңды-солды. 
Қуанып, қос қонтайшы – Ҧса, Серен, 
Алғысқа кӛмді елірген қалың қолды. 
 
Кӛңілінен Ҧса, Серен кеткен қауіп, 
Қуанып сырнай-керней қылды сауық. 
Алайда Абылайдан сескенген соң 
Жӛнелді ертеңіне Қытайға ауып. 
Алаштың ардагері батыр Баян, 
Бір қырда қала берді топырақ қауып. 
Жаудан да мейірімді боп жылады жел, 
Кҥңіреніп ер денесін қҧммен жауып. 
Іленің толқындары әлі кҥнге,- 
Айтады ерге жырау ауық-ауық... 
 
Ерлерді ҧмытса да ел, сел ҧмытпас, 
Ерлерді ҧмытса да ел, жел ҧмытпас. 
Ел ҥшін жаннан кешіп, жауды қуған 
Ерлерді ҧмытса да ел, шӛл ҧмытпас. 
Ел жауын зерттеп, ӛрт боп, тынбай жортқан, 

 
41 
Ерлерді ҧмытса да ел, бел ҧмытпас. 
Ел ҥшін тӛккен ерлер қанын жҧтқан, 
Ерлерді ҧмытса да ел, жер ҧмытпас. 
Арқаның селі, желі, шӛлі, белі 
Ерлерді ҧмытпаса, ел де ҧмытпас!
 
 
Зейнолла Әкiмжанов 
Ақын. Қазақстан жазушылар 
одағының мҥшесi 
 
БАЯН БАТЫР! 
 
Ӛткен ӛмiр кейде қызық, кейде мҧң, 
Кӛңiлiңмен шарлайсың ғой ой кӛгiн. 
Шабыт кернеп, сезiм ӛрлеп, жыр-ӛрнек 
Қалайды екен жҥрек қана сӛйлеуiн. 
 
Қҧлақ тҥрсең – жҥрегiңнiң сазына, 
Ӛлең тулап айтады бiр базына. 
Алқымы iспес қазанаттай жыр келiп
Кӛсiледi қос бҥйiрi жазыла. 
 
Тербетедi тҧла бойды кҥй-ырғақ, 
Сонда ақын жыр-пiрiне сыйынбақ. 
Ӛткен ӛмiр – хан, батырлар заманын 
Оймен шолып отырамын шиырлап. 
 
Тәнтi болып ел иесi – хандарға, 
Тарихты ойла, ӛмiр жолын аңғар да. 
Бҧл Алашта Абылай мен Баянды 
Сҥйгендiктен аянатын жан бар ма? 

 
42 
Жырдан тапсаң несiбең мен олжаңды, 
Ӛлең ҥшiн аяйсың ба сол жанды? 
Отқа кҥйiп кӛбелектей жанбаса – 
Ақын жаны емес әсте болжаулы. 
 
Осы Баян Абылайдың тҧсында 
Батыр екен жауы найза – ҧшында. 
Аттанарда Батыр Баян болмаса – 
Абылайдың толады екен iшi уға. 
 
Ел айтады, жыр айтады кӛп қызық, 
Хандар кеткен талай дәурен ӛткiзiп. 
Сӛл сарынды ҧлы дастан-жырында 
Мағжан жазған кейiнгiге жеткiзiп. 
 
Бҧрын-соңды айтылмаған мҧндай ән, 
Мағжан жазған арыс екен бҧл Баян. 
Қазақ болсаң – Мағжан жырын ҧмытпа, 
Баян десе – шырт ҧйқыңнан тҧр да оян! 
 
Ал есiңе осы арыс батырды, 
Болсын оның ерлiгi мен аты ҥлгi. 
«Абылайлап!» ел қорғаған майданда, 
Туған жерден қоныс таппай ақырғы. 
 
Батыр Баян ӛзгелерден биiк тҧр, 
Хан ҧнатқан, жҧртқа болған сҥйiктi ҧл. 
Жалғыз жортқан арлан сынды жырақта 
Жер қҧшуы, әттең жанға кҥйiк бiр. 

 
43 
Дәрiс алған Мағжан жазған нҧр-жырдан, 
Зердеме де қонған едi бҧл жылдам. 
Баян-Ноян, махаббаттың әлегi… 
Әттең, содан тҥсiп кеткен ҧнжырғаң. 
 
Болған содан ҥнiм бәсең, пәс кӛңiл, 
Баянға мен тiлер едiм басқа ӛмiр. 
Қалың жауын табанына салатын 
Ӛзге арналы тағдыр болса-ау, әсте, бiр. 
 
Уақ деген жҧртқа жиен ҧл едiм, 
Жырын берген, тарту еткен тiлегiн. 
Батыр Баян – ҧлы тҧлға болғасын 
Ерлiгiне сҥйсiнедi жҥрегiм. 
 
«Болсын, деген, жҧртым аман, ел мығым, 
Ақ тiлекпен арнапты ғой ерлiгiн. 
Мағжан ақын жылатыпты жҥрегiн, 
Нақ Баяндай тебiрентсiн ендi кiм?! 
 
Батырларға арналмайды ӛлең жай, 
Баян бӛлек, ӛзге батыр жоқ ондай. 
Алашқа да Абылайға ардақты 
Баян батыр Қабанбай мен Бӛгенбай. 
 
Елге тарап батыр жайлы бҧл шындық, 
Мағжан сынды жыр жазуға қҧлшындық. 
Ерлiк ӛлмес! Ескерткiш боп қалсын ол – 
Батыр аты ел есiнде жҥрсiн нық! 

 
44 


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал