Смаилов марат



жүктеу 310.77 Kb.

бет1/4
Дата20.05.2017
өлшемі310.77 Kb.
  1   2   3   4

Х

аризм


Газет 2009 жылдың наурыз айынан бастап шығады

Х

аризм



СМАИЛОВ МАРАТ 

РАИМБЕКҰЛЫ 

Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімінің  

«Тараз су» коммуналдық мемлекеттік 

кәсіпорнының директоры

 МЕКЕМЕ ТАРИХЫ

МЕКЕМЕ КЕЛЕШЕГІ 

СУ — ӨМІР! 

СУ – ТАБИҒАТ БАЙЛЫҒЫ! 

СУДЫ ҮНЕМДЕУ,  

ӨЗІҢЕ ЖӘНЕ ЕЛІҢЕ ДЕГЕН 

МАХАББАТ ЖӘНЕ ҚҰРМЕТ

Мекеме тарихына 59 жыл.  Жамбыл (қазіргі Тараз) 

қаласында алғаш жер асты су көздерін игеру 1952 

жылдан  басталды.  Алғашқы атауы «Қалалық су 

құбырлары-канализация шаруашылығы»мемлекеттік 

коммуналдық кәсіпорны болса, кейіннен Тараз 

қаласы әкімінің  «Тараз су» коммуналдық 

мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді. 

Бүгінгі күнге дейін мекеменің өсіп-өркендеуіне білім 

мен біліктілігін қосқан басшылар: А.М. КУЗЬМИН, 

Ш.Д.ДАУЫТОВ, Ф.Л.КЛИМЕНКО, А.ӘШІРБАЕВ, 

А.ДЖУНУСОВ, Т.ОСПАНБЕКОВ, М.Р. СМАЙЛОВ 

тұлғалар арқылы  мақтанады. Мекемеде 620 адам  

еңбек  етеді. 

Мекемеде  Б.П.  СЕРГЕЕВ,  А.САРМАНБАЕВ, 

Т.В.ГЛИНСКАЯ, А.ТОБАҒҰЛОВ зейнеткердің  еңбек 

кітапшасында «жұмысқа алынды және  зейнеткерлікке 

шықты» деген бір жазу болды.

        МЕКЕМЕ ЕРЕКШЕЛІГІ 

Қазіргі таңда мекеме -  Тараз қаласын 

толығымен таза сумен қамтамасыз етеді 

оның ішінде  соңғы жылы жаңадан кірген 

«Құмшағал» ауылы, «Қант зауыты», 

«Солнечный» кенті,  «Бәйтерек» (13) ықшам 

аудан кірді.  Былтырғы жылы  судың   бір 

текше метрінің бағасы 56,65 ( елу алты 

теңге алпыс бес тиын) тағайындалған болса, 

ағымдағы жылда осы баға еш өзгеріссіз 

сақталынды. 2017 жылы Тараз қаласындағы 

су құбыры жүйесінің  ұзындығы 526,06 

шақырымға жетті.  Мекемеде басты 

өндірістік бөлімдер:  су құбыры жүйелерін 

пайдалану бөлімі, канализация жүйелерін 

пайдалану бөлімі, диспетчерлік орталық, 

арнайы техниканы жөндеу және  

автокөлікпен өндірісті  қамтамасыз ету  

бөлімшесі бар.

Мекеме тынысы

Тараз еліміздегі таза жер асты суын 

пайдаланып отырған санаулы (бес) 

қаланың ішіне кіреді.  Тұрғындар мен 

мекемелерді  таза сумен қамтамасыз 

ету үшін мекеме  85 ұңғымадан 

жер асты суын сораптармен көтеріп, 

бактериологиялық өңдеуден кейін 

халыққа бірден береді.   Судың 

химиялық құрамын, Ұлттық 

аккредиттеу орталығынан табысты 

халықаралық сертификатқа ие болған, 

өндірістік зертхана бақылауда ұстап 

отырады.

   Кәсіпорынның қызметі тәулік бойы  

жүретін болғандықтан, жұмысшыларға 

киініп шешінетін жер және душ 

бөлмелері қарастырылған.   Кәсіподақ 

қоры есебінен жұмысшылардың 

асханадағы тамақ бағасы өтеледі және  

еңбек зияндылығына қарай  бөлімдерге 



0,5 литр сүт және  жуғыш  заттар тегін 

беріледі. 

     Жаңадан келген немесе  жас 

маманның біліктілігін арттырып отыру 

мақсатында оқу орталығы  қызмет етеді. 

Қызметкер мен маманның жыл сайын 

біліктілігін жетілдіріп отыру  нақты 

жолға қойылған. Мекемелерде орташа 

айлық жалақы 94,121 теңгені құрайды. 

іСКЕР БАСШЫ-ҰЖЫМ ҰЙЫТҚЫСЫ

Жүрек  жарды  сөз

СМАИЛОВ МАРАТ РАИМБЕКҰЛЫ, 1957 жылы 22 наурызда 

Жамбыл  облысы  Т.Рысқұлов  (бұрынғы  Луговой)  ауданы  Луговой 

ауылында дүниеге келген. Мектептен кейін Алматы энергетикалық 

институтын  инженер-электрик  мамандығын  алып,  «Әулие  Ата» 

университетін экономист-қаржыгер мамандығымен толықтырған. 

Алғашқы  еңбек  жолын  Қазақ  КСР  ғылым  академиясының 

ядролық  физика  институтында  инженер  электрик  болудан 

бастаған.  Азаматтық  әскери  борышын  атқарып  келгеннен  соң 

біртендеп  сатылай  көтерілді.  Жамбыл  облысында  комсомол 

қызметінде  жалғастырды.  Еңбек  жолында  28  жыл  мемлекеттік 

қызметті  бірнеше  сатыдан:  Жамбыл  қалалық  атқару  комитетінің 

орынбасары;  облыстық  туризм,  спорт  және  жастар  ісі  бойынша 

басқарма  басшысы;  Жамбыл  облыстық  мәдениет,  спорт  және 

туризм  департаментінің  бастығы;    Жамбыл  облыстық  көліктік 

бақылау комитетінің басшысы; ҚР Табиғи монополияларды реттеу 

агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры; 

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі қызметін атқарды. 

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.  Ал, 2014 жылғы наурыз айынан 

бастап,  бүгінгі  күнге  дейін  «Тараз  су»  коммуналдық  мемлекеттік 

кәсіпорнының директоры. 

 Зайыбы  СОППЕКОВА ЖАНАР БАЙБОЛҚЫЗЫ, екеуі  бір 

қыз,    бір  ұл      тәрбиелеп  отыр.  Қызы  -  СМАИЛОВА  ИНДИРА

тұрмыс  құрған,  әке-шешесін  немерелі  етті.  Ұлы-  СМАИЛОВ 

МҰРАТЖАН –мемлекеттік қызметкер. 

Ерен  еңбегі  еленіп  бүгінгі  күні  бірнеше  марапаттың 

иесі:    «Құрмет»  ордені,  «Нұр  Отан»  партиясының  төрағасы 

Н.Назарбаевтың  алғыс  хаты,  Қазақстан  Республикасында  «Дене 



шынықтыру мен спортты дамытқан үлесі» үшін Құрмет белгісі 

және  «Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздігіне  10  жыл», 



«Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  10  жыл», 

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік 

медальдары,  «Мейірімділік  әлемді  құтқарады»  орденімен 

марапатталған. 

Республикалық психологиялық танымдық газет

Жеңіске тек өзіне сенген адам жетеді

МЕКЕМЕ ЖЕТІСТІГІ 

Соңғы  жылдары  мекеменің    жылдық  қаражат 

айналымы  1  миллиард  тенгеден  асып  отыр.  Орташа 

бір  ауданның    жылдық  айналымымен  бірдей.    Осыған  

байланысты  кәсіпорын    ұзақ  мерзімді  инвестициялық 

бағдарламамен  жұмыс  атқарады.  Бағдарламаны  жүзеге 

асыру    жолында  су  және  канализация    шаруашылығын 

күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңартырып отырады.  Бұл  

тозығы жетіп, ескірген қондырғылар мен механизмдерді  

модернизациялауға алып келеді.  

Соңғы бес жылда инвестициялық бағдарлама бойынша 

автокөлік  және арнайы техникалар алынды:  

1  вакуумды  машина,  5  экскаватор,  2  автокран,  1 



канал жуатын машина, 3 жүк көлігі. 

Мекемеде  тәжірибелі  жұмысшылар  мен  мамандарға  

жылдық  орташа  айлық  жалақы,    материалдық  және 

медициналық жәрдемақы  қосымша  төленеді. 

Мекемеде  материалдық  және  рухани  көрсеткішті 

тепе  -  тең  ұстау  жолға  қойылған.  Оған  мысал:    2016 

жылғы  Т.ОСПАНБЕКОВ  облыстық  құрметті  азаматы, 

М.СМАЙЛОВ қаланың құрметті азаматы болды. 

Облыстық  әкімнің  алғыс  хатымен    эксковаторшы  - 



Дулат  МАНСУРОВ-,  облыстық  маслихаттың  алғыс 

хатымен жөндеуші бригадир Бейсен ШАДИЕВ, қалалық  

әкімнің алғыс хатымен   машинист Нурлан АСАБАЕВ, 

қалалық маслихат алғыс хатымен  Талғат БАҚТИЯРОВ



Берік ҚАРАБАЛАЕВ, электромонтер - Иван ПЛЕШКОВ 

тұлға марапатталды. «Тараз су» кәсіпорны балалар үйіне,   

№ 14, 20 мектеп оқушыларына «Мектепке жол» акциясы 

кезінде демеушілік көрсету тұрақты жолға қойылған.

№02 (70) 

25 ақпан


 2017 жыл

ТҰТҚА

 

тұлға



 

Мемлекеттің «Нұрлы жо



л» бағдарламасы аясында, кәсіпорын к

елешекте Тараз қаласы с

у құбырлары 

және канализация шаруашылығын қайт

а жаңғырту мақсатында ұзақ мер

зімді инвестициялық бағдар

ламасын 

дайындап, құзіретті  органдарға т

апсырды. Бағдарлама бойынша Европа

лық қайта құру, жаңғырт

у банкісінен 

2,1 миллиард қаражат тар

ту көзделіп отыр. 

Бұл дегеніміз біріншіден - әлемдік ж

етістіктерді пайдалана отырып х

алыққа қызмет көрсетуді жаңа 

сатыға көтеру; екіншіден - өмір

дегі ең бағалы ауыз су ысырабын азайт

у. 


22

№02 (70) 25 ақпан 2017 жыл

Все знают, как легко может отвлечь нас что-то 

необычное или неожиданное. Не только отвлечь, считают исследователи из 

университета  Вандербилт, но и буквально "ослепить" И не глаза, а мозг!

Трудно не отвлекаться на дороге, проезжая мимо места аварии. Водитель 

неизбежно снизит скорость, чтобы рассмотреть место трагедии... А пешеход 

остановится, услышав неожиданный хлопок, похожий на выстрел.

   Между тем, психолог Дэвид Зальд (David Zald) из университета Вандербилт, 

считает, что эмоциональные "картинки", такие как автокатастрофы, сцены 

убийства и порнография, могут не просто отвлечь, а "ослепить" нас, притупляя 

информацию, поступающую в мозг      от остальных органов чувств, и приводя к 

потенциальной опасности.

В ходе эксперимента, проведенного Зальдом, 21 испытуемого просили  опознать 

определенную картинку из серии изображений, появлявшихся по 10 в секунду, а 

затем определить, сместилось ли оно при повторной        демонстрации вправо 

или влево. Участники эксперимента уверенно справлялись с заданием до тех 

пор, пока на экране не замелькали картинки со сценами насилия или эротики.

   "При демонстрации таких изображений, вызывающих сильные эмоции, в 

мозге происходит своеобразное короткое замыкание", — объясняет соавтор 

исследования, Стивен Мост из Йельского университета.

   Такая эмоциональная слепота случается в нашей жизни постоянно, и, 

хотя длится она очень короткое время, приводит к снижению внимания, что 

особенно опасно для водителей. "Крутой поворот, ребенок, неожиданно 

выбежавший на дорогу… Есть риск не  среагировать вовремя", — говорит 

Зальд.

    Исследователи также установили, что время, на которое мозг 



"ослепляется" увиденным, разное у разных людей. Люди 

с низким уровнем 

тревожности преодолевают состояние эмоциональной  слепоты быстрее. 

Других закономерностей ученые пока не  обнаружили. Зальд, мост и 

коллеги планируют дополнительные эксперименты, чтобы выяснить, какие 

химические процессы происходят в "ослепшем" мозге.

 Источник: psychonomic.org

ЭМОЦИИ МОГУТ ПРИВЕСТИ 

К "СЛЕПОТЕ" МОЗГА

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ментальды ауытқуы бар 

адамдарға әлеуметтік кәсіп 

орын ретінде "Тренинг – 

кафе"  ашу туралы семинар 

тренинг өтті. Әр облыстан 

мемлекеттік емес мекеме 

басшылары қатыса отырып, 

өз облысында осындай 

жаңалықтарды жүзеге 

асыруды қолға алуға 

шешімге келді.

Training - кафе



  

ШҰҒЫЛ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК 

ЖӘНЕ  ЖЕКЕ  СПОРТТЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ 

ҚОЛДАНУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 

тақырыбында  оқыту курсы өтуде.

 

 



Өтілу мерзімі  17 .02 -27,02,2017 жыл. 

Бұл оқытылу 

курста: Спортшыға  

психологиялық  қолдау 

көрсету  жарыста табысқа 

жетудің басты құралы. 

Спортшы жеңіске 

жетуде  ішкі ресурсын 

ашу,  мәселеге назарын  

шоғырландыруда қажетті 

дағдыны қалыптастыру. 

Спортшы шұғыл, жағымсыз жағдайда өзін  және эмоциясын ретке 

келтіре алуды меңгерту. Спортта үлкен жетістік тек психологиялық 

және физикалық жаттығудың нәтижесінде іске асады.

   

 

           



ӨСУ ,ӨЗГЕРУ, ӨРКЕНДЕУ

АВТОРЛЫҚ  БАҒДАРЛАМА  АТЫРАУ ОБЛЫСЫ 

АТЫРАУ қаласында сәтті өтті. Бағдарламаның басты мақсаты: 

қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жағдайды қабылдай отырып, 

одан шығу жолын саналы меңгерту. Жылы орында отыру мен 

алға мақсат қойып, оған әррекет арқылы жету жолын қарастыра 

білу. Тұлғалық даму мен кәсіби даму сәйкестікте болса адам 

шығармашылық қабілетін ашумен қатар оны іске асыруды қолға 

алатынын техникалық жаттығу арқылы саналы дамуға ұсынылды. 

Өмірлік сценаридің режисері болып ойнау жеке  қабілетке 

байланысты екенін қабылдата отырып, жұмыс жүргізіледі. 

Есейген тұлғаның даму мен қалыптасуы бөгет арқылы сатыдан 

сатыға көтерілетінін анықтай және түзету жұмыстар қолданылды. 

ҰЙҚЫ –ТАМАША ЕМШІ

Зерттеу 

нәтижесіне 

сәйкес, әдетте 

ұйқыға  тым 

кеш жататын 

болсақ немесе 

ұйықтауға тым 

аз уақыт бөлсек 

жағымсыз 

немесе теріс ой-

пікірлерге тез 

барады екенбіз.   

Тіпті кеш жатуға 

әуесқой, бұл кімге ұнаса, көп қайталанса 

сол адам әркез ойда, өзін сергек ұстауға 

құлқысы болмайтынын көрсетеді.  

Зерттеу Cognitive Therapy and Research 

журналында жарияланған, қатысқан  100 

ересек адам. Оларға зерттеу  жүргізу түрлі 

тестік сұрақпен қатар жеке әңгімеге тарта 

отырған. Оның психологиялық жай-күйі 

(Nota & Coles ) тесте көп  алаңдаушылық, 

уайым кедергі  немесе бос ой толғауымен 

бағаланды. Ұйқыға кеш жату, сергектік 

әкелмеумен қатар, жағымсыз ой туғызудың 

бірден бір жолы екенін анықталған. 

Алдағы болжам толық дәлелденген. Ұйқы -  

сергектікті  бағалауға таптырмайтын құрал.  

Нәтижесі тұрақты теріс ой және кеш  

жатуды тоқтатып, ерте ұйқыға жатуды 

табылған байланыс деп  ұсынады.

 Сіз 


қаншада  ұйқыға жатасыз?

Тәжірибелік психология» 

Республикалық қоғамдық бірлестігі 

және  «Ән-Нұр-Фат» қосымша кәсіби 

даярлау және біліктілікті арттыру 

институты Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық 

мерей тойы мен психологтардың кәсіби 

мерекесі қарсаңында  «педагог- психолог» 

және  практик психолог   мамандарын  

2016 жылғы  26желтоқсан күні  сағат 

15.00-де (Астана уақытымен) оn-line 

режимінде  «Психологтың  кәсіби дамуы: 

өзекті мәселе  және перспективалар» 

тақырыбында республикалық ғылыми-

практикалық оn-line конференция  

өткізді.  

Қатысуға   қызығушылық білдіргендер 

көп болды. Республикамыздың Атырау, 

Қызылорда, Маңғыстау, Семей, Ақтөбе, 

Талдықорған, Қарағанды, Жамбыл, 

Ақмола,  Өскемен, ОҚО, Қостанай 

облыстарының педагог-және  практик 

-психологтары қатысты..

Конференцияда қарастырылған 

мәселе топтамасы: –психолог қызметіндегі 

функционалды сауаттылық  және  

біліктілігі-11 материал – психологтың 

кәсіби қызметіндегі  шығармашылық 

жұмысы - 42 материал –маман 

дайындайтын  оқу орындарындағы  оқыту 

проблемалары -12материал жарыққа шақты 

Конференция жинағына  65 материал өтті.

Республиканың педагог –психологтары 

онлайын конференцияға мақала 

жібермеседе қатысуға құлшыныс білдірді. 

Семинар барысында өз белсенділіктерін 

көрсетіп, сұрақтар қойып отырды. 

Сұрақтар топтамасын жасай отырып: 

Осындай онлайын  режімінде тек семинар 

ғана емес, оқыту бағдарламаларының 

қаралуын ұсынып отырды. Семинар 

барысында сөз алған қатысушы өз 

тақырыбын толықтай қорғай білді.

Семинар соңында   РЕЗОЛЮЦИЯ 

оқылды.

Жоғарыда айтылған мәселені  ескере 



отырып, конференция ұсынады: 

Мектепке дейінгі, орта, арнаулы орта, 

жоғарғы оқу орындарына: 

1) ««Ән-Нұр-Фат» қосымша кәсіби 

даярлау және біліктілікті арттыру 

институтының дайындаған онлайн 

курстарына педагог –психолог және 

практик психолог  мамандарына  жұмыс 

орнындағы лауазымдық міндеттерінен қол 

үзбей қатысуына жағдай жасау.

2) Психолог маман жеке басының 

кәсіби және шығармашылық бағытта 

үздіксіз жетілу жолдарын қарастыру. 

3) annurfat.kz сайтындағы курстық 

және курсаралық біліктілікті арттыру 

шараларына интернет көмегімен белсенді 

қатысу арқылы кәсіби өсуін жолға қою. 

«

ПСИХОЛОГТЫҢ  КӘСІБИ ДАМУЫ: ӨЗЕКТІ 



МӘСЕЛЕ  ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАР

»

 



АТТЫ ОНЛАЙН БЕЙНЕКОНФЕРЕНЦИЯ  СӘТТІ ӨТТІ

 


Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің 

№ 5 «Ақ желкен» балабақшасында 2017 жылдың 10 ақпанында  

"Үлгілі келін-2017"  байқауы  кәсіподақтың    ұйымдастыруымен 

өткізілді. Байқау  № 2, № 4, № 5, №14 балабақша тәрбиешілері 

арасында өтті. Байқауды  ашу салтанатын  № 5 балабақша меңгерушісі 

Н.Л.Сегізбаеваға   ұсынылды. Нүргүл  ханым  қатысушыларға сәттілік 

тілеп, байқау шартымен  толық   таныстырып, әділқазылар алғасын 

сайлауды ұсынды. Әділ қазылар алқасына ( осы газет тілшісі)  Нұрболат  

Сағындықов, №28 балабақша кәсіподақ төрайымы Гүлнар Қайнарбаева, 

қалалық кәсіподақ төрайымы Ирина Костина  сайланды. Әділ бағаның 

жоғарғысы +5 ұпаймен бағаланып отырды.   Байқау 6 кезеңнен тұрды.

Алғашқы кезең «Сәлем - сөздің анасы» деген  бөлімде 

қарастырылды. Нағыз дайындық пен ізденісті көрсеткен  Әсель  

Бектурова  (№5б/б тәрбиешісі)  өзін еркін ұстау, қазақи келіндік салтпен 

ортаға еніп,  тұла бойы тұнып тұрған өлең жырын  мәнерлеп оқып өзін 

таныстыруды қолға алды. (үзінді ) 

-Бар ұлтты   бауырға балағанбыз.

Бөліп жармай туысқан санағанбыз.

Тынышқұл қызы атым Әсель елім сыйқым,  

Дулат  руына   есті    келін атанғанбыз –деп елді өзіне баурап алды. 

Екінші кезең бойынша «Өнерлі келін - сүйкімді» айдарында 

қатысушы келін қауымы  бірі  монолог оқыса, енді бірі  мың  бұрала 

билеп, келесі бірі  ән шырқағанда адамның жан дүниесін елжірете 

рахатқа бөлей алды. Енді бірі  келін мен ене арасындағы бітпейтін 

романды, бітіріп,  жаңаша қатынас моделін көрсете білді.  Үшінші 

кезең  «Салт – дәстүр – асыл қазынам» бойынша әр қатысушыға салт-

дәстүрді дәріптеу ұсынылды. №5балабақша «қыз ұзату» дәстүрін  ұрын 

келу, қайынсіңліні шығарып салуда  жеңге сыңсуымен шынайы ойнап, 

тарих пен бүгіннің байланысын  көрсете білді. Ал  № 14 балабақшадан 

қатысушы   баланы қырқынан шығару,  қалғандары баланы  мұсылман 

ету,  келін таңдау-рәсімдері шығармашылықпен жүргізілді. 

Төртінші кезең «Әзіл – сықақ»  қаланың қызы ауылға келін 

болғандағы кездесетін қиындықтары, қайындарға ат қою,  келін мен        

қайынсіңлі, ене арасындағы қатынасты

шиеленісті шешу жолдарын табуға жағдаят ұсынылып, үйлесімді түрде 

шығу  жолдары қарастырылды.  Бесінші кезең  «Сән үлгісі»- кезеңінде  

келін қауымы қол өнерден жасалған киімдерді өздері киіп шығып

заманауи келіннің киім үлгілерін көрсетті. 

Соңғы кезең  үй тапсырмасы дастархан мәзірі  тәтті бәліш  пісіру 

және салат әзірлеу ұсынылған. Дәмді тағам даярлауда  барлық қатысушы 

бірдей ұпайға ие болды.

Әр кезеңнен кейін әділқазылар алқасы сөз алып,  өз ұпайларын 

нақтылап отырды. Топ жарып бас жүлдеге ие болған  №5 "Ақ желкен" 

балабақша тәрбиешісі Бектурова Асель Тынышкулқызы -  екі баланың 

анасы, келін болғанына  7 жыл,  І орынды шанышқыл елінің келіні 

№ 2 балабақша тәрбиешісі Б.М.Мыңжасарға бұйырды, ІІ орынды 

кіші жүзбайұлы алаша елінің келіні -№ 4 балабақша тәрбиешісі 

А.Е.Утехожаева алса,  ІІІ орынды сыйқым елінің келіні- № 14 балабақша 

тәрбиешісі В.А.Адильбекова иеленді.  Бас жүлде алған Әсель келінді ата-

анасы келіп жүлдесімен құттықтап, «әулеттің үлгілі келіні болғың» деген 

батасын берді.  Қатысушылар алғыс хат және бағалы сыйлықтармен 

марапатталды. 



3

№02 (70) 25 ақпан 2017 жыл

Мәдениет


ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

Біздің ұжымда, Тараз қаласы №12 арнайы гастроэнтерологиялық  

балабақшасыда 22 желтоқсан 2016 жылы мектепке  дейінгі білім беру 

мекемесінің дене шынықтыру нұсқаушыларына арналған «Денсаулық 

сақтау технологиясын қолданудың тиімді жолдары» тақырыбында  қалалық 

семинар болып өтті. 

Семинарды өткізуде балабақша жағдайында денсаулық сақтау 

технологиясын медициналық-педагогикалық бағытта  байланыстыра 

отырып қолдану нысанаға алынды.

Семинар өткізілуге ұжым мүшелері  тыңғылықты дайындық жасап  

безендіру мен тақырыпқа   байланысты  ғұламалардың  ой-тұжырымдары  

нақты қарастырды. 

Семинарды бастауға алғы сөз алған балабақша меңгерушісі 

М.Р.Балтабаева денсаулық әлемі бағдарламасымен таныстырып, 

«Салауат» модулі мен  «Галотерапия» бөлмесінің тұсау кесерін  

жасауды қалалық

 білім бөлімінің  әдіскері Ш.Ж.Байғараева ұсынды.   Бөлменің 

қызметімен  танысудан кейін бағдарламаға сай ашық сабақтар көрсетілді. 

Біздің балабақшада ашық сабақ орыс және қазақ тіліндегі топта 

салыстырмалы түрде жүргізілді.  Алғашқы сабақты ортаңғы топтың 

2-санатты тәрбиешісі А.А.Құрматаева  «Жақсы деген немене, жаман деген 

немене» тақырыбында өткізсе, ал 1-санатты тәрбиеші  Г.И.Иващенконың  

«Волшебные точки» сабағымен жалғасты. 

Жоғарғы санатты дене шынықтыру нұсқаушы  Т.В.Петряева 

«В гостях у Карлсона» сабағымен байланыстырды. Сабақ 

аяқталысымен  дене шынықтыру нұсқаушылары өз ой пікірлерін 

білдіре отырып, үш  сабақтың  байланысы мен ерекшелігін талдай отырып, 

өткізу әдіс-тәсілдері зор ізденістен  тұрғанына тоқталып 

өтті. 


Ашық сабақ  жалғасын ересектер тобында жоғары санатты дене 

шынықтыру нұсқаушысы  Г.Т.Джанадилованың  «Көңілді дене 

шынықтыру» сабағымен және шебер сыныпты жоғарғы санатты 

медбике  Г.Д.Тарасенконың «Дети и галотерапия» тақыбында 

өткізілді.

 № 9  балабақшаның жоғарғы санатты дене шынықтыру 

нұсқаушысы  А.А.Гаерфанованың  «Вода – стихия  здоровья» 

шебер сыныбымен жалғасты. Ашық сабақ арқылы тәжірибе бөлісіп 

болғаннан кейін ақпараттық сессияны дәрігер Г.Б.Наурызбаева «Значение 

физиопроцедур в оздоровлении детей в детском саду» тақырыбында 

жүргізілді. Миға шабуыл әдісі арқылы әркім 

өз көз-қарасымен бөлісті. Бағдарлама көлемінде Еркін микрофон жалғасын 

тауып дене шынықтыру нұсқаушылары өз тәжірибелерімен бөлісуге  де 

мүмкіндік  алды. 

Семинарда денсаулыққа әсер етудің қажетті әдісі әуен екенін  

ескере отырып балалардың ән-шашуымен жалғасын тапты. Семинарға 

қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлауға бар шығармашылық қабілетін 

қосқан жоғары санатты музыка жетекшісі  И.А. Харина болды.  

Семинарды  қорытындылауға бөлім әдіскері Ш. Байғараева сөз алып, 

барлық қатысушыларға ризашылығын білдіре отырып, кері байланыс 

жасады. Қатысушылардың пікірлерін талдай өтсек: Жаңалықты  үйрену 

үшін өзіміз оқыған бір жақсы, оны тәжірибеде көрген жадыда жақсы 

сақталатындарын айтып, ризашылықтарын білдіріп жатты. Жеміс талына өз 

алғыс-пікірілерін қалдыру ұсынылды. 




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал