Смағұл елубай: ИӘ



жүктеу 0.68 Mb.

бет1/6
Дата27.02.2017
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Смағұл ЕЛУБАЙ:

ИӘ

Қалай десек те, кеңестік кезеңнің бір 

артықшылығы жастар арасында мем-

лекеттік идеология насихатының мықты-

лығында еді. Жастар жан-жақты, патриот, 

салауатты өмір салтын ұстанған, қоғамда 

белсенді, октябрятына шейін көшедегі 

қартқа көмек қолын созуға даяр қайырым-

ды еді. Ал бүгінгі күні біз қайсы бір жастың 

да бойынан осы қасиетті таба алмаймыз. 

Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары 

жастар тәрбиесін назардан тыс қалдырдық. 

Шынын айту керек, жастар тәрбиесі уыстан 

суып шығып кетті. Олар қазір ештеңеге 

сенбейді, еш нәрсеге иланбайды. Деген-

мен бүгінде кеш те болса «Жас қыран», 

«Жас ұлан» ұйымдарының құрылып, жас-

тар мен жұмыс жүргізіле бастауы қуантады. 

Десек те, бұл ұйымдардың қалай жұмыс 

істеуі бұл ұйымдардың қаншалықты дұрыс 

ба ғытта жұмыс істеуіне байланысты.  

ЖОҚ 

– Жоқ, Тәуелсіз елімізде құрылған 

«Жас қыран», «Жас ұлан» ұйымдарын 

кеңестік кезеңдегі комсомол мен 

пионердің тәжірибесіне негіздеудің 

қажеті жоқ. Себебі сол кезеңнің саясатына 

байланысты, түптеп келгенде, комсомол 

мен пионер белгілі бір партияға қызмет 

етіп, солардың насихаты үшін жұмыс 

істегені жасырын емес. Тіпті белгілі бір 

дәре жеде партияның кадрларын дайын-

дау үшін қызмет еткені де рас. Ал ком-

сомол мен пионердің осы жұмыс тә-

жірибесі бізге үлгі бола ала ма?! Рас, жас-

тардың бойында отансүйгіштік пен пат-

риоттықты насихаттауда да маңызының 

зор болғаны рас. Алайда түпкі мақсаты 

бел гілі бір ұйымға ғана қызмет ету, солар-

дың іс әрекетін дәріптеу болғанын ескер-

сек, аталмыш ұйымдардың үлгі етер тір-

лігі аз деуге болады. 

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

3-бетте

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, Қазақстан 

халықтық коммунистік партиясының 

хатшысы:

Серікболсын ӘБДІЛДИН, 

қоғам қайраткері:

ОЙ-КӨКПАР 



«Жас қыран» мен «Жас ұлан» комсомол, пионер ұйымдарының тәжірибесіне негізделуі керек пе?

Кеңес заманында мемлекеттік идеологияның 

бір тармағы жастардың пионер, комсомол 

ұйымдары еді. Аталмыш ұйымдардың 

жастарды тәрбиелеудегі ықпалы зор 

болатын. Алайда Тәуелсіздік алғаннан кейін 

комсомол мен пионер деген ұйымдар өз 

мәнін жоғалтып, жойылды. Әйтсе де соңғы 

кездері мектептердегі жастармен тәрбие 

жұмыстарын күшейту мақсатында «Жас 

қыран», «Жас ұлан» ұйымдары құрылып, 

жұмыс істей бастады. Осы орайда мамандар 

«бұл ұйымдардың жұмысы бұрынғы 

комсомол, пионер ұйымдарының 

тәжірибесіне негізделуі керек» деген 

пікірлерін білдіруде. Алайда бұл пікірге 

қарсы пікір айтушылар да баршылық. 

Тақырыпқа орай мамандардың пікірін ой-

көкпар айдарында тоғыстырып көрген едік... 

6-б

етте

2030 жылға дейінгі инновациялық 

даму жоспары әзірленіп жатыр

3-бет

7-бет

5-бет

«Астана 


арландарының» 

болашағы қандай?

Тәуелсіздік айнасы

Дәрігерлер сауатты 

жазуды қашан 

үйренеді?

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының хабар-

ла уынша, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақ-

стан облыстарында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-ке 

жетеді. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыста рында, 

сондай-ақ Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыс та-

рында жер бауырлай боран соғады. Алматы, Оңтүстік 

Қа зақстан, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Жамбыл 

облыс тарының аумағында тұман түседі. Көлік жол-

дарында көктайғақ болуы мүмкін. Мұз қату процесіне 

бай ланысты шығыс аймақтардағы өзен-сулардың 

дең гейі көтерілуі ықтимал. Ал Сырдарияның Оңтүстік 

Қа зақстан облысы аумағындағы тұсының деңгейі 

Шар дара суқоймасынан айдалатын судың молаюына 

бай ланысты  көтерілмек. 



Болатбек МҰХТАРОВ

Солтүстік, батыс 

және оңтүстік-

шығыс аймақтарда 

боран болады

Алдағы тәулікте еліміздің солтүстігі, батысы 

мен оңтүстік-шығысында жайсыз ауа райы 

қалыптасады. Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, 

Павлодар және Шығыс Қазақстан 

облыстарының аумағында боран соғады.

А

УА Р



АЙЫ

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

147,63

198,39

4,78

23,20

12019,42

1,34

1551,34

1135,33

110,78

1747

Тағы бір лаңкестік топ жойылды

Алматы облысының Іле ауданына қарасты ауылда 

әдет тегі сенбінің кеші болатын. Кенет Шпак көшесінің 43-

үйінің маңы түгел қоршауға алынып, құқық қорғау қыз-

меткерлері бұл аумақтың тұрғындарын ай-шайға қаратпай, 

мекенжайларды тастап, қауіпсіз аймаққа шығуға мәж-

бүрлейді. Тұрғындар бір сұмдықтың болғанын түсініп, бас 

амандығы үшін меңзеген жаққа қарай көше бастайды. Көп 

ұзамай іңір аспанын қақ жарған оқ даусы да естіледі. 

Боралдайлықтар еш нәрсенің байыбына бармаса да, 

жарты шақырым жерден атыс-шабысты естіп, көріп тұ-

рады. Полициядан жасырынып, үйлеріне тығылып қал ған 

тұрғындар да болған. Қауіпті аумаққа тек тәртіп сақ-

шылары, құтқарушылар мен дәрігерлер ғана жіберілді. 

Әп-сәтте ел ішін «жазықсыз жандарды кепілдікке алған 

лаңкестер мен ондаған адам қырылған қырғын» жайлы 

алыпқашпа әңгіме қаулап кетті. 

Серікбай МҰҚАНОВ, Боралдай елді мекенінің тұрғыны:

– Алматыдан 19.30-дардың шамасында үйге 

келген бетіміз еді. Үй ішінде отырып, сырттан қатты 

атылған дыбыстарды естідік. Бірақ жақын маңда 

әскери бөлім бар еді, соның оқу-жаттығуы шығар 

деп мән бермедік. Кейін тұрғындардың бәрі дүрлігіп, 

көшеге шығыпты. Біз сәл алысырақ тұратындықтан, 

бізге ешкім «көшеге шығыңдар» демеген. Әркім 

әртүрлі әңгіме айтып жатқандықтан, тура атыс болған 

үйдің қасында тұратын Коля деген жігіттен анық-

қанығын сұрадым. Сөйтсем, «көп адам қырылды, 

баланы кепілдікке алды» деген әңгімелер өтірік екен. 

Операция кезінде құқық қорғау қызметкерлерінің 

қайтыс болғаны ғана рас.

Елдің зәресін алған бұл оқиға 8 қарашада Алматыда 

оққа ұшқан екі полицейді өлтіргендерді ұстау операциясы 

болып шықты. Бас прокуратураның мәліметінше, қыл-

мыстық топ Боралдайдағы үйлердің бірін жалдап, тәртіп 

сақшыларынан бой тасалаған. Олар полицияның екі 

қызметкерін өлтірген соң, оңтүстік астанада ірі зорлық-

зомбылық әрекеттерді іске асырмақ болыпты. Топтың 

жетекшісі – 1977 жылғы Ағжан Хасен деген жігіт. Ол 

биылғы қазан айының соңынан бері террористік топ құру, 

оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу деректері 

бойынша іздеуде жүрген екен. Күш құрылымдары лаңкес-

тің соңына түсіп, ақыры оны төрт сыбайласымен бірге 

Боралдайдан тауып, ұстауға әрекет жасайды. Мұны 

байқаған қылмыскерлер полицияға берілуді әсте ойламай, 

қарсы оқ атып, белсенді қарсылық көрсетеді. Осы кезде 

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметінің арнайы 

бөлімшесінің екі қызметкеріне оқ тиіп, сол жерде қаза 

табады.

ОҚИҒА


Өткен сенбі күні 

Алматының іргесіндегі 

Боралдай елді мекені түні 

бойы дүрлігіп шықты. 

Күш құрылымдарының 

лаңкестерді ұстау 

операциясы тұрғындардың 

тынышын кетірді. Төрт 

сағаттан артыққа созылған 

атыс-шабыстың ақырында 

полициядан жасырынып 

келген террористік топ 

түгел жойылды. Осы 

операция кезінде Ұлттық 

қауіпсіздік комитетінің екі 

қызметкері оққа ұшты.

Жалғасы 3-бетте   

Болатбек МҰХТАРОВ

№216 (668) 6 желтоқсан

сейсенбі 2011 жыл

Біз ата-бабамыз мың 

жылдан бері ұстанып 

келе жатқан дәстүрлі 

дінімізді қалпына 

келтіруіміз керек



Чубақ қажы ЖАЛИЛОВ, 

Қырғызстанның Бас мүфтиі:

– Ислам заңы бойынша мал 

ұрлағанның қолы кесіледі, ал 

адам ұрлағанның жазасы одан 

ауыр болуы керек. Менің еркіме 

қойса, қыз алып қашушыларды 

өлім жазасына кесер едім... 

Жалпы, исламда қалыңдығын 

ұрлап алушылар жайында 

айтылмаған, имамдар өздері 

жазалауы керек делінеді...

 (Tengrinews.kz сайтынан)



...де

дiм-ай, а

у!

Жалғасы 5-бетте   

Кеше Астанада «Инновациялық Қа зақ-

стан – Тәуелсіз 20 жылдан кейінгі бола шақ-

қа көз қарас» тақырыбында иннова ция лық 

форум басталды. Форумның ал ғаш қы оты-

ры 


сында соңғы 20 жылдағы еліміз 

дің 


инно 

вациялық даму деңгейі қаралды. 

Осыған орай әлемнің түкпір-түкпірінен 

келген шет елдік сарапшылар өз ойларын 

ортаға салса, Үкімет мүшелері осы жұмысты 

жалғастыруды көздейтін нақты жоспар-

ларын жария етті. Ал Премьер-министр 

Кәрім  Мәсімов  инно ва тор  аза мат тарға  өз 

алғысын білдіріп, олар ға дұрыс көзқараспен 

қарауды үндеді. 



«3D» да ескіре бастады

 Негізі, Тәуелсіз 20 жылдың тең жартысын 

Қа зақстан инновациялық саясатты дамыту 

жұмысына арнады. 2000 жылдан бері сан 

алуан іс-шаралар атқарылып, үш жылдан 

кейін 2003-2015 жылдарға арналған елдің 

ин  дустриялық-инновациялық  стратегиясы 

әзірленді. Үш кезеңді қамтитын бұл стра те гия-

ның соңғы мерзімі бүгінде Үдемелі индус-

трия  лық-инновациялық  даму  бағдар ла ма-

сына тиесілі болып отыр. Сондықтан осы құ  -

жат тың нәтижесі еліміздің нақты иннова ция  -

лық даму деңгейін көрсет пек. Премьер-ми -

нистрдің орынбасары-индустрия және жа ңа 

технологиялар ми нистрі Әсет Исекешев тің 

айтуынша, қазірдің өзінде Қазақстанның осы 

салада қол жеткізген жетістіктері жоқ емес.

Бүгінгі әлемдік тәжірибе көрсетіп 

отырғандай, кез келген мемлекеттің 

инновациялық әлеуеті жоғарылаған сайын 

елдің жалпы ішкі өнімі де көтеріледі. Ал шағын 

және орта бизнес сол инновациялық әлеуеттің 

негізгі қозғаушы күші болып саналады. Себебі 

кәсіпкерлер ел экономикасына озық 

технологияларды әкеліп, отандық өнірісті жан-

жақты жаңартып тұрады. Қазақстан болса, ел 

экономикасының инновациялық әлеуетін 

индустриялық жоспармен ұштастырып, іргелі 

жобаларды арнайы мемлекеттік бағдарлама 

аясында іске асыруда. Енді Үкімет 2030 жылға 

дейінгі елдің инновациялық даму жоспарын 

әзірлеп жатыр. Соған қарағанда, бұл жұмысқа 

әзірше жекеменшік сектор емес, мемлекеттің 

өзі жауапты болып қала бермек.

Арман БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ

ДАТ!

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№216 (668) 6.12.2011 жыл, сейсенбі      



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

САЯСИ БЮРО

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Жаңа Зеландия – жемқорлықтан ең таза ел



Биыл жемқорлық индексі бойынша әлем елдерінің тізімі 

жария етілді ме? Жемқорлықтан ең таза ел және жемқорлыққа 

әбден батқан ел қайсы? 

Жамбыл ОЛЖАСБАЙ, Талғар 

Халықаралық Transparency Іnter-

na tіonal ұйымының 17 бағыт бо-

йынша жүргізген зерттеуінің нәти-

жесінде әлемдегі 183 мемлекет 

арасында Жаңа Зеландия жемқор-

лықтан ең таза ел болып танылды. 

Жемқорлықтан ада елдердің қа-

тарына Дания, Финляндия, Шве-

ция, Сингапур, Норвегия, Нидер-

ланды, Австралия, Швейцария жә-

не Канада кіріп отыр. Посткеңестік 

елдердің ішінде Литва 50-ші, Грузия 

61-ші, Ресей 143-ші, 2,7 балл көр-

сеткішпен Қазақстан 120-шы, Тү-

рік менстан 178-ші, Өзбекстан 179-

шы орында келеді. Сондай-ақ 

жемқорлық терең тамыр жайған 

елдер қатарында Ауғанстан, Бирма, 

Солтүстік Корея, Ауғанстан, Бирма, 

Солтүстік Корея аталды. Ең жемқор-

лық жайлаған ел ретінде Сомали 

та нылып  отыр.

Сайлау заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық

Егер тұлға: Сайлау комиссиясы-

ның жұ 


мы 

сына араласқан; дауыс 

беруге кедергi келтiрген; кандидатты 

тiркеуге байланысты мiндеттердi 

орын дауға кедергi келтiрген; дауыс-

тар ды санау ға және сайлау қоры тын-

дыларын анық тауға байланысты мiн-

деттердi орын дауға кедергi келтiрген; 

кан ди датты сайлау мақсатында өзiнiң 

ла уа зымдық немесе қызмет жағда-

йы 

ның артықшылықтарын пайда-



лан ған; сайлау құжаттарын қолдан 

жа саған; дауыстарды көпе-көрiнеу 

қате сана ған; сайлау нәтижелерiн 

негізсіз қате айқындаған; дауыс беру 

құпия сын бұзған; республика азама-

тының өз сайлау құқығын еркiн жүзе-

ге асы руына зорлық-зомбылық жа-

сау, ал дау, қорқыту, сатып алу жолы-

мен ке дергi келтiрген жағдайда заң-

мен бел гiленген қылмыстық жауап-

ты  лық та  болады.

Алда Мәжіліс және мәслихат сайлауы болмақ. Қандай 

жағдайларда еліміздегі «Сайлау туралы» Заңды бұзу қылмыстық 

болып табылады? 

Еркежан ДОСҚАЛИЕВА, Алматы 

БЕЗБЕН


Өскелең ұрпаққа тәрбиесі 

берік ұйымдар қажет

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ 

БОС КЕҢІСТІКТІҢ САЛДАРЫ

Телеарнаның мүмкіндігі мен қуаты 

айрықша. Алайда жаһандану бізге қоғам-

нан ажырағысыз компьютер, виртуалды 

ойын дар, ғаламтор, әлеуметтік желілер 

сияқ ты дүниелерді тарту етті. Берер тәр-

биесі мол балалар мен жасөспірімдердің

жас тардың ұйымы болмаған соң, жаһан-

дану әкелген талғаусыз дүниелердің теріс 

сал дарымен күресуде қиындықтар туды. 

Яғни ішкі иммунитеті әлсіз балалар тәуел-

ді лікке ұрынып, ойлау қабілеттері виртуал-

ды әлемнен ары аспай жатыр. Тәрбиесі 

тас тай берік ұйымдардың қанатынан шық-

қан аға ұрпақтың қашанда патриоттық 

сезі мі жоғары тұрады. Себебі олар саяси 

әлеу меттенудің барлық сатысын бастан ке-

ші рген. Яғни толыққанды индивид, нағыз 

пат риот болып қалыптасуы үшін арнайы 

мек тептерден өту қоғам үшін пайдалы. Қа-

зір баланың мектептегі сабақтан кейін бос 

уақыты көп. Әлеуметтік әлеуеті жақсылар 

арнайы үйірмелерге апарса, жағдайы 

жоқтар балалары үшін қосымша қаржы 

шығара алмайды. Бейсауат жүрген балалар 

сектанттар мен пиғылы бөтен ұйымдардың, 

компьютерлік клубтардың қармағына тез 

ілінеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында 

балалық шағы осылай өткендер – бүгінде 

бозбалалар. Ал сектанттардың шырмауына 

түсіп, солардың сойылын соғып жүргендер 

мен компьютерлік атыс-шабыс ойындарды 

шынайы өмірде жүзеге асырып, қылмысқа 

барып жатқандардың көпшілігі – 30-ға 

жетпейтін жастар. Міне, бұл – балалар мен 

жасөспірімдер тәрбиесіндегі бос кеңістіктің 

бар екенінің айғағы.

ЕЛІМІЗДЕ БАЛАЛАР ҰЙЫМДАРЫН 

ҚҰРУ ЕНДІ БАСТАЛЫП ЖАТЫР

Мемлекетке нағыз еңбек сіңіретін жас-

тағы өрімдей жігіттердің діни фанатизм ге 

ұрынып, қоғамға қауіп төндіріп жатқаны 

ащы да болса шындық. Оқуға салғырт 

қараудың кесірінен жұмыссыздыққа душар 

болып, үлкен қалалардағы құл базарларды 

жағалаған жігіттер мен қонақүйлерде 

тәнін сатып, нәпақа тауып жүрген қызда-

ры мыз қаншама? Мұндай жағдайда олар-

ға елдік патриотизм туралы айтудың өзі 

ар тықтау. «Тәрбие – тал бесіктен» дейтін 

бол сақ, баланы жасынан қалыптастыратын 

күш ті орталықтар керек-ақ. Әзірге осындай 

өт 

кір проблемаларды көтеруде жастар 



ұйым дары әлсіздік танытып келеді. Бұл та-

қы рып тек қазақ баспасөзінің жанайқайына 

айналды десек, артық айтпағанымыз бо-

лар. Осы тақылеттес проблемаларды ес-

кер ген Елбасы жуырда билік партиясының 

алдына «Жас ұлан» бірегей жастар қозға-

лы сын және «Жас қыран» атты жаңа бала-

лар ұйымын құру туралы тапсырма берген 

болатын. Олардың қатары толығып та 

жатыр. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Ба-

ла тәрбиелеу – ата-ананың ерекше аза-

маттық борышы. Біздің халқымыз «Ба ла-

ның бас ұстазы – ата-ана» деп бекер айт-

пайды. Алайда кейінгі күні осы қағи да дан 

шығып бара жатқандаймыз. Ауылда өс кен 

балалар ата-ананың тәрбиесін біле 

тін 

болса, қаладағылардың бәрі жұмыс бас ты 



болып, бала тәрбиесіне көп бара ал май 

жүр. Бұлай кете берсе, біз салтымыз дан, 

тілімізден, ғұрпымыздан да ажырай 

беруіміз мүмкін. Ал баланың тілі ана тілінде 

шықса, бесігінде барлық қазақы тәрбиені 

сіңірсе, бойына ана сүтімен ұлттық қасиет 

дарытылса, сонда ғана отансүйгіштік бола-

ды», – деген еді. Сонымен қатар Президент 

ана мен балаға мемлекеттік қолдаудың 

жақсы үрдіспен атқарылып жатқанын айта 

келе, бұл шараны болашаққа салынған 

сапалы инвестицияға теңеді. Демек, «Жас 

ұлан» бірегей жастар қозғалысын және 

«Жас қыран» атты жаңа балалар 

ұйымының жемісін біз біраз жылдан кейін 

ғана көре аламыз. Мемлекеттік жастар 

саясатының негізгі мақсаты лайықты тұлға 

ретінде болашақ қазақстандықты тәр бие-

леу болып табылады. Иә, қазіргі балалар 

мен жастар ды қолдау сапалы инвестиция 

екені сөзсіз. Елдің ертеңі де жастардың 

азамат, адам болып қалыптасуына бай-

ланысты. 

ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНДЕГІ БАЛАЛАР МЕН 

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМДАРЫ

Балалар мен жастардың әлеуметтенуі 

шетелдерде қалай жүргізіледі? Өзге елдер-

дің тәжірибесін қарап көрейік. Әлемнің 

10-ға жуық социалистік елінде әлі күнге 

дейін пионерлік қозғалыстар қызмет етіп 

келеді. Посткеңестік кеңістікте Ресей, Мол-

до ва, Беларусь және Украинада да осын-

дай ұйымдар бар. Шығыс көршіміздегі 

Бүкіл қытайлық жастар федерациясының 

құ рамына 52 ұйым кіреді екен. Еуропа ел-

де рінің мектептерінде балалар ұйымдарын 

тіпті әрбір сала бойынша құрады. Экология-

лық, әлеуметтік, мәдени бірлестіктердің 

жұ 

мысы белсенді. 2000 жылдардың 



басын да құрылған «Детские и молодёжные 

социальные инициативы», «Зелёная 

планета» сияқты қозғалыстар бала тәрбие-

сін де ерекше орынға ие болып келеді. 

Поль шада сонау 1918 жылы құрылған 

Хар 


церлер одағының қоғамға тигізген 

пайдасы зор болды. Әлі күнге дейін қызмет 

етіп келе жатқан бұл одақтың поляк қоға-

мын дағы рөлі ерекше. Бұл ұйымдардың 

балалардың патриоттық сезімін арт-

тыруына қосып жатқан үлесін осы елдердегі 

тәжірибеден-ақ білуге болады.

2012 жылы 15 қаңтарда Парламент Мәжілісі және 

мәслихат депутаттарын сайлауға байланысты 

электоралдық науқанда ақпарат тарату барысындағы 

этикалық нормалардың сақталуы туралы 

ХАРТИЯ

САЙЛА


У – 2012

Сөз бостандығы адамның ажырамас 

негізгі құқықтарының бірі екенін назарға 

ала отырып;

Адам құқығы жөніндегі жалпыға ортақ 

декларацияның ақпаратты іздеуге, қол 

жеткізуге және таратуға құқық беретін 19-

бабын ескере отырып;

Қазақстан Республикасының Консти-

ту ция сының сөз бостандығы және құ-

қықтары жө 

ніндегі ережелерін бас-

шылыққа ала оты рып конституциялық 

құрылымды күш қол дану арқылы өзгер-

туді насихаттау, рес публиканың біртұтас-

тығын, мемлекеттің қа уіп сіздігін бұзуға, 

соғысқа, әлеуметтік, нә 

сі 


лдік, ұлттық, 

этникалық, діни, рушыл дық қа бөлінуге, 

зорлық-зомбылыққа ша 

қыратын ақ-

параттардан бөлек, кез келген ақ паратқа 

қол жеткізу және оны заңмен шек 

теу 

қойылмайтын жолдармен тарату мүм-



кіндігін ескеріп; 

Адам құқығы мен бостандығын қамта-

м а сыз ету, азаматтық қоғам орнатып, де-

мократиялық және құқықтық мемлекет 

құ ру, әділ сайлаулар өткізу ісінде ақпа рат-

т ың рөлі алғы шепте екенін ерекше атай 

отырып, 

Біз, Қазақстанның журналистері және 

БАҚ саласына қатысты үкіметтік емес 

ұйым дар, сайлау мерзімі барысында осы 

Хар тияның ұстанымдарын сақтауға мін-

деттелеміз. 

1. Бұл Хартия Қазақстан Республи ка-

тығына кандидаттарға қатысты бірдей 

деңгейде берілуіне ұмтылуға;

3) олардың жеке басына нұқсан келті-

ретін ақпараттарды таратпауға; 

4) лауазымды тұлғалардың қызметін, 

кандидаттар мен саяси партиялардың 

бағдарламаларын анық ажырата білуге;

5) жарияланатын ақпарат көздерінің 

рас тығына, әсіресе күмән тудырарлық 

мә лі меттердің  анық-қанығын  тексеріп 

алуға;


6) ақпараттық хабарлар мен үгіт-на-

сихат хабарларын дұрыс ажырата білуге;

7) сайлауға бес күн қалғанға дейін 

жә не сайлау өтетін күні сайлау нәтижесі 

жө  нін де алдын ала ақпарат таратпауға, 

са уал  намалар  қорытындысын  жарияла-

мау ға.

6. Бұл Хартия өзара құрмет көр-



сетушілік пен тараптардың мүдделерінің 

тең ес керілетін, жоғары саяси мәдениетке 

ие қарым-қатынастар жүйесін құруды 

мақсат етеді. 

Хартия жалпыға мойындалған адам 

құқықтары мен бостандықтарының 

ерекше маңыздылығына бағытталып, 

саяси мә селелерді күш қолдану арқылы 

шешуді бол дыр май, саяси қарым-қаты-

настарды ке лі сім ді түрде жүзеге асыруға 

ба ғыт талған. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал