Склдидактикалық ойындар жинағы І. Дидактикалық ойындар


Бұл ойынды екінші бағытпен ойнатуға болады



жүктеу 205.3 Kb.
бет6/8
Дата10.11.2022
өлшемі205.3 Kb.
#23712
1   2   3   4   5   6   7   8
Дидактикалық ойындар жинағы
Бұл ойынды екінші бағытпен ойнатуға болады.
«Ауа» дегенде кезде балалар қолдарын жоғары көтереді, «Су» дегенде қолдарын алға созып жүзеді, «от» дегенде қолдарын былғайды, «Жер» дегенде қолдарын төмен түсіреді.
8.«Тез жауап бер.»
Ойын мақсаты: Түстерді, пішіндерді, сапасын дұрыс атай білуге дағдыландыру.
Ойын шарты: Балалар шеңберде тұрады, допты кім қағып алады сол бала заттың аты мен түсін айтып допты келесі балаға лақтырады. «Жасыл»- жапырақ, «көк»- аспан, «сары»- күн, «қызыл»- гүл, «ағаш»- отырғыш, «тас»- үй, «темір»- қасық т. б. Ойынды үйренгесін тапсырманы күрделендіруге болады. Бір сөзбен жауап бермей екі,үш сөзбен жауап беруге болады.
9.«Дыбыстар қайда орналасқан».
Ойын мақсаты: Дауысты дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
Ойын шарты: Үш сандықша жасалынады.Бірінші сандықшада дауысты дыбыс басында, екінші дауысты дыбыс ортасында, үшінші дауысты дыбыс аяғында көрсетілген. Балаларға жазылған сөздер үлестіріліп береді. Дауысты дыбыстар сөздің қай жерінде кездеседі сол сөзді сандықшаларға салады.
10.«Көкіністер мен жемістер»
Мақсаты: Жемістермен, көкіністерді айыра білуге, атай білуге үйрету.Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, жылдамдыққа үйрету.
Ойын шарты: Екі жерге екі себет қойылады.Үстел үстіне көкіністер мен жемістерді шашып тастаймыз.Балалар көкіністер мен жемістерді ажыратып екі себетке бөліп салады.

  1. «Нені қайдан алуға болады?»

Мақсаты: Адамға қажетті заттарды тани, талдай білуге, нені қайдан алуға болатынын үйрету, сөздік қорларын байыту.
Ойын ережесі: Тәрбиеші үстел үстіне нанның, киімнің, ыдыстың, сүт пен ет тағамдарының (шұжық ет) суреттерін қояды.Бұл суреттер «Дүкенді» бейнелейді.Суреттердің жанында түрлі заттар аралас жатыр.Шақырылған бала суреттің ішінен біреуін алады да не екенін, қайда сатылатынын айтады.
Мысалы: — Пальтоны, көйлекті қайдан алуға болады?.
— Киім сататын дүкеннен аламыз.
— Ыдыстарды (кесе, қасық) қайдан алуға болады ?.
— Ыдыс сататын дүкеннен аламыз.
Бала суреттің ішінен біреуін алады да, сол дүкенге апарып қояды.


  1. жүктеу 205.3 Kb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет