Сүйектер туралы тесттер



жүктеу 1.5 Mb.
бет1/13
Дата30.05.2022
өлшемі1.5 Mb.
#20328
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
тест био
Биология 8-9 Тест, Биология 10-11 Тест, Биомедицина және биоинформатика 10 кл, 6 ұмж

Секреция безі

1.Секреция безі:


А) жыныс безі В) май безі С) сілекей безі Д) тер безі Е) қалқанша безі
2. Ұйқы безінің жұмысыбұзылғанда пайда болатын вуру:
А) қант диабеті В) гипертония С) ергежейлік Д) алыптық Е) микседема
3.Адреналин бөлетін без:
А) Сілекей бездері В) Жас бездері С) Қалқанша бездері Д) Алқым безі Е) Бүйрек безі
4. Ішкі секреция бездерінің әсерінен болатын ауруларды емдейтін дәрігерді:
А) Уролог В) Стоматолог С) Гинеколог Д) Эндокринолог Е) Хирург
5. Гормондардың бой өсуіне , дамуына әсер ететін без:
А) бүйрек үсті безі В) сілекей безі С) қосалқы без(гипофиз)
Д) қалқанша без Е) тер безі
6. Ішкі секреция бездерінің бөлетіні:
А) сілекей В) дәрумен С) фермент Д) тер Е) гормон
7. Адреналин бөлетін без:
А) Жыныс В) Гипофиз С) Ұйқы Д) Бүйрек үсті Е) Қалқанша
8. Қант ауруының пайда болу себебі:
А) Инсулиннің аз бөлінуінен В) Инсулиннің көп бөлінуінен
С) Адреналиннің аз бөлінуінен Д) Гармондардың жетіспеуінен
Е) Адреналиннің көп бөлінуінен
9. Микседема ауруының себебі:
А) гипофиз гормонының шамадан тыс көп бөлінуінен.
В) қалқанша безі жұмысының жеткіліксіздігінен
С) бүйрек үсті бездері белсенділігі артуынан
Д) гипофиз гормоны жетіспеуінен
Е) қалқанша без қызметінің мөлшерден артуынан
10. Эндокринология ғылымы зерттейді:
А) Бауырды В)Бездерді С) Жүректі Д) Өкпені Е) Бүйректі
11. Қалқаншамаңы безінен бөлінетін гормон:
А) Адреналин В) Тимозин С) Тироксин Д) Паратгормон Е) Инсулин
12. Қалқанша без гормоны көбірек бөлінгенде болатын ауру:
А) базедов В) қан диабеті С) микседема Д) ергежейлік Е) семіздік
13. Ақуызды зат:
А) Глюкоза В) Гормон С) Липид Д) Өт Е) Токсин


Зәр шығару жүйесі
1.Несепағардың төменгі бөлімі жалғасатын мүше:
А) бүйрек В)зәр шығару өзегі С)қуық Д) несепағар Е) ішек
2. Зәр шығаратын түтік пен қуықтың қабынуы:
А) Цистит В) Отит С) Энурез Д) Нефрит Е) Өрлеме
3. Сүтқоректіледің зәр шығару жүйелері:
А) ақуыз В) демтүтік С) жүрек
Д) екі бүйрек, несепағар, қуық , тері Е) өкпе
4. Бүйрек жұмысына қауіпті:
А) фермент В) несеп С) Алкоголь Д) Пепсин Е) Ақуыз
5. Ағзада енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың соңғы өнімдері :
А) Зат алмасу В) Асқорыту С) Ыдырау өнімдері Д) Қанайналу Е) Тыныс алу
6. Үрмебұршақ тұқымының пішіні ұқсас мүше:
А) қуық В) бүйрек С) бауыр Д) өкпе Е) жүрек
7. Адамның құрсақ қуысында орналасқан мүше:
А) Өкпе В) Жұтқыншақ С) Өңеш Д) Жүрек Е) Бүйрек
8. Қуықтың қабынуы:
А) нефрон В) нейрон С) нейроглия Д) дене Е) аксон
9. Бүйрек ауруларын емдейтін дәрігерді:
А) Лор В) Дерматолог С) Уролог Д) Кардиолог Е) Хирург
10 Бүйректің пішіні:
А) үшбұрыш тәрізді В) үрмебұршақ тәрізді С) оралма тәрізді
Д) Шар тәрізді Е) сопақша тәрізді
11. Бүйрек қай жүйеге жатады:
А) Зәр шығару жүйесіне В) Асқорыту жүйесіне С) Тыныс алу жүйесіне
Д) Жүйке жүйесіне Е) Қан айналым жүйесіне
12 Ағзадағы күрделі биологиялық сүзгіш:
А) Асқазан В) Ішек С) Өкпе Д) Бүйрек Е) бауыр
13 Адам бүйрегінң массасы:
А) 160г В) 180 г С) 150г Д) 170г Е) 200г
14. Несепағар қан тамырлары мен жүйкелер орналасқан бүйректің ішкі қуысы:
А) бүйрек астаушасы В) камера С) нефрон Д) капсула Е) қатпар
15. Бүйректің атқаратын функциясы:
А) ағзадан қанттың артық мөлшерін шығарады.
В) ағзадан қорытылмаған заттарды шығарады
С) ыдырау сұйық өнімдерін шығарады
Д) глюкозаны гликогенге айналдырады
Е) катализатор қызметін атқарады

16. Заттардың сыртқа шығарылуына қатыспайды:
А) өкпе
В) тері
С) бұлшық ет
Д) бүйрек
Е) ішек
17. Бүйрек құралатын ерекше жасушалар:
А) нейрондар
В) нефрондар
С) нейроглия
Д) миоцит
Е) остеоцит
18. Бүйрек каналдарының юкстагломеруляры жасушалары ренин нәруызын бөледі, ол:
А) улы заттарды шығарады.
В) қан сүзеді.
С) рефлекторлық функция атқарады.
Д) реттеу функциясын атқарады.
Е) қан қысымын реттеуге қатысады.
19. Бүйрек функцияларының гуморальді реттеуін жүзеге асыратын бездер:
А) қалқанша без
В) айыршық без
С) гипофиз және бүйрек үсті бездері
Д) жыныс бездері
Е) ұйқы безі
20. Зәрдің бөлінуіне әсер ететін минералды заттар:
А) Сd, Mg, I.
В) CI, F, I.
С) Au, Ag, Pt.
Д) Na, N, Ca.
Е) K, Rb, Cs.
21. Зәрдің бөлінуін азайтатын минералды заттар:
А) Сd, Mg, I.
В) CI, F, I.
С) Au, Ag, Pt.
Д) Na, Li, Ca.
Е) K, Rb, Cs.
22.Сирек бүйрек ауруының себебі болады:
А) ангина
В) қызылша
С) тыныс мүшелері ауруы
Д) тіс ауруы
Е) жүрек ауыру
23. Зәр түзілу механизмінде судың қайта сіңуі:
А) редупликация
Е) ремиссия
В) рекапитуляция
С) репродукция
Д) реабсорбция

Қан
1.Қанның құрамына жатпайтындар:
А) нейрондар В) лимфа сұйықтығы С) лейкоциттер
Д) қан пластинкалары Е) эритроциттер
2. Қанның ұюы кезінде түзілетін ерімейтін ақуыз (нәруыз):
А) Фибриноген В) Тромбоцит С) Гемоглобин Д) Глобулин Е) Фибрин
3. Сүйек кемігінде түзіледі:
А) Жасушаралық сұйықтық В) Лейкоциттер С) Қан жасушалары
Д) Гормондар Е) Лимфа сұйықтығы
4. Лимфада болатын лейкоциттер:
А) Тромбоциттер В) Эритроциттер С) Фагоциттер
Д) Лимфоциттер Е) Лейкоциттер
5. Ағзаның ауру қоздырғыштарыны қабылдамайтын қасиеті:
А) Рефлекс В) Көбеюі С) Регенерация Д) Бейімделуі Е) Иммунитет
6. Оттегін тасымалдаушы қаннаң құрам бөлігі:
А) Гемоглобин В) Тромбоцит С) Фибрин Д) Лейкоцит Е) Гемотромбоцит
7. Қанның қызыл түсті пигменті:
А) Тромбоциттер В) Лейкоциттер С) Қан плазмасы
Д) Гемоглобин Е) Эритроциттер
8. Эритроциттердің түзілетін орны:
А) көк бауырда В) Ұйқы безінде С) кемік, жілік майында
Д) өкпеде Е) жүректе
9. Адам қанының атқармайтын қызметі:
А) гормонды жеткізу В) газ алмасу С) қозуды беру
Д) зат алмасу өнімдерін тасымалдау Е) қорек тасымалдау
10 Ең ұсақ қан тамыр:
А) вена(көк) В) артерия (сала) С) капилляр (қыл) Д) өкпе венасы Е) қолқа
11. Қанның эритроциттері:
А) сұйық ішкі орта В) қан жарғақшасы С) қанның қызыл түйіршіктері
Д) сұйық жасушааралық зат Е) қанның ақ түйіршіктері
12. Дені сау адамның қан қысымы сынап бағанасы бойынша:
А) 150/110 мм В) 130/100 мм С) 140/90 мм Д) 200/120мм Е) 120/80мм
13. Туа біткен иммунитет:
А) табиғи В) қарсыдене С) жасанды Д) жүре пайда болатын Е) антитела
14. Қанда эритроциттердің азайып, гемоглабиннің кемуінен болатын ауру:
А) жүрек кемістігі В) ақ қан ауруы С) гипотония Д) гипертония Е) қаназдық
15. Қан плазмасындағы судың мөлшері:
А) 90 % В) 70 % С) 60 % Д) 80% Е) 50%
16. Ағзада болатын қанның мөлшері:
А) 6,5-7л В) 4,5-5 л С) 3,5-4 л Д) 2,5-3 л Е) 5,5-6 л
17. Қанның ұюына қатысыды:
А) Лейкоциттер В) Лимфоциттер С) Тромбоциттер
Д) Қан плазмасы Е) Эритроциттер
18. Қан құрамының өзгеруі мен азаюынан болатын ауру:
А) Анемия В) Стенокардия С) гипертония Д) Диабет Е) Дальтонизм
19 Егу арқылы қалыптасаатын иммунитет:
А) Қарсыдене В) Жүре пайда болатын С) Табиғи Д) Антитела Е) Жасанды
20. Қан құрамындағы жаңа эритроциттер пайда болады:
А) 2 айда В) 3,5 айда С) 3 айда Д) 1,5 айда Е) 4 айда
21. Ағзаның иммунитет жүйесін құрайтын қан компоненті:
А) Фибриноген В) Гемоглобин С) Эритроцит Д) Тромбоцит Е) Лейкоцит
22. Қанның құрамына жасушалар кіреді:
А) Нейрондар В) Эпителий жасушалары С) Остеоциттер (сүйекті) Д) Лейкоциттер Е) Ет жасушалары

23. Лимфа келіп құяды: А) салатамырға В) оң жақ қарыншаға С) көктамырға


Д) сол жақ құлақшаға Е) оң жақ құлақша


жүктеу 1.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет