«сырттандар» ертегісі бойынша жасалатын кейбір жұмыс түрлері с. К. Утарова



жүктеу 29.24 Kb.

Дата28.04.2017
өлшемі29.24 Kb.

«СЫРТТАНДАР» ЕРТЕГІСІ БОЙЫНША ЖАСАЛАТЫН КЕЙБІР ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ 

 

С.К.Утарова  



Орал қ. 

 

Әдебиет-қоғамдық өмір мен ой-пікірлердің, тарихи-әлеуметтік оқиғалардың, болмыс тіршілктің 



айнасы.  Әдебиет  шындықты  жанды  әрекет,  қимыл-қозғалыс,  даму  үстінде  бейнелеп,  асыл  сөз 

өрнегімен өрнектеп көрсетеді. 

Олай болса, әдебиетті оқытудың міндеті – көркем шығарманы мазмұндық тұрғыдан ғана таныту 

емес,  ондағы  сөз  өнерінің  шешендігі  мен  құдіретті  күшін,  көркемдік  ерекшелігін,  бояуын, 

философиялық ой тұжырымының мәнін таныту және оқушыларға ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде 

көркем сөздерді, сөз тіркестерін қолдана білуді үйрету.  

Әдебиетті  оқыту  әдістемесі  мектепте  әдебиетті  оқыту  арқылы  мынадай  міндеттердің  шешілуін 

көрсетеді: 

1.

 

шығармадағы образдар адам тағдырының психологиясының бейнелену өрнегін таныту; 



2.

 

шығармадағы негізгі ой-пікірлердің мәнін ашу, олар бойынша оқушыларды өздігінен ой-пікір 



қорытындысын жасай білу, өзіндік көзқарасын дәлелді баяндай білуге баулу

Яғни,  З.Қабдолов  сөзіне  сүйенсек,  әдебиет  «шығарма  шындығын  адамдар  тағдырына 

байланыстыра» қарауы тиіс. 

Сөз  өнері,  сонымен  бірге,  танымды  дұрыс,  жүйелі  түрде  ұйымдастыра  білудің  де  құралы, 

баланың  ақыл-ой  қабілетін,  психикалық  процестерін  дамытудың  да  кепілі.  Сондықтан  да  әдебиет 

дүниетанымдық, дамытушылық міндеттерді де шешеді. 

Мәселен,  әдеби  шығармалардың  мазмұнына  талдау  жасауда  оқушылар  негізгі  ой-пікірлерді 

екінші  қатардағыдан  ажыратады,  шығармаларды  логикалық  ой  жүйесіне  қарай  бөлімдерге  бөліп, 

олардың  өзара  байланыстылығын  байқайды,  кейіпкерлердің  іс-әрекетіне,  мінез-құлқына  сын  көзбен 

қарап,  өз  пікірлерін  айтады.  Сөйтіп,  бұл  жұмыс  түрлері  оқушының  логикалық  ой  дүниесінің,  өзіндік 

пікірінің, сөйлеу тілінің дамып қалыптасуына мүмкіндік береді. 

Осындай  оқушылардың  белсенді  ой-әрекетін  ұйымдастыруды  сұрап  тұратын  көркем 

шығарманың бірі – 5-класта оқылатын «Сырттандар» ертегісі. 

Ертегі – қазақ фольклорының ең қызық әрі бай жанрларының бірі. «Сырттандар» жан-жануарлар 

ертегісінің қатарына жатады. 

Адамдардың тым ертедегі ұғымында қасқыр жарылқаушы бейнесінде алынса, бұл ертегіде оның 

қаскүнемдігі, адамға дос емес, жау екендігі айтылады. Яғни, халық арасында ескі ұғым, түсініктердің 

жойыла бастағанын көрсететін ертегі. 

Адамға жерік болған жалмауыз қасқыр біреудің жалғыз баласын аңдиды. 

Баланың  әке-шешесі  қатты  сасады,  қасқырдың  баланы  тірі  қоймасын  біледі.  Сол  кезде  бала 

жылқышы  ақылымен  тұлпарға  мініп  қасқырдан  қашады.  «Құтқарам»  деп  тұлпар  тартады,  «Қайда 

барсаң да құтқармаймын, қайтсе де жеймін» деп қасқыр қуады. Осы тұста адамның досы тұлпар мен 

қасқыр  жарысқа  түседі. Ақыры бала  адам  сырттанына  келіп жетеді. Оның  сырттан  иті  бар  екен.  Сол 

жерде адамның, иттің сырттаны қасқырға қарсы ұмтылады. Қатты айқасу, алысудан соң олар қасқырды 

өлтіреді. 

Ертегінің  өзінше  түйінделген  философиялық  көзқарасы  жігіт  сырттанының  мына  сөзімен 

аяқталады: - Қасқыр атаулы адам баласына қас еді. Егер қара қасқыр сені жеген күнде, қасқыр атаулы 

адамға қожа болатын еді. Оны енді мен өлтірдім, енді адам қасқырға қожа болады. 

5-класта  оқу  бағдарламасына  сай  оқуға  ұсынылған  ертегілерден  оқушылар  «Сырттандарды» 

ерекше  қызыға  оқып  шығады.  Себебі,  бүгінгі  баланың  табиғаты  осындай  динамикалық  қозғалысқа 

құрылған,  шытырман  оқиғалы  туындыны  қалайды.  Бірақ  тәжірибе  көрсеткендей  ертегі  мазмұны 

тартымды бола тұрса-дағы, оны мазмұндау оқушыға қиынға түседі.  

Ал  оқу  бағдарламасы  бойынша  «Сырттандарды»  оқып  өткен  бүгінгі    11-класс  оқушыларынан 

«Сырттандар» ертегісінен не есіңде қалды деген сауалға бір оқушы:- Оқиғасы өте қызық, бірақ мұғалім 

мазмұнда дегенде біз «шауып келеді, шауып келеді» дегеннен басқа ештеңе айта алмадық,  - деп еске 

түсірді. Бұл - таза шындық.  

Олай болса, бұл ертегіні оқытуды біз 3 сағатқа жоспарлай отырып, көркем текспен жүргізілетін 

жұмыс түрлерін былайша ұйымдастырдық. 

Әдебиет  пәнін  оқытуда  оқушылар  аналитика-синтетикалық  ақыл-ой  дағдыларын  үйрету  үнемі, 

үздіксіз жүзеге асырылып отырады. 

Ертегінің мазмұнымен танысып келу алдын ала тапсырылды да, класта мазмұндау, мәнерлеп оқу 

жүргізіле отырып, ертегінің төмендегіше мазмұндық жоспары жасалды. 



I.Балаға қорқыныш әкелген түс. 

1.Қорқынышты түс 

2.Сәуегейдің түсті жоруы 

3. Жылқышы ақылы 

II. Барлық үміт Кербестіде 

1.Жерік асына құмартқан қара қасқыр 

2. Жаны алқымға тығылган бала. 

3. Маңқ ете үрген ит даусы. 

III. Ми даладағы қараша үй 

1.

 

Қара сұр жігіт әңгімесі 

2.

 

 Айқасқа түскен қос сырттан 

Келесі  сағатта  ертегі  бойынша  жұмыс  жасай  отырып,  алдымен,  текстегі  кейбір  сөздердің 

мағыналары ашылды.  

Бала  табиғаты  –  қызық.  Қай  сөздердің  мағынасын  түсінбедіңдер  дегенде,  бір  ауыздан 

«сырттандар» дейді. 

Ал  сөз  мағынасын  түсінбегенде,  бізге  ненің  көмектесетінін  де  олар  бірден  айтады.  Себебі,  5-

класта  Қазақ  тілінің  Лексика  тарауы  бойынша  сөз  мағыналарының  түрлерін  сөздіктермен 

байланыстыра  оқыту  қарастырылған.  Демек,  оқушыларда  сөздікпен  жұмыс  жасау  дағдылары 

қалыптасуда. Сондықтан да оқушыларға түсіндірме сөздіктен «сырттан» сөзінің мағынасымен жұмыс 

жасау  қиынға  түскен  жоқ.  Ал  сөздікте  «сырттан»  сөзінің  мағынасын  түсіндіруде  мысалды  ертегіден 

алады.  Мұны  көргенде  оқушының  қуанышы  тіпті  ерекше.  Оқушының  мұндай  қуанышын  көру  – 

мұғалім бақыты. 



Сырттан. сын.1. тегі жақсы, қырағы, алғыр (ит) 

Сені қуған қасқыр адамға жерік еді. Ол қасқырдың сырттаны еді. 

2. (ауысп.) күшті, мықты, қайратты адам. 

Ұры болса да тегін ұры емес. Ұрылардың сырттаны екен. 

«Сырттан» сөзінің мағынасы танылған соң, оқушылардың ой еркіндігіне жол берілді. 

1.

 

Ертегіде «сырттан» сөзі қандай сөздермен қолданылады? 



2.

 

Түсіндірме  сөздігіндегі  сөздің  мағынасы  мен  ертегідегі  ойды  байланыстырып,  сен  не 



айтасың? 

Сонымен қоса, ертегідегі жабы –қазақ жылқысының нашар, қарабайыр тұқымы. 



сәуегей – алдын ала болжай алатын көріпкел. 

сияқты сөздерінің мағынасы ашылды. 

3-сағатта ертегі  мазмұны бойынша ой-қорытынды жасалып, ашық әңгіме ұйымдастырылды. Ол 

үшін төмендегідей сұрақтар қойылып, оқушылардың пікірі тыңдалып, сабақ қорытыланды. 

1. Ертегідегі қара ауыз иттің өлімі туралы не айтасыңдар? 

2. Ертегі оқиғасынан қандай ой-қорытынды жасайсыңдар? 

И.Я.  Лернер  мен  М.Н.  Скаткин  білімнің  мазмұны  адамның  әр  алуан  іс-әрекеттерге,  дүниеге, 

құбылыстарға  баға  беруіндегі  көңіл-күйін,  эмоциялық  сезімін  де  қамтиды  деп  есептейді.  Эмоция  – 

біздің дүниені, құбылысты сезініп білуіміздің, оларды бағалауымыздың, ойымыздың ерекше көрінісі.  

Сондықтан да, баланың эмоциялық көңіл-күйі көтеріңкі болса, оқу материалын ұғынуы да жеңіл

шығармашылық ойлауы да ұшқыр болатынын ұмытпауымыз керек сияқты. 

 

Әдебиеттер: 



 

1.

 

З.Қабдолов. Сөз өнері 1992. 

2.

 

Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев Әдебиет.5- сыныпқа арналған оқулық. Алматы 2005 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал