Сыртқы саудалық байланыс есебі


-тауарларды кайта экспорттау



жүктеу 115 Kb.
бет7/10
Дата10.11.2022
өлшемі115 Kb.
#23622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
8 БӨЛІМ-WPS Office дополнительный
лекция 14
-тауарларды кайта экспорттау шетелдiк тауарларды ҚР кедендiк аймағынан кедендік төлемдер мен салқтарды төлемей немесе оларды қайтарып алу арқылы және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай шығару мақсатында пайдаланылады;
-тауарлар транзиті - ҚР кедендік органдарынын арасында, оңын iшiнде шетелдік аймақта да, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлемей, сонымен қатар тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, тауарларды бiр бiрiне жеткiзетiн кедендiк режим;
-тауарларды жою - кеденшiлердiң бақылауымен, кедендiк телемдер мен салықтарды төлемей, сонымен қатар тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, шетелдік таурларды жоюды iске асыратын кедендiк режим. Бұл режимдегi тауарларды жою және жою тәсiлдерiн, жойылатын жердi тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган анықтап, қорытынды жасап береді;
- мемлекет есебiне беру үшін тауарлардан бас тартушетелдiк тауарларды, кедендiк төлемдер мен салықтарды төлемей және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай мемлекеттiк меншiк қарамағына берудi қамтамасыз ететін кедендiк режим. Мемлекет есебiне беру үшін тауардан бас тартудан кейiн , кедендiк органдар ол үшiн ешқандай шығын шығаруға тиісті емес;
- еркiн кедендiк аймак –шекаралары белгіленген арнаулы экономикалық аймақ, шетелдiк және қазақстандык тауарлар кедендiк төлемдер мен салықтардан босатылып, тарифтік емес шараларды қолдану арқылы реттелмейтiн кедендiк режим. Ерекшелiгi – импортталған тауарларға акциз төленеді;
- еркін қойма-шетелдiк және қазақстандық тауарлар , тиісті жайларда кедендік төлем мен салық төлемей, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай орналастырылатын кедендiк режим. Ол жерде өндеуге койылған тауарларды, сонымен қатар тазарту, желдету, кептіру, майлап арнайы корғау шараларын жасау , партияларды бөлшектеу, сорттау, маркировка жасау, тиеу, арттыру және т.б. шаралар орындалады;
- арнаулы кедендік режим кейбiр тауарлар түрiн , кедендiк төлемдер мен салық төлемей және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай басқа жерлерге орналастыру үшiн қолданылады. Тарифтік емес реттеу немесе экономикалық саяси шараларды қолданган кезде тауарлар мен көлік кұралдарын әкелуге және сыртқа шығаруга рұқсат етiлмейдi немесе шектеу қойылады (лицензиялау, квота қолдану ж.т.б. ) .


жүктеу 115 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет