Сыртқы саудалық байланыс есебі



жүктеу 115 Kb.
бет3/10
Дата10.11.2022
өлшемі115 Kb.
#23622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
8 БӨЛІМ-WPS Office дополнительный
лекция 14
26.2. Импорттаушы
Қазақстандық ұйымдар шетелдік кәсіпорындардан тауарларды өздерінің валюталарына сатып алады. Ал ол валюталарды мекемелер валюталық биржалардан немесе уәкілетті банктерден сатып ала алады.
Шетелдік валюталармен есеп жасау үшін ұйымдар негізінен оларды валюта нарығынан сатып алады. Ол операциялар бойынша келісім шарт жасалып, оның негізгі мәні шетелдік валюта болып табылады. Тауарларды сатып алып, жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеу үшін, ағымдағы валюталық операцияларды, сонымен қатар шетелдегі төлемдерді жасау үшін, валюталарды сатып алуға рұқсат етіледі.
Импорттық тауарларға байланысты валюталық операцияларды жүргізген кезде, бухгалтерлік есеп төмендегідей түрде жасалады:
Дт Кт
1280,2180 1030 — шетелдік валютаны сатып алу үшін, уәкілетті банкке аударылған теңге сомасы;
1030 1280,2180 — валюталық счетқа кірістелген шетелдік валюта;
1610,2910 1030 — контракты бойынша, тауар жеткізушіге аударылған сома.
Импорттық операцияларды шетелдік валюталарды пайдалана отырып атқару барысында, олардың нәтижесіне валютаның курстық айырмасы да әсерін тигізеді. Импорттық операциялар кезінде курстық айырмашылық тауарды кедендік рәсімдеу күнімен, оның ақысы төленген күннің арасында туындайды, соның нәтижесінде кредиторлық және дебиторлық қарыздардың арзандауы немесе қымбаттауы мүмкін.
Мысалы, кәсіпорын 100 000 АҚШ доллары сомасында импорттық тауарлар әкеліп, ақысын тауар жөнелтілгеннен кейін төлеуге келіскен. Кедендік құжаттар жасалған күнгi доллардың бағамы 124 теңге. Есептесу күнгі бағамы — 125 теңге. Кедендік рәсімдеу 1 наурыз күні жасалған. Ақысы 20 наурыз күні төленген.
Дт Кт
1330 3310,4110 - 100 000 АҚШ долл. немесе 12 400 000 теңге (124 x 100 000);
3310, 4110 1030 — 100 000 АҚШ долл. немесе 12 500 000 теңге (125 x 100 000);
7430 3310,4110 - 100 000 теңге (12 500 000 - 12 400 000) Курс айырмашылығы.
Экспорттық-импорттық операциялар (бартерлік мәміле) бойынша курс айырмашылығы, экспортталған тауарды кедендік рәсімдеу күнгі бағам мен айырбасқа алатын импорттық тауарды кедендік рәсемдеу жасаған күнгі валюта бағамының айырмасын құралады.
Мысалы, мекеме шетелдік компанияға бағасы 10 000 АҚШ доллары көлемінде тауар жеткізген, ал айырбас ретінде шетелдік компания да сомасы 10 000 АҚШ доллары мөлшерінде тауар жеткізіп берген. Импортталған тауарды кедендік рәсімдеуден өткізген күні бағам 126 теңге, экспортталған күні- 125 теңге.
Дт Кт
3310 1330 - 1 250 000 теңге (125 x 10 000) экспорт;
1330 1280 - 1 260 000 теңге (126 x 10 000) импорт;
1280 3310 - 1 260 000 теңге, есепке алу;
3310 6250 - 10 000 теңге, курстық айырма.
Импортталған тауарлардың өзіндік құны, валюта курсының өзгеруіне байланысты қайтадан есептелмейді.
Тауарларды жекеленген партиялар бойынша сату үшін, оларды еркін айналымға жіберу мақсатында, тиісті сатып алушыға кедендік рәсімдерді толық түрде жүргізе отырып босатады. Егер тауарды контракт бойынша көрсетілген мерзімде кедендік қоймадан сатуға мүмкіндік болмаса, онда ол консигнатқа қайтарылады.

26.3. «Инкотермс» базистік категориялары



Топ

Жеткізудің шартты белгілері

Франкировка шарты




жүктеу 115 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет