Сыртқы саудалық байланыс есебі



жүктеу 115 Kb.
бет1/10
Дата10.11.2022
өлшемі115 Kb.
#23622
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
8 БӨЛІМ-WPS Office дополнительный
лекция 14


8 БӨЛІМ
СЫРТҚЫ САУДАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ЕСЕБІ
Тауарларды экспорттау, импорттаудың сыртқы саудалық келісім шарттарының шеңберінде қазақстандық ұйымдар Қазақстан аумағында орналасқан резидент емес мекемелермен немесе олардың филиалдарымен, өкілеттіктерімен қарым қатынасқа түседі. ҚР «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңына сәйкес, өз қызметтерін республика аймағында атқаратын субъектілер, бухгалтерлік есепті осы Заң талаптарына сай жүргізуге тиіс. Кәсіпкерлік қызметтерін тұрақты мекеме немесе өкілеттіктер арқылы атқаратын шетелдік заңды тұлғалар да бухгалтерлік есептерін қазақстандық заңнамаларға сәйкес жүргізуге міндетті.
26 ТАРАУ
СЫРТҚЫ САУДА КЕЛІСІМ ШАРТЫ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ БАХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ
Сыртқы саудаэкономикалық айналым саласындағы іскерлік қатынастарды реттеудің негізгі шарты, алып-сату келісім шартын жасау болып табылады. Сол келісім шарт бойынша, сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне беруге, ал сатып алушы мүлікті қабылдап алып, оның құнын төлеуді міндетіне алады. Заңға немесе келісімге сәйкес, операцияны атқарушы мүлік иелері келісім шарттың тараптары болып саналады. Барлық шарттар бойынша келісім шартқа қол жеткізілген кезде, келісім бойынша құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Келісім шарт жасалғаннан кейін, тараптар оны орындауға кіріседі, және жасалған операциялар бухгалтерлік есептің счеттарында көрсетіледі. Сыртқы сауда операциялары тиісті бухгалтерлік есептерге сәйкес реттеледі, сонымен қатар ол импорттық немесе экспорттық мәмілелерге байланысты болады. Импорттық және экспорттық операцияларды атқарушы кәсіпорындар міндетті түрде өздерінің есеп саясатын жасаған кезде, валюталық есептің ерекшеліктерін ескеруге тиісті.
ҚР орналасқан ұйымдар валюталық қаржыларын, валюталық счеттарда сақтайды. Осыған байланысты, шетелдік валютамен oперациялар жасау үшін, валюталық счеттер ашу қажет. Ұйымдар ҚР Ұлттық банкісінің лицензиясы бар кез келген банкте, сонымен қатар шетелдерде валюталық счет аша алады. Шет елдердегі банктерде ашылған счеттар бойынша операция жасау үшін, ҚР Үкіметінің және Ұлттық банкісінің нормативтік-құқықтық актілерімен анықталған талаптарды сақтауға міндетті.
Валюталық операцияларды атқаратын ұйымдардың іс әрекеттері, ҚР «Валюталық реттеу туралы», «Инвестициялар туралы» Заңдарымен, ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкісінің Қаулыларымен, Кедендік кодекспен реттеледі. Салық есептеу туралы операцияларға байланысты ҚР Салық кодексін басшылыққа алу қажет.
Қызмет көрсетушібанк ұйымға кез келген оңай конвертацияланаnын валюта бойынша счетын немесе әр валюта бойынша бірнеше счетты ашып бере алады. Бірнеше шет елдік әріптестері бар, ірі заңды тұлғаларға, қаржы үнемдеу мақсатында, валюталарды конвертациялау үшін бұл аса тиімді болып саналады.
Кәсіпорынның валюталық счетына валюталық қаржылар төмендегі операциялар бойынша түсуі мүмкін:
шет елге экспортқа шығарған тауарларға (жұмыстар, Қызметтер) төленген қаржы;
резидент еместердің, көліктік және сақтандыру ұйымдарының төлем ақысы;
валюталық биржадан сатып алынған немесе қызмет көрсететін банкте конвертацияланған қаржы;
- ҚР валюта туралы заңына сәйкес алынған басқа да қаржылар.
Валюталық счет иесінің жарлығымен валюталық қаржыларb төмендегі мақсаттарға жұмсалуы мүмкін:
- экспорттық-импорттық операцияларға сәйкес, шет елге жіберу;
- валюта рыногында сатуға немесе конвертациялауға жұмсау;
- іссапарлары үшін пайдалану;
- шет елдік валюталармен алынған несиелерді төлеу;
- ҚР валюта туралы заңына сәйкес, басқа да мақсаттарға пайдалану.


жүктеу 115 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет