Сырт көзге шетсіз-шексіз құба жөн болып көрі нетін кең байтақ қазақ, даласының арбір сай



жүктеу 85.42 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі85.42 Kb.

«ҰЛЫТАУ, КІШІТАУ МЕН ЖЕР АМАН БОЛ» 

НЕМЕСЕ САРЫАРҚА ТӨСІНДЕГІ КЕЙБІР ЖЕР АТТАРЫ ТУРАЛЫ 



Сырт көзге шетсіз-шексіз  құба жөн болып көрі-

нетін кең байтақ  қазақ, даласының арбір сай-

саласы, тау-төбесі, өзен-көлі былай тұрсын, бір 

кездері оның екі-үш ауыл конған өзегінің де, мал 

жайылымының да, ол-ол ма тіпті бұүзау арқандап, 

құлын желілейтін алаңкайының да өз атау ы бол-

ған ғой.  Қазақтың  ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: 

«Біздің  қазақ жер атын, тау атын әманда сол 

ортаның сыр-сипатына  қарай  қоя білген жұрт. 

Қайда,  қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан 

түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде 

қаншама мән-мағына, шешілмеген  құпия сыр жа-

тады» дейді. 

Бір сәт туған еліміздің картасына зер салып 

қарайықшы, шартарапқа тарап кетіп жатқан 

тарам-тарам сызықтардың бойынан көрікті  қала-

лар мен сәнді селолар, поселкелер, басқа да елді 

мекендер таңбаланған мыңдаған ноқаттарды кө-

реміз. Сол таңба-ноқаттардың біразы кезінде 

«көкектен басқа  құсы жоқ көкпектен басқа шөбі 

жоқ  қаңбақ кезген  құла түз» атанған  қазіргі 

Орталық  Қазақстан өңіріне топтасқан. Солар-

дың арасынан да  қаншама жер-су аттарын кез-

дестіруге болады десеңші... Бұл шағын мақала-

мызда біз солардың бірнешеуіне ғана тоқталып, 

олардың атауларын тілдік тұрғыдан сөз етпек-

піз. Әңгіме  Қарағанды, Жезқазған,  Қарқаралы, 

Ұлытау, Теміртау. Қоңырат атауларына қатыс-

ты өрбиді. 

Қарағанды — республикамыздың ауыр өнеркәсі-

бін дамытуға өзіндік үлкен үлес  қосып келе  ж а т -

қан өркенді өнеркәсіпті қала. М. Горькийдің «өткенді 

білмей,  қазіргінің мәнін  ж ә н е болашақтың мақса-

тын түсіну мүмкін емес» дегеніндей, алдымен аз 

да болса.  Қарағандының атауына байланысты 

тарихқа барлау жасап көрелік: 

Осыдан жарты ғасыр бұрынғы  Қарағанды жө-

нінде орыс саяхатшылары А. П. Седельникова 

мен Бородин: «... Выженная солнцем степь кажет-

ся тогда совершенно голой. Кругом, куда только 

хватает взор, виднеется грязнобурая поверхность 

почвы и трудно сказать что она несет на себе 

какую-нибудь растительность...» (Россия. Геогра-

фическое описание нашего отечества т. XVIII, 

Киргизский край, СПБ,  1 9 0 3 , стр. 105) деп 

сипаттайды. Ал Социалистік Еңбек Ері, академик-

жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Оянған өлке» 

романында, біз  Қарағандыға  қатысты әңгімені 

Байжан  қарттан естиміз: 

«Қарағандыға асыға жеткен Орал жұмысшыла-

рының бірі — қар басып, тып-типыл болып жатқан 

меңіреу даланы көріп: 

— Қарағанды осы ма? — деп, шошынып  қараған-

да, Байжан ол кісінің  қала орнының жоқтығына 

таңданып тұрғанын түсінбей  қалып: 

—  Қарағанды ма? Осы даланың бәрі  Қарағанды, 

кругом  Қарағанды.  Қараған өспейтін  ж е р жоқ, 

бұл маңайда, — деген екен. 

Бұдан 150 жылдай бүрын  1 8 3 3 жылы  қазіргі 

Қарағандыдан 25 шақырым  қашықтықта Нұра 

өзені бойынан Байжан  қарттың Әппақ деген  қойшы 

баласы тас көмір кесектерін тауып, бұл жердің 

«Қарағанды» атанғанына да бірталай уақыт өтіпті. 

Бір кездері тек «Қараған» деп аталатын тікенек 

өсімдіктен басқа ештеңе өспейтін бұл өлкеден 

бүгінде  қала алтынның «Қазыналы түбегі»  Қ а р а -

ғанды қаласының заманымыздың дәулетіне сай 

сәулетті шаһарын көреміз. Бұл атау сөздікте. 

«Қарағанды — 1» ур., реч. Букв. «карагановая» 

(каз.  қараған «черная акация»-ды афф. прилог). 

Поним и назв. гор. Караганды (рус, пер. Караган-

да) (Е. Койчубаев. Краткий талковый словарь 

топонимов Казахстана, Алма-Ата,  1 9 7 4 , с т р . 1 19) 

немесе жер байлығіііна байланысты «Черная почва» 

(от выстунавшего уіля), (В. А. Никонов. Краткий 

топонимический словарь, М.,  1 9 6 6 , стр. 176) деп 

берілген. 

Біздіңше, сөздікте берілген алғашқы пікір шын-

дыққа көбірек жақындайды.  Қарағанды топони-

мін тіл тұрғысынан алып  қаралық: «Сын есімнің 

ды/ді, лы/лі, ты/ті жұрнақтары кездескен топо-

нимдерде  б л а р көптік жинақтық мәнді білдіреді», 

дейді, профессор А.  Қайдаров (Қазақ совет эн-



циклопедиясы, 6-т, Алматы,  4 5 5 - 4 5 7 б.б.) және 

1, К. Кеңесбаев пен Т. Жанұзақов (Кеңесбаев 

С.Қ. Джанузаков Г. Д., о лексических пластах .., 

стр. 8 3)  қаңлы атауының этимологиясы туралы 

жазған мақалаларында. Ал  қараған сөзінің өн 

бойына зер салсақ, «қарақат» сөзімен түбірлес 

емес пе екен деп ойлаймыз. 

Қарағанды өңірі туралы сыр шертсек, оны 

Қарқаралысыз сөз ету мүмкін емес. Өйткені, 

Орталық  Қазақстанның өмір жолы күретамырдай 

Қарқаралыдан басталады. Бұл кәрі өлке —  Қарқа-. 

ралы басынан не кешпеді десеңші... Ол — ең алғаш 

патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық құрылымды 

тоқтатып, өзінің үстемдігін нығайту үшін тірек 

пункті ретінде ашылған округтің бірі. Сөйтіп бұ-

рын  Қарқаралы тауының көкорай шалғынды бау-

райы ел-жұртқа  құт-мекен болса, 1824 жылдан 

бастап әскери бекіністің орталығына айналды. 

Қарқаралы кең байтақ Орталық  Қазақстан дала-

сындағы алғашқы отырықшы елді мекен болған-

лықтан, оның әлеуметгік, саяси-экономикалық 

маңызы да ерекше болды. Және оны өзінің төңі-

регінде ғана емес, бүкіл  қазақ жеріне танымал 

еткен сол жерде жыл сайын өткізіліп тұратын 

атақты  Қоянды жәрмеңкесі еді.  Қарқаралы жері 

сауда орталығы болуымен бірге ауыл шаруашы-

лығының да маңызды орны болды. Бұл өңір туралы 

пікір білдіргендер көптеп саналады. Солардың бірі 

— Красовский  Қарқаралы атауы туралы 1863 

жылы былай деп жазған: «Каркаралинские горы», 

— по рассказам киргизов (т.е. — казахов. М. К), 

горы получили настоящее название вследствие 

большого сходства некоторых вершин с ящиком, 

устанавливаемым при перекочевках каркара 

(Материалы для географии и статистики Россий, 

собранные офицерамиген. штаба., Область Си-

бирских киргизов. часть I. составил Красовский, 

СПб., 1863, стр. 134). В.В. Радловтың сөздігінде 

«Қарқара» сөзіне мынандай анықгама берілген: 

бірінші, орысша цапля деген  құстың бір түрі, 

екінші өзен аты делінген. (В. В. Радлов, Опыт 

словаря... т. II, часть I, стр. 190),  Қырғыз тілінде 

қарқаралы деген  құстың үкісінен жасалған  қыз-

дардың бас киімін  қарқара деп атаған. 

Қазақ халық ауыз әдебиетінде біздің халқымыз-

дың ежелден мекен еткен жер-суларының атаула-

ры молынан  ұшырасады. Жоғарыдағы  Қарқаралы 

атауының  қойылуын  Қозы Көрпеш-Баян сұлу 

жырындағы Баянсұлудың сәлемдемеге берген бас 

киімінің жолай түсіп  қалуымен байланыстыра 

отырып: «Қыздың берген  қарқарасы түсіп  қалып, 

«Қарқаралы » тау атын қоя сапты», — деп қиысты-

рады. Жоғарыда келтірілген мысалдардан  құс деген 

ұғымның басым екенін көреміз. Сондықтан да 

қарқара  құстың аты, оған туынды сын есімнің -лы 

жұрнағы жалғануы арқылы ол  Қарқара  құсы көп 

мекендейтін тау деғен  ұғым береді. 

Бір  қызығы  қазақтың басқа эпостарына  қараған-

да. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы жер-су 

аттары көбіне  қазіргі  Қазақстан картасында бар 

объектілермен сәйкес келеді. Енді жырдағы және 

өмірде бар кейбір жер-су атауларына тоқталып 

көрелік: 

Бетпақдала — Шу өзенінің терістігінен баста-

лып, Балқаш көлі мен Сарысу өзені аралығындағы 

Жамбыл мен Жезқазған облыстарының көп 

жерлерін алып жатқан шөл дала. Осы атаудың 

«бетпақ» деген сыңарының шығу төркіні туралы 

профессор  Қ. Жұбанов былай деген екен: «Един-

ственным исключением из этого насколько мне 

известно, является Бетпак дала — казахское наз-

вание Голодной степи, которое оформлено, хотя 

бы на первый взгляд, пообразцу выше приведен-

ных орхонских и древних уйгурских сочетаний. 

Но это исключение объясняется тем; что слово 

Бетпак само по сёбе не является сопственным 

именем, а является обычным прилагательным 

означающим несчастный (от иранского бад. бахт) 

(X. Жубанов. Иследование по казахскому языку. 

Алма—ата, 1966, стр. 4 6). 

Профессор  Қ.Жұбановтың пікірінің дұрыстығы 

сөздіктерде оның мағнасы былайша берілген: парсы 

тілінде: «Бад» — I. дурной, плохой; 2. дурно, плохо; 

3. бедствие, несчастье, бад-бахт — несчастный 

(Персидско-русский словарь, М., 1953, стр. 60), 

Бад— 1. плохой, дурной, нехороший; 2. тяжелый, 

серьезный; 3. злой, недобрый; бадбахт — 1. нес-

частный, злочастный, злополучный; 2. бран нес-

частный, окаянный (Таджикско-русский словарь" 

М, 1954, стр. 40). Сөйтіп, бұдан біз иран тілдерін-

дегі «бәдбахт» сөзінің екі мағынасы бар екенін 

көреміз. Бірі — бақытсыз, екіншісі — «оңбаған, 

бетсіз, арсыз түрінде. Сонымен келтірілген мы-

салдары бойынша ой  қорытып, түйін жасағанда. 

«Бетбақдала» сөзінің шығу төркіні былайша бола-

ды: бадбахт (иранша — «бақытсыз»), дала (түрікше 

— «жазықжер»), екеуінің беретін мағынасы елсіз, 

сусыз,  қу мекен дала, нашар, жаман жер. Ал 

жырда: 


«Қырық күндік ыстық шөлге  қайта көшіп, 

Бетпақтың сар даласына барып түсті», — 

деп жырланған. 

Жыршы екі сөзден тұратын Бетпақдала тіркесін 

ұлғайып, «Бетпақтың сар даласы» деп алған. Сөйтіп, 

тағы бір сындық анықтауыш  қосылуы нәтижесін-

де, Бетпақ сөзі заттанып, субстанцияланып кет-

кен. Егер бұл жерде Бетпақдала деп келтірілген 

болса, онда өлеңнің  құрылысы басқаша болған 

болар еді. Біздіңше жырда «бетпақтың сар дала-

сы» деп келуі, біріншіден поэзиялық  құбылыс 

болса, екіншіден алдыңғы өлең жолдарымен 

үндесіп, айтайын деген ой мазмұнымен астасып 

жатуы үшін алынған сияқты. 



Жауыртау атауын халық аңыздарында жиі кез-

дестіреміз. Бұл атау туралы көнекөз қариялардың 

айтуынша: «Айбас  Қозының ел-жұртын іздеуге 

шығып, астындағы атының одан әрі жүруге жара-

май, жауыр болып  қалған жері,  қазіргі Теміртау 

маңайы болса керек, содан Жауыртау атанған 

еді», - дейді. 


Теміртау  қаласының солтүстік жағында жауыр 

аттың иығы секілді айғыздалып жатқандығы үшін 

Жауыртау деп атап кеткен кішігірім шоқы бар. Ол 

жырда былайша суреттеледі: 

«Жауыр атты сен жүрсің, жаба тоқып, 

Көктайың жауыр  қылған соған орай!..» 

Халық аңызындағы  қыз сәлемін орындаймын 

деп, ер жігіттің мінген аты  қу мекиен далада 

қалғап түс «Жауыртау» атанған өлке, бұл күндері 

туған ел өмірімен тығыз  ұштасып жатыр. Бір 

кездегі Жауыртау,  қазіргі  Қарағанды  қаласының 

солтүстігінде орын теуіп, «Қазақстан Магнитка-

сы» атанған Теміртау туралы халық аңызы осылай 

сыр шертеді. Соңғы атауға келетін болсақ,  қазіргі 

кезде тау болып жатқан темір кені бұл арада  ж о қ 

болса да, туған жерінің әрбір тасына дейін құрметтей 

білген халқымыз  ж е р байлығына сәйкес солай 

атап кеткен ғой. 



«Теміртау» сөздікте «г. в Карагандинской обл. 

Казахской ССР. Казах.темір — «железо», тау — 

«гора» т.е. «железная гора» (по законам тюрк. 

словообразования «железо гора»). Названа за 

богатые запасы железной руды», — деп берілген 

(В, А. Новиков. Краткий топонимический словарь, 

М. 1966, стр. 414). 

Ұлытау — Орталық  Қазақстан жеріндегі сонау 

ертеден белгілі  қазіргі Жезқазған облысындағы 

ірі мәдени-шаруашылықты аудандардың бірі. Мұның 

басқа аудандардан ерекшелігі: біріншіден,  Ұлытау 

жері әр түрлі тарихи орындарға өте бай. Мысалы, 

XIII ғасырдың басында Шыңғыс әскерлері келіп, 

осы жерге Ақорда мемлекетін  құрып, орда орта-

лығы  Ұлытауда болған. Ақорда хандығы ыдыра-

ғаннан кейін Жоңғар  қалмақтарының шапқыншы-

лығы кезінде де Ұлытау талай жорықтардың куәсі 

болып, аз да болса өзінің бойына ескіліктің іздерін 

сақтап  қалған. Тағы бір оқиға:  Ұлытау жерінен 

Темірлан өз әскерлерімен  1 3 9 1 жылдары өткені 

тарихтан белгілі. Ол сол жорықтардың бірінде өз 

әскерлеріне  Ұлытауда дем алуға рұхсат береді. 

Сол жерде болған кезінде ол Алтыншоқының 

басына ескерткіш  құлпытас  қалдырады. 1937 

жылы  құлыптастағы жазылған жазу анықталған 

соң, Темірланның бұл жерде  қай жылдары  б о л -

ғандығы нақтылы дәлелденді. Екінші ерекшелік, 

оның территориясында бұдан  7 0 0 - 9 0 0 жыл бұрын-

ғы архитектуралық ескерткіштер кездеседі. Олар 

қыпшақтың атақты адамдарына салынған (Алаш, 

Жошы, Донбауыл тағы басқа) кешендер (мавзо-

лейлер). 

Қазақ халқының жән е оның тілінің тарихына 

байланысты кейбір мәселелерді анықтауға кел-

генде: «Қазақстанның әртүрлі аудандарын мекен-

деген тайпалардың материалдық мәдениетінің 

өзгешеліктері бәрінен гөрі археологиялық ескерт-

кіштермен топонимикалық мәліметтерінен (жер 

аттарынан) айқынырақ көрінеді» (Қазақ ССР та-

рихы, 1 т. Алматы, 1957, 195 бет), дегендей, 

топонимикалық атауларды зерттеудің маңызы 

ерекше. Жырдың бір вариантында: 

«Балталы, бағаналы ел аман бол, 

Ұлытау, Кішітау мен  ж е р аман бол» 

(«Қазақ тілі тарихы мен диалекталогиясының 

мәселелері, 3-шығуы, Алматы, 1960, 167-бет) 

деп келеді. 

Жоғарыдағы атауды тілдік аспектіде талдап 

көрелік. Ұлытау атауын жасауда негіз болып  т ұ р -

ған географиялық жалпы атау тау сөзі тағ түрінде 

VI—VIII ғасырлардағы көне жазба нұсқаларында 

кездеседі. Атақты Тюркологтар тағ (дағ) немесе 

тау, тор, ту, тыа түрлерінде кездесетін сөзді 

фонетикалық тұрғыдан талдай отырып, негізі осы 

сөздің соңғы дыбыстарының алмасуында деп 

қарайды. А. Абдрахманов түркі тілдерінің класси-

фикациясы туралы жазған еңбектерінде (А.Абд-

рахманов,  Қазақстанның жер-су аттары, Алматы, 

1959. 144-148 беттер) жан-жақты сөз еткендік-

тен бұл жерде оны  қайталап жатпадық. 

Сонымен, тағ формасы  қазіргі түркімен, азер-

байжан тілдерінде дағ түрінде келуі, бұдан ертеде 

қазақ тілінде тағ формасында болғандығын дәлел-

дейді. Мысалы: XIII ғасырдағы «Кодекс куманикс 

те» бұл форма тау түрінде де кездеседі. Осыған 

қарағанда, осы кездің өзінде-ақ  қазақ тілінде 

ассимиляция (яғни кейінді ықпал) заңдылығы пайда 

болғанын байқаймыз. XVI ғасырда жазылған 

«Большой чертеж» кітабында осы атауды Улутов 

(А. Макшеев, географические сведения книги 

«Большого чертежа» о киргизских степях Тур-

кестанского края, СПБ, 1879, стр. 6, 2 3, 26) 

түрінде кездестіреміз. 

Бұдан біз  қазақ тіліндегі у дыбысы орыс тілінде 

в дыбысы арқылы белгілі бір фонетикалық заңды-

лыққа сәйкес, яғни орыс  қазақ тілдерінде в/у 

дыбыстарының болғанын көреміз. 

Енді осы топонимнің  құрамындағы  ұлы сөзі туралы. 

Бұл форма бір кезде  ұлығ, сарығ түрінде болған-

дығын, ал  қазіргі уақытта тек мақал-мәтелдерде, 

ауызекі тілде ғана кездеседі. Олардың жасалу 

жөнінде Абдрахманов (жоғарыда көрсетілген 

еңбегінде, 14  9 - 1 5 2 беттер) тілдік тұрғыдан баян-

даған. 


Бұл атау сөздікте былай берілғен: «Ұлытау — от 

каз. ұлы тау букв. «Великая гора. В ист. источни 

ках Улутав или Улутав, что наверно на карте 

Мушкетова Улутау, что можно осмыслить как 

ракушки Уулу и гора (тау), т.е гора с ракушками» 

(Е. Койчубаев, Краткий толковый словарь топони-

мика Казахстана, Алма-Ата, 1974, стр. 232). 

Біздіңше, жоғарыда келтірілғен мысалдардан шығар 

қорытынды мынандай: Ол  Қ. Сәтпаевтың Жезқаз-

ған  Қазақстанның геометриялық  ж е р ортасы, 

ж е р кіндігі», — деген аталы сөзіндегідей Ұлытауға 

да арналады және өзінің географиялық орналасу 

жағынан да, тарихи мәні жағынан да  ұлы. Сондық-

тан да бұл жердің осылай аталуы заңды құбылыс 

сияқты. 

Қоңырат. Жез қ азға н облысындағы  қала аты. 

Бұл жөнінде тарихи географиялық және тағы 

басқа мәліметтер Т.А. Жданко, С. Аманжолов, В. 


Востров пен М.С. Мұқанов және оларға жалпы 

шолу ретінде А. Абдрахманов еңбектерінде сөз 

етілген. (Т.А. Жданко. Очерки исторической 

этнографий каракалпаков М. 1960, стр. 118-

121, С.А. Аманжолов. Вопрасы истории и диалек-

тологии казахского языка, Алма-Ата, 1959. стр. 

61-65, В.В. Востров и М.С. Муканов, Родо-пле-

менной состав и расселение казахов, 1968, стр. 

75-78, А.А. Абдрахманов.,  Қазақстанның этното-

понимикасы, Алматы, 197 9, 1 12-1 17 бет). 

Біз жоғарыда айтылған ғалымдардың ішінде С. 

Аманжолов пен С.М. Абрамзоның бұл атаудың 

шығу төркіні туралы пікірін  қолдай отырып, оны 

халық аңызы арқылы толықтыра түспекпіз: «Ерте-

де бір байдың жүйрік тұлпар  қоңыр аты болыпты. 

Жастайынан  қорлық пен зорлыққа булыққан ер 

жігіт бір күні байдың тұлпарына мініп алып, бар 

жылқысын шөлге айдап  қашады. Бай жан-жақтан 

қуғын шығарғанымен, жеткізбейді. Ақыры ол жапан 

түзде тұрған бір шоқыға жете бергенде, бірнеше 

күн отсыз, сусыз шапқан  қоңыр ат мұрттай ұшады 

да содан  қайтып басын көтермейді. Содан былай 

биік  Қосшоқы  Қоңырат атанып кетті», — деді. 

Қазақтың батырлар жырында, халық аңызда-

рында, ертегі-әңгімелерінде небір сәйгүлік тұл-

парларды жырлаған ғой. Сонау, ашса алақанында, 

жұмса жұдырығында болып тұрған заманда, зорлық 

пен зомбылыққа шыдамаған ер жігіттің байдың 

жүйрік атына мініп  қашуы да заңды. Сондықтан 

халық кір жуып, кіндік кескен туған жерге деген 

шексіз махаббатын білдіруде, азаттық аңсаған ұл-

қыздарының астына мінген атының түр-түсімен 

атауы да әбден мүмкін. 

Халық аңызында жер-аты осылай аталса да, бұл 

атау жөнінде, А. Абдрахмановтың «...қоңырат 

этнонимі түркі сөзінен жазылғанын және өздері 

де түркі тайпасы екенін дәлелдейді» (А. Абдрах-

манов,  Қазақстаны этнотопонимикасы, А.А. 1979, 

1 17 бет), деген пікірі шындыққа келетін сияқты. 

Қазақ жері  ұшаң-теңіз, әрі бай, әрі дархан. Бұған 

қазіргі уақытта әркімнің-ақ көзі жетіп отыр. Сон-

дай жерлердің бірі — Жезқазған. Ол тарихы ерте-

ден басталған,  Қ. Сәтпаев айтқандай, «Жезқазған 

еліміздің түсті металлургиясының магниткасы» 

атанған өлке. 

Бұл топонимді тілдік тұрғыдан сөз етпес бұрын, 

оның өткен тарихына аздап болса да тоқталуды 

жөн көрдік: Жезқазғанның атынан да көрініп 

тұрғанындай, бұл өлкеде ертеден-ақ мыс кені 

барын археологиялық мәліметтер бұдан  2 5 0 0 

жылдай бұрын Жезқазған  Қазақстан мен Орта 

Азияны мыспен (қоламен) жабдықтайтын ірі орта-

лық болған деп дәлелдейді. XVIII ғасырдың орта 

шенінде, яғни 1771 жылы 12 сәуірде патша 

әскерлері  қазақ даласын зерттеу мақсатында Арқаға 

келеді. Олар бұл сапарында Жезқазғанның  м а ң а -

йында болады. Капитан Н. Рычков бастығына  ж а з -

ған баяндау хатында: «...  Ұлытаудың жанынан, 

Жезді мен Кеңгір өзендерінің бойында ертеде 

мекендеген адамдардың  қазған көптеген мыс 

рудалары табылды (Н. П. Рычков, Дневные запис-

ки путешествия капитана Николая Рычкова в 

Киргиз-кайсацкие степи в 1771 году., СПб„ 1772) 

—дейді. Міне, Октябръ революциясына дейін, мыс 

ордасы осылайша кез-келгеннің  қолжаулығы болып 

кете берді. Октябрь революциясының арқасында 

бұрынғы  қазақ даласында жаңа өмір басталды. 

Кейбіреулер сол басталған жаңа өмірді  қолдары-

нан келгенінше болдырмауға тырысып айла-тәсіл 

жасауға көшті. Солардың бірі — ағылшын капита-

лисі Л. Уркварт В.И. Ленинге «Балқаштың төңіре-

гіндегі және одан әрідегі  қырғыз даласын шұқы-

лап көруіме мүмкіндік бересіздер ме? Бәрібір елу 

жылсыз, мүмкін, тіпті, жүз жылсыз бұл жермен 

сіздер айналыса алмайсыздар ғой. Ал мен шұқы-

лап көрсем, бір нәрсе щығарып  қалармын», — деп 

хат жолдаған. Әрине, ағылшын капиталисінің соңғы 

айласынан ештеңе шыққан жоқ. 

Арқа даласының ғасырлар бойы  қойнында жат-

қан сол  қазына байлығы жан-жақты зерттеліп, 

бүгінгі таңда ел мүддесіне жарап жатыр.  Ж е з қ а з -

ған Ұлытау өңірінде мыстан басқа темір, марганец, 

никель, кобальт тағы басқа пайдалы  қазба кендері 

кездеседі. Осылардың арасынан өзінің  қоры 

жағынан молы, болашағы бүгінгісінен де зоры — 

мыс кені. 

Жезқазған атауының  құрамы екі сөзден  ж а с а л -

ған. Оның бірі — жез, екіншісі — қазған. Осы қазған 

сөзін талдайықішы:  қаз деген етістікке есімшенің 

өткен шақтық-ған жұрнағы жалғану іс-әрекеттің 

болғандығын баяндайды. Бұл топоним сөздікте 

былайша берілген: Жезқазған: — «от көз», «место 

добычи меди» (В. А. Никонов. 1966, 122-бен) 

точнее «место, где копали медь». (Е. Койчубаев, 

Краткий талковый словарь топонимов Казахста-

на., А. А. 197 4, стр. 100). Демек, «атына өзі сай» 

—дегендей, жер байлығына сәйкес  қойылған атау 

болып шығады. 

Біз бұл мақаламызда кейбір  ж е р аттарын ғана 

сөз еттік. Ал Сарыарқа, бүкіл Орталық  Қазақстан 

жер-су аттарын кеңінен зерттеу алдағы міндетіміз 

болмақ. 


М.  ҚОЖАНОВ, 

С. Сейфуллин атындағы Ақмола 

Университетінің доценті. 

Сарыарқа. - 1996. - № 4. - 88-91 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал