«Сыр елі мен сүлейлері» курсын өлкелік әдебиет ретінде оқытудың маңызы Ш. С. Бекенов



жүктеу 64.4 Kb.

Дата25.04.2017
өлшемі64.4 Kb.

«Сыр елі мен сүлейлері» курсын өлкелік әдебиет        

ретінде оқытудың маңызы 

 

Ш.С.Бекенов, 

оқытушы 

Қазақстан, Арқалық 

 

Уақыттың  ұлы  кӛшіне  ілесіп,  іргелі  ел  болу  жолында  мың  ӛліп,  мың  тірілсе  де 

ӛзінің  тұтастығын,  түп  іргесі  мен  болашаққа  деген  берік  сенімін  бойтұмардай  қастерлеп 

сақтай  білген  халқымыздың  ғасырлар  бойы  аңсаған  асыл  арманы  жүзеге  асқан  бақытты 

сәт  туды.  Тәуелсіздікке  қол  жеткізгенімізге  жиырма  жылдан  астам  уақыт  ӛтіп, 

байрағымыз  әлемнің  кӛптеген  мемлекеттерімен  қатар  желбіреуде.  Тіліміз,  дініміз, 

имандылығымызбен  қайта  табысып,  келешегі  кемел  жеке-дара  ӛркениетті  даму 

даңғылына  түстік.  Дүние  жүзілік  тәжірибеге  сүйенсек,  бүкіл  алдыңғы  қатарлы  елдер 

жүріп  келе  жатқан  бұл  жолдың  әсте  оңай  еместігі,  нардың  белін  қайыстырар 

ауыртпалықтары  болатындығы  бесенеден  белгілі.  Ал,  егер  тағдыр  сыйлаған  сол  тарихи 

мүмкіндігімізді  толық  пайдалана  алмасақ  –  ешқашан  кешірілмейтін  үлкен  ӛкінішке 

ұрынарымыз шүбәсіз. 

Десек те, бәрінің әділ тӛрешісі де, шипагер емшісі де уақыттың ӛзі. Дүние  – кезек. 

Қырық  жыл  қатарынан  аштық  та,  қырық  жыл  қатарынан  қырғын  да  жоқ.  Тӛртеу  түгел 

болып, амандығымыз бен ауызбірлігіміз берік, мұрат  тілегіміз қабыл  болып жатса,  әлі-ақ 

кӛш-керуеніміз түзелер. Қазіргі қиындық, қымбатшылық, тапшылық пен таршылықтан да 

құтылармыз.  Қорқарымыз  ол  емес.  Қайғырсақ,  қарынның  ашқанына  емес,  қадірдің 

қашқанына  таусыла  жылап  кеткен  қайран  бабаларымыздың  ӛсиет-аманатын  қайтсек 

орындаймыз  деп,  қамкӛңіл  боп,  қабырға  қайыстырғанымыз  жӛн-ау.  Расында,  күні  кеше 

біреудің боданында жүріп, ада-күде жоғалтып алуға шақ қалған ұлттық қасиет пен намыс, 

отансүйгіштік сезім, азаматтық зердеміздің орнын қалайша толтырмақпыз? Табиғи мінез-

құлқымыздан  безіп,  тура  ізімізден  жаңылып,  зерде-жадымызды  жойып,  ең  масқарасы  – 

ӛзімізге  жарық  дүние  сыйлап,  алақанына  салып  аялаған  туған  жеріміз  бен  еліміздің 

мыңдаған  жылдық  тамаша  қаһармандық  тарихын  білмей  немесе  бұрмалап,  бұра  тартып, 

кӛрсоқыр  күйге  түсіп,  мәңгүрттіктің  шегіне  жетіппіз.  Біз  үшін  одан  ӛткен  ӛзекті  ӛртер 

ащы ӛкініш пен қасірет жоқ. 

Ендеше  болашаққа  дұрыс  жол  тауып,  кӛшелі  де  кӛрікті  ел,  келешегі  кемел  халық 

болуымыз  үшін  барымызды  бағалап,  нағыз  ақиқат  тұрғысындағы  тарихымызды 

жасауымыз  қажет.Бізге  ол  аттың  жалы,  аттанның  қомында  азап  пен  бейнетке  белшеден 

батып  жүріп,  ол  шеті  мен  бұл  шетіне  жеткенше  тұлпардың  тұяғы  тозып,  сұңқардың 

қанаты  талатын  ұлан-байтақ  Отанымызды  білектің  күші,  найзаның  ұшымен  қорғап, 

кӛзінің  қарашығындай  сақтап,  ӛзімізге  аманат  етіп  қалдырған  аға  ұрпақ  алдындағы 

перзенттік, адамдық, имандылық парызымыз бен қарызымызды ӛтеуіміз үшін керек. 

Арғы-бергі заманда еншісі бӛлініп кӛрмеген, тағдыры мен тіршілігі, мақсат-мұраты 

мен  мүддесі,  жері  мен  суы,  байлығы  мен  бақыты,  қайғысы  мен  қасіреті  ортақ  күллі  киіз 

туырлықты  қазақтың  географиялық,  этногенездік  тегін  және  саяси-әлеуметтік,  мәдени 

дамуының  тығыз  сабақтастығы  мен  біртұтастығын  тарихи  дәйектеме-деректер  арқылы 

тұжырымдап,  тереңнен  тартылатын  ұлы  тамырымыздың  құдіретін  парықтауымыз  үшін 

керек. 

Тарихымыздағы  ақтаңдақтардың  орнын  толтырып,  ұлтымыздың  ӛткен  ӛмір 



шындығы мен тӛл болмыс бітімін жете танып-білуіміз, қасиетті қазыналарымыз бен асыл 

мұраларымызды бүгінгі және ертеңгі күннің игілігінеайналдыруымыз үшін керек. 

Ол  біздің  әрқайсысымыздың  туған  ел  рухының  үстем  болып,  туының  әрдайым 

биікте желбіреуіне  тарих пен  тағдыр, уақыт алдында да, әзіз бабаларымыздың аруақтары 

мен  келер  ұрпақ  алдында  да  жауапты  екендігімізді  зерде-жадымыздан  шығармай, 

халықтың санасында берік орнықтыруымыз үшін керек. 



Миллиондаған  жылдармен  саналатын  адамзат  тарихындағы  тоқсан  толғаулы 

тіршілікте  ұрпақтар  мен  дәстүр  сабақтастығы  әрқашан  алға  қарай  дамудың  қуатты 

қозғаушы  күші  ретінде  қызмет  атқарып  келеді.  Кешегі  күнсіз  қазіргі  қалпымыздың,  ал 

бүгінгі  күнсіз  ертеңгі  болашағымыздң  болмайтындығы  талассыз  ӛмір  шыңдығы.  Міне, 

сондықтан  біз  ӛткенімізге  нақ  осы  тарихи  процестердің  ӛзара  тығыз  байланысы, 

үйлесімділігі  мен  біртұтастығы  тұрғысынан  баға  беріп,  зейін  қойып,  зерделеуге  тиіспіз. 

Әйгілі            Тұран  ойпатындағы  әр  замандарда  Мауараннахр,  Түркістан,  Сыр  елі  атанып, 

бабаларымыздың  қанымен,  терімен  суғарылған  мынау  кӛпті  кӛрген  топырақ  ӛзінің 

жаратылысынан  бері  кімдерге  пана,  қорған,  құтты  мекен  болмады  десеңізші.  Ықылым 

замандардан-ақ  Шығыс  пен  батыстың  арасындағы  алтын  арқаулы  кӛпір  болған  осынау 

қасиетті  ӛлкеде  әр  кезеңде  арғы  жаужүрек  ата-тегіміз  ғұндар,  сақтар,  түріктер,оғыздар, 

қыпшақтар  тұрмыс  кешіп,  бүкіл  дүиежүзілік  ӛркениет  пен  мәдениетке  елеулі  ықпал 

жасап,  сыбағалы үлес қосқан. Ел аузында  «Бағзы бір дәуірлерде Сыр  бойында халықтың 

кӛптігі және қалалы мекен жайлардың жиілігі соншалықты, Шаш шаһарынан шыққан лақ 

іркес-тіркес  тізілген  үйлердің  шатырынан-шатырына  секіріп  отырып-ақ  Аралға  дейін 

жетеді  екен»  деген  аңыздың  сақталуы  тегін  емес.  Бұл  топырақта  ӛз  кезеңінде  шығыс 

аспанында  үркер  жұлдыздай  жарқыраған  Йассы,  Сауран,  Сығанақ,  Жент,  Жанкент, 

Жетіасар,  Алтынасар,  Асанас  секілді  тағы  басқа  сан  ондаған  кӛне  қалалардың  және 

әлемнің  тӛрт  құбыласын  жалғастырған  әйгілі  Жібек  жолының  арналы  сорабы  сайрап 

жатыр [1,4]. 

Біз,  қызылордалықтар  –  Сырдариядай  ұлы  ӛзен  бойын  мекен  еткен 

бабаларымыздың, тіршілігімізге жан да, нәр де берген шапағатты Сыр-Ананың арда емген 

ұрпағымыз.  Бүкіл  Орталық  Азияның  маңдайындағы  інжу-маржандай  алып  су  айдыны  – 

Арал  аймалап  ӛсірген  ұрпақпыз.  Оңтүстік-шығысымыздағы  барша  тарихтың  тілсіз  куәсі 

қарт  Қаратауымыз  кемеңгерліктің  белгісіндей,  арқа  сүйер  айбар-айбатымыздай.Ал,күллі 

жер-жаһан мойындап, қадір тұтқан қос әулие, қос заңғар Қожа Ахмет Йассауи мен Қорқыт 

бабалардың  аруақтары  түстігіміз  бен  теріскейімізде  елімізді  қанатының  астына  алып, 

желеп-жебеп  тұрғандай.Арқалы  таланттардың  қайнар  кӛзі  іспетті  осынау  құтты  да 

құдіретті  топырақ  арғы-бергі  дәуірлерде  ғылым,  ӛнер,  әдебиет  пен  мәдениетте  небір 

тамаша тарландарын дүниеге келтіріп отыр. 

     Исі  қазақтың  басын  қосып,  ауызбіршілігі  мен  ынтымағын  нығайтуға,  қайрат-жігерін 

үстеп, қуат-дем беруге аянбай ат салысқан ұлтымыздың үш тӛбе биінің бірі, орақ ауыз, от 

тілді  шешен  Әйтеке  бабамыз  осы  киелі  топырақпен  тамырласады.Ӛз  дәуірінің  кӛрнекті 

саясаткері,  кӛреген  қолбасшы,  кемеңгер  елбасшы  бола  білген  Жалаңтӛс  Баһадүр,  Есет, 

Жанқожа,  Бұқарбай  сынды  қамал  бұзар  батырлардың  және  түбі  бір  туысқан  барша  түркі 

халықтарының  ортақ  перзенті,  аса  ірі  мемлекет  қайраткері  Мұстафа  Шоқайдың  кіндік 

қаны тамған қасиетті жері осы.Ӛкінішке қарай, туған жердің азаттығы, жарқын болашағы 

үшін  отқа  да  күйіп,  суға  да  түскен  халқымыздың  даңқты  перзенттерінің  есімдері  мен 

ерлігі ұзақ жылдар бойы тарихтың қалың қатпарында қалып келді. 

     Тегінде,  қазақ  халқының  тағдыры  мен  тарихында  киелі  Сыр  ӛңірінің  алар  орны 

айрықша зор, оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы сан алуан ғибратты шежіре-сырға 

тұнып тұр. Егер ӛткенімізге терең зер  салар болсақ, жалпы қазақ елінің басына қара бұлт 

үйіріліп,  жау  жағадан  алып,  бӛрі  етектен  шалған  екіұдай  күн  туған  қиын-қыстау 

замандарда  қандастарымыздың  сан  мәртебе  осынау  қасиетті  ӛңірге  келіп  паналап,  ес 

жиып,  күш-қайраты  мен  ерлік  айбатына  қайта  мініп,  қас  дұшпанды  ата  жұртымыздан 

аластаған  абыройлы шақтарын айқын аңғарар едік [3, 49]. Жалпы, қазаққа талай рет жат 

жұрттық  басқыншылардан  қиянат-қысым  кӛріп,  зәбір-жапа  шегіп,  жаны  қысылғанда-тас 

қамал қорған, ашыққанда-азық,  тозып келгенде-топ құрап, ту кӛтерер алтын бесік, құтты 

мекен  болған  Сыр  елі  ұлтымыздың  рухани,  тарихи-мәдени  және  демографиялық  түп 

тірегі,  берік  ұстыны  іспетті  [1,  6].  Сондықтан  да  үш  жүздің  ұрпағының  басы  қосылған, 

ұлтымызға баспана да, астана да болған киелі Қызылорда жерін қазақтың қара шаңырағы 

деп  атауымызға  толық  хақымыз  бар.Әсіресе,  ұлтымыздың  ғасырлар  бойы  Сыр  ӛңірінде 



қаймағы бұзылмай, қастерлеп сақталған салауатты салт-дәстүрін, тілін одан әрі дамытып, 

байытып,  ӛркен  жайғызу  барша  қызылордалықтардың  үлкен  тарихи  және  азаматтық 

жауапкершілігіне айналуы шарт. 

Ал,  соншама  бай  рухани  қазынаны,  мол  мұраны,  тамаша  тарихымызды 

зерттемеуге,  зерделеумеге,  жинақтап,  елдің  кәдесіне  жаратпауға  біздің  хақымыз  бар  ма? 

Олай етпеу ӛткенімізге, тарихқа және қиянат емес пе? Күні бүгінге дейін ӛлкеміздің нағыз 

ӛмір шындығынан тұратын шежіресінің жасалмауы ӛзекті ӛртер ӛкініш тудырғаны сӛзсіз. 

Енді  міне,  олқылықтың  орнын  толдырудың  қолайлы  сәті  туғанда  қапы  қалмай,  тӛл 

тарихымызды қалпына келтіруге білек сыбана кіріскеніміз де сол  себепті. Мұның ӛзі жас 

тәуелсіз  мемлекетіміздің  қалыптасуының  алғашқы  күрделі  кезеңіне  және  нарықтың 

ауыртпалығы мол, тапшылық ұсына тап келсе де игі мақсатымыздан бас тарта алмадық. 

Сыр  сүлейлері  деген  не  ӛзі  деген  сауалдың  келуі  де  заңды.  Мысалы,  қаратау 

шайырлары,  атырау  жыраулары,  жетісу,  арқа  мектептері  секілді  ірі  тарихи  тұлғалалар  

негізін  қалыптастырған  әдеби  арна,  бір  топ.  Сүлей  деп-  байырғы  эпикалық  жырларды 

жатқа айтып, ӛздерінің де жеке шығармашылықтарын тарата білген ӛнерпаздар тобы. Сыр 

сүлейлері  мектебін  қалыптастырған  Қорқыт  атадан  кӛш  тартқан  Асан  қайғы,  Бұдабай 

Қабылұлы,  Базар  жырау  Оңдасұлы,  Дүр  Оңғар,  Нартай,  Иманжүсіп  Құтпанұлы,  Омар 

Шораяқұлы,  Ұлбике  қыз,  Тұрмағамбет  Ізтілеуов  сынды  ӛлең  –сӛздің  үздіктері    салған 

ақындық,жыршылық мектеп.  

Осы  бағдарлама  (егер    мектепке  арнайы  ӛлкетану  курсы  ретінде  еніп  жатса-Ш.Б) 

арқылы  қалың  жұртшылық  жарты  миллионнан  астам  адам  мекендейтін  байырғы  Сыр 

елінің ӛткен-кеткен ӛмірінен, бүгінгі тыныс-тіршілігінен бірсыпыра мағлұматқа қанығары 

хақ.Себебі,  осындай бір топ ақын-жыраулар шоғыры  осы ӛлкеде туылуының  ӛзі тегіннен 

тегін  емес!  Сыр  бойының  бұл  жаңа  шежіресі  ӛзін,  елі  мен  жерін,  халқын,  тарихын 

сыйлайтын әрбір азаматтың тӛрінен орын алады деп ойлаймын. 

 

«Сыр елі мен сүлейлері» курсының бағдарламасы 

«Сыр  елі  мен  сүлейлері»    курсы  8  сыныптарға  факультатив  сабаққа    арналған. 

Кӛлемі – 34 сағат (кіріспе мен қорытынды 2  сағат, 4 тоқсанның қайталауы 4 сағат, пәнді 

толық меңгерту – 28 сағат). 

Мазмұны: оқу жылында факультативті сабақ 3 бӛлімнен   тұрады.Тұтас бір «Сыр 

елі  мен  сүлейлері»  тарихын,  бастан  кешкен  бүгінгі  күнге  дейінгі  ӛмір  жолын 

қарастырады:    –  бірінші  бӛлімінде  ежелден  бастап  сүлейлер  ӛмір  сүрген  кезеңге  дейінгі 

дәуір,  екінші  бӛлім  –  қазан  тӛңкерісіне  дейін  мектеп  қалыптастырған  сүлейлер  дәуірі, 

үшінші бӛлім – тәуелсіздігімізге дейінгі қиын-қыстау кезеңді оқып тақырыпты түйіндейді. 

Курс  мазмұны    оқушының  жас  ерекшелігіне,  ой-ӛрісіне,  білім,  білік, 

тәжірибесінің ӛсуіне байланысты қайталанбайтын жағдайда: кӛрнекі, репродуктивтіліктен 

– ӛнімді білімге жету жағдайында ӛрбітілген.Әр тақырып ақпараттық-танымдық біліммен 

қатар, рационалды тәжірибелі білік пен дағдыны беруді кӛздейді. 

Әр тоқсан мен оқу жылы қортынды сабағымен аяқталады, ол дәстүрлі теориялық 

біліммен,  оқушының  жеке  және  ұжымдық-шығармашылық  білік  пен  дағдысының 

қалыптасқанын бақылаумен рефлексивтік ӛзіндік бағалаудан тұрады. 

Негізгі  мақсаты:  Қазақ    әдебиетінің  кӛп  ғасырлар  бойы    қалыптасқан 

тарихындағы  кӛрнекті  шығармашылық  тұлғалар    дәстүрімен    ӛркендеген  әдеби 

мектептертің    ішіндегі-  сыр  сүлейлері  әдеби  мектебінің  негізін  қалаушылардың,  сол 

мектептің  ӛкілдері  ӛмірі  мен  тарихи  орнын  кӛрсете  отырып,  патриот  -  азамат 

қалыптастыру.  

Міндеттері: 

1.

 



Сыр  сүлейлері  туралы  оқу  бағдарламасынан  тыс    мәліметтерді  кеңейту, 

тереңдету. 

2.

 

Оқушыларға  салыстыру,  сараптау,  қорыту,  болжау  т.б.  интеллектуалдық 



біліктіліктерді игерту. 

3.

 

Сыр  сүлейлері  ӛнегесі  негізінде  оқушының    елге  қызмет  етуін,  құндылық 



ӛлшемдері арқылы ӛзін-ӛзі бағалау дағдыларын қалыптастыру. 

4.

 



Оқушының ұлттық -тарихи, әлеуметтік  ой-ӛрісі – дүниетанымын дамыту. 

5.

 



Патриот-азамат тәрбиелеу. 

 «Сыр елі мен  сүлейлері » курсының ерекшеліктері. 

«Азамат тұлғаны» тануға негіз қалыптастыруында: 

 

Туған ӛлкенің тарихын білуге 



 

Ұлттық  құндылықты бағалауға 

 

 Жыраулардың  толғауларынан үлгі алуға 



 Шығармашылық ақыл-ой еңбегі дағдыларына баулуында: 

      * танымға 

      * сараптауға 

      * дүниетанымдыққа 

      * жүйелі кіріктіруге 

      * ой қорытуға 

      * болжам жасауға             

Белсенділігін дамытуында: 

 

Ӛлең жазуға 



 

Кӛркемсӛзді мәнерлеп оқуға 

 

басшылыққа (ұйымдастырушылыққа) 



Ұлттық болмысты игертуінде: 

 

тілді 



 

дінді 


 

салт-дәстүрді 

 

Сыр  сүлейлері  –  қазақ    әдебиеті    тарихындағы    байырғы    ӛркениеттер  



тоғысындысын  (синтезін)танытатын    шығармашылық    әдеби  мектеп  ӛкілдері    [2,  5]. 

Олардың  шығармаларында  қазақ фольклоры  мен ауызша  дәстүрлі  ақындық-жыраулық  

әдебиет  ерекшеліктері  тұтасқан  болмысымен  ерекшеленеді. Сыр  ӛңірі жайлы  ӛлкетану 

курсы мектеп бағдарламасына  еніп жатса, Сыр ӛңірінің  мектеп оқушылары  ӛздері туған 

елді-мекеннің  тарихы  мен ӛскен ортасының даңқты  жерлестері  жайлы  тың әрі  жаңаша  

мағлұматтармен  танысып,  ӛз  жерлестерімен  мақтана  да  марқаяда  алады.  Мектеп  

оқушыларының  осы  бағдарлама арқылы  ұтатыны  – туған ӛлке  тарихын  бес саусақтай  

жатқа  білуі,  қазақ  әдебиетінің    дәуірлеу    кезеңі  мен  қалыптасу    тарихынан    хабардар 

болып  отыруы.  Бұл  курстың  Сыр  ӛңірі  аймағында  ӛтілуінің  маңыздылығы  сол  –  мектеп 

оқушыларын  Отанымыздың,  соның  ішінде  туған  ӛлкесінің,  рухани-әдеби  бай 

құндылықтарын  игеріп,  салт-дәстүрін  қадірлеуге,  бабалар  мұрасын  құрметтеуге,  тӛл 

тарихын  жан-жақты  білуге  баулу.  Бұл  курстың  ерекшелігі  –  бұрын-соңды  қазақ  әдебиеті 

мен қазақстан тарихына есімдері мен шығармашылығы енбеген, тек ауыздан-ауызға аңыз-

әфсана ретінде  тарап жеткен  тарихи тұлғалардың  ӛмірін,  шығармашылығын,  олар жайлы 

айтылатын  аңыздар  мен  тарихи  деректерді  бір  арнаға  тоғыстырып,  жүйеленіп,  арнайы 

оқулық пен хрестоматиясының әзірленуі болмақ.  

 

Ата-бабаларымыздың    ұрпақтан-ұрпаққа    ақын-жыраулар  жырлары    арқылы  



жалғасып келе жатқан  ұлағатын осындай игі  істер арқылы жүзеге асыру- әрбір қазақтың 

ұлы міндеті. Қазақтың халықтық-отаншылық  рухын  кӛтеретін, ұрпақтарды адамгершілік-

имандылық    жолымен  тәрбиелейтін    ақын-жыраулар  мұраларын  ұлықтау    арқылы  

ұлтымыздың  мәңгілік  даму жолын нығайтамыз. 

 

Қорыта  айтқанда,  қазақ    ӛркениетінің    бұрынғы-соңғы  мұраларын    жинап, 



жариялау  арқылы    жаңа  буын    ұрпақтарымыздың    ұлтымызға    және  жалпы  адамзатқа 

ортақ кӛркем  ойлау дүниетанымын дамытамыз. Бұл- бәріміздің қасиетті парызымыз. 

 

Халық    мұрасының    сақталуына  осы    бағдарламаның    аз  да  болса    үлес  болып 



қосылғанын  жұртшылықтың  да  қолдайтынына    сенемін.  Елдің    жадында  сақталған, 

адамгершілік-имандылық,  тәлім-тәрбиесінің  құралы  болған  ақын-жыраулар    мұраларын  

жинаушылардың, зерттеушілердің  осындай  істерді жалғастыратынына кәміл сенемін. 

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1.



 

Сыр ӛңірі тарихы. -А.: Атамұра, 1998 ж. 

2.

 

Дала дарындары. –А.: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы, 2008 ж. 



3.

 

Сыр сүлейлері. Қызылорда, 2003 ж. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал