Сыр Анам, Қаратау Панам! Аудандық ҚОҒамдық саяси газет




Дата03.06.2017
өлшемі68 Kb.
10643

03 МАМЫР 

СӘРСЕНБІ 

2017 ЖЫЛ 

№33 (8055)

Сыр – Анам, Қаратау – Панам!

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ

Этносаралық  бірлікті  бекемдейтін  бұл  мереке  өзге  ұлт 

өкілдерінің дастархан мәзірін таныстыруымен басталды. Әрбір ұлт 

өкілі әзірлеген тағамдарымен таныстыра отырып, өздерінің салт-

дәстүрлерін  де  мақтанышпен  айтып  мерекелік  қуаныштарымен 

бөлісті.  Өзбектердің  палауы  мен  түріктердің  пахлавасынан  дәм 

тартқан аға буын алаңға бет алды. Керемет бимен өрілген шара-

да Жаңақорған тұрғындарын аудан әкімі Ғалым Әміреев мереке-

мен құттықтады.

–  Қазақстанда  100-ден  аса  ұлттар  мен  ұлыстар  тату  тәтті 

өмір сүріп келеді. Бірлігі жарасқан елде соңғы жылдары облыс 

орталықтарында Қазақстан халқы Ассамблеясына арнайы үйлер 

салынып, ұлтаралық байланыс одан әрі нығая түсті. Міне, мұның 

бәрі  тәуелсіз  Қазақ  елі  туының  астында  бірлік  пен  татулықта 

ғұмыр  кешіп  келе  жатқан  ұлттардың  бауырмалдығының 

арқасында. 

Сондай-ақ, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы 

да татулық пен тұрақтылық тұғырлы етуде. Одан әрі ауданның 

әлеуметтік  дамуына  өзіндік  үлес  қосып  жүрген  жандар  аудан 

әкімінің  марапатына  ие  болды.  Марапат  иелерінің  қуанышты 

жүзінен  шаттық  пен  қуаныш  нұрын  сезіліп  тұр.  Олардың 

қатарында Ануар Исламұлы  аудан әкімінің «Алғыс хатына» ие 

болды.


– 1944 жылы ата-бабамыз Жаңақорғанға көшіп келіп, осын-

да өмір сүріп келеміз. 33 жылдан бері аяқ киім шеберханасында 

еңбек етіп келемін. Өнегелі ұрпақ тәрбиеледім. Ұл-қыздарымнан 

немере  сүйіп  отырмын.  Бірлігіміз  жарасқан  елде  ғұмыр  кешу 

үлкен  бақыт.  Сондықтан,  осы  татулығымыз  ажырамасын, 

бірлігіміз одан әрі беки түссін, – деді түрік этносының өкілі.

Мәдени шара одан әрі концерттік бағдарламамен жалғасты. 

Орыс,  украин,  армян,  корей  және  басқа  да  ұлттардың  әндері 

әуелесе, түрік, өзбек және испан халқының билері сахна төрінде 

көпшілікке  ұсынылды.    Ал,  мың  бұралған  бимен  тоқылған 

«Достық  өрнегі»  композициясы  этнос  өкілдерінің  достығының 

мығым,  арманының  асқақ  екенін  көрсетті.  Осылайша  аудандық 

мәдениет үйінің өнерпаздары өнерлерін ортаға салды.

Ал,  білегі  құрыш  жігіттер  қол  күрес,  гір  тасын  көтеру  және 

арқан тартыстан аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің 

ұйымдастыруымен  өткен  спорттық  шарада  бақ  сынады.  Соны-

мен қатар, кешке орталық алаңда жастарға мерекелік көңіл-күй 

сыйлаған «Арман» кенттік мәдениет үйі ән мен биден шашу шаш-

ты.

Иә,  ынтымағы  мен  татулығы  тұрақты,  мақсаты  мен  мұраты 



бір,  ертеңі  мен  тамырлы  тарихы  ортақ  әр  түрлі  ұлт  өкілдерін 

бір  тудың  астына  біріктірген  қазақ  елінің  болашағы  баянды, 

келешегі  кемел  болары  анық.  Міне,  20-ға  жуық  әр  түрлі  ұлт 

өкілдері  тұратын  Жаңақорған  халқының  да  тілегі  осы.  Елба-

сы бастаған Мәңгілік Ел идеясын жүзеге асыру жолында жүрегі 

бір  қазақстандықтардың  қашанда  алар  асуы  алда,  бағындырар 

белесі  биік  болмақ.  Ең  бастысы,  бірлігі  бекем  елдің  ұстанымы 

ажырамасын.

–  Елімізде  агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту  –  аграрлық  саясаттың  маңызды 

бағыты. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында алдыға 

батыл қадам жасап, Үшінші жаңғыруды бастауға пәрмен берді. Оның ішінде, ауыл 

шаруашылығы саласын жаңа экономиканың драйверіне айналдыруға баса маңыз 

берілді. Яғни ол өз кезегінде агралы саланың  қарқынды өсуін және оны тиімді 

бизнес көзіне айналдырып, тұрақты жұмыс көздерінің ашылуына даңғыл жол аша-

ды. Осы орайда, аудан әкімі Ғалым Әміреевтің инициативасымен ауданда жарқын 

жобалар мен жаңашыл бастамалар жүзеге аса бастады. Соның айқын бір көрінісі 

республикада  тұңғыш болып агро-инудстриялық аймақтың тұсауы кесілді.

Өздеріңізге  белгілі,  өңірде  «Нәтижелі  жұмыспен  қамтуды  және  жап-

пай  кәсіпкерлікті  дамытудың  2017-2021  жылдарға  арналған  бағдарламасы» 

жүзеге асуда. Жалпы халық үшін жасалған құнды құжаттың діттегені – өңірлік 

кәсіпкерліктің  қалыпты  және  теңдестірілген  өсімін  қамтамасыз  ету.  Сондай-

ақ,  халықты  нәтижелі  жұмыспен  қамту  және  азаматтарды  кәсіпкерлікке  тарту. 

Әсіресе,  ауылдық  жерлердегі  кәсіпкерлердің  ілкімді    бастамаларын  кеңейтуді 

көздейді бұл бағдарлама. Бұл бағытта «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық 

автокөлік  дәлізінің  бойынан  агроиндустриялық  аймақ  ашылып  152  гектар  жер 

телімі бөлінді – деді аудан әкімінің орынбасары. 

Сондай-ақ,    ол  арго-аймақтың  47  гектар  жерін  қоршауға    9  058  566  теңге 

бөлініп, конкурс арқылы 6 840 000 теңгеге жеңімпаз анықталып, тиісті жұмыстар 

жүргізілгенін жеткізді. Оған қоса, қазіргі таңда 45 гектар жер телімін Жаңақорған 

кенті,  Шалқия  кенті,  Ақүйік  ауылдық  округінің  кәсіпкерлеріне  берілгені  белгілі 

болды. Яғни, кәсіпкерлерге берудегі басты мақсат ауылдағы жұмыссыз азамат-

тарды осы кәсіпкерлерге жұмысшы азамат  ретінде тарту екендігін түсіндірді.

–  Бүгінгі  таңда  агро-аймақта  Жаңақорған  кентінің  12  кәсіпкеріне  24  гек-

тар  жер  беріліп  50  адам,  Шалқия  кентінің  2  кәсіпкеріне  10  гектар  жер  беріліп 

10  адам,  Ақүйік  ауылдық  округінің  2  кәсіпкеріне  11  гектар  жер  беріліп  9  адам 

жұмысқа  тартылып  егін  егу  жұмыстарын  жүргізуде.  Егін  егуге  байланысты  аяқ 

су  мәселесі  толыққанды  шешілген.  Ақүйік  ауылдық  округіндегі  «Шұқырой»  су 

қоймасындағы сумен суарылуда. Сәтін салса, бұл аумақтың  100 гектар жеріне 

қант қызылшасын, қалған 152  гектар жерге басқа да көкөніс бақша дақылдары 

егілуде. Оған қоса, осы аймақтың 3 гектар жеріне саялы ағаштар тұқым бағын 

орналастыру  мен  демалыс  орны  ашылатынын  жеткізді.  Қазіргі  дейін  1750  түп 

түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Яғни, мұнда келешекте демалыс орнында бір 

мезгілде 50 адамға қызмет көрсетеді. Тамақтану орны мен 4 жаздық үй, бассейн, 

су бұрқағы, балалар ойын алаңы, серуендеуге арналған аллея орналасатын бо-

лады, – деді Ғалымжан Сопбеков. 

Брифинг барысында аудан әкімінің орынбасарынан ертеңгі күні бақша өнімдері 

жеміс бергеннен кейін диқаншы қауым өнімді қайда өткізетіндігін сұрадық. 

– Өздеріңізге белгілі агро-аймақ тоғыз  жолдың торабында орналасқандықтан 

тиімді тұстары көп. Яғни, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автокөлік 

дәлізінің бойынан өндірілген көкөніс және бақша дақылдарын сатуға 3 жерден 

сауда павильионын салу жоспарда бар.  Бұл жұмыстар алдағы уақытта жүзеге 

асырылатын  болады.  Сондай-ақ,  қыс  және  ерте  көктем  айларында  азық-түлік 

бағаларын тұрақтандыру мақсатында 200 тонна көлемінде әртүрлі өнім түрлерін 

сақтайтын 1 қойма салу жоспарлануда. Бұл істерге қазіргі таңда жер телімдері 

белгіленіп жоба бастамашылары тарапынан  тиісті жұмыстарын жүргізуде – деді 

Ғалымжан Сопбеков. 

Иә, түйіндей айтқанда, ауданда агрокәсіпкешенінің келешегі кемел. Атакәсіпті 

дамытуға мемлекет тарапынан барлық қолдау жасалған. Тек тұрғындар ерінбей 

еңбек етсе, жергілікті билік ұтымды істі ұйымдастыруға барын салуда. Міне, біз 

бүгін  брифинг  барысында  сондай  жарқын  жұмыстың  жүзеге  асып  жатқанының 

куәсі болдық. Әрине әзірге кезең-кезеңімен жүзеге асатын бұл жобаның болашағы 

баянды. 


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫНА 

ҚАДАМ БАСҚАН ҚҰНДЫ ҚҰЖАТТА ЕЛБА-

СЫ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ 

ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУЫ-

НА ЖАҒДАЙ ЖАСАП, ХАЛЫҚТЫ ТҰРАҚТЫ 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА БАҒДАР БЕРГЕН БО-

ЛАТЫН. БҰЛ БАҒЫТТА МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫ-

НАН ТОЛЫҚҚАНДЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ. 

АЛ, СЫР ЕЛІНДЕ «НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН 

ҚАМТУДЫ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ 

ДАМЫТУДЫҢ 2017-2021 ЖЫЛДАРҒА 

АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ» ЖҮЗЕГЕ АСУ-

ДА. ОСЫ ОРАЙДА, АТАЛМЫШ БАҒДАРЛАМА 

АЯСЫНДА АУДАНДА АГРАРЛЫ САЛА-

ДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІЛКІМДІ ІСТЕР 

ЖӨНІНДЕ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБА-

САРЫ ҒАЛЫМЖАН СОПБЕКОВ БРИФИНГ 

ӨТКІЗДІ. БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ, ҒАЛЫМЖАН 

ЖАРҚЫНБЕКҰЛЫ БҰЛ БАҒДАРЛАМАНЫҢ 

МӘН-МАҚСАТЫНАН БАСТАДЫ.



Әбдісамат ӘБДІШ.

Алдымен облыс басшысы бастаған топ Қожакенттегі 

«К-1» каналына атбасын тіреді.

– «К-1» қашыртқысы – ауылдың ыза суы кететін ка-

нал. Қазір каналға мол су құйылуда. Дариядан асқан су 

жолшыбай  өзектерді,  сосын  «Имаш»  көлін,  одан  кейін 

«Тарауыз»  тоғанынан  асып,  «Қойлақы  ата»  көліне 

жетті. Сол арқылы «К-1» каналына су толассыз келуде. 

Бүгінде каналда секундына 25-27 текше метр су ағуда. 

Егер судың деңгейі 30 кубтан асса, ауылға қауіп төнеді, 

– деді гидротехник Балғақожа Қараров.

Аудан  әкімі  Ғалым  Әміреев  жағдайды  бақылауда 

ұстау  үшін  каналдар  мен  өзен  арнасының  қауіпті 

тұстарына  кезекшілік  орнатылғанын  айтты.  Онымен 

қоса,  тұрғындардың  өздері  де  ауызбіршілік  танытып, 

жағалау аумағына нығайту жұмыстарын жүргізуде екен. 

Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары ауыл-ауылды 

аралап, судың қаупін түсіндіріп, тоғайда қалған малды 

қауіпсіз жерге шығарыпты. 

Сәуір  айының  25-і  жұлдызынан  бері  «К-1» 

каналы  22  сантиметр  көтерілген.  Каналдың 

қорғаныштық  қабілетін  көтеру  үшін  қауіпсіздік 

бөгеті  жасалды.  Қазір  қашыртқы  1,5-2  метрге 

дейін көтерілген суды ұстауға қауқарлы. 

–  Биылғы  жылы  қаңтар  мен  сәуір  айларын 

қоса  есептегенде  Шардара  су  қоймасына  13 

млрд. текше метр су келді. Дәл осындай үлкен 

мөлшердегі  су  Сырдария  өзенінде  соңғы  рет 

1969  жылы  болған.  Мамыр  айының  ортасына 

дейін жауын-шашын мол болады деп болжану-

да.  Демек,  соның  әсерінен  судың  көлемі  тағы 

да  ұлғаюы  мүмкін.  Оның  үстіне,  Қаратаудың 

басындағы қар әлі ери қойған жоқ... – деді Ис-

лам Әлмаханұлы. 

Қызылорда  облысының  әкімі  Қырымбек 

Елеуұлының  айтуынша,  Сыр  елінің  диқандары 

судан  тапшылық  көріп  отырғаннан  кейін  су 

көлемінің  ұлғайғанына,  әрине,  қуанады.  Алай-

да,  елді  мекендердің  85  пайызы  Сырдарияның 

бойында орналасқан. Онда халықтың 93 пайы-

зы тұрады. Қазгидромет мамандары мамырдың 

басында  жауын-шашын  көлемі  көп  болады  де-

уде.  Бұл  –  өзенге  секундына  1800-2000  текше 

метр  су  келеді  деген  сөз.  Сондықтан,  төтенше 

жағдайлар  режимінде  жұмыс  істеп,  қауіпсіздік 

шараларын жоспарлаған кестеге сәйкес жүргізу 

қажеттілігін айтты. 

Дерек  көздеріне  қарағанда,  бүгінде  56  елді  ме-

кенге,  357  мың  тұрғынға,  84  мың  баспанаға,  шаруа 

қожалықтарындағы  247  мың  мал  басына  қауіп  төніп 

тұр.  Өңір  басшысы  есептік  кездесуінде  айтылғандай, 

Шиелі ауданында сыйымдылығы 600 млн. текше метрлік 

Күміскеткен  су  қоймасын  салу  өзекті  мәселенің  бірі 

екені даусыз. Себебі, жоба жүзеге асса су тасқынының 

алдын  алуға,  сондай-ақ,  су  тапшылығын  болдырмауға 

мүмкіндік беретін еді. 



P.S.:  Су  кемеріне  келсе,  дүлей  күшке  айналып, 

жолындағыны  жайпап,  қауіпті  бола  түсетіні  ақиқат. 

Халықтың  су  тасуын  табиғи  апатқа  жатқызатыны 

сондықтан. Техника дамыған заманда тасқынға тосқын 

болатын  күш  –  ортақ  мүдде  тоғысқанда  іске  жұмыла 

кірісу ғана. Яғни, бірліктің, ынтымақтың сыналар шағы 

осы. Ендеше... 

ДАРИЯНЫҢ ДЕҢГЕЙІ ӘДЕТТЕГІДЕН ЕКІ ЕСЕ КӨТЕРІЛІП, ӨҢІРДЕГІ 

56 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ҚАУІП ТӨНДІРУДЕ. ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН АЛ-

ДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІ ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ ПЕН АУЫЛ 

ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ СУ РЕСУРСТАРЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ИС-

ЛАМ ӘБІШЕВ ШИЕЛІ, СЫРДАРИЯ, ЖАЛАҒАШ, ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫН АРАЛАП, 

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ ТӨНІП ТҰРҒАН АУМАҚТАРДЫ ТІКҰШАҚПЕН БАҚЫЛАДЫ. 

СОНДАЙ-АҚ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫ ҚОЖАКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ АРНАЙЫ 

БОЛЫП, АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАРДЫ КӨРДІ.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.

ТАСҚЫНҒА ТОСҚЫН

 

байыпты шешімдер арқылы жүзеге асады

АГРО АЙМАҚТЫҢ 

     ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ

1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН 

ХЫЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІН 

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР ДА ЕРЕК-

ШЕ АТАП ӨТТІ. ОРТАЛЫҚ АЛАҢҒА 

ЖИНАЛҒАН АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ 

КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛ-КҮЙДЕ БІР-

БІРІН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАП, 

ЫСТЫҚ ЫҚЫЛАСЫН, ЖЫЛЫ ЛЕБІЗІН 

БІЛДІРІП ЖАТТЫ. ҚАРҒА ТАМЫР-

ЛЫ ҚАЗАҚТЫҢ МЕЙМАНДОСТЫҚ 

ҚАСИЕТІН ҰЛЫҚТАЙТЫН ОСЫ-

НАУ МЕРЕКЕ ӘСІРЕСЕ ӨЗГЕ ҰЛТ 

ӨКІЛДЕРІМЕН ТАТУЛЫҚТЫ 

НЫҒАЙТУҒА, БАУЫРМАЛДЫҚҚА 

ҮНДЕЙДІ. СОНДЫҚТАН, АЛАҢҒА 

ЖИНАЛҒАН ЖҰРТТЫҢ ТІЛЕГІ БІР

ҚУАНЫШЫ ОРТАҚ.

ҰСТАЗДЫҢ 

ЖАРЫ

  Ұстаздық – ұлы ұғым. Өңір болашағын сапа-

лы біліммен қаруландыруда қалтқысыз қызмет 

етіп, қайраткерлігімен көптің құрметіне бөленген 

туған жеріміздегі тау тұлғалар қатарында Ара-

сат Фейзулдаұлының есімі ел есінен ұмытыла 

қойған жоқ. Әсіресе ол кісінің соңғы кезеңдерінде 

басшылық еткен қасиетті білім ордасы - аудан 

орталығындағы №3 мектеп-интернаты ұжымы ұлы 

ұстаздың есімін қадірлеп, қастерлеп, ел жадын-

да жаңғырту мақсатында жыл сайын түрлі шара-

лар ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Тарихи 

тұрғыдан келгенде аңыз адам, ақиқатында күні кеше 

жарқылдап арамызда жүрген, табиғатында бар азу-

лы айбарымен таптаурын дағдыларды батылдықпен 

түрген, қандай қызметте болсын талапшылдығымен 

танылып, құрметке бөленген асыл тұлғаның өзі 

өмірден өткенімен, ғұмырын жалғап келе жатқан көзі 

- жан жары, перзенттері, бауырлары барда ол кісінің 

бейнесі көмескіленбек емес. 

Сәрсенбінің сәтінде Арекеңнің қарашаңырағын 

күзетіп отырған аяулы жары Запира 

Рахманбердіқызы мен оның ұлы Диастың тікелей ат-

салысуымен өткен осындай тағлымды шараға өзіміз 

де куә болдық.

Келесі күні Запира Рахманбердіқызымен екеуа-

ра оңаша отырып әңгімелесудің сәті түсті. Бізді 

қызықтырған сауал көп. Запира апа Жамбыл 

облысының Аса деген ауданынан. Арасат аға екеуінің 

таныстығы неден басталды? Нендей арман - тілектері 

бар екен? Өзі де ұстаз - ана ретінде өмірден түйген 

тағлымы қандай?

Әлібек ТЕМІРБЕК.

Баян ҮСЕЙІНОВА.

ҚАЗАҚ 


ҚЫЗЫ

БРИФИНГ


БАУЫРМАЛ ЕЛДІҢ 

            БІРЛІГІ БЕКЕМ 

Уақыт 


өткен 

сайын 


көп 

нәрсе 


жаңарады. 

Жандана-


ды.  Жаңа  көзқарастар  пайда  бо-

лады. 


Сондықтанда 

біз 


замана 

ағымынан  қалмауға  тиістіміз.  Себебі, 

нарықтық  жаһандану  үдерісі  жүріп 

жатқан  дәуірде  кез  келген  ақпарат 

халық  үшін  маңызды.  Осы  тұста  Ел 

Президентінің    елді  рухани  жаңғыруға 

бағыттаған    мақаласы  қоғам  өмірінде 

өзінің  өзектілігін  айқындай  білді. 

Әсіресе,  «Туған  жер»  жалпыұлттық 

патриотизмі,  «Қазақстанның  қасиетті 

рухани құндылықтары» сынды жарқын 

жобалар көңілдегіні дөп басты. Өйткені, 

елдік  мүдде  жолындағы  ерен  істер 

туған жерге деген патриоттық сезімнен 

басталатыны айқын. Яғни, әрбір азамат 

өз елінің патриоты болса білсе, Тәуелсіз 

елдің бағындырар биігі де зор болмақ. 

Гүлжазира САЙДКУЛОВА.

Мемлекет  басшысы  бағдарламалық 

мақаласында:  «Қазақ  тілін  біртіндеп 

латын  әліпбиіне  көшіру  жұмыстарын 

бастауымыз  керек.  Біз  бұл  мәселеге 

неғұрлым  дәйектілік  қажеттігін  терең 

түсініп, байыппен қарап келеміз», – деді. 

Бұл  байыпты  бастаманы  толығымен 

құптаймын. Өйткені, латын графикасын 

қабылдау  арқылы  біздің  әлем  елдері 

алдындағы  түсіністігіміз  арта  түсері 

сөзсіз.  Әрі  түркі  халықтарының  ортақ 

түсінісетін жазуы болары айқын.

Өздеріңізге  белгілі,  бұған  дейін 

Елбасы  «Қазақстан-2050»  стратеги-

ясында  2025  жылдан  бастап  латын 

әліпбиіне  көшуге  кірісуіміз  керектігін 

мәлімдеген  болатын.  Түптеп  келгенде, 

жақын келешекте латын қарпіне көшу – 

көкжиегімізді кеңейте түсері кәміл. 



Гүлмира АДЫРБЕКОВА,

№53 орта мектептің мұғалімі.



ОРТАҚ 

ТҮСІНІСТІКТІ 



АРТТЫРАДЫ

ЖАҺАНДАНУ 

ҮДЕРІСІНДЕГІ 



ЖАҢҒЫРУ

ПАЙЫМ МЕН ПІКІР



ЖҮРЕК – БІРЕУ, ЖАН  БАСҚА.

Сол  кездегі  астанамыз  –  Алматыдағы  қасиетті 

қарашаңырақта  екеуі  бірге  оқыпты.  КазПи-де  кең 

профильді маман даярланатын, екеуі қазақ тілі, әдебиеті, 

тарих  факультетін  тәмамдады.  Қол  ұстасып  елге  келді. 

Арекеңмен тілек қосып, бас біріктіріп, жаңа өмірге қадам 

басқан  алғашқы  күннен  бастап  жас  арудың  кеудесінде 

асыл  жарға  деген  асқақ  сүйіспеншілік  бүр  жарды.  Ол 

адалдық деп аталатын мөлдір бұлақтан бастау алады екен.

  Ия,  ерлі-зайыпты  боп  қосақтасып,  тірлік  кешіп,  күн 



өткізе  беруге  болар,  ал  бір-біріне  қалтқысыз  көңілмен 



©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал